8 бет
аќсу Өњірі
18 сәуір 2014 жыл
Ќ±рылтайшы:
Алматы облысыныњ єкімдігі.
Газет Ќазаќстан Республикасы мєдениет, жєне
аќпарат министрлігі ақпарат және мұрағат
комитетінде 2013 жылы
20 қыркүйек айында есепке ќойылды. Куєлік №
13883-Г
Газет ќазаќ тілінде аптасына бір рет шыѓады.
Біздіњ мекен-жАйымыз:
Аќсу ауданы,
жанс‰гіров ауылы,
желтоќсан кµшесі, №5,
Аудандыќ єкімшілік ‰йінде
Газет бетінде жарияланѓан маќалалар авторыныњ пікірі редакция
кµзќарасы болып табылмайды.
маќалалар µњделеді, авторѓа ќайтарылмайды.
жарнама, хабарландырулар, арнау, ќ±ттыќтаулардыњ мазм±ны
мен мєтініне жарнама беруші жауапты.
Тапсырыс 488
Таралымы 3509
Индекс: 65750
Офсеттік басылым кµлемі 2б.т.
Электрондыќ почта aksuoniri@mail.ru
Директор - бас редактор
Д‰йсен
М±хаметшар±лы
«медиахолдинг жетісу Аќпарат»
Акционерлік ќоѓамы
«АЌсу Өњірі» газеті»
Аќсу аудандыќ филиалы
меншік Иесі:
«медиахолдинг жетісу
Аќпарат» Акционерлік
ќоѓамы
Газет сарќан ауданы, сарќан ќаласы, Тєуелсіздік кµшесі №108 ‰й «Алатау баспа - полиграфиялыќ корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігініњ филиалы -
сарќан баспаханасында басылады. Тел: 8 (72839) 2 29 03
директор бас редактор - 2-11-61
жауапты хатшы - 2-12-90
Әдебиет жӘне өнер
Мұғалім мамандықтың төресі,
Ол адамға ақыл, - білім береді.
Мұғалім –ол тентектің жүрегі,
Ол – білім дүние тірегі.
Мұғалім балалық бағбаны,
Жақсы адам тәрбиелеу арманы.
Қырық бес минут әр сабақ,
Жүрекке зіл батпан салмағы.
Мұғалім –ақ, көңіл балажан,
Бала деп соғады жүрегі.
Баламен қуанып ренжіп.
Жақсы адам тәрбиелеу тілегі.
Мұғалім тәрбиеші тәлімгер,
Ерекше еңбеккер жақсы адам.
Құрметтеп, сыйлайды халқымыз,
Биікке қойып басқадан.
Қыдыр Исаұлы,
зейнеткер, ұстаз.
Есеболатов ауылы.
МұғаліМ
Ақсудың ақын қызы – Қанипасы,
Туған елге, қаншама жыр силады.
Сағынышын жырымен жеткізетін,
Сағынды Ақсу елі – жыр жорғасын!
19 шы Наурыздың жұлдызында-
Қараша үй, қарапайым отбасында,
Бұл дүниеге келген еді шақалақ.
О,Ғажап! – Тоныменен домалақ!
Таңырқапты жасы кіші келіндер,
Сыбырлапты бір – біріне еріндер.
Мұны көріп, көпті көрген –Әз ана,
Тонын тіліп, қолына паты шарана.
Тоңырқасып тұрғандарға әз – Ана,
«Бұл не тұрыс?» - балайық жақсы
ырымға.
«Бір қасиет қонары анық, бойына»-
Деген шақта шар етіпті шарана!
Қазақылық қайнаған қазанында,
Жақсы ырымға балаған қазағыма.
Сүйенбеске шара не, сүйенбеске,
Жазды уақыт жақсылықты көруге!
Бусанғанда қасиетті жер - ана,
Жаңарған да, жасарған жа кең дала.
Тойлап, бүгін еске алады – Ақсуым,
Жыр жорғасы – Қанипадай аққуын!
Несіпхан Нұрбекқызы.
Жансүгіров ауылы.
Ақсудың Ақын
қызы
Қоңырбайұлы Көтен Тәуіп бабамыздың Киелі Нар қобызы және әшекейлі Ай балтасын
және неше ғасыр бойы қиыншылықпен осы екі киелі нәрсені сақтауда Тәуіптің екінші ұрпағы
- Мамаш, Игісінкеліні Тұяқ Жүндібайқызының ерекше ерлігін айтпай кету мүмкін емес. Киелі
қара қобызды да, Айбалтаны да қасиеттеп көздің қарашығындай сақтай білген.Тұяқ апа-
мыз туралы айтсақ ол кісі 1897 жылы туған өмірден тоқсанға таяп 1984 жылы дүниеден өткен
Садырдың «кеже қара шаңырағы атанған», Шәржетім Садырдың кенжесі болғандықтан со-
лай аталады. Тұяқ әжеміз Шәржетімге он үш жасында келін болып түсіп, жетпіс төрт жыл
бойы Тәуіп бабамыздың киелі қобызын, ай балтасын екеуін көзден таса қылмай сақтай білген
кейуана жанға бүгінде қандай алғыс айтсақта аз емес. Тұяқ Жүндібайқызы алаштық арысы
Мұхамеджан Тынышбаевты екі рет көрген. Мұхаңды 1914 – жылы Суық жайлауында қонақ
Айбалта мен Нар қобыз
еткен, екінші рет 1926 жылы шілдесінде тағы бір рет көргендігін айтатын. Жарықтық Тәуіптің
Киелі қобызы да қара күн басынан айырылмай зобалаң мен зорлықты көп көрді. 1904 жылы
Лепсі губерниясындағы діни жиында дүрбелең болып, бір сынады. Ал, 1918 жылғы ақтық
соғысында екінші рет қатерге ұрынған соң, Қобыз сөйлеуін қойған. Сол кезде ай балтаны
жоғарыда айтқандай, суық қару деп 1918 жылы жайлауда ұрпақтарының қолынан тартып алып
кеткен. Ай балта Тұяқ апайдың сипаттауынша, ол күміс қарып жалатқан айшықты гүлі бар,
асыл болаттан жасалған, төрт қарыс сүйем сапты, сабының екі жағына бірдей екі елі жоғары
сыңар көз маржан орнатылған балта екен. Тұяққа анасы жүкті болғанда осы балтаны алғызып,
суын ішкен соң бір шай қайнатымда анамыз аман есен, жеңілдеп, босаныпты. «Содан осы
Балта мен Киелі Қобызға өзім ие болып, қастерлеп сақтадым» – деп айтушы еді жарықтық
Игісін келіні Тұяқ апамыз.
Бөбекбай сопы ұрпағы – Қағазбек ҚойшыБаев,
зейнеткер ұстаз.
Жаңалық ауылы.
суретерде: (сол жақта) Қоңырбайұлы Көтен Тәуіп Жалаңаш Әулиенің Тұлпардан
жүйрік қобызы. (1709 ж.ш. - 1810 ж). (оң жақта айбалта)
Өмірдің татсаңдағы балқаймағын,
Бауырым шырт түкіріп шалқаймағың.
Ойлағың сұлудан да әр тайғанын,
Ұмытпа көлеңке мен шуақ барын,
Бейкүнә адал жанды жылатпағың.
Өзгені өзің үшін құлатпағың,
Әділін уақыт айтар сынақ барын.
Бізге дейін не жайсаң серілер өткен,
Қыс сақылдап, оранған гүлге көктем.
Өмір үшін мисыздап түндер өткен,
Маңдайдан тер тамшылап күндер өткен.
Уақыт тарих айтады дала бәрін,
Мұз жастанып күн кешкен бабаларым.
Бала болып жүріп – ақ даналарым,
Бізге әкелген өмірдің жаңаларын.
Сонда да олар тасып мастанбаған,
Біз секілді құс жастық жастанбаған.
Өмірдің тар жол тайғақ кешуінен,
Көпір ғып адалдықты асқан бабам.
Кеткен жоқ әне солар ештеңе алып,
Кешегі көп іздердің өшкені анық.
Мастанып атақ даңққа шалқақтамай,
Ізгілік дәстүрлерді еске алалық.
Тұрсын шаНКеТов.
зейнеткер.
БАуырым
шАлқАймАғың
ЕтЕгіндЕ
тәукЕнің
Алтынарық, Ойтоған,
Тәуке тоған, Жартоған.
Ақсу, Сарқан, Қарасу,
Қиялыма ой табам.
Бүйен, Құйған, Ақешкі,
Бұларды да бойлағам.
Талдыбұлақ, Теректі,
Тамшыбұлақ сайраған.
Сатан, Сайжол, Қарасай,
Мөлдірбұлақ қайнаған.
Тінібек пен Қонақбай,
Сырға толы бай тоған.
Бестұма мен Бүркітті,
Қызылағаш, Белтоған.
Жалғызтұма, Қаным баз.
Тұмасы бай, бай далам.
Сулы жер, тау тамаша,
Қандай көркем айналам!
Малға жайлы кең далам,
Қысы – жазы, сай салам.
Мөлшерменен санасам,
Алпыс тоғыз бар тоған.
Бұлақтар мен өзеннен,
Керегінше нәр алған.
Етегінде Тәукенің,
Діңгегім тұр жайнаған.
Туған жер, су, тауында,
Мақтанбайды қай балаң?!
Хамен смағұлов.
Зейнеткер.
Діңгек ауылы.
Қазақ елі дүниенің асқарында,
Туың биік әлемнің аспанында.
Алаш Орда, Желтоқсанның батырлары,
Шейіт қылған ерлікпен жас жанын да.
Елбасы әділеттің туын ұстап,
Көпұлтты елді шашаусыз басқаруда.
Талай – талай қиындықтың бәрін жеңіп,
Жиырма екі жыл өткізді қасқағымда.
Қазақ елі «Жаса» деп айғай салсам,
Көтерілер жер астында жатқаның да.
Арыған қара нардың жүгін бөліп,
Қолтығынан сүйеп жүр басқаның да.
ұшан РашаТұлы.
Тарас ауылы.
қАзАқ Елі
ТҮЗеТУ! «Ақсу өңірі» газетінің 12.04.2014 жылғы №15 (9700)-дегі Ақсу ауданының
қаржы бөлімінің 4-ші беттегі хабарламасының 2 абзацындағы «2014 жылғы 29
сәуірде» деген сөздері «2014 жылғы 06мамырда» деп оқылсын.
ПоПРавКа!В извещении отдела финансов Аксуского района на 4-ой странице га-
зеты «Ақсу өңірі» №15 (9700) от 12.04.2014 года слова во 2-ом обзаце «29 апреля
2014 года» читать «06мая 2014 года».
Усенова Бакытгуль Макановнаның
атындағы
ЖК
«Бакытгуль»
жабылатындығы туралы хабарлайды.
Қапал ауылының тұрғыны Санат
Карипбаевтың атындағы «Аяулым» ШҚ
жабылатындығы туралы хабарлайды.
Сиқымов атындағы орта мектепті
2007 жылы бітірген Сыдыков Адиль-
жан Фазылжановичтың атындағы ОБ
№0116293 сериясы 0100615 аттестат
жоғалуына байланысты жарамсыз деп та-
нылсын.
Есеболатов атындағы орта мектебін
1996 жылы бітірген Мангереева Тогжан
Амангельдиевнаның атындағы берілген
ОАП 0395278 аттестат (куәлік) жоғалуына
байланысты жарамсыз деп танылсын.
Халамхан
Бердіжанның
атындағы
«Бердіжан» ЖК жабылатынын хабарлай-
ды.
Ақсу ауылындағы мектеп – интернатын
1988 жылы бітірген Досетова Нұргүлдің
атындағы аттестат (куәлік) жоғалуына
байланысты жарамсыз деп танылсын.
Темирбеков Карипжанның атындағы
«Дәурен» ШҚ жабылатыны туралы хабар-
лайды.
Купри
Құрманханның
атындағы
«Қалибек» ШҚ жабылатынын хабарлай-
ды.
Құттықтаймыз!
Көшкентал
ауылының
тұрғыны
асыл әже, аяулы анамыз Мәнду
Құрманғалиеваның 20 сәуір күні
туған күні. Бүгінде тоқсаннан төрт
жыл асқан апамыз әкеміз Кәріпбай
Құрманғалиевпен отбасын құрып 4 ұл, 4
қызды өмірге әкелді. Осы 8 баласыны-
ан 51 немере, 60 шөбере, 7 шөпшектер
сүйіп отыр. Балаларының барлығы да
ана жолын, әке жолын қуған, жоғары
білімді мамандар. Үлкендері қазір елге
еңбегі сіңген зейнеткер. Басқа бала-
лары мен немерелері
Республикамыздың әр
жерлерінде
беделді
қызметкерлер.
Ата – анамыз өмірінің
ыстық
та
қызық
шақтарын 1985 жылға
дейін бірге өткізіп,
әкемізден
айырған
сол жылдан бері ана-
мыз
барлыңымызға
жақсы тәлім – тәрбие
беріп келеді. Анамыз
ұрпақ жалғастырумен
бірге олардың оқу –
тәрбие жүмыстарымен
шұғылданған. Ал, ата-
мыз ауылдың қай
саласында
болма-
сын өзінің тиянақты,
жинақылығымен адал еңбек етіп, өмірін
осы Көшкенталға қиған адам.
Ал енді анамызды мерейлі, торқалы
тойымен шын жүректен құттықтап енді
шөберелерінен шөпшек, немене көретін
уақытқа жеткізсін дегіміз келеді.
Жан анамыз ұзақ болсын ғұмырың,
Жалғап жүрсіз ынтымақтың үзігін.
Шөбереден шөпшек сүйіп, әлі де,
Көре берші ұрпағыңның қызығын.
Ізгі тілекпен балалары, немере -
шөберелері.
есКе алУ
Жансүгір
ауылының
тұрғыны
Ибрагимов Елдос Орынбасарұлы
бар болғанда 15 сәуір күні 28 жасқа то-
лар еді. Жүректі сыздатқан 12 өтіпті -
ау. Топырағың торқа болсын Елдосым.
Амал қанша еске аламыз сағына деп
төмендегі өлең жолдарын арнаймыз.
Дүние шіркін, жалған - ай,
Жұлдыздай ағып өттің - ау.
Елес боп бейнең қалған - ай,
Қайғы - мұң тастап кеттің - ау.
Еңіреп бауыр, ата - анаң,
Өткізді көп жыл сенсіз де.
Қыршыннан кеткен жан ботам,
Жатарсың қалай елсізде.
Еске алушылар: Ата - анасы Омаш -
Дария, бауырлары, жеңгелері және
қарындасы Назерке.
Крыкбаев Серикжан Назымбековичтің
атындағы "Назымбек" ШҚ жабылатыны тура-
лы хабарлайды.
Қуанышбаев Бауыржан Даулетбековичтің
атындағы АЗС - ИП "Куанышбаев"
жабылатындығы туралы хабарлайды.