«Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллегент емес »



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата09.01.2017
өлшемі3,4 Mb.
#1525
1   2   3   4

 

 

КИО (интернет-олимпиадасының қорытындысы) 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«XXI ғасыр көшбасшысы» 

Гимназия  қабырғасында  13  қазан  күні  құқық  және  экономика  пәнінің  мұғалімі  Азамат 

Жанайдарұлының  ұйымдастыруымен  «XXI  ғасыр  көшбасшысы»  атты  дарынды  оқушыларға  арналған 

интеллектуалдық  сайыс  өтті.  Сайыстың  мақсаты  –  гимназия  қабырғасында  оқып  жүрген  жоғарғы  сынып 

оқушыларының білім деңгейін тексеріп және олардың интеллектуалдық өзіндік ерекшеліктерін ғылымның әр 

саласы бойынша дамытуды көздейді.  

Жалпы  бұл  сайысқа  9  -11-сынып    оқушылары 

көрермен ретінде қатысып, олардың арасынан шоқтығы 

биік,  білімі  мен  өресі  кең  тұлғалар  іріктеліп,  сайысқа 

қатысты.  Білім  додасына  9-сыныптан  Рахимжанова 

Рахила  мен  Мусаипов  Қуат,  10-сыныптан  Досымбеков 

Олжас  пен  Имангазина  Адина,  ал  11-сыныптан  Ағыбай 

Дәулен мен Байболат Әлижан қатысты.  

Ойын  барысында    жүйріктің  жүйрігі  озары  анық. 

Ендеше, интеллектуалдық ойынның нысанасы – мыңнан 

озған  шын  жүйріктерді  анықтау    болғандықтан,  ақтық 

мәреге  Рахимжанова  Рахила,  Досымбеков  Олжас  пен 

Ағыбай  Дәулен  жолдама  алды.    Сайыскерлерге  алдағы 

тартысты додада тек жеңіс тілейміз! 

Айтпекова Дана 

9-сынып оқушысы 

«Білімді – мыңды, білекті – бірді жығар» 

Халық даналығы

 

 

 

Тарих пәні бойынша:Қазақ тілі пәні бойынша: 

Жалпы – 40 ұпайЖалпы – 40 ұпай 

1.

 



Джамалбаева Азалия 8-сынып оқушысы – 39 ұпай                 Есімханова Ә.-40 ұпай 

2.

 



Исаева Амина 8-сынып оқушысы оқушысы – 37 ұпайХасанова А. – 40 ұпай 

3.

 



Есімханова Әйгерім 7-сынып – 37 ұпай                                     Искакова М. – 40 ұпай 

4.

 



Ғабдуллин Батырхан 9-сынып оқушысы – 37 ұпай                 Кенжегалиева Д. – 40 ұпай 

5.

 



Қабылда Әлібек 8-сынып оқушысы – 36 ұпай                          Ибрайкина А. – 39 ұпай 

6.

 



Сәтпекова Әлемгүл 9-сынып оқушысы – 36 ұпай 

7.

 



Маденов Аян  8-сынып оқушысы – 36 ұпай 

8.

 



Адра Ерназар 10-сынып оқушысы -35 ұпай 

9.

 



Ибраева Сая 9-сынып оқушысы – 35 ұпай 

10.


 

Асенов Сұлтан 8-сынып оқушысы – 35 ұпай 

11.

 

Адра Күлән 8-сынып оқушысы – 35 ұпай 



 

 


 

 

 

 

 

«Бір ел –бір кітап» акциясы 

Республикамыз  бойынша  жыл  сайын  «Бір  ел  –  бір  кітап»  акциясы  ұйымдастырылуда.  Акцияның  мақсаты  – 

бүгінгі жас буын өкілдерінің кітап оқып, оны ойға тоқып, саналы мәдениеттің көшін бастауына ықпал етуді көздейді. 

Сонымен  қатар  өз  ұлтының  озық  мәдениетін  жасаған  саналы  топ  өкілдері  «қазақ  қауымы  -  көкірегі  ояу,  көзі  ашық 

болсын»  деп  жылдар  бойы  тер  төккен  азаматтары  –  А.Құнанбаев,  М.Дулатов,  Ш.Құдайбердіұлы,  М.Жұмабаев, 

А.Байтұрсынов  сынды  тұлғалардың  өмірі  мен  шығармашылық    жолдарын  насихаттауды  алғы  шарт  ретінде 

қарастыруда. 

Әр жыл сайын бір тұлғаның еңбегі мен шығармашылық даму деңгейін насихаттайтын бұл акцияның осы жылғы 

өкілі – өзіміздің жерлесіміз, киелі Баянауыл топырағының тумасы  Жүсіпбек Аймауытовтың өмірі мен шығармашылық 

жолына арналды.  

Осыған орай біздің мектеп оқушылары Ақсу қаласының орталық кітапханасына барып, акцияға белсене қатысып 

қайтты. Оған  мектебіміздегі қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері Ғазиз Еңлік Ғазизқызы мен Шапауова Әсем 

Сенбіқызы бастаған топ 8-10-сынып оқушылары толық қатынасты.  

Акция  барысында  көтерілген  басты  тақырып  –  Жүсіпбек  Аймауытовтың  өмірі  мен 

шығармашылығына  және  оның  қазақ  әдебиетіндегі  шоқтығы  биік  туындысы  -  «Ақбілек» 

романындағы  Ақбілектің  басынан  өткен  психологиялық  жағдаятқа  арналды.  Оның  сол 

замандағы,  қоғамдағы    істерінің  дұрыстығы  талқыланды.  Әңгіме  өзегі  болған  бұл  тақырып 

қазірде өз құндылығын жолғалтқан жоқ.  

Пікір  алысуға  келген  мектеп  оқушылары  өзара  сұрақ-жауап  алмасып,  ұйымдастырушы 

кітапхана  қызметкерлеріне  өздерін толғандырып жүрген сауалдарына жауап алып, ой бөлісіп, 

пікір  алмасты.  Жалпы  кітапхана  қызметкерлері  ұйымдастырған  іс-шара  өзінің  тақырыптық 

және мазмұндық ерекшелігімен жүйелі құрылғаны барлық қатысушылардың назарында жақсы әсер қалдырды.  

Бізді ертіп барған ұстаздар өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, әлі де осындай шаралар ұымдастырылып мектеп 

пен  кітапхана  ұжымының  осы  тығыз  қарым-қатынасты  үзбей  жалғастыра  беруі  дұрыс  екенін  айттып,  жақсы  әсермен 

қайттық.  

Шәймерденова Әсия 

9-сынып 

 

 



 

 

 

Атам қазақ «Күле біл, әрі күлдіре біл» ұстанымын алға қойып, күнделікті күйбең тірліктен босаған сәтте әзілі жарасса, 

үлкен-кішімен сыр бөлісіп, ой түйіндеп, сөз жарыстырғанды артық көрмеген. Әр әзілдің астарында терең шындық пен ащы 

ақиқат  жатса керек. Ал бұны бүгінгі жас ұрпақ  – қаз қалпында дұрыс  түсініп,  көршілес  ресейліктер бастап берген  ширек 

ғасырға  жуық  өмір  сүріп  келе  жатқан  «КВН»  әзіл-сықақ  ойындарымен  шебер  ұстастыруда.  Асылы    әр  сөзді  әзілге 

айналдырып,  сөз  жарыстырып,  ойын  ойнау  дәстүрі  бізде  де  бұрыннан  бар  болса  керек.  Әрісі  Шона  Сымақанұлы 

жалғастырып  кеткен  бұл  сара  жол  -  берісі  қазақтың  «Тамашасымен»    байланысты  туған  қазіргі  жастар  сүйіп  көріп, 

тұшынып тыңдайтын  «КТК» клубының әзіл-сықақ сайысы болса керек.  

Ендеше жуырда біздің мектептің оқушылары  Павлодар қаласында өткізілген «КТК» конкурсына қатысып қайтты. 

Сол  жөнінде  біраз  сыр  бөлісіп,  ағынан  жарылып,  көрген-білгенін  бойына  сіңіріп  қайтқан  гимназиямыздағы  «КТК» 

клубының мүшесі – Кенжегалинова Ризабекті сөзге тартқан едік. Енді сол сұхбаттың мазмұнын үсынсақ.  



Сәлеметсіз бе, Ризабек! Естуімізше, жуырда Павлодар қаласында өткен «КТК»конкурсының  кезекті   



кездесуіне барып қайтыпсыздар, сол жөнінде біраз айта кетсеңіз?  

Сәлеметсіз  бе,  Дана!  Иә,  біз  жуырда  осы  қазан  айының  24-і  күні  Павлодар  қаласында  өткен  «КТК»  кезекті  конкусына 



қатысып  қайттық.  Жалпы  конкурс  барысы  бізге  қатты  ұнады.  Өзімізді  жаңа  қырымыздан  ашуға  бұл  жоба  дұрыс  ықпал  етіп,  мол 

мүмкіндіктер туғызды деп ойлаймын. Себебі, күнделікті оқу барысында үнемі сабаққа қатысып, сол  мәселе төңірегінде ғана қалмай, 

сыртқа шығып, әсіресе әзіл-сықақ сайыстарына қатысу біз үшін өте маңызды.  



Бұл конкурсқа қашаннан бері қатысып келесіңдер? 

       -Әзіл-сықақты  насихаттайтын  сайыстарға,  соның  әшінде  «КТК»  конкурсына  бірінші  рет  қатысып  тұрмыз.  Сондықтан  болар 

алған әсерлеріміз бен түйген ойларымыз әлі де біраз уақытқа дейін есте қалары анық. 



«Тәртіп – білімге бастар жол,  

Ал мәдениет – өркениетке апарар жол» 

Асқар Жұмаділдаев

 

 

«Күле біл, әрі күлдіре біл!» 

 




Сайысқа кімдер қатысты, яғни сендерден басқа қандай топтар қатысты жіне олар қай жақтан келді? 

Сөз  жарысы  болып  табылатын  әзіл-сықаққа  әрине,  біз  ғана  емес,  басқа  да  топтар  қатысты.  Жалпы  айтқанда,  барлық  қатысқан 

командалар  саны  –  жетеу  болды.  Қарсыластың  аты  –  қарсылас.  Барлығыда  іріктеліп-сұрыпталып  келгендіктен,  сайыс  қыза  түсіп, 

сонысымен  де  ерекше  әрі  тартысты  болды.  Мысалға,  қатысқан  командалар  Павлодарлықтарды  санамағанның  өзінде  Екібастұздық 

«Дарын КZ» командасының топ мүшелері ерекше ойын көрсетіп, жақсы дайындалып келіпті. 



Ал, өздеріңнің командаларыңның дайындық барысы қалай болды? Топтарыңның аты және оның 



мүшелері туралы айта отырсаң? 

Біздің топтың атынан 9 оқушы қатысты. Тобымыздың аты – «Бірлік» деп аталды. Дайындық барысына уақытымыз тапшы 



болды.  Десек  те,  тамаша  тартысты  ойын  көрсетіп,  ұпай  бойынша  2  орынға  табан  тіредік.  Әзіл  сайыстың  ұйымдастырылуы 

бойыншажеңіске  жеткен  командаларға  номинация  бойынша  марапаттаулар  бұйырды.  Яғни,  бірінші  немесе  екінші  орын  сияқты 

жүлделер берілген жоқ.  



Топтың атын неге «Бірлік» деп атадыңдар, мұның сыры неде? 

Енді, бұның ауыз толтырып айтарлықтай сыры жоқ. Тек бірлігі жарасқан ел биік шыңды бағындырады демекші, «бірлік бар  



жерде тірлік бар» деп бірауыздан осы атты команданымыздың атауы ретінде қабылдадық. 



Рахмет, бүгінгі сұхбатымызға уақыт бөліп келегінің үшін. Алар асуларың мен бағындырар шыңдарыңәзіл-сықақ 



айдынында көп болсын, келер күндері де бізді жеңістеріңмен қуанта берулеріңе тілектеспін! 

 

Сұхбаттасқан Айтпекова Дана 



9-сынып оқушысы 

 

 



 

Көбейді құт-береке  

Астық толы қоймамыз.  

Құтты болсын мереке  

Алтын күзді тойлаймыз! 

«Алтын күз» 

 

Өткен  аптада  арайлаған  алтын  күздің  сыйлаған  құт-берекесін  насихаттайтын  мектеп  оқушылары  арасында    «Алтын  күз 

мерекесі»  аталып  өтті.  Жалпы  жыл  сайын  өткізілетін    бұл  сайыстың 

мақсаты 


– 

оқушылар 

арасында 

күз 


мерекесінің 

сыйы 


мен 

дастарханымыздың  берекесі  молшылықтың  символы  болып  табылатын 

күзгі өнімдерді өзіндік түрлі идеяларымен ұштастырып көрсетуді көздейді.  

Сайыс  барысы  –  1-4-сыныптар  менорта  буын  (5-7-сыныптар), 

жоғары  сыныптар(8-11-сыныптар)  арасында  жеке-жеке  өткізілді.  Биылғы 

жылға оқушыларымыз ерекше дайындықпен келіп, өздерінің   «Күзгі 

сыйлықтарын»  балалық  қиялымен  тамаша  ұштастырып,  қай-қайсысы 

болмасын  алдыңғы  қатардан  көрінуге  барынша  тырысып,  жақсы 

дайындықпен 

келгенін 

көрсетті. 

Бұл 


кеште  ән  де 

шырқалып,  би  

де 

биленіп, 



оқушылар 

өз 


шығармашылық қырларын аша түсті.  

Бірақ  сайыстың  міндеті  –  мыңнан,  жүзден  жүйрік  тұлпарларды 

анықтайтындықтан,  ерекше  дайындалып,  айрықша  көзге  түскен 

сыныптардың  бірі  –орта  буын  өкілдері  арасынан  6 

«А» 

сыныбының 



оқушылары  мен  жоғарғы  сыныптар  арасынан  9-сынып  оқушылары  «Бас 

жүлдені» жеңіп алды. 6 

«А»

 сыныбының оқуылары сайыс барысын әр түрлі 



тапсырмалармен,  шебер  ұштастырып,  ерекше  дайындықтарымен  

оқушылар  мен  ұстаздардың  назарына  бөленді.  Сонымен  қатар  ең  үздік  мульфилімдерді  дыбыстаумен  ерекше  көзге  түскен  8-

сыныптың құрама командасы, өз өнерлерін бимен ерекшелендірген9-сынып оқушылары болса, 10-сынып әсем әнмен көрермендерді 

таң қалдырды. Ал 11-сыныптың қыздары қазіргі үлгідегі сән үлгілері болып табылатын көйлектерімен тамсандырып, кеш барысын 

әсерлендіре түсті. Қалған сыныптардыңда қоржындары бос қайтпай, оларда түрлі номинация бойынша жүлделі орындарға ие болып, 

мақтау қағаздарымен марапатталды.   

 

Айтпекова Дана 



9-сынып оқушысы 

 

 

 

 

«Белсенді жұмыс, жемісті еңбек ...» 

 

Біздің 8-сынып оқушылары әр түрлі іс-шараларға белсенді қатысады. Биылғы оқу жылының  бірінші тоқсанында 

да  сыныбымыздың  жетістіктері  айтарлықтай.  Атап  айтқанда,  денсаулық  фестивалінде    мектебіміздің  5-8  сынып 

оқушылары арасында өткізілген пионерболдан қыздар тобы 1 орынға ие болса, ал ұлдар мини-футболдан бас жүлдені 

өанжығамызға  байладық.  Дәл  сол  күні  қалалық  велосипед 

жарысынан Жұмағұл Әділжан бас жүлдені ұтып алды. 

Мектебімізде  дебат  сайыстары  өткізіліп  тұрады.  Осы  орайда  

«Қазақстанда  тұратын  барлық  этностардың  тілдерін  сақтай 

отырып,  ұлт  бірлігін  нығайтудың  аса  маңызды  факторы  ретінде 

мемлекеттік  тілдің  қолданысын  кеңейту  қажет»  резолюциясы 

бойынша  мектепішілік  8-9 сынып арасында пікірталас өткізілді. 

Осы  ойынға  қаламыздың    қазақ  тілі  қоғамының  жетекшісі  - 

Қайырханова  Гүлнәр  Мәдиқызы,  қалалық  «Ақжол»  газетінің 

тілшісі  Ақбота  Сейсенбаева  сынды  қонақтар  келді.  Ойында  

сыныбымыздың  «Қайсар»  командасы  жеңіп  шықты.  Команда 

мүшелері:  бірінші  спикер  -  Каиржанова  Адия,  екінші  спикер  - 

Қабылда  Әлібек,  үшінші  спикер  -  Хаиргелдинов    Асқар. 

Каиржанова Адия үздік спикер атанды. 

Сонымен  қатар  математикадан  жасөспірімдер  арасында 

облыстық  олимпиада  өткізілді.    Облыс  бойынша    осы  олимпиаданың    бірінші    кезеңіне  берілген  жаттығу 

тапсырмаларын  180  оқушы орындап, «Ертіс дарыны» орталығына тапсырған.  Cоның ішінен  58  оқушы ғана іріктеу 

турынан  өтті.    Біздің  сыныптан    Қабылда  Әлібек,  Әсет  Е.  (мұғалімі  Алькеева  З.Б.),  Исаева  А.  (мұғалімі    Давлятчина 

С.В.). Олар екінші  кезеңнің бірінші бөліміне қатысты. Ал  Қабылда  Әлібек осы олимпиаданың  3 орын иегері болды.14 

қазанда  өткен    8-11  сыныптар  арасындағы    мектепішілік  «Алтын  күз»  мерекесіне  8-сынып  оқушылары  тиянақты 

дайындықтарын көрсетіп,  «Ең тапқыр» номинациясын жеңіп алды.                 

Қазақстан      интернет  олимпиадасы  басталғаны  бәріне  мәлім.    Осы  олимпиадаға    тарих    пәнінен  сынып  бойынша    15  

бала қатысты. Барлығы  40 ұпайдан  Джамалбаева Азалия  39 ұпай алса,  Исаева Амина 37 ұпай, Маденов Аян 36 ұпай, 

Әсенов Сұлтан мен Адра Күлән  35 ұпайдан жинады (мұғалімі Ибраева Б.Ш). Екі айға толмайтын уақыт ішінде жеткен 

оқушылардың    осындай  толағай  табыстарына  шын  жүректен  қуаныштымыз.  Сыныптастарыма  әрқашан  биіктерден 

көріне беріңдер, денсаулықтары мықты болсын деген ақ тілегімді білдіремін. 

Осы  орайда,  жақсы  бастамаларға  жетелеп,  нәтижеге  ұмтылдырған    ұстаздарымызға  да  мың  алғыс    айтамыз! 

Жанұяларында жақсылық болып, еңбектеріңіз табысты болсын! 

Мұқышев Жансерік 

Гимназия, 8-сынып оқушысы 



 

 

 

«Біздің сынып» 

 

Біздің        сыныбымызда          барлығы      он  тоғыз  

оқушы  бар. Сынып  оқушылары қоғамдық  жұмыстарға  

белсене    қатысады,  әрі    жұмыстарын  өте  тиянақты  

орындайды. Айтқан нәрсені тез ұғып  алатын  ұғымтал,  

бет-әлпеттері әп-әдемі және  киген  киімдері де өздеріне  

сай.  Достыққа  адал,  жолдастарына      беделді,  алған 

нәрселерін  әрқашан  қайтара      біледі.          Қайырымды, 

мұғалімдерін  сыйлайды,  құрметтейді.  Белсенді,  бұған 

дәлел    -  әр    түрлі  жарыстарға  қатысып,  мақтау 

қағаздарын  ұтып  алғандары.  Ата-аналарын  жақсы 

көретін,  олардың  бетке  ұстар  мақтанышы,  әрі    қарай 

үлкен  жетістікке  жететін  болашақ    патриоттар.  Міне, 

менің 


сыныбымның 

оқушылары 

осындай! 

Мақтанышпен айтуға тұрарлық! 

 

Турапекова Айым   



«а»


 сыныбының оқушысы 

 


 

 

 

«Қазақша сөйлеу «не в тему» ма?» 

 

 Рас,  қазіргі  кезде  үлкен  қиындыққа  айналып  отырған  жағдай  –  тіл 

мәселесі. Сол тіліміз намысы бар қазақтың ішкі жан-дүниесін жегідей жейді. 

Тілі болмаса, жай мемлекет болғанның керегі не?  

Қазіргі  кезде  елу  елдің  қатарына  қосыламыз  деп  шарқұрып 

жатырмыз, ал тіліміз қайда қалмақ? Тілдің өшкені мемлекеттің жойылғаны 

емес  пе?  Тіл  жанашыры  Мұқтар  Шаханов  ағамыз  бір  сөзінде:  «Біз  қазіргі 

таңда елу дамыған мемлекеттің қатарына қосыламыз деп барымызды салып 

жүрміз.  Иә,  дамыған  экономикасы  мен  инновациялық  жетілу  үстіндегі 

мемлкеттердің  қатарына  қосылу  дұрыс-ақ,  бірақ  сол  мелекеттердің  елуін 

басып  озып  бірінші  орында  тұрсақ  та,  өз  тілімізді,  бабалар  рухы  аманат 

еткен  «ана  тілімізде»  сөйлеп, оны  құрмет етпесек, сол  дамыған елдердің  қатарына кіруімізден еш  пайда жоқ»,-  деген 

еді. Шынында да, қанша есе дамып, өркениетті елдердің қатарына қосылсақ та, тіліміз кенже қалып дамымағаны әрине, 

орны толмас өкініш болмақ. Ендеше тіліміз қай уақытта дамиды? Меніңше, бұл сауалдың жауабын тілін сыйламайтын 

өскелең  ұрпақтан  сұрау  керек?  Ал  біздің  сеніп  жүрген  жастарымыз  қазақ  тілін  ұмытып,  орысша  сөйлеп  жүрсе,  не 

демекпіз?  Өзіміздің  қазақтар  қазақ  тілін  білмегенде  басқа  ұлтқа  қазақ  тілін  үйрен  деп  қалай  айтпақпыз?  Ең  болмаса, 

қазақ мектебінде оқитын оқушыларымыз таза қазақша сөйлесе жарар еді, бірақ амал не? Олардың «Ну и что?», «Не за 

что?», «Тема», «Не в тему» деген сөзінен басқаны естімейміз.  

«Қазақ  мектебінде  оқитын  оқушылар  неге  орыс  тілінде  сөйлейді?»-деген  сұраққа  «Дарын»  мектебінің 

оқушыларының бірі былай деді: -«Енді, қазіргі жастар орыс тілін «мода» деп санайды. Олардың саналарында осындай 

ой қалыптасқан. Шынында, өзімде орыс тіліндегі сөздерді көп қосамын, алайда таза қазақ тілінде сөйлеуге тырысамын. 

Сонымен  қатар  мектептегі  ұстаздарымызда  қазақ  тілінде  сабақ  бере  тұра,  сабақтың  тең  жартысынан  астамын  орыс 

тіліндегі сөздермен қосып үйрететіні, жасырын емес қой?». 

Ал, біздің қаламыздағы қазақ мектептерінің бірі № 1 мектепте оқитын бір досым: «Қазіргі кезде барлық қазақтар 

таза  қазақша  сөйлемейді.  Біреу  саған  орысша  сөйлеп  тұрса,  оған  қазақша  жауап  берсең  «ауылбай,  не  в  темщик»  деп 

ойлап қалады.  Шынын айтқанда өз басым орыс тілін ұнатпаймын, бірақ орыс тілінде сөйлеуге тура келеді».  

Бұл балалық ой ма, әлде шын айтылған сөз бе, оны уақытшешеді.  

Кеше автобуста келе жатып, мынадай оқиғаның куәсі болдым: Бір қазақтың қара торы қызы орыс тілінде сайрап 

тұр.  Оны  көрген  үлкен  кісі  «Қарағым-ау,  өз  тілімізді  өзіміз  таптағанымыз  дұрыс  болмас,  қазақша  сөйле!»-деді.  Оған 

көңіл бөліп тұрған қыз жоқ.  Ал оны естіген жасы шамамен қырықтарға жуық бір қазақ әйелі «әр заманның баласы әр 

түрлі, олар өз тілінде сөйлей берсін, неңіз бар?»-дейді.  

Сонда  қыздарымызды  тәртіпке  салар  аналардың  өзі  осылай  деп  жатса,  басқасы  не  демейді?  Осындай  оқиғаны 

көріп ішім қынжылды ...  

«Өзге тілдің бәрін біл, 

Өз тіліңді құрметте»-демекші, бұл да дұрыс шығар. Алайда басқа тілді де өз орнымен сөйлеген дұрыс қой. Әлгі 

«модадағы» сөздер емес, орнына, басқа тілде болсын, мәдениетті сөздерді сөйлесе жарар еді. 

Белгісіз есім 

 

 



 

=========================================================================================== 

 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Альдекенова Айнұр                   

 6 

«Ә»

 сыныбының 

оқушысы 

Еңлік ұстазым! 

Жамандығымды жасырып, 

Жақсылығымды асырып. 

Жүреді менің ұстазым, 

Келеді оған ұқсағым. 

Оқы, үйрен, білім ал деп, 

Мәпелеп бағып қағады. 

Ақылды да салмақты, 

Еңлік апай ардақты!

 

 



Арынова Тоғжан 



«А»

 сыныбының оқушысы 

Қарлығаш Мұхтарқызына! 

Бала шағын ұғатын

Қарлығаш Мұхтарқызы 

мұғалім. 

Жақсылықты жаныма, 

Жиып берген ұстазым. 

Қуат алып сөзіңнен, 

Мен биікке талпынам. 

Нұр төгілген көзіңнен, 

Жан сырымды ұғатын 

Өзіңе арнап ағытқан 

Сырым осы мұғалім. 

Жарып шыққан жүректен, 

Жырым осы мұғалім. 

Табысыма шаттанып. 

Шын қуанған мұғалім. 

 


«... Ойлаңдар достар! «Өнерде» жарыс болмайды! 

Өресі жетіп, күңдестік қылған оңбайды. 

Өнерің жетіп, өсе алмасаң, сол қайғы. 

Күнде таласқан 

Өмірің өнер болмайды!!!» 

М.Мақатаев 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тельжанов Жасұзақ 

«Ә»


 сыныбының оқушысы 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Рахимжанова Рамиля 

«Ә»


 сыныбының оқушысы 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет