Жалғасы 7-бетте



Pdf көрінісі
бет1/8
Дата11.01.2017
өлшемі13,43 Mb.
#1672
  1   2   3   4   5   6   7   8

БАСЫ. 

ЖАЛҒАСЫ 7-БЕТТЕ

Газет 1913 жылдың 2 ақпанынан шыға бастады       №31-32 [807], 05-12.08.2016       www.qazaq1913.kz  

1918 ЖЫЛЫ ЖАБЫЛЫП ҚАЛҒАН ГАЗЕТ 

2006 ЖЫЛЫ 22 НАУРЫЗДА ҚОҒАБАЙ 

СӘРСЕКЕЕВТІҢ ҰЙЫТҚЫ БОЛУЫМЕН 

№266 САНЫНАН ҚАЙТА ЖАРЫҚ КӨРДІ

ТІЛДІҢ ДЕ 

ИЕСІ БАР

Димекең  Жұмабек 

Тәшеневті орнынан алуды 

бұйырған Хрущев оны қай 

қызметке жіберу керек 

дескенде  бірде: «Қолын 

бір-ақ сілтеп, өзің біл 

дегендей рай танытты» 

десе, бірде: «Орталық  бір 

облысқа  атқару комитеті 

төрағасының орынбасары 

етіп жіберуді ұсынды» 

депті. Ол Орталық – 

Хрущев. Ал ол делқұлының  

ұсынуды емес, бұйыруды 

ғана білгені белгілі.

7-бетте

МИНИСТР VS

РЕЖИССЕР

«Феникс» атты 

фантастикалық триллерді 

түсіріп жатқан режиссердің 

мәлімдемесінен кейін 

министрдің үнсіз 

қалмайтыны белгілі еді. 

Солай болды да, өзін 

«парақор» деп айыптаған 

Талғат Жәнібековті 

Арыстанбек Мұхамедиұлы 

сотқа берді. Министр өзін 

масқаралаған режиссерден 

1 теңге көлемінде өтемақы 

талап етті. Иә, дұрыс 

оқыдыңыз – 1 миллион 

теңге емес, 1 теңге!

12-бетте


4-бетте

8-бетте

9-бетте

2-бетте

«БІЗДІҢ ЗАҢНЫҢ 

ТОРЫНАН ҮЛКЕН 

ШЫБЫНДАР ДА 

ШЫҒЫП КЕТЕ БЕРЕДІ»

«СУ ІШКЕН 

ҚҰДЫҒЫНА 

ТҮКІРГЕН» 

САЯСАТКЕРДІҢ 

ДӘМЕСІ ЗОР

«ЖЕР КОМИССИЯСЫ 

МҮШЕЛЕРІНІҢ 

ҚАЛАЙ ДАУЫС 

БЕРГЕНІН 

ЕЛ БІЛУІ КЕРЕК!»

ҚАЙРАТКЕР

(ҒҰМЫРНАМАЛЫҚ

ЭССЕ)

Қоғабай Сәрсекеев:



 

«Жылпостың сөзі тәтті, 

діні қатты»

ҚАЗАҚСТАНДА 

1 МИЛЛИОН 

102 МЫҢ АДАМ 

НЕСИЕСІН ТӨЛЕЙ 

АЛМАЙ ЖҮР

«Ары тартса – арба 

сынады, берi тартса 

– өгiз өледiнің» күйін 

кешкен қазақстандықтар 

үшін пайызы жоғары 

несиені төлеу оңайға 

түспейді. Сондықтан 

шығар, банктерге несиесін 

төлей алмай жүрген 

қазақстандықтардың 

саны биыл 1 миллион 

102 мыңға жетіпті.

3-бетте


Бүгін, яғни 5 тамызда Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында ХХХІ жазғы 

Олимпиада ойындарының алауы тұтанады. Әлем назарын өзіне еріксіз бұратын 

төртжылдық дода 21 тамызда аяқталады. Ұлттық штаттық командалар және 

спорттық резерв дирекциясының ресми мәліметіне сүйенсек, төрткүл дүниенің кіл 

мықтылары қатысатын бұл Олимпиадаға Қазақстан ұлттық құрамасы спорттың 

27 түрінен 106 жолдама иеленген екен.

Естеріңізде  болса,  Қазақстан  үшін  Рио-де-Жанейро  1991  жылы  Кеңес 

Одағы ыдырағаннан кейінгі Тәуелсіз ел ретінде қатысқалы отырған жетінші 

Олимпиадасы болғалы тұр. 1992 жылы XXV жазғы Олимпиада ойындарында 

Қазақстан құрамасы бұрынғы КСРО-ның 15 елі бірігіп «Біріккен команда» 

құрамында  өнер  көрсетті.  Ал  жеке  ел  ретінде  алғаш  рет  спортшыларымыз 

жазғы Олимпиада ойындарына 1996 жылы қатысты. Атлантада (АҚШ) өткен 

додада  еліміздің  намысын  96  спортшы  қорғады.  14  спорт  түрінен  жарыс 

жолына шығып, 3 алтын, 4 күміс, 4 қола жүлде (жалпыкомандалық есепте 

24-орын) еншілеп қайтты.

Қазақстандық спортшылар ірі жетістікке соңғы Лондон Олимпиадасында 

қол жеткізіп, 7 алтын, 1 күміс, 5 қола медальмен жалпыкомандалық есепте 12-

ші орыннан көрінген еді. Алайда «допинг дауына» байланысты Халықаралық 

ауыр  атлетика  федерациясы  (IWF)  Илья  Ильин,  Майя  Манеза,  Светлана 

Подобедова мен Зульфия Чиншанлоның Лондон Олимпиадасында алған алтын 

медальдарын кері қайтарып алуы ықтимал.

Каспий  теңізінен  Қытайға  дейінгі  аралықтағы  алып 

кеңістікте биік өркениет тарихы болғанын білеміз. Іргетасы 

V-VI ғасырларда қаланған Ежелгі Түркістан Азия контитентінің 

орталығының  біріне айналғаны   – тарихи шындық. Сондықтан 

да халықтардың өзара қарым-қатынасы, діннің таралуы және 

өнер мен мәдениеттің өркен жаюы осы жерден басталған 

болатын.  Бұл  киелі  үлкен  Түркістан  жерінде  мұсылман 

халқының терең тарихы жатыр.  Өйткені ХІV-ХVIІІ ғасырларда 

Қазақ  хандығының  астанасы  болған,  рухани  құндылығын 

жоғалтпаған бұл елде Ақсақ Темір іргетасын қалаған Қожа 

Ахмет Яссауи кесенесі бар. Сондай-ақ ұлы тарихи тұлғалар, 

мемлекет және қоғам қайраткерлері Томирис ханша, Атилла 

патша,  Ер  Тоңға,  Тоныкөк,  Арыстан  баб,  Әл-Фараби,  

Жүсіп Баласағұни, Манас, Низами Гянжауи, Қожа Ахмет 

Яссауи, Махмұт Қашқари, Шыңғысхан, Бейбарыс сұлтан, 

Әмір Темір, Ұлықбек, Әлішер Науаи, Мұхаммед Хайдар 

Дулати, Қорқыт, Абылай хан, Мақтымқұлы, Абай Құнанбаев, 

Ататүрік, Бекташ Вели, Шоқан Уәлиханов, Ғабдолла Тоқай, 

Тұрар Рысқұлов, Дінмұхамед Қонаев, Мұхтар Әуезов, Берді 

Кербабаев,  Расул  Ғамзатов,  Шыңғыс  Айтматовтың,  т.б. 

қыруар еңбектері әлі күнге ел аузында. «Сөздің ең ұлысы – 

тарих» демекші, біз өткен тарихымыз арқылы мақтана аламыз. 

Өйткені кемеңгерлеріміз болашаққа қаншама мұра қалдырды. 

Сол мұраларды електен өткізе отырып, рухани астанамыз 

Түркістанға пантеондар, ескерткіш кесенелер салынуы тиіс. 

Бұл рухани мұраларды жаңғырту үшін көптеген іс-шаралар, 

конференциялар өткізіліп тұруы қажет. Сонда ғана біз өз 

еліміздің рухани құндылықтарын өзге елге дәріптей аламыз. 

Біздің Анахарсистен Абайға дейінгі,  одан кейінгі рухани 

құндылықтарымыз бәрінен де теңдессіз биік тұруы керек. 

ТӨРТІНШІ СӨЗ

Рухани құндылығымыз қандай? Қазір 

қай деңгейде? Оны қалай жаңғыртамыз?

ҚОШ КЕЛДІҢ,

 

РИО!



31-32 [807], 05-12.08.2016

 www.qazaq1913.kz  

2

Қысқа қайырғанда:

АҚПАРАТ


 

ТАР  АҒЫНЫ



Түркияның Бурса қаласында қазақтың ұлттық бұйымдары мен тағамдары кеңінен таныстырылды

Бетті әзірлеген:

Гүлмаржан ТОРҒАУЫТҚЫЗЫ

АЙМАҚТАРДА

ҚАНДАЙ ЖАНАЛЫҚ?

Атырауда 

Жер   реформасы 

б о й ы н ш а 

құрылған комиссияның кезекті отырысы өтті. 

Асқар Мырзахметовтің төрағалығымен өткен 

жиында комиссия мүшелері түрлі пікірлері мен 

ойларын ортаға салды.

Аталған отырыста саясаткер, комиссияның 

құқықтық жұмыс тобының жетекшісі Мұхтар Тайжан 

«Жер комиссиясының қай мүшесі қалай дауыс 

бергенін ел білуі керек», – деп мәлімдеді.

«Комиссия жұмысы елдің назарында. Ақырғы 

шешім қалай қабылданатынына бәрі алаңдаулы. 

Сондықтан, жерді сату, жалға беру мәселелерінде 

кім қалай дауыс берді деген ақпараттар ашық 

болуы керек», – деді саясаткер.

«Жайылым жер жетіспей жатыр. Әр ауылдың 

аймағында нақты радиус ішінде жайылым жер 

ешкімге жалға берілмеуі керек. Бұл – бір.

Екінші үлкен мәселе – қазақстандықтарға 

жерді жалға беру. Кейбіреулер біледі, біреулер 

білмейді, соңғы заңнама бойынша жерді жалға алу 

мүмкіндігі алынып тасталды. Біз сол мүмкіндікті 

қалдыруды ұсынамыз. Келесі қадам – латифундизмге 

қарсы шаралар. Бір адамға берілетін жердің 

көлеміне шектеу орнатылады. Амандық болса, 

осы ұсыныстар Парламентке беріледі.

Сонымен қатар, комиссиядағы ұсыныстар 

ішінде келіспейтін жерлер де бар. Мәселен, 

кадастр мәселесі. Ол деген ашық мәлімет. Қазір 

жер кімнің қолында деген еш ақпарат жоқ. Ол 

жеке ақпараттар туралы заңға қайшы болып 

отыр. Меніңше, жер туралы ақпарат жарияға 

шығуы керек.

Жерді шетелдіктерге сатпаймыз деп жатырмыз. 

Бірақ, шетелдіктердің үлесі бар фирмалар жерді сатып 

ала алады, жалға ала алады. Біздің ұсынысымыз 

– шетелдіктердің үлесі бар фирма жерді жалға 

алмасын, сатып алмасын.

Сосын прогрессивті жер салығы туралы 

айтқым келеді. Ол туралы комиссия төрағасы да 

айтып кетті. Бұл ұсыныс келесі салық кодексіне 

енеді. Осы ұсынысты комиссияның ресми түрде 

қабылдауын ұсынамын.

Соңғы отырыста Айдын деген жігіт Үржар 

мәселесін көтерді. Біз жазбаша арызын алдық, 

шығысқа тексеріс жібердік. Ауыл шаруашылығы 

министрлігі сол тексеріс қорытындысын жариялайды 

деп сенемін.

Заңды қабылдау бар да, оның талаптарын жүзеге 

асыру бар. Елде 144 аудан бар, 75 комиссия мүшесі 

бар. Комиссия мүшелерін аудандарға бөліп, сол 

аудандардағы заңның орындалуын бақылайтын 

мүмкіндік алсақ, есеп берсек, сонда ғана біздің 

шешімдер жүзеге асады.

Ең кемі 10 пайыз жер оралмандарға қалу 

керек. Болашақта шет елден қазақтар келеді. 

Оларға жер қалу керек.

Президент жер мәселесі компромиспен шешілуі 

керек деп айтты. Жерді сату, сатпау, шетелге 

жалға беру, бермеуге қатысты түрлі көзқарас 

бар. Егер біз осы мәселеде келісімге келе алмасақ, 

мораторийді бес жылға ұзарту керек», – деген 

Мұхтар Тайжан Атырау облысының әкімі Нұрлан 

Ноғаевқа ежелгі астана Сарайшық қаласының 

ахуалы туралы өтініш айта келе, жер митингісіне 

шыққан азаматтардың да тағдырын қозғады.

«24 сәуірдегі митингте Өзіңіз болдыңыз. 

Митинг кезінде ештеңе қирап, бүлінген жоқ. Сол 

митингіде Сіздің жаныңызда тұрған екі азамат 

түрмеде отыр. Ондай митинг көп жерде болды, 

бірақ Атыраудың жігіттері ғана түрмеге қамалып 

отыр. Әрине, ол Сіздің қолыңызда емес, бірақ 

оларды босатуға ат салысасыз деп үміттенемін», 

– деді Мұхтар Тайжан облыс басшысына қарата.

Сонымен қатар, Шеңгелді, Заречный 

ауылдарының дихандары мен тұрғындарының 

жерді сатуға, шетелдіктерге жалға беруге қарсылық 

білдірген хаттарын тапсырды.

ЖЕР ТАҒДЫРЫ – Е

Л ТАҒДЫРЫ

«ЖЕР КОМИССИЯСЫ 

МҮШЕЛЕРІНІҢ 

ҚАЛАЙ ДАУЫС БЕРГЕНІН 

ЕЛ БІЛУІ КЕРЕК!»

Мұхтар ТАЙЖАН, Жер реформасы жөніндегі комиссияның 

құқықтық жұмыс тобының жетекшісі, саясаткер:

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан 

Назарбаевтың қабылдауында болған 

Премьер-министр Кәрім Мәсімов Жер 

реформасы жөніндегі комиссияның қазіргі 

қызметі туралы баяндады.

«Тамыз айының соңында біз Үкіметтің 

кеңейтілген отырысын өткізіп, алдын-

ала қорытындыларын жасау және 

ары қарайғы іс-қимылды айқындау үшін 

барлық аталған мәселелердің шешімін 

әзірлеуді сұраймын», – деген Мемлекет 

басшысы Үкімет басшысына жуық арада 

Жер реформасы жөніндегі комиссияның 

жұмыс нәтижелерін ұсынуды тапсырды.

АСТАНА ҚАЛАСЫ

Елордада салынып жатқан жаңа теміржол вокзалы 

тәулігіне 35 мың жолаушыны қабылдай алады. Бұл 

туралы «Қазақстан темір жолы» компаниясының өкілдері 

хабарлап отыр.

Заманауи кешеннің сыйымдылығы ескі вокзалмен 

салыстырғанда 3 есе артық. Заманауи ғимараттың аумағы 

27 мың шаршы метр. Мұндай кешен елімізде бұрын-

соңды болған емес. Әдеттегідей пойыздар вокзалдың 

сыртына емес, ішіне тоқтайды. Ол үшін 3 қабатты үйдің 

биіктігі шамасында арнайы конкорстар салынып жатыр. 

Оған баспалдақ немесе жеделсаты арқылы көтерілуге 

болады. Мыңжылдықтар аллеясының жанынан салынып 

жатқан ғимараттың жобасы жақында ғана Франция елінде 

өткен беделді байқаудың жеңімпазы атанды. 

Мамандардың айтуынша, қазір құрылыс жоспарға 

сай жүріп жатыр. Кешен қолданысқа 2017 жылдың 

көктемінде берілуі тиіс.

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы 

қаласының әкімі Бауыржан Байбекті қабылдады.

Қазақстан Президентінің Алматыдағы резиденциясында 

өткен кездесу барысында қала басшысы Елбасына 

Алматының әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны, 

маңызды мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы 

және алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы 

баяндады.

Нұрсұлтан Назарбаев қала тұрғындарының әл-ауқатын 

арттыру үшін тиісті шаралар қабылдау, жаңа жұмыс 

орындарын ашу, құрылыс жұмыстары мен әлеуметтік 

маңызды нысандарды ашу ісін кестеге сәйкес жүргізу 

қажеттігіне назар аударды.

Сонымен қатар, Елбасы Қазақстан Тәуелсіздігінің 

25 жылдығын мерекелеу, 2017 жылы болатын 28-ші 

Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға дайындық жөніндегі 

іс-шараларды сапалы өткізудің маңыздылығын атап өтті.

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ

Талдықорғанда облыстық мәдениет және мұрағат 

мекемелерінің алғашқы жартыжылдық есебінің 

қорытындылары мен мәдениет саласының басқа да 

міндеттері туралы алқа мәжілісі өтті.

Алқа мәжілісінде облыстық мәдениет, мұрағат және 

құжаттама басқармасының бөлім басшысы Төлеужан 

Ғұмар баяндама жасап, жарты жылда атқарылған 

жұмыстар туралы хабарлады.

Баяндамашының айтуынша, бұл саланың бюджеті 

биылғы жылы 4,8 млн. теңгені құрап отыр. Соның ішінде 

материалдық-техникалық базаны нығайтуға 378,5 млн. 

теңге қарастырылған. Бірінші жарты жылдықтың өзінде 

мәдениет мекемелеріне 64 штат бірлігі берілген. 

Осы жиында облыстық халық шығармашылығы 

орталығы директорының орынбасары А.Сәбитова, 

Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрының 

директоры Ғ.Темербаева, облыстық М.Тынышпаев атындағы 

тарихи-өлкетану музейінің директоры Ж.Жолдыбаев және 

басқа да мекеме өкілдері сөз алып, өз құзырындағы 

мәселелерге қатысты есеп берді.

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ

«ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесінің қонақтары 

мен қатысушыларының  келетін  негізгі  нысандарын  

тарихи-мұралар  құрайды. Осы орайда ҚР Мәдениет 

және спорт министрлігі мен ҚР Инвестициялар және 

даму министрлігінің бірлесе отырып жасаған жоспарына 

орай, көрме  қонақтарының  маршрут  тізбелері  бекітілді.  

2016 жылғы 18 шілдедегі  №209  бірлескен  бұйрыққа  

сәйкес,  жасалған маршрут ішінде  Жамбыл облысы 

бойынша  «Астана-Тараз-Қазақ ауылы-Көксай» бағыттары 

қамтылған. 

Аталған бағыт барысында «Ежелгі Тараз ескерткіштері» 

тарихи-мәдени қорық-мұражайының Республикалық 

дәрежедегі ең басты тарихи мұралары еніп отыр. Олардың 

қатарында: Бүкіләлемдік ЮНЕСКО-ның «Ұлы Жібек жолы» 

бағыты бойынша тізімге алынған «Ақыртас сарай» кешені,  

Айша бибі, Бабаджа-қатын, Қарахан, Дәуітбек, Тектұрмас 

кесенелері  мен ашық  аспан  астындағы  «Ежелгі  Тараз»  

археологиялық  саябағы, «Төрткөл» керуен сарайы бар.

Жоғарыда аталған бағыттармен қатар өлкетану 

мұражайлары, қорықтар, табиғат  орындары  да қамтылған.

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ

Облыс бойынша 470 мың га егістік алқап дат, септориоз 

(бидай жапырағының курауы) ауруына шалдыққан. Бұл 

туралы аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов Қостанай 

ауданының егістік алқаптарын аралағанда мәлімдеді. 

Әкім «Шеминовка» ЖШС-нің егістігіне келіп, ауыл 

шаруашылығы тауарын өндірушілері және аудан әкімінің 

орынбасарлары (ауыл шаруашылығы бойынша 9 ауданның), 

ғалым агрономдармен жүздесіп, қырман басында кеңес  

өткізді. 

Кеңесте биылғы егін орағы турасында әрі ауруға 

шалдыққа егістік алқаптарды қалпына келтіру жайында 

пікірлер айтылды. Мамандардың айтуынша, егер дер 

кезінде алдын алмасақ, бидай түсімі мен сапасынан 

шаруалар зардап тартады. Тіпті, 600-700 га аумақты 

бұл дерт шарпып кететін түрі бар. 

Сала мамандарының мұндай пікірлерін тыңдаған 

Архимед Бегежанұлы қалайда алдын алу керектігін, 

жерді қайта өңдеуден өткізіп, бидай ауруын деңдетпеу 

қажеттігін баса айтты.

«ХАТ ЖАЗДЫМ ҚОЛЫМА ҚАЛАМ АЛЫП...»

«Қазақ» газетінің атқарушы директоры 

Гүлбаршын Мүталапқызына!

ҚҰРМЕТТІ ГҮЛБАРШЫН МҮТАЛАПҚЫЗЫ!

Қоғабай Сәрсекеевтің өз қаржысына «Қазақ» газетін 

қайта жарыққа шығарғанын жақсы білеміз. Кезінде бұл 

туралы ол кісі көп жазды, көп айтты. Біз сырттай болса 

да оның бұл бастамасына тілеулес едік. Газетті жылда 

жаздырып алатынбыз, алып та жүрміз. «Қазақ» газетінің 

екінші тынысын ашқан жазушы Қоғабай Сәрсекеев 

қайтыс болғаннан кейін газеттің алдағы тағдырына 

алаңдаушылық білдірген оқырманның бірімін. Өйткені, 

газет не жабылады, не басқа біреулердің қолына өтетін 

шығар деп ойладық. Сөйтсек, «Орнында бар оңалар» 

деген рас екен. «Қазақ» газеті екі жылдан бері Сіздің, 

қызыңыз Гаухардың, Жасұлан бастаған шәкірттерінің 

арқасында жап-жақсы шығып келеді. Сондықтан да, 

Сіздерге зор алғыс айтамыз. Газеттің ғұмырлы болуына 

өз үлестеріңізді қосып келесіздер. Біле білген адамға 

«Қазақ» газеті бір ашылып, бір жабылатын газет емес. 

Демек, тарихи маңызы зор жүкті абыроймен арқалап, 

зор жауапкершілікті сезініп, Әлихан Бөкейханов, Ахмет 

Байтұрсынов, Міржақып Дулатов қалаған, Қоғабай 

Сәрсекеев жалғаған істі жалғастырып келулеріңіз 

үлкен жұмыс. Осы үлкен жұмыста абыройларыңыз 

арта берсін!

Заманамыздың заңғар данышпаны Аристотель: 

«Ғибратты ғұмырдың алтын арқауы – асыл адамгершілікте, 

бейнеттен зейнет сауған еңбегінде, адамдармен қалтқысыз 

қарым-қатынасында, мол мейірім-шапағатында болса 

керек», – деген екен. Осы айтылған тот баспас қасиеттер 

Қоғабай Сәрсекеевтің бойынан табылушы еді. Газетке 

басшылық жасап отырған Гаухарға қарап, Қоғабай аға 

екеуіңіз балаларыңызды заман талабына сай тәрбиелеуге 

де аса көңіл бөлгендеріңіз байқалып отыр.

Рас, асыл жарынан айырылу оңай емес. Бұл күнде 

көзіңіздің жасы кепкен болар. Ал артына өшпес із 

қалдырған азаматтың әруағы Сіздерге риза болар! 

Ол кісінің ғұмырын Сізге берсін! 

Қызмет ӘБІТАЙҰЛЫ, Астана қаласы

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІ – БІР АШЫЛЫП, 

БІР ЖАБЫЛАТЫН ГАЗЕТ ЕМЕС



Олимпиадаға жай әшейін баруға 

болмайды, барғаннан кейін 

міндетті түрде алтын медаль алу керек!

Осыдан 16 жыл бұрын осылай айтқан марқұм Бекзат Саттарханов 

сөзінде тұрып, Сидней Олимпиадасының чемпионы атанған болатын. 

Жиырма жылдық ғұмырында шаршы алаңда 143 жекпе-жек өткізіп, оның 

132-сінде жеңіске жеткен боксшының арманы – үш дүркін Олимпиада 

чемпионы болу еді. Әттең, оған оның ғұмыры жетпеді...



31-32 [807], 05-12.08.2016

 qazaq1913@nur.kz  

3

Қысқа қайырғанда:

Теннистен Қазақстан Президенті кубогының сыйақы қоры 125 000 АҚШ долларына дейін өсті

Бетті әзірлеген:

Мадияр ӘЗИЗҰЛЫ

НЕСИЕНІ ТӨЛЕМЕУДІҢ

САЛДАРЫ ҚАНДАЙ?

Денсаулығыңыз жарамай қалды, жұмыстан шығарып 

жіберді, ай сайынғы төлемді жасауға мүмкіндігіңіз 

мүлдем жоқ. Не істеу керек?

Таныстарымнан осы сұрақты жиі естимін. «Қарызға 

ақша алып қайтармасаңыз не болушы еді?» деп өздеріне 

қарсы сұрақ қоямын. Қарызға ақша алып, қайтара алмай 

достарынан, туыстарымен араласпай кеткен жандар 

көп. Бұл қарызға ақша алған жағдайда. Ал, несиені 

төлеуді кешіктірсек немесе мүлдем қайтармасақ ше? 

Жалпы несиені қайтара алмаудың екі себебі болады. 

Біріншісі, «ұмытып кету» немесе салғырттық. Көпшілігіміздің 

қарызды қайтаратын күнге дейін асықпайтынымыз 

рас. «Несиені төлеуді ұмытып кетіппін, екі күннен соң 

есіме түсіп, барсам өсімпұлы масқара. Оңбағандар!» 

дейтіндер де көп. Банктердегі адамдар өз жұмысын 

атқарып отыр. Бірақ, оған қарамастан «екі күн ұмытып 

кеткенімді кешіруі керек қой» дейтіндер де табылады. 

Екіншісі, несиені уақытылы қайтара алмауға маңызды 

себептер де болады. Мұндай жағдайда не істеу керек?

Ең алдымен бірінші сұраққа жауап. Банктен алған 

несие әрқашан заң бойынша рәсімделеді. Себепсіз 

қайтармаған жағдайда, ұзақ уақытқа «ұмытып» кеткен 

жағдайда, заң арқылы жауап беруге тура келеді. Мұның 

салдары үлкен.

Біріншіден, несие тарихыңыз бүлінеді. Сіздің нашар 

клиент екеніңіз туралы ақпарат барлық банкке жетеді.

Екіншіден, несие кепілдікпен болса, сот арқылы 

немесе сотқа дейін-ақ кепілзатыңыз сатылады.

Несиеңіз кепілдіксіз болса, сот арқылы банктердегі 

есеп-шотыңыз жабылады. Есеп-шоттарыңызға, мысалы 

жалақы картаңызға түсетін барлық сома бірден сіздің 

банк алдындағы қарызыңызды жабуға кетеді.

Үшіншіден, қарыз алушы шетелге шыға алмайды. 

Сізді әуежайдан ары қарай аттатпайды. Бұл тек несие 

төлемеген кезде ғана емес, алиментке де қатысты.

Айтпақшы, несие рәсімдеу кезінде қасыңызда 

міндеттеме алушы болса, ол да банк алдында сіз 

сияқты міндеттеме алады. Оны да қолайсыз жағдайға 

қалдырасыз. 

Әрі сіздің қарызды қайтармай жүргеніңіз туралы 

ақпарат жұмыс берушіңізге, кәсіпкер болсаңыз 

бизнестегі серіктестеріңізге жетуі мүмкін. Мешкей 

деген жақсы ат емес екенін білесіз.

Енді екінші сұраққа келсек. Егер несиені қайтара 

алмауға лайықты себептер болса ше? Мысалы, 

денсаулығыңыз жарамай қалды, жұмыстан шығарып 

жіберді, төлем жасауға мүмкіндігіңіз болмады. Не істеу 

керек? Банктерде де адамдар жұмыс істейді. Аса қиын 

жағдайларда олардың да ұсынатын шешімдері бар. 

Бірінші, бірден банкке хабарласыңыз! Өсімпұл 

мен айыппұл, сотқа шақыртуды күтпей-ақ, банкке 

өзіңіз келіңіз. Банктер мұндай жағдаймен бірінші 

рет ұшырасып тұрған жоқ. Олардың форс-мажорлық 

жағдайда жасайтын ұсыныстары міндетті түрде болады. 

Банкке келіп, төлем қабілетіңіз аяқ асты нашарлағанын 

дәлелдеудің арқасында екі жаққа да қолайлы нәтижеге 

қол жеткізу мүмкіндігі бар. Сіз ең болмағанда несие 

тарихыңызды дұрыс сақтап қала аласыз.

Мұндай жағдайды банктер жеке тәртіппен қарайды. 

Өз тарапыңыздан қаржылық жағдайыңыз бен төлем 

қабілетіңіздің нашарлағанын дәлелдейтін (еңбек 

келісім-шарты, жұмыссыз екеніңізді анықтайтын 

құжат және т.б.) құжаттарды дайындаңыз. Мұндай 

жағдайда сіздің пайдаңыз үшін шешім қабылдау 

жеңіл болады. Банк әрі қарай сізге несиені қайта 

құрылымдаудың түрлі нұсқаларын ұсынады және 

барлық келісу кезеңдерінен өткен соң, несие келісім-

шартына енгізілетін өзгерістер туралы хабарлайды. 

Сіз келісіп, қол қойған соң күшіне енеді.

Проблемаларды шешу тәсілдері бірнешеу болуы 

мүмкін. Мысалы, сізге қолайлы несиелік кезең немесе 

несиенің негізгі сомасы бойынша уақытша демалыс 

беруі мүмкін. Бұл кезеңде сіз тек пайыздарды ғана 

төлейсіз-бұл айтарлықтай аз сома. Сондай-ақ банк 

несиенің төлем мерізімін ұзартуды ұсынуы мүмкін, 

мұндай жағдайда ай сайынғы төлем азайтылып, 

жаңа төлем кестесі беріледі. Бұлар несие бойынша 

сізге уақытша аяғыңыздан тұрып, төлем қабілетіңіз 

жақсарғанша, әрі несие тарихыңыз бен беделіңізді 

сақтап қалу үшін берілетін негізгі жеңілдіктер.

Ал, ең қарапайым кеңес – несие алуға 

жауапкершілікпен келіңіз! Несие бойынша ай сайынғы 

төлем мен несие төленіп біткенше қаражатты қайдан 

аламын деген ой несие рәсімдеу үшін банктердің өнімдерін 

салыстырып, зерттеу кезінде келуі керек. Несие алуға 

тәуекелді тезірек несие алуға деген құштарлық жеңіп 

бара жатса, несиенің келеңсіздіктері міндетті түрде 

боларына сеніңіз. 

МҰРАГЕРЛІК НЕСИЕ –

ҚАНДАЙ НЕСИЕ?

Несие алған адам қайтыс болған жағдайда туған-

туыстары, мұрагерлері не істеуі керек? Несие жабыла 

ма, әлде төлеу керек пе?

Кейде өмірден өткен адамдардың артында несие 

қалып жатады. Мұндайда артында қалған туған-

туыстары онымен ары қарай не істеп, қайда бару 

керектігін білмей, қиналатын жағдайлары кездеседі. 

Несие алушы қайтыс болған жағдайда не  болады, 

оны қалай қайтару керек? Заң не дейді?

Заңға сәйкес несие алушы қайтыс болған жағдайда, 

несиені қайтару міндеттемесі тоқтамайды. Ол қайтыс 

болушыдан мұрагердің иелегіне өткен мүлік құны 

деңгейінде мұрагерге беріледі. Егер мұрагерлікке ештеме 

қалмаса, онда қарыз да мұра ретінде қалдырылмайды.

Яғни, қайтыс болған адамның мүлкі мұрагерлікке 

қалса, онымен бірге несиелік қарызы да сол мұрагерге 

беріледі. Мұрагерліктен бас тартуға болады. Бірақ, 

мұнда да толықтай бас тарту қажет. Мүлікті алып, 

несиеден бас тартамын деу мүмкін емес. Несиемен 

қатар, алимент және басқа да қарыздар да мұрагердің 

төлеуіне жатады.

Егер мұрагерлікке несие қалса, не істеу керек? 

Бірінші, несие берген банктен қарыз көлемін анықтап, 

төлеуге мүмкіндігіңіз бар-жоғын бағамдап алыңыз. 

Егер төлеуге мүмкіндігіңіз болмаса, мұрагерліктен 

бас тартуыңызға болады. Ондай жағдайда мұрагерлік 

құқығы мен қайтыс болған адамның артында қалған 

мүлік несиемен бірге басқа мұрагерге беріледі.

Мұрагерлікке қалған несиеге ары қарай пайыздар 

қосылмауы керек. Өйткені несие келісім-шарты жасалған 

адам қайтыс болды. Яғни, несие алушы қайтыс болса, 

барлық несиелік міндеттелелер тоқтатылады. Қалған 

несиені қайтару банк пен мұрагердің жеке келісімімен 

реттеледі. Мұрагер несие берушімен мұрагерлікке 

қалған мүлікті сату арқылы бірден есеп айырыса алады. 

Мұрагердің қаржылық мүмкіндігі қайтыс болып кеткен 

несие алушыдан бөлек болуы мүмкін. Бұл жағдайда 

мұрагердің қаржылық мүмкіндігі есепке алына отырып, 

несиені қайтарудың мерізімі мен кестесі бекітіледі. 

Егер мұрагерлік бірнеше адамға бөлінсе, онда алған 

мүлкінің құны көлемінде несиенің де мұрагері болады. 

Мұрагер кәмелетке толмаған бала болса да мүлікпен 

бірге несиеге мұрагер болады. Бірақ олардың атынан 

мұрагерлікті қамқоршылары, жақын туыстары 

қабылдайды. Ал, несие алушы қайтыс болып, несие 

сақтандырылған болса, онда сақтандырушы компания 

келісім-шартта көрсетілген мерізімде және көлемде 

қайтаруға міндетті. Кейде, сақтандыру компаниясы 

сақтандырылушы қайтыс болғанына қарамастан 

сақтандыруды төлеуден бас тартуы мүмкін. Мұндай 

келеңсіздіктер сақтандырылушы ішімдік немесе есірткі 

салдарынан, болмаса ауруы барын сақтандыруды 

рәсімдеу кезінде сақтандырушыға ескертпей, кейін 

сол аурудан қайтыс болған жағдайда ғана болады.   

Ербол АЗАНБЕК,

«Kaspi Bank» АҚ баспасөз хатшысы

НЕСІБЕСІЗ

Қазақстанда 1 миллион 102 мың адам несиесін төлей алмай жүр

Ұлттық банкке қарасты Мемлекеттік кредиттік 

бюро дерегінше, бүгінде Қазақстанда 5,1 

миллионнан астам адамның несиесі бар. 

Демек, елдегі еңбекке жарамды 8,9 миллион 

тұрғынның 56 пайызы мойнына несиенің 

қамытын киіп отыр. Ал, 1998 жылдан бастау 

алған несие нарығы несібе ме? Ол жағы – 

күмәнді. Себебі, біз несиесін 3-4 пайызбен 

беретін Еуропа емеспіз. Неге десеңіз, «кәрі 

құрлықтың» банктері біздегідей өз бұқарасын 

тонамайды (отандық банктердің несиесі 20 

пайыздан жоғары). Оның үстіне, біздің өмір 

сүру деңгейіміз еуропалықтардан артта 

қалған. Соған сәйкес, «ары тартса – арба 

сынады, берi тартса – өгiз өледiнің» күйін 

кешкен қазақстандықтар үшін пайызы жоғары 

несиені төлеу оңайға түспейді. Сондықтан 

шығар, банктерге несиесін төлей алмай жүрген 

қазақстандықтардың саны биыл 1 миллион 102 

мыңға жетіпті. Ал, 837 мың несие алушының ісі 

қарыз өндіру үшін коллекторлық агенттіктерге 

берілген. Олардың банктерге қарызы 1 триллион 

2 миллиард теңгеден асыпты. Осы орайда 

«Төлей алмаса неге несие алады?» дейтін 

сұрақтың тууы заңды. Алайда алатын айлығын 

бала-шағасының аузынан жырып шытырлатып 

банкке санап беру – қайбір тойғандықтың 

белгісі дейсіз. Тойғандықтан гөрі тоңғандық 

болса керек. Сөйтіп, осы күні банктер байып, 

бұқара кедейленіп барады. Сонда қайтпек 

керек? Несие төлемегеннің салдары қандай 

болады? Несие алған адам қайтыс болған 

жағдайда туған-туыстары, мұрагерлері не 

істеуі керек? Бұл сұрақтардың жауабын «Kaspi 

Bank» АҚ баспасөз хатшысы Ербол Азанбектің 

төмендегі мақаласынан табуға болады.

РЕДАКЦИЯ



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет