------------------------------------------------------- ----«Республикалық 45minut.kz» газеті – 12 наурыз 2014 ж | № 09-10 (85-86)
Шығыс Қазақстан облысы
Тарбағатай ауданы
Тұғыл ауылы
Т.Рысқұлов атындағы орта мектептің
Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
Амренова Бақыт Ахметовна
Ақпаратттық технологияны пайдалану арқылы
оқушылардың білім сапасын арттыру.
Бүгінгі күні оқытуды ақпараттану үрдісіне ерекше
көңіл бөлінуде.
Оқыту үрдісін ақпараттандыру – қазіргі қоғамды
ақпаратандыру үрдісінің бағыты болып табылады . Ал
барлық арнайы ақпараттық-техникалық құралдарды
\эвм,аудио,бейнефильм/ қолданатын технологияларды
тәжірибеде ақпараттық технологиялар деп атайды.
Компьютер білім беруде кеңінен қолданыла
бастады.Заман талабына сай қазіргі уақытта сабақ
үрдісіне
«оқытудың жаңа ақпараттық
технологияларын» пайдалана отырып, жаңаша
мазмұнда сабақ жүргізуді бастап, жалғасын күнделікті
өмірден көрудеміз.
Қазіргі компьютерлер мен телекоммуникацияның
дамуына байланысты оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері
көптеп шығуда.
Оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары –
ақпаратты оқушыға компьютер арқылы әзірлеу мен
тарату үрдісі болып саналады.
Алдымен жаңа ақпараттық технологияға көшпей
тұрып, оқу - тәрбие үрдісіне білім беруді
ақпараттандыру мүмкін емес. Білім берудегі жаңа
ақпараттық технология дегеніміз – оқу мен тәрбие
материалдарын үйретуге арналған есептеуіш техника
құралдарының оқу үрдісіндегі рөлі мен орны,
мұғалімдер мен оқушыларды еңбегін жеңілдету,
оларды пайдаланудың түрі мен әдістері туралы
ғылыми білімнің жүйесі екені белгілі.
Оқытудағы жаңа ақпараттық технология аса қажетті
педагогикалық мәселелердің шешімін табуға, ой
еңбегін арттыруға, оқу үрдісін тиімді басқаруға
негізделген.
Жаңа ақпараттық технологиялық мүмкіндіктерін
пайдаланудың педагогикалық сәйкестігін ескеріп,
оқыту үрдісіне еңгізу сабақты ұйымдастырудың және
оқыту әдістерінің өзгеруіне әкеледі. Сондықтан жаңа
ақпараттық технологиялар келесі үш нұсқа түрінде
асырылады:
- «тереңдетілген» технология ретінде /компьютерлік
оқытуды жекелеген тақырып немесе тарау бойынша
қолдану/;
- негізгі технология ретінде / белгілі бір бөлімді
оқығанда қолданылатын технологиялардың ең
маңызды ретінде қолдану/;
- монотехнология ретінде / барлық оқыту, оқытудың
басқару үрдісі, яғни, диагностика, мониторинг
компьютерді қолдануға негізделсе/.
Жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудағы
негізгі мақсаттары:
1.
ақпаратпен жұмыс жасау іскерлігін
қалыптастыру, коммуникативтік қабілетін дамыту;
2.
«ақпараттық қоғамның » жеке тұлғасын
дайындау;
3.
берілетін оқу материалының көлемін оқушы
меңгере алатын деңгейге дейін өсіру;
4.
зерттеу іскерлігін, тиімді шешім қабылдай
білу іскерлігін қалыптастыру.
Компьютер арқылы жұмыс істегенде, оқу материалын
беру мүмкіндігі ердәуір жеңілдеп,кеңейеді. Түсті
графиканы, мультимедианы, бейнетехниканың барлық
мүмкіндіктерін
пайдалану оқушыға ерекше
психологиялық әсер етеді. Сонымен қатар, компьютер
оқу мотивін күшейтуге мүмкіндігін береді.
Компьютермен жұмыс жасай отырып, оқушы кез-
келген тапсырманы аяғына дейін орындау керек.
Себебі, оған қажетті көмек көрсетіліп отырады. Егер
тиімді оқытатын жүйелер пайдаланылса, оған
тапсырманың шешімі де түсіндіріліп, тиімді және
тиімсіз жүрістер талқыланады. Қарастырылып
отырған мәселенің тәрбиелік маңызын аша отырып,
өзінің ақыл – ойын пайдалануға, кез-келген сұрақ
қойып, кез-келген шешім жолын айтып, нашар баға
алудан қорықпауға мүмкіндіктер беретін компьютер
оқуға деген дұрыс көзқарас қарастырылады.
Оқушылар белсенді түрде оқу үрдісіне тартылады.
Дәстүрлі оқыту жүйесінің жетпейтін жағы – барлық
оқушыларды оқу үрдісіне белсенділік танытуын
қамтамасыз етпеуі. Мысалы, жаңа материалды
түсіндіру кезінде көптеген оқушылар барлық күш-
жігерін жұмсап жұмыс жасамайды. Себебі,
біреулеріне жаңа материал түсініксіз, екіншісіне, бұл
кезде басқа нәрсе ойлап отырады, т.б.Ал егер жаңа
берілетін сабақ ақпараттандырылған технология
бойынша берілсе, оқушылардың дақабылдауыәсерлі
болады.
Орындалатын тапсырмалардың түрлері де көбейеді.
Компьютер оқу-үрдісінің, басқарудың икемділігін
қамтамасыз ете отырып, оқушылардың іс-әрекетінің
бақылаудың сапасын өзгертеді.
Компьютерді мектепте, білім беру үрдісінде,
пайдалану бірқатар пәндердің оқытылуын жаңаша
---1 ---
12 наурыз 2014 ж | № 09-10 (85-86)
ИНДЕКС: 64470
------------------------------------------------------- ----«Республикалық 45minut.kz» газеті – 12 наурыз 2014 ж | № 09-10 (85-86)
құруға мүмкіндік береді.
Жалпы білім жүйесі қоғамдық дамумен бірге дамып,
онымен бірге үнемі өзгеріп отырады. Оқытудың
жаңа технологияларын таңдаған мұғалім
оқушылардың жалпы білігі жөнінде нені білуі керек?
Оқыту - жалпы табиғаты және оның ұйымдастырушы
ерекшелігі жағынан алып қарағанда күрделі үрдіс.
Осы оқытумен тығыз байланыста жүретін маңызды
үрдістің бірі-білік, ол оқушылардың білімді жеңіл
меңгеруін, сонымен қоса оны өз бетінше ала білуін
қамтамасыз ететін оқу еңбегінің тәсілі.
Оқу білігінің екі түрі бар – жалпы оқу білігі, кез-
келген пәнді оқытуда қажет болса, арнайы білік жеке
пәнді оқытуда қажет. Жалпы, оқу білігі олар – оқу
ұйымдастушылық, оқу- интеллектуалдық, оқу-
ақпараттық, оқу-коммуникативтік болып төртке
бөлінеді. Оқу ақпараттық білік. Білімсіз кез-келген
саланы меңгеру білімді толықтыра түсіретін әр түрлі
ақпарат көздерін пайдалана отырып, тікелей
байланысты екені дауыссыз. Бұл білікке жататындар:
- компьтерлік ақпарат көздерін пайдалана білу;
5.
сөздік энциклопедясы, комментарийлермен
/түсіндірме/ жұмыс жүргізе отырып білу;
6.
картотека құрастыра білу;
7.
баспа жалпыға бірдей ақпарат – техникалық
оқыту құралдарын пайдалана білу;
/үнтаспа теледидар компьютер т.б/
8.
жоспар, тезис, конспект, реферат, аннотация
құра білу.
Оқыту әдістерін жетілдіру тікелей білім беру
жүйесіне де тұтастай ақпарат технологиясын
дамытуға да үнемі үлесін қосты. Жалпы педагогика
жеке әдістемелер және компьютердің түйісуінде
жаңа бағыт: оқытудың ақпараттық технологиялары
дүниеге келді. Оқыту үрдісінде компьютерді
қолдануға негізделген жеке әдістемелер оқу
мақсаттары мен жағдайларына байланысты қолдану
қажет. Ақпараттық технологияны пайдаланудың
негізгі артықшылығы мынадай:
1. Оқушылардың тақырып шеңберінде немесе
белгілі бір уақыт аралығында айтылуы тиіс
.мәліметтер көлемін ұлғайтады.
2. Білімге бір-бірімен үлкен ара қашықтықта
орналасқан әр түрлі оқу орнында отырып, қол
жеткізуге болады.
3. Оқыту жүйесінің көп деңгейлі жетілдірілуі
олардың сапасын арттырады.
4. Компьютердің көмегімен оқушы өз бетінше,
сондай-ақ өзге оқушылардың топтасып бірге жұмыс
істеуге мүмкіндік алады.
«Компьютер көрнекі – бейнелі
ойлауды»,
қозғалыстық және ауызша қарым – қатынас
машықтарын, мақсаты әрекеттерді және
әлеуметтенуді дамыту
үшін мүмкіндіктерін
түғызатыны туралы дәлелдер бар деп көрсетті
Нокс Дж.
Компьютерді қолдануда және оқытуда екі негізгі
бағыт бар:
Оқу үрдісіндегі жаттығуларды арнайы
жасалған ортада орындау.
Оқытудың басты қыры- ойлау үрдісінің өзі.
Компьютерді оқыту ісіне пайдалану оқытудың
мазмұны мен тәсіліне жан – жақты ықпал етеді.
Оқушылар ақпараттық технологиялар негізінде
барлық пәндерден жаңа білімді өздігінен меңгереді.
Ақпараттық технологияларды пайдалану, сондай – ақ
компьютер оқыту бағдарламаларын құру мен
қолдануды білдіреді.
Ол бағдарламаларда дәстүрлі оқытудан ерекше
педагогикалық – үйретушілік логика жүзеге асады,
мектептегі сабақтар жаңаша ұйымдастырылып,
мұғалімнің қызметі мен рөлі өзгереді.
Қазіргі таңдағы қазақ тілі пәнінің мұғалімі
технологиялық картадағы икемділіктердің иегері ,
яғни – пәнге деген икемділігі немесе мұғалім пән
иесі, ұйымдастырушылық икемділігі немесе мұғалім
– ұйымдастырушының икемділігі немесе мұғалім –
зерттеуші , құрамдастырушылық икемділігі немесе
мұғалім –сценарист, адаптациялық /қалыптастыру/
икемділігі немесе
мұғалім – режиссер,
коммуникативтік /қарым-қатынастық/ білігі немесе
мұғалім – тіл партнері, мотивациялық /ынта/ білігі
немесе мұғалім – эксперт , ақпараттаушылық
икемділік немесе мұғалім – программист бола отырып,
оқушылардың жалпы біліктерін қалыптастыру
негізінде сабақтарын компьютерлік сынып –
бөлмелерінде жүйелі жүргізуі қажет, өйткені мұндай
ақпараттық технологияны пайдалану оқушының
білім сапасын арттыруымен қоса, сабаққа деген
қызығушылығын да арттыра түседі. Электрондық –
есептеуіш машинаға оқыту әдістемелік материалдар
кешенін пәрменді енгізе отырып, оны оңтайлы
пайдалана білуі керек.
Тіл үйренушіге қазақ тілінің дыбыстық жүйесін
оқыту барысында негізінен үйренущілердің ана
тілінде жоқ дыбыстарға көп көңіл аударылады.
Қазақ тілінің көп дауысты дыбыстар жүйесінің А,
О, Е, ден басқа Ө, Ұ, Ү, Ы, І, Ә дыбыстары тіл
үйренушілер үшін таңбалануы жағынан бастап,
дыбысталуы жағынан бастап болсын жат дыбыстар.
Сол себепті де тіл үйрету кезінде компьютерді
пайдалана отырып, осы дыбыстарды дұрыс таңбалап,
дұрыс айтуға ерекше көңіл бөлінеді. Үйрету
барысында дыбыстар жеке лингвистикалық сипаттама
беріп алу артық емес. Мысалы, Ә - дыбысы
дауысты, жасау орнына қарай жіңішке / тіл алды/
дауыстың қатысына қарай созылыңқы, еріннің
қатысына қарай езулік – дегендей, сол әріптің өзіне
тән өзіндік анықтамасы бар.
Компьютерге қосалқы аудиотехниканы пайдалану
---2 ---
------------------------------------------------------- ----«Республикалық 45minut.kz» газеті – 12 наурыз 2014 ж | № 09-10 (85-86)
қажет. Үйретілген дыбыстың тіл жүйесіндегі орнын
білуге және есте сақтауға бағытталған
жаттығулардың оқушы үшін берері көп. Сол
жаттығуларды
программист
-оқытушы
компьютердің «жадында» енгізуі қажет.
Мысалы: Жаттығулар.
- оқушының білетін сандарын бірден онға дейін
жуан – жіңішкелігіне қарай жазып шығу.
1. Бес 2.Бір
алты екі
тоғыз үш
сегіз төрт т.б.
- Шағын мәтінді жуан сөздерді бір бағанға , жіңішке
сөздерді екінші бағанға тізіп жазып шығу.
Монитордағы мәтіннен жуан сөздерді компьютермен
теру, тапсырманы орындау.
Жаз айында шілдеде
Қатты ысиды күн неге?
Ыстық күнде шөлдейміз
Шөл басуды жөн дейміз.
Шалап, қатық, айран бар,
Ішіп алып ойнаңдар.
Жуан сөздерді бір бағанға, жіңішке сөздерді бір
бағанға орналастыру.
Компьютердің көмегімен осындай жаттығулар,
дыбыстармен танысу кезінде ғана емес ,одан да
күрделі құрылымдарды өткен кезде де жалғаса
бермек. Әсіресе, жұрнақтар мен жалғауларды
өткенде оқушылардың жуан-жіңішкеге бөлінетін
дауыстыларды қалай меңгергендігі байқалды.
Компьютердің –ақпараттаушы құрал ретінде
ерекшелігі өткен материалды оның «жадынан» іздеп
тауып, қайталап жіберуге, салыстыруға болады.
Қазақ тілі сабағында көбірек қолданылатын , әрі
компьютермен жұмыс істеуді нығайтатын әрекет –
жазбаша жаттығу жұмыстары.
Мысалы: «Жиырмасыншы ғасыр – ақпараттық
компьютер ғасыры» атты жарыс сабағы.
Сабақтың мақсаты: 1. Компьютерлік ақпараттық
материалдарды түсіндіріп қалыптастыру және оны
күнделікті өмірде пайдалана білуге үйрету.
2.Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру,
өзара көмек көрсету , баулу.
3.Сайысқа қатыстыра отырып, ойлау қабілетін
дамыту, шығармашылық
жұмыс істеуге ,
тапсырмаларды тиянақты орындауға үйрету.
Сабақ көрнекілігіне: плакаттар, кеспе қағаздар ,
тестер.
Сабақ барысы: 1.Тест – 10 мин
2. Сауалнамалық сұрақ – 6 мин
Озық жүйрік – 1 мин
Ойнайық та ойлайық – 5 мин
Оқушылардың шығармашылық жұмысы – 5
мин
Діл «шешендік» - 3 мин
Жарыс сабақ екі топтан тұрады: Бірінші топ –
«Ақпараттар» тобы, екінші топ – «Компьютер» тобы.
Әр кезеңнің ережелері мен сұрақтары төмендегідей
құралады:
5.
Тест сұрақтар - /қазақ тілі пәні бойынша/
6.
Сауалнама сұрақ , екі топ басшылары шығып,
қоржыннан асық алып, сол асықтағы сұраққа жауап
береді/ сұрақтар хабар, компьютер, калькулятор,
төңірегінде болады./
7.
«Ойнайық та ойлайық» - бұл ойынның шарты
мынадай: «Ақпарат» тобының екі оқушы,
«Компьютер» тобының екі оқушы шығады.
Сонымен төрт оқушы шығады. Олар ойын үстінде
балық аулайды. Әр балықтың артында логикалық
сұрақ пен жұмбақ бар, соған жауап береді. / сұрақтар
тіл және әдебиет пәніне байланысты, жауаптарын
суретпен көрсетеді, бейнесін табады/.
8.
Оқушылардың
шығармашылық
жұмыстары. /Бұл кезеңде оқушылар өздерінің
баяндамаларын оқып, суреттерін көрсетеді/.
9.
Діл/шешендік/ 1. Жиырма бесінші ғасыр
оқушыларына «компьютер» керек.
2. Жиырма бірінші ғасырға «компьютер» керек емес.
Сабақ қорытындысы «Ақпарат» тобы мен
«Компьютер» тобының қайсысы жеңгенін жинаған
ұпайы санап, қоррытынды шығарады.
Әдіскер профессор А.В.Текучев «Тілді оқытуда
жаттғуларды қолданбай білім берілетін болса, ол
өмірден, практикадан, нақтылы тілдік материалдан
қол үзген құрғақ теориялар болып шыққан болар еді»
дейді.
Қазіргі таңдағы мұғалім пән иесі ғана болып
қалмай, әрі режиссер, әрі специалист, әрі зерттеуші
болып табылуы керек десек те, соның ішінде заман
талабына сай компьютерлік сауаттылығына, яғни
мұғалім – программист дегенге тоқталсақ та тіл
маманына қатысы көп.
Мысалы: «Менің отбасым» деген тараудан әр түрлі
материалдар кешенін құрастыруға болады.
Отбасындағы баланың ролі.
Мақсаты: Баланың іскерлігін, әдемілікті ажырата
білуге, оның ерекшелігін анықтау.
Сұрақтар: - Әке –шешең өзіңе қанша уақытын
бөледі?
9.
Сен бос уақытынды қалай өткізіп, немен
шұғылданасың?
10.
Компьютер, теледидармен қанша уақыт
айналысасың?
11.
Компьтер көресің бе?
Санамақ./ойын/ Бір дегенім – АТАМ
Екі дегенім - ӘЖЕМ
Дайындайды көже
ӘКЕМ болар үшінші
Соны дұрыс түсінші
Төртінші ШЕШЕ болады
---3 ---
------------------------------------------------------- ----«Республикалық 45minut.kz» газеті – 12 наурыз 2014 ж | № 09-10 (85-86)
Үйіңе көңіл толады
Жанұяның тәуірі
Бесінші мүше БАУЫРЫМ
Алтыншысы мына МЕН
Айтқаныма сен.
Жаңылтпаш: Жанұяда көп жан ба.
Көп жан бар жер –ЖАНҰЯ
Сөздік: СЕМЬЯ- жанұя, отбасы, әке, шеше, бауыр,
қарындас.
Дидактикалық ойын: «Менің табиғатым»
Мақсаты: Қажетті сөздерді табу. Сөздерге қатысты
тіркестерді таба білу.
Ұсынылатын сөздер: көл, өзен, теңіз, орман, су, тау.
КӨЛ – үлкен, теңіз –терең, дала – кең, су-лай ... т.б
Жұмбақтар: 1. Қар ақырын ериді, 2. Қар басады
қораны,
Су алады жер үйді. Соғады суық
бораны.
Дидактикалық ойындар: «Үй артында кім бар?»
Тілдік оқытуда компьютер арқылы жүргізілетін
жазба жұмыстары арқылы оқушылардың жазылым
әрекеттерін қалыптастырады. Демек, қазақ тілі
маманының өз пәнін оқытуда жүйелі жүргізілетін
жазба жұмыстары оқушылардың әрі теориялық
білімін тереңдетеді, әрі шығармашылық әрекеттерін
дамытудағы негізгі құралдардың бірі болып
табылады. Қазіргі мұғалімнің негізгі мақсаты
арнайы әдіс – тәсілдер, техникалық, компьютерлік
құралдар арқылы тұлғаны дамыту. Сабаққа жан-
жақты
жаңаша әдіс-тәсіодерді көптеп
пайдаланып,жаңа технология негізінде қызықтыра
өткізсе, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы
да, білімге деген құштарлығы да дамып, белсенділік
танытулары арта түседі. Білім сапасын арттыруда
мұғалімге керегі оқушының берген тапсырманы дұрыс
қабылдауы .Түсіну арқылы оқушының еркін түрде
жұмыс жасауы.Мұғалім мен оқушы арасында белсенді
жұмыс түрі жүрсе, оқушының өзі білімінің сапасын
көтеруіне де өзі жағдай жасайды.
Шығыс Қазақстан облысы
Тарбағатай ауданы,Тұғыл ауылы
Т.Рысқұлов атындағы орта мектептің
Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
Амренова Бақыт Ахметовна
Сабақтың тақырыбы: Жай сөйлемдерден өткенді
қайталау.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: жай сөйлемдердің түрлерін ажырата
білу; оқушылардың алған білімдерін пысықтау
жұмыстары арқылы тексеру;
2. Дамытушылық: топпен жұмыс түрін жандандыру;
бала бойындағы ойды бүкпесіз айта білу;
3. Тәрбиелік: Оқушы белсенділігін; қызығушылығын
жұмыс істеу қабілетін арттыру;
Сабақтың түрі: қайталау сабағы.
Сабақтың типі: сұрақ – жауап, әр технологияның
элементтерін пайлану;
Сабақтың әдіс – тәссілдері: сұрақ жауап; тест; талдау;
Сабақтың өту барысы:
1.
Ұйымдастыру кезеңі:
2.
Үй тапсырмасын тексеру.
3.
«Ой қозғау» бағыты.
«Қасиетті қазақ тілі.» тақырыбына арнап өзіндік төрт
шумақты өлең жолын құрастырып жіберу.Оқушы
ойының әр түрлілігіне қарамай, еркіндікберу.
Бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын мына бір
сұраққа жауап берейік.
-Абай кім?
-Абайды бүкіл әлемге танытқан кім?
-Қазақстан үшін Әуезов кім?
Олай болса, «Кімде-кім өзінің ана тілін сыйламаса,
бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға
болмайды» деген М.Әуезовтың мына бір сөзін арқау
етіп топпен жұмысымызды бастайық.
І.Сабақтың тақырыбы. Сабақтың мақсатымен
таныстыру.
1 – топ «Нұрлан»
2 – топ «Әйгерім»
3 – топ «Бахар»
І.Тапсырма Нені білеміз? «Жай сөйлемнің түрлері»
- атты сөзжұмбақты шешу.
1. Жай сөйлем құрылысына қарай нешеге бөлінеді?
2. Жақты сөйлем мен жақсыз сөйлем дегеніміз не?
3. Толымды және толымсыз сөйлемдер деп нені
айтамыз?
«Топтастыру» әдісі:
I- топ «Жай сөйлемнің құрылысына қарай бөлінуі»
ІІ – топ «Толымды және толымсыз сөйлемнің
айырмашылығын, ұқсастығын» «Венн» диаграммасы
арқылы көрсету.
ІІІ – топ «Атаулы сөзге толық сипаттама жасау»
1-Тапсырма. Карточкалармен жұмыс.
1 – топ. Тіпті ересек адамша сөйлеп қапты (толық
талдау)
2 – топ.Кім айыпты екеніне әлі көзім жете қойған
жоқ. (фразалық тіркес)
3 – топ. Көкшетау маңы. Көлшүмектің маңы.
2– Тапсырма. «Талдау – табыс кілті» (Әр топтан бір
оқушы шығып, тақтаға сөйлем талдайды).
1 – топқа. Жүйесін тауып айтылған сөз жүрекке
жетіп, жүйкені босатады. (толымды, жақты, жай)
СӨЗ – бір буын, бітеу.
С- дауыссыз дыбыс, қатаң.
Ө -дауысты, жыңышке, еріндік, ашық.
З – дауысты, жіңішке, еріндік, ашық.
---4 ---
------------------------------------------------------- ----«Республикалық 45minut.kz» газеті – 12 наурыз 2014 ж | № 09-10 (85-86)
2 – топ. Ана тілі - мәдениеттің алғы шарты, дұрыс
сөйлеу білу. (жақты, толымды, жайылма).
ШАРТЫ – 2 буын ШАР –ТЫ, ШАР – бітеу, ТЫ –ашық
Ш-дауыссыз, қатаң.
А-дауысты, ашық, жуан, езулік.
Р-дауыссыз , үнді.
Т-дауыссыз, қатаң.
Ы-дауысты, жуан, езулі, қысаң.
3 –топ. Атаға қарап ұл өсер
Анаға қарап қыз өсер. (жақты, толымды, жай).
ӨСЕР – 2 буын Ө - СЕР, Ө -ашық, СЕР-бітеу.
Ө -дауысты, жіңішке еріндік ашық.
С – дауыссыз, қатаң
Е – дауысты, ашық, жіңішке езулік.
Р – дауыссыз, үнді.
IV – тапсырма «Кітаппен жұмыс» (Ауызша)
88 – жаттығу.
1 – топ. Мәтінді оқу. Мазмұндау. (Оқушылық деңгей)
2 – топ.Әңгіме құра. (Алгоритмдік деңгей).
3 – топ. Бейнелі сөз, фразиологизмді табу.
(Ізденімділік деңгей)
V – Тапсырма. «Ой қозғау»
Арқауды (эпиграфты) еске ала отырып, шағын әңгіме
жазу.
1 – топ «Тіл – алып күш»
2 – топ «Тіл – асыл қазына»
3 – топ «Ана тілім айбыным»
VІ – Тапсырма «Суретпен жұмыс»
«Ойлан- ойлан ойландыр»(әр топ өз топтастыру әдісі
бойынша суретте қорытындылай ассоциация
жасайды).
VІІ.Үйге тапсырма беру. 91- жаттығу. 2 абзац.
VІІІ.Бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |