Сұрақтар мен тапсырмалар:
1.Албан Асанның шығармашылық өмірі.
2.Албан Асанның діни көзқарастары.
3.Асан Барманбекұлы және заман мен қоғам өзгерістері.
4.Асан Барманбекұлының қиссаларының идеялық-көркем-
дік ерекшеліктері.
5.Асан Барманбекұлы шығармаларының ғылыми зерт-
телуі.
111
ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ
1.«Қазақ даласын билеу ережелері» деген заң қазақ
даласында қай жылдары шықты?
А) 1865
Б) 1868
В) 1878
Г) 1876
Д) 1888
2. «Мұрат зар заман ішіндегі ірі ақынның бірі. Бұның
сөз үлгісі баяғының толғауы сияқтанып, қарсыға шапқан
жүйріктей көсіліп, құлашын керіп келеді» деген сөз кімдікі?
А) С.Мұқанов
Б) Х.Досмұхамедұлы
В) М.Әуезов
Г) М.Мағауин
Д) Б.Омарұлы
3. «Еділді тартып алғаны, Етекке қолды салғаны,
Жайықты тартып алғаны,
Жағаға қолды салғаны» деген өлең жолдарының
авторын көрсетіңіз?
А) Ш.Қанайұлы
Б) А.Барманбекұлы
В) Н.Орманбетұлы
Г) М.Мөңкеұлы
Д) Д.Бабатайұлы.
4. «Күнбатысқа көз салмай, Күншығысты еске ал-
май… Бізді алатын жау жоқ деп, Ақбөкендей алданып,
Аңдамай келіп түскенсің» деген өлең жолдары кімдікі?
А) М.Мөңкеұлы
Б) Ә.Кердері
В) Б.Оңдасұлы
Г) Д.Бабатайұлы
Д) Ш.Жарылғасұлы
112
5. “Еспембеттей ер қайда?, Ер күтетін ел қайда” деп
басталатын поэманың авторын атаңыз
А) М.Өтемісұлы
Б) Н.Орманбетұлы
В) Ш.Қанайұлы
Г) Д.Бабатайұлы
Д) Ә.Кердері
6. «Зар заман поэзиясының негізгі арқауы болып
табылатын өз төңірегіндегі құбылыстарға көңіл толмаушы-
лық, бейберекет әрекеттерді ақырзаманға телу үрдісінің
бастау бұлағы сопылық әдебиеттің ірі өкілі Қожа Ахмет
Йасауидің әйгілі ақыл кітабы – «Диуани-хикметтерінде»
жатқаны сөз тудырмайды» деген жолдардың авторын көр-
сетіңіз
А) М.Мағауин
Б) Қ.Мәдібай
В) Б.Омаров
Г) Қ.Ергөбек
Д) А.Егеубай
7. «Сопылық танымның қазақ даласындағы ең соңғы
соғылған қоңырау үніндей А.Барманбекұлының өлеңдері-
мен аяқталады» деген пікірді айтқан кім?
А) М.Мағауин
Б) М.Мырзахметов
В) Б.Омаров
Г) Қ.Мәдібай
Д) С.Дәуітұлы
8. «Үш қиян», «Сарыарқа» толғауларының авторын
көрсетіңіз
А) Ш.Қанайұлы
Б) А.Барманбекұлы
В) Н.Орманбетұлы
Г) М.Мөңкеұлы
Д) Д.Бабатайұлы.
113
9. «Қазақ халқының күшін ыдыратуға, бірліктен
айыруға патша үкіметі екі әдіс қолданды: біреуі көшіп бар-
ған шаруалармен тұрғылықты қазақтардың арасына ұлт
араздығын тұтату, екінші – қазақтардың өзін өзара жаулас-
тырып ұстау» деген ой-пкірді айтқан кім?
А) С.Мұқанов
Б) Х.Досмұхамедұлы
В) М.Әуезов
Г) М.Мағауин
Д) Б.Омарұлы
10. «Жаңа низам» сөзінің отаршылдыққа байланысты
айтылған мағынасын түсіндіріңіз
А) Жыл санаудың жаңа үлгісі
Б) Қазақ жеріне келген патшалық билеудің нәтиже-
сінде айдың жаңаша аталуы
В) «Қазақ даласын билеу ережелері» деген заңның
шығарылуын атады
Г) Жаңа туған күнді жаңаша осылай атады
Д) Отаршылдық әкелген жаңа күнтізбе
11.«Қазтуған», «Қарасай-Қази», «Шәлгез» жырлары-
ның авторын көрсетіңіз
А) М.Мөңкеұлы
Б) Ә.Кердері
В) Б.Оңдасұлы
Г) Д.Бабатайұлы
Д) Ш.Жарылғасұлы
12.«Нарманбет – сөзсіз ірі талантты ақын, ол өз дә-
уірінің зор реалист сыншысы. Нарманбет шығармашылы-
ғының негізгі мотивы – халықтың қоғамдық өмірін айтып,
жырлап беру» деген пікір кімдікі
А) Е.Ысмайлов
Б) Қ.Мәдібай
В) Б.Омаров
114
Г) Қ.Ергөбек
Д) А.Егеубай
13. “Базар жырау” атты әдеби мақаласын баспасөз
бетінде жариялап, ақын жөнінде бағалы лебіз білдірген кім?
А) Ж.Тілепов
Б) М.Жұмабаев
В) С.Қосанов
Г) С.Дәуітұлы
Д) С.Сейфуллин
14. «Зар заман», «Тар заман», «Бала зар», «Өлер зар»
атты поэмалардың авторын көрсетіңіз
А) Ш.Қанайұлы
Б) А.Барманбекұлы
В) Н.Орманбетұлы
Г) М.Мөңкеұлы
Д) Д.Бабатайұлы.
15.Исатайды шексіз жақсы көріп, оны халық қам-
қоршысы деп атаған ақын кім?
А) М.Мөңкеұлы
Б) Ә.Кердері
В) Б.Оңдасұлы
Г) Д.Бабатайұлы
Д) Ш.Жарылғасұлы
16. «Патша үкіметінің қазақ даласын отарлауында екі
дәуір болды: соғыс отарлауы және жер отарлауы» дегенді
айтқан кім?
А) С.Мұқанов
Б) Х.Досмұхамедұлы
В) М.Әуезов
Г) М.Мағауин
Д) Б.Омарұлы
115
17. «...қолдан күш,бастан ерік кеткен кезде, қайғыдан
тұншыққан халықтың зарынан туған көркем әдебиетін біз
«Зар заман» әдебиеті дейміз. «Зар заман» әдебиетінің негізін
қалаушы қазақ ақыны Шортанбай» деген пікір кімдікі және
еңбектің атын атаңыз.
А) С.Мұқанов. «Қазақтың ХVІІІ-ХІХ ғасырдағы
әдебиетінің тарихынан очерктер»
Б) Қ.Мәдібай. «Зар заман ағымы»
В) М.Әуезов «Әдебиет тарихы»
Г) М.Мағауин «Қазақ тарихының әліппесі»
Д) Б.Омарұлы. «Зар заман поэзиясы
18. «Еспембет» дастанының авторын көрсетіңіз
А) М.Мөңкеұлы
Б) Ә.Кердері
В) Б.Оңдасұлы
Г) Д.Бабатайұлы
Д) Ш.Жарылғасұлы
19. Мысал үлгісінде жазылған «Сары шымшық»,
«Шаштараз», «Қара қарға жем тілеп» шығармаларының
авторын көрсетіңіз
А) Ш.Қанайұлы
Б) А.Барманбекұлы
В) Н.Орманбетұлы
Г) М.Мөңкеұлы
Д) Д.Бабатайұлы
20. Орал қаласында әскери қызмет атқарған, та-
рихшы-этнограф «Ішкі Орда старшинасы – Исатай
Тайманов» атты еңбектің авторын көрсетіңіз
А) Е.П.Ковалевский
Б) Х.Досмұхамедұлы
В) Н.Савичев
Г) Т.Шевченко
Д) А.Ф.Рязанов
116
21. «Біреуі – тарихи өлеңдерде саналған ел қаһарман-
дары, екіншісі – ел тілегін айтып, зар мұңын сөзбен шы-
ғарған ойшыл қария, өлеңші ақын, жырау болатын» деген
пікірді айтқан кім?
А) С.Мұқанов
Б) Х.Досмұхамедұлы
В) М.Әуезов
Г) М.Мағауин
Д) Б.Омарұлы
22.Аюлы-Ақсу бойын қоныстанған Жанғұтты бидің
қарамағынан шағын мешіт салдырып, медресе ашқан зар
заман ақыны кім?
А) Ш.Қанайұлы
Б) А.Барманбекұлы
В) Н.Орманбетұлы
Г) М.Мөңкеұлы
Д) Д.Бабатайұлы.
23. «Мырзалардан сиық кетіп, Қыз-келіннен ұят кетіп,
Жан ашыған сият кетіп, Әжеп сұмдық заман болды» деген
өлең жолдарын жазған зар заман ақынын көрсетіңіз
А) Ш.Қанайұлы
Б) А.Барманбекұлы
В) Н.Орманбетұлы
Г) М.Мөңкеұлы
Д) Д.Бабатайұлы.
24.Ресейдің арандай ашылған аузына түсіп бара жат-
қан ел тағдырын «Аждаһаның аузында» деген өлеңінде көр-
сеткен зар заман ақыны кім?
А) М.Мөңкеұлы
Б) Ә.Кердері
В) Б.Оңдасұлы
Г) Д.Бабатайұлы
Д) Н.Орманбетұлы
117
25.Өлеңдерін жеті қиссаға топтастырған зар заман
ақыны кім еді?
А) Ш.Қанайұлы
Б) А.Барманбекұлы
В) Н.Орманбетұлы
Г) М.Мөңкеұлы
Д) Д.Бабатайұлы.
26.
Өлеңдері көзі тірісінде «Әдеби қазақия» деген ат-
пен Қазандағы Кәрімовтер баспасынан екі мәрте жарық
көрген ақын кім?
А) М.Мөңкеұлы
Б) Ә.Кердері
В) Б.Оңдасұлы
Г) Д.Бабатайұлы
Д) Ш.Жарылғасұлы
27. «Тегімді менің сұрасаң, Қалың найман нуынан,
Жырымды менің сұрасаң, Сары алтынның буынан. Өлең
жолдары қай ақындікі?
А) М.Мөңкеұлы
Б) Ә.Кердері
В) Б.Оңдасұлы
Г) Д.Бабатайұлы
Д) Ш.Жарылғасұлы
28. «Орыс – бүркіт, біз – түлкі, Аламын деп талпынды,
Орыстан қорлық көрген соң, Отырып билер алқынды».
Өлең жолдары кімдікі?
А) Ш.Қанайұлы
Б) А.Барманбекұлы
В) Н.Орманбетұлы
Г) М.Мөңкеұлы
Д) Д.Бабатайұлы.
118
29. «Қай халықтың әдебиеті тарихына көз жіберсек те
сол халықтың өмірі, әлеуметтік-тарихи жағдайларымен
әдебиеттің тығыз байланысты дамитындығын көреміз»
деген пікір кімдікі?
А) Қ.Жұмалиев
Б) Х.Досмұхамедұлы
В) М.Әуезов
Г) М.Мағауин
Д) Б.Омарұлы
30. «Бір-бірін өмірінде көрмеген ақындар бір уақытта,
бірдей сарынмен үн қатты. Сол арқылы қазақ поэзиясында
отаршылдық дәуірдегі қазақ ұлтының қасіретнамасы
жасалды». Пікір кімдікі?
А) С.Мұқанов
Б) Х.Досмұхамедұлы
В) М.Әуезов
Г) М.Мағауин
Д) Б.Омарұлы
31. «Діндар кісі қойды дінді, амалды, Ғалым билеп,
көңілді әнге сап алды.Таза жүрген жол таба алмай торығып,
Өсіп жүр ғой арам жолға түскендер». Өлең шумағы кімдікі?
А)А.Игүнеки
Б) А.Иассауи
В) М.Қашқари
Г) С.Бақырғани
Д) Әл-Фараби
32. «Асан қазақтар мен қырғыздарды бір туған, мүд-
десі бір, зары бір, заңы бір, тағдыры бір туыс халықтар са-
нап, екеуінің жоғын жоқтаған жырау» сөзінің авторы кім?
А) М.Әуезов
Б) Қ.Мәдібай.
В) С.Тәнекеев
Г) М.Мағауин
Д) Б.Омарұлы.
119
33. «Әдебиеттің ілгерілеуі де, өсуі де халықтың өт-
кеніне көркемдік байыптау, қорытындылау жасау арқылы
болады. Халық өткен тарихын толық зерттеп, ондағы кем-
шіліктерін тиісті қорытынды шығармай тұрып, рухани да-
муда үнемі жетістікке жетуі неғайбыл»
А) Қ.Алпысбаев
Б) Х.Досмұхамедұлы
В) М.Әуезов
Г) М.Мағауин
Д) С.Тәнекеев
34. Шортанбайдың өлеңі ілгергі, соңғы ақындардың
барлық күй, сарынын бір арнаға тұтастырғандай жиынды
өлең болғандықтан, бүкіл бір дәуірде бір сарынмен өлең
айтқан ақындардың барлығына «зар заман» ақындары
деген ат қойдық». Пікір кімдікі?
А) Қ.Жұмалиев
Б) Х.Досмұхамедұлы
В) М.Әуезов
Г) М.Мағауин
Д) Б.Омарұлы
35. Абай заманы патшалықтың отарлау саясаты әбден
шығындап тұрған шағы еді. Бұл кезде қазақ даласындағы
өмірдің патша әкімшілігіне тәуелді болмаған, отаршылдық-
тың қатал заңына бағындырылмаған бірде-бір саласы қал-
ған жоқ еді» деген пікірдің авторын атаңыз.
А) Ж.Ысмағұлов
Б)М.Мырзахметов
В) Қ.Мұқаметханов
Г) К.Оразалиев
Д) Қ.Алпысбаев
120
36. «Асан ақын әлеумет басындағы күйді қанша ай-
қындаса да, қанша «бұқара тілегіне жанастырам» деп жыр-
ласа да, айналып келіп, өзінің арғы заманының ескі көзі
Асан қайғыға әкеп тірей береді» дегенді кім айтты?
А) С.Сейфуллин
Б) Б.Майлин
В) І.Жансүгіров
Г) М.Әуезов
Д) С.Мұқанов
37. «Зар заман», «Заман ақыр» сияқты өлеңдер дінді
насихаттай отырып, халыққа адамгершілікті насихаттайты-
нын жазады деген түрколог ғалымды атаңыз.
А) Ә.Құрышжанов
Б) В.Радлов
В) Н.Келімбетов
Г) С.Аманжолов
Д) А.Егеубаев
38. «Зар заманның әдебиетінің басы да Асан болса
аяғы да Асан болып біткендей. Сондықтан бұл албан
Асанды біз арғы Асаннан бағыт алған, Шортанбайдан үлгі
көрген, зар заман ақынының соңғысы екінші Асан Қайғы
дейміз» деген тұжырымды айтқан кім?
А) С.Сейфуллин
Б) Б.Майлин
В) І.Жансүгіров
Г) М.Әуезов
Д) С.Мұқанов
39. «Албан Асан өмірдегі кем-кетікті, тап теңсіздігін
көре білді, үстем тап өкілдеріне өткір сын айтады. Ақын
замана ауанын аңғарып, елді өнер, ғылымға үндейді, өсиет
өлеңдер толғайды» деген кім?
А) Қ.Сыдиықұлы
Б) Қ.Жұмалиев
121
В) Ж.Ысмағұлов
Г) С.Медубекұлы
Д) С.Тәнекеев.
40."Алдаушы жалған" толғауын шығарған ақын
А) Абай
В) Махамбет
С) Дулат
Д) Шортанбай
Е) Шернияз
41. С.Мұқановтың "Қазақтың ХҮІІІ-ХІХ ғасырдағы
әдебиетінің тарихынан очерктер" кітабы жарық көрген жыл
А) 1905 жылы
В) 1940 жылы
С) 1935 жылы
Д) 1942 жылы
Е) 1950 жылы
42.Х.Сүйіншәлиевтің "Қазақ әдебиетінің қалыптасу
кезеңдері" еңбегінде қай ғасырдың материалдары қам-
тылған?
А) ХХ ғасыр оқиғасы
В) ХХ ғасыр шындығы
С) Ерте дәуірден ХІХ ғасырдың аяғына дейін
Д) ХҮ-ХҮІІІ ғғ. ақындар поэзиясы
Е) ХҮІІІ-ХІХ ғғ. аралығы
43. Мұрат алғаш жеңген ақын.
А) Жантолы
В) Жылқышы
С) Жаскелең
Д) Ораз
Е) Өске
122
44. Дулат Бабатайұлының "Өсиетнама" жинағы жа-
рық көрген жыл
А) 1900 жылы
В) 1880 жылы
С) 1870 жылы
Д) 1995 жылы
Е) 1860 жылы
45. Жантолы қызбен айтысқан ақын
А) Орынбай
В) Шөже
С) Кемпірбай
Д) Мұрат
Е) Жанақ
46.С.Мұқановтың "Қазақтың ХҮІІІ–ХІХ ғасырлар-
дағы әдебиет тарихының очерктері (1942)" еңбегінде
Махамбет поэзиясы қарастырылған бөлім.
А) Ұлт бостандығын жырлайтын әдебиет
В) Зар заман әдебиеті
С) Жазба әдебиет
Д) Халық әдебиеті
Е)Сыншыл реализм әдебиет
47.С.Мұқановтың "Қазақтың ХҮІІІ–ХІХ ғасырлар-
дағы әдебиет тарихынан очерктер" (1942) еңбегіндегі 3 бө-
лім.
А) "Бостандық күресі", "Зар заман", "Айтыстар ту-
ралы"
В) "Халық әдебиеті", "Жыраулар поэзиясы", "Жазба
әдебиет"
С) "Ауыз әдебиеті", "Ағартушылық әдебиет", "Қиссашыл
әдебиет"
Д) "Фольклор", "Сыншыл реализм", "Романтикалық".
Е) "Сыншыл реалистік", "Ағартушылық-демократиялық",
"Кертартпа романтикалық".
123
48."Жаңа низам" жер реформасы шыққан жыл
А) 1822
В) 1824
С) 1836
Д) 1868
Е) 1881
49."Зар заман" толғауын шығарған ақын:
А) Мұрат
В) Дулат
С) Әбубәкір
Д) Нарманбет
Е) Шортанбай
50.Шортанбай шығармасын тұңғыш бастырушы:
А) Алтынсарин
В) Мелиоранский
С) Ильминский
Д) Ш.Уәлиханов
Е) Радлов
51."Зар заман" атауын әдебиет тарихына қатысты
алғаш рет қолданған әдебиетші.
А) В.Радлов
В) Ыбырай Алтынсарин
С) М.Әуезов
Д) Х.Досмұхамедұлы
Е) А.Байтұрсынұлы
52."Қазақтың ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы әдебиет тари-
хының очерктері" (1942) монографиясының авторы
А) М.Әуезов
В) Қ.Жұмалиев
С) Әлібек Қоңыратбаев
Д) С.Мұқанов
Е) Е.Ысмайылов
124
53.Шортанбайдың өмір сүрген уақыты
А) ХҮІІ ғ.
В) ХҮІІІ ғ.
С) ХІХ ғ.
Д) ХХ ғ.
Е) ХҮІІІ-ХІХ ғ.
54.Базар жыраудың дастаны
А) "Мақпал – Сегіз"
В) "Кенесары-Наурызбай"
С) "Еспенбет"
Д) "Ақжолтай Ағыбай батыр"
Е) "Сабалақ"
55.Дулаттың өлеңі
А) "Сұлу ағаш"
В) "Үш қиян"
С) "Ақжайлау мен Сандықтас"
Д) "Ақ бұлақ"
Е) "Сарыарқа"
56.Мұрат Мөңкеұлының дастаны
А) "Үш қиян"
В) "Еспембет"
С) "Елім-ай"
Д) "Кенесары-Наурызбай"
Е) "Ағыбай батыр"
57.Жетісу, Сыр бойы, Оңтүстік өлке Ресей құрамына
қосылған уақыт
А) ХҮІІІ ғасырдың ортасы
В) ХІХ ғасырдың алғашқы жартысы
С) ХІХ ғасырдың ІІ жартысы
Д) ХІХ ғасыр басы
Е) ХХ ғасырдың басы
125
58."Заманның опасыз халіне айтқан өлеңінің "
авторы
А) Шортанбай
В) Мұрат
С) Әбубәкір Кердері
Д) Нұржан
Е) Базар жырау
59."Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері" (1973)
жинағының авторы
А) Х.Сүйіншәлиев
В) Қ.Жұмалиев
С) Б.Кенжебаев
Д) М.Мағауин
Е) М.Жолдасбеков
60."Аламан" (1991) жинағының авторы
А) А.Байтұрсынов
В) М.Тынышбаев
С) Ә.Бөкейханов
Д) М.Дулатов
Е) Х.Досмұхамедұлы
61.Ішкі Бөкей ордасының алғашқы ханы
А) Нұралы
В) Бөкей
С) Жәңгір
Д) Есім
Е) Айшуақ
62.Мұхтар Әуезовтің әдебиет тарихындағы зар заман
дәуірін кезеңге бөлуі
А) Үш кезең
В) 2 кезең
С) 4 кезең
Д) Кезеңге бөлген жоқ
Е) 5 кезең
126
63. М.Әуезовтің "Әдебиет тарихы" оқулығы шыққан
жыл
А) 1923
В) 1927
С) 1933
Д) 1945
Е) 1961
64.Дулат Бабатайұлы поэзиясының тілі мен жанр-
лық, стильдік ерекшеліктерін алғаш арнайы зерттеген
ғалым
А) Р.Сыздықова
В) Х.Сүйіншәлиев
С) Т.Шапай
Д) Қ.Раев
Е) Қ.Өмірәлиев
65.ХІХ ғасырдағы белгілі айтыс ақындарының атын
атап, олардың шығармашылық мұрасын зерттеу мәсе-
лесін арнайы қозғаған ғалым
А) Ә.Марғұлан
В) М.Ғабдуллин
С) С.Мұқанов
Д) М.Әуезов
Е) А.Байтұрсынов
66.Мұхтар Әуезов зар заман ағымы атауын бір
толғауымен байланыстырған ақын
А) Нұртуған
В) Әбубәкір
С) Мұрат
Д) Қашаған
Е) Шортанбай
127
67.Зар заман әдебиетін "жүз жылдық дәуірдің әде-
биеті" деп жүйелеген ғалым
А) Мұхтар Әуезов
В) Сәбит Мұқанов
С) Бауыржан Омарұлы
Д) Есмағамбет Ысмайылов
Е) Қанипаш Мәдібай
68.Мұхтар Әуезов Махамебетті зар заман дәуірінің
белгілі бір кезеңінің ақыны атауы
А) Ісшілдік кезең
В) Әлеуметшілдік кезең
С) Дін мен мәдениет иісі шыға бастаған кезең
Д) Отаршылдық кезең
Е) Діншілдік кезең
69."Бұхар жыраудан соң ХІХ ғасырдағы зар заман
ақындарының басы – Махамбет" деген ғалым
А) М.Әуезов
Б) С.Мұқанов
В) А.Шәріп
С) Б.Омарұлы
Е) А.Жақсылықов
70.Дулат Бабатайұлының арнауы
А) "Күлембайға"
В) "Дүтбайға"
С) "Қайыпуалиға"
Д) "Кеңесбайға"
Е) "Бәкеге"
71.Шортанбайдың 1880 жылы Қазан баспасынан
жарық көрген жинағы
А) "Манзумат Қазақия"
В) "Хал-ахуал"
С) "Өсиетнама"
Д) "Бала зары"
Е) "Бозжігіт"
128
72. Дулат өлеңдерін: 1) терме өлең; 2) ұйқасты жолы-
мен синтаксистік құрылысы сәйкес келетін шумақты
өлең; 3) ішкі шумақты ұйқасы әрі шумақаралық ұйқасы
бар ұйқасы тұтас өлең деп бөлген зерттеуші
А) Х.Сүйіншәлиев
В) Е.Ысмайылов
С) З.Ахметов
Д) Қ.Раев
Е) Қ.Өмірәлиев
73.Д.Бабатайұлының "Тауды екіге жарасың" өлеңінде
суреттелетін өзен
А) Ертіс
В) Бұқтырма
С) Тентек
Д) Аягөз
Е) Қаратал
74."Жалпыға айтқаны" толғауының авторы
А) Шортанбай
В) Базар жырау
С) Мұрат
Д) Қашаған
Е) Абыл
Достарыңызбен бөлісу: |