«Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллегент емес »



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата09.01.2017
өлшемі3,4 Mb.
#1525
  1   2   3   4

 

 

 



«Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам 

толық мәнді интеллегент емес ... » 

Мұхтар Әуезов 

 

Дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназия оқушыларына таратылатын газет, №1-2 қараша, 2011-2012 оқу 

жылы, /тоқсанында бір рет шығарылады/ 

 

 

 

 

 

 



 

 

 

 



 

 

 



 

«Бұлмектеп –                                 Сүйінші!«Тіл – хал  «   «Тіл  ұлтың 

жаны, дарындылар ордасы»                  

Біздің «Дарынды балаларға                                           халықтың  4- 

халықтың үні» 

     2-бет                            арналған мамандандырылған   4-бет                                     

гимназияда» алғашқы қоңырау 

                                                                       соғылды. 3-бет 

 

 

 



 

 



2010  жылы  желтоқсан  айында  білім 

ордамыз 

«Дарынды 

балаларға 

арналған 

мамандандырылған  гимназия»  статусына  ие 

болды 

 



22  қыркүйек  Қазақстан  Республикасы 

халықтарының  мерекесі  аясында  «Тіл  –  ұлттың 

жаны, халықтың үні» атты кеш өткізілді 

 



Киелі  Баянауыл  өңірінің  тумасы,  ақын, 

фольклортанушы  –  М.Ж.  Көпеевтің  ауылына 

барып, оқушыларымыз әулие атамыздың басына 

тағзым етіп қайтты 

 



Ұлағатты 

ұстаздарымыз 

мектебіміздің  

биылғы 

бітіруші 

түлектері 

11-сынып 

оқушыларының арнайы  ұйымдастырған «Ұстаз 

–  мектептің  жүрегі»  атты  кеште  зор  құрмет  пен 

арнайы сыйлықтарын иеленді 

 



«Қарттар  күні»  мерекесі  аясында  6  қазанда 

гимназия  атынан  қаламыздағы  барлық  қарттар 

арнайы  сыйлықтар  мен  «Қариялы  ел  – 

қазыналы ел» атты кешіміздің қонағы болып, зор 

қуанышқа кенелді 

 



Жасөспірімдер  арасында  өткізілген  облыстық 

олимпиада  да    8-сынып  оқушысы  Қабылда 

Әлібек III орынды иеленді 

 



Жас  ғалымдар  арасында  өткізілген  «Туған 

өлкені  тану  ғылымға  жетелейтін  жол»  атты 

ғылыми-практикалық  конференцияда  7-сынып 

оқушысы  Ибрайкина  Айсара  I  орынды  жеңіп 

алды. 

 

 

 

 

«Мектеп – кеме, білім - теңіз» 

(Халық нақылы) 

«Бұл мектеп – дарындылар ордасы» 

 

Бүгінгі өскелең ұрпақ – білімді, әрбір істе шебер, өзінің ойын айқын жеткізетін арғымақ атқа мініп, тау көтерген, Мағжанша 



айтсақ,  арыстандай  айбатты,  жолбарыстай  қайратты,  жігерлі  болып  өсіп  келеді.  Енденше,  бұндай  жастар  –  біздің  де  мектеп 

қабырғамызда бар. Ал, мектептің дамуы мен оқушылардың жаңа сатыға көтеріліп, шыңдалуына ұстазбаен қатар шебер еңбек ететін 

әрине,  мектеп  директоры.  Ендігі  кезекті  гимназияның  бүгінгі  күнге  дейін  дамуына  тікелей  қатысып,  ерен  еңбегімен  танылған 

қаламыздың құрметті ұстазы – Сламбекова Рымкеш Хамитқызымен болған сұхбатымызбен сабақтайық.  

―Қайырлы  күн,  Рымкеш  Хамитқызы!  Сізді  гимназияның  10  жылдығымен  және  “ 

Дарын балаларға арналған мамандандырылған гимназия” статусын алғанымызбен шын 

жүректен құттықтаймыз! 10 жыл ішінде гимназияны облыстың дарынды 13 мектебінің 

қатарына қосуда  сіздің еңбегіңіз ерекше. Осы орайда, оқушылар мен ұстаздардың  және 

ата-аналардың  сізге  деген  алғысы  шексіз.  Сізге  қояр  бірнеше  сауалымыз  бар  еді,  ой 

бөлісіп отырсақ. 

―Гимназияның құрылуы туралы айтып берсеңіз. Жалпы шағын ғана қаламыздағы қазақ тілді 

мектептердің қатарына гимназияның қосылуы өз кезінде қалай қабылданды? 

―2000 жылдан бастап, гимназияның алғашқы баспалдағын біз № 1 мектептен бастадық.  

Эксперимент  алаңы  ретінде біз бастауыш сыныптан балаларды іріктедік.  1997 жылы  

гимназия  статусын  алғаннан  соң,  жеке  ғимарат  керек  болды.  Сондықтан  қала 

әкімшілігіне шығып, 2000 жылы гимназия осы ғимаратқа жеке шаңырақ құрып шықты. 

Содан  бері,  міне,  арада  10  жыл  өтті.  10  жыл  өткен  соң  ғана  біз  “Дарынды  балаларға 

арналған  мамандандырылған  гимназия”  статусын    алдық.  Бұл  –  қаламыздағы  айтулы 

жаңалық, мақтанарлық іс. Жарқын болашаққа жетелер жаңа қадам. 

Рахмет.  Енді  мектебімізге  берілген  «Дарын»  статусы  бізді  қандай  дәрежеге  жеткізді, 



сол жөнінде айта кетсеңіз? 

―Бұл - бізді жаңа мінберге, биік дәрежеге жеткізеді, жеткізуі де керек деп кесіп айтуға 

болады.  Себебі,  биыл  ғана  ашылдық.  Біздің  басты  мақсатымыз  –  интеллигенттерді 

дайындау.  Республика,  облыс,  көлемінде  жаңа  интеллектуалды  мектептер  ашылып 

жатыр.  Бұл  –  үлкен  қуанарлық  жағдай,  өйткені  Павлодарда    биылғы  жылы 

интеллектуалды жаңа мектеп өз есігін айқара ашпақ. Осы мектепте біздің балалар білім 

алуға  тиіс.  Одан  кейін  “Болашақ” бағдарламасы  бойынша    балаларға  жақсы  білім  алу 

керек,  сондықтан  дарынды  балаларды  іріктеп  алып,  осындай  жеке  мектепте,    жеке 

оқыту  жоспарланып  жатыр.  Оның  ерекшелігі  -  оқу  бағдарламасында  болсын,  жұмыс 

барысында  болсын  айрықша.  Біріншіден,  сыныптағы  оқушылар  саны  20  оқушыдан 

аспауы керек.  Екіншіден, оқушылар оқу барысында математиклық және гуманитарлық 

бағыт  бойынша  бөлінеді.  Мысалы,  математикалық  бағытта  —  физика,  математика, 

биология,  география  пәндері  оқытылады.  Оның  басты  мақсаты  -  балалардың  сол  пәндерге  деген  құлшынысын  оятып,  қосымша  әдебиеттер  оқуға 

мүмкіндік  беру.  Әрбір  дарынды  балаға  оқу  жоспарында  төрт  жарым  сағат  қосымша  бөлінді.  Онымен  қоса,  жоғары  оқу  орынындағы  ғалымдармен 

жұмыс  жасауға  жағдай  жасалып  отыр.  Міне,  оқушыларға  осындай  жағдайлардыңжасалуы  -  оқимын,  жаңа  сатыға  көтерілемін  деген  интелигентке 

беріліп отырған зор мүмкіндік. 

―Бүгінгі күнде қандай жетістіктеріміз бар? 

―Оқушылардың  олимпиадағы  қатысуы,  жобалар  жазуы  бұл  да  бір  жетістік.  Алғашқы  оқу  бітірген  оқушыларымыз  қазіргі  кезде  магистратураны 

тамамдап  жатыр.  «Алтын  белгі»  иегерлері  өздерінің  деңгейлерін  дәлелдеп,  грантпен  оқуға  түсуде.  Жалпы  енді,  бұл  шөмшектеп  жиналған  нәтиже. 

Енді  талай  белестерді  бағындырамыз  деген  ойдамын.  Ол  үшін  әр  оқушы  күнделікті  сабаққа  дайындалып,  әрдайым  ізденіс  үстінде  болуы  керек. 

Гимназияны ашуға мені жетелеген үлкен патриоттық сезім. Алдымызға мақсат қойып, сол мақсатқа жеттік деп ойлаймын.  

―Оқырмандарға жүрек жарды ақ тілегіңізді арнасаңыз

―Оқырмандардың оқуда үлкен жетістікке жетулеріне тілектеспін. Әрдайым ізденіс үстінде болу қажет, тек қана оқулықпен шектелудің қажеті жоқ. 

Мектебіміз дарынды балаларға жағдай жасауда 4,5 миллиноға биологиялық кабинетпен жабдықталды, енді қараша айының соңына қарай орыс тілі 

мультимедиялық кабениетімен толықтырылмақ. 17 сыныпта 13 интерактивті тақталар бар. Сондықтан қосымша әдебиеттер оқып, ғалымдармен көп 

жұмыс жасау қажет. Тек ерен еңбегімен шыңдалған оқушы ғана биік шыңды бағындыра алады. 

―Сұхбатыңызға  көп  рахмет!  Сізге  де  алдағы  уақытта  табысты  еңбек  пен  зор  денсаулық  тілейміз.  Отбасыңыздың  тірегі,  мектебіміздің  жүрегі  болып  қала 

беріңіз! 

 

Сұхбаттасқан 9-сынып оқушысы Сәтпекова Әлемгүл 



 

 

 

Сүйінші! Құрметті ұстаздар мен оқушылар! 

 

Біздің «Дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназияда»алғашқы қоңырау соғылды. 

«Мектебің мынау – класың, 

Осында он жыл тұрасың...»,-деп жырлап өткен Мұқағали атамыздың айтқан сөзі бүгінгі ұрпақтың санасында мәңгі жатталып қалары 

анық. Ендеше, біздің мектебімізде жылдар бойы  сан ұрпақты тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатады. Бірақ ендігі білім нәрін бүгінгі 

және  келер  ұрпақ  жаңа  мектепте  қарсы  алып  отыр.  Ол  –  жаңа  білім  статусына  ие  болған  «Ақсу  қаласының  дарынды  балаларға 

арналған  мамандандырылған  гимназиясы».  Бұл  жаңалықты  ағымыздан  жарылып  қуанышпен  жеткіземіз.  Себебі,  осы  оқу  орнында 


талай қазақ баласы білім алып, республикамыздағы әрісі шетелде өз білімдерін жалғастыруда. Облысымыздағы «Дарынды балаларға 

арналған мамандандырылған мектеп» статусын алған 13 мектептің қатарына қосылып, республика көлеміне танылатынымыз біз үшін 

ұлкен мақтаныш. 

Биылғы  жаңа  оқу  жылында  алғашқы  қоңырауды  соғу  мәртебесі  1-сынып  оқушысы  Зәруза  Нұрай  Әсетқызы  мен  биылғы  мектеп 

бітіретін  түлектеріміздің  бірі  –  Жанкүшіков  Дамир  Ермекұлына  берілді.Бұл  бастаманың  алды  алғаш  рет  қаламыздағы  қазақ 

мектептерінің  санын  толықтырған  осы  гимназиямыздың  ашылған  тұсында  бастау  алған  еді.  Ол  кезде  алғашқы  қоңырау  соғу 

мәртебесі 1-сынып оқушысы – Алиханова Алтынайға берілді. Қазірде ол еліміздегі беделді жоғарғы оқу орындарының бірінен оқу 

грантын  ұтып  алып,  қатарластарымен  бірге  Л.Гумелев  атындағы  ЕМУ-де  өзінің  білімін  жалғастыруда.  Ал  сол  кездегі  11-сынып 

түлектерінің  бірі  –  Күлімбаев  Ардақ  өз  білімін  шыңдап,  сонау  Италия  мемлекетінде  магистратураны  үздік  аяқтап,  білім  магистр 

дәрежесіне  көтерілді.  Бүгінгі  күніОралда  мұнай-газ  барлаушы  инжинері 

қызметін  атқарып,  табысты  еңбек  етуде.  Міне,  осы  аға-апаларының 

жолын жаңа оқу жылында алғаш қоңырау соққан Дамир мен Нұрайға да 

тілейміз.  

«Мектеп – кеме, білім - теңіз» дегендейін оқушылар жаңа мектептің жаңа 

статусын  әрі  қарай  көтеріп,  өздерінің  жоғары  білімімен  әлі  талай  асқар 

шыңдарға  жетелеп,  биіктен  көрінеді  деп  сеніммен  айта  аламыз.  Осы 

жетістік  оқушылар  мен  қатар  жас  ұрпақты  тәрбиелеп  жатқан  ұстаздар 

ұжымының  да  тамаша  жетістігі.  Құрметті  ұстаздар  мен  оқушылар  жаңа 

оқу жылында - жаңа табыстар мен нәтижелі еңбектің жемісін тілейміз! 

 

Рахимжанова Рахила9-сынып оқушысы 



 

 

 



 

 

 

 

 

«Тіл – ұлттың жаны, халықтың үні» 

Тәңірінің адам баласына сыйлаған ең ұлы сыйы – тіл! Адам баласы тәңірі тартуын өз қолына алғаннан кейін бір 

қауымы оны өсіріп өркендетті. Бір қауымы – қолда бар  алтынның қадіріне жете алмай тоздырды. Өсудің де, өшудің де 

себептері көп. Осы себептердің ең бастысы – тіл соғысы.  

Қазір жер шары деген «қыстағымызға» қарап отырсақ, әр қайсы тіл өзінің билік көлемін, ықпал аумағын бөлісу 

үшін  қиян-кескі  соғыс  жүргізуде.  Бұл  соғысты  әр  түрлі  топ  әр  қалай  түсіндіреді:  ақпарат  соғысы,  идеология  соғысы,  

мәдениеттер  қақтығысы,  түтінсіз  майдан  т.б.  Бірақ  осы  майдандарда  тіл  құрал  ретінде  де,  идеология  ретіндеде  ең 

алдыңғы шепте жүреді. Тіл тарихына қарап отырсақ, бір тіл қашанда бір империяның айнымас жауынгері болған.  Тіл – 

бір ұлттың ар-намысы ретіндегі азаттығы. Бір топ қауымның қолданыс құралы ретінде – еркіндігі мен үстемдігі. Бизнес 

ретінде ақша жасаушы құрал. Ендеше, жеке тұлғаны жасынан тәрбиелейтін мектепте бұл тіл - қандай деңгейде болмақ? 

Сол сұрақтың түйінін шешсек, артық болмас. 

Басқа  да  жалпыға  білім  беретін  оқу  орындары  сияқты 

біздің  де  мектепте  қазақтың  қара  домалақ  балаларына  өз  ана 

тілін меңгертудібасты нысанаға алынып отыр. Бұл бір себептен 

орынды. Себебі, біздің білім ошағымыз тәуелсіз Қазақстанның 

қазақ тілді мектептердің санатына енеді.  

Мектебіміз  бүгінде  «дарынды  балаларды  оқытатын» 

ерекше  білім  мекемесі  мәртебесін  алды.  Осыған  орай 

сүйіншілеп  айтатын    қуанышымыз  -  «22-ші  қыркүйек  күні 

Қазақстан  Республикасы  халықтарының  тілдер  мерекесін» 

жаңа  оқу  жылында  алғашқы  мерекелік  іс-шара  аясына  тұспа-

тұс келуімен қуана қарсы алдық.  

Осы  айда  күнделікті  сабақ  барысында  барлық  тіл 

мамандары  түрлі  деңгейдегі  ашық  сабақтар  мен  мерекелік  іс-

шаралар  өткізді.  Сонымен  қатар  «Балауса»  радио-ақпараттық  орталығы  мен  мектеп  оқушылары  «Мемлекеттік  тілді 

қолдану  аясына  менің  жеке  қосқан  үлесім»  тақырыбы  аясында  өткізілген  акцияға  қатысты.  Ал  жеке  қазақ  тілі  мен 

әдебиетінің  мамандары бір ай бойы өткізілген тілдер фестивалін «Тіл  – ұлттың жаны, халықтың үні» атты мерекелік 

қорытынды кешпен аяқтады. 

Кеш барысы қазақи ұлттық менталитетімізді айшықтайтын қазақ қоғамының дамуына және ұлттық болмысының 

қалыптасуына  айрықша  үлес  қосқан  бас  билеріміз  -  Төле  би  мен  Әйтеке,  Қаз  дауысты  Қазбек  билердің  ұлағатты 

істерімен  және    аталы  сөздерімен  байланыстырыла    өткізілумен  есте  қалды.  Бұл  –  тарихи  көріністі  10-сынып 

оқушылары шебер орындап көрермен ықыласына бөленді.Ал келесі оқушыларымыз тілге құрмет – елге құрмет екенін 

өздерінің жүрекжарды өлең сөздерімен, бар ықыластарымен ән айтып, би билеп көрермен қауымға жеткізді. 

«Өзіңнің ана тіліңді біліп, өзге тілді үйренсең, кім үшін? 

 

Ал өз ана тіліңді білмей, өзге тілді үйренсең не үшін керек?» 



Хәлел Досмұхаметов

 

 


Тіл  мәселесінің  қамын  ойлап,  қаламыздағы  санаулы  мектептердің  қатарын  толықтырып  жүрген  мектебіміздің 

директоры,  қаламыздың  құрметті  ұстаздарының  бірі  –  Рымкеш  Хамитқызы  да  мұғалімдер    мен  оқушылар  қауымына 

өзінің жылы лебізін білдіріп, қашан да тіл қадірі – ел қадірімен тығыз байланысты екенін тағы бір мәрте баса айтты. 

Міне, азаттық алған жылдардың  жемісі  –  өз  тілі мен дінін құрмет  тұтатын саналы өскелең ұрпақтың өсіп келе 

жатқанын  танытып  отыр.  Біздегі  ұлттық  идеологияның  түп 

тамыры  –  осы  мақсатты  көздеуде.  Айтарымыз  бір  кешпен 

барлық  істі  бірден  тындырдық  деген  санасыз  ойдан  аулақпыз.  

Десек  те,  қазіргі  буын  өкілдерінің  жас  санасына  әсер  етудің 

басты  құралы  -  мектеп  аясында  өткізілетін  ұлттық  бояулы  іс-

шараларекендігі талассыз. 

«Туған тілім – тірлігімнің айғағы» деген ғибратты сөзді 

өзіне серік еткен мектеп оқушылары тіліміздің қадыр-қасиетін 

қашанда биік ұстап, жас санасына дұрыс сіңіреді деген оймен 

кеш барысы ұлттық рухты «Атамекен» әнімен аяқталды. 

Ғазиз Еңлік Ғазизқызы 

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі 



 

 

 

 

«Тіл-халық қазынасы, бабалар аманаты ... » 

 

Бүгінгі  таңда  әрбір  білім  ошағының  басты    міндеттерінің    бірі- 



тәуелсіз  елінің  ұлтжанды    ұрпағын  тәрбиелеу  болып  отыр.  Ал  бұл  сезім 

өзінен-өзі  қалыптаса  алмайды,  ол  саналы  тынымсыз  тәрбиенің 

нәтижесінде  біртіңдеп  тамыр  тартады.  Осындай  түпкі  мақсатты көздеген 

айтулы  шара  Ақсу  қаласының  дарынды  балаларға  арналған 

гимназиясында өткізілді.  

       Дебат клубының басшысы Шаймерденова Н. Т. оқушылардың талабы 

мен  талантын  ұштай  білуінің  арқасында  «Қазақстанда  тұратын  барлық 

этностардың  тілдерін  сақтай  отырып,  ұлт  бірлігін  нығайту  үшін 

мемлекеттік  тілдің  аясын  кеңейту»  тақырыбында  тартымды    пікірсайыс 

өтті. 


       Әрбір  команда  3  спикерден  тұратын  8-9  сынып  оқушылары    осы 

мәселе  жөнінде  келелі  ой  өрбіте  білді.  Алдымен  сөз  алған  «Қайсар»  тобының  І  спикері  Қайржанова  Әдия  өз  кейсінде  Қазақстандағы 

мемлекеттік тілдің хал-ахуалын жан-жақты талдап, Қазақстанның  Ата заңына, «Тілді дамыту бағдарламаларына» жүгініп, көптеген құнды 

деректер  келтіре  отырып,  өздерінің  осы  мәселені  шешу  үшін  ұсынған  жолдарын  «Қазақтың  рухын  қазақ  болып  көтерейік»  деген  ұранмен 

аяқтады. Өзіне қойылған сұрақтарға да тұжырымды жауаптар бере алды. Қарсылас «Ұлан» тобының І спикері Рақымжанова Рахиля алдыңғы 

пікірге қарсы дәйектер келтіре отырып, алдыңғы топ  мәселені шешу жолын көрсете алмады деген сын айтты. «Қайсар» тобының ІІ спикері 

Қабылда  Әлібек  мемлекеттік  тілдің  аясын  кеңейту  керек,  біздің  ұсынған  өзекті  мәселеміз  келісті  дей  отыра  Қазақстандағы  қазақ 

мектептерінің  халін  әр  түрлі  басылымдардан  деректер  келтіре  отырып,  таныстырды.Оған  қарсы  қақтығысқа  шыққан  «Ұлан»  тобының  ІІ 

спикері  Өміржан  Ақберен  2001-2010  және  2011-2020жылдардағы  Тілді  дамыту  бағдарламаларының    негізгі  мақсат-міндеттерін салыстыра 

отырып,  алдыңғы  бағдарлама  толығымен  орындалса,  екінші  бағдарламаны  қабылдаудың  қажеті  болмас  еді,  сол  себептен  сіздердің  

мәселелеріңіз  біздің  позицияға  өтті  деген  пікір  айтты.  «Қайсар»  тобының  ІІІ  спикері  Қайыргельдинов  Асқар  өз  тобының  ойларын, 

қорытындысын  ұсынып  және  қарсы  топтың  біздің  оймен  келіспеген  жағдайда  альтернативті  кейс  ұсына  алмағандарын  алға 

тартты.Пікірталастың  соңында  сөз  алған  «Ұлан»  тобының  ІІІ  спикері  Рамазанов  Дархан  батыл  сөйлеп,  жақтаушы  топ  өз  мәселесін  шешу 

жолында тақырыптарынан ауытқығанын айтып, жалпы келтірілген фактілер көзіне күмән келтірді. 

Дебат соңында осы сөзбен ой сайысын бақылап, бағалап отырған төрешілер аталмыш гимназияның экономика мұғалімі  Сыздықов А. 

Ж және осындай ойындарға қатысып  кесек ойлары және  батыл шешімдері мен 

талай жетістіктерге жете білген 11 сынып оқушыларынан құралған «Жас Ұлан» 

дебат  тобыныңмүшелері  -  Ағыбай  Дәулен  мен    Шәймерден  Мөлдір,    Бақасов 

Алмас осы білім сайысы туралы ой бөлісіп, жіберілген кемшіліктерге сын айтты. 

Пікірсайыс  нәтижесінде  келелі  ойы,  келісті  сөзімен  көзге  түскен  спикерлер 

Қайыржанова  Әдия  мен  Өміржан  Ақберен  және  жеңіс  шыңына  шыққан 

«Қайсар» тобы  арнайы сертификатпен марапатталды. 

Ой  талқының  қонағы  «Қазақ  тілі»  қоғамының  төрайымы  Қайыржанова 

Гүлнәр Мәдиқызы осы шараға құрметтеп, шақырғандарына алғысын айтып, ана 

тілінің рухын көтеретін сендерсіңдер, осылай өмір бойы білімге ұмтылып, қазақ 

елінің  абыройын  асқақтар  азамат  болып  өсіңдер  деген  тілегін  «Сен  қазақсың» 

өлеңімен    тәмамдады.Соңында сөз алған  осы  білім  сайысын ұйымдастырушы  - 

Шаймерденова Н.Т. сайысқа қатысқан  шәкірттерге, шараны тамашалауға келген 

ұстаздармен  оқушыларға  және  келген  қонақтар 

‒  Қайыржанова  Гүлнәр 

Мәдиқызына, «Ақжол»  және Ақсу радиосының тілшілеріне  алғысын білдірді.   

Бибігүл Атик 

Гимназия, физика пәнінің мұғалімі 

-------------------------------------------------------------------------------------- 


          «Мұхит асып келген ЛаКриста» 

 

Қазақстан  Республикасы  және  «Бейбітшілік  корпусының  ерікті  мүшелерін»  қолдау  ұйымының  басқаруымен  біздің 

мектебімізге тілді меңгеру мақсатында Брайн Гиллеспиден кейін ЛаКриста Коегел келді. Әр келген волонтер мектебімізде ағылшын 

тілін  үйретіп,    жалпы  оқушылардың    тілді  игерудегі  қарым-қатынастық 

дәрежесін  дамытуды  көздейді.  ЛаКриста  оқушылармен  тез  тіл  табысып, 

оларға  ағылшын  тілін  игертумен  қатар  өзінің  де  келген  мақсатына  орай 

қазақ тілін меңгеріп, қазақ дәстүрімен салтын біліп қайтты.  

         ЛаКриста  Коегел  2010  жылдың  қараша  айынан  келіп,  бір  жылдай 

уақыт  көлемінде  болды.    19-ншы  қазан  күні  барлық  оқушылар  келген 

волантер-ұстазды  шығарып  салды.  Соңғы  кеш  есте  қаларлықтай  болды. 

Себебі, ол оқушылардың жүрек жарды өлең-жырлары мен  ән-би өнерлеріне 

алғысын  білдірді.  Біз  де  басқа  оқушылармен  қатар  оны  соңғы  кеште 

шығарып  салып,  әлі  де  талай  асулар  мен  шыңдарды  бағындыруына  өз 

тілектестігімізді білдірдік.  

Рамазанов Дархан 

9-сынып оқушысы 



 

 

«Қасиетті  әулие жерінде ...» 

 

Мен  мектеп  оқушыларымен  және  ұстаздарыммен  он  сегізінші 



қыркүйек күні қасиетті Баянауыл жеріне сапар шектім. Жолдың 

ұзақтығы  ауыр  тисе  де,  біз  бәріне  шыдадық.  Алайда  әулие 

Мәшhүр  атаның    үйінің  орны  мен  құдығына  жеткенде,  осыған 

дейінгі  барлық  ауру-сырқатымыз  мүлде  ұмытылып  кетті. 

Бабамыздың  бұрынғы  үйінің  қасындағы  құдығының  бұлағы 

қасиетті  зәм-зәм  суы  сияқты  дәм  татылды.  Қасиетті  су  деп 

осыны  айт!  Кейін  жан-жағыма  көз  салып  едім.  Біраз  шақырым 

жерде дөңде  бір зәулім сарайшық  сияқты ғимарат көрінді. Сол 

сарайшық  әулие  атаның  кесенесі  болып  шықты.  Содан  соң  сол 

жаққа  да  жеттік.  Дәретімізді  алып,  қасиетті  әулие  мекеніне, 

кесенесіне,  аяқ  бастық.  Тамаша  сәулет  өнерінің  туындысы, 

ислам  дінінің  біздің  Павлодар  облысындағы  ең  басты 

ошақтарының  бірі  қасиетті  кесенегеаң-таң  болып  қарадым. 

Кірер  алдында  73  баспалдақпен  көтерілдік,  сондағы  баспалдақ  саны  атамыз  жасаған  ғұмырының  жасына  тең  екен. 

Көтерілгеннен  кейін  орамал  тағып,  мұсылмандық  парызымызды  өтеп,  ең  алдымен  ұлдар,  ал  кейін  біз  -  қыз  балалар, 

кірдік. Ата  қабірінің жан-жағына отыра  қалдық, қолымызды жайдық, атамыздың аруағына арнап құран  бағыштадық. 

Содан  соң  ата  қабірінің  үстіндегі  құлыпытасқа  қолымызды  қойып,  Алла  Тағаладан  арманымыздың  орындалуын 

сұрадық. Сол біз отырған бөлменің қабырғасында күн шағылысынан пайда болатын жүрекше тәріздес формалы көлеңке 

белгісіз жағдайда шыға келді. Жан-жағымызға қарадық, үстіндегі күмбезге көз салдық, алайда жүрек тәріздес  пішінді  

ештеңе  таба  алмадық.  Біз  үшін  бұл  бір  сыры  ашылмас  құпия  ретінде  қалды.Кесенеден  кейін  қасындағы  ауылға  жол 

жүрдік,  бізді    Мәшhүр  әулиенің    мұражайына  апарды.  Мұражай  шағын  болғанымен,  ішіндегі  ескерткіштер,    Мәшhүр 

атадан  қалған  асыл  мұралар    басқа  мұражайда  жоқ  екен.  Көз  жауын  алған  осы  мұралардың  ішінде  әулиенің 

көзілдірігінен  бастап,  жазған  жазбаларына  дейін,  тіпті  жерлеген  кезде  мәйітін  ораған  алашасына  дейін  барлық 

ескерткіштері  әлі  күнге  дейін  сақтаулы  тұр.  Осы  сапардан    Мәшhүр  ата  туралы  көп  мағлұмат  білдім,  сонымен  қатар 

ислам дініне деген көзқарасым, сенімім одан әрі арта түсті. Тамаша бір әсермен үйге оралдым. Бұл сапардан соң  тәнім 

ғана емес, рухым да, жан-дүнием, сана-сезімім бір тазарып, демалды, күш-қуат, жігерлік, рух  сияқты биік қасиеттерге 

ие болдым.  

 Сейлханова Дария  

10-сынып  оушысы 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет