Жалғасы 7-бетте


минутта 135 маса аулаған Кристоффер Экерсунд маса аулаудан әлем чемпионы атанды (Швеция)



Pdf көрінісі
бет5/8
Дата11.01.2017
өлшемі13,43 Mb.
#1672
1   2   3   4   5   6   7   8

15 минутта 135 маса аулаған Кристоффер Экерсунд маса аулаудан әлем чемпионы атанды (Швеция)

– Денсаулығыңыз жақсы ма Шер ата? 

Біздің өтпелі кезең деп жүргеніміз қашан 

таусылады?

– Денсаулығым ептеп жақсы. айналайын. 

Өтпелі кезең бізді өкіндіргелі қашан. Шығыстағы 

көршіміз Қытайдың бір мақалы ойыма оралып 

отыр. Қытай қарғысының ең жаманы – «Ауыспалы 

кезеңде туғыр». Яғни, императорлар, династиялар 

әулеті ауысып, жаңа дәуір басталар аласапыран 

шақ. Біздің өтпелі кезең осындай дүдәмал халде 

болды. 


– Шерхан ата, бүгінгі атқарушы билікке 

қандай баға бересіз? Атқамінерлердің ұстанған 

бағыт-бағдарын Сіздің көкейіңіздегі бағаммен 

өлшеп көрсек...

– Тәуелсіздік алғанға дейін: «Шіркін-ай, 

Қазақстанның байлығы өз қолымызға тисе ғой! 

Сонда ма, сонда...»  – деп армандап едік. Енді не 

болды? Байлық өз қолымызда. Бірақ, бүйіріміз 

неге томпаймайды? Қарнымыз қабырғамызға 

неге қабысып қалды? Осылай дей бастасаң 

басшылар ашуланады. Өйткені, олардың ел 

аралап  жүріп өткен жерінің бәрі жайнап тұр. 

Ел тоқ, киім көп, жұрт тыныш, күнде думан, күнде 

той. Мұның атын «Потемкин деревнясы» дейді. 

Кезінде патша-қатын Екатерина Ресейдің оңтүстігін 

аралап келе жатса, ертегідегідей әп-әдемі әсем 

үйлер көздің жауын алып жарқырап тұратын 

көрінеді. Сөйтсе, патшаның Потемкин дейтін 

министрі жол бойына жұқа тақтайдан үйлердің 

көркем суретін салдыртып қояды екен. Біздің 

әкімдеріміздің әрекеті, көбінесе, осы Потемкин 

атаның қулығына ұқсап кетеді. Олар шалғайдағы 

Торғайдың, Ырғыздың түкпіріндегі ауылдарға, 

Шетке, Абдалыға, Шудың құрдымына, Зайсанның, 

Тарбағатайдың пұшпақтарына барып, қарапайым 

халықтың хал-жайын біліпті дегенді оқыған да, 

естіген де емеспін.

«Қазақстанның Көк Тәңірі сыйлаған бай 

қазынасы қандай?» деген сұрақ көкейден кетпейді-

ақ. Сол қазына халықтың мұқтажына жетпей 

жатқандықтан халық жоғары жаққа жаутаңкөз.

Құдайға шүкір, дәл қазір мемлекетімізге 

зеңбірекпен төніп тұрған қауіп жоқ. Бірақ, 

зарығып жеткен тәуелсіздігімізге төніп тұрған 

орасан қауіп – жемқорлық, парақорлық, ұрлық-

қарлық! Мемлекет қазынасын, қалың халықтың 

несібесін солқылдата сорып жатқан осылар. Ал, 

дүниежүзілік банктен миллиардтаған қарыз 

аламыз. «Неге?» десеңіз, «Бюджетте ақша жоқ» 

деген жауап аласыз. Жылда 7-8 миллиард теңге 

игерілмей қалады. Сол ақша қайтадан бюджетке 

қайтарылмай ма, қалай өзі?! Әйтеуір адам түсініп 

болмайды. Осы орайда, Шекспирдің даналығы 

еске түседі. Қылмысты алтынмен көмкеріп 

қойсаң, заңның найзасы майысып қалады. 

Көк соққанда біздің найзаларымыз, әсіресе, 

майысқақ келе ме деп сескенемін. Неліктен? 

Заңның найзасы майысқақ мемлекеттің іргетасы 

бекем бола қояр ма екен? Өрмекшінің торына 

түссе, шыбын-шіркей ғана түседі. Ал ара, сона 

дегендер сол  торды елең қылмай бұзып кете 

береді. Сор болғанда біздің заңның торынан 

үлкен шыбындар да шығып кете береді.

– Шерхан ата, жең ұшынан жалғасқан 

жемқорлық қай саланы болмасын жайлап 

алған. Аса ірі көлемін көлеңкелі бизнестен 

іздейміз бе? Әлде...

– Жемқорлық пен парақорлық батпан 

құйрығы – шетелдерден алынып жатқан несие 

және Үкіметтен несиені миллиондап алып, 

бір теңге де қайтармай отырған алпауыттар. 

Екеуі де Үкіметтің тікелей қатысы бар. Үкімет 

әлгі алпауыттарға несиені оңды-солды аямай 

бергенде – Атымтай жомарт. Ал, қарызды 

қайтар деп айтуға келгенде дәрменсіз. Неге? 

Сен қалай ойлайсың? Неге? Қарызды қайтар деп 

айтуға келгенде, Қажыгелдиндер неге күмілжи 

береді? Қағазға қол қойған сол ғой. Міне, батпан 

құйрықтың жатқан жері. Алтын сауытқа оранған 

қылмысты заң найзасы дәл жүректен түйрейтін 

шақ осы. Бұл жерде майысқақ найзаны лақтырып 

тастаған жөн. Майысқақ найза болмаса, Шумов 

пен Малахов, Смағұлов қайда? Заң қорғаушылар 

дәрменсіз дегенге кім сенеді. Бірақ, осылармен 

пәрменді күрес жоқ.

– Маңдайының соры бес елі қазақ тілінің 

көсегесі  қашан көгереді? Депутат кезіңізде емес 

пе еді, «жыланның ғана екі тілі бар» дегеніңіз? 

– Иә, дәл сол заманда. Ой, айналайын-ай, 

қазір менен не қал сұрайсың? Қызметте отырғанда 

өзімізге берілген міндетті толығымен орындауға 

тырыстым. Қазір мен «Егеменбіз, Тәуелсізбіз» деген 

шырын сөздерге бұрынғыдай масаттанбайтын 

болып барамын. Ол – ол ма, азаттық алғанымызға 

де сенім азайды. Алматыда жүрсем де шет елде 

жүрген сияқтымын. Қала толы жарнама. Бұрын 

орысшасы көп те – ептеп түсінуші едім, енді 

не жазу екенін мүлде түсінбеймін. Өйткені, 

қаптаған ағылшынша мен қытайша, ал соған 

енді түсініп көр. Көшеде адамдар бір-бірімен 

көпшілігі орысша сөйлеседі, одан қала берді 

ағылшынша, қытайша бірдеңе дейді. Қай елде 

жүргеніңе шатасып қаласың. Азаттық алғанымыз 

осы ма?   

– Шерхан ата, Сіз Астананың болашағына 

сендіңіз бе?

– Мен Астанаға Целиноград болған тұсында 

да, Ақмола болғанында да талай мәрте барғанмын. 

Ол кезде батпақ белуардан келіп, аяқ алып жүре 

алмайтынбыз. Амалсыз кәдімгі керзі етік киіп 

алатынбыз. Қарлы боран, жауынға қарамай 

Сарыарқаның төсіндегі осы қаланы талай кезгенмін. 

Қазір Астана адам танымастай өзгерді. Өте көп 

күш, қаншама қажыр мен қайрат жұмсалуда. 

Бір байқағаным, біз өте әсірешіл, даурықпа 

болып кетіппіз. «Дүниежүзінде мұндай керемет 

қала жоқ» деп, даусымыз жеткенше айқайлап 

жатырмыз. Ал ақын-жазушылар Астананың 

кереметіне тамсанып, талай туындылар тудырып 

та тастады. Өз басым, әлемнің түкпір-түкпірінде, 

мұхиттың арғы және бергі бетінде де болдым.  

Қаншама елдің астанасын, сұлу қалаларын 

көрдім. Ал енді «осы қалалардың барлығынан 

басып оздық» дегеніміз астамшылдық болады. 

Уақыт өтер, Астана түрленіп, заман талабына 

сай бой түзер. Құр бөрікті аспанға ата беруге 

болмайды, ақиқатын, шындығын айтуымыз 

керек, шырағым. 

– Әңгімеңізге рақмет, Шер ата!

Сұхбаттасқан: 



Жұмамұрат ШӘМШІ

«БІЗДІҢ ЗАҢНЫҢ 

ТОРЫНАН ҮЛКЕН ШЫБЫНДАР ДА 

ШЫҒЫП КЕТЕ БЕРЕДІ»

Шерхан МҰРТАЗА, мемлекет және қоғам қайраткері, халық жазушысы:



Құдайға шүкір, дәл 

қазір мемлекетімізге 

зеңбірекпен төніп тұрған 

қауіп жоқ. Бірақ, зарығып 

жеткен тәуелсіздігімізге 

төніп тұрған орасан 

қауіп – жемқорлық, 

парақорлық, ұрлық-

қарлық! Мемлекет 

қазынасын, қалың 

халықтың несібесін 

солқылдата сорып 

жатқан осылар. Ал, 

дүниежүзілік банктен 

миллиардтаған қарыз 

аламыз. «Неге?» десеңіз, 

«Бюджетте ақша жоқ» 

деген жауап аласыз. 

Жылда 7-8 миллиард 

теңге игерілмей 

қалады. Сол ақша 

қайтадан бюджетке 

қайтарылмай ма, қалай 

өзі?! Әйтеуір адам түсініп 

болмайды. Осы орайда, 

Шекспирдің даналығы 

еске түседі. Қылмысты 

алтынмен көмкеріп 

қойсаң, заңның найзасы 

майысып қалады. 

Көк соққанда біздің 

найзаларымыз, әсіресе, 

майысқақ келе ме деп 

сескенемін. Неліктен? 

Заңның найзасы 

майысқақ мемлекеттің 

іргетасы бекем 

бола қояр ма екен? 

Өрмекшінің торына 

түссе, шыбын-шіркей 

ғана түседі. Ал ара, сона 

дегендер сол  торды 

елең қылмай бұзып кете 

береді. Сор болғанда 

біздің заңның торынан 

үлкен шыбындар да 

шығып кете береді.

Теңізбайдан бастайын әңгімені,

Иесі екен алып күштің зор денелі.

Тарихтан белгілі ғой кезінде ол

Ауырдың үстіменен жүрмегені.

Садақ тартса ерекше бір белгісі,

Нысанаға дәл тиіпті жебесі.

Сол себепті ру атын Мерген деп,

Атап кеткен көрінеді ел іші.

Ол Шақшақ Жәнібектің серігі де,

Жетіпті бір басына ерлігі де.

Талай мықты шығыпты ұрпағынан,

Баршаға есімдері белгілі де.

Естіген-білгендерім ұзақ бәрі,

Кетпейін шамадан тыс ұзап әрі.

Бүгінгі жыр жолына тиек болған,

Ел ағасы Әмірғали Душатұлы.

Душат та шығыпты үлкен ортадан,

Талабымен кем түспепті қатардан.

Мал қамы, шаруаның жайынан тыс,

Әйгілі кәнігі де аңшы атанған.

Өзі де, жұбайы оның Мәрияда,

Қараған жандар екен құдайына.

Дүниеге өрімдей кіл қыз әкеліп,

Кіріпті отбасының шырайыда.

Әлде де жақсылықты күтіп алдан,

Ұл сүю болды оларға үлкен арман.

Екеуі Қожа Оспанға тағзым етіп,

Ойларын ашық айтып бата алған.

Арада күндер жылжып, ай өтеді,

Мәрия тағы құрсақ көтереді.

«Қазанның қарасындай ұл туады»,

Дегені әулиенің дәл келеді.

Дүние есігін алғаш ашқан сәбидің,

Әмірғали деп қойыпты есімін.

«Ақ түйенің қарыны жарылған күн»,

Ырым-кәде жасалыпты ол үшін.

Сол бала қызығардай болды жігіт,

Таныпты айналасын оймен сүзіп.

Ата-анасын қуанышқа бөледі,

Мектепті де үздік оқып бітіріп.

Маңайына топтастырып жастарды,

Еңбек жолы комсомолдан бастады.

Қостанайдың облвоенкомында,

Соғыс жылы бір бөлімді басқарды.

Адам тілін табуға бар икемі,

Еске алмау ерсі болар Бикенді.

Туған інісінен Алматыға оқуға,

Апарғанын ұмытпаған жөн секілді.

Әмірғали сөзге құлақ түріпті,

Шаруа жайын терең зерттеп біліпті.

Өз кәсібін ойдағыдай атқарып,

Зоотехник атанады білікті.

Іскерлігі аңызға да айналды,

«Шолақсайға» директор боп сайланды.

Алты жылда жаңа ашылған совхозда,

Көп шаруалар тындырылды пайдалы.

Жақсыдан бір із қалады емес пе,

Қақымыз жоқ бұлай енді демеске.

Егіннен де әр жыл сайын қамбаны,

Алтын дәнге толтырғаны әлі есте.

Ауыл халқы өмір кешіп көңілді,

Шаруашылық көш басынан көрінді.

Төрт түлікті өз төлінен өсіріп,

Жоспардан тыс алып жүрді өнімді.

Әр адамның тілін тауып әмәндә,

Әмірғали қызмет етті адал да.

Аямады қолдан келер көмегін,

Ауылындағы жоқ-жұқана адамға.

Еңбегі де бағаланды жоғары,

Кеудесіне тақты Орден мен Медальды.

Алғыспенен ел көгерер, – дегеннің,

Белгісіндей халық мұны ұғады.

Осы аталған марапаттар сыртында,

Мұражай мен көшеде бар атында.

Естен оны шығаратын түрі жоқ,

Бүгіндері Шолақсайдың халқы да.

Құдай қосқан жұбайы оның Гүлсімде,

Өн бойында бір міні жоқ кісіде.

Ізет жасап тұратұғын қашанда,

Жылы сөйлеп үлкен менен кішіге.

Бухгалтерлік екен қуған кәсібі,

Тура жолдан жаңылмаған деседі.

Өз міндетін ойдағыдай атқарып,

Жауабына соғыпты кіл есебі.

Ағайынның сақтап сөзін жадында,

Әмірғали бұрды бетті Торғайға.

Ауаткомның орынбасар міндетін,

Атқарудың сәті түсті бағына.

Бұл орында төрт жыл істеп небәрі,

Ауылда еркін жұмыс жасау ұнады.

Соған орай мал бордақылап совхозы,

Болды оның соңғы енді тұрағы.

Шаруашылық әрбір өткен жылдарды,

Табыспенен аяқтады жоғары.

Бау-бақшада салып өзен бойына,

Сырттан оны әкелуді доғарды.

Аз ғана жан қоныс тепкен далада,

Сап түзеген үйлер тұрды жаңа да.

Ауыл іші жасыл желек жамылды,

Көп уақыттар өтпей жатып арада.

Үлкен-кіші жұмыстан еш қалмады,

Барлық жерде қызу еңбек қайнады.

Көрген адам сүйсінердей көркіне,

Қаламқарасу қалашыққа айналды.

Еңбегінің жемісін ол көрмеді,

Жабысқан дерт бойға ерік бермеді.

Тура елу төрт жастан әрі аспай,

Жер-Ананың қойнауына енеді.

Содан бері қырық алты жыл өтіпті,

Серік, Берік әке артынан кетіпті.

Жоқтың орнын толықтырып бір Алла,

Жұптың басы жетеуге де жетіпті.

Әуел бастан үйір болған жақсыға,

Әмірғали ұқсайтұғын асылға.

Ағайындар жиналып та бас қосты,

Туғанына ғасыр толған асына.

Осыған ырза шығар аға аруағы,

Әлі де биікте тұр шаңырағы.

Әке өмірі жалғасы деп айтардай,

Шүкір тоба! Бар ұлы мен қыздары.

Сағи ӘБІЛХАСЕНҰЛЫ,

ақын-журналист

Асылдын сыныгы

(Торғайдың төл перзенті Әмірғали Душатовтың туғанына 100 жыл толуына орай)

«Ж

ақсының аты, ғалымның хаты өлмейді» дейді біздің дана 



халқымыз. Ал, халық айтса, қалт айтпайды ғой. Себебі, жақсылардың 

соңында ізгі істері мен ұлағатты сөздері, жүріп өткен жарқын іздері 

қалады. Әрине, ондай азаматты халық қашанда қадір тұтып, төбесіне 

көтереді. Есіл ердің еңбегін елеп-ескереді. Сондай абзал да ақкөңіл, 

туған халқы ерекше құрмет тұтып, үлгі-өнеге алатын әкем Әмірғали 

Душатов жаратылысы бөлек ерекше тұлға еді.

«Жақсы әке – балаға қырық жыл азық» дегендей, әкемнің 

адамгершілігі мен азаматтылығын көз көрген жерлестері үнемі айтып 

отырады. Әлі күнге дейін әкем ортамызда жоқ болса да, оның нұрлы 

бейнесі, ізгі істері, мәрт мінезі, азаматтық қадір-қасиеті естелікке 

айналып жатыр. 

Перзент атаулы жүрек сөзін ең алдымен ата-анасына арнаса 

керек. Содан ба екен, әкем туралы ойлаған сайын өн бойымды ұдайы 

сүйіспеншілік сезімі әлдилейді. Осынау ғазиз жан туралы қалай айтсаң 

да жарасар еді. «Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің» деген 

ұлағатты сөздің мағынасын мен қазір терең түсініп жүрмін. Менің әкем 

жайлы жерлестері, замандастары, көз көргендер мен ұрпақтары аз 

айтып жүрген жоқ. Ендігі жерде екінші ғұмыры әлдеқашан басталып 

кеткен әкем туралы өз перзентінің де қолға қалам алуы оңай емес 

екен. Өйткені, ол – тұлға. Ал, тұлға туралы жазу қашанда қиын. Жақында 

«Өнегелі өмір» атты әкем туралы естелік кітабым жарыққа шықты. Бұл 

шағын кітап тек қана перзенттік борыштың бастауы іспетті.



Роза ӘМІРҒАЛИҚЫЗЫ

31-32 [807], 05-12.08.2016

 qazaq1913@nur.kz  

9

Қысқа қайырғанда:

ТҰЛҒАТАНУ



Дәрігерлер әлемдегі бойы ең ұзын әйелдер Латвияда, ал ерлер Нидерландыда тұратынын айтты

Ал,  қайраткер  деген  кім? Бұл сұраққа ғұлама ғалым, 

академик Манаш Қозыбаев: «...шен мен шекпен киіп, омырауына 

ілген ордендері мен медальдары жағаны етекке иіп, ісініп 

толған, номенклатуралық баспалдақтарға зорға сыйып, өзіне-өзі 

риза болғандардың бәріне «қайраткер» деген атақты үлестіріп 

жүрміз. Бұл дұрыс емес. Қызмет қандай лауазымды болса да 

қайраткерлік атақты қолма-қол қосып бермейді. Қызметке 

тағайындайды, сайлайды, ал қайраткерлік атақты халықтың 

өзі береді. Қайраткерлік – ең алдымен ұлы істе танылады. 

Ұлы іс – халық мүддесінен туындайды. Ендеше қайраткер 

болу үшін ол парасат, ақыл иесі болуы керек», – деп жауап 

берген екен.

Рас, қайраткерлік ең алдымен ұлы істе танылады. Ал, 

«Сапар Ысқақов қайраткер болатындай не тындырды?» 

дейтін кейбір оқырманның сұрағына бүгінгі «Тұлғатануда» 

жауап іздеп  көрелік. 

Әлбетте, бір мақаламен Сапар Ысқақовтың адамдық, 

азаматтық, қайраткерлік тұлғасын толық ашу мүмкін емес. 

Десе де, бүгінде 75 жасқа толып отырған қайраткердің ұлағатты 

өмір жолына қысқаша тоқталып өтсек артық болмас.

Сапар Ысқақов – бұрынғы Торғай облысындағы (қазіргі 

Қостанай облысы) Амангелді ауылында 1941 жылдың 5 

тамызында дүниеге келген. Қарағанды политехникалық 

институтын бітірген. Инженер-құрылысшы болып басталған 

оның еңбек жолы еліміздегі түрлі деңгейдегі құрылыс 

саласында жалғасып, басшылық қызметтер атқарған. 1991 

жылдан бастап жеке кәсіпкерлікпен айналысады. 1998 жылы 

отбасымен Елордаға қоныс аударып, Астана құрылысына өз 

қолтаңбасын қалдыруды мұрат етті. Төккен тер мен еткен еңбек 

еш кеткен жоқ. Жеткен жетістіктері де толайым. Айталық, 

2005-2006 жылдары «Жыл таңдауы» байқауында екі рет 

«Жыл адамы» – «Алтын Адам» атағын, 2006 жылы «Астананың 

іскер адамы», 2007 жылы «Ғасыр меценаты» (Мәскеу, Ресей) 

атақтарын иеленген. Ресейдің  «Держава», Ұлыбританияның 

«Королева Виктория» атындағы, Швейцарияның халықаралық 

«Алтын медаль», Қазақстанның «Құрмет» ордендерін алды. 

Қазақстанның құрметті құрылысшысы. Арқалық қаласының 

Құрметті азаматы. Халықаралық меценаттар, Халықаралық 

туризм және спорт академияларының академигі. Мұнымен 

қоса, Сапар Ысқақов Мәскеудің 850 жылдығы атындағы 

саябақтың «Ұлт мақтанышы» атты меценаттар аллеясына 

есімі жазылған тұңғыш әрі жалғыз қазақ.

Жетпіс жасқа жетіп, жеті асудан асқан Сапар Ысқақұлы 

«Ана тілі» газетіне (2011 ж.) берген сұхбатында өзі жайлы 

былай деп толғаныпты: «Туған әкемнің аты Әбдібек. Дәмелі 

деген апасының екі баласы қайтыс болған соң мені берген ғой. 

1941 жылы күздігүні әулетіміздегі еркеккіндіктілердің бәрін 

соғысқа алып кеткен. Мені тәрбиелеген – Дәмелі апам. Әкем 

Әбдібек мені «балам» деп ешқашан айтқан емес. «Дәмелінің 

баласы» деп отыратын, жарықтық. Дәмелі апамды қазақтың 

кәдімгі ақсүйегі деуге болады. Біздің бабаларымыз орта шаруа 

болған. Өздері төрт ағайынды. Солардың ең үлкені – менің 

атам Омар деген кісі. Құранды өте жақсы білген. Ол кісіні 

«Омар қалпе» дейтін. Мен Дәмелі апамның тәрбиесінде өстім. 

Өз анам пысық, ал әкем жуас адам болатын. Ұшқыш болу 

бала кезден арманым еді. Соғыстан кейінгі жылдарда елімізге 

алғашқы ұшақтар келіп, соларды көрген біздің арманымыз 

осындай темір тұлпарды бағындыру болатын. Газет-журналдарда 

ұшақтар туралы көп жазылатын. 8-сыныптан бастап спортпен 

айналыстым, «Советская авиация» деген газетті жаздырып 

алатынмын. Бүгінгідей көз алдымда. Онда мен 7-сыныпта 

оқимын. 1953-54 жылдары Арқалықта тұрамыз, Қостанайдан 

пошта таситын ұшақ келеді. Жаз күндері қонатын, қона алмаса, 

қыста жерге жақындап келіп, поштаны тастап кететін. Ұшақ 

қонатын жерге біздің үй жақын болатын. Ұшақ келіп қона 

бастағаннан жүгіріп барамын. Айналдыра қарап, қызықтай 

бастаймын. Ұшқыштың есімі менімен аттас – Сапарғали 

Теңізбаев. Орскінің қазағы. Двигателі кішкентай ұшақтың 

оталуы қиын. Мен соған көмектесем. Сапарғалиға «от винта» 

деп бұйрық беремін. Сол көмегім үшін өзімді керемет бақытты 

сезінетінмін. Мотор от алған соң Сапарғали мені ұшаққа 

отырғызып, ауыл төбесінен екі-үш рет айналдырып, қайыра 

түсіріп кететін. Кейін оныншы сыныпты бітіргенде әкеме 

әскери авиация училищесіне баратынымды айтып едім, 

қатты наразы болды. Ол кісі үшін аспанда ұшу қауіпті болса 

керек әрі көз алдарынан алысқа кетіп қаламын ғой. Әкем 

соғыстан мүгедек болып оралған, көп жыл мұғалім болып 

қызмет істеген кісі. Үйдің үлкені – мен, менен кейін төрт қыз. 

Әйтсе де, әкемді азаматтық ұшқыштар училищесіне баруға 

көндіріп, Татарстанның Бугуруслан қаласындағы ұшқыштар 

училищесіне түстім. Әскери ұшақтармен ұшуды армандап 

жүрген менің көңілім бірден құлазып сала берді. Училищенің 

ауласы тозған, ғимараты ескі, іріп-шіріп тұрған бірдеңе. Қолды 

сілтеп, ауылға қайттым. Одан кейін сырттай оқуға да мүмкіндік 

болмады. Ақыры құрылыс саласына кеттім». 

Иә, Сапар Ысқақовтың бала арманы орындалмаса да, 

ұшқыш болмаса да инженер-құрылысшы мамандығын алды. 

Құрылыс саласында өнімді еңбек етті. Кемел болашақтың 

нышанына айналған Астана қаласының өзгеше безендірілген 

сәулетті ғимараттарының алыстан көз тартуына өз үлесін қосты, 

қосып та жүр. Қолтаңбасын қалдырды. Мысалы, 2012-жылы 

ашылған «Тілеп қобыз» сарайын алайықшы, бұл жай ғана 

концерттік зал емес, онда 125 орынға есептелген 79 қонақүй 

нөмірі, 170 орынға арналған мейрамхана, 80 орындық кафе-

бар, фитнес-орталық, 300 шаршы метрді қамтитын кеңсе-

сауда орындары және туризмді, сауда нысандарын, бизнес-

орталықтарды ұйымдастыруға арналған түрлі мақсаттағы басқа 

да орындар бар. Ал, сол орталықтың құрылтайшысы Сапар 

Ысқақов екенін біреу білсе, біреу білмес. 

Сарайдың қалай салынғанын бір әңгімесінде Сапар 

Ысқақовтың өзі: «2005 жылы біз Астана қаласы әкімінің сол 

кездегі орынбасары, талантты композитор Төлеген Мұхамед-

жановтың идеясымен қазақ әндерінің халықаралық байқауын 

өткізгенбіз.  Бастапқы 2003-2004 жылдары Астана қалалық 

әкімдігі қолдап өткізді. 2005 жылы Төлеген Парламент Мәжілісіне 

депутат болып кетті де, байқауды ұйымдастырушылар «Өнерге, 

мәдениетке қолдау жасап жүргеніңізді білеміз, көмек берсеңіз» 

деп маған өтініш айтты. Себебі, конкурс тоқтап қалайын деп 

тұр. Мен келісім бердім. Сонымен, «Астана – 2005» деген 

атпен қазақ әндерінің конкурсы өтті. Шетелдерден әншілер 

келді. 2006 жылы тағы өткіздік. 2007 жылы экономикалық 

дағдарыс басталды. Өзіміздің құрылысымыз жүрмей жатты. 

Продюсер Мұрат Ерғалиев: «Елге хабарлап қойып едік, ұят 

болды», – деген соң, ойланып, тағы келістім. Бұл жолғы 

конкурстың аты «Астана – Тілеп» болып өзгертілді. Айтайын 

дегенім, ұйымдастыру ко миссиясында ғұлама ғалым Ақселеу 

Сейдімбек бар еді. Ахаң маған: «Сәке, өнерді қолдап жүрсіз, 

неге Қобыз сарайын салмайсыз? Нью-Йоркте Карнеги-Холл, 

Лондонда Альберт-Холл бар. Дәл солардікіндей болмаса да, 

соған жетеғабыл сарай болсын», – деді. Бұл идея маған ұнады. 

2005 жылы Қобыз сарайын салуға тапсырыс бердім. 2006 

жылы құрылысты бастадық. Астана қаласының сол кездегі 

әкімі Өмірзақ Шөкеев те, Елорданың бас архитекторы Шоқан 

Матайбеков те қолдады. Әсіресе, Шоқан қуанды! Қобыз 

сарайының жобасын өзі сызды. 23 мың АҚШ долларына 

бағаланған ақшасын алған жоқ. «Қосқан үлесім», – деді. 

«Цеснабанктен» көлемді несие алдық та, жұмысты бастап 

жібердік», – деп айтқан еді.

Ал сарайға «Тілеп қобыз» атауы кездейсоқ таңдалған 

жоқ. Сапар Ысқақов оны өзінің арғы атасы, атақты сазгер әрі 

қобызшы Тілеп Аспантайұлына (1757-1820) арнады. Аңызға 

сай, Қорқыттың қобызының сарынын мирас еткен оның шәкірті, 

бақсы Қойлыбай болса, ал ол осы өнерді 13 жастағы Тілеп 

Аспантайұлына табыстап, батасын берген көрінеді.

Жоғарыда Сапар Ысқақовтың қазіргі заманның Атымтай 

жомарты екенін айттық. Енді оның меценаттығы жөнінде 

бірер сөз айтсақ.

Шығыс ойшылдарының бірі: «Егер адам баласы өзінде бар 

дүниені қанағат тұтып, өз дүниесі өзіне жететіндігін сезінгенде 

ғана дүниенің жалғандығын жеңе алады», – деген екен. Осы 

тіркестер «қолы ашықтың, жолы ашық» қағидасымен өмір сүріп 

келе жатқан Сапар Ысқақовқа арналғандай әсер қалдырады. 

Өйткені, жақсылық жасауды азаматтық парызы санайтын ел 

ағасының туған еліне, өнер, әдебиет пен мәдениетке үлкен 

жанашырлықпен, ізгі жүрекпен қаржы бөліп, демеушілік 

көрсетіп жүргенін көз көріп, құлақ естиді. Қаншама талантты 

жастарға қолдау көрсетті. Жалпы, үлкен жүректі қайраткердің 

осы кезге дейін елі үшін атқарған игі істерін айтып тауыса 

алмаспыз. Оның бәрін айту да мақсат емес. Оны біз айтпасақ 

та халықтың өзі айтып жүр. 

Әрине, мұның бәрін Сапар Ысқақов байлығының асып-

тасығандығынан жасап отырған жоқ, Пайғамбарымыздың 

бір хадисінде: «Нағыз байлық мал-мүліктің көптігінде емес, 

жүректің, жан дүниенің кеңдігінде», – делінгендей, шынайы 

байлықтың мән-маңызын түсінгендіктен жасап отыр. Оның 

үстінде отбасында сондай тәрбие алған. Бұл туралы қайраткердің 

өзі бір әңгімесінде былай депті: «Анам ма ған «Өмірде «жоқ» 

деп айтпа» деп жастайымнан құлағыма құйған. «Әсіресе жетім-

жесірге, жоқ-жітікке қол ұшыңды бер. Ол ісің Алладан екі-үш 

есе болып қайтады», – дейтін. Осы сөздер есімде ерекше 

сақталды. Шынында, солай. Біреуге көмектессем, көп ұзамай 

сол жақсылығым бірнеше есе боп қайтады».

Міне, қайраткердің өзі айтқандай, жығылғанды демеу, 

құлағанды тұрғызу, жылағанды жұбату қасиеті оған қанмен 

берілген. Сондықтан да, отбасының осындай тәлім-тәрбиесін 

көрген қайраткердің қайырымды болмауы мүмкін де емес 

шығар. Оның үстіне меценаттың бұл өмірлік ұстанымы «кең 

болсаң, кем болмайсың» дегенге келеді.

Сапар  Ысқақовтың  саяхатшы-жиһанкез екенін жұрт 

жақсы біледі. Оның есімі әлемнің 100-ден астам елінде және 

Антарктикада болғаны үшін 2008 жылы Қазақстанның рекордтар 

кітабына енген. Ол саяхатты студенттік жылдардан бастаған. 

Алғаш 1962 жылы Ленинградқа (қазіргі Санкт-Петербург) 

барған. Сол 54 жылдан бері әлемнің 100-ден астам елінде 

болды. Ол бұл елдерге жай ғана қыдырып бармайды, әр 

елдің салт-дәстүрімен, тарихымен, мәдениетімен, тұрмыс-

тіршілігімен, табиғат  ерекшеліктерімен   танысып   келеді.  

Көрген-естігендерін қағазға, видеоға, суретке түсіреді. Соның 

нәтижесінде Сапар Ысқақов бірнеше танымдық кітаптарды 

жарыққа шығарды. Антарктикада қазақтың көк туын желбіреткен 

де осы кісі.

«Солтүстік полюске дүниежүзіндегі 14 елден 85 саяхатшы 

аттандық. Бұл экспедиция – ешқандай ұйымдар мен өкіметтің 

тапсыруымен емес, қарапайым адамдардың бастамасы бойынша 

әрі өз қаржыларымен жасаған патриоттық қадамдары. Мұзды 

мұхитқа кейінгі 10 шақты жылда Қазақстан атынан ең алғашқы 

болып барған экспедиция құрамында мен және зайыбым 

Күміс Ысқақова, «Қазақстан» телеарнасының журналисі Ерлан 

Ақшалов, осы топқа кейіндеу қосылған алматылық кәсіпкер 

Вячеслав Ким бар еді. «Ямал» атты мұзжарғыш кемемен 

14 күндік саяхат таңғажайып табиғат қызықтарына бөледі. 

Әуелі Баренц теңізін жүзіп өттік. Франц Иосиф архипелагы 

ерекше әсер қалдырды. Біріне-бірі жақын, жалғас 200 

арал тобы 16 мың шаршы шақырымды құраса, соның 85 

пайызын мұз алып жатыр. Ығы-жығы құс базары, морждар 

мен Арктиканың иелері – ақ аюларды көрдік. Біз Флора 

мүйісінде аз аялдадық. Солтүстік полюске жақындаған са йын 

қалың мұз қабатын жару қиынға түсті. Кемеміз сағатына 15-

20 шақырымдық жылдамдықпен ақырын жылжып отырды. 

Сонымен Солтүстік полюске де жеттік. Сол жерде «Нұр Отан» 

партиясының, Астана қаласының және жерлестерім өтініш 

айтқан Қостанай облысының туын желбірете тіктік», – депті 

бір сұхбатында жиһанкез.

Бұдан бөлек, жиһанкездің өз қаржысына талай ғылыми 

экспедициялардың ұйымдастырғанын және білеміз.

Енді Сапар Ысқақовтың тағы бір қырына тоқталсақ артық 

болмас. Ол – кітапқұмарлығы.

Шынын айту керек, бүгінгі біздің қоғамдағы үлкен мәселе 

– қазір кітап оқымайтын ұрпақ өсіп келе жатыр. Үлкені де, 

кішісі де кітап оқуды қойды.  Ал, көркем шығармалар оқитын 

кәсіпкерлерді тіпті ести бермейсіз. Алайда Сапар Ысқақовтың 

ерекшелігі де сонда – көркем шығармаларды көп оқиды, 

өзінің жазған кітаптары да бар. «Көркем әдебиет егер күшті 

шығарма болса, адам жанын тазартады» деген ол  шетелдің 

Шыңғыс Айтматов,  Джек Лондон, Теодор Драйзер, Проспер 

Мериме, Оноре де Бальзак, өзіміздің Мұхтар Әуезов, Сәбит 

Мұқанов сынды қаламгерлердің шығармаларын оқыған. 

Оның ой-өрісінің кең болуына сол оқыған кітаптарының үлесі 

болғандығын жоққа шығара алмаймыз. Осындайда заңғар 

жазушы Ғабит Мүсіреповтің «Қазақ тілінде «таза адам» деген 

сөз үсті-басының тазалығымен бірге, ар-ұятының тазалығын 

да көрсетіп тұрады» дегені еске оралады. Сапар Ысқақұлы 

да біреудің жаңа ісін көрсе оны ардақтай біледі, өзгеге де 

жақсылық тілейді. «Адамгершілік кімде болса, соны ер деп 

есепте» деген қағидадан ауытқыған жоқ. 

Елге белгілі азаматтың халық алдындағы беделді 

болуы, өнімді алаңсыз еңбек етуі оның отбасына да тікелей 

байланысты. Сапар Ысқақовқа сүйікті жары Күміс Бейсенқызы 

өзінің кішіпейіл мінезімен, салиқалы білімімен үлкен сүйеу 

болды. Қызы Элико, ұлдары Энрико мен Жәнібектің әр 

салада абыройлы еңбек етіп жүрулерінің басты сыры да 

осындай отбасындағы орнықты тәрбиеден екені сөзсіз.

Ұлы Абай: «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, 

нұрлы ақыл, жылы жүрек», – десе, осы үш қасиет бірдей 

Сапар Ысқақовтың тал бойына туа біткендей. Оған біз 

түгел қамти алмаған, бірақ шама-шарқымызша баян еткен 

қайталанбас өнегелі өмірі дәлел.

«Адам артына, басқа адамдардың ақыл-ой дүниесінде, 

жүрегінде із қалдыру үшін туады» десек, Сапар Ысқақовтың 

жүріп өткен жолы жас ұрпаққа үлгі боларлық тағылымы 

мол. Оның өмірде қалдырған өзіндік ізі әлі талайларды 

тамсандыратын болады. Әрдайым абырой мен бедел биігіне 

адал еңбегімен көтеріліп, қиын-қыстау кезеңдерде ар 

тазалығын сақтай білген Сапар Ысқақов тәрізді ардақты 

қайраткердің жетпіс бес жылдық мерейтойына орай айтар 

ойдың түйіні осы болса керек.

Эссеміздің басында жігіттің өнерпаздығы туралы аз-кем 

сөз қозғалған еді. Соны түйіндейтін болсақ, Сапар Ысқақовтың 

«сегіз қырлы, бір сырлы» азамат екендігіне осы эссе арқылы 

да көз жеткізгендейміз-ау. Құрылысшы, кәсіпкер, меценат, 

қайраткер, жиһанкез, қаламгер сияқты сегіз қырынан таныла 

білген ұлтжанды азаматтың жалғыз-ақ сыры бар. Ол – қазақ 

халқына қалтқысыз еңбек ету.

Жасұлан МӘУЛЕНҰЛЫ

ҚАЙРАТКЕР

(Ғұмырнамалық эссе)

ҚАЗАҚТЫҢ


 

танымында «Сегіз қырлы, бір сырлы» 

деген әдемі ұғым бар. «Жігітке жеті өнер 

де аздық етеді» деу де құлаққа сіңісті. Бұл сөздер әшейін қызылсөзге 

жел беруден туған нәрсе емес, белгілі бір негізге сүйенуден туындаған 

тұжырым. Ал, мұндай бағаға  лайық қазақ азаматтары аз ба? Оларды 

санамалап жатудың қажеті жоқ, әрине. Дегенмен, солардың бірі – 

Сапар Ысқақов туралы әңгіме бөлек. Неге десеңіз, ол – жиһанкез, ол – 

меценат, ол – қаламгер, ол – құрылысшы, ол – сүйікті жар, ол – асқар тау 

әке, ол – ардақты да аяулы ата, ол – атақты қобызшы Тілептің шөбересі, 

ең бастысы ол – қайраткер.

Қадірлі жер мүддесі туралы жиынға бас 

қосқан бауырлар!

Өткен жиындарда біз санаулы ғана адам 

«Жер шетелге сатылмасын, жалға да берілмесін 

және өз адамдарымызға да сатылмасын, оларға 

жалға беруге ғана болады» деген пікірге табан 

тіредік. Бұл пікірден бізді ешкім трактормен сүйреп 

шығара алмайды. Өйткені, жердің шетелге жалға 

берілуі және өз қалталыларымызға сатылуы – 

болашақта Қазақстан мемлекетінің ыдырауына, 

қазақ ұлтының жойылуына кең жол ашады.

Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, 

тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және 

Жер ресурстары басқару комитеті басқармасы 

бастығының 2016 жылдың 4-мамырындағы сөзі 

мынау: «Қазақстан жерінің жалпы аумағы – 272 

миллион гектар. Оның ішінде ауылшаруашылығына 

пайдаланып жүрген жер – 100 миллион гектар, 

бос жатқан қосалқы жер – 100 миллион гектар. 

Жер 2003 жылдан бері сатылуда. Сол жылғы 

жер кодексі қабылданғаннан бері жердің 3 

миллион гектары жеке меншікке сатылған. 65 

мың гектар жер шетелдіктерге жалға берілген. 

Шамамен 1,7 миллион гектар жер алғашқы 

сатылуға дайындалып жатыр».

Енді Мұхамедкәрім Қажырбайұлының 

мәліметіне тоқталалық: «Еліміздің барлық 

көрікті жерлері әлдеқашан сатылып кеткен. 

Бәрінің сырты шарбақпен қоршалған. Ішіне 

мүлдем кіргізбейді. Кіргізетіндері әкесінің құнын 

сұрайды. Мысалы, Көкшетаудағы «Бурабай», 

Шымкент қаласы маңындағы «Машат» шатқалы, 

Маңғыстаудағы «Ақмыш» пен «Талшалы»...

Ал өз рухтасымыз Дос Көшім былай дейді: 

«Біз қазір Қапшағайдың жағасына барып 

суға түсе алмай қалдық, балық аулай алмай 

қалдық. Алакөл, Балқаш бәрі солай. Бөгенбай, 

Қабанбайлар тіріліп келсе, бетін де жуа алмайды 

Қапшағайдан, өзінің қорғаған жерінен. Міне, 

2003 жылы жер жекеменшікке еніп, халықтың 

көрген күні осы».

Қызылорда облысында өткен Жер реформасы 

бойынша өткен қоғамдық комиссияның 

отырысында журналист Жанарбек Әшімжан 

ірі жер иеленушілер туралы ақпаратты ашық 

түрде жариялау мәселесін көтерді: «Райымбек 

ауданының өзінде барлық жерді төрт-ақ адам 

бөліп алған. Ел қыстаудан жайлауға көше алмайды. 

Жолға дейін меншіктеп алған».

Мен осыдан 12 жылдай уақыт бұрын Республика 

Парламентінде Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар 

ауданындағы жердің едәуір бөлігі арабтарға 

жалға берілгенін, олардың ол жерді түгелдей 

қоршап алғанын мәлімдеген болатынмын. Ал, 

Төле би ауданы Қасқасу ауылының табиғаты 

әсем жерлерін бір қалталы адам жекешелендіріп 

алыпты да, оның үлкен бөлігін арабтарға 49 

жылға жалға беріпті.

Жер комиссиясының мүшесі Жанұзақ Әкімнің 

пікіріне жүгінелік: «1994 жылы Қазақстанның 10 

миллион гектардай жерін Ресей әскери полигоны 

ретінде 80 жылға жалға алды. Ол полигондардың 

аймағында онкологиялық аурулардың деңгейі 

орташа статистикалық деңгейден 10-12 есе,  ана 

мен бала өлімі 2-3 есе  жоғары. Қазақстанның 

ішінде Ресейдің полигондары мен әскерінің болуы 

– ол аннексияның бір түрі. Елдегі қоғамдық 

ұйымдар мен зиялы қауым өкілдері БҰҰ Қауіпсіздік 

Кеңесінің алдында Ресейдің Қазақстандағы 

әскери полигонын жауып, ондағы әскерді елден 

шығару мәселесін қойды».

Тағы бір маңызды мәселе: жер туралы 

шындықты айтқан Макс Боқаев пен Талғат 

Аянды түрмеден босатуды талап етеміз!

Жуырда: «Жердің ірі иеленушілері туралы  

ақпарат мемлекеттік құпиялар қатарына жатады, 

яғни ол жайлы арнайы заң бар. Жердің иесі 

жайлы ақпаратты меншік иесінің келісімі 

бойынша ғана жариялауға болады», – деген 

пікір айтылды.

Еліміздің үлкен қалталылары, үлкен ұрылары 

өздерінің жағдайларын жақсы қарастырған екен. 

Ондай әділдік абыройынан жұрдай заңды бәріміз 

бірлесіп «о дүниеге аттандыруымыз» керек.

Мәселен,  барлық таулардың етектеріндегі 

шұрайлы жерлерді үлкен билік басындағылардың 

жақын туыстары, інілері, қыздары жекешелендіріп 

алған. Егер ол мәліметтер жарияланса, миллион 

гектар жер иеленген Терещенконың өзі далада 

қалуы мүмкін. Бұл саладағы шындық ашылмай, 

елімізді үлкен қауіпке бөлеген жер проблемасының 

шешілуі мүмкін емес. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет