ЛИТЕРАТУРА:
1.
Хаджисулейман Г. 70 лет депортации курдов в Казахстан / Жийана Курд: газета
ассоциации курдов РК «Барбанг», №2 (123) 02.2008. – С.4.
2.
Надиров Н.К. Мы, курды-казахстанцы / Монография. – А.: Print-S, 2003. – 556 с.
3.
Бугай Н. Иосиф Сталин – Лаврентию Берии: «Их надо депортировать…»: документы,
факты, комментарии / Cборник статей. – М.: Дружба народов, 1992. – 288 с.
4.
Хаджисулейман Г. Мы, курды-казахстанцы / Жийана Курд: газета ассоциации курдов
РК «Барбанг», №8 (92) 08.2004. – С.4.
5.
Хамкеш Г. Каскабулак строили сообща / Жийана Курд: газета ассоциации курдов РК
«Барбанг», №3-4 (105), март-апрель, 2006. – С.4.
6.
Гасанова М. Славный путь длиною в 80 лет; Г.Хамкеш. Мы все в ответе за будущее /
Жийана Курд: газета ассоциации курдов РК «Барбанг», №9 (93) сентябрь-октябрь, 2004. –
С.4.
7.
«Курды Казахстана вчера и сегодня» Г.Хаджисулейман // Жийана Курд: газета
ассоциации курдов РК «Барбанг», №7 (91) 07.2004. – С.4.
8.
Хаджисулейман Г. Дорога жизни / Очерк. – Алматы: Euro Print, 2009. – 141 с.
9.
Вопросы методологии казахстанской модели межэтнического единства и согласия //
Материалы III гор. науч.-практической конференции НЭГ АНК г. – Алматы: ИФПР
КН МОН РК, 2015. – 141с.
89
10.
Жұлдызы жарқыраған Жетісу. Қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі көркем суретті
басылым. –Алматы, 2008. – 304 б.
11.
Assembly of People of Kazakhstan in the history of the country / Committee on Language
Development and SPW of the MCS RK, Institute of Social and Political Studies. – Almaty:
KAZakparat, 2015. – p.236.
12.
Современная литература народа Казахстана. Коллективная монография / под ред. С.В.
Ананьевой. –Алматы: Evo Press, 2014. –488 с.
Алпысбаева Н.С.,
І. Жансүгіров атындағы Жетісу
мемлекеттік университеті,
Талдықорған қ., Қазақстан
БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІ АРҚЫЛЫ СТУДЕНТТЕРГЕ ПАТРИОТТЫҚ
ТӘРБИЕ БЕРУ
Аннотация: В данной статье рассматривается формирование у студентов
патриотизма путем детской литературы.
Annotation:
This article discusses the formation of students' patriotism through
children's literature.
Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіз мемлекет екендігін бүкіл әлемге
дәлелдеді. Енді басты міндет – осы мемлекеттің өркендеп өсуі, халықтың әлеуметтік,
экономикалық жағдайын көтеру. Қазақстанды – Отаным деп таныған әрбір азаматтың
осыған өз мүмкіндігінше үлес қосуы тиіс. Мұның басты шарттарының идеяларын Елбасы
Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан - 2030» Жолдауында «Біздің балаларымыз бен
немерелеріміз бабаларының игі дәстүрін сақтай отырып қазіргі заманғы нарықтық
экономика өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары
болады» деп нақты көрсеткен болатын [1,77б.].
Отанымыз аумағының бүтіндігін сақтау, халықтың тыныштығын алатын
лаңкестерге қарсы ұйымшылдықпен күрес, мемлекеттерге қауіп төндіретін кез келген
сыртқы және ішкі күштерге қарсы тұрудың өзі жастарды отаншылдық рухта тәрбиелеу
міндетін жүктейді.
Қазіргі уақытта қоғамның дамуына байланысты студенттерге білім беру, оларды
тәрбиелеу және дамыту міндеттері барған сайын күрделеніп бара жатыр. Басты
міндеттердің бірі: жоғары оқу орнын бітірген студент өмірге белсене араласа отырып,
ғылымның шапшаң дамуына ілесуі, ашылған жаңалықтарды өздігінше оқып меңгеру,
оларды өзі қызмет ететін салаларына қатыстыларын іс жүзіне асыра білуі, өмірде
қолдана алуы. Сонымен қатар, студенттер жоғары мектеп қабырғасында жүріп-ақ әлемдік
құрылым қалыптасуының негізгі ғылыми ұстанымдарын, ойлаудың әдіс-тәсілдерін, Отан
деген сүйіспеншілік, патриотизм, танымның заңдылықтарын игеруі тиіс.
Отанына, еліне, жеріне деген сүйіспеншілік адамға тілі арқылы беріледі. Ал тілдің
құдіретті ана сүтімен бойға сіңіп, тәрбиеден бастау алатыны анық. Сондықтан да болар,
Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІІ сессиясында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Өз
Отанының патриоты болу – бұл Қазақстанды өз жүрегіне ұялату. Патриотизммен тығыз
байланысты мемлекеттік маңызды мәселе – мемлекеттік тіл мәселесі. Мемелекеттік тіл –
бұл Отан бастау алатын Ту, Елтаңба, Әнұран секілді дәл сондай нышан және ол елдің
барша азаматтарын біріктіруі тиіс» деп мемлекеттік тілдің мемлекетке деген
сүйіспеншілігінің басты факторларының бірі екенін нақтылады [2].
90
Отансүйгіштік сезім - туа бітті пайда болатын қасиет. Сәбидің бойында, ең
алдымен, анасына, өз отбасына, өз үйіне, туған жеріне деген жылы сезімнен бастау
алатын, тұлға есейген сайын біртіндеп ұлт, халық, әлеумет, мемлекет деңгейіне көтеріле
беретін бұл сезім адамның бүкіл ғұмырына жалғасып жатады. Сондықтан да студенттерге,
жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру барлық пәндердің үлесіне жатады. Соның ішінде,
әсіресе, қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда аса жауапкершілік қажет. Сондықтан пәнге
студенттердің ынта-ықыласын, қызығушылығын арттыру үшін оқытудың әр түрлі жаңа
технологияларын қолданып сабақ өткізу тиімді. Бұл студенттердің жалықпауын,
танымдық қызығушылығын арттырудың, әр іске назар аудара отырып жауапкершілікпен
қарау, ойлау қасиеттерін қалыптастырады, бағдарламалық материалдарды жеңіл, тез
меңгеруге ықпал етеді.
Отанының патриоты, елін, жерін сүйген, айналасындағы халқын қадірлеген, өскен
ортадағы тыныштық пен ынтымақтастықты нығайтуға тырысатын білімді азаматтарды
тәрбиелеу, сонымен қатар, қазақ халқының бай мұрасын негізге ала отырып, үлкенге
құрмет, кішіге ізет, ұят мәселелерін, әдеп ережелерін және т.б. мәселелерді күнделікті
сабақ үстінде ескеріп отыру аса қажет. Студенттерді қазақ тілі мен әдебиеті арқылы
патриоттық сезімге тәрбиелеу аясының жыл сайын кеңейіп отыратындығы –
оқытушылардың үнемі жаңашылдығы мен қажырлы ізденушіліктерінің жемісі. Бүгінгі
күннің талабы жастарды мемлекеттік тілді жан-жақты меңгеруде, өз отанының әдебиетін
жетік білуде оқытудың жаңа ақпараттық технологиялардың мүмкіндігін тиімді қолдана
білу, сабақты ұйымдастырудың және жүргізудің жаңа әдістерін меңгеру, жалпы оқу
бағдарламасына өзгерістер еніп, күрделеніліп, жоғары оқу орнында әдіс-тәсілдерінің де
жетілдіріліп жатқаны белгілі. Сондай-ақ, қазақ тілі мен әдебиеті арқылы патриоттық
тәрбие беру ісіне де жаңа талаптар қойылуы заңды құбылыс деп есептейміз. Ол –
инновациялық білім берудің қажеттілігі, түрлі оқыту технологияларының оқу процесіне
енгізілуі. Сонымен қатар сабақты әдебиетпен, географиямен, тарихпен, саясатпен,
мәдениетпен және т.б. ұштастырып өткізу оқытушылар әдісіне айналып отыр.
Студенттерге патриоттық тәрбие беру барысында халықтың әдебиеті мен мәдениетін
оқыту - тәрбие берудің басты құралдарының бірі. Халқымыздың сал-дәстүрімен қоса ұлы
тұлғалар және олардың шығармаларын оқыту, нақыл сөздер мен мақал-мәтелдерді, ұлттық
ойындарды үйрету, патриоттық тәрбие беру барысында өз елінің, жерінің, халқының
өмірімен жете танысып, оның ішкі жан дүниесін жете түсінуге ұмтылады.
Осыған байланысты сабақ берудің ең негізгі мақсаттары: біріншіден - танымдық;
екіншіден - тәрбиелік; үшіншіден - дамытушылық.
Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін мемлекеттік стандартты басшалыққа ала
отырып, өз тәжірбиемізде балалар әдебиетінен, негізінен, студенттердің өз бетімен білім
алу дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, ізденіс жұмыстары мен
алған білімдерін іс жүзінде пайдалана білуге үйрету бағытында жұмыс жүргізіп келеміз.
Осыған орай патриоттық тәрбие мәселесі адамзат тарихының өн бойындағы
ұрпақтан –ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат болғандықтан, жоғары оқу орны
студенттерінің бойындағы Отанға деген сүйіспеншілігін, яғни патриоттық санасын
дарытуда халқымыздың біртуар ұлы, ержүрек қолбасшы, жазушы, Қазақстанның Халық
Қаһарманы батыр Б.Момышұлы ағамыздың кейінгі ұрпаққа үлгі етіп қалдырып кеткен
өсиеттерінің және ерлікке толы шығармаларының алатын орны ерекше. Оның мірдің
оғындай қанатты сөздері де халықтың аузында жүр. Жиырма жылдық өмірін әскер
қатарында өткізген Бауыржан ағамыз өмірінің соңына дейін әскери-патриоттық
тақырыптарға шығармалар жазды [4,105б.].
Біз жазушы, тәлімгер Бауыржан Момышұлының еңбектерін оқи отырып, оның
шығармашылығы патриоттық тәлім - тәрбиенің қайнар көзі екенін байқаймыз.
Туған халқымыздың өткен тарихына көз жіберсек, отансүйгіштіктің керемет
үлгілерін көреміз. Бүгінгі күні егеменді ел болып, қазақ деген ұлт болып отыруымыздың
өзі ата-бабаларымыздың теңдесі жоқ ерлігінің арқасы. Жоғары оқу орнында оқу-тәрбие
91
процесінде студенттерге патриоттық тәрбие беру мақсатында оқытудың жаңа
технологияларын пайдаланып арнайы сабақтар өткізуді тәжірибеге енгізіп келеміз. Осы
тұрғыда «Соғыс кезеңі және одан кейінгі кездегі балалар әдебиеті» тақырыбына өткізілген
бір сабақтың жоспар-конспектісін ұсынғанды жөн санап отырмыз.
Сабақ өткізбес бұрын, алдын ала Б.Момышұлы, Ж.Жабаев, Б.Бұлқышев,
С.Мұратбеков сияқты тұлғалардың ерлікке толы естеліктері мен әдеби мұраларын
пайдалану арқылы студенттердің білімін көтеру, оқ пен оттың азабына шыдап, жеңіске
жеткен ағалардың ерлігін үлгі тұтуға тәрбиелеу, Жамбылдың «Ленинградтық өренім»
өлеңінің сол кездегі мәнінің жоғары болғандығын айта келіп, студенттерге қосымша
материалдар жинақтауды ұсындық. Патриоттық тәрбие беру мәселесін ұтымды өткізуде
Б.Момышұлының қанатты сөздерін, С.Мұратбековтің «Жусан иісі» әңгімесін,
Б.Бұлқышевтің «Өмір мен өлім туралы» әңгімесін, «Шығыс ұлына хат» туындысын
негізге ала отырып сабақтың жоспар-конспектісін құрдық.
Сабақтың тақырыбы: Соғыс кезеңі және одан кейінгі кездегі балалар әдебиеті
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: студенттердің өткен сабақта соғыс кезеңі және одан кейінгі кездегі
балалар әдебиеті туралы алған мәліметтері бойынша білімі мен дағдыларын тексеру,
соғыс кезіндегі шығармалардың балалар әдебиетіндегі негізгі тақырыптарын көрсете
отырып білімдерін бекіту.
2. Дамытушылық: студенттердің шығармашылығын, өздігінен ізденуін, жаңа
технологияларға сәйкес олардың танымдық дербестігін арттыру, өзіндік ой-пікірін еркін
айтуға дағдыландыру, топпен жұмыс істеуге үйрету.
3. Тәрбиелік: жас ұрпақты тарихымызды тереңнен тануға баулу, Отан тарихына
деген сүйіспеншіліктерін арттыра отырып, патриоттық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: дөңгелек үстел
Сабақты жүргізу әдістері:
-
сұрақ-жауап;
-
сахналық көрініс көрсету;
-
«Куббизм», БББ стратегиялары;
-
Эйлер-Венн шеңберін қолдану.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, бейнетаспа, қанатты сөздер, хронологиялық кесте,
үлестірмелі материалдар.
Пәнаралық байланыс: Тарих, қазақ әдебиеті.
Қатысушылар: Бқ-311 топ студенттері
Сабақтың жүру барысы:
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, қонақтар, білімгерлер! Бүгінгі біздің дөңгелек
үстел барысында талқылайтын тақырыбымыз «Соғыс кезеңі және одан кейінгі кездегі
балалар әдебиеті» деп аталады (Сабақтың мақсатымен таныстыру).
Ұйымдастыру кезеңі: Ой қозғау
«Сен білесің бе?» Бейнетаспадан сюжетті оқиғалардан үзінді көрсетіліп тұрады
(алған әсерлерін талқылау).
Ұлы Отан соғысы кезінде балалар әдебиетіне үлес қосқан қандай ақын –
жазушыларды білесіңдер?
Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ қаламгерлері шығармаларының тақырыптық -
идеялық ерекшеліктері қандай?
Сұрақтар мен тапсырмалар:
Б.Бұлқышевтің «Өмір мен өлім туралы», «Шығыс ұлына хат» әңгімелеріне талдау
жасау.
2. Ж.Жабаев өмірі мен шығармашылығы.
3. С.Мұратбековтің «Жусан иісі» әңгімесін талқылау (жеке жұмыс)
4. Б.Момышұлы шығармашылығы.
І. Сабақтың айдарын мәнерлеп Б.Бұлқышев бейнесіндегі студенттің оқуы:
92
... Менің бұл жазғандарым болашақта біздің осы ұлы күресімізді зерттеушілердің
қолына түсіп, үлкен істердің кішкене бір тетігіне тиянақ болуға жараса, менде одан басқа
арман да жоқ, ол зерттеушілер біз осы арпалыста жүргенде қайғыра да, жылай да, қуана
да, күле де, кектене де білгенімізді ұғынса болғаны.
(Алған әсерлерін талқылау)
«Куббизм» стратегиясы арқылы сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беру.
Б.Бұлқышевтың өмірі мен шығармалары
Б.Бұлқышевтің «Өмір мен өлім туралы» әңгімесі
«Шығыс ұлына хат» туындысынан өздеріне ұнаған үзіндіні жатқа айту және т.б.
ІІ. Жамбыл дүниеге екі рет келді:
тоғыз ай, тоғыз күнде ана құрсағынан,
тоқсан жасқа келгенде заман құрсағынан туылды.
Ғ.Мүсірепов
- Сабағымызды әрі қарай жалғастыру үшін Жамбыл Жабаевтың өмірі мен
шығармашылығына байланысты кезеңдер берілген хронологиялық кестеге назар
аударайық (хронологиялық кестені толтыру).
Хронологиялық кесте
р/с
Жылдар
Оқиға мазмұны
1
1846 жылы
2
«Патша әмірі тарылды» атты өлеңі
3
«Туған елім» атты толғауы
4
1937 жылы
5
Мемлекеттік сыйлық берілді
6
«Кәрілік» атты өлеңі
7
1943 жылы
8
1945 жылы 9 мамырда
9
Ж.Жабаев 22 маусым күні қайтыс болады.
10
1946 жылы
Жамбыл атамыз өлсе де аты өлген жоқ, шығармалары өлген жоқ.
Жамбыл есімі берілген 15 мектеп бар.
Қане сіздер не қосасыздар?
ІІІ. С.Мұратбековтің «Жусан иісі» әңгімесі бойынша талқылау.
Ә) Әңгіменің кейіпкерлерін атау.
А) Кейіпкерлердің іс-әрекеті
Б) Мінездеме беру
/Кестемен жеке жұмыс/
Кейіпкер
Кейіпкерлердің іс-әрекеті
Қандай кейіпкер?
ІV. Батырдан қалған өсиет
Бауыржан Момышұлының қанатты сөздеріне талдау жасау
Есімі ел жүрегінде сақталған ер ғана бақытты.
Батыр – батыр емес, батырларды бастаған батыр.
Қашу – жаудан құтылудың жолы емес, өлімнен де жаман, ауыр опасыздық.
V. Сахналық көрініс: «Омыртқадағы оқ». Ә. Нұршайықовтың «Ақиқат пен
аңыз» романынан үзінді
Рольдерде:
93
Бауыржан –
Дәрігер –
Бауыржан: - Мен екі рет ауыр жарақаттанған адаммын. Бірақ екеуінде де саптан
шыққан жоқпын. 1942 жылы полк командирі кезімде омыртқама оқ тиді. Санбатқа
жеткенше есімді білген жоқпын. Есімді жисам етпетімнен жатыр екенмін.
Жанымдағы дәрігер бірдеңе деп баж - бұж етіп жатыр.
Дәрігер:- Бұл кісіні дереу госпиталға жіберу керек
Бауыржан:- Сонша не боп қалды?
Дәрігер:- Омыртқаңызға оқ қадалып тұр, жолдас капитан. Сізді дереу госпиталға
жеткізу керек. Сізді дереу госпиталға жеткізу керек.
Бауыржан: - Скальпелің бар ма?
Дәрігер:- Жоқ
Бауыржан: - Өткір бәкің бар ма?
Дәрігер:- Жоқ
Бауыржан:- Ұстараның жүзі бар ма?
Дәрігер: - Бар
Бауыржан:- Ендеше соны спиртпен шай да, ет тұрған жерді кес.
Дәрігер:- Олай етуге болмайды, жолдас капитан!
Бауыржан:- Болады! Бұйырамын! Орындамасаң – атамын!
(Дәрігер дереу айтқанын істеуге кіріседі)
Дәрігер:- Мінекей, жолдас капитан, оғыңыз!
Бауыржан:- Жарамды таңдырып алып, арқамнан алынған оқты мені санбатқа
жеткізген Блоха деген жауынгерімнің қолына ұстата салып, жаумен ауыр жұмыс
жүргізіп жатқан полкке қайтадан келдім. Бірнеше күн жаумен жағаласып, жан
ұшырып жүргенде арқамдағы жараны ұмытып та кеттім. Ол бірде суланып, бірде
қара қотырланып, бірде қыши түсіп, өзінен - өзі жазылып та кетті.
VI. Соғыстан кейінгі кездегі балалар әдебиетіне шолу.
Білімді бекіту (рефлексия)
Сабақты талдау: а) Алгоритмді толтыру
ә) Эссе жазу
б) Эйлер-Венн шеңбері
в) БББ стратегиясы
VII. Қорытынды: Бәріміз «Соғыс болмасын, бейбіт өмір сүрейік!»- деген тілекпен
«Ақ көгершін» әнін орындайық.
Бағалау.
Студенттерге мемлекеттік тілді меңгертуде алға қойылған міндет – жоғары
айтылған барлық талаптарға сай оқыту және өз Отанының патриоты, елін, жерін сүйген,
айналасындағы халқын қадірлеген, өскен ортадағы тыныштық пен ынтымақтастықты
нығайтуға тырысатын білімді, жоғары мәдениетті азаматтар тәрбиелеу.
Қазақ тілі мен әдебиеті арқылы студенттерге патриоттық тәрбие беру мәселесі
адамзат тарихының өн бойындағы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат
болғандықтан, студенттердің бойындағы Отанға деген сүйіспеншілігін, яғни патриоттық
сезімін дамытуда кейінгі ұрпаққа үлгі етіп қалдырып кеткен өсиеттерінің және ерлікке
толы шығармаларының алатын орны ерекше деп санаймыз.
Қорыта айтқанда, студенттермен осы жоғарыда баяндалғандай, тағы да басқа
заманауи әдістерді қолдана отырып, көкейіне осындай іс-әркеттермен ой сала білсек, үлгі
көрсетсек заманға сай, қоғамға керекті отансүйгіш, елсүйгіш азамат, елге қызмет ететін
қайраткер тәрбиелейміз деген сенімдеміз.
94
ӘДЕБИЕТТЕР:
1.
Назарбаев Н. Қазақстан-2030: Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі
және әл-ауқатының артуы. Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. –Алматы:
Білім, 1997-176 б.
2.
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халықтары Ассамблеясының XII
сессиясында мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру бойынша Үкіметке берген
тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шаралар туралы. Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2006 жылғы 28 қазандағы № 1025 Қаулысы.
3.
ҚР жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары. Жалпы
бастауыш білім. –Алматы, 2002.
4.
Қалиұлы С. Қазақ энциклопедиясының теориялық негіздері мен тарихы. (Оқу құралы).
–Алматы: Білім, 2003. -280 б.
Жұмаш А.Ы.
Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық
өнер академиясының доценті,
өнертану кандидаты
Алматы қ., Казақстан
БОЛОН ҮДЕРІСІ АЯСЫНДА БОЛАШАҚ ӨНЕР МАМАНДАРЫН ОҚЫТЫП
ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Аннотация: В данной статье дается понятие Болонскому процессу, его
приоритетам, также актуальные проблемы кредитной системы обучения.
Annotation: This article presents the concept of the Bologna process, its priorities and
urgent problems of credit system of education.
Баршамызға етене таныс, «советтік білім беру жүйесі «жоғарыдан төменге қарай»
ұстанымына иек артты» [1, 3-б]. Бұл жүйеде мансап пен атаққа табынушылық белең
алғандығы соншалық, білім беру жүйесіндегі басты тұлға – студент ең төменгі сатыдан
орын алуына тура келген болатын. Бұл сол заманның авторитарлық ұстанымына сәйкес
еді. Отанымыз Тәуелсіздікке қол жеткізіп, білім беру жүйесі оң өзгерістерге қадам басуға
мол мүмкіндіктер алды. Егемен еліміздің 25 жылында бірнеше дүркін реформалар бастау
алып өкінішке орай, аяқсыз қалып жатты. Әрине, білім беру жүйесі ізденіс үстінде, алға
қарай дамудың жаңа жолдарын қарастыруда. Дәл осындай ізденісті еуропаның алдыңғы
қатарлы елдері де бастан кешіп, «1999 жылы 19 маусымда Болонияда бас қосқан 29
еуропалық білім министрлерінің қол қойған біріккен декларациясы – еуропалық білім
беру жүйесінде «Болон үдерісінің» бастауына түрткі болды» [2]. Осы құжатқа сәйкес,
еуропалық одақтың үкіметі өзінің көлемді, білімді интернационалдандыру реформасын
жариялады.
Әлемдегі интеграциялық үдерістерді дамыту тәжірбиесі дәлелдегендей, елдің
дамуын ұжымдық тұрғыдан жүзеге асыру қазіргі таңдағы ұлттық қызығушылықтарды
қамтамасыз етудің қолайлы жолы. Президентіміз Н.Ә.Назарбаев айтқандай: «Реформа
образования – это один из важнейших инструментов, позволяющих обеспечить реальную
конкурентоспособность Казахстана. Нам нужна современная система образования,
соответствующая потребностям экономической и общественной модернизации» [4].
Сондықтан да Болон үдерісінің іс-әрекеттеріндегі нақты басымдылықтардың негізгісі —
зерттеу саласындағы халықаралық серіктестікті дамытып, өзара тәжірибе алмасуды
ұйымдастыру арқылы жоғары білімді насихаттау болып табылады. Еуропалық білім беру
бағдарламасы Қазақстанның жоғары оқу жүйесін реформалау мақсатын көздеп отыр.
Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңындағы ұлттық және жалпы
95
адамзаттық құндылықтар ғылым мен тәжірибе алмасу жетістіктері негізінде студентті
қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім беру, рухани
тұрғыдан, сондай-ақ, студентті шығарашылық жан-жақты қалыптасып, жетіліп дамуына
жағдай жасай отырып, кредиттік жүйе бойынша оқыту көзделген. Дегенмен, бұл
міндеттерді жүзеге асыру барысында кредиттік оқыту жүйесі бойынша бірнеше өзекті
мәселелер туындайды. Олар: әлеуметтік-гуманитарлық және мамандану бойынша ғылыми
пәндер аясында негізгі білімді, адамдар арасындағы бір-біріне деген және білімгердің
қоғамға, қоршаған ортаға байланысты қарым-қатынасы тұрғысында этикалық және
құқықтық нормалар жүйесін меңгеру. Еліміздегі жоғары оқу орындарында енгізілген
кредиттік жүйе – қазіргі заман талабына сай, студенттің терең де толыққанды білім
алуына және оны әрі қарай дамытуына жағдай жасайтын оқыту жүйесі. Кредиттік оқыту
жүйесінің енгізілуі қоғам сұранысына сай, еуропалық одақ дәрежесінде Болон үдерісінің
жүйесі аясында оқыту стандарттарын біріктіру болып табылады.
Болон үдерісі студенттерге қандай мүмкіндіктер ұсынады? Студент тек оқытушы
дәрісін дәптеріне жазып, сынақ-емтихан тапсырып, үнсіз оқу бағдарламасын
меңгерушіден – өзі оқитын пәнін таңдаушы, оқытатын ұстазы былай тұрсын, ЖОО мен
білім алатын елін таңдау құқығына ие. Жаңа жүйе кредиттік технология бойынша жүзеге
асырылмақ. «Кредит» терминінің өзі - «сенім» деген мағынаны білдіретіні белгілі, яғни
білім мекемесі оқытушы мен студенттің кәсіби білім аясында бірлесе атқаратын
жұмысына сенім артады. Мұндағы басты шарт – студентке дайын күйінде ұсынылатын
ақпараттардың үлесін азайтып, оның өздігінен іздену талпынысын арттыруға септігін
тигізу. Бұрынғы дәстүрлі жүйе бойынша студент, пәнді меңгеру үшін өзіндік жұмысқа оқу
сағатының 33 пайызын жұмсап келсе, кредиттік технологияда барлық уақыттың 66
пайызын бөлуіне тура келеді» [3]. Жаңа жүйе студентті тың ізденіске, өзіндік жұмысқа
жауапкершілікпен қарауға, өзінің келешегін ұқыпты жоспарлауға міндеттейді.
Осыған біздер, профессор-оқытушылар құрамы дайынбыз ба? Кредиттік жүйеде
студент таңдауына ие болар пән оқытушысы мәртебесіне жету үшін қандай еңбек ету
қажет? Ол үшін оқу жылы көлемінде ғылыми-әдістемелік және тәрбие жұмысымен
айналысып, нақты нәтижелерге қол жеткізіп, жыл көлемінде студенттерді ғылымға және
ұлттық патриотизмге баулып, оларға ұстаздық ету арқылы, білімгерлердің ғылымға деген
құштарлығын оятып, сол білімді Отанына қызмет жасауға бағыттау басты ұстанымға
айналуы тиіс емес пе? Оқытушы: «мен қанша жүктемеге ие боламын емес, қанша
студенттің сеніміне ие боламын», - деп ойлауы ләзім емес пе?
Профессор-оқытушылар құрамын таңдауда: олардың еңбек өтілін емес, оның
ғылымға қосқан үлесін, жаңа ашылымдары мен ғылыми-әдістемелік еңбектерінің
маңыздылығын, оқыту әдістемесінің қазіргі заман талабына сай жаңа үлгіге бағытталуын
ескеру қажет. Ал ең бастысы студенттерге берер білімін – ұлттық патриотизммен және
келешекте сол алған білімді «Отанға қызмет ету барысында оны қалай дұрыс пайдалану»
деген қағидаға дұрыс бағыт бере білген оқытушы нағыз ұстаз деген ұлы атаққа лайық
болмақ.
Бұл өз тарапынан академиямыздың бәсекелестік қабілеті мен мүмкіндіктерін
арттырары сөзсіз. Білім ордасының қабырғасында маманданушы студенттер өзге елдегі
жоғары оқу орындарына кетпей, қайта ондағы білімге құштар білімгерлер біздің
академиямызға білім алуға ниет ететіндей дәрежеге жетуге талпынуымыз керек.
Достарыңызбен бөлісу: |