Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы тоқсандық журнал 2001 ж шыға бастаған 2016



Pdf көрінісі
бет17/24
Дата11.01.2017
өлшемі3,83 Mb.
#1676
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР  
 
1
 
Ж.А. Жүсіпова педагогикалық шеберлік. - Алматы, 2011. 71-72 б. 
2
 
Алмешова  Ж.К.  Болашақ  мұғалімдердің  кәсіби  құзыреттілігін  қалыптастырудың 
ғылыми - педагогикалық негіздері // Молодой ученый. - 2014. - №4.1. - 31-33 б. 
3
 
Франкл В. Человек в поисках смысла / В. Франкл. - Москва, 1990. - 368 б. 
4
 
Ожегов СМ. Толковый словарь русского языка / С.М. Ожегов. - Москва, 1993. - 960 б. 
5
 
Гура  В.В.  Принципы  создания  компьютеризированной  культурно  образовательной 
среды вуза // Проблемы образования студентов гуманитарных вузов в свете развития 
современных  информационных  технологии.  -  Таганрог:  Изд-  во  Таганрог. 
Гос.пед.инс., 2003. 
6
 
Нұрымбетова Г. Құзыреттілік және дарындылық // Қазақстан мектебі.  - 2012. - №5. - 
59-60 б.  
7
 
Розов Н.Х. Педагогика. – М., 2010. - 79 б. 
8
 
Құдайбергенова  К.C.  Құзырлылық  –  тұлға  дамуының  сапалық  критерийі.  –Алматы, 
2006. - 90-92 б. 
9
 
Ыбыраимжанов  Қ.Т.,  Қоянбаева  Г.Р.,  Қоянбаева  Р.М.  Педагогикалық  сөздік.  – 
Алматы, 2005. - 25-26 б. 
10
 
Исаева  Т.E.  Kлассификация  профессионально  личностных  компенсаций  вузовского 
преподавателя // Педагогика. - 2008. - 52-56 б.  
11
 
Столбникова Е.А. Развитие критического мышления студентов педагогического вуза в 
процессе медиаобразования (на материале рекламы). - Таганрог: Кучма, 2006. - 7 б. 
12
 
Валиева М. Жаңа педагогикалық технологиялар. Әдістемелік нұсқау, 2012. -55-57 б. 
13
 
Федоров  А.В.  Медиаобразование:  история,  теория  и  методика.  -  Ростов  н/Д.:  ЦВВР, 
2001. - 21 б.  
14
 
Құрманалина  Ш.Х.,  Мұқанова  Б.Ж.,  Ғалымоыа  Ә.У.,  Ильясова  Р.К.  Педагогика.  – 
Алматы, 2009. - 10-12 б. 
15
 
Исабаева 
С.Н. 
Студенттердің 
ақпараттық-құзыреттілігін 
қалыптастырудың 
педагогикалық шарттары // автореферат, 3-9 б. 
16
 
Бэзэлгэт К. Ключевые аспекты медиаобразования // Доклад на российско-британском 
семинаре по медиаобразованию. - М., 1995. - 75-78 б.  
 
 
 
РЕЗЮМЕ 
 
В статье рассматриваются теоретические основы формирования компетентности педагогов. 
 
RESUME 
 
Theoretical  foundations  of  the  formation  of  the  competence  of  teachers  are  considered  in  the 
article. 

 
153 
ӘОЖ 37.015.3 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ж.К. Аубакирова  
«Тұран-Астана» университеті,  
психол. ғыл. канд., доцент 
 
А.Ш. Тәңірбергенова  
«Тұран-Астана» университеті,  
пед. ғыл. канд., доцент 
 
Ж.Б. Жаканова  
«Тұран-Астана» университеті,  
магистрант 
 
А. Төлежанова  
«Тұран-Астана» университеті,  
магистрант 
 
Жасөспірімдердің 
шығармашылық 
қабілетін дамыту 
 
Аннотация 
Мақалада  мұғалімнің  ең  үлкен  міндеті 
жасөспірімдердің  жүрегіне  жол  таба  отырып 
жұмыс істеуі, олардың белсенділігі мен танымдық 
іс-әрекеттері  арқылы  шығармашылық  қабілетін 
дамытуы  қарастырылады.  Уақыт  талабына  сай 
жасөспірімдердің  шығармашылық  іс-әрекетін 
дамыту  үшін  жаңа  әдіс-тәсілдерді  пайдаланудың 
ерекшеліктері тұжырымдалады. 
Түйін  сөздер:  шығармашылық  іс-әрекет, 
әдіс-тәсілдер, дамыту, қабілет. 
 
 
Қазіргі әлеуметтік дамуда, жасөспірімдердің 
белсенділігі  мен  танымдық  іс-әрекеттері  арқылы 
шығармашылығын  дамыту,  қажетті  жағдайда 
айрықша  шешім  қабылдай  алатын  жеке  тұлғаны 
дайындау, осыған орай оқытуды ізгілендіру, қазақ 
мектептерінің алдында тұрған үлкен міндет екені 
белгілі.  Уақыт  талабына  сай  жасөспірімдердің 
шығармашылық қабілетін дамыту үшін оқытудың 
жаңа  ақпараттық  технологиясын  пайдаланған. 
Оқу-тәрбие  үрдісін  даралауда  оқушы  жеке  дара 
тұлға  ретінде  қабылдау,  яғни  оқушының  өзіндік 
танымдық  іс-әрекетін  қалыптастыруға  бағыттау, 
білім  беруде  жеке  оқытуды  дамытуда  көзделуі 
қажет.  Осы  бағытта  оқушыға  берілетін  жеке 
тапсырмалардың, 
үйренушілік, 
алгоритмдік, 
эвристикалық,  шығармашылық  деңгейлер  екенін 
ескере отырып, соңғы шығармашылық деңгеймен, 
оқушы  құбылысты  өз  бетінше  таңдай  келіп, 
шағын ғылыми шығармашылық тұрғыдын зерттеу 
жұмысын  жүргізуге  баулу.  Бұл  оқушыға 
«кішкентай»  жаңалық  ашқанмен  бірдей.  өзіндік 
жұмыстың  негізгі  мақсаты  –  жасөспірімдердің 
танымдық  міндеттерін  қалыптастырады,  шығар-
машылық  қабілеттері  мен  қызығушылығын 
жетілдіру,  білімге  құштарлығын  ояту.  Мұғалім 
сабақта 
әдіс-тәсілдерді 
пайдалана 
отырып, 
балалардың  ұсыныс-пікірлерін  еркін  айтқызып, 
ойларын  ұштауға  және  өздеріне  деген  сенімін 
арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Әдіс-
тәсіл  көмегімен  өткізген  әрбір  сабақ  жасөспі-
рімдердің  ойлауына  және  қиялына  негізделіп 
келеді,  баланың  тереңде  жатқан  ойын  дамытып, 
оларды  сөйлеуге  үйретеді.  Түрлі  әдістемелік 
тәсілдер  пайдалану  арқылы  қабілеті  әр  түрлі  
балалардың  ортасынан  қабілеті  жоғары   баланы 

 
154 
іздеп,  онымен  жұмыс  істеу,  оны  жан-жақты  тануды  ойлап,  жасөспірімдердің 
шығармашылық деңгейін бақылып отыру – әрбір мұғалімнің негізгі міндеті [1, 261 б.]. 
Жасөспірімдердің  шығармашылық  іс-әрекетін  дамытудың  жолдары  ерекше  мәселе 
болып  келеді.  Психологтер  де,  педагогтер  де  адамның  рухани  интеллектуалдық,  кәсіби 
шығармашылықпен  өзін-өзі  дамытуы  өмірінің  әр  кезеңінде  әр  қалай  деп  көрсетеді.  Ұлы 
педагогтар  мұғалімдік  еңбекті  адамтану  ғылымы,  адамның  жан  дүниесі,  рухани  әлеміне 
бойлай алу өнері дей отырып, педагогикалық шеберліктің дамуына зор үлес қосқан. Осы 
тұрғыдан  алып  қарағанда  педагогикалық  шеберлік  –  кәсіби    әрекетті  жоғары  деңгейге 
көтеретін мұғалімнің жеке қасиеттерінің, оның білімі мен білігінің жүйесі. Осы мәселесі 
бойынша  мұғалімнің  кәсіби  деңгейге  көтерілуінің  төмендегідей  психологиялық 
критерийлері анықталған. 
Обьективті  критерийлер.  Мұғалімнің  өз  мамандығына  қаншалықты  сәйкес 
әлеуметтік  тәжірибеге  қосар  үлесі  қандай  екендігі,  жоғары  еңбек  көрсеткіші,  әртүрлі 
мәселелерді шығармашылықпен шеше алу біліктері, т.б. жататындығын атап өтеді. 
Субьективті  критерийлер.  Адамның  мамандығы  қаншалықты  оның  табиғатына, 
қабілеттері  мен  қызығушыларына  сәйкес  қаншалықты  ол  өз  ісінен  қанағат 
табатындығымен  байланысты.  Мұғалім  еңбегіндегі  субьективті  критерийлерге  кәсіби-
педагогикалық  бағыттылық,  кәсіптің  маңыздылығын,  оның  құндылығын  түсіну,  маман 
иесі ретінде өзіне позитивті көзқарастың болуын жатқызады. 
Нәтижелі критерийлер. Мұғалім өз ісіне қоғам талап етіп  отырған нәтижелерге қол 
жеткізіп  отыр  ма  деген  мәселе  тұрғысынан  қарастырады.  Біреулер  нәтиже  ретінде 
жасөспірімдердің білімдерінің стандартқа сай болуын алса, енді біреулер олардың қарым-
қабілетін  дамытуды  алады,  ал  кейбіреулері  жасөспірімдердің  өмірге  дайындығын  басты 
назарда  ұстайды,  ал  оқыту  нәтижесі  біз  үшін  баланың  психологиялық  функцияларын 
жетіліп,  өзінің  педагогикалық  әрекеті  арқылы  алған  білімдерін  өз  өмірлік  мәселелерін 
шешуге қолдана алуы. 
Шығармашылық  критерийлер.  Мұғалім  өз  кәсібінің  шекарасынан  шыға  алуы,  сол 
арқылы  өз  тәжірибесін,  еңбегін  өзгерте  алуы  жатқызылады.  Шығармашыл  мұғалім  үшін 
біреудің  тәжірибесін  қайталағаннан  гөрі  өз  жаңалықтарын,  білгендері  мен  түйгендерін 
басқаларға  ұсына  алуының,  шығармашылық  бағыттылықтың  болуының  мәні  зор. 
Кәсібиліктің бірден келе салмайтындығы белгілі, оны әр мұғалім ерте ме, кеш пе меңгеруі 
тиіс. 
Мұғалім  –  оқушы  қарым-қатынасындағы  шығармашылық  жұмыс  жүргізуде 
оқушының шығармашылық қабілетін дамыту мен танымдық белсенділігін арттыру үшін: 

 
Шығармашылық  іс-әрекетті  жүргізуде  оқушы  бойында  кездесетін  жағымсыз 
қылықтардың  алдын  алу,  ұқыптылықты,  шыдамдылықты,  өзара  ұнамды  қарым-
қатынасты, көпшілікті, елгезектікті т.б. құнды сапаларды қамтамасыз ету. 

 
Шығармашылық  курс  бағдарламаларын  тереңдету,  өнімді  ойлау,  жаңаны  ойлап 
табу, іс-әрекет түрлерінің формалары мен әдістерін меңгерту. 

 
Шығармашылыққа  қажетті  білім  көздерінің  жеткілікті  болуын  және  пайдалана 
алуын қамтамасыз ету. 

 
Шығармашылық  іс-әрекеттерді  орындауда  дағды  іскерліктерін  қалыптастыру 
(шығармашылық қабілетін дамыту). 

 
Ғылыми-шығармашылыққа қажетті әдіс-тәсілдерді меңгерту. 

 
Ғылыми-шығармашылық  жұмыстың  құрылымы  мен  жүйесін  және  тәртіп 
регламенттерін меңгерту [2, 69 б.]. 
Шығармашылық  тұлғаның,  дарынды  оқушының  ерекшелігі  неде?  Шығармашылық 
тұлға,  яғни  жас  дарын  жасының  ерекшелігіне,  қызығуына  қарамастан  өзгелерден 
даралылығымен,  табандылығымен,  шұғыл  шешімділігімен,  өз  күшіне  деген 
сенімділігімен,  сезім  ұшқырлығымен,  өз  бетімен  жұмыс  істеуге  деген  құштарлығымен, 

 
155 
асқан шабытымен ерекшеленеді. Ендеше, оқушы шығармашылығын дамытудың мазмұны, 
әдіс-тәсілі қандай? 
Оқулықтарды  берілген  тапсырмалардан  басқа  шығармашылықты  дамытудың  басты 
нысанасы ретінде төмендегідей жұмыстарды жүргізуге болады: 

 
өздігінен бақылау жүргізу; 

 
қарапайым тәжірибелер жасау; 

 
эксперимент қою; 

 
мәтінмен, сызбамен, суретпен, диаграммамен жұмыс істеу; 

 
модельдеу; 

 
жекеден жалпыны шығару; 

 
жалпыны  жекелей  қолдану  т.б.  сияқты  оқушыны  іскерлікке,  дербестікке 
баулитын,  ойына  түрткі  болып  шығармашылдыққа  жетелейтін,  өздігінен  ізденіске 
салатын,  айналадағы  дүниемен  қарым-қатынасқа  түсіретін,  «Жаңалық  ашып»,  оның 
нәрижесінің  қызығына  бөлейтін  әдіс-тәсілдермен  мазмұндық  ойындар,  қызықты 
тапсырмалар  тұрақты  жүргізіліп  отырылуы  біз  көтеріп  отырған  мәселені  нәтижелі 
ететіндігі  белгілі.  Осы  жұмыстарды  жүргізіп,  тиімді  әдіс-тәсілдерді  қолданып  жүрген 
ұстаз шығармашылық үрдістің әр кезеңінде бала бойындағы әр түрлі сапалық қасиеттерді 
қалыптастыра алады. 
Жасөспірімдердің шығармашылық қабілетін дамытатын әдістер: 
1.
 
Бақылау сұрақтары арқылы шығармашылыққа үйрену әдісі. 
2.
 
Қарама-қайшылықтарды шешу әдісі. 
3.
 
Сиқырлы объектілер әдісі. 
Жасөспірімдердің 
шығармашылығын, 
танымдық 
белсенділігін 
арттыруда  
шығармашылық  сабақтарды  өткізудің,  оқушының  өз  бетімен  ізденіп,  шығармашыл  ой-
өрісін арттыруда алатын маңызы өте ерекше. 
Жасөспірімдердің  шығармашылық  қабілеттері  ашылу  үшін  белсенді  формалар  мен 
әдістерді  қолдану  керек:  әңгімелесу,  пікірталас,  ойындар,  тартыстар,  жорықтар  мен 
сайыстар, сұхбат, байқаулар, олимпиадалар, бақылаулар, шығармашылық еңбек, жобалар, 
дербес  сабақтар.  Жасөспірімдердің  қабілеттеріне  қарай  әрбір  баланың  ойын  оятып, 
ойландыруға,  талдау  жасауға,  салыстыруға  жетелейтін  жеке  шығармашылық  тапсырма 
береміз. Осындай әдістерді жиі пайдалану жасөспірімдердің шығармашылыққа баулуына, 
шәкірт  бойындағы  талант  көзін  ашуға,  тілін  байытып,  қиялын  ұштаумен  өз  бетінше 
ізденуге зор әсерін тигізеді [3, 48 б.].   
Жасөспірімдердің  қызығушылығын  арттырып  отыру  үшін  ұстазы  сабақ  үстінде, 
сабақтан тыс уақыттарда әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып отыруы тиіс. Олар мынадай: 

 
Тақырыпты терең ұғындыру, түсіндіру;  

 
Сабақта  немесе  сабақтан  тыс  уақыттарда  әр  түрлі  тақырыптарда  пікірталас 
тудырып отыру;  

 
Логикалық ойлауын жетілдіретін тапсырмалар беру;  

 
Ойларынан  тест  тапсырмаларын  құрап  келу,  есеп  құрау,  ертегі  құрау,  шағын 
мәтіндер құрау, өлең жолдарын құрау;  

 
Қиялдау арқылы сурет салғызу;  

 
Ана тілі сабақтарында мінездеме беру;  

 
Авторлар туралы толық мағлұмат жинау, реферат жазу;  

 
Әр түрлі тақырыпта сайыс, пікірталас өткізіп, алған әсерлеріне шығармалар жазу;  

 
Сабақ үстінде қосымша тапсырмалар беріп, орындауын қадағалау. 
Бұл айтылған жұмыстарды барлық оқушыларға бірдей қолдану артық етеді. Өйткені 
әр  оқушының  қабылдау  деңгейі  әр  түрлі.  Барлық  оқушы  дерлік  шығармашылықпен 
жұмыс  істейді  деу  де  артық  етеді.  Әр  нәрсеге  деген  бейімділік  –  оянып  келе  жатқан 
қабілеттің  белгісі.  Әр  оқушының  бейімділігі  әр  түрлі.  Кей  оқушы  сурет  салуға,  өлең 

 
156 
құрауға,  ауызекі  сөйлеуге,  ребус  құрауға  икемді  болуы  мүмкін.  Логикалық  ойлау 
жылдамдығы да ұшқыр балалар болады. Әр баланың икемділігіне қарай тапсырмалар беру 
арқылы  шығармашылық  деңгейін  арттырып  отыруы  тиіс.    Оны  ұстаз  әр  пәнде  байқап 
отыруы  тиіс.  Мұнда  ұстаздың  байқағыштығы  жоғары  болуы  тиіс.  Оқушы  бойындағы 
бейімділікті  байқай  салысымен  соған  сәйкес  тапсырмалар  беріп  дереу  қолға  алуы  керек. 
Ол бейімділікке деген қызығушылықты солып қалмай тұрғанда алға жетелеу қажет. Сонда 
ғана оқушы қызығушылығын арттырып отырады.  
Мұғалімнің  ең  үлкен  міндеті  бала  жүрегіне  жол  таба  отырып  жұмыс  істеу. 
Балалармен  үнемі  түрлі  бағыттарда  жұмыстар  жүргізе  отырып,  ізденуге  мүмкіндік  беру 
керек.  
Оқушыға 
берілетін 
жекелей 
тапсырмалардың 
үйренушілік, 
алгоритмдік, 
эвристикалық, шығармашылық деңгеймен жұмыстану керек.  
Міндетті  оқушылық  деңгей.  Жалпыға  бірдей  стандартты  білім  негізінде    тапсырма 
беріледі.  Мұндай  тапсырмалар  оқушыларға  алдыңғы  білімдеріне  және  оқушыға 
байланысты. Бұл тапсырмаларды барлық оқушы орындай алуы тиіс. 
Алгоритмдік  деңгей.  Мұнда  оқушы  мұғалімнің  түсіндіруімен  қабылданған 
ақпаратты  пайдалана  отырып,  орындайды.  Өтіп  кеткен  материалды  оқушы  талдап 
бұрынғы тапсырмаға сәйкес орындайды. Алған білімдерін түрлендіріп пайдалану керек. 
Эвристикалық  деңгей.  Оқушы  өзі  ізденіп  өзі  қосымша  әдебиетті  қолдана  отырып, 
жауап  береді.  Эврика.  Анализ  бен  синтез  салыстыру  арқылы  анықтау,  қорытындылау. 
Ребус, сөзжұмбақ анаграмма құрау.  
Бұл  шығармашылық  деңгейде  оқушы  құбылысты  өз  бетінше  талдай  келіп,  шағын 
ғылыми шығармашылық тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізуге баулу. 
Бұл  оқушыға  «кішкентай»  жаңалық  ашқанмен  барабар.  Шығармашылық  тұлға 
бойында батылдық, еркіндік, ұшқырлық, сезімталдық сияқты қасиеттермен қатар ерекше 
ой қызметтері, қайшылықтарды түсіну, заңдылықтарды анықтау, шығармашылыққа  деген 
құштарлық  болуы  керек.  Оқушының  шығармашылық  қабілетін  дамыту  үшін  бірнеше 
шарт орындалуы керек. Олар: 

 
Шығармашылық қабілетін ерте бастан қолға алу; 

 
Жүйелі түрде шығармашылық әрекет жағдайында болуы; 

 
Ойлау мүмкіндігінің ең жоғары деңгейде болуы; 

 
Шығармашылық іс-әрекетке жағдай туғызу. 
Оқушының шығармашылық іс-әрекетіне жағдай тудыру дегеніміз – оқушыны ойлай 
білуге үйрету деген сөз. 
Осы  тұрғысында  қарастыратын  болсақ,  бала  дербестігін  жүйелі  түрде  белсенді 
оқыту арқылы арттырып, содан шығармашылық қырларын қалыптастыруға болатындығы 
көрінеді [4, 133 б.]. 
Жасөспірімдердің шығармашылық ойлауын табысты дамыту – тек оқу-тәрбие үрдісі 
кезінде баланың жүйелі түрде белсенді интеллектуальды ізденіске тартылуы арқылы ғана 
мүмкін. 
Танымдық  белсенділік  дегеніміз  –  оқушының  оқуға,  білімге  деген  ынта-
ықыласының,  құштарлығының  ерекше  көрінісі.  Мысалы:  мұғалімнің  баяндап  тұрған 
материалын  түсіну  үшін,  оқушының  оны  зейін  қойып  тыңдауы,  алған  білімін  кеңейтіп 
толықтыру  үшін,  өздігінен  кітап  оқуы,  бақылау,  тәжірибе  жасау,  жазу,  сызу  сияқты 
жұмыстар  істеуі  керек.  Өйткені  өтілген  материалды  саналы  қайталауда,  жаңадан  білім 
алуда,  оның  жолдары  мен  дағдыларына  үйренуде  белсенділіксіз  мүмкін  емес.  Яғни 
жасөспірімдердің  белсенділігі  ауызша,  жазбаша  жұмыстарда,  бақылау  эксперименттер 
жүргізу жұмыстарында, бір сөзбен айтқанда, оқу үрдісінің барлық кезеңінде қажет. 
Ал  «таным  – ойдың білмеуден білуге қарай дәл емес, білуден неғұрлым толық  дәл 
білуге қарай ұмтылатын ой-өрісінің күрделі үрдісі». 

 
157 
Шығармашылық  тапсырма  жеке  дара  күйінде  мұғалімдер  үшін  де  шығармашылық 
тапсырма  болып  қалады.  Шығармашылық  тапсырмалар  мына  төмендегі  талапқа  сай 
болуы керек: 
1.
 
Бір мағыналы және тым қарапайым жауабы немесе шешімі болмайды; 
2.
 
Оқушыларға тәжірибелік тұрғыдан пайдалы болып табылады; 
3.
 
Жасөспірімдердің өмірімен байланыста болады; 
4.
 
Жасөспірімдердің қызығушылығын тудырады; 
5.
 
Оқытудың мақсатына барынша сай келеді. 
Қоғамдағы  өзгерістерге  сәйкес  оқушыларға  бүгінгі  таңда  тиянақты  білім  беріп, 
танымдық  қабілетін  дамыту,  танымдық  белсенділігін  арттыру  үшін  олардың  әр  пәнге 
қызығушылығын,  өздігінен  даму  дағдыларын  қалыптастыру,  ізденімпаздыққа, 
шығармашылыққа тәрбиелеу – мектептің басты міндеті [5, 76 б.]. 
Мұғалім  мен  оқушы,  оқушы  мен  оқушы  арасындағы  қарым-қатынасты  сыйластық 
ізеттілік  түрінде  орнатып,  жүрек  жылуының  болуын  қамтамасыз  ету.  Оқушыларды 
шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділігін және қызығушылығын арттыру 
үшін мұғалім келесі әдіс-тәсілдерді қолдануына болады: 
1.
 
Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау. 
2.
 
Арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру. 
3.
 
Жасөспірімдердің  логикалық  ойлауын  дамытатын  ойындармен  берілген 
тапсырмаларды шешу (сөзжұмбақ, құрастырмалы ойындар). 
4.
 
Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс (кері есеп құрастыру, мәтін 
мазмұнын өңдеу, шығарма, шағын әңгіме мәтінін құру т.б.). 
5.
 
Әңгіменің ұқсастығын салыстыру бөліктерге бөлу, ат қойғызу. 
6.
 
Қиялдау арқылы сурет салғызу, рөлге бөліп оқыту. 
7.
 
Ұнатқан кейіпкерлерге мінездеме беру. 
8.
 
Мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау. 
Білім  беру  жүйесінің  қайта  жаңартылуы  баланың  шығармашылық  дарындылығын 
тануға  және  болжам  жасауға  жаңа  көзқарасты  талап  етуде.  Дарынды  балаларды  тану  – 
нақтылы  бір  баланың дамуын  талдаумен  байланысты  ұзақ  үрдіс.  Дарындылықты  қандай 
да  бір  әдіспен  анықтау  мүмкін  емес  (мысалы  сынақтан  өткізу).  Дарынды  баланы  тәрбие 
беру мен оқыту барысында біртіндеп, сатылап анықтау қажет. 
Қорыта  айтқанда,  оқушы  бойындағы  шығармашылықты  дамытуды  үздіксіз 
құлшыныс,  оқуға,  білім  алуға  деген  ұмтылыс  ұдайы  өшпей,  күннен-күнге  дами  түсуі 
қажет.  Сонда  ғана  оқушы  бойында  білім  нұры  тасып,  оқушы  дүниетанымынан  әрі  арта 
түсері анық. 
 
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1
 
Ярошевский М. Г. История психологии. - М., 1985. 
2
 
Психологический словарь. – 1983.  
3
 
Ждан А.Н. История психологии. От античности до наших дней. - М., 1990. 
4
 
Бабаева Ю.Д. Динамическая теория одаренности. Основные современные концепции 
творчества и одаренности. - М., 1997. 
5
 
Краткий психологический словарь. – М., 1974. 
 
 
РЕЗЮМЕ 
 
Самая большая задача учителей состоит в том, чтобы найти подход к студентам, направлять 
совместную  деятельность  на  развитие  творческих  способностей  на  основе  действий, 

 
158 
рассмотренных  авторами.  Предложены  разработки  новых  методов  творческой  деятельности 
современных подростков. 
 
RESUME 
 
The teachers’ biggest task is to find a way into the hearts of the students to  develop their activity 
and  cognitive  development  of  creative  abilities  through  the  actions  considered.  Modern  teenagers’ 
creative activity is formulated for the development of new methods. 
 
 

 
159 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Филология 

 
160 
УДК 811. 161 
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ш.К. Жаркынбекова  
Евразийский национальный 
университет им. Л.Н. Гумилева,  
д-р филол. н., профессор  
 
М.К. Каирова 
Евразийский национальный 
университет им. Л.Н. Гумилева,  
канд. филол. н., доцент 
 
Основные 
принципы 
номинации 
годонимической 
системы столицы 
Казахстана* 
 
Аннотация 
Настоящая  статья  посвящена  исследованию 
принципов номинации годонимов города Астаны. 
В  данной  работе  проведен  статистический 
анализ годонимов, сделаны обоснованные выводы 
о  том,  что  номинативные  модели  в  годонимии 
разнообразны. 
Ключевые  слова:  ономастическое  простран-
ство,  система  годонимов,  принципы  номинации, 
номинативные модели. 
 
 
Настоящая  статья  посвящена  исследованию 
принципов номинации годонимов города Астаны. 
А.В. 
Суперанская 
дает 
следующее 
определение 
этому 
термину: 
годонимы 
(наименования 
линейных 
внутригородских 
объектов:  проспектов,  улиц,  переулков,  проездов, 
бульваров)  [1,  с.  110].  По  утверждению  Л.В. 
Егоровой  «Годоним  –  "визитная карточка"  улицы, 
набережной,  переулка.  Важный  ориентир,  крайне 
необходимый для нормального функционирования 
современного общества» [2, с. 231]. 
Основополагающим  критерием  определения 
принципа  номинации  служит  разделение  имен  на 
разные  виды.  Известно,  что  для  деления 
необходимо  иметь  объективное  основание  или 
критерий.  В  данном  случае  основанием  для 
деления 
годонимов 
является 
значение 
их 
содержания.  Эта  операция  деления  позволит 
правильно 
распределить 
годонимы 
по 
семантическим 
группам, 
изучить 
их, 
а 
следовательно, глубже познать систему принципов 
номинации годонимов. 
По  городу  насчитывается  порядка  950 
годонимов.  Источниками  материала  послужили 
путеводители  и  туристические  карты,  как 
печатные,  так  и  представленные  в  интернете 
(
http://astana.gov.kz/
). 
Ономасиологический  анализ  позволил  нам 
выделить 
три 
макромодели 
наименований 
годонимов  Астаны:  мемориальный  (номинации-
посвящения), условно-символический (номинации, 
коннотативно 
нагруженные, 
произвольно 
соотносящиеся 
с 
объектами), 
когнитивные 
(номинации,  интерпретируемые  в  культурно-
социальном смысле). 
*Статья  выполнена  в  рамках  научного  проекта  «Разработка  принципов  научно  обоснованной 
номинативной  политики  г.  Астаны  в  контексте  формирования  казахстанского  ономастического 
пространства» (2015-2017 гг.).
 

 
161 
Рассмотрим набор номинативных моделей для каждой из указанных групп. 
А. Мемориальные названия.  
1. Посвящения географическим объектам: 
1.1 Гидрообъектам (рекам, озерам):ул. Бухтарма, ул. Сарысу (река в Карагандинской 
и Кызылординской обл.), ул. Лепси. ул. Или, ул. Чу, ул. Иртыш, ул. Ыргыз, ул.Силети, ул. 
Обаган,  ул.  Каратал,  ул.  Едиль,  ул.  Есиль,  ул.  Сырдария,  ул.  Аксу,  ул.  Жаркайын,  ул. 
Куланотпес, ул. Сулуколь. Ул. Алаколь, ул. Балхаш, ул. Саумалколь. Ул. Жезды, ул.Нура, ул. 
Талас, ул. Карасу, ул. Кызалсу, ул. Ойыл, ул. Баршын, Сарыозен, ул. Зайсан, ул. Аксу и т.д. 
1.2  Населенным  пунктам:  ул.  Сарыагаш,  ул.  Зайсан,  ул.  Кима,  ул,  Торгай,  ул. 
Шантобе, ул. Амантогай, ул. Таскескен, ул. Коктал, ул. Акбулак, ул. Кима, ул. Торгай, ул. 
Амантогай,  ул.  Шет,  ул.  Бестобе  (поселок  в  Ерейментауском  районе),  ул.  Бейнеу 
(Магыст.  Обл.),  тупик  Балтаколь,  ул.  Акжар,  ул.  Шарбакты,  ул.  Кокарал,  ул.  Бастобе, 
ул. Кентубек, ул. Каратобе и т.д. 
1.3  Объектам  рельефа  земной  поверхности  (
гора
м, 
горным  хреб
там,
холм
ам): 
Моншакты, ул. Мынжылкы, ул. Тарбагатай, ул. Кызбел, переулок Мугалжар, ул. Музтау, 
ул.  Улытау,  ул.  Айыртау,  ул.  Калба,  переулок  Аркат,  ул.  Шынгыстау,  ул.  Коктобе,  ул. 
Тайтобе, ул. Сарыкум (пустыня на юге Сарыарки в Карагандинской области), ул. Жазык 
–  равнинная  местность,  переулок  Жамбыльской  области),  ул.  Имантау  (обособленная 
гора в СКО), ул. Окжетпес (скала на склонах гор Кокшетау) и т.д. 
1.4  Лесам,  полям:  переулок  Аракарагай  (сосновый  лес  в  Костанайской  обл.),  ул. 
Аманкарагай (сосновая роща в Карагандинской обл.). 
Из  анализа  выяснилось,  что  наибольший  коэффициент  занимают  гидронимы 
(наименования водно-речного пространства) (40%). Не случайно, что больше всех в этой 
категории  оказалось  гидронимов,  поскольку  в  Казахстане  очень  много  озер  и  рек, 
распределенных  по  всей  территории  республики.  Издревле  вода  считается  одной  из 
жизненно  необходимых  стихий,  поэтому  народ  всегда  относился  с  особым  почтением  к 
ней. Учитывая, тот факт, что  еще в незапамятные времена, когда  сушествовали племена 
саков,  уйсунов,  гуннов,  местность,  богатая  реками  ценилась  больше  всего  и  отбиралась 
для  занятия  скотоводством  и  земледелием.  По  настоящее  время  водно-речное 
пространство  –  одно  из  важных  природных  богатств,  необходимых  для  промысла.  На 
втором  месте  –  наименования,  мотивированные  ойконимами  (25%)  (названиями 
населенных  пунктов).  Следует  отметить,  что  в  Республике  Казахстан  количественно 
населенных  пунктов  больше,  чем  городов.  Особенность  казахстанских  ойконимов 
заключается  в  наличии  исконных  корней  онимов  казахского  языка,  в  мотивациях, 
основанных на древних легендах и мифов, в наличии в своем составе дескриптивов, уже 
описывающих  местность.  Наименования  населенных  пунктов  гораздо  старше  названий 
городов,  поэтому  совершенно  справедливо,  что  Ономастическая  комиссия  дала  многим 
улицам  именно  названия  населенных  пунктов.  Ближе  к  ойконимам  расположились 
оронимы (названия особенностей рельефа) (20%). В группу оронимов включены названия 
гор,  равнин,  низменностей,  пустынь,  жайлау,  перевалов  и  долин,  пиков  и  хребтов. 
Казахстан  славится  горами  в  разных  частях  страны,  горы  создают  замечательный 
природный ландшафт, в основном, большинство гор имеют в своем  составе гипероним – 
«тау»  (гора):  Каратау,  Улытау,  Музтау,  Шынгыстау,  также  обстоит  дело  и  с  песчаными 
долинами,  содержащими  гипероним  «кум»  (песок):  Каракум,  Сарыкум,  Алтынкум.  Но 
среди  названий  гор  есть  и  другие  наименования,  как  Керегетас  (Камень  кереге  или 
каменное кереге), возможно, номинация связана со сравнением гор в качестве кереге, как 
стен,  состоящих  из  камня.  На  следующем  месте  –  исторические  памятники  (10%).  Этот 
пункт имеет важное значение в историческом плане, поскольку содержит наименования, 
относящиеся к археологическим памятникам бронзового периода, эпохи мезолита и т.д., а 
также  содержит  названия  исторически  значимых  мест,  где  устраивались  курултаи  или 

 
162 
были  найдены  захоронения.  Данные  наименования  отсылают  нас  к  корням,  к  глубинам 
истории. 
2. Посвящения конкретным лицам: 
2.1  Поэтам,  жырау,  сал-сери,  писателям  и  деятелям  искусства  (музыка, 
изобразительное  искусство,  кино,  театр):  ул.  С.  Сейфуллина,  ул.  Мухтара  Ауэзова, 
проспект  Абая,  ул.  Жамбыла  Жабаева,  ул.  Султанмахмута  Торайгырова,  ул.  Ануара 
Алимжанова,  ул.  Илияса  Есенберлина,  ул.  Габита.  Мусрепова,  ул.  Габидена  Мустафина, 
ул. Мукагали Макатаеваи т.д. 
2.2  Общественным  деятелям:  ул.  Т.  Мусабаева  (космонавт),  ул.  Степана  Кубрина 
(городской  голова  Акмолинской  области,  представлял  интересы  Акмолинска),  ул. 
Жанайдара  Жирентаева  (воин-интернационалист,  лейтенант,  погиб  при  исполнении 
служебных  обязанностей  при  преследовании  преступников),  ул.  Елубая  Тайбекова 
(партийный  и  административный  деятель,  заслуженный  работник  Высшей  школы, 
родился в Акмолинской области) и т.д. 
2.3  Деятелям  в  области  науки:  ул.  Григорий  Потанин,  ул.  Шокана  Уалиханова,  ул. 
Мухамед-Хайдара  Дулати,  ул.  Льва  Гумилева,  ул.  Алькея  Маргулана,  ул.Нуртаса 
Ондасынова  (линвгист),  ул.  Абубакира  Диваева  (фольклорист,  этнограф),  ул.  Василия 
Бартольда (историк, тюрколог), ул. Кадыргали Жалаири, ул. Ушкультай Субханбердиной 
(библиограф-ученый), ул. Академика Рамазана Сулейменова (доктор исторических наук), 
ул. Мухамет-Салыка Бабажанова (этнограф, ученый, просветитель), ул. Василия Радлова 
(тюрколог, востоковед) и т.д. 
2.4  Деятелям  движения  Алаш:  ул.  Мухамеджана  Тынышпаева,  ул.  Мыржакыпа 
Дулатова, ул. Алихана Букейхана, ул. Кошке Кеменгерулы, ул.Жумабекова Ташенова (гос. 
и  общ.  деятель),  ул.  Назира  Торекулулы(гос  и  общ.деятель),  ул.  Алимхана  Ермекова 
(первый  профессор  в  области  математики,  ученый,  педагог),  ул.  Мустафы  Шокая 
(писатель) и т.д. 
2.5. Великим ханам, военачальникам, батырам, сражавшимся в битве с джунгарами: 
ул. Жанибека Тархана (герой при джунгарских нашествиях, один из советчиков хана), ул. 
и проспект Кабанбай батыра (знаменитый полководец, сражался в 103-х битвах против 
джунгар),  проспект  Богенбая  батыра  (знаменитый  полководец  против  джунгарской 
армии) и т.д. 
2.6  Предводителям  и  участникам  национально-освободительных  восстаний:ул. 
Кенесары,  ул.  Абдугапара  Джанбосынова  (руководитель  народно-освободительного 
восстания в 1916-1917 гг. в Тургайской степи), ул. Турара Рыскулова (участник восстания 
1916г.), ул. Кайрата Рыскулбекова  (участник Декабрьский событий в 1986 г.), ул.  Кейки 
батыра  (военачальник  восстания  в  Тургае  в  1916  г.против  колониальной  политики 
России) и т.д. 
2.7  Героям  Первой  Мировой  войны  и  ВОВ:  ул.  Рахимжана  Кошкарбаева(офицер, 
первым  вонзил  флаг  в  Рейхстаг),  ул.  Александра  Кравцова  (участник  Первой  мировой 
войны), ул. Бактыораза Бейсекбаева(погиб при выполнении военного задания в экипаже 
Маслова  при  ВОВ),  проспект  Бауыржана  Момышулы  (Герой  Советского  Союза, 
панфиловец),  ул.  Алии  Молдагуловой  (снайпер,  героиня  ВОВ),  ул.  Сабыра  Ракымова 
(командир,  Герой  СС),  ул.  Ивана  Панфилова  (советский  военный  деятель),  пер. 
В.Дубинина (пионер-герой, участник ВОВ), ул. Дмитрия Карбышева (герой ВОВ, генерал-
лейтенант), ул. Н. Малахова (командир эскадрильи штурмовиков, Герой С.С.) 
2.8  Известным  матерям:  ул.  Жубанана,  ул.  Карашашана,  ул.  Умай  ана,  ул. 
Домалакана, ул. Тумарханым, ул. Айганым, ул. Каркабат 
3. Посвящения памятным датам:  ул. Наурыз,  ул. 8 Марта,  ул. 150 лет Абая, 70 лет 
Октября. 
4.  Историческим  памятникам:  ул.  Маятас  (место  стоянки  эпохи  мезолита),  ул. 
Ордабасы  (название  горы  на  которой  проходил  курултай  3-х  жузов  в  борьбе  с 

 
163 
джунгарами), ул. Жетысу историко-географический регион), ул. Аккорган (средневековый 
город в Кызылординской области), ул. Алмалык (название древнего средневекового города 
на берегу р.Или), ул. Майтобе  (древняя крепость  в Жамбылской  области),  ул. Акмешит 
(древняя  крепость  1817  г.),  ул.  Аркайым  (подмогильное  сооружение,  исторический 
памятник,  середины  эпохи  бронзы),  ул.  Борили  (место  стоянки,  сохранившееся  с  эпохи 
бронзы),  ул.  Кумкент  (место  средневекового  города),  ул.  Жанкент  (место  городища 
средневековой  эпохи  на  месте  владения  Арал),  ул.  Акыртас  (исторический  памятник, 
комплекс дворцов VIII-IX вв.) и т.д. 
5.  Важным  национальным  объектам:  ул.  Байконыр,  ул.  Жумбактас,  ул.  Шымбулак 
(зимний  спортивный  комплекс),  ул.  Акшагыл  –  месторождение  поллиметаллов  в 
Шетском районе Карагандинской области, ул. Бурабай (национальный природный парк), 
ул.  Аксу-Жабагылы  (заповедник  в  северо-западной  части  Таласского  Алатау),  переулок 
Наурызым  (заповедник  в  Костанайской  области),  ул.  Кызылой  (месторождение  газа  в 
Акмолинской области), ул. Эскадрильи «Нормандия-Неман» (в честь французской армии, 
участвовавшей  в  ВОВ),  ул.  Жерек  (золоторудное  месторождение  Семипалатинского 
региона), ул. Егемен Казахстан. 
6.  Посвящения  представителям  различных  профессий:  ул.  Мунайшылар,  ул.  Кен-
шилер, ул. Курылысшылар ул. Енбекшилер. 
Таким  образом,  наибольший  процент  занимают  наименования,посвященные 
литераторам (50%), далее – композиторам (20%),затем‒ деятелям Алаш (12%), следующий 
–  деятелям  казахстанской  науки  (8%)  и  другим  категориям  (10%),  деятелям  искусства, 
великим  ханам,  военачальникам,  батырам,  сражавшимся  в  битве  с  джунгарами, 
предводителям и участникам национально-освободительных восстаний за независимость, 
героям  ВОВ,  главам  государства  других  стран,  в  матерям  народа  (гендерный  признак). 
Наибольший  процент  занимают  наименования  в  честь  литераторов,  поскольку  развитие 
страны невозможно без развития творчества – особенно литературы. В эту группу входят 
поэты,  писатели,  жырау  и  сал-сери.  Из  этого  следует,  что,  благодаря  данной  группе  мы 
можем судить об определенной именной традиции, к примеру, имена сал-сери и жырау не 
имеют  фамилий,  поскольку  в  средние  века  у  казахского народа  не  было  идентификации 
человека через фамилию, а существовало лишь имя. Следующая группа наименований в 
честь деятелей Алаш также имеет важное значение (12%). Следует отметить также другие 
наименования  (10%):  посвященные  деятелям  искусства,  посвященные  великим  ханам, 
военачальникам,  батырам,  сражавшихся  в  битве  с  джунгарами,  посвященные 
предводителям  и  участникам  национально-освободительных  восстаний,  посвященные 
героям  ВОВ,  посвященные  главам  государств  других  стран,  посвященные  женским 
именам  (гендерный  признак)  Наименования  в  честь  женских  имен  –  представляют 
особенность мемориального типа. Причина применения данных наименований кроется в 
особом  почтении  матерей,  героинь  (Домалакана,  Карашашана,  Улпанана),  которых 
объединяет также то, что они все жили в Средневековье, но и вместе с тем, что они были 
целительницами  и  славились  своей  добродетелью  по  отношению  к  другим.  Кроме  того, 
имеются  названия  героинь  литературных  произведений  (Кыз-Жибек,  Улпан,  Карашаш). 
Что  же  касается  имен  ханов,  предводителей,  батыров  –  то  здесь  следует  сказать,  что 
основанием послужила историческая мотивация, ссылка к прошлым событиям и лицам и 
попытка  воспроизведения  исторической  действительности  и  памяти.  Наименования, 
посвященные главам государств – являются проявлением знака дружбы и толерантности 
со стороны нашего государства. 
Таким  образом,  в  мемориальном  типе  доминируют  наименования,  посвященные 
творческим  личностям,  а  также  посвященным  деятелям  Алаш  и  представителям 
казахстанской науки, способствовавших всестороннему развитию страны. 
 
 

 
164 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет