Жолдауға қолдау Өркениетке бастар өскелең жол С


-2-36 және 21-2-86 сенім телефонына



Pdf көрінісі
бет5/5
Дата11.01.2017
өлшемі438,23 Kb.
#1623
1   2   3   4   5

21-2-36 және 21-2-86 сенім телефонына хабар 

беру  немесе  шағым  түсіру  арқылы  заңсыз  іс-әрекеттерден  құқықтарын 

қорғай алады.

а.КаБДРахИмов, 

аудан прокурорының аға көмекшісі

Мен өмірді таңдаймын



Б

алалардың психикасы өте нә- 

зік 

болатынын 



ескерсек, 

олардың  кішкентай  нәрсенің  өзін 

ауқымды  проблема  ретінде  қабыл-

дайтынын  түсінер  едік.  Сондықтан 

оларға қашан да ата-ананың түсініс-

тігі және мектеп тарапынан  көп көмек 

қажет-ақ.  Осы  бағытта  баланың  мі- 

нез-құлқындағы  өзгерістерді  бақы-

лап,  аңғара  отырып,  өзін-өзі  тану, 

тұлғалық  даму  тәсілдерін  таба 

білу,  көңіл-күйді,  эмоцияны  реттеу, 

өмірге  деген  құлшынысын  және 

өмір  туралы  ой-өрісін  дамытып,  

шындығында  адам  өмірі  ең  бағалы 

екенін  аңғарту  мақсатында  5-11 

сынып  оқушыларының  қатысуымен 

«Мен  өмірді  таңдаймын»  тренингі 

оздырылды.  Тренинг  барысында 

оқушылар  жаттығулар  мен  көрініске 

белсене араласып, өз ойларын еркін 

жеткізіп, ортаға сала білді. Әрбір адам 

тең  дәрежеде  өмір  сүруге  құқылы, 

өмір  адамға  бір-ақ  рет  беріледі. 

Сондықтан    берілген  ғұмырды  мәнді 

өткізу  өздерінің  қолдарында  екені  

айтылып,  шара қорытындыланды.



Г.оРаЗБаева, 

ЖББ х.халиуллин атындағы орта 

мектебінің психологі.

шұғыла

8

9 қаңтар 2015 жыл

 

 



Құттықтау

Жұртты еңбекке жұмылдырып, ауылды түлетті



Б

алалық  шағымызда  ауылдағы  клубтан  көрген  «Кубан 

казактары», «Бұл Пеньковта болған іс еді» атты кинолар 

өзімізге  жақсы  таныс  шағын  ауылдардағы  еңбек  адамдарын, 

олардың тірлік етуге қам қылған қаракетін, ел-жұртқа енді-енді 

ене бастаған ғылыми-техникалық жаңалықтардың шет-пұшпағын, 

нышанын экран бетінде аңғартуымен жадымызда қалды. Әсіресе, 

1967 жылдың қоңыр күзінде болған «Бұл Пеньковта болған іс еді» 

туындысы аяқталар тұста шынжыр табанды тракторды фильм-

дегі  басты  кейіпкер-механизатордың  (оның  рөлінде  Вячеслав 

Тихонов ойнайды) бұрын-соңды өңіміз түгілі түсімізде де көрмеген 

компьютер арқылы басқарғанына тәнті болған бізден ересектеу 

балаң жігіт кинодан шыққаннан соң айтты: «Енді 13 жылдан соң, 

яғни  1980  жылы  елімізде  коммунизм  орнайды,  өздігінен  жүріп-

тоқтайтын машина-тракторлар шығып, шөп шабады, егін орады, 

дүкендерде  сатушы  болмайды,  әркім  емін-еркін  кіріп,  қалаған 

затын  тегін  алады,  қаладағы  үлкен  базарларда  «Москвич», 

«Волга»,  «Запорожецтер»  толып  тұрады»,-деді.  Сол  жылдары 

американ  әскерлері  Вьетнам  аумағын  әлсін-әлсін  бомбалап, 

елдің  тыныштығын  кетіріп  жатырғанын  газеттен  оқитын  едім. 

Вьетнам халқына бүйрегім бұрып жүретін  санама оның сөзінен 

кейін «Ұзақ уақыт бойы американ солдаттарымен соғысып келе 

жатқан  вьетнамдықтар  да  сол  жылдары  жеңіске  жететін  шы- 

ғар» деген пейіл қылаң берген-ді...             

Қараша,  желтоқсан  айлары  өтіп,  қылаулап  қар  жауған 

қаңтар айының алғашқы күндерінің бірінде клубтың алдындағы 

тақта  бетінде  сулы  шүберекпен  қаттырақ  сүртсең  кетіп 

қалатын  ақ  сырмен  кеште  «Председатель»  деп  аталатын 

киноның  болатындығы  жазылып  тұрды.  Ымырт  жабылып, 

кино  басталғанда  экраннан  көрінген  жазулардан  туындының 

режиссері Алексей Салтыков екенін, басты рөлдерде бізге бұдан 

бұрын көрген «Олар бірінші болды», «Еріктілер», «Бөтен туыс», 

«Екатерина Воронина» фильмдерінен әуелден танымал Михаил 

Ульянов,  Нонна  Мордюкова  (екеуі  мен  бұдан  бір  жыл  бұрын 

көрген «Еріктілер» туындысында бірге түсті) секілді актерлардың 

ойнайтынын  және  аталған  фильм  жазушы  Юрий  Нагибиннің 

хикаяты  желісімен  түсірілгенін  білдік.  Фильм  оқиғасы  сүреңсіз 

суреттермен  басталды.  Осы  киноны  көріп  отырғанымыздан 

жиырма жыл бұрын, дәлірек айтқанда 1947 жылы елдегі жағдай 

аса қиын болыпты. Мұны экрандағы кадрлардан анық байқадық. 

Сол жылы Ұлы Отан соғысына қатысып елге оралған  майдангер 

Егор  Трубников  туған  ауылындағы  колхозға  председатель 

(төраға)  болып  сайланады.  Экраннан  күл  мен  көңнің  астында 

қалған ауыл, қисайған там үйлер, індет шалған бірнеше сиырдың 

өлуін  аңдып  жүрген  қаңғыбас  иттерді  көріп,  бұл  туындының 

әлгінде  айтқан  «Кубан  казактары»,  «Бұл  Пеньковта  болған  іс 

еді»  фильмдерінен  айырмашылығы  жер  мен  көктің  арасындай 

екендігін  аңғардық.  Мәселен,  «Кубан  казактарында»  соғыстан 

соңғы  жылдардағы  деревняның  (ауыл)  жарқын  жақтары 

салтанатты  жағдайда  суреттелсе,  «Бұл  Пеньковта  болған  іс 

еді» фильмінде деревня өмірінің көбіне-көп романтикалық  жағы 

көрініс  тапқан.  Бұл  жөнінде  туындыда  колхоз  председателінің 

рөлін  сомдаған  Михаил  Ульяновтың  өзі    кейін  былай  деп  еске 

алғанын  1987  жылы  теледидардан  апта  сайын  болып  тұратын 

«Кинопанорама» хабарынан көрдім: «Председатель» фильмінен 

бұрынғы колхоз өмірін бейнелеген туындыларда бәрі де керемет 

болатын.  Сән-салтанаты  артқан  тоқшылықтағы  тұрмыс,  үстел 

алпысыншы жылдардың cоңында колхоз, совхоз 

өмірін,  онда  тұратын  адамдардың  тұрмыс-тіршілігін 

суреттейтін  көркемсуретті  фильмдердің  біразын 

көрдік. 

үсті  дәмді  тағамнан  қайысады.  Ал  мен  басты  рөлде  ойнайтын 

фильмде  қалай?!..  Күйзеліс,  елдегі  тұрмыстың  түзелмеген 

шағы, кедейшілік қысқан кез. Сиырды қорадан шығармақ түгілі, 

орнынан  қозғалта  алмайсың,  аштықтан  көтерем  боп  қалған. 

Кеңестік  экранда  бұдан  бұрын  да,  одан  кейін  де,  ұзақ  уақыт 

мұндай туындылар болып көрмеп еді», - дегенін сол телехабарда 

актердің өз аузынан естідім.           

Актер  айтса  айтқандай  және  біздің  фильмнен  көргеніміздей 

соғыстың аяқталғанына екі жыл болған. Ауыл әрең тыныстауда. 

Деревняда ер адамдар қалмаған десе де болады. Соғыстан тірі 

оралғандарының  өзі  қаладағы  құрылыс  жұмыстарына  кеткен. 

Жұмыс қолы жетіспейді, мал азығын дайындау, балаларға нан 

табу-түйіні шешілмей тұрған мәселе. Сұрапыл соғыс аяқталып, 

адамдар «бұл күнге де жеттік-ау» - деп артта қалған жылдардың 

ауыртпалығынан  жеңіл  тыныстағанымен,  қанды  қырғынның 

халық    жанына  салып  кеткен  таусылмайтын  жарасын  көрді. 

Адамдар соғыс салған ойраннан қирап, бүлінген ауылдарды қайта 

қалпына  келтірудің  орасан  қиындықтар  тудыратынын  жақсы 

білді.  Председатель  болып  сайланғаннан  кейін  өзі  басқаратын 

ауылдың күйзелген жағдайымен танысқан басшының бет әлпеті 

әлем-тапырақ  болып  кеткенімен  қимыл-қозғалысынан  қандай 

қиындыққа  болса  да  мойымайтын  жігер,  күш-қайрат  сезіледі. 

Соғыстан  бір  қолын  беріп  оралған  төраға    нар  жүгін  арқалар 

күшпен  іске  кіріседі.    Картинаның    соңына  дейін  нар  тәуекелге 

бел  буып,  шиыршық  атқан  түрін  әсте  жоғалтпайды.  Қоғамның, 

социалистік  меншік  мүлкін  сақтап  қалу  жолында  соғыстағы 

кезіндей шабуылға шығып, ештеңеден тайсалмай алға ұмтылады. 

Тап  осы  түрімен  колхозда  еңбек  ететін  адамдарды  жұмысқа 

жұмылдырып,  олардың  бойын  билеп  алған  немқұрайлылық 

пен  енжарлықты  таптады.  Ортақ    істі  орындауда  құр  айқайдан 

ештеңе  өнбейтінін  түсініп,  жанға  жылы  тиетін  шешен  сөйлеуге 

төселді. Ол әрекеті ер келбетімен етене үйлесіп, еңбеккерлерді өз 

күшіне, өз мүмкіндігіне селкеу түсірмей сенуге үндеді.  Әлбетте, 

адамдардың молшылық тұрмыс кешуін көздеп, мақсатқа жетуге 

ұмтылған  жанқиярлық  әрекет  «бір  қиындықтың  артында  бір 

рахатшылықтың»  бар  екендігін  көрсетіп  берді.  Ол  басқарған 

шаруашылық  қарқынды, қарышты өркендеп, 4-5 жылдан кейін 

миллионер колхоз атанды...        

Өзіміз  ауыл  баласы  болғасын  ауыл  өмірі  баяндалған 

аталмыш  туындының  бойымызды  билеп  алған  ықпалынан 

көпке шейін арыла алмай жүрдік. Сол фильмнің қойылымынан 

соң  үш  жыл  өткесін  кинорежиссер  Юрий  Озеровтың  әйгілі 

«Азаттық» («Освобождение») киноэпопеясын көрудің сәті түсті. 

Фильмде даңқты қолбасшы, маршал Г.Жуковтың рөлін манағы 

«Председатель» картинасына түскен Михаил Ульянов сомдапты. 

Бұл  жолы  бейбіт  өмірде  колхозды  басқарған  председательді 

емес, соғыста қол бастаған әскери адамның қатулы, шиыршық 

атқан  жүзін  тағы  да  көріп:  «Режиссер  Юрий  Озеров  өзінің 

туындысын  түсірер  кезінде  «Председатель»  фильміндегі 

Егор  Трубниковтың  қатал  да  талапшыл  образы  мен  атақты 

қолбасшының бейнесі арасындағы ұқсастықты дөп басып, мықтап 

зерттеп алып, актерді Жуковтың рөлінде ойнауға шақырған екен-

ау»,-деген  болжам  жасадық.  Болжам  деп  айтпақшы,  алдында 

осы  мақаланың  бас  жағында  ауылымыздағы  ересек  баланың  

сөзінен кейін келтіргенімдей,  американ әскерлерінің Вьетнамдағы 

соғысы 1980 жылдары емес, «Председатель» фильмінің біздің 

ауылдағы  клубта  қойылымы  өткеніне  тура  бес  жыл  толған 

сәтте,  дәлірек  айтқанда  1973  жылдың  қаңтарында  аяқталды. 

Сөз  еткен  туындыны  балалық  шағымызда,  яғни  1968  жылдың 

қаңтарында  тамашаладық    дедік  қой,  арада  қырық  жыл  өткен 

соң  кинотанушы,  журналист  Федор  Раззаковтың  «Взрывные 

новинки»  деген  мақаласынан  «Председатель»  фильмінің 

түсірілуіндегі өзіме беймәлім жайттарды тұшына оқыдым. Оның 

айтуынша  туынды  түсіріліп  біткесін  СОКП  Орталық  Комитеті 

мен  Мемкино  басшылығында  фильмнің  экранға  жол  тартуына 

қарсылық  білдіргендер  көптеп  кездесіпті.  Кеңес  үкіметінің 

сауысқаннан  сақ  идеологтары  аса  жақтырмайтын  жазушы 

Ю.Нагибиннің хикаятын режиссер А.Салтыков экрандауды неге 

қолға алды, мұнда қандай гәп бар деген баяғы күдікшіл секемге 

бой  алдырса  керек.    Режиссер  хикаятты  экрандаймын  деген 

жоспарын  айтқанда  Мемкинодағылар  оған  оншалық  оң  қабақ 

таныта  қоймапты.  Дейтұрғанмен,  кино  саласына  билік  жүргізіп 

отырған  жоғары  басшылықтың  төңірегінде  фильмнің  түсірілуін 

қызу жақтайтындар да табылып, олар туындыны өндіріске жіберу 

мақсатында қолдан келгеннің бәрін де істепті.            

Фильмді  түсіру  бұдан  елу  жыл  бұрын,  дәлірек  айтқанда 

1964  жылдың  тамыз  айында  аяқталады.  Мемкино  басшылығы 

«Председатель»  фильмін  прокатқа  шығарардың  алдында 

туындыны сол кездегі СОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшы-

сы Никита Хрущевқа көрсетіп алу керек деп ұйғарады. Экранға 

жаңадан жол тартатын фильмді Кеңес Одағы басшысының күзде 

Сочиде демалып жатқан кезінде көрсетіледі деп жоспарланады. 

Алайда  күтпеген жерден жоспардың быт-шыты шығады. Сочиде 

демалып  жатырған  Хрущевті  13  қазанда  жоғары  эшелондағы 

қызметтестері жедел Москваға шақырып, келесі күнгі пленумда 

бірауыздан қызметінен босатады. Бұл оқиғаның қалай өрбігенін 

қазіргі арамызда жүрген зиялы ақсақалдар қауымы жақсы біледі 

және ол жөнінде 1993 жылы түсірілген  режиссер Игорь Гостевтің 

«Сұр қасқырлар» («Серые волки») фильмінен де біраз мағлұмат 

алуға  болады.  Сөйтіп,  қызметінен  босаған  Хрущевтің  орнына 

Кеңес  Одағының  бірінші  басшысы  болып  Леонид  Брежнев 

бірауыздан сайланады.Оның ел басына келуімен біз әңгімелеп 

отырған туындының да тағдыры жағымды жағына қарай шешіледі. 

1964  жылғы  желтоқсанның  аяғында  Брежневтің  қолдауымен 

«Председатель»  фильмі  кинопрокатқа  шығып,  көрермендерге 

жол  тартады.  Жеке  мұрағатымдағы  «Советский  экран» 

журналының  тігінділерін  ақтарып  отырып,  аталған  картинаның 

1965 жылы «Операция «Ы» және Шуриктің бастан кешкендері», 

«Сеніңдер,  маған  адамдар»,  «Енді  сізді  кім  деп  атаймыз?», 

«Алыс жұлдыздар жарығы», «Теңіз қандай болады?», «Ережесіз 

ойын»  фильмдерінен  кейін  жетінші  орын  алып,  жыл  бойына  33 

миллион көрермен жинағанына көз жеткіздім.   

 

Нұрымбек ЖапаҚов.

Жәнібек  ауылының  тұрғыны  Зәм- 

зәгүл  Жолмұханқызы  Сапарғалиеваны 

Ол – екі әлемнің сардары



С

із,  қолына  түскен  дүниесін  көрші- 

көлем,  жоқ-жітікке  таратып,  өзі  2-3  күн 

бойына  аш  жүрген  жомарттық  иесі  туралы 

естідіңіз бе?

Сіз,  өзіне  зұлымдық  жасағандарды,  мазақ 

еткендерді,  тіпті,  отбасына  қауіп  төндіргендер-

ді  кешірген  кеңпейілділікті  ту  еткен  кісілік  ту- 

ралы оқыдыңыз ба?

Сіз, сол дұшпандары Оны сондай жек көре 

тұра, бірақ Соған сенім артып, өз затын, мүлкін 

аманатқа қалдырып, кейін түгелімен сол күйінде 

қайтара  алып  отырған,  ешкімнің  несібесін  же-

мейтін сондай шыншыл адам екенінен хабары- 

ңыз бар ма?

Сіз,  мемлекет  басылық  лауазым  қолында 

бола тұра, билікке құмартпаған, күніне 2-3 түйір 

құрма  жеп,  сүт  ішкен,  сабан  төсеп,  жастанып 

жатып, лашықта күн кешкен тақуалықты көрді-

ңіз бе?


Сіз,  өз  ортасына  сондай  құрметті,  сондай 

беделді  бола  тұрып,  көпшіліктің  алдында 

сүтанасына иіле, құрмет көрсетіп, ағаш саясына 

шапанын  төсеп  отырғызған  әдеп,  ізгілік  иесін 

білесіз бе?

Сіз,  егде  жасқа  келсе  де,  жүрегі  елжіреп 

немересін  иығына  мінгізіп,  шат-шадыман  боп 

ойнаған  осындай  жан  туралы  хабарыңыз  бар 

ма?

Сіз,  жарлының  жоғын  түгендеп,  міскіннің 



кегін әперген, ұрлық болса өзінің ет бауырының 

қолын  кесуге  бұйрық  беруге  дәті  баратынын 

айтқан  әділдік  иесінің  қасиетіне  таңқалдыңыз 

ба?


Жетімнің шашын сыйпаған кісіге әр талына 

бір-бір  сауап  бұйырарын  айтқан  кісіні  білесіз 



Сіз,  барша  адамзат  қауымына  қараң-

ғылықтан  шығар  нұр  жолын  көрсеткен 

жан туралы білесіз бе? 

бе?


Жұмақ  ана  табанының  астында  жатқанын 

айтқан,  әйелдер  қауымының  беделін  қоғам 

алдында  еселеп  көтеріп,  қыз  балаларға 

қамқорлық  танытуды  бұйырған,  жарыққа  жол 

көрсетуші ісі жайында қанық болып па едіңіз?

Сіз, жанары жасқа толып, “үмбетім, үмбетім” 

деп  соңына  ерген  мүмін  қауым  жайын  ойлап  

Ұлы  Досына  қайтқан  жан  туралы  біліп  пе 

едіңіз?

Сіз үшін, Біз үшін, күллі адамзат баласы үшін 



жарылқау  тілеген,  екі  аяғы  күп  болып  іскенше 

намазын оқып, дұға еткен екі әлем Сардары кім 

екенін білгіңіз келе ме?

Сіз,  ол  туралы  соншалық  қат-қат  деректер 

қалғанын,  оның  ізгілігі  туралы  досы  түгілі 

дұшпаны  мойындаған,  ойы,  көзқарасы  бөлек, 

әлем ғалымдарының өзі ол кісінің адамгершілігі 

туралы тамсана, таңдана жазғанын білесіз бе?

Әлбетте,  шынайы  мүмін  болсаңыз,  сіз 

білесіз. Ол - Хақ Тағаланың сүйіктісі, екі әлемнің 

Сардары,  күллі  адамзатқа  тура  жол  сілтер 

Алланың  кәләмі  Құранды  жеткізген  -  Мұхам-

мед Мұстафа (салаллаһуғалейһиуәссалам). Сіз  

оған салауат айтыңыз. Бізге тура жол көрсеткен 

Алланың  сүйікті  досына  сансыз  салауаттар 

мен  Құран  сауабын  бағыштаңыз.  Әрдайым. 

Жыл  бойына.  Ал,  бүгін  күллі  жаратылыс, 

періштелер  сондай  ризыққа  бөленуде.  Өйткені 

олар  3  қаңтарға  (хижри  12  рәбиул-әууәл- 

ге)  қараған  түн  -  Пайғамбарымыздың  дүние 

есігін  ашқан  сәті  екенін  біледі.  Өйткені  олар 

қасиетті  Мәуліт  айы  басталғанын  біледі. 

Сондықтан еселеп салауат жолдауда. Сонымен 

қатар,  мұсылман  қауымы  да  біледі.  Ендеше, 

пайғамбарымыз  Мұхаммедке  Алла  Тағаланың 

игілігі мен сәлемі болсын! 



Нұртай аЛтайҰЛЫ.

мерейлі    55  жасқа  толған  туған  күнімен  шын 

жүректен құттықтаймыз!

Анамызға  ұзақ  ғұмыр,  сарқылмас  денсаулық, 

бақытты  да  шат  көңіл  күй,  әкемізбен  бірге  балаларың  мен 

немерелеріңнің қуанышына бөлене беріңіз деп  тілек айтамыз.

             Анашым, құтты болсын туған күнің,

             Тағы да бір жыл артта қалды, міне, бүгін.

             Біз Сізге бақытты өмір, ұзақ ғұмыр,

            Тілейміз шын жүректен, тек аман жүр. 



Игі  тілекпен:  жұбайың  Исатай,  ұлдарың  меғдат,  Насихат, 

немерең Дамир және тума-туысқандарың.

Жәнібек  ауылының  тұрғыны,  аудандық  «Шұғыла» 

газетінің  автокөлік  жүргізушісі   

амангелді  төлепқалиұлы 

Дүйсенғалиевті  55  жас  мерейтойымен  шын  жүректен 

құттықтаймыз. Мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, еңбекте табыс, 

отбасылық бақыт тілейміз.

Бақ әкілсін 55-тің мерейі,

Тынысыңыз жүрсін әркез кеңейіп.

Отбасыңыз аман болып әрдайым,

Шат жүзбенен жүргеніңізді көрейік.

Игі тілекпен: аудандық «шұғыла» газеті редакциясының 

ұжымы.

Жәнібек ауылының тұрғыны, аяулы да, ардақты ата, әкеміз 



Дүйсенғалиев  амангелді  төлепқалиұлын  55  жасымен 

құттықтаймыз!

Құтты болсын мерейлі 55 жасыңыз,

Аман болсын жанұяңыз, басыңыз.

Әке болып, ата болып әрқашан,

Ортамызда жүзден әрі асыңыз.



Игі тілекпен: бала-келіні арман-Әлзия, немерелері аман, Диас.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет