Өнер – білім көп оқып, Өсе берсін санамыз.
ІХ.Үйге тапсырма №6.
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------
СЫНДАРЛЫ ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ - ЗАМАН ТАЛАБЫ
Омарова Сәрсенкүл Сағынтайқызы
Қызылорда облысы, Қызылорда қаласындағы
№43 Ж.Махамбетов атындағы қазақ орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Мектептегі білім мен тәрбие беру жүйесінің міндеті оқушылардың жан-жақты танымдық
белсенділігін көтеруге мүмкіндік жасай алатындай әр оқушыны жеке тұлға ретінде дамытатын
дәрежеде құзырлы білім беретін мұғалімнің кәсіптік деңгейін көтеру қажет. Өйткені баланың
бойында қалыптастырылуы тиіс қасиеттер алдымен мұғалімнің өз бойынан табылуы қажет.
Осы мақсатқа сай Кембридж бағдарламасының мәні зор. Әлем бойынша жоғары деңгейге қол
жеткізген сан алуан оқыту әдістемелерінің ішінде сындарлы оқыту негізгі орын алып, біздің еліміздің
де іргесіне келіп жетті. Сындарлы оқытуға негізделген тәсіл арқылы біліктілік курстарынан өткен
алғашқы қарлығаштарымыз да еліміздің түкпір- түкпіріне осы теорияның негізгі идеялары мен
мақсаттарын жүзеге асыруда.
Сындарлы оқыту теориясының негізгі мақсаты Қазақстандық мұғалімдердің педагогикалық
тәжірибелерін жетілдіріп, оқыту мен оқудың қазіргі заманғы әдістері мен жаңалықтарын ескере
21
7,90,69,42,6,110,58,
128,70,1000,68,45,358
,45,35
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
отырып, әлеуметтік сындарлы тұрғыдан оқытуды түсіндіру. Оның маңызы мен мақсатын жай ғана
түсініп қоймай, осы бағыттағы жүргізіліп отырған жұмыстардың негізгі мазмұны жеті модульдің
мұғалім үшін де және оның оқытып отырған оқушысы үшін де оқыту мен оқудағы жетістікке жетудің
тиімді стратегиясы болып табылатындығы. Осыған байланысты еліміздің болашағы зор көркеюі үшін
мұғалім сыни тұрғыдан ойлайтын, өзінің жұмыс тәжірибесінде жаңа тәсілдерді қолдана отырып және
бағалау әрекеттеріне сыни көзқараста болғаны абзал. Сондықтан дәстүрлі жүйедегі
бірсарындылықтан арылып, жаңаға, жаңалыққа қарай өзгеру дұрыс болар.
Сындарлы оқыту технологиясында оқыту мен оқудың негізгі аспектісі, мұғалім өзінің
қамқорлығындағы оқушыларды қанаттандырып жаңалықтар ашуға жетелеп, белгілі нәтижелерге қол
жеткізетіндеріне, өз білімдерін қадағалауға және бағалауға ыңғайлы стратегияларды ұйымдастыра
және тиімді пайдалана білетін шебер мұғалім болуы керек. Мұғалімнің оқу үрдісінде оқушыға
беретін ақпараты тың, қызықты ғана емес, сонымен бірге оның сол кезеңдегі даму деңгейіне , оқудағы
қажеттілігіне сай қолжетімді болғаны да үлкен роль атқарады.
Оқытушы мен оқушы арасында сындарлы оқудың жаңа тәсілдерінің бірі, сыныптағы диалогтің орын
алуы да маңызды. Оқушы өзін, өзінің қабілетін танып оқудың не екенін түсіне алады. Яғни, саналы
білім алуы мен ойлауын дамытуға ықпал ету. Сындарлы оқыту теориясында оқушының бұл әрекеті
«метатану» термині арқылы сипатталады. Метатануға танымдық үдерістерді білу, түсіну және реттеу
деген анықтама беруге болады. [МАН, 44-бет]
Сындарлы оқыту теориясының өзіндік ықпалы зор екені қай қырынан қараса да түсінікті .
Оқушыларға өз бетімен жұмыс жасауға, өздерін бағалауға, диагностикалауға, шығармашылық
табыстарға жетуге мүмкіндік береді. Әр оқушының жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы,
жеке өзінің дарындылығын, талантын, қабілетін ашуға мұғалімге деген сенімі, ертеңгі күнге деген
көзқарасын қалыптастыратын білім саласындағы жаңа серпіліс деуге болады. Бұл теорияда мінсіз
оқушы, құзырлы мұғалім, мәдениет, құндылықтар, көзқарас деген ұғымдар бір-бірімен ұштасып
жатады.
Оқушы мінсіз болуы үшін, оның мұғалімі құзырлы болуы керек, мұғалім құзырл ы болуы үшін оның
ең алдымен ұстанымы, көзқарасы болған жағдайда ғана ол бір шешімге келіп іс-әрекетке көше алды.
Ал осы екі тұлға бір-бірімен үйлесімдік табу үшін мәдениет пен құндылықтар маңызды. Сол себепті
мұғалімнің құзыреттілігін жетілдіру мен кәсіби дамуына, оқытудың биік деңгейіне қол жеткізу
мақсатында сындарлы теорияның ұсынары көп.
Мысалы, «адамдардың қалай оқитынын» түсінудегі ғалымдардың жүргізген жұмыстарының негізгі
бағыттары мен оқу туралы көптеген зерттеулерінің нәтижесінде оқудың ынталандырушы
факторларын көрсеткен Маслоудың қажеттіліктер иерархиясы мен К.Роджерстің «Мен»
тұжырымдамасының компоненттерінде оқушының адами әлеуеті және оқуға деген ынта-жігеріне
нелер түрткі болатындығы туралы тамаша айтылған.
Оқушымен жүргізілетін сан алуан жұмыстардың ішінде жоғарыда атап кеткен Роджерстің «Мен»
тұжырымдамасының эмоциялық параметрлерін ескере отырып жеке тұлғаның қаншалықты өзіне
сенімді және қаншалықты өзін бағалайтындығы және Бандураның жеке тұлғаның өзіндік тиімділігін
қалыптастырудағы негізгі факторларын терең ұғына отырып, оқушының оқудағы кедергілерін қалай
жеңу мәселелерін де шешуге болады. Бірнеше әдіс-тәсілдерін өзіміздің педагогикалық тәжірибемізде
қолданып көрдік. Мәселен, оқулықта берілген мәнмәтінді бірнеше бөліктерге бөліп, есте сақтау тірек
сөздерін пайдалануға , тұжырымдамалық карта дайындау негізінде оқушылардың оқуға деген
ынтасын оятуға, дамытуға болады. Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас өзара
үйлесімділік табуы маңызды.
Жеті модульді ықпалдастыра жүргізуде мұғалім төмендегідей қағидаларды есінде ұстауы қажет:
Баланың бойындағы құмарлығын, қызығушылығын жойып алмай, оның үнемі алға жылжуға
деген табиғи талап-тілектерін, сұраныс пен мұқтаждарын ескеру, шығармашылығын
жетілдіру;
Білімді өз бетінше іздену арқылы алуға қолайлы жағдай жасау;
Өзін-өзі дамытатын тұлға қалыптастыру;
Мұғалім бала бойындағы шығармашылық сапалардың болатындығын мойындап, әрі қарай
дамытуы керек.
Ол үшін өзі де өзгеруі, әсіресе дәстүрлі оқытудың стереотиптерінен арылуы қажет.
22
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Міне, осындай күрделі де қызықты бағдарламаны жүзеге асыру біздің басты міндетіміз.
К.Д.Ушинский: «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді
тоқтатысымен оның мұғалімдігі жойылады» деп бекер айтпаған. Ал, жаңа форматтағы үш айлық
оқытудың кэмбридждік әдіс-тәсілін үйренгеннен тапқанымыз көп болды. Бұл тұрғыда оқытудың қыр-
сырын үйреткен және жаңашыл ұстаздың шынайы көрінісін көрсеткен тренерімізге мың алғыс.
Сындарлы оқыту теориясының негіздері еліміздің білім беру саласына тереңінен сіңіссе, білімді де
тәрбиелі, өз елін сүйетін, рухани құндылықты бойына сіңірген жастар өсіп шығары сөзсіз.
Ал, жастар- еліміздің болашағы. Болашағымыз жарқын, еліміздің де іргетасы мығым болса,
өміріміздің әрі болары анық. Білімнің мазмұнымен қоса, түрлі әдіс- тәсілдер арқылы ақпараттық
технологияны пайдалана отырып, мағынасына терең мән бере оқытуды көздейтін сындарлы оқыту
теориясының берері көп. Сол себепті еліміздің әрбір мұғалімі бұл оқыту әдісін меңгеруден бас
тартпауы тиіс деп есептейміз.
------------------------------------------------------------------------------------------------------
ЖЕКЕ ТҰЛҒАҒА БАҒЫТТАЛҒАН
ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ҮЛГІСІ
Қызылорда қаласы. №43 Ж.Махамбетов атындағы
орта мектептің математика пәнінің мұғалімі
Алиханова Айжан Құрбанғалиқызы
Жаңа ғасырдың білікті, білімді, ақыл ойы дамыған азаматын даярлау бүгінгі күн талабы. Білім беру
үрдісінде қолданыс тапқан педагогикалық технологиялар жаңаша сипат алуда. Білікті білімді
мамандар жаңалықты теориялық жағынан меңгерумен қатар білім беру үрдісіне енгізе отырып,
тәжірибе жинақтағанда оң нәтиже беретініне көз жеткізуде. «Мұғалім-өзінің білімін үздіксіз көтеріп
отырғанда ғана мұғалім, ал, оқуды, ізденуді тоқтатқанда, оның ұстаздық еңбегінің жемісі болмайды»,-
деп К.Д.Ушинский айтқандай, оқытушылар заман көшінен қалмай, жаңалықтың жаршысы болуы
керек.Белгілі ғалым А.Маслоу тұлғаның қиындыққа дайын болу, қарым- қатынас, таным, сыйластық,
қауіпсіздік, шығармашылық, өзін- өзі өзектілендіру, өзін- өзі бекіту т.б. қажеттіліқ жүзеге асса, оның
танымдық құрылымының дамитынын, қызығушылығының қалыптасса, тұлғаның белсенділігі
артатыны белгілі. Бұл тұрғыда п.ғ.д.,профессор, қазақстандық педагогикалық технология авторы
Кобдикова Жанар Уажитқызының оқытудың «Үшөлшемді әдістемелік жүйесі» технологиясын оқу
үрдісінде енгізудің тиімділігін тәжірибеде көрсетіп отыр.
Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыда сапалы және терең білім
мен іскерліктің болуын, олардың шығармашылықпен жұмыс істеуін, ойлауға қабілетті болуын
талап етеді. Математика пәнін оқыту үрдісінің негізгі мақсаты – арнайы педагогикалық
әдістермен мақсатты жүйелі түрде пайдаланып оқушылардың интеллектін, шығармашылық
ойлауын, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру, өз бетімен білім алу дағдыларын
дамыту болып табылады. Жалпы білім беретін мектеп оқушылардың тиянақты білім алуын
мақсат ете отырып, оларды өз бетінше білімдерін толықтыру, жаңа білімдерді алу тәсілдерімен
қаруландыру, алған білімдерін теориялық және практикалық мәселелерді шешуге саналы түрде
қолдана білу сияқты ақыл – ой белсенділігін дамыту қажет. Ендігі жерде білім беру жүйесінен
шығармашыл, техникада, экономикада, жаңа жолдар мен әдістерді таба алатын, батыл да
жаңашыл, ақыл– ойы дамыған ұрпақты тәрбиелеу талап етіледі.Оқу – танымдық қызметі
барысында оқушылар қажетті көлемдегі білімді игеріп қана қоймастан, олардың қабілеті мен
шығармашыл ойлауы да дамытылады. Қазіргі математиканы оқыту әдістемесі оқушының
танымдық қызметі мен ойлау жүйесінің ара қатынасын анықтай түсуде. Ол оқушының
дербестігін, қажеттілігін, интелектуальдық ойлау мүмкіндіктерін қалыптастырады. Сондай
оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесін қолданып, математиканы оқыту – жаңа жетістікке
жетелейтін сара жол десек қате болмас.
Өйткені, қараша айынан бері осы аталған оқытудың жаңа әдістемесі «Үшөлшемді әдістемелік
жүйесі» бойынша 6 сыныпта математика пәнін оқытудамын.Тәжірибе барысында байқағаным
сабаққа деген оқушылар қызығушылығы арта түсуде, әр оқушы сабақ соңында түгел бағаланады,
тапсырманы деңгей- деңгейімен орындау арқылы шығармашылық тапсырмаларды орындауға
мүмкіндік туады. Сондай әдістемелік жүйемен өткізілген сабағымның жоспарын үсынамын.
23
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
6 сынып Математика
Сабақтың тақырыбы: Санды теңсіздіктің қасиеттері
Сабақтың түрі:(І кезең-5 минут, ІІ кезең- 25минут, ІІІ кезең- 15 минут )
1.Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Санды теңсіздіктің қасиеттерін өз бетімен қорытып шығаруға, оларды санды
теңсіздіктерді түрлендіруге берілген есептер шығарғанда қолдана алуына жағдай жасау.
Тәрбиелік: Жеке жұмыс жасауға, жауапкершілікті сезіне білуге, нәтижеге жетуге
ұмтылуға, өзінше ізденімпаздыққа, еңбек етуге тәрбиелеу жергілікті
ерекшеліктерді, ұлттық ерекшеліктерді, математика ғылымында болып жатқан
әлем деңгейіндегі жетістіктерді ескеретін, оларды күнделікті өмірде қолдануға
бағытталған тапсырмалар беру арқылы тәрбиелеу.
Дамытушылық: әр оқушының үш деңгейлік тапсырмаларды біртіндеп орындауына жағдай
жасау арқылы оның қабілетіне сәкес жеке құзырлылығын дамыту.
2.Сабақтың мазмұны:
І- ІІІ кезеңдік тапсырмалар(Төменде оқушының жұмыс дәптерінде және мұғалімге арналған жауап
кілтінде берілген)
3.Сабақтың әдіс- тәсілі:
І кезеңде - сұрақ –жауап
ІІ кезеңде -
а) оқулықпен өз бетімен іздену жұмысы
ә) дискуссия
б) практикада бекіту әдісі
ІІІ кезеңде үш деңгейлік тапсырмаларды өз бетімен біртіндеп орындату арқылы бағалау
әдістері.
4.Сабақтың формалары:
І кезеңде фронтальды, жеке
ІІ кезеңде -
а) топтық
ә) фронтальды
б)ұжымдық
ІІІ кезеңде - жеке
5.Сабақтың көрнекіліктері:
І кезеңде - жұмыс дәптері, тақтадағы «ашық журнал»
ІІ кезеңде –
а) оқулық, слайдтар
ә) оқулық, жұмыс дәптері
б) оқулық, жұмыс дәптері, тақта, бор.
ІІІ кезеңде - жұмыс дәптері, тақтадағы «ашық журнал»
Сабақтың өту барысы:
І кезеңде -
а) Ұйымдастыру
ә) Үй тапсырмасын тексеру, тақтадағы ашық журналға белгілеу.
б) «көпір тапсырмаларын» тексеру,
ІІ кезеңде –
а) оқушылардың топта өз бетімен жұмыс дәптерінде берілген жетелеуші
тапсырмаларға оқулықтан жауап іздеуі. Мұғалімнің тақтадағы ашық журналдағы алдында өткен
тақырып бойынша жиналған жалпы ұпай санын өзінің жеке журналына және сынып журналына
баға түрінде тіркеуі.
ә) мұғалімнің көмегімен дискуссия жүргізу.
б) тақтамен, оқулықпен жеке жұмыс.
ІІІ кезеңде - дұрыс орындалған деңгейлік тапсырмаларды мұғалімнің тексеруінен кейін
оқушылардың өзіне тақтадағы «ашық журналға» белгілетіп отыру.Жиған алғашқы ұпайларын
қорыту, қалған тапсырмаларды үйден аяқтап келуге беру. Үш деңгейді толық орындап болған
оқушы төртінші деңгейдің, олимпиада немесе ғылыми жоба тапсырмаларынан беру. Қосымша,
келесі сабақтың «Көпір тапсырмаларын» орындап келуге беру.
Оқушыға арналған жұмыс дәптері
«Көпір»
І кезең
Кілт сөздер
24
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
тапсырмалар
ы
Бос орынға қажет сөзді жаз.
1. а мен b сандарын салыстырғанда а - b айырмасы оң сан
болса, _______ болады.
2. а мен b сандарын салыстырғанда а - b айырмасы теріс сан
болса, _______ болады.
3. < немесе > белгілері ___________ теңсіздіктер
4. ≤ немесе ≥ белгілері ___________ теңсіздіктер
1.a>b
2.a < b
3.қатаң
4.қатаң емес
«Білу»
тапсырмалар
ы
Кім? Не?
Қалай?
Қашан?
Қандай?
ІІ кезең
Берілген санды теңсіздіктің қасиеттерін ережемен
тұжырымда:
1. a>b болса,
b ________________________________________________________
______
2. a>b және b>c болса , a>c
______________________________________
________________________________________________________
_____
3. a>b болса, , c - кез- келген сан.
________________________________
________________________________________________________
______
4. a>b болса, c – оң сан , ac > bc , a:c > b:c
_________________________
________________________________________________________
______
5. a>b болса, c – теріс сан, ac < bc , a:c <
b:c________________________
________________________________________________________
______
6. a>b болса, a>0, b>0 ,
__________________________________________
________________________________________________________
______
1.Теңсіздіктің
оң жақ, сол
жақ бөлігін
орын
ауыстырғанда
теңсіздік
белгісін
өзгерту керек.
2 .а сан с
санынан
үлкен болады.
3 .a+c>b+c
4. Теңсіздіктің
екі жағын да
бірдей оң
санға бөлсек,
көбейтсек
теңсіздік
өзгермейді.
5.Теріс санға
көбейтсек,
бөлсек
теңсіздік
қарама-
қарсыға
өзгереді.
6. Кері
сандарын
салыст.
Теңсіздік
өзгереді.
«Түсіну»
тапсырмалар
ы
Неліктен?
Неге? Не
үшін? Не
себепті?
Бос орынға қажет сөзді жаз.
1.Теңсіздікті салыстырып, мынадай қорытынды жасауға
болады: 9,3<10 ; 10<21,7 болса, 9,3< 21,7. Неге? Өйткені,
___________________
________________________________________________________
______
2. 8,9>5,3 теңсіздігінің екі жақ бөлігіне де 1,2 санын қосайық,
сонда қандай теңсіздік шығады? Не cебепті ? Себебі ,
теңсіздіктің екі жақ бөлігіне де
___________________қосқаннан немесе _____________
теңсіздік өзгермейді
1.Санды
теңсіздіктің 2
қасиеті
бойынша 9,3<
21,7
2.
бірдей сан
азайтқаннан
«Талдау»
Айырмашылықты тап:
1.Оң санға
25
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
тапсырмалар
ы
1. a>b болса, c – оң сан , ac > bc , a:c > b:c
2. a>b болса, c – теріс сан, ac < bc , a:c < b:c
________________________________________________________
____
көбейтсе,
бөлсе теңсіздік
өзгермейді.
2.Теріс санға
көбейтсе,
бөлсе теңсіздік
қарама-
қарсыға
өзгереді.
«Жинақтау»
тапсырмасы
Санды теңсіздіктің қасиеттерін схема түрінде бейнеле:
1.a>b b
2.a>b ,b>c
a>c
3.a>b,
a+c>b+c, с с
-оң сан
4. a>b с -оң
сан
ac > bc
5. a>b
с –теріс сан
ac< bc
6, a>b
1/a<1/b
«Қолдану»
тапсырмалар
ы
В) №912, № 913,№ 915, 916, 918
«Баға беру»
Сен қалай ойлайсың? Теңсіздік пен салыстырудың мағынасы
бір ме? Әлде...
«Кері
байланыс»
«Білу»
Теория
Практика
ІІІ кезең
1 деңгей (5 балл) «3»
Бос орынға тиісті қажет сөзді жаз:
1. Санды теңсіздіктің бір жақ бөлігіндегі қосылғышты
екінші жақ бөлігіне көшіргенде, оның таңбасы қалай өзгереді?
______________
2. Көп нүктенің орнына <, > жаз: а артық b- дан a...b
3. Санды теңсіздіктің екі жақ бөлігін де бірдей теріс санға
көбейтсек немесе бөлсек, теңсіздік белгісін
__________________таңбаға өзгерту керек.
№ 917 есепті шығару
қарама-
қарсыға
a>b
қарама- қарсы
«Түсіну»
Теория
Практика
2 деңгей (5+4балл) «4»
1. Санды теңсіздіктердің қасиеттері нені түрлендіруде
қолданылады?
____________________________________________________
2. № 924 есепті шығар
Санды
теңсіздіктерді
түрлендіргенд
е
қолданылады.
«Жинақтау»
«Талдау»
Теория
3 деңгей (5+4+3балл) «5»
1.Санды теңсіздіктердің қасиеттеріне мысалдар келтір:
1. 4.
2. 5.
26
Санды
теңсіздіктің
қасиеттері
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Практика
3. 6.
№ 925 есепті шығар
\
Қызылорда қаласы. № 257 орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Сарина Әсемгүл
Сыныбы:
10 «Ә» Пәні:
Әдебиет
Сабақтың тақырыбы: І.Есенберлин “Көшпенділер” трилогиясына мазмұндық талдау
Мақсаты. 1.Білімділік: Романның мазмұнын меңгерте отырып, шығарманы құрылымына, оқиға
желісіне, тіліне талдау. Әр бөліміндегі кейіпкерлердің іс әрекетіне тоқтала отырып, тарихи
мәліметтермен байланыстыру.
2. Дамытушылығы: Оқушының ой өрісін, танымын, жаңаны танып, түсіне білу қабілетін дамыту.
3.Тәрбиелігі: Ел даналарын, батырлар мен ел билеген бабаларды бағалай білуге, ел тарихын танып,
н.асихаттауға тәрбиелеу.
Түрі : Жаңа білімді игерту сабағы
Әдісі : Ой шақыру,ой қозғау,шығармашылық жұмыстар,талдау,мәнерлеп оқу;
Көрнекілігі: Ақынның портреті,тақырыпқа арналған слайд, талдау кестелері;
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы.
а) Ұйымдастыру:1. Оқушылармен амандасып,сабаққа қатысуын түгендеу;
2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару;
ә) Үй тапсырмасын сұрау.Берілген тақырыптар бойынша сұралады.
1. І. Есенберлиннің өмір жолы.
2. Тарихи романы. Жарыққа шығуы.
3. “Алмас қылыш”
“Жанталас”
“Қаһар” романдары.
3. Жаңа сабақ.
1/Инсерт әдісі. Дәптермен жұмыс
Білемін
Білдім
Үйренгім келеді
2/Сызбамен жұмыс.(сызбаны толтыру)
Трилогияда қамтылған уақыт
Трилогияның романдары
Тарихи тұлғалар
ХV- XVІ ғ.
“Жанталас”
Асан қайғы, Қазтуған,
Абылай хан,Кенесары
(Жауабы интерактивті тақтамен көрсетіледі)
Трилогияда қамтылған уақыт
Трилогияның романдары
Тарихи тұлғалар
ХV- XVІ ғ.
“Алмас қылыш”
Әбілхайыр хан
ХVІІ- XVІІІ ғ.
“Жанталас”
Жәнібек хан Керей хан
ХІX ғ.
“Қаһар”
Асан қайғы, Қазтуған,
Абылай хан, Кенесары
3/
Қазақ хандары (суреті көрсетіледі)
27
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Кенесары батыр, қазақ хандары туралы мәлімет беру, өз ойларын айту.
4/Сараптамашы топтардың жұмысы:
І топ: Кенесарыны жақтаушы
ІІ топ: Кенесарыны даттаушы
ІІІ топ: Тәуелсіз сараптама
5/Көшпенділер күймесі. (мазмұндық талдау)
Табалдырық. Роман 1969 ж. басылған. ХІХ ғ. 30-40 ж. оқиға баяндалған.
Әудемжер. Роман 1969 ж. басылған. ХІХ ғ. 30-40 ж. оқиға баяндалған.
Қозыкөш. а/Нысанбай жыршының шежіре айтуы. Қыпшақ елінің
Шыңғысханға бағынуын, Қасым, Хақназар хандардың бас көтеруін
жырлауы.
ә/“Ақтабан шұбырынды” оқиғасы. Ресей империясына бағынуы.
Жолайырық. Қос ағасы Есенгелді мен Саржанның өлімі. Елдің
Көкшетауға көшуі. Кенесары бастап Ақмола бекінісіне шабуылы. Әке
сенімі. Кек.
Көмбе. Бекіністі алуы. Қазақ руларын өзіне тартуы. Ел арасындағы
беделінің артуы.
10> Достарыңызбен бөлісу: |