ЖЕР ЖАЛДАУ ЖАЙЫНАН
Басқармаға келген кейбір хаттардан: қазақ жері алынбасқа
амал таппағанымызға өкпелеушілер бар көрінеді. Жер жайы-
нан айтарлық сөздің бірсыпырасы айтылып болып еді.
Сөзімізге түсініп, ақылымызды алатын қазақ болып, сол
айтқандарымызды істесе, іргесу ауып, табаны көтеріліп, жері-
нен айырылып, боспас еді дейміз. Айтқан сөзге түсінбесе я
түсінсе де айтқанды істемесе, біз айтып отырсақ, жұрт оны іс-
темей, ұнатқанын істеп отырса, оған етер не амал бар? Жұрт
істеп отырған ісін қисық я түзу деп айту ғана қолымыздан ке-
леді, істеткізбей, тоқтату қолымыздан келе ме?
Қазақ жерінің тұтқасының екі ұшы екі қолда: бір ұшы
қазақта, екінші ұшы орыста. Əдіс қылған жағы ауыстырып
алып жатыр, бос ұстаған жағы айрылып қалып жатыр. Жерді
қолында қатты ұстау, бос ұстау қазақтың өздерінен. Оған біз
не істерміз?
175
Қазақ жері қазақтан кетпес еді, қазақ жері қазақтан кет-
песіне іс қылсаңдар. Жерін алдыруға болмаса, алдырмасқа іс
қылған қазақ жоқ. Əркім өз жерін ғана ойлайды, өз басының
ғана қамын ойлап, өз пайдасын ғана көздеп іс қылып, жұрт пай-
дасы мен зарарына тіпті қарамайды. Жұрт жері кетпесе, менің
де жерім кетпес, жұрт жерден айрылса, мен де жерден айры-
ламын ғой деп еш ойламайды. Сондықтан жұрт үстіндегі, көп
ортасындағы жер ғой деп, сатып, пайдаланып қалайын деп ой-
лайды. Мұжықты қазақ жеріне үйір қылып, қоңсы қондырған
əуелде де осылай ойлағандық еді, осы күнде де сол ой қалған
жоқ.
Қазақ жеріне мұжықтарды шақырып кіргізген, хүкіметтен
бұрын, қазақтардың өздері емес пе еді? Қазақты бағып
тұрған хакімдердің көбі келген мұжықтарды орнықтырмай,
көшіргендері де болған. Дала уалаятының генерал-губернато-
ры Колпаковский қазақ жері өздеріне де тар, мал жаюға жер
жетпеген соң, қазақ орыстардан һəм Тобол губерниясындағы
орыс жерлерін жалдап, мал жайып отыр деп көрсеткен. Бірақ
қазақтардың өздері келген мұжықтарға жерін беріп, құша-
ғын жайып, қойнын ашып, қабыл алып отырған соң, Колпа-
ковскийдің қазақ жерін қорғап, қызғанғаны босқа қалған.
1882-ші жылы Жалғызкөл деген жерге түскен қаланы ...........
отырсың деп, Колпаковский көшірген, 1888-ші жылғы 17-ші
мартта шыққан генерал-губернатордың бұйрығында Семей об-
лысында еш жерге мұжықтар қала салушы болмасын деген.
Бұл бұйрықтардың бəрі де орнына келмей, құр қағаз бетін-
де қалды. Өйткені мұжықтарға жер керек болды, жұрт қамын
ойлайтын қазақтың бас адамдарына жұрт пайдасынан гөрі өз
пайдалары жақынырақ болды. Жұрт келер зарарға қарамай,
өздерінің жер сатып, байып алғанын артық көрді. Бір жағынан,
хакімдер қазақ жерін қорып бұйрық шығарып жатқанда бір
жағынан, мұжықтар мен қазақтар хакімдерден жасырын жер-
ді бірі сатып, бірі алып жатты. Мұжықтар жиылып, қала бо-
лып көбейіп, көзге түсерлік болған кезінде ғана хакімдер біліп
қалатын болды. Переселен законы шықпай тұрғанда қазақ
жерінде мұжық қаласы жоқ па еді? Оны шақырып, қоңсы
қондырған қазақтардың өзі емес пе еді? Қазақтың көбі жер са-
176
туды кəсіп қылып алған жоқ па? Қазақтың ауыл ағасы болған,
атқамінер пысықсынған адамдарының жер сатуды кəсіп
қылмағаны бар ма екен? Болса, ауылнайлардың жұртты сыр-
тынан сатып іс қылатындарын былай қойып, жай қазақтарды
алғанда да жер сатпайтындары аз болса керек. Жер сату қазаққа
əдет болып кетті. «Ауру қалса да əдет қалмайды» деген, сол
жер сату əдетін жер мол болса да, жер тар болса да тастамай-
тын көрінеді.
Қостанай уезінде Кеңарал волосында Щербина нормасы
бойынша «излишке» (артық жер) жоқ еді. Артық жер болмаған
соң, жер жалдау болмасқа керек еді. Қазақтар, жері артық бол-
маса да, жалдаудан тоқталған жоқ. Щербина есебінше, бір
мұжық қондырарлық жер болмасқа тиіс, қазақ ол жерге екі
поселка қондырып отыр. Каменский һəм Белоярский поселка-
лар, Щербина есебі бойынша, жер жоқ кезінде келіп түскен.
Оған орын тауып беріп қондырып отырған переселен чинов-
никтері емес, қазақтардың өзі. Каменский поселка болған
жерге 1891-ші жылы бір үй орыс қазақтан жер жалдап келіп
отырған. 1891-ші жылы жəне бір үй келіп қосылған. 1897-ші
жылы бұрынғыларға екі үй келіп қосылған. 1899-шы жылы 24
үй келген, 1900-ші жылы 179 үй келген. Белоярский поселка
тұрған жерге 1899-ші жылы 10 үй келіп, қазақтан жер жалдап
орныққан, 1900-ші жылы 63 үй келіп қосылған. Осы күнде сол
екі поселкада 700 шамалы үй бар, бұлардың бəрі де «излишке»
жоқ кезінде келіп орнағандар. Переселен чиновниктері бұларға
жер кесіп берерде, қалай берерін білмей, қысылған. Мұжықтарға
беруге норма бойынша «излишке» жоқ. «Излишке» болмаса,
қазақ жерін алуға жол жоқ. Орнығып қалған екі поселкадағы
700 үйді көшіру ретін тағы таба алмайды. Ақырында жолдан
тысқары жан басына 5 десятинадан жер кесіп берген. Қазақтар
өздері қондырмаса, сол екі поселкаға берілген жерлер – даусыз
қазақта қалатын жерлер.
Қостанай уезінде Меңдіғара волосында норма бойынша
«излишке» жоқ еді. Оған да орыс займкаларын қазақтардың
өздері түсірді, мысалы, Гребенкин займкасы оғайрилары.
Оларға да жоғарғы екі поселка сияқты жер берілді.
177
Мінеки, біздің қазақтың ісі! Құты переселен чиновниктері:
артығы жоқ, қалай аламыз деп қысылып, қызаратын жерлерден
қазақтар ұялмай, қызармай, жер сатып отыр. Осыны істеп оты-
рып, жеріміз аз, мұжыққа берерлік артық жер жоқ деп, ұялмай,
қызармай, дауласпақшы. Ол дауды кім тыңдамақшы? Қазақтың
ондай дауын тыңдар еді, қазақ арыз еткен мекемелер қазақтың
жоғарыда айтылған сырларын білмесе. Оны білмейді деп айта
алармыз ба, осы хабарлардың бəрін сол мекемелерден алып
отырып?
Бұлардың бəрі өткен іс. Енді оларды түзету болмайтын
жұмыс. Болары болып, бояуы сіңіп қалды. Бұларды қопарып
жазып отырғандағы мақсат: өткен істің қатесін байқап, іл-
гері істерге істемесін деген. Қазақ көшпелі нормамен бол-
сын, отырықшы нормамен болсын – қайсысымен жер алса да,
бұрынғыдай кеңшілік болмайды. Кең жердегі əдетін тар жер-
ге де істеп, сатудан тыйылмаса, қазақтың күні қараң: жерден
айрылады. Кең жердегі əдетін тар жерге істегенін жоғарғы екі
поселка турасында айтып өттік. Онан да сорақы істі тағы естіп
отырмыз. Ақтөбе уезінің Борлы болысының 8-ші ауылының
қазағы Бакеш Дүйсенбай баласының 15 десятинадан алған
жерден арендаға жер сатқанын төменде газетаға жазып отыр-
мыз. Жер сатып əдеттенген бір Дүйсенбай баласы емес, неше
мың Дүйсенбай балалары бар шығар. Бəрі де əдетін таста-
май, нормамен өлшеп берген жерге де істей бастаса, қазақ
жерден айрылмай, кім айрылады? Артығы жоқ тар жерге
орнаған орыстарды көшірмей, сол жерден жер кесіп берген
жайын жоғарыда сөйледік қой. Өздерің шақырып қондырған
орыстарға ортаңнан ойып, өлшеп алған жерлеріңнен жер кес-
іп бересің. Бір жағынан, 15 десятина аз, онымен күн көре ал-
маймыз деп, зарлап жатып, бір жағынан, 15 десятина көп деп,
артығын сатып жатса, 15 десятина көп екен деп оны да кемітер.
Ол кеміткен жерді қазақ тағы сатар. Солай болған соң, қазақ
жері қалай өзінде қалар?
Қазақ жері өзінде қалуға жол тауып бермейсіңдер деп өкпе-
лейтіндер жұртты айтқанымызға көндіріп отырып өкпелесе
екен. Біз көрген-білгенімізді аяп қалмай, халыққа айтамыз, оған
құлақ салмай жұрт өз білімінше істесе, оған біз не істерміз?
Қазақ пен мұжық бірігіп іс қылғанада, Колпаковский бұйрығы
178
да далада қалған. Осы күнгі қазақ жеріне келіп орналасып
жатқан мұжықтарды хүкімет келтірмеске бұйрық шығарса,
бəрін болмаса да, көбін қазақтың өзі шақырып қоныс берер
еді. Өйткені мұжықтарға жер керек. Қазақтарға еңбексіз тегін
табылған мал керек. Екі жақтың керегі бір жерден табылған
соң, қазаққа мұжық қоңсы қонбай тұрар ма?
Əркім жалғыз өзім демей, өзгелер жайын да ойлап, пейілін
кеңге салып іс етпесе, жұрт жұмысы түзелмейді. Жұрт пайда-
сын аяғына басып, бетімен жайылатындарын қайырып, үйірге
кіргізіп отырмаса, бір қойдың қотыры мың қойға жұққан
сияқты, бір адамның кесірі мың адамға тимекші.
(1913 ж.)
КӨШПЕЛІ һƏМ ОТЫРЫҚШЫ НОРМА
Біздің басқармамызға əр жақтан хаттар келеді: «Қай норма-
мен жер алғанымыз жағымды?» – деп. «Біреулеріміз көшпелі
норма көп болған соң, мұны алғанымызды жағымды көреміз,
екіншілеріміз, отырықшы норма түпкілікті дегенге, оны
алғанымызды қолайлаймыз. Соңғыларымыздың сөзін пере-
селен чиновниктері де қуаттайды», – деген хаттар көптен-ақ
келіп жатыр. Бірақ біз жер сөзін ашып айтарлық қолайлы мез-
гілге қаратып жүр едік.
Бұл мəселе турасында қазақтың білемін деген адамдарының
пікірлері екіге бөлінуші еді. «Отырықшы нормамен де болса
жер алып қалғанымыз дұрыс, жақсы жерді алып кетіп, жаман
жерге қамалып қаламыз», – деген пікір. Бұл пікірді ұнатушылар
жұртқа басшы болу үшін əуелі өздері отырықшы норманы
қабыл етіп, жер алды. Жұрт тоғытатын қой сықылды. Сер-
кесі суға түссе, топырлап бəрі тоғытқа түседі. Атақты, біледі
деп жүрген адамдар алып жатқан соң, ол білмей алып жатқан
жоқ шығар деп, отырықшы норма сұраушы қазақтар көбейді.
Сол жылы-ақ, переселен правлениесінің хабарына қарағанда,
отырықшы нормамен жер сұраушы қазақтар саны Торғай мен
Орал облыстарында 16 мың 441 үйге толып қалған. Оның 11
мың 490 үйі Орал қазақтары. Осы пікірді қазақтың орысша,
мұсылманша оқыған жастарының көбі қуаттайды. Бұлар
қуаттағанда, көбінесе шаруадан бөтен жағын ойлап қуаттады,
179
мысалы, қазақ отырықшы нормамен жер алып қала салып
отырса, қазақ арасына ғылым, өнер таралуына жақсы болады
деген ой. Бұл пікірдің дұрыс-бұрысы тағы бірде айтылар, енді
екінші пікірге түселік.
Екінші пікір: «Қазақ отырықшы нормамен күн көре алмай-
ды», – дейді «Қазақтың жеріне келіп, мұжықтар күн көре ал-
май, көбіне патшалықтың асырауымен ғана жан сақтап отыр.
Қазақ жерінде отырықшы норманы алу керек, нағыз жері
жақсы қазақтар – я жерді арықпен суаратын қазақтар, я əман
патшалықтан асырар деп дəме қылған қазақтар. Ондай жері
жоқ қазақтар, я олай дəмелі болмайтын қазақтар отырықшы
нормамен күн көре алмайды. Онымен жер алдым деп жаман
атты болғанша, қарап отырған жақсы», – дейді. Бұл пікірді
қуаттаушылар айтушы еді: «Отырықшы норма – қазақ соны-
мен күн көреді деп көзі жеткендіктен шығарған норма емес,
қазақтың жерін көбірек алу үшін шығарған һəм көбірек алғанда,
қазақтың ризалығымен алдық деп көрсету үшін шығарған нор-
ма», – деп.
Осы екі пікірдің бастапқысын көбі (… оқылмады), соңғысын
наразылықпен айтатынға санаңқырайтын еді.
Өткен 11-ші иуілде Думада айтылған сөздерден мағлұм
болды: қай пікірдің дұрыс-бұрысы. Депутаттар қазақ жерлері
жолсыз алынып жатыр дегенде, переселен управлениесінің
бастығы Глинка қазақ жерін жолмен алып жатқандығын
көрсетуге отырықшы норманы қазаққа не үшін шығарғандығын
жасырмай, ашып айтып берді. Ол айтты: «Біздің қазақ тура-
сында істеп отырған ісіміз жолды. Біздің жолымыз екеу-ақ.
Бірі – қазақтан артық жерді алу, екіншісі – қазаққа тиісті жер
беріп, орналастыру. Қазақтың артық жерін алып жатырмыз
– артық жерді алсын деген закон бойынша, қазаққа жер беріп,
орналастырып жатырмыз – өздерінің тілегі бойынша. Қазаққа
істеп отырған жолсыздық емес, əдісіміз бар – қазаққа тиісті
жер беріп, орналастыру турасында Думаға закон жобасын кір-
гізбей тұрғанымыздың мəнісі мынау: көшпелі қалпында жер
беріп, орналастырсақ, қазаққа көп жер тиеді. Артыларлық жер
аз болмақшы. Оны Дума арқылы законмен бекітіп, қазаққа бер-
ген соң, ала алмаймыз. Қазақ жері қазақтан көп артылып қалу
180
үшін, яғни переселендерге қазақтардан жерді көбірек алу үшін,
біз əдіс істеп отырмыз. Əдіс қылу жолсыздық емес, ептілік.
Біз Министрлер Советінен ептілік етуге рұқсат алып, қазақты
ебімізге түсіруге қайырмалап едік, топ-тобымен топырлап
түсіп жатыр. Ол істеген себіміз мынау еді: қазаққа отырықшы
болып, жер алуға риза болсаңдар, сендерге де мұжықпен қатар
15 десятинадан еркек басына жер береміз дедік. Айтуымыз-ақ
мұң екен, қазақтар отырықшы нормамен жер бер деп жабыла
сұрап жатыр. Өткен жылда отырықшы нормамен қазақтарға
700 мың десятина жер бердік…».
Міне, переселен управлениесінің министрден соңғы басты-
ғының сөзі. Бұл құпиялап ғана досына айтқан сөзі емес, Го-
сударственный Думада күллі депутаттардың алдында айтқан
сөзі. Мұның айтқанын шылғи өтірік деп айта алмаймыз.
Жоғарыдағы сөздің қорытқандағы қысқасы мынау: пере-
селен управлениесі қазақ жерін жолмен алып жатқан болады.
Артық жерді алсын деген закон бар. Қазақтан жер көп алынып
жатқаны – ол қазақтың өзінің тілегі бойынша болып жатыр.
Қазақтан отырықшы нормамен жер алушы неғұрлым көбірек
болса, солғұрлым жер көбірек артылмақшы һəм переселен-
дерге көбірек алынбақшы.
Отырықшы норманы қазаққа не үшін шығарғандығын,
отырықшы нормамен қазақтар жер алғанын переселен чинов-
никтері не үшін қуаттайтындығын қазақтарға түсіну енді қиын
болмас шығар. «Тісі шыққан балаға шайнап берген ас болмас»
деген. Тісі шыққан адамдарға айтылып отырған сөз ғой. Пе-
реселен шенеуніктері – алушы, қазақтар – беруші. Алушыға
көп алғаны жағымды, берушіге аз бергені жағымды. Қазақ
əуелден осыны ойлау керек еді. Олар өзіне жағымды жағын
көздегенде, қазақтар да өзіне жағымды жағын көздеуі тиіс. Құр
пəленше пəлен етіп жатыр деген дақпыртқа жүгірмей, істің
түбінен ойлау керек. көшпелі һəм отырықшы норма турасын-
да біздің естіген, білгеніміз осы. Ендігісін өздерің білесіңдер.
Отырықшы нормамен күн көрерлік болсын, болмасын, отан-
дас орыстарымызға қарасалық десеңдер, отырықшы нормамен
алып, жерлеріңді орысқа көбірек қалдырыңдар. Жоқ, оны алып
күн көре алмаспыз десеңдер, көшпелі нормасын алыңдар. Бе-
рушіге бес көп, алушыға алты да аз. Жағымдысын ойлаңдар.
181
Біздің мұнан соңғы айтатынымыз: қазақтың бас адамдары!
Əуелі, сіздер адаспаңыздар, адаспас үшін ақылдасып, ойланып,
ынтымақпен іс етіңдер.
Екінші, қазақтың байлары, күштілері! Жарлы-жақыбай, на-
шарларыңды жермен теңгеріңдер. Бір асауға да болса құлдық
дейтіндер көбінесе солардан болады. Үшінші, Алашқа аты
шыққан адамдар! Көсемдіктеріңді адаспай, түзу істеңдер.
Сендер адассаңдар, арттарыңнан алаш адасады. Арттарыңнан
ергендердің обал-сауабына сіздер қаласыздар.
(1913 ж.)
УАҚ ҚАРЫЗ
Уақ қарыз жайынан мағлұмат бер деп қазақтардан, əуелі,
сұраушылар болғандықтан, екінші, Оренбургский государс-
твенный банктағы уақ қарыз жұмысындағы инспектордың
Торғай облысында əр жерден уақ қарыз серіктігін ашпақшы
ниеті бар болғандықтан, уақ қарыз деген не нəрсе екендігін ай-
тып, халықтың құлағына салмақшымыз.
Уақ қарыз серіктігі деген – серіктескен адамдардың қажетін
шығаруға қарызға ақша беріп тұратын серіктік. Шаруасы
бар, кəсібі бар адамдардың көбі-ақ қарызданбай тұрмайды.
Қарызды бай да алады, жарлы да алады, бай мен жарлыға
қосылмайтын орташа ауқаты бар адамдар да алады. Байдың
қарызы ірі болады, басқаларының қарызы уақ болады. Байлар
мыңдап, он мыңдап, жүз мыңдап қарыз алады, басқалары он-
дап, жүздеп ғана қарыз алады. Ірі қарыздар үшін неше түрлі
банктар бар, уақ қарыздар үшін ондай орындар жоқ. Уақ қарыз
алушылар көбіне ақшалы адамдардан қарыз алады, алғанда,
көп өсімменен алады. Қажет болған шағында өсімнің көбіне
қарамай, төлеу шартының ауыр-жеңілін талғамай ала сала-
ды. Сондай қысылғандарға көп өнімменен қарыз беруді кəсіп
қылып алған адамдар да көп. Ауыр шартпен көп өсіммен қарыз
алудан құтылуға болады, егерде уақ қарыз серіктігін ашып,
дұрыстап, оны іс қылып жүргізетін адамдар болса.
Уақ қарыз серіктігі пайдалы һəм ашуы да оңай. Жалғыз-ақ
қиын жері – дұрыстап іс етіп жүргізу. Оны дұрыстап жүргізу
үшін керек, əуелі, іс мəнісін жақсы білетін адамдар, екінші,
182
серіктіктің тиын-сиындарына көзі қызықпайтын адамдар, осы
екі шарт орнына келетін болса, уақ қарыз серіктігі серіктескен
адамдарға бек пайдалы нəрсе.
Біз сырттан ашыңыз-ашпаңыз деп ешкімге мəслихат бере
алмаймыз: жоғарғы екі шартқа тура келерлік кісілері бар-
жоғын əркім өзі біледі, біз уақ қарыз деген не нəрсе екендігін
һəм қалай істелетін жайын жазсақ, қолынан келер-келмесін
əркім өзі аңғарар. Қолынан келерлік болса, ашқандары пайда-
лы, келерлік болмаса, ашқанмен, жөндеп жүргізе алмай, пайда
орнына зарар келтіреді.
Уақ қарыз серіктігінің түп мақсаты серіктескен адамдарға
керекті кезінде машақатсыз, оңай жолмен, жеңіл өсіммен қарыз
беріп тұрмақ. Ол қарызға берілетін ақша азық-түлік, киім-
кешек һəм онан басқа сол сияқты шығыны бар да, өнімі жоқ
қажеттерге емес, шыққан ақшадан өнім болатын іске беріледі.
Мысалы: егін саларда иə көлігі кем болып тұрса, я шашатын
тұқымы жоқ болып тұрса, пішен шабуға машина алатын болса,
я май алатын машина керек болса, я малға жем-шөп алу қажет
болса, қысқасы, шығарған ақшасын өтерлік іс я кəсіптерге ғана
беріледі.
Уақ қарыз серігін ашып, бастау үшін əуелгі кезде 20-30 адам
керек. Ол адамдардың əрқайсысы өз алдына шаруасы я кəсібі
бар адамдар болу тиіс, жасы 21-ден кем болмайды, еркек бол-
сын, əйел болсын, бəрі бір есеп. Доктор, учитель, фельдшер,
писарь, мұғалім, мұғалималар сияқты хат білетін, көзі ашықтау
адамдардың кіріскені тым жақсы, мұндай адамдар тек сол жер-
де тұратын болса, жарайды. Жалғыз-ақ қымбаты: таза қылықты
һəм халыққа қызмет етуге ынтасы бар адамдар болсын. Уақ
қарыз серіктігін ашамын деген адам əуелі екі-үш адамға ойын
айтып, істің мəнісін түсіндіреді, олардың əрқайсысы тағы екі-
үш адамға айтады. Сонымен, серіктікке кірерлік адамдардың
саны 20-30-ға толған соң, бəрі жиылып, бас қосып, іс жайын
кеңеседі. Ашатын қаласын я ауылын белгілейді һəм қанша
елге, яғни бір волост я бірнеше волост елге ашу ма – оны һəм
анықтап, жиылыста белгілейді. Осы іс бастап отырған 20-30
кісі учредительдер (жасаушылар) деп аталады. Учредительдер
183
министр қол қойып шығарған уақ қарыз жайындағы уставты
қарап, қолайлағандарын алып, қолайламағандарын, себебін ай-
тып, өзгерт деп сөз етуге ықтиярлы.
Бас қосып кеңесіп, ақылдасып, ойласып, сөзді пісіріп болған
соң, ашарға рұқсат сұрап, арыз береді. Арыз беру, рұқсат алу
– бəрі де оңай. Арыз беріліп, рұқсат алынғаннан кейін қызмет
етер адамдарын сайлайды, ол үшін члендердің түгел жиы-
лысы болады. Уақ қарыз серіктігінің қожасы – члендердің
түгел жиылысы. Оны орысша общий собрание дейді. Түгел
жиылыстың ұйытқаны – серіктік жұмысына закон. Оны асып
ешкім іс қылуға ықтиярлы емес. Члендер жиылысында серік-
тік жұмысын атқаратын адамдар сайланады, мысалы, үш кісі
сайланады серіктік жұмысын жүргізіп тұруға, оларды правле-
ние дейді. Олардың ісін тексеретін үш адам сайланады, оларды
совет дейді.
Сөйтіп, серіктік жұмысы үшке бөлінеді: члендер жиылысы-
на, правлениеге, советке. Бəріне жол салып, жоба көрсетіп бе-
руші члендер жиылысы: қанша өсіммен қарыз беру, қарыз алу
ретін бекіту, жаңа члендерді қалай кіргізу, қандай сомаға шейін
оған қарыз беруге болатындығын бекіту, жылдық расходтың
сметасын, жыл өткеннен соңғы отчетты бекіту, правление ме-
нен советтің үстінен арыз болса, қарау, тексеру, правление ме-
нен совет жұмысына жасалған типтерді бекіту – бұлардың бəрі
де члендер жиылысына міндет жұмыстар.
Қарыз алу, қарыз беру, жылдық расходқа смета жасау, жыл
өткен соң отчет беру, басқа мекемелермен қатынасу, қысқасы,
жиылыста істелсін деп мақұлданған істің бəрін атқаратын
правление.
Советтің қарайтыны: уақ қарыз турасындағы закондерге,
члендер жиылысында ұнатылып жасалған тəртіптерге х ы -
л а ф іс қылынбасын көздеу, серіктік сомасы, мүлкі түгел ме –
соны біліп тұру, ол үшін айында аз болса бір рет кассадағы бар
ақшаны, қарызға берілген ақшаны книгеге салыстырып қарап,
түгендеп тұрады. Правление менен советке сайланған адамдар
хат білетін, іс білетін адамдар боларға керек, əсіресе правле-
ниедегі адамдар. Серіктіктің маңызды ісінің бірі осылардың
қолында болады, білімнің үстіне тазалық һəм керек.
184
Серіктік серіктескен адамдарға қарызға оңай жолмен,
жеңіл шартпен ақша беріп тұру үшін ашылады деп жоғарыда
айтылды. Оларға қарызға беретін ақшаны қайдан алады? Ол
ақшаны қазынадан алады. Іс басталып, жүріп кету үшін қазына
мыңнан бастап, үш мыңға шейін қарыз береді. Орынбор уезін-
де ондай қарыздарға 1000 сом, 2000 сом беріліп тұр. Көп, аз
беру серіктіктің үлкен, кішілігіне қарай. Бұл ұзын срокты (13
жылдық) қарыз сомына алты тиын өсіммен беріледі. Ол өсім
жыл аяғында, декабрде төленіп отырады. Онан басқа государс-
твенный банк қысқа срокты (тоғыз айлық) қарыз да береді.
Оны да серіктіктің үлкен, кішісіне қарай, екі мыңнан бастап,
бес мыңға шейін береді. Бастапқы кезде серіктікке қазына
осындай көмек береді, сонан соң серіктіктің жұмысы жөнделіп
кетсе, қарызға берерлік ақша бірте-бірте өз ісінен құралады. Іс
жақсы кетіп бара жатқанын көрген соң, уақ қарыз кассасына
өсім үшін ақша салатындар да шығады. Тоғыз айлық государс-
твенный банк беретін қарыз да істің жүрісіне қарай беріледі,
жақсы бара жатса, көбірек, олай болмаса, азырақ беріледі.
Серіктік члендеріне қарыз берілгенде, бастапқы кезде бір
жылдан артық срокке бере алмайды. Ақшасын көп срокке бер-
се, кассаға өсімі ғана түсіп, капитал қайтып түспесе, қарыз
берерлік кассада ақша болмай қалуы ықтимал. Сондықтан
əуелгі жылдарда серіктік қарызды бір жылдан артық срок-
ке бермеске тиіс. Кассада капитал молайған сайын қарыздың
срогін ұзайтады. Қарызды қанша өсіммен беру серіктіктің
қолайлауынша, бірақ сомына 12 тиыннан артық болмайды.
Өсімге салған ақшаларға қаншы өсім төлеу – о да серіктіктің
қолайлап келісуімен.
Уақ қарыз серіктігінің өрмегін құру реті осы. Істің жақсы,
жаман болуы істеушілердің шеберлігіне қарай – жоғарыда
айтылған жұмыстарды атқара білетін секілді адамдары бар
болса, уақ қарыз серіктігінен пайда көп, зарар жоқ. Ондай ада-
мы жоқ жерлерде серіктік ашу пайдалы болады деп айта ал-
маймыз. Қазақтардың өз бетінен ашарлық адамдары болмаса,
орыстардың ашқан уақ қарыз серіктігіне қосылғанын мақұл
көреміз, басқалармен қосылып, іс көріп үйренгенінен кейін
өздері ашуға болады.
185
Ашуға бел байлаған адамдар болса, қалай ашу жайынан
толық мағлұмат беруге білгенімізді мұнан кейін де аямаймыз.
(1913 ж.)
Достарыңызбен бөлісу: |