Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
«Болашақты бірге жасаймыз»
ғылыми-практикалық семинар
материалдары
№ 2
«45minut.kz Республикалық ұстаздарға
арналған басылым» редакциясы жинақтаған
шығармашылық еңбектердің
іс-тәжірибелік жинағы
Алматы - 2014
1
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
БАСТАУ СӨЗ
Қазіргі таңда дүниежүзілік білім жүйесі деңгейіне сәйкес келетін, сапалы білім беруге жағдай
жасайтын, жастардың үйлесімді дамуына бағытталған білім беру көзделіп отыр.
Осы орайда 2014 жылы білім беру мекемелерінде «Қазақстандық жол — 2050: Бір мақсат, бір мүдде,
бір болашақ» Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына
жолдауын қолдау барысында Республикалық 45minut.kz басылымы және жергілікті білім
бөлімдерінің қолдауымен «Болашақты бірге жасаймыз» тақырыбында ғылыми практикалық
семинарлар өткізілді.
Семинар мақсаты: Педагогикалық кадрлар біліктілігін көтерудегі 7 модулдік бағдарламаның негізгі
идеясын жүзеге асырып, мұғалімдердің кәсіби тәжірибесіне енгізу. Семинар барысында ІІ — ІІІ –
деңгейлік курстардан өткен мұғалімдер мен біліктілігін арттырудың негізгі тұғырына байланысты
тақырыптарында шебер кластарын ұйымдастыру.
Педагогикалық іс- тәжірибені насихаттау, педагогтың әдістемесін және шығармашылық байланысын
кеңейту. Осы мақсатты жүзеге асыруда, белгілі бір білім көзін меңгерген тұлға ғана емес, сонымен
бірге өзін-өзі жетілдіруге, таратуға, дамытуға, қолдана білуге қабілетті шәкіртті тәрбиелеу – бүгінгі
күннің қағидасы. Ал мұндай тұлғаны тәрбиелеу үшін мұғалім құзыретті болу керек. Педагогтың
кәсіби құзыреттілік ұғымы тұлғаның біртұтас құрылымындағы теориялық және практикалық
дайындығының бірлігі, кәсібилігі арқылы жүзеге асыру және тәжірибесін ортаға салу.
Семинар жұмысы пленарлық және секциялық бөлімдер бойынша өткізілді.
http://www.45minut.kz арқылы онлайн түрде басқа да облыстардан қатысушылар қатысуға мүмкіндік
жасалған.
Семинар бағдарламасы аясында білім мекемелерінің көрмесі ұйымдастырылып, семинар
қатысушылары және онлайн түрде http://www.45minut.kz (Күнделікті 40 мыңнан астам қолданушы)
Республика ұстаздарына ұсынылады. Cеминардың материалдары негізінде топтастырылған ұстаздар
жинағы шығарылды.
Тәжірибе алмасу бағытында топтама жинаққа Қызылорда облысы ұстаздарының материалдары және
Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе т.б облыс ұстаздарының еңбектері қосылды.
Семинар барысында көңілге түйгенім, ұстаздар арасында тәжірибе алмасу бағытында тақырыптық
семинарларға сұраныс бар. Семинардың мақсатына сай деңгейлік курстардан өткен ұстаздар
деңгейлік курстарға оқуға талаптанып жүрген әріптестеріне барынша қолдау көрсетіп, алған
білімдерімен бөлісуге әзір екендіктерін білдірді.
Оқу мен оқытудағы жаңа әдіс тәсілдерді қолдану арқылы жоспарланған сабақтарының оқушылар
үшін қызықты да пайдалы екендігін өз тәжірибелерінде дәлелдеп, жаңашыл көшбасшы ретінде
әріптестеріне тәжірибе таратты. Ал, талаптанушы ұстаздар болса білім алуға деген құштарлығын
көрсетті.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір
болашақ» атты кезекті Жолдауда айтылғандай: Біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың
әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз –
белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар. Бұл үшін біз не істеуіміз керек?
Біріншіден, барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім берудің
барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай
Қазақстандағы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту
жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар
ұсыну маңызды.
Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту
деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды
оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын
игеру болуға тиіс.
Ізгілік Байдрахманұлы Нағиев
Республикалық 45minut.kz басылымы редакторы
2
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ МЕҢГЕРУ НЕГІЗІНДЕ
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІГІН ДАМЫТУ»
Маханова Ұлбосын Ыбырайханқызы
Қызылорда қаласы, №43Ж.Махамбетов атындағы
қазақ орта мектебінің директоры
Бүгінгі таңда білім жүйесін инновациялық технологиялармен жабдықтап, білімнің халықаралық
талаптарын меңгерудің маңызы үлкен. Өйткені бұл жас ұрпаққа сапалы білім берудің негізі болып
табылады.
Ғылым мен техниканың жедел дамыған,ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой
мүмкіндігін қалыптастырып,адамның қабілетін, талантын дамыту-заманның басты талабы.
Президенттің жолдауында: «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен
айқындалады» - деген байламы жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын ұстаз
жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз.
Бүгінгі таңда білім беру саласында әртүрлі сипаттағы және бағыттағы инновациялар енгізілуде. Азды-
көпті мемлекеттік жүргізіліп, мазмұнға, ұйымдастыруға оқыту әдістері мен технологияларына
жаңалыктар кіруде. Білім беру жүйесіндегі инновациялар – бұл мұғалімдердің классикалық оқыту-
тәрбиелеу-дамыту педагогикалық ұстанымдарын сақтай отырып, уақытпен бірлесе жұмыс істеу
шеберліктері. Қазақстанның қазіргі заманғы білімі, бәсекелестіктің инфокоммуникациялық
технологияларды қаншалықты меңгергені және жаһандық интернет желісі жағдайында қашықтықтан
өзара әрекеттесуге қаншалықты даяр екеніне байланысты болатын, планетарлық ойлай білетін
адамдардың жаңа генерациясына бағытталуы тиіс. Бірақ, бұл даярлық бірден, бір уақытта туындай
алмайды, ол мектептегі мұғалімдердің мыңдаған сабақ өткізулерінен жинақталады. Сондықтан қазіргі
заманғы инновациялық сабақтың үлгісі деп, мұғалімдердің жинақталған мол әдістемелік
тәжірибесінің интеграциясындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы әлемдік
және отандық жетістіктердің трансфертін қамтамасыз ететін сабақты айтуға болады
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын
таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген, білім мекемелерінің педагогтарына өзіне оңтайлы
нұсқаны тиімділігіне қарай пайдалану мұғалімнен үлкен шеберлікті талап етеді . Мектеп оқушыны
тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы. Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын оқу
мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап
қарауда мұғалім іс-әрекетінің маңызы зор. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық
технологияларын меңгеру мұғалімнің интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық
және де басқа көптеген келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу тәрбие
үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі,-деп көрсетеді С.В. Селевко.
Жаңа тұрпатты мұғалім даярлауда ақпараттық технологияны пайдаланудың дидактикалық шарттар
жүйесі орындалуы керек. Ол оқыту технологиясына өзгеріс енгізуді, атап айтсақ пәндер мазмұнына
толықтырулар енгізе отырып, белсенді технологиялар көмегімен қолдануды қажет етеді.
Жаңа тұрпатты мұғалім даярлауда ақпараттық технологияларға негізделген арнайы курстар жүргізілуі
қажет, оқытудың жаңашыл ақпараттық технологиялары жалпы білімдік, базалық және кәсіби пәндерді
толығымен қамтуы тиіс. Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы жаңа тұрпатты мұғалімді
дайындаумен қатар, мұғалімдердің болашақ кәсіби қызметінде ақпараттық технологияларды еркін
қолдана алатын дәрежеге жеткізуге болады.
Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып,әлемдік білім беру кеңістігіне енуге
бағыт алуда.Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты
болып отыр.Білім беру парадигмасы өзгерді,білім берудің жаңа мазмұны пайда болды.Оқу үрдісіне
жаппай жаңа педагогикалық технологияның түрлері енгізілуде.
Жаңа педагогикалық технологияны меңгерту мұғалімнің зейін-зерделік , кәсіптік,адамгершілік,
рухани,азаматтық және басқа да көптеген ұстаздық қабілетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді,өзін-
өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі. Оқу-тәбие үрдісіне жаңа
педагогикалық технологияларды ендірудің алғашқы шарты: мұғалімнің инновациялық іс-әрекетін
қалыптастыру болып табылады.
Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-
3
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық-педагогикалық
диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез
арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді,
шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді.
Мемлекеттік білім стандарты деңгейіне оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық
технологияны ендіруді міндеттейді. Сондықтан оқу-тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс-
тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен
ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салу болып табылады.
Оқу тәрбиесі үрдісінде педагогикалық жаңалықтарды енгізу .
І. Жаңа идеяны іздеу
Инновацияларды ұйымдастыру, жаңалықтарды іздестіру
ІІ. Жаңалықтарды ұйымдастыру
ІІІ. Жаңалықтарды енгізу
Оқу - тәрбие үрдісінде жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану
IV. Жаңалықтарды бекіту
V.
Инновациялық технологиялардың мектептегі білім сапасын арттыру:
• Әр сабақта интерактивті әдістерін қолдану;
• Әр оқушының психологиялық ерекшеліктерін ескеру;
• Міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейлерін ашу;
• Инновациялық технологияларды сынау арқылы тиімділігін арттыру, мектеп жағдайына бейімдеу;
Заман талабына сай технологияларды қолдану ауқымы, түрлері өзгеріп отырады. Бірақ, ең басты
технологияларды тиімді, жүйелі қолдану керек.
Инновациялық технология нәтижелері:
1. Түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі.
2. Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады.
3. Олардың әрқайсының деңгейін анықтай аласың.
4. Оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік аласың.
5. Оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді.
6. Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі
артады.
Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауда, өзіне деген кәсіби сенімін
қалыптастырады.
Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-
жақты маман болуы мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интелектуалды, кәсіптік
адамгершілік, рухани азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін
тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.Сабақта
қолданылатын әдістер көмегімен жеке тұлға ретінде жан-жақты дамыған, шығармашылық ойлау
білімі меңгеріледі.
Педагогикалық технологияларды талдау барысында мына факторлар ескерілуі керек:
• Алынып отырған технология сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай болуы;
• Тиімділігі, жүйелілігі және басқа жақтары.
ХХІ ғасырда барлық елдер бірінші орынға білім беру сапасын қояды. Оның өлшемі тек сауаттылық
деңгейімен (жазу, оқу, есептеу) өлшенбейді, оның критерийі – функцио-
налдық сауаттылық. Бұл проблемаларды шешуде жаңа технологиялардың атқаратын орны бөлек.
Болашақта өркениетті елдердің жоғары технологиясын меңгерту, дүниежүзілік білім кеңістігіне
шығу-бүгінгі күннің мақсаты.
Мұғалім жаңа идеяны қайдан іздейді?
1. біліктілігін арттыру институтына курсқа бару 2. интернет
3. семинар, пед. Оқулар 4. баспасөз 5. ақпарат құралдары
4
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
2. Осылардан алған жаңалықтарды яғни инновациялық технологияларды ұйымдастыру үшін
мұғалімдер баяндама жасап мектептің педагогикалық өндірістік жиналысында талқылайды.
3. Жаңалықтарды ашық сабақтар, мектепішілік педагогикалық оқулар, мектепішілік семинарлар
өткізу арқылы жүзеге асырады
Осындай мұғалімдерден шығармашылық топ құрылады.
Мұғалімдердің шығармашылық топ құрылымының мақсаты :
Инновациялық технологияларды өз тәжірбиелерінде пайдалануы бойынша мұғалімдерді топтастыру.
Міндеттері :
• Инновациялық технологияларды оқу, үйрену және қолдану.
• инновациялық технологияларды іс-тәжірибе жұмыстарында апробация жасау.
Инновациялық технологияларды меңгеру кезеңдері:
Оқу, теорияны оқып түсіну
Іс-тәжірибе арқылы шығармашылық топтарды жетістіктерін көрсетіп, тарату.
Жаңа педагогикалық технологиялардың қолдану іс-тәжірибелерін тарату
Ірге тасы сонау 1939 жылы қаланып,1987 жаңа ғимаратқа көшірілген №43 Ж. Махамбетов
атындағы қазақ орта мектебімізде осындай шығармашылық топ құрылған.
Жетекшісі: Музыка пәні мұғалімі Шәкірбаева Айжан
Қоғамды ақпараттандыру жағдайында білім беру қызметкерлерінің біліктілігін ақпараттық-
коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттердің біріне
айналып отыр. Қоғамды ақпараттандырудың негізгі бөлігі – білім беруді ақпараттандыру. Олай болса,
ол – білім беру қызметкерлерін ақпараттандыру саласы бойынша біліктілігін көтеру болып табылады.
Оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда мұғалімдердің біліктілігін арттыру ерекше
мәнге ие. Сондықтан білім беру қызметкерлерін ақпараттық-коммуникациялық технологияны өз
қызметтеріне пайдалануға жан-жақты дайындық курстарын ұйымдастыруымыз қажет.
Білім беруді ақпараттандыру жағдайында компьютер оқыту мен дидактикалық құралға айналып
отыр. Сондықтан қазіргі білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқу құралдарын мектеп
пәндерін оқытуға пайдалану өзекті мәселелердің бірі. Олай болса, бұл мәселелерді жан-жақты шешу
үшін мұғалімдердің біліктілігін көтерудің орны ерекше.
Аталған мәселені дамыту үшін білім беру қызметкерлері үшін түрлі тренинг курстар өткізілу
қажет. Ол үшін бір жүйеге келтірілген, әрі білім беру қызметкерлерінің категорияларының ерекшелігі
ескерілген оқу бағдарламалары жасақталуы қажет. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейкесті мәселелердің
біріне айналып отыр.
Биылғы жылы мектебімізде 30-дан астам мұғалім біліктілігін арттыру үшін курстан өтсе, газет-
журналдарға 100 пайыз жазылды. Семинар, пед.оқуларға қатысып мұғалімдер жаңа инновацияларды
ұйымдастырып , жаңалықтарды іздестіріп енгізуде.
Мектепте интернетпен жұмыс істеуге мұғалімдерге жақсы жағдай жасалған.
Себебі мектебімізде 1 мультимедиялық кабинет, 2 информатика кабинеті, 1 физика кабинеті, 1
химия кабинеті, 1 бастауыш кабинеті интернетке қосылып жұмыс жасайды. Skype , он-лайн
бағдарламасын пайдаланып ашық сабақтар өтуге, жай сабақтарды электронды оқулықпен өтуге
мүмкіндік зор.Мектепте 158 мұғалім болса соның барлығы дерлік компьютерлік сауаттандырылған
Өзім информатика пәнінен сабақ беретін болғандықтан ақпараттық-коммуникациялық
технологияны қолдану саласы бойынша көп жұмыс жүргіземін. Атап айтсақ мұғалімдер
сабақтарында aktivote -мен тест алады, АСУ бағдарламасымен жұмыс істейді.
Жас ұрпақты, елдің болашақ тұлғаларын білімді етіп дайындап шығару біздің міндетіміз. Ол
үшін өзіміздің жаңалыққа жаны құмар, заман талабына сай болу қажет. Aktivote құрылғысын
пайдаланып, тест алу бұл оқушыларды тез ойлауға , белсенділігін арттыруға үлкен көмек береді. 9
сынып оқушыларын МАБ-қа ,11 сынып оқушыларын ҰБТ-ға интерактивті тақтамен Aktivote тестік
құрылғыны пайдалану арқылы дайындаудамыз. Бұл құрылғының пайдасы өте зор. Оқушылардың
білімін 10-15 минутта тексеріп шығуға болады және қай сұраққа дұрыс және қате жауап бергендігі
туралы компьютер өзі есептеп көрсетеді. Тест соңында нәтижелерін жауап берген уақытымен қоса
есептеп аты-жөнімен көрсетеді. Біздің мектеп оқушылары 2008 жылдан бері осы құрылғымен жұмыс
5
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
жасап білімдерін сынауда.
Мектебімізде «Қашықтықтан оқыту» технологиясымен Ерекешова Зеріп-математика пәні
мұғалімі, Насибекова Гүлсінай –шет тілі пәні мұғалімі, Маденова Қарашаш-орыс тілі пәні мұғалімі
үйден оқитын оқушыларға сабақ өтсе , ал Шайықова Паридаш-биология пәні мұғалімі
республикалық « Жас биолог» сайысына «Сыр желегі» командасымен қатарынан үш жыл бойы
қатысып келеді . Нәтижесінде «Сыр желегі» командасы жүлделі II, III орындарды иеленсе,
жетекшісі Шайықова Паридаш «Белсенді автор» сертификатымен марапатталды.
Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқытушының негізгі міндеті білім алушының
келесі түрдегі орындалатын өз бетінше жұмысын басқару болып табылады: туындайтын
мәселелерді қарастыру; мақсат пен міндеттерді қою; білім, тәжірибелерді беру; ұйымдастыру
қызметі; білім алушылардың арасында өзара байланысты ұйымдастыру; оқу процесін бақылау.
Міне, осындай «Қашықтықтан білім алу» жүйесіне мұқтаж жандардың бірі-мүмкіндігі шектеулі
балалар. Яғни, үйден оқитын оқушылар. 9«Г»сыныбында Алтынбай Закира, Өтебалиев Жарасқан
атты оқушылар үйден оқиды. 2009жылдың желтоқсан айында облыстан қолдау көрсетіп
Алтынбай Закираға және Өтебалиев Жарасқанға ноутбук берді және интернет желісіне қосты.
Закираға және Жарасқанға ноутбук алған күннен бастап компьютер үйретіп сабақты «Қашықтықтан
оқыту» жүйесіне көштік
2010 жылы сәуір айында математика пәні мұғалімі Ерекешова Зеріптің « Мүмкіндігі шектеулі
балаларды қашықтықтан оқыту» атты баяндамасы «Қашықтықтан білім беру ---білімді болашаққа
батыл қадам» атты баяндамасы облыстық семинардың материалдар жинағының
52-ші бетінде жарияланып «Үздік баяндама жасағаны үшін» атты алғыс хатпен марапатталды,
Осы жылы қоғамдық теледидардың «Үйден оқыту» бағдарламасында үйден оқитын Өтебалиев
Жарасханмен қашықтықтан ( Онлайн желісінде «skype» бағдарламасымен ) сабақ өтті.
Математика пәні мұғалімі Палжанова Ұлжанай «Интерактивті тақта—математика
сабағында» атты мақаласы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарының
жинағына енген.
Облыстық педагогикалық оқу материалдар жинағына « Жаңа инновациялық технологияларды
жаратылыстану математика пәндерін оқытуда оқу тәрбие үрдісіне енгізудің педагогикалық
шаралары» атты мақаласы енген.
Қазіргі уақытта жаңа технологиялық құралдарды тек сабақ үрдісіне ғана емес, мектепішілік
бақылауға да қолдануға болады. Осы мақсатта біз өткен жылы мектебімізге бейне камераларын
орнаттық.. Олар төрт жерде орналасқан. Мектеп асханасына, мектептің сыртқы ауласына, бірінші
қабаттағы коридорға орналасқан. Бұл камераларды орнатудағы мақсатымыз: мектеп асханасындағы
ыстық тамақтың берілуін қадағалау, мектеп ауласындағы келген- кеткен адамдарды бақылап отыру,
жасөспірімдердің топтық төбелесінің алдын алу, коридордағы мұғалімдердің, оқушылардың жүріс-
тұрысын бақылау, мектеп мүліктерінің талан- таражға түспей сақталуын қадағалау. Ондағы түсірілген
бейнетаспалар 10 тәулік бойы сақталып тұрады.
«Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және азаматтық
құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби
шыңдауға бағытталған , білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын
енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу»деп,
білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделді. Бұл міндеттерді шешу үшін мұғалімнің
күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге жол ашады.
Сондықтан сабақ барысын жаңаша ұйымдастыру қажет. Оқушының пәнге деген
қызығушылығы мен ынтасын арттыру керек деп есептеймін. Әр сабаққа дайындық – мұғалімнің
ізденісінің нәтижесі, сабақты ыңғайына қарай түрлендіре түссе, әр сабақта жаңа әдіс-тәсілдерді
қолданса, сабақтың мазмұны ашылады. Өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді деп
есептеймін. «Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде
қолдануы керек», - деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай қазіргі заман талабына сай білім беру
мәселесі, сол қоғам мүддесіне сай болуы керек. Қазақтың болашағын тәрбиелеу мен білім беру ісінде
әлемдік стандартқа сәйкес білім беруді темірқазық қылып ұстансақ қателеспеспіз деп ойлаймын.
Қолданылған әдебиеттер: «Информатика негіздері» журналы
-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------
6
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
ӘБДІРАШ ЖАРАСҚАННЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӨМІРБАЯНЫ
Мұхашова Рита Жұмамұратқызы
Қызылорда қалалық білім бөлімі
әдістемелік кабинет меңгерушісі
«Жарасқан мына дүниеге ешқандай енжарлығы жоқ елгезектікпен, ылғи бір ашық, албырт, кейде
тіпті аңғырт халде отырып, бүтін бітімімен таңдана, іздене қарайтын. Сол кездің өзінде әуелден
аққу боп, сұңқар боп, тұлпар боп туған адам екені байқалатын» (З.Қабдолов)
Жарасқан Әбдірашовтың өмірі мен творчествосы туралы бүгінгі күнге дейін мақала немесе
зерттеулер жазылған жоқ. Күні кеше ғана арамыздан өткен маңдай алды ақынымыздың өмірбаянын
әлі жете ашып тани алған жоқпыз. Сондықтан да біз ақынның өмір жолына өз еңбектерімен бірге
кезінде газет бетін көрген мақалаларға, кейбір жиналған деректерге сүйене отырып, шолу жасауды
жөн көрдік.
Өткен ғасырдың, яғни ХХ ғасырдың орта шенінде дүниеге келген құдіретті талант иелерінің бірі
Жарасқан - өзін және өзі қатарлас қаламгерлерді “Соғыстан соң туғандар” санаған.
“Қысқаша өмірбаяным” өлеңінде
Іштің бе?
Кезінде іштім деймін,
Ал қазір мен
қалыпқа түстім деймін
Туған жерім?
Ст. Арал. Қызылорда,
Туған жылым ?
Соғыстан үш жыл кейін, - деген талантты ақын, танымал сыншы, шебер аудармашы, сықақшы,
белгілі балалар ақыны Әбдіраштың Жарасқаны 1948 жылы 7 наурызда Сырдың Арал теңізіне құяр
сағасында, Қызылорда облысы, Арал ауданы, Аманөткел кеңшарының Ақшатау бөлімшесінде
дүниеге келеді.
1954-60 жылдары Ақшатау бөлімшесіндегі бастауыш, Арал қаласындағы Т.Г. Шевченко атындағы
орта мектептерде оқыған.
1963 жылы “ Жақсы қылыш” жұмысшылар кенішіндегі орта мектептің тоғызыншы класын тәмамдап,
Қазалы ауылшаруашылық техникумының механика факультетіне оқуға түскен. Осы жылдары, яғни
14-15 жасар кезінде Арал аудандық “Толқын”, қазалы аудандық “Ленин жолы” газетіндегі
тырнақалды өлеңдері, мақала, әңгімесі жарияланып, сөз өнеріне деген қабілеті, дарыны таныла
бастаған.
1965 жылы Қазақстан Мемлекеттік Университетінің журналистика факультетіне оқуға түсіп, 1969
жылдан республикалық жастар газеті “Лениншіл жаста” меншікті тілші, әдебиет және өнер
бөлімінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып қызмет істеді.
Республикалық баспасөз бетінде алғашқы өлеңдері “Ақ бұлақтар”, “Қыз қуу”, “Сыған саздары”, 1965-
1966 жылдары (“Қазақ әдебиеті”, “Лениншіл жас”) жарық көрсе, алғашқы әдеби-сын мақалалары
“Өлең аудармасының мәселелері”, “Толқынды толқын қуалар” т.б, Р.Тогордан аудармасы “Өлеңдер”,
ақынның қуанышты алғашқы қадамы “Тұңғыш кітап” деп аталған өлеңдері “Жазушы” баспасында
1969 жылы жарық көрген “Найзағайлы жаз” атты 1971 жылы жарық көрген лирикалық өлеңдер
жинағы қазақтың бүкіл жыр сүйер қауымын елең еткізген әдеби өмірдегі ерекше оқиға болды.
Осы жылы ҚСРО жазушылары одағыныың мүшелігіне қабылданып, осынау үлкен шығармашылық
одақтың тарихындағы бұрын соңды ең жас мүшесі ретінде танылды.
1969-1970 жылдары “Қазақ әдебиеті” газетінің сын бөлімінде қызмет атқарып, 1970 жылы сол кезде
енді ғана ашылған “Жалын” альманағының поэзия және сын бөліміне меңгеруші болып ауысады. Осы
басылымда жұмыс істеген төрт жыл уақыт ішінде қаламгер өзінің адамзаттық, ақындық, сыншылық
белсенділігін жан-жақты көрсете білді. 1974-1985 жылдары “Жұлдыз” журналының поэзия, әдеби-
сын және библиография бөлімдерін басқарды, редакция алқасының мүшесі болды.
Қазақ поэзиясының көкейкесті мәселелері туралы өткір сын-мақалалар жазып, өрелі жылдарда
7
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
байсалды баяндамалар жасады. Сол еңбектері “Парасат пен Парыз” деген атпен әдеби-сын
мақалалары жинағында оқырман қолына жетті.
Ақынның 1975 жылы жарық көрген “Дала, сенің ұлыңмын” атты өлеңдер кітабы, ұлттық ой-сана
тұрғысындағы тосын да түбірлі тұжырым-толғамдар мен әдеби, Һәм әлеуметтік ортада түрлі дау-
дамай додасына түсіп, қилы-қилы пікірлер туғызады.
Туған дала,
Тұрдым-ау бүгін де атып!
Кешір!
Түсін!
Кінә жоқ ұлыңда түк!
Қалай ғана шыдаймын-
Көз алдымдда
Жатса бірреу шындықтты шырылддатып?!- деп, өлең өрнегі мен ой тапқырлығын қатар
ұстап, терең мағына, терең ой айтады.
“Жұлдыз” журналында жұмыс жасаған жылдары көптеген өлеңдері журнал бетінде жарық көреді.
“Отыздағы ой” (1976, “Жұлдыз”)
Сабыр!
Сабыр!
Озыпты озар ойым!
Сілкінейін!
Қайтадан сөз алайын! – десе
Өкініштің шымбайға батқаны –ай!
Торықпайын әйтсе де текке бұлай!
Тойланбаған жиырма бес – жиырма бес пе?
Ойланбаған отыздан сақта құдай!
Жарасқан осылай өзінің өлің жолына, өмір жолына, әрдайым үңіліп, өзіне-өзі есеп беріп, асықпай әр
ісіне сабырмен қарай білген ойлы ақын.
Бұл өлеңі “Соғыстан соң туғандар” (1977) жинағына енген.
1988 жылы “Сана соқпағы” атты өлеңдер жинағы үшін Қазақстан жазушылар одағының М.Жұмабаев
атындағы сыйлығының алғашқы лауреаты атанды.
“Қара жол” өлеңінде ақын:
Ауылда арманшыл бір бала болды,
Ол кейін алыс кетті
Қала көрді,
Сол бала сағынады кей уақытта,
Шаңдағы бұрқылдаған қара жолды.
Бұл жолдардан елден ерте шығып кеткен адамның кіндік қаны тамған жерге деген сағыныш сезім
ескендей әсер аласың.
Достарыңызбен бөлісу: |