шығарған бірнеше әнді де айтып берді.
дейік.
шұғыла
5
9 қаңтар 2015 жыл
Қамқорлық аясындағы игі істер
е
ліміздің қарқынды дамып, халқы-
мыздың жағдайының күннен күнге
артуы ұлт көшбасшысы Н.Назарбаевтың
жүйелі жүргізіп әрі қадағалап отырған
көрегенді, сарабдал саясатының арқасы
деп білеміз. Болашақ жас ұрпақтың қо-
лында демекші, Елбасы жастардың бо-
лашағына көп назар аудара отырып,
олардан үлкен үміт күтуде. Соның ішін-
де білім саласына қатты көңіл бөліп,
балаларымыздың заман сұранысына сай
білім алуын тиісті қажеттіліктермен қам-
тамасыз етіп отырғанына өзім куәмін. Ай-
та кетсем, әсіресе, жас ұрпақтың сапалы
білім алуына, ауылдық өңірлерді дамытуда
облыс орталығынан шалғай орналасқан
біздің ауылға да 2013 жылы жаңа үлгідегі
үш қабатты мектептің салынуы біз үшін
үлкен мәртебе болды. Шынымен, біздің
балаларымыз бақытты, қаладағы білім
ошақтарының сән үлгісімен салынған мек-
тепте білім алып, тәрбиеленуде. Бұл
бұрыннан да білім көрсеткіштерімен об-
Қазақстан Республикасының азаматы болу – сол елде тұрған әрбір адам үшін
үлкен бақыт болып табылады. оның бірден - бір себебін еліміздің тыныш, көп
ұлтты мемлекетіміздегі халықтардың алаңсыз бейбіт өмір сүруінен көруге болады.
Басқа мемлекеттерден бір адым да қалыс қалмай, тіпті кейбір мемлекеттерден
көш ілгері келе жатқанымыз да бәрімізге мәлім.
лыс, республика көлеміне таныла біл-
ген мектептің оқушылары үшін тамаша
мүмкіндік. Мектепті бітірген түлектердің
бірқатары еліміздің Астана, Алматы, Қа-
рағанды, Қостанай, Ақтөбе, Ақтау, Аты-
рау, Орал қалаларындағы ең таңдаулы
жоғары оқу орындарында мемлекеттік
грантпен оқып жатса, кейбірі жақын және
алыс шетелдер: Ресей, Англия, Польша
елдерінде өз білімдерін жалғастыруда.
Мен үш баланың анасымын. Жолдасым
Ақылбек балаларым кішкентай кезінде
жол апатынан қаза болды. Менің алдымда
үш баламды аяқтандырып, оқыту міндеті
тұрды. Дейтұрғанмен, осындай әлеумет-
тік жағынан қамқорлық қажет ететін
балаларды да мемлекетіміз қолдап, кө-
мек беріп отыр. Тұңғыш қызым Жанар-
гүл «Бөбек» қорының Президенті Сара
Назарбаеваның арнайы бөлінген гранты
бойынша 2011 жылы Орал қаласындағы
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан
мемлекеттік университетінің педагогика
және психология факультетіне психология
мамандығы бойынша оқуға түсіп, қазір ІІІ
курсында білімін жалғастырып жатыр.
Қазіргі таңда Елбасымыз дуалды
оқытуға қатты көңіл бөліп отыр. Дуалды
оқытудың негізі – студентті оқу орны мен
өндірісте қатар оқыту. Атырау қаласында
ашылған, әлемдік деңгейде құрылған
алғашқы APEC Petrotechnic «Кәсіпқор»
Холдингінің кәсіптік-техникалық колледжі
– мұнайшы мамандығына дайындайтын
өңіраралық орталық. Н.Назарбаевтың
бастамасымен Атырау қаласында биыл
осы APEC Petrotechnic колледжінің
жанынан мұнай және газ өндіру тех-
нологиясы бағдарламасы бойынша әр
түрлі мамандарды даярлайтын 10 айлық
курс та ашылды. Сол курсқа биыл
мектепті бітірген ұлым Азамат оқуға
түсті. Жалпы Орал облысы бойынша
осы оқуға 5 мектеп түлегі түскен болса,
барлығы да біздің мектептің оқушылары.
Ол балалар – ұлымның сыныптастары
Ж.Хайредденов, М.Самат, М.Рысқалиев
және А.Сүлейменов. Аталған курсқа ба-
лаларымыздың оқуға түсіп кетуіне ау-
дандық білім беру бөлімінің бас маманы
Т.Хамитов пен мектебіміздің директоры
Т.Үмітаеваның алдын ала жүргізген түсі-
нік жұмыстарының ықпалы мол болды.
Білім алушыларға жаңа білім беру
бағдарламаларымен канадалық оқыту-
шылар ағылшын тілінде білім беруде.
Сондай-ақ, бұл балалардың жатақханасы
мен күнделікті тамағы, үйге келіп-кету
қаржысы тегін және олар ай сайын 30 мың
теңге көлемінде төленетін шәкіртақыны да
алып отыр. Жоғарыда аталған балалар-
дың барлығы дерлік көп балалы, аз
қамтылған отбасы санатына жататын-
дықтан, осы жағдайлар олардың отбасына
және өздеріне де үлкен көмек.
Менің екі баламның да мемлекет
тарапынан көрсетілген қамқорлық және
заман сұранысына сай қажетті маман-
дықтар бойынша оқып жатқанына басты
себепші болған - Е.Ниетқалиев атындағы
жалпы білім беретін орта мектептің
директоры Тоқтаған Үмітаева. Ол адам
үнемі еліміздегі тың жаңалықтардан тыс
қалмай, әрбір мектеп бітіруші түлектердің
қабілетіне қарай кәсіптік бағдар бере
отырып, оқуға түсіп кетулеріне зор сеп-
тігін тигізіп отырады.
Болашақтың іргесін қалар жас ұрпақ-
тың қадамына ізгіліктің нұрын сепкен білік-
ті де еңбекқор ұйымдастырушы Тоқтаған
Төлешқызының іскерлігі кейінгі жастарға
жұғысты болса демекпін.
алмагүл ИСҚаҚова,
Қамысты ауылы.
Қараңғылықтың түнегін түрген шамшырақтар
Ж
оқ, енді олар қару-жарағын түзеп
жатса, яғни ғылым-өнер үйреніп
жатса, бізге ұйықтап жатуға келісі келер ме?!.
Олар ертеңгі күні бар қаруын бізге жұмсайды
ғой! Құр қол оларға біз не бітіреміз?!... Осы
біздің сорымыз, ертең барып солардың
аузына түсеміз. Біз малды машақаттанып,
сол өнерлі халықтар үшін жинап отырмыз...»
деген сөзі «Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты. Жер кетті,
дін нашарлап, хал һарам боп, Қазағым енді
жату жарамас-ты» деген А.Байтұрсыновтың
пікірімен сабақтас. Газеттің 1911 жылғы 27
мамырдағы №2 санында жарық көрген
Ғ.Қараштың «Еңбек етсең емерсің» атты
мақаласында автор: «...Әйтеуір жылдан-
жылға жарлы болып бара жатқанын халық
жақсы біледі, бірақ ол жарлықтың неден
болып тұрғанын біреу біледі, біреу білмейді,
бұ жарлық бізге заманның өзгеруінен болып
тұр. «Қазақстанның» әуелгі нөмірін оқыған
кісінің қатерінде қалған болар, жер менен үй
ішкі ордалықта бұрын қанша болған, қазір
қанша? Бұдан толық аңғарылады: бұрын бай
болыппыз, енді ондай кең жер бізге жоқ,
патшалықта жер көп демеңіз, жер жетпей
жатыр, енді аз жерді күтіп берекетті етіп
ұстайтын кезге келді, тар жер көшіп жүруді,
шашық отыруды көтермейді және көшіп жүр-
ген халықтың мынау менікі дейтін бір заты
бұрын да болмаған, қашан да бір жерге мекен
теуіп, жерге еңбек сіңірген халықтың еңбегін
патшалар жемеген, күндердің күні болғанда
жерге еңбек сіңірген халық, сол жердің ие-
сі болып қалған, бұлайша көшпелі болып
жүрумен біз жер-суға қожа бола алмаймыз,
бұ күнге дейін мынау менікі дейтін бір нәр-
се жоқ екен, ол не үшін жоқ, барлығы көш-
пеліліктен» деп жарлылықтың түп тамырын,
себеп-салдарын анық көрсетеді. Бұл сөздер
алаштың тағы бір алдаспан арлы ұлы Әли-
хан Бөкейхановтың: «Мемлекеттің негізгі
арқа сүйер тірегі – Жер. Ол болмаса, мем-
лекет болмақ емес. Жер, жер және Жер.
Жерсіз Отан жоқ», – деген сөзімен үндесіп
жатыр. Газеттің 1911 жылғы 15 қарашадағы
№1 санындағы Ғұмар Қараштың: «Бұл қай
заман» атты мақаласындағы мына жолдар-
ға көз жүгіртелік: «Бұл түріктің күресінде жы-
ғылмау үшін ғылым керек, өнер керек, қара
күш пайда беретін заман артымызда қалды;
қазір түрлі машина тетікпен іс ететін заман,
суда жүзіп, көкке ұшқан заман, алысты жуық,
ауырды жеңіл еткен заман. Осы айтыл-
ған себептер үшін біз қазақ халқы да ба-
лаларымызды заманға сәйкес тәрбиелеп,
келешекте замандастармен бір арбаға же-
гілгенде парға шыдарлық кісі етуге жиһад
етпек керек, «ана оқу әлен, мына оқу пәлен»
деп өзімізді өзіміз алдап, ұрпақтарымыздың
обалына қалмауымыз керек. Басшы адамдар
халыққа айтып түсіндіру міндет болса керек».
Осындай пікірді 1913 жылы «Қазақ» газетінде-
гі «Қазақша оқу жайынан» деген мақаласын-
да А.Байтұрсынұлы былайша өрбітеді: «Әуе-
лі біз елді түзеуді бала оқыту ісін түзеуден
бастауымыз керек. Неге десек, болыс та,
билік те, халық та оқумен түзеледі. Қазақ
ісіндегі неше түрлі кемшіліктің көбі түзелген-
де оқумен түзеледі. Халық түзелуінің үміті
жастарда. Сондықтан жастардың қалай оқып,
қалай тәрбиеленуі - бәрінен бұрын ескеріп,
бәрінен жоғары қойылатын жұмыс. Әуелі біз
бала оқытатын кітаптарымызды түзеп, сай-
лап алып, одан соң неден бастап неге шейін
оқытатынымызға жосық белгілеу дұрыс». Ұлт
ұлағаттарының пікірінің үндестігі таңырқа-
тады. Білімдінің алды кең, арты жарықтығын
насихаттаған арыстарымыздың арманының
орындалып жатқанына тәубе дейміз. Ғұмар
бабамыз «Бөкейліктің қайырымды адам-
дарына» атты мақаласында: «Оқудың мұ-
сылманша болсын, орысша болсын қажет
екендігіне ешкімнің де таласы болмаса ке-
рек. Сондықтан әркімде балаларды оқытуға
жәрдем беруді міндет нәрсем деп білу ке-
рек. Әрине, ешкім де зорлықпен емес, өз
ықтиярымен жәрдем етеді ғой.... Жарлы
балалар ақылды, оқыса адам болатын,
ғұмырына надан болмас үшін байғұстар он
тиын-бес тиыннан сойған малдарының тері-
сін сатып, апа-шешесінің тоқыған шарф, оны-
мұнысын сатып, жиырма бес-отыз мәнетті
азар толтырады, кейбіреулер соны таба ал-
май, оқуы бола тұрса да школға кіре алмай
қалады. Сондай балаларға жәрдем беру үшін
Хан ордасындағы әкім қаралар Һәм халықтың
жақсы адамдары жиылып, обшстуа (жұмғиат)
құрды, ол обшстуаның мақсаты сол - байғұс
жарлы балаларға оқуларына, тамағына,
киіміне ақша тауып беру. Әй, халықтың жақсы
адамдары, осы жоғарыда айтылған жарлы
балалар жәрдем беретін обшстуаға член
болып кіруден қаша көрмеңіз» деп меце-
наттарға үндеу тастап, қалталыларды қа-
йырымдылыққа үндейді. Ғ.Қараштың «Қа-
зақстан» газетінің 1911 жылдың 1 жел-
тоқсандағы №1 санында жарияланған «Енді
қалай тұрмақ керек?» деген жанайқайына
құлақ түрсек:«...Сол күндегі яғни екі жүз жыл
шамасындағы бізбенен баяғы білімі, өнері
бірдей қатар халықтардың бәрі де бұл күнде
ғылым иесі, өнер иесі болды. Енді бұл екі жүз
жылда біз не бітірдік екен, өзімізді өзіміз бір
байқап қаралықшы. Япырмай, ойлап тұрсақ,
біздің бұл екі жүз жылдық ғұмырымыз бүтін-
дей босқа өтіпті. Өзіміздей халық білім-
ді, ғылымды, өнерді асырмақ үшін басқа
халықпенен таласқанда, біз өзді-өзіміз бір-
бірімізбенен үлкендікке таласып, барлық уа-
қытта да барлық малды сарп етіп, масқара
болыппыз. Сөйтіп өнерден де, ғылымнан да
мақұрым қалып, ақырында күнелтіп отырған
малдан да айырылып, зор қиындыққа ұшы-
рап тұрмыз. Жетер енді таласу, жетер! Ендігі
ғұмырды бос өткізуден сақтаналық. Енді бізге
бұрынғы күн жоқ, бұрынғыша мал бағып, көп
ұзақ жасай алмаймыз, ол үшін бұрынғыдай
жер жоқ». Тату-тәтті тірлікпен ынтымақты
кәсіп қыл, оқы деген Ғұмар аманатын
А.Байтұрсынов былайша жалғастырады:
«Басқадан кем болмау үшін біз білімді, бай
һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға
оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті
болуға бірлік керек. Осы керектердің жолын-
да жұмыс істеу керек». 1912 жылғы 2 қаң-
тардағы «Қазақстан» газетінің №2 санында
жарияланған Бақытжан Қаратаевтың «Аза-
маттарға бір-екі ауыз сөз» атты мақаласын-
да автор: «Абайласақ, өнерлі, ия білімді
халықтардың басшылары журнал ия газет
көрінеді. Мәстектерін терлетіп, қазақтың
ауыл-ауылын қыдырып жүріп, есіткен-білгенін
жүзбе жүз айту ешкімнің қолынан келмей-
ді. Сол себепті де біз есіткен-білгенімізді
«Айқап» бен «Қазақстанда» жазып тұрмақ-
шы болдық. Енді жұртшылық болып, бұл
журналымызды һәм газетімізді қазақ аза-
маттары подписчик болып алып тұрса, өзінің
ортасынан шыққан білімділерінің сөздерін
оқып-біліп тұрса еді, Һәм надандық да-
риясынан, қараңғылығынан тез құтылар еді»
деп баспасөзге жазылуға халайықты үндей-
ді. Ұлттың ұлағатты ұстаздарының бірі Жү-
сіпбек Аймауытов болса «Ұлтты сүю» атты
мақаласында: «Оқығандар! Бұл уақыт жан
тыныштығын іздейтін, қызық қуатын, еңбек
сіңіретін уақыт. Ойланыңыздар: Халық біз
үшін емес, біз халық үшін туғанбыз, олай
болса, мойнымызда халықтың зор борышы,
ауыр жүгі жатыр», - деп ұран тастайды. 1912
жылғы 6 наурыздағы «Қазақстан» газетінің
№8 санындағы Арғын (Тәбиб)-тің «Газет
файдасы» деген мақаласында: «Қазақ халқы
өнебойын бір хәлде, бір жәйде тұрмақ емес,
кең жайлау, жазық дала тарылып барады.
Жақсы-жақсы жерлерге біржолата отыралық,
егін салып, Һәм бір пайдалы кәсіпке кіріселік.
«Күш-қуат-бірлікте» деген сөз бар, оқыған-
дарымыздан, жас қазақтардан үміт етеміз,
осылар бірлікке тырысар, һәм халық арасында
ғылымды, өнерді шашуға ыжтиһад етер деп,
қазаққа пайда келтіру үшін бір пікірде бо-
лармыз деп ойлаймын», - десе, Ахмет Бай-
тұрсыновтың: «Алашқа аты шыққан адам-
дар! Көсемдіктеріңді адаспай түзу істеңдер!
Сендер
адаспаңдар-арттарыңнан
алаш
адасады: арттарыңнан ергендердің обал-
сауабына сіздер қаласыздар!», - деген жол-
дары әлі күнге өзектілігін жойған жоқ.
Капиталистік қатынастың ел өміріне дендей
еніп, көп укладты шаруашылықтың қалып-
тасуы, тауар-ақша жүйесінің күнделікті
тіршіліктің өзегіне айнала бастағанын «Қа-
зақстан» газетінің әр парағынан сезінеміз. Өз
сөздерімен айтқанда «Халықтың түрлі мұқ-
тажы, жері, со секілді, хүкім тәдбірлері, жаңа
шыққан низам, ауысқан-түйіскен секілді,
тилиграм хабарлары, өз арамыздан яғни өз
патшалығымыздан яки бүтін патшалықтан
алынған хабарлармен» қатар мал өнімдерін,
жем-шөбін сату, жоғалған мал-мүлікке қа-
тысты дерек айту, «Зингер» компаниясының
іс тігетін машинасының сапалылығын дәріп-
теген жарнамалар да газетте көп берілген
екен. Жарнама жасау арқылы, газет қыз-
меткерлері, бір жағынан ұшқыр уақыттың
ағымынан қалмай, нарықтағы тауарға деген
халықтың сұранысын өтеуге тырысса, екін-
шіден, ұжымға осы арқылы ақша түсіріп, ішкі
қызметіндегі өтемдерін жабуға тырысқан. Екі
газеттің ұстанымын, алға қойған мақсатын
саралай келе жиырмасыншы ғасырда Ресей
империясының отарлық бұғауының шынжыр
кісенін үзуге бұлқынған, тәуелсіздікке тал-
пынған қазақ қоғамының бастауында азат-
тықтың ұранын көтеру эстафетасын мықтап
қолға алған ұлттық зиялылар тұрғанын,
олардың баспасөз арқылы қоғамдық күште
ұлттың санасына терең қозғалыс салған
мықты саяси-әлеуметтік күш болғанына тағы
да көз жеткіздік. «Жақсылық отқа күймес, суға
батпас, Гауһар тас жарық қылмай, жерде
жатпас. Қолдан келсе, етіңіз жақсылықты,
Жақсылықты еткендер жаман таппас» деп
Майлықожа шайыр айтпақшы, сексен жылға
жуық «ұлтын сүйгенді қаралап, халқын
сүйгеннен сақтанған, қазақты қырып мақ-
танған» қоғамның жүргізген саясатының
кесірінен санасы ұлттық намыспен суарылған
Ғұмар бабамызды тани алмай келгенімізге
налимыз да, «алмас пышақтың қын түбінде
жатпайтынына» тағы да бір көзімізді жеткізе
түсеміз.
Достарыңызбен бөлісу: