СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ
1
«Историческая политика» в современной России: Поиск институтов и языка. Часть 2
/Модест Колеров // Эл.ресурс: URL: http://www.iarex.ru/articles/40271.html (Дата
обращения: 15.01.2016)
2
Адам Михник (Польша). Историческая политика, российский вариант //
Отечественные Записки // Эл.ресурс: URL: https://archive.is/20130126195225
/www.istrodina.com/rodina_articul.php3?id=1906&n=99 (Дата обращения: 27.01.2016)
3
Закон Украины. О голодоморе 1932-1933 годов в Украине (ведомости Верховной
Рады Украины (ВВР), 2006, N 50, ст. 504) // Эл.ресурс: URL: http://uazakon.ru/zakon/
zakon-o-golodomore.html (Дата обращения: 15.01.2016)
4
Путин уклоняется от критики по поводу начала Второй мировой войны // Эл.ресурс:
URL: http://inosmi.ru/russia/20090901/252158.html(Дата обрашения: 27.01.2016)
5
Стенограмма пленарного заседания совместной российско-украинской комиссии
историков 13 октября 2008 году. Историческое пространство. // Проблемы истории
стран СНГ. – Москва, Наука. - 2009.
6
Историческая политика в России и Польше // URL:http://igiti.hse.ru/Meetings
/Debaty2013_report(Дата обращения: 15.01.2016)
7
Указ Президента Российской Федерации от 15 мая 2009 г. N 549 «О Комиссии при
Президенте Российской Федерации по противодействию попыткам фальсификации
истории в ущерб интересам России» // Эл.ресурс: URL:http://www.rg.ru
/2009/05/20/komissia-dok.html(Дата обращения: 15.01.2016)
8
Миллер А. Россия: власть и история // «ProetContra». Журнал Российской внутренней
и внешней политики. –2009. – № 3-4 (46). – Т. 13. – С.6-23.
9
О фонде«историческая память» // URL:http://www.historyfoundation.ru /ru/about.php
(Дата обращения: 15.01.2016)
10
Российское военно-историческое общество // http://histrf.ru/ru/rvio/activities/projects
(Дата обращения: 15.01.2016)
11
Создание Концепции нового учебно-методического комплекса по Отечественной
истории//URL:http://rushistory.org/proekty/kontseptsiya-novogo-uchebno-metodicheskogo-
kompleksa-po-otechestvennoj-istorii.html (Дата обращения: 15.01.2016)
12
В Коми сожгли «чуждые российской идеологии» книги Фонда Сороса //
URL:http://7x7-journal.ru/item/74425(Дата обращения: 15.01.2016)
13
Структура Российского исторического общества // URL:http://rushistory.org/ob-
obshchestve/struktura.html(Дата обращения: 15.01.2016)
63
14
Председатель российского военно-исторического общества // URL:http://histrf.ru/ru
/rvio/rvio/predsedatel-rvio(Дата обращения: 15.01.2016)
ТҮЙІН
Мақалада қазіргі Ресейдегі тарихи саясаттың қалыптасуы мен дамуы мәселелері
қарастырылған. Аталған елдің мемлекеттік құрылысының әр кезеңдерінде осы бағыттың орындалу
ерекшеліктері көрсетіледі. Тарихи саясаттың ұлттық идея, ұлттық бірегейлілік пен өзін-өзі
танудағы маңызы ашылады.
RESUME
The article deals with the formation and development of historical politics in modern Russia.
Determination of the main reasons for actualization increased attention in the Russian society and the
Russian ruling circles to history. The role of the (main supporters) key figures supporting or influencing
the development of this direction is shown.
64
УДК 327 (374)
З.А. Какенова
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті,
аға оқытушы
АҚШ-тың сыртқы
саясатындағы
«Үлкен Орталық
Азия» жобасы
идеясының
қалыптасу тарихы
Аннотация
Мақала АҚШ-тың Орталық Азияға қатысты
саясатындағы Үлкен Орталық Азия жобасы
идеясын зерттеуге арналған. 1990 жылдардың
басынан 2005 жылы ұсынылған Үлкен Орталық
Азия идеясына дейінгі кезеңдегі АҚШ-тың аймақ
елдеріне деген саясаты талданған. Автор бұл
жобаның бастапқы мақсаттары мен негізгі
бағыттарын
қарастырады.
Аталған
жобаға
халықаралық
қатынастардың
басқа
да
акторлардың ұстанымдары талданған.
Түйін сөздер: Үлкен Орталық Азия, жаңа
тәуелсіз мемлекеттер, АҚШ сыртқы саясаты,
Үлкен Таяу Шығыс.
КСРО ыдырауы салдарынан әлемнің саяси
картасының өзгеруі халықаралық қатынастардың
дамуына бірталай ықпал етті. Жаңа тәуелсіз
мемлекеттердің
пайда
болуы
әлемдік
қауымдастықтың,
әсіресе
негізгі
геосаяси
акторлардың Орталық Азияға деген назарын
күшейтті. Бұл орайда, биполярлы әлемнің
ыдырауы жаңа саяси кеңістіктік және саяси
тұжырымдамалар мен теориялардың пайда
болуына әкелді. 1990 жылдардың басында
геокеңістіктік тұжырымдамалар аса маңызды-
лыққа ие бола бастады. Бұл тұжырымдамалар
жекелеген мемлекеттер не мемлекет топтарының
посткеңестік Орталық Азияда орын алған
үдерістер мен үрдістерге қатысты сыртқы
саясатының құралы ретінде пайдаланылды.
Сонымен қатар, жаңа тәуелсіз Орталық Азия
елдеріне көршілес державалармен қатар, АҚШ
сияқты ұлы держава да өз қызығушылығын
таныта бастады.
Жалпы, АҚШ-тың Орталық Азияға қатысты
саясатының тарихы туралы сөз қозғайтын болсақ,
оны бірнеше кезеңдерге бөліп қарастыруға
болады. 90-шы жылдардың басы мен ортасы
арасындағы кезеңде АҚШ-тың бұл бағытындағы
сыртқы саясатында жаңа тәуелсіз мемлекеттерді
дипломатиялық тұрғыдан тану үрдісі басталды.
АҚШ-тың Орталық Азияға қатысты сыртқы
саясатындағы бағыт пен басқа да жалпы
посткеңестік мемлекеттерге қатысты ұстанған
стратегиясынан айырмашылық болған жоқ.
Ресеймен қатынастар өзекті мәселе ретінде
65
қарастырылса, жаңа тәуелсіз мемлекеттер АҚШ назарының перифериясында қала берді.
«АҚШ-тың аймақ елдеріне қатысты жүйелі әрі тұтас саясаты болған жоқ» [1, 166 б.].
Сонымен қатар бұл кезеңде АҚШ Қазақстан территориясында орналасқан ядролық
арсеналдың болашағы жайында қауіптенді. Осыған орай, Қазақстанның ядролық
қаруларды таратпау туралы Келісімге қол қоюы қамтамасыз етіліп, республика Нанн-
Лугар бағдаламасы бойынша АҚШ тарапынан қаржылай көмек ала бастайды.
1996-2000 жылдар аралығында жаңа тәуелсіз мемлекеттердегі ықпал үшін АҚШ пен
Ресей арасындағы бәсекелестік Американың сыртқы саясатының ерекше сипатына
айналды. Бұл кезеңде АҚШ аймақ елдеріне экономикалық қызығушылық таныта бастады.
Атап өтсек, Баку-Супса, Баку-Джейхан сияқты жүзеге асырылған мұнай құбырларының
жобалары, шикізат тасымалдаудың Ресейге баламалы жобалары АҚШ тарапынан қолдау
тапты.
2001 жыл, әрине, АҚШ-тың Орталық Азия бағытындағы сыртқы саясатына да
бірталай кешенді өзгерістер енгізді. Бұл аймақ Ауғанстанда өткен антитеррористік
операция кезінде әлемдегі американдық мүдделердің аса маңызды бағытына айналды. Бұл
кезеңде АҚШ тек Қазақстанмен ғана емес, сонымен қатар, проресейлік саясатты ұстанған
Тәжікстанмен де әскери-саяси ынтымақтастықты нығайта бастады. АҚШ Өзбекстандағы
Карши-Ханабад және Қырғызстандағы Ганси базаларына қол жеткізді. Бұл кезеңде аймақ
елдеріне деген қаржылай көмек те өсті: 2001 жылдан бастап Өзбекстанға көмек үш есе
өсті [2, 60].
АҚШ-тың Орталық Азиядағы әскери-саяси мүдделері кеңеюімен қатар, аймаққа
деген НАТО-ның да қызығушылықтары арта түсті. Бұл кезеңде НАТО Ауған мәселесіне
тартылған еді. 2004 жылдың Стамбул қаласында өткен НАТО-ның саммитінде ұйымның
Оңтүстік Кавказ бен Орталық Азия аймақтарына назар аудару жоспарлары туралы
жарияланды [3].
АҚШ-тың Оңтүстік Азияға қатысты саясатының констекстіндегі Орталық Азияға
деген мүдделері Үлкен Орталық Азия жобасының пайда болуына әкелді.
Соңғы екі онжылдықта АҚШ-тың сарапшылар қауымдастығы Орталық Азияны
Вашингтонның ұзақ мерзімді сыртқы саяси қызығушылықтары бар маңызды аймақ деп
қарастыруда. Осылайша, АҚШ-тың аймаққа кірігуінің негізі ретінде «Үлкен Орталық
Азия» тұжырымдамасы ұсынылды. Бұл аймаққа жаңа тәуелсіз бес Орталық Азия
мемлекеттеріне қоса басқа да азиялық елдер енгізілді.
АҚШ-тың бұл аймаққа деген стратегиялық мүдделердің кескіні 1997 жылғы
Конгреске Мемлекеттік департаментімен жіберілген арнайы баяндамасында нақты
белгіленген еді. Бұл құжатта АҚШ энерготасымалдаушылардың әлемдегі ең ірі
тұтынушысы бола тұра әлемдік энергетикалық ресурстарды «кеңейту мен
диверсификациялауға»
мүдделі
деп
көрсетілген.
АҚШ-тың
бұл
аймақтағы
қызығушылықтары тек экономикалық сипатқа ғана емес, сонымен қатар, мәселе Батыс
қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей байланысты болғаннан кейін стратегиялық сипатқа
да ие деп айқындалған.Бұл орайда АҚШ бұл территорияда Ресейдің стратегиялық
қатынасын шектегісі әрі Ресей, Қытай мен Иран арасындағы саяси одақтың қалыптасуына
жол бергісі келмейді. АҚШ Орталық Азия аймағын стратегиялық плацдарм ретінде де
қарастырады. АҚШ бұл аймақты Үлкен Таяу Шығыс, Үлкен Орталық Азия сияқты
геосаяси құрылымдардың бір бөлшегі ретінде қарастырады [4, 28].
Үлкен Орталық Азия Жобасын 2005 жылы Джон Хопкинс университетіндегі Пол
Нитце атындағы Халықаралық зерттеулердің жоғарғы мектебі жанындағы Орталық Азия
және Кавказ институтының сарапшылары қалыптастырған. Ал бұл жобаны көпшілікке
Орталық Азия және Кавказ институтының директоры Ф.Старр өзінің «Орталық Азия үшін
серіктестік» атты мақаласында ұсынды. Сарапшы, Орталық Азия мен Ауғанстан кіретін
бірегей экономикалық кеңістіктің қалыптасуын көздейтін форум құру идеясын ұсынады.
Бұл идеяның негізгі қағидалары 2011 жылы Х. Клинтон ұсынған «Жаңа Жібек Жолы»
66
тұжырымдамасында өз жалғасын тапты. Бұл ұзақ мерзімді тұжырымдамаға сәйкес
орталығы Ауғанстан боп табылатын Орталық және Оңтүстік Азияны байланыстыратын
халықаралық экономикалық және транзиттік жүйе қалыптастыру көзделген.
Ф.Старрдың пікірінше, «АҚШ-тың географиялық бөлінісі бойынша түсініктері
Ауғанстан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан сияқты
мемлекеттердің бірегей аймақ екендігін ұғынуға кедергі келтіреді. Мемлекеттік
департамент бұрынғы аталған бес посткеңестік мемлекеттерін Ресеймен бір топқа
біріктірсе, Ауғанстанды Пәкістан, Үндістан сияқты ірі мемлекеттер мен Бангладеш,
Бирма, Бутан, Мальдив, Непал және Шри-Ланка елдерімен Оңтүстік Азия аймағына
жатқызады. Ал АҚШ Қорғаныс министрлігінің Орталық қолбасшылығына келетін болсақ,
бұл орган аталған алты мемлекетті бірегей аймақ ретінде қарастырады [5]. Осылайша,
Ауғанстанды аймақ экономикасына интеграциясын ынталандыру сияқты мақсатты қоя
тұра, АҚШ-тың аталған мемлекеттерге қатысты аймақтық саясатының үйлесімсіздігі әрі
тиімсіздігі байқалады. Осыған байланысты, 2006 жылы Орталық Азия елдері Мемлекеттік
департаментінің Еуропалық Бюросы құзырынан шығарылып, Оңтүстік Азия бойынша
бюроның құзырына енгізілді [6, 87 б.].
Жалпы, АҚШ сыртқы саясатында мұндай жобаның пайда болуын бірнеше
себептермен байланыстыруға болады. Г.Тулепбергенованың пікірінше, Үлкен Орталық
Азия жобасы 1990-шы жж. АҚШ-тың аймақ елдеріне қатысты саясатының түйінді
идеяларына ие. Бұлар Орталық Азия республикаларының Ресей және Қытай бақылауынан
шығару мен ОА елдерінің негізгі энергоресурстарының Ауғанстанға қарай қайта
бағдардауға негізделген. Бұл тұжырымдаманың 2005 ж. пайда болуының бірнеше
себептері бар. Біріншіден, Ресей мен Қытайдың Орталық Азия мемлекеттеріне деген
ықпалы аймақ елдерінің аталған екі державамен екіжақты деңгейде және ШЫҰ
шеңберінде ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге дейін әкеп соқты. Екіншіден,
транскаспий және трансауған экспорттық құбыржелілері бойынша жобалардың іске
асырылуы тежелген еді. Қытай мен Ресей болса каспий энергоресурстарын өндіру мен
экспорттау салаларында өз позицияларын күшейтуде. Үшіншіден, Ауғанстан ешбір
геосаяси аймақпен байланыстырылмаған тұрақсыз әрі құлдырап бара жатқан мемлекеттер
қатарында. Бұл өз кезегінде Ауғанстанды қайта құру бағытындағы күш үйлестіруді
күрделендіреді. Төртіншіден, АҚШ-тың Орталық Азия мен Ауғанстандағы базалар
маңызды негіздеуді талап етуде. Бұл Оңтүстік Азия елдері бағытындағы инфрақұрылым
мен құбырлар желілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шеңберінде, және жалпы аталған
мемлекеттермен әскери-саяси саласындағы ынтымақтастықты күшейту арқылы жүзеге
асырыла алады. Бесіншіден, аймақта Вашингтонмен бақылауға келетін геосаяси
плюрализмнің қалыптасуына қажетті американдық «Жібек Жолы» жобасы Ауғанстан
арқылы Пәкістан мен Үндістанға баратын аймақтық ынтымақтастықты қамтыған жоқ.
Аталған жоба шеңберінде «ОА+Кавказ», Баку-Тбилиси-Джейхан және Баку-Тбилиси-
Эрзерум бағытындағы құбырлар желілерінің жүзеге асырылуын қамтамасыз етілуін
қарастырды [6, 86 б.].
Старр бойынша, Үлкен Орталық Азияда АҚШ бірнеше стратегиялық мақсаттарға
қол жеткізуді көздейді: терроризмге қарсы шабуылды күрес жүргізу мен АҚШ-қа
тұйықталған қауіпсіздік жүйелерін құру; Ауғанстан мен оның көршілеріне өздерін
радикалды исламизм мен есірткі саудасынан сақтануға мүмкіндік беру; аймақ Таяу
Шығыс пен Шығыс Азия елдері арасында саяси көпір ретінде болатындай аймақтық
экономика мен аса маңызды мемлекеттік институттарды нығайту үшін күш салу;
аймақтық сауда байланыстары мен барабар көлік инфрақұрылымын күшейту бойынша
жұмыс істеу; басқа да мұсылман халқы көп елдер үшін мысал бола алатындай
демократиялық саяси жүйелерді ынталандыру [5].
Лаумулин бойынша, бұл жобаның басты мақсаты Орталық Азия мен Ауғанстанды
біртұтас әскери-саяси және геосаяси аймаққа біріктіру, ал кейін оны «Үлкен Таяу Шығыс»
67
аймағымен байланыстыру боп табылады. Бұл жобаның тағы бір мақсаты – бұл аймақты
оңашалау мен оны Ресей мен Қытай сияқты державалар ықпалынан шығару. Бұл жобаның
тағы бір міндеті – Ауғанстанды Пәкістан мен Иран сияқты тұрақсыздандыратын елдер
ықпалынан шығарып, тұрақты Орталық Азия аймағымен байланыстыру боп табылады.
Үлкен Орталық Азия жобасы АҚШ ұсынған «Үлкен Таяу Шығыс» геосаяси жобасының
жалғасы боп келеді және бұл жобаның алдына қойылған, стратегиялық мүдделерді
диверсификациялау мен кеңістікті тұрақтандыру сияқты мақсаттарды жүзеге асыруды
көздейді [7].
Бұл жоба шеңберінде қойылған мақсаттарға жету бойынша жұмыстар аймақ
елдерінің өмірін бірнеше өлшемдер бойынша қайта құруды көздейді.
Қауіпсіздік саласына келетін болсақ, американдық сарапшы Ф. Старр Үлкен
Орталық Азиядағы қауіпсіздік пен дамуды қамтамасыз етуге бағытталған жалпыаймақтық
құрылымдардың жоқтығын атап өтеді. Оның пікірінше, ТМД, Орталық Азиялық
экономикалық қауымдастық, Еуразиялық экономикалық қауымдастық, ШЫҰ сияқты
аймақтық ұйымдар тиімсіз боп келеді [5]. Мұнда ол терроризммен соғыс бойынша
қабылданған міндеттемелерді жалғастырып, оңтайландыруды ұсынады. Атап айтқанда,
АҚШ-тың мемлекеттік департаменті ұсынған «Экспорттық бақылау мен шекаралардың
қауіпсіздігі», әскери дайындық бойынша алмасудың біріккен бағдарламасы және басқа да
аймақтық бағдарламалар шеңберінде ынтымақтастықты дамытуды ұсынды. Сонымен
қатар, қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында көмекті АҚШ біріккен жаттығуларды
өткізу мен қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді ротациялық қатынас бойынша жаңа
келісімдер жасасу арқылы қарастырады. Орталық Азия елдері мен Ауғанстан арасында
мұндай форумның құрылуы АҚШ-тың аймақта көздейтін ұзақ мерзімді мүдделердің бар
болуын көрсетеді. Сонымен қатар, ынтымақтастықтың мұндай зонасының пайда болуы,
экстремистік күштердің жұмысын тежеп, басқа да дамушы мұсылман қауымдастықтары
үшін жағымды моделі ретінде бола алады, және тек аймақ мемлекеттері үшін ғана емес,
сонымен АҚШ-тың өзіне де талай пайда тигізе алатын еді.
Бұл жобаның экономикалық аспектісіне келетін болсақ, жоба аймақтағы сауда-
экономикалық қатынастарды күшейту даму бағыттарының өзекті мәселесі боп табылады.
Мұнда ең алдымен АҚШ-тың көздеген мақсаты өзінің аймақтағы экономикалық
мүдделерін нығайту, Ауғанстандағы кампанияның жетістіктерін күшейту, оқиғалардың
кері дамуын алдын алу мен, осылайша, АҚШ-тың стратегиялық мақсаттарын жүзеге
асыру боп табылады. Ал, ағымдағы мақсаттарға келсек, бұл АҚШ пен НАТО әскерлерін
қамтамасыз ететін маңызды арнасы боп табылатын солтүстік транзит жолдарын не
солтүстіктен жүк жеткізу желісін («Солтүстік жолы») қайта бағдарлау боп табылады.
АҚШ-тың Ауғанстаннан әскер мен қару шығару жағдайында аталған дәлізді екі жаққа
қарай пайдалану, оның күшін арттыру мен бұл бағытты тұрақты негізде пайдалану
маңызды боп табылады [8, 48 б.].
Бұл орайда, Ауғанстан арқылы өтетін көлік инфрақұрылымды дамытуға айрықша
көңіл бөлінген. Сауда қатынастарын дамыту негізгі бес бағыт бойынша қарастырылған: 1)
тасжол инфрақұрылымы, шекара режимдері және жалпы аймақтық бизнесті дамыту
салаларындағы АҚШ бастаған және басқа да донор мемлекеттерінің бастамаларын
үйлестіру; 2) басымдық трансауған тасжол дәліздерін қайта құру бойынша ағымдағы
көпжақты жобаларды жүзеге асыруға берілген; 3) келесі басымдық аталған бағдарларды,
біріншіден, Ауғанстан шеңберіндегі қайталама нарықтарға қарай, екіншіден, Үлкен
Орталық Азия аймағының басқа да нарықтарына апаратын жолдарды, және үшіншіден, әр
бағыттағы экономикалық нарықтарға жеткізетін бағдарлады кеңейтуге арналған; 4)
тасжолдардан кейін, алдымен теміржол бағдарларын және одан кейін ғана аймақтық әуе
жолдарын қарастыру қажет; 5) энергетикалық ресурстарды тасымалдауда назар алдымен
газ бен мұнайға, ал одан кейін ғана гидро электр энергиясына бөліну керек [9,33 б.].
68
Орталық Азия елдері үшін аймақ шеңберіндегі сауда оңтүстікте орналасқан
мемлекеттермен қатынастардың кеңеюі Ресейдің көмірсутегі, электрэнергиясының
экспортына монополиясын бұзуға және Қытаймен қатынастарын кеңейтуге мүмкіндігін
береді. Жалпы, сауда қатынастары Ауғанстан мен онымен көршілес елдерге
экономикалық периферия аймағынан – Үлкен Орталық Азия деп аталатын жаңа
экономикалық аймақтың дәл орталығына ауысуға мүмкіндік береді [5].
Орталық Азия, Ауғанстан, Пәкістан және Үндістан елдері арасында кең ауқымды
аймақтық электр энергиясы желісін дамыту бағдарламалары да Үлкен Орталық Азия
жобасы шеңберінде ұсынылып жүзеге асуда. Мұнда Орталық Азия елдері элеткр
энергиясына мұқтаж Ауғанстан мен Оңтүстік Азия елдері үшін жеткізуші ретінде
қарастырылуда. 2008 жылдың тамыз айында Пәкістан, Қырғызстан және Тәжікстан
Исламабадта «Орталық Азия – Оңтүстік Азия-1000» (CASA 1000) элеткр берілісінің жолы
жобасын жасау бойынша үкіметаралық келісімге қол қойды. Бұл жобаға аталған
мемлекеттерден басқа Бүкіләлемдік Банк тобы, Ислам даму банкі, АҚШ-тың халықаралық
даму агенттігі (USAID), АҚШ-тың мемлекеттік департаменті, Ұлыбританияның
халықаралық ынтымақтастық Министрлігі және басқа да донорлық ұйымдар көмек
көрсетуде [10].
Аталған жоба шеңберінде аймақ елдерін одан әрі демократизациялау мәселелеріне
де айрықша көңіл бөлінген. Атап айтсақ, американдықтар Орталық Азия елдерінің
парламенттік институттары мен саяси партиялардың дамуына, әрі заңның үстемдік құруы
мен сөз бостандығын қарастыруды жөн көреді. Сонымен қатар, АҚШ өзінің сыртқы
саясатындаға аса маңызды құралы жұмсақ күші туралы да ұмытқан жоқ. Мұнда, Старр
аймақ елдеріндегі американдық орталықтардың жұмысын кеңейтуді ұсынады. АҚШ-та
білім алған студенттерге жан-жақты демеушілік көрсетіп дамытуды жөн көреді. Сонымен
қатар, Ауғанстандағы білім беру саласында бөлінген 250 млн. долл. қаржыны
мұғалімдерді қайта дайындау мен мектеп бағдарламаларын реформалау үшін жұмсау
керектігін атап өтеді [5].
Бұл аймақтағы АҚШ-тың Үлкен Орталық Азия жобасын іске асыру әрекеттеріне
қатысты аймақ елдерімен тікелей шекараласып жатқан ұлы державалардың ұстанымдары
туралы да айтып өту қажет. Орталық Азия мемлекеттері өзерінің сыртқы саясатында
негізінен көпвекторлы саясат принциптерін ұстануда. Яғни мемлекеттер өздерінің сыртқы
саясаттарында тепе-тең геосаяси бағыт ұстануда. Ал егер, Ресей мен Қытай сияқты
алпауыт елдердің ұстанымдарына келетін болсақ, бір жағынан бұл елдер Ауғанстанның
тұрақтануына ниеттес, екінші жағынан, АҚШ-тың аймақ елдеріне ықпал ету
мүмкіндігінен қауіптенеді.
Старр бойынша, Үлкен Орталық Азиядағы ынтымақтастық және даму бойынша
Серіктестік Ресей не Қытайдың аймақтағы заңды әрекеттеріне еш қауіп тигізбейді. Екі
мемлекет те ҮОАЖ-ды АҚШ-тың аймақтағы ұзақ мерзімді мүдделердің нысаны ретінде
қабылдайды. Дегенмен, АҚШ ҮОАЖ-ның осы екі мемлекеттің әрқайсысына ұсынатын
артықшылықтарын бағалауға көмектесуге дайын. Аймақ елдерінің дамуы, экстремистік
қозғалыстарды араңдататын кедейшілік деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді. Ал бұл өз
кезегінде Ресейге ағылатын заңсыз иммигранттардың ағымын тоқатата алады. Шекара
режимдерін күшейту Шыңжандағы сепаратистердің белсенділігін төмендетуге
жәрдемдеседі. Көлік инфрақұрылымын жетілдіру Батыс Сібір мен Урал аймақтары үшін
Азияға апаратын жаңа экспорттық жолдарды ашуға, ал қытайлық Шыңжан аймағы
оңтүстікке шығуға мүмкіндік алады [5].
Алайда, ҮОЖ-ды ұсынудан кейін АҚШ тарапынан бірталай құбыр жобалары іске
асырыла бастады. Мысалы, Ресей территориясынан тыс «Қазақстандық каспий көлік
жүйесі»жобасын жүзеге асыруға кірісті. Бұл жоба Каспий кен орындарынан әлемдік
нарыққа мұнай өнімдерін шығару үдерісін кеңейтуге бағытталған. Осылайша,
69
американдықтар ұсынған мұнай құбырлары мен коммуникациялар желілері тек Ресейдің
ғана емес, сонымен қатар Иранның да аймақтағы мүдделеріне нұқсан келтірді [4, 30 б.].
Сонымен қатар бұл жобада Түркия мен Үндістан елдерінің маңыздылығы атап
өтілді. Түркия туралы айтатын болсақ, бұл ел аймақ елдеріне тіл және мәдениет жағынан
терең байланыстары тұрғысынан қарастырылды. Әрі бұл елдің Еуропалық Одаққа ену
үдерісі бұл мемлекетті Орталық Азия елдері үшін тартымды экономикалық серіктеске
айналдыруы мүмкіндігі туралы айтылды.
Үндістан өзін Ауғанстанда ірі донор ретінде танытып, аймақтың басқа да
бөліктерінде өзінің белсенділігін жандандыруы туралы айтылып, ел бұл орайда аймақтағы
инвестициялар мен сауданың дамуына үлесін қоса алатын мемлекет ретінде
қарастырылады.
Жалпы алғанда, Үлкен Орталық Азия жобасын АҚШ-тың Еуразияны Орталық Азия,
Каспий аймағы, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия аймақтары кіретін геоэкономикалық
кеңістік ретінде трансформациялаудың стратегиялық жобалаудың тек бір бөлшегі ретінде
қарастыруға болады. Бұл жобаның пайда болуы АҚШ-тың Орталық Азияға қатысты
саясатының тұжырымдамалық негізде рәсімделген саясат деп санауға болады. Қазіргі
уақытта бұл тұжырымдама «Жаңа Жібек Жолы» сияқты жобалар шеңберінде өзінің іске
асырылуын табуда.
Достарыңызбен бөлісу: |