Министерство культуры и спорта республики казахстан казахская национальная академия искусств им. Т. Жургенова международный общественный фонд им. Н. Тлендиева



Pdf көрінісі
бет1/22
Дата11.01.2017
өлшемі2,98 Mb.
#1613
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22


 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ 
Т. ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ 
«НҰРҒИСА ТІЛЕНДИЕВ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫ 
 
МИНИСТЕРСТВО КУЛЬТУРЫ И СПОРТА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН 
КАЗАХСКАЯ НАЦИОНАЛЬНАЯ АКАДЕМИЯ ИСКУССТВ ИМ. Т.ЖУРГЕНОВА 
МЕЖДУНАРОДНЫЙ ОБЩЕСТВЕННЫЙ ФОНД ИМ. Н.ТЛЕНДИЕВА 
 
MINISTRY OF CULTURE AND SPORT OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN 
T.K. ZHURGENOV KAZAKH NATIONAL ACADEMY OF ARTS 
N.TLENDIYEV INТERNATIONAL NON-GOVERNMENTAL FUND 
 
 
 
 
 
 
 
 
«Нұрғиса Тілендиевтің мұрасы және жаңа қазақстандық  
патриотизмді қалыптастыру» тақырыбындағы ұлы композитордың           
90-жылдығына және Ұлы Отан соғысындағы  
Жеңістің 70-жылдығына арналған  
Халықаралық ғылыми-практикалық конференция 
 
Международная научно-практическая конференция  
«Творческое наследие Нургисы Тлендиева и формирование 
 нового казахстанского патриотизма», посвященная 90-летию 
 великого композитора и в честь 70-летия Победы 
 в Великой Отечественной войне 
 
International scientific-practical conference 
«The artistic heritage Nurgisa Tlendiev and formation of a new  
Kazakhstan patriotism» dedicated to the 90th anniversary 
 of the great composer in honor of the 70th anniversary  
of the Victory in the Great Patriotic War 
 
 
 
 
 
АЛМАТЫ 
ALMATY 
16 қазан 2015 жыл 
16 октября 2015 года  
   Oktober 16, 2015 
 


 
ӘОЖ 78 (063) 
КБЖ 85.31 
Н 86 
 
 
РЕДАКЦИЯЛЫҚ АЛҚА: 
 
Бас редактор                                     - Нүсіпжанова Б.Н., Қазақстан Республикасының                   
                                                                                еңбегі сіңірген қайраткері, профессор  
 
Бас редактордың орынбасары      - Халықов Қ.З., филос.ғ.д., профессор 
 
Редакциялық алқа мүшелері          - Қайранов Е.Б., PhD докторы, доцент 
-
 
Масатбаев О.Ж., Н.Тлендиев қорының 
                директоры, Халықаралық ақпараттандыру  
                академиясының академигі 
 
Техникалық редактор                    -  Тлеулинова Ж.А., магистр, аға оқытушы 
   
 
 
Н  86  Нұрғиса  Тілендиевтің  мұрасы  және  жаңа  қазақстандық  патриотизмді 
қалыптастыру  //  Халық.  ғыл.  -  прак.  конф.  баяндамалар  жинағы,  Т.Жүргенов  ат. 
ҚазҰӨА. – Алматы: Т.Жүргенов ат. ҚазҰӨА, 2016 -  174 б.
 
 
ISBN 978-601-265-218-5  
 
Жинақта  Т.Жүргенов  атындағы  ҚазҰӨА  ұйымдастыруымен  өткен  «Нұрғиса 
Тілендиевтің  мұрасы  және  жаңа  қазақстандық  патриотизмді  қалыптастыру» 
тақырыбындағы  Халықаралық  ғылыми-практикалық  конференцияның  материалдары 
берілген.  
Конференцияның  негізгі  мақсаты:  Н.Тілендиевтің    музыка  өнерін  өркендетуге 
сіңірген  ерен  еңбегін  зерттей  отырып,  қазіргі  өнертану  ұстанымдарымен  оның 
шығармашылық  мұрасын  қайтадан  жандандыру,  замандастары  мен  шәкірттерінің 
естеліктері арқылы әйгілі тұлғаның өміріндегі жаңа, бұрын анықталмаған жақтарын жан-
жақты саралау.  
Жинақ 
жоғары 
оқу 
орындарының 
оқытушыларына, 
докторанттарға, 
магистранттарға,  ғылыми  қызметкерлерге  және  өнер  дамуының  мәселелеріне 
қызығушылық танытатын барлық оқырман қауымға  арналған. 
 
 
                                                                                                                        ӘОЖ 78(063) 
                                                                                                                         КБЖ 85.31 
 
 
ISBN 978-601-265-218-5 
                                          © Т.Жүргенов ат. ҚазҰӨА, 2016 
 


 
ПЛЕНАРЛЫҚ МӘЖІЛІС 
ПЛЕНАРНОЕ ЗАСЕДАНИЕ 
PLENARY SESSION 
 
Кіріспе сөз 
 
Нүсіпжанова Б.Н., 
Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА ректоры, 
ҚР Еңбек сіңірген қайраткері 
 
Қадірлі достар, құрметті әріптестер мен қонақтар   
және конференцияға қатысушылар! 
       
Т.Жүргенов  атындағы  Қазақ  ұлттық  өнер  академиясы  қазақтың  танымал  сазгері, 
дирижер,  дәулескер  күйші,  Халық  қаһарманы,  Халық  әртісі,  профессор  Нұрғиса 
Тілендиевтің  90-жылдығына  және  Ұлы  Отан  соғысындағы  Жеңістің  70-жылдығы 
мерекесіне арналған “Нұрғиса Тілендиевтің мұрасы және жаңа қазақстандық патриотизмді 
қалыптастыру” тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференция өткізгелі отыр. 
 
Бүгінгі конференцияда Н.Тілендиевтің қазақ музыка өнерін дамытуға қосқан үлесі 
ғана  емес,  оның    сазгерлігі,  тыңдаушысының  құлақ  құрышын  қандырып,  құмарынан 
шығаратын,  таңдай  қақтырар,  күй  шерткенде  бармағы  пернеден  бал  тамшылататын 
домбырашылығы,  ұйымдастырушылық қыры, ұстаздық жолы жан-жақты сараланады. 
 
Халық  фольклорының  мол  бұлағынан  сусындаған  Н.Тілендиев  сирек  кездесетін 
талант.  Оның  тікелей  ұйымдастыруымен  құрылған  “Отырар  сазы”  фольклорлық-
этнографиялық  оркестрі  –  қазақ  музыкасын  халықпен  жалғастыратын  алтын  көпір.  Ол 
оркестр  мүшелерін  іріктеу,  репертуар  таңдау,  оркестровка  жасау,  ең  бастысы  көп 
ғасырлар бойы ұмыт болып кеткен көне аспаптарды қайта жаңғыртып тіл бітіріп, әрі оны 
оркестр  құрамына  ретін  тауып  орналастыру  ісінде  үлкен  зерделілік  пен  ерінбей 
еңбектенудің  озық  үлгісін  көрсетіп  берді.  Оркестрдің  орындау  шеберлігінде  соны 
ізденістер  мен  табыстардың  мол  болғандығы  аз  айтылған  жоқ.  Соның  ішінде  дыбыс 
бояуын  әрлендіру  үшін  керекті  жерінде  оркестрге  әнші  даусы  ән  мәтінінсіз  қосылуы  да 
назардан тыс қалмады. Месқобыз, сазсырнай, шаңқобыз, сыбызғы аспаптарының оркестр 
сүйемелдеуімен  күй  орындауы  көп  ізденуден  туған  жаңалық  екені  сөзсіз.    Дарынды 
суреткер көп аспаптың сан түрлі бояу-нақышты үнімен тыңдаушысын тереңге бойлатып, 
қиялға қанат бітіріп, жан-жүректі елжірете, сырлы сезімге батыратын сиқырлы күйлерімен 
қазақ елінің абыройын асқақтатып, даңқын арттырды.  Сазгер жүрегін жарып шыққан 400-
ге  тарта  әндер  мен  романстар  қазіргі  кезде  халықтың  рухани  азығына  айналып  кетті. 
Ұлттық  нақыштағы “Достық жолы” балеті, оннан астам көркемфильмге, спектакльдерге, 
отызға  жуық  хроникалық  және  мультфильмдерге  жазған  музыкалары    бөлек  зерттеуді 
қажет етіп тұрған тың дүниелер. 
 
Нұрғиса  Тілендиевтің  қалам  тартпаған  жанры  жоқ.  Операдан  бастап  поэма, 
кантата,  увертюра,  балет,  пьеса,  жеке  домбыраға  күй,  жеке  дауысқа  ән  жазды.    Әдетте, 
музыканың  барлық  саласында  еркін  көсіліп  жазу  –  әркімнің  қолынан  келе  бермейтін 
күрделі іс. Бұл ерекше табиғи дарыны бар адамдарға ғана бұйыратын бақ екенін ескерсек, 
сондай  үркер  жұлдызындай  шоғырлы  топтың  арасынан  Н.Тілендиевтің  жарқын  келбеті 
«мен мұндалап» тұрады.   


 
          Бүгінгі  конференциядағы бірқатар баяндамаларда осы мәселелер тілге тиек болары 
сөзсіз,  ең  бастысы  Н.Тілендиевтің  соңына  қалдырған  мол  мұрасынан  ұлттық  бет-
бейнеміздің,  дүниетанымымыздың,  эстетикалық  талғамымыздың  айқын  көрініп  тұрғаны  
басты назарға алынары ақиқат. 
 
Өмірде  шыншылдығымен,  дарқан  жүректі  кеңдігімен  ел  есінде  қалған 
Н.Тілендиевтің  адамдық болмыс-бітімі де көзкөргендерге үлкен өнеге болды.  
Сөз соңында халқымыздың ақындық, әншілік, шешендік, күйшілік, сазгерлік рухы 
бір басында тоғысқан жаратылысы бөлек Нұрғиса Тілендиевтей “сегіз қырлы, бір сырлы” 
майталман шебердің күйлеріндегі азаматтық лирика мен философиялық ой-тұжырымдар, 
тарихи  толғамдар,  махаббат  сезімдері  өнер  өрнегінде  өзгеше  кесте  тауып,  бүкіл  адамзат 
баласын  әсемдік  пен  сұлулық  әлеміне  жетелей  береді  демекпіз.  Ұлы  Жеңістің  70-
жылдығы аясында өткізіліп отырған конференцияға қатысушылар мен қонақтарға шалқар 
шабыт, еңбектеріне жеміс және  шығармашылық  табыстар тілеймін! 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
Дариға Тілендікеліні, 
Халық Каһарманы Hұpғиса Тілендиевтің жары,  
Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі  
ҚАЙРАН, МЕНІҢ НҰРЕКЕМ! 
Қайран,  Нұрекем!..  Ол  жалғыз  менің  ғана  Нұрекем  емес.  Ол  —халқының  ұлы! 
Халқының  қаһарман  Нұрғисасы  ғой...  Халқының  жарық  жұлдыздарының  бірегейі!.. 
Нұрекеңдей  аса  сезімтал,  ойға  бай,  жаныма  жақын  жанды  жоғалтам  деген  ой  келді  ме 
маған?.. Ол мәңгі тірі жүре беретіндей көрінетін. 
Нұрекең  елін,  жерін,  халқын  қалай  сүйсе,  мені  де  солай  сүйді.  Еліне,  болашаққа 
өлмейтін мұралар қалдырғаны  да шексіз сүйе білгендігінен шығар. Өзі  о дүниелік болса 
да  рухы  менің  жанымда  жүрген  сияқты  сезінем.  Қолыма  домбыра  ұстатып,  жігер  беріп, 
күй,  әуен  туғызып  отырған  да  Нұрекеңнің  рухы  ғой  деп  ойлаймын.  Осындай  құдіретті 
адамнан  көз  жазып қалған  соң қалай  жер  басып  жүремін  деп  ойлаушы  ем.  Бәріне  уақыт 
сыншы да емші екен. Қадірлі Нұрекемді аңсаған сағыныш болар, қолыма домбыра ұстап, 
сезім толқындары күй боп төгіліп, ән болып қалықтады. 
Алғаш «Қайран, менің Нұрекем!» күйі ол дүниеден өткен соң екі жылдан соң өмірге 
келді. Өзі қолыма домбыра ұстатып, бастан аяғына дейін төгілдіріп бере салды ғой. 
Қадірлі қамқоршы, асыл жарға деген сағыныш кернеуі мен жалғызсырап құлазыған 
көңіл  қаяуы  көзден  ағыл-тегіл  жас  боп  сорғаласын-ай  кеп.  Сондай  бір  сәтте  өзіме 
жұбаныш іздеп, домбыраға қол создым. Күй Нұрекемнің өмірде ақ бөкендей желіп өткен 
бейнесін беретіндей. Нұрекемді аңсауым, мұңым, осындай ұлы дарын иесі неге суық жер 
құшағында  қалды  деген  ой  толғанысым,  сағынышым,  «Аққу  күйін»  тартып  халқын 
қуантқаны...  бәрі-бәрі  қалықтап  шалқып  бір  әуезге  айналды  да,  өзі  де  сол  аққу  секілді 
қанатын сермеп аспанға ұшып кеткендей елес берді. 
Бірге  өткізген  отыз  үш  жыл  уақытта  Нұрекемнің  маған  деген  ыстық  ықыласы  мен 
мейірі, ерекше махаббаты мені тербеп, осы күйдің тууына негіз қалады. Осы күйден өзіме 
жұбаныш тауып, ішкі күйігім сыртқа шыққандай болды.  Осы күйден соң тағы да екі-үш 
күй  өмірге  келді.  Олар:  «Қуанышым-Динзуһрам»,  «Имашжан»,  «Қызғұмыр-Шәмшәтай». 
Алғашқы  күйді  жалғыз  қалғанда  жаныма  жалау  боп,  әкесінің  орнын  жоқтатпаған 
балапаныма, «Имашжан» күйі — ағасы ауыр хал, үстінде жатқанда келіп, көңіл білдіріп, 
ой  бөліскен,  рухани  демеу  болған  ардақты  біртуар  азаматтың  бірі  Иманғали 
Тасмағамбетовке, ал «Қызғұмыр-Шәмшәтай» халқымыздың аяулы аруының бірі Шәмшия 
Көпбайқызы  Беркімбаеваға  арналады.  Сосын  «Құрбыма»  әні  шықты.  Бұл  Қазақстанның 
халық  артисі  Майгүл  Қазтұрғановаға  арналған.  Бірде  Майгүл:  «Дариғаш,  сіздің  не 
арманыңыз  бар?  Нұрекең  сізге  арнап  бірнеше  әндер,  күйлер  жазды  ғой.  Мәселен. 
«Aққұcым»,  «Куә  бол»,  «Көңілді  бикеш»,  т  б.  Ал  маған  бірде-бір  ән  арнаған  жоқ»  деді. 
Бұл  әңгіме  маған  ой  салды.  Өйткені  осындай  алыбымнан  айрылып  отырғанда  Майгүл 
мұңымды  бөлісіп,  Нұр-ағаның  аруағы  риза,  болсын  деп  үш  жылдай  ән  айтпай,  сахнаға 
шықпай  қайғымды  бөлісіп,  туған  бауырымдай  қасымда  болып,  шын  жанашыр  екенін 
танытты.  Оған қалай  ән  арнамасқа.  Бұл  әнді  де  Нұрекең  өзі  беріп  тұрған  секілді  көрінді 
маған.  «Майгүлді  ренжітпеші,  сол  қыз  риза  болсын,  қуант»  деген  ой  айтқандай  болды 
жоғарыдан.  Тәңірі  өзі  мені  тербеп,  қуат  бергендей.  Оған  екі  ақын  сөз  жазды.  Бірі  - 
Тұманбай  қайным,  екіншісі  -  Мыңбай  Рәш  аға.  Әуенін  естіген  Тұмаш:  «Жеңеше,  әніңіз 
әжептәуір  екен.  Сынықтан  өзгенің  бәрі  жуғады  дегенге  сенбеуші  едім.  Ұлы  сазгер 
ағамыздың  жанында  жатқан  сізге  де  жұққан-ау,  шамасы»,  -  деп  қалжыңдады.  Жұбайы 
Күлтай  сұлу  екеуі  келіп,  сөз  жазып  әкеп  берді.  Ол  қайнымның  қанат  бітіре  сөйлеген 
сөзімен жырына ризамын. Ал Рәш бауырымыз Майгүлдің өз портретін түсіріпті сөзбен. 
Осыдан біраз уақыттан соң өмірге «Нұрекем, менің Нұрекем» атты ән келді. Ақын, 
ардақты  ана,  жеті  перзент  сүйген  Бекемгүлді  бұрыннан  білуші  едім.  Екеумізді 
таныстырған  Күләш  Байсейітова  атындағы  киелі  шаңырақ  —  музыка  мектебі.  Мен 


 
Динзуһрамды баптасам, ол да кенжесі Жазирадан жақсы қобызшы шыға ма екен деп үмітін 
үкілеп  жүретін.  Екеуміз  осы  мектепте  жиі  кездесіп,  әңгімелескенбіз.  Ол  бірде  «Қоңырат 
қызғалдағы»  атты  шағын  жыр  жинағын  ұсынды  сыйға.  Оқып  қарасам,  өлеңмен  кілең 
тарихи  тұлғалардың  портретін  жасаған  екен.  Аузын  ашса  жүрегі  көрінетін,  ақжарқын 
мінезімен  қоса  жылы  жырлары  мені  өзіне  баурады.  Ене  күткен,  жар  сыйлаған,  жеті 
баланың  жайын  жасаумен  бірге  Тәңірі  оған  ақындық  сыйлапты.  Сол  құрбыма  әуенді 
домбырамен ойнап беріп, осыған Нұрекемнің қасиеттерін жеткізгендей сөздер болса деген 
тілек  білдірдім.  Ол  ойымды  құп  алып,  көп  ұзамай  өлең  жазып  берді.  Бұл  өлең  маған 
ұнады. Ойымнан шықты. Екеуміздің ойымыз  бір жерден шығып, маған қанат бітірді. Ол 
кезде ауруханада емделіп жатыр едім. Сонда академик, үлкен ғалым, ұлы жазушы Мұхтар 
Әуезовтің  шәкірті  Зейнолла  Қабдолов  ағаға  қуанышымды  бөлісіп  әнді  тыңдатқанымда: 
«Ән  керемет  екен,  шын  көңілден  шыққан,  қазақы  колориті  күшті  екен»  деп  құптап, 
қуанышын білдірді. Үлкен ағадан естіген қолдау сөз мені тағы да қанаттандырды. 
Нұрекеңнің  қазасынан  кейін  жарты  жылдан  соң  туған  анамды,  одан  соң  Данияр 
есімді  ұлымды  жоғалту  оңайға  түспеді  маған.  Қайғы  үстіне  қайғы  артып,  Тәңірі  мені 
қатты сынағандай. Сонда да Нұрекең рухы демеп, үнемі жетелейтін секілді сезінем. 
Қазір  мен  Нұрекемсіз  өмір  сүріп  жатырмын.  Бірақ  сол  Нұрекеңе  деген  ниетімді 
сөзбен  өрнектеп,  домбыраның  қос  шегіндей  менің  жүрек  лүпілімді  жеткізген  сезімтал 
Бекемгүлге тағдыр жалғап, дос еткен Тәңірге ризамын.     Шынайы достықтың демеумен 
әлі де талай жақсы дүниелер туар деген үміт бар. 
Үш  жылдан  астам  уакыт  аза  тұтып,  үйден  шықпаған  маған  Нұрекемнің  жалғыз 
қарындасы Лариса мен оның жолдасы, күйеу балам Болатжан қыздарын ұзатып той жасап, 
соңынан  қызым  Динара  екеумізді  Жасыбай  көлінде  демалдырды.  Неткен  сұлу  табиғат. 
Нұрекең  кезінде  бұл  сұлу  жерге  арнаған  «Баянауыл  вальсін»  жазғаны  белгілі.  Сол 
сұлулық  сезімінің  әсерінде  «Жасыбай  көлім-ай»  атты  ән  туып,  оған  сөз  шықты.  Өмір 
қызық  қой.  Сол  жерде  туған  «Нұрекем,  менің  Нұрекем»  әні  туралы  жақсы  сөз  айтқан 
Зейнолла aғa мен coл үйдегі апамыз бұл ән-жырға куәгер болып, кіндігі сол көл жағасында 
кесілді.  «Жақсы  сөз  жарым  ырыс»  демекші,  aғa  мен  апа  қолдауы  мені  демеді.  Бұл  да 
Нұрекең рухынан туған дүние деп ойлаймын. Қадірлі Нұрекем, әрдайым Сіздің рухыңыз 
алдында бас иемін! 
 
 
 
 
Сара Күзембай, 
өнертану докторы, профессор
ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі 
 
ҰЛЫ ТҰЛҒАНЫҢ  МӘҢГІЛІК  МҰРАСЫ 
 
Композитор,  дирижер,  КСРО  және  ҚазССР  Халық    әртісі,    Қазақстан  
Республикасының  Мемлекеттік  сыйлығының  лауреаты,  Қазақстан  өнеріне еңбегі сіңген  
қайраткер, «Халық Қаһарманы» атағының  иегері – Нұрғиса Тілендиев (1925-1998) туған  
халқының    нағыз    мақтанышы,  ол  –  тәуелсіз    елінің    рухани    символы  ретінде 
құрметтеледі. Нұр-аға бүкіл  өзінің  саналы да сапалы  ғұмырын,  қайталанбас дарынын,  
күш-жігерін,  өзінің    жан-тәнімен    сүйетін  халқына    арнап,    творчествасында    халықтың  
жиырма  ғасырлық  тағдырын,    жер-анасы    қорғаған    батырларын,  ата-бабадан    аманат  
етілген    ұлт    рухын,    биік    менталитетін,  арман-ойын  керемет    шеберлік-шабытпен 
мәңгілік  мұра  ретінде  бізге қалдырды.  Композитор музыкасының  ерекше  әсерлігінің  
сыры  неде? - деген ойға  тоқталсақ – ол  ана  сүтімен,  ата  тегімен  қанаттанып, ауыз-екі  
түрде  қалыптасып,  дамыған  фольклорлық  дәстүрден  нәр  алып,  қазақ  музыка  өнерін  
кәсіби (жазба түріндегі) жол-әдістерімен  одан  әрі  дамытып,  Алатаудың  биік  шыңына  


 
көтерді.    Ұлы  композитордың    түрлі  жанрда    жазылған    туындысы,    ақ    қағазға  түскен, 
отты және сезімтал  жүрегінен шыққан  әрбір  музыкалық  интонациясы керемет ұлттық  
бояуымен, жаңашыл  шешімімен  туған халқын  рухтандырып, оның  көңіл-күйін  шаттық  
пен    қуанышқа    бөледі,    болашаққа    деген    үмітін    арттырды.    Нұр-аға    өзінің    өмірлік  
мақсатына    жету    үшін    қажымай-шаршамай  көптеген    өткелдерден    өте  отырып, 
қайталанбас  таланты  мен  жемісті  еңбегінің  арқасында  керемет  туындылар  шығарды.   
Қысқаша  кіріспемізде  ұлт  мақтанышына  айналған  ғажайып  өнер  иесінің  өмірі  мен 
творчестовалық    жолына  қысқаша  тоқтала  өтейік.  Нұр-аға    тамылжыған  көктемнің  
шуақты    күні  –  1925  жылдың    1  сәуірінде  дүниеге  келген.  Туған    жері-жер    жаннаты  
Жетісу өңіріндегі  Алматы облысы  Ұзынағаш  ауылы.  
Әкесі  –  шебер    домбырашы,    күйші,  анасы  да    әуезді  даусымен  ән    салатын  жан 
болғандар  екен.  Болашақ  композитор  12  жасында    (1937)  ұлт  аспаптар    оркестріне 
алынады. Өнер иесінің музыкант  маман болып қалыптасуына  академик Ахмет  Қуанұлы 
Жұбанов көп  қамқорлық  жасап, әрдайым  қолдау көрсетеді. Домбырада ойнау әдістерін  
толығымен  игерген жас талап, осы салада биік шеберлік шыңына жете алды.  14  жасында 
(бұл  музыка  өнерінің  тарихында кездеспейтін  жағдай) дирижерлық  пультқа шықты,  18 
жасында    өз  еркімен  майданға  сұранып,  1945  жылы    Ұлы    жеңісті  Германияның  
астанасында  қарсы алды.  Еліне оралған ол, 1947 жылы Алматы консерваториясына оқуға 
түсіп, ІІІ-курстан  Мәскеу консерваториясына ауысып, профессор  Аносовтан дәріс алып, 
дирижерлік    мамандықты  толығымен    игереді.  Нұр-аға    өзінің    композиторлық,  
дирижерлік,    орындаушылық    шеберлігін    арттыру    үшін  әрдайым    дүниежүзілік  
классикалық    шығармалармен    танысып,  оларды    тереңнен    қабылдап,    кәсіби  
мамандықтың    шыңына    жетуді  мақсат    етті.    Ол    өзінің    бір    сұхбатында:    «Нағыз  
музыканы  жазып    шығару    үшін  классик  композиторлар  Бетховенның,  Чайковскийдің 
шығармаларын    толық    білу  керек.    Олар    мен    үшін    биік    гуманистік,  батырлық  
оптимистік рухтың  үлгісі», - деп айтқан  еді.   
Нұрлы  ағаның    жалпы  шығармашылығы    туралы  ой    тоқтатсақ,    бір    таңғажайып, 
таңқаларлық  пікірге    келеміз  –  ол    музыка  өнерінің    әр    жанрында    өте  жемісті    түрде  
туындылар   жазып, оларды   ерекше  ұлттық   колоритке бояп, сүйкімді,  сезімтал,  нәзік  
интонациялармен    өрнектеді.  Н.Тілендиевтің    өнерінің    өміршеңдігі,  оның  ерекше  
көркемділігі неде  жатыр  десек,  ол 20 ғасырлық дәстүрлі  мәдениетімізбен, ауызекі  түрде  
дамыған  Біржан,  Ақан,  Иманжүсіп, Мәди,  Балуан-Шолақ, Үкілі Ыбырай және т.б. сал-
серілердің  дәстүрлерін жалғастыра  келіп,  жаңа заман  өнерімен  байланыстырып,  өзі де  
сал-серіліктің  қайталанбас тұлғасы  болады. Ол өз  дәуірінің  рухани-тәлімдік сұранысына  
лайықты    асқан    дарындылықпен,  шын    жүректен    шыққан    шабыт    –  шеберліктікпен 
жазған    музыкасымен    жауап    берді.    Бүкіл    қазақ    даласында    оның    биік    парасатты,  
жарқын  үнді және  жүректі  тереңнен  тербететін  ұлы  Музасы  шырқалды, яғни  өткен  
жылдардың  әр  күнін  Нұрағаның  нағыз  дәуірі деп  айтуға болады (орысша  айтқанда – 
эпоха Тлендиева!).  
Композитор  400  астам    әндердің    авторы,    ол    50-ден    астам    драмалық  
спектакльдерге,  19  көркем    фильмге,  17-мультфильмге,  14-деректі-хроникалық  
фильмдерге    музыка    және    «Алтын    таулар»  (Қ.Қожамияровпен    бірге)  атты  опера, 
«Достық  жолында» атты балет  (Л.Степанов  пен  Е.Манаевпен  бірге) жазды.  Ал  ұлттық  
оркестрге арнаған  туындылары – бір  төбе.   
Н.Тілендиев қаламынан шыққан  қандай шығарма болса да,  ол  халық  арасына  тез  
сіңіп, ұлттық  әуенге  айналып  кететін.  
Ән    жанрында    ол    тұрмыс-салт    бағытындағы    лириканы  жырласа,  оркестрлік  
шығармаларда  шертпе  күй  стилін  жаңғыртты.    Н.Тілендиев  күйлерді    тек    шығарушы 
емес,  орындаушы  ретінде де танымал  болды.  Кейбір  шығармалары жеке домбыра  мен  
оркестрге арналған, яғни,  оркестрдегі  мәтінді өзгертпей жеке  орындауда  түпнұсқалық  
ойын  жандандырып  отырды.   


 
Сазгер    үшін    ән    өнері    әуені    мәтінімен    сабақтасуы  басты  мақсат  болды.    Оның  
әндері    интонациялық-пластикалық    суретте    құрыла  отыра,  тез    жатталады.    Отан  
тақырыбындағы  («Алатау», «Жеңіс  салтанаты»), философиялық  лирикадағы («Жасымда 
ғылым    бар    деп    ескермедім»),  махаббат    тақырыбындағы  («Жан  сәуле»,  «Куә  бол», 
«Аққұсым»)  әндері    қайталанбайтын    әсем    туындыларға    айналды,  кантиленалық    әуезі  
жан  тебірентпей  қоймайды.   
Шоқан  Уәлихановтың    досы  белгілі  орыс    оқымыстысы,    қазақ    фольклорын  
зерттеуге зор үлес қосқан Г.Потанин «Маған  бүкіл  қазақ  даласы ән  шырқап тұрғандай», 
- деген  екен.  Сол  сияқты Нұр-ағаның  бүкіл туындыларынан ән өріліп тұрғандай. Автор 
әр  шығармасын  аса  көркемдікпен,  дыбыс иірімдерін  ақ  маржандай теріп,  әсерлі әрі 
әдемі  ете  алды.  Композитордың  жүрекке жылы тиетін аса  қомақты және  көрнекті  ән-
романстарын  төмендегідей тақырыптарға жіктеуге  болады. Олар  – Отан  сүю, туған  ел, 
өскен  жер, шаттық  өмір  туралы  әндер,  екінші  топтамаға еңбек адамдарына арналған  
әндерін жатқызамыз. Ал  келесі  топтамаларға жанұясы (аяулы ана,  ардақты әке, балауса  
балдыз,  ұшар  қанаты інісі), көптеген  лирикалық  әндер (олардың  ішінде  құстар  туралы 
әндер    ерекше    сала)  мен  соғыс    және    бейбітшілік    тақырыбын  бейнелейтін    әндері 
жатады.  
Нұр ағаның  керемет  вокалдық  туындыларымен  қазақтың  талай ұрпақтары  тәлім-
тәрбие  алып,  туған  елін,  Жер-ананы, Отанын  мақтаныш  етіп,  ұлт  намысын  қорғап, 
оптимистік  рухта  тәрбие алатындығымен құнды.   
Н.Тілендиев    өзі  құрған    «Отырар    сазы»  оркестрі  үшін    30-дан    астам    шығарма 
жазды.    Олардың    ішінде    тыңдарманның    сүйікті    шығармаларына  айналған    «Ата 
толғау», «Көш  керуен», «Аққу», «Махамбет», «Аңсау», «Ордабасы», «Ұлы той», «Атадан  
мұра», «Халық  қуанышы», «Әлқисса», «Сырласу» сияқты  көркем  шедеврлер  бар.   
Бұл    шығармалардың  бейнелі    мазмұны    дәстүрге    құрылған.    Мұнда  киелі    құс 
бейнесі    («Аққу»),  дала  қосынының    әсем    суреті    («Көш    керуен»),  табиғат    құбылысы  
(«Ақ  бөкен»), ата-баба аруағы  («Ата толғауы»,  «Атадан мұра»,  «Қоянкөз  ана») тарихи  
тұлғалар    бейнесі  («Махамбет»,  «Қабан  жырау»)  шабытпен    жырланады.      Аталмыш  
шығармалардың    бәрі  халық    аспаптары    оркестріне    арналған    күй    үлгісіндегі,    бүгінгі 
сұраныс  талабына  сай жазылған.   
Махамбет    Өтемісұлының  200  жылдық    мерейтойы    қарсаңында  Н.Тілендиев  
дарынды  ақын    –  сардардың  бейнесін    сомдауға  арналған  туындыларды  дүниеге  әкелді.  
«Отырар  сазы» оркестрінің орындауындағы  поэма-күй  халықтың жүрегінен орын алып,  
сүйіп    тыңдайтын    туындыға    айналды.    Бұл    шығарма    мөлтек    симфония  сияқты  
қабылданады,  мұнда  ақынның  қыран  құстай  қайсар үні,  жалынды  жырлары,  батырға  
тән    жаужүрек    жігері    мен    қуаты    естіліп    тұрғандай.    Оркестрлік    күйде  музыкалық  
бейнелердің  біртұтас  тоғысуы  шиеленісе өрнектеледі.  Шығармада  кинокадрдегі  қым-
қиғаш    оқиғалар    сияқты,    соғыс    эпизоды  асқан    шеберлікпен    бейнеленген  халық  
көтерілісінің  «аттандаған»    ұраны,    шамырқана  шапқан    арғымақтың    тұяқ  дүбірі,  
кескілескен    семсер  мен    найзаның    үні  естіледі,    ырғақ    пен    интонацияның    өткірлігі  
драматизмге    ұласады,    тегеурінді    трагизм    ақыр    соңында    шырқау    шегіне  жетеді.  
Осынау ұланғайыр  суреттеме  халық  аспаптарының  тембрі  мен  дыбыстық  палитрасы  
арқылы    жүзеге    асқан.    Н.Тілендиев  поэмасында    жауынгер    ақын    –  Махамбеттің  
«Соғыс»  деген    өлеңінің    желісі  сезіледі.  Біз  жоғарыда  композитордың  туындылары 
ұлттық  колоритке  құрылатындығын  айтып  өттік.  Сонымен  қатар,  әуезді  музыка  әуені 
белгілі бір мәтін желісінің поэтикалық қуатымен астаса өрілетінін де тілге тиек еткен едік. 
Соның  бір  дәлелі  ретінде  күрескер  ақын  Махамбеттің  «Соғыс»  өлеңінен  үзінді  келтіріп 
өтуді жөн санадық.   
Беке құмның  басында,   
Ағаш үйдің қасында 
Түніменен  түйіндік, 
Таң атқанша тарандық. 


 
Таң ағарып  атқан  соң,  
Төңірек  жаққа қарандық. 
Қарап  тұрсақ  әр  жерден 
Жау  бір  өрттей  қайнайды. 
Қайнағанмен  қоймайды, 
Мылтығын  қардай  боратып,  
Жетіп  келді қамалға
Қамалды  бұзіп  аларға.   
 
Толғай-толғай оқ  атқан, 
Он  екі  тұтас жай  тартқан, 
Қабырғасын  қақыратқан, 
Тебінгісін  тесе  атқан, 
Тізгінінен кесе атқан. 
(үзінді – С.К.) 
Өздеріңіз  тыңдағандай  бұл  өлеңде  төгілген,  төкпелеген  ой  динамикасы  бар,  ал  ой 
динамикасы  өлең  болып  өрілгенде  осындай  поэтикалық  қуаты  буырқанып  тұрған  отты 
жырға  айналады.  Н.Тілендиев  те  Махамбет  жырының  отты  қуатын  өз  музыкасына 
динамикалық қуатпен бере білген.   
Қадірменді  халайық,  Нұрлы ағаның арамыздан  кеткеніне міне,  17 жыл  болыпты.  
Орыс халқында бір  аталы ұғым  бар: «Большое видится  на  расстоянии», - деген. Яғни,  
уақыт    өткен    сайын    Нұрғиса    Тілендиевтің    жұлдызы  одан  да  әрі  жарқырай  түспек. 
Себебі, композитор асқан  жомарттылықпен өзінің қайталанбас дарынын  туған  халқына  
арнады,    ел  сүйіспеншілігіне    бөленді,    өмірінде    ардақты  да    қадірлі  ұлы  болды.  
Композитордың  асыл мұрасы  – «Мәңгілік елінің»  Мәңгілік  рухы.  
  


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет