Бағдарламасы негізінде құрастырған «Әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар»


 ж. соңы-1930 жылдардағы Қазақстанның қоғамдық-саяси және



Pdf көрінісі
бет26/34
Дата11.01.2017
өлшемі2,41 Mb.
#1677
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   34

1920 ж. соңы-1930 жылдардағы Қазақстанның қоғамдық-саяси және 
әлеуметтік-демографиялық дамуы 
Кеңес  өкіметінің  өлкедегі      әртүрлі  айыптау  науқаны  жаппай  саяси 
қуғын-сүргінге  ұласты.    Қуғын-сүргінді    ұйымдастыру  кезеңі  1920 
жылдардың  аяғы  мен  1930  жылдардың  ортасы  болды.  Большевиктердің 
Алаш  зиялыларына  қарсы  саяси  қуғынды  бастауының    негізгі  себебіне 
тоқталсақ,  ол  мынандай  жағдайға  байланысты  болды.  Большевиктер  ірі 
байларды  тәркілеуге  байланысты  бас  көтерулерді  ұйымдастырушылар  деп 
қазақ  интеллигенциясын  айыптап,  оларға  қарсы  шабуылды  бастады.  Соның 
нәтижесінде  1928-шы  жылдың  аяғында  қазақтың  ірі  ағартушылары, 
әдебиетшілері,  әртүрлі  саладағы    зиялылары  және  Алашорда  қайраткерлері  
А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, Х. Габбасов және 
т.б., барлығы  44 адам қуғындалып, тұтқындалды.  
1930  жылдың  қыркүйек  қазан  айларында  ұлттық  интеллингенцияның 
екінші  бір  тобы  (40  -  қа  жуық  адам),  құрамында    Х.  және  Ж. 
Досмұхамедовтер,  М.  Тынышпаев,  Ж.  Ақпаев,  Ә.  Ермеков  және    өзге  де 
зиялы қауым өкілдері бар, тұтқындалды. Көп кешікпей олардың 15-і (Х. және 
Ж.  Досмұхамедовтер,  М.  Тынышпаев,  Ж.  Ақпаев,  К.  Кемеңгеров  және 
басқалары)  Ресейдің  Орталық  қара  топырақты  ауданына  жер  аударылды. 
Мұндай  іс-әрекеттердің  барлығы    большевиктердің  өздеріне  идеялық 
жағынан  қарсылық  көрсете  алатын  зиялылардан  құтылу  жолы  екенін 
байқатады.    
Болшевиктік  тәртіп  нығайған сайын қоғамдық өмірді толық бақылауға 
алу  күшейді.  1930  жылдардың  ортасындағы  қоғам  мүшелеріне  қарсы 
ұйымдастырылған қуғын-сүргін-репрессия саясатын  жаппай халыққа қарсы 
бағытталған  террор    деуге  болады.  Жаппай  қуғын-сүргінді  ұйымдастыру 
үшін  большевиктер  социализм  жеңісі  күш  алған  сайын  тап  күресі 
шиеленіседі деген тұжырымды желеу етті. Елді   жаулардан тазарту процесі 
кезінде большевиктер неше түрлі “террористік ұйымдардың”  бетін ашты. Әр 
түрлі  қыспақ  пен  қысым  жасау  нәтижесінде  террористік  ұйым  мүшелері 
өздерінің  күнәларын  мойындап  шыға  келді.    Мысалы,  1936  жылы  тамызда 
троцкистік-зиновьевтік  террористік  орталық  жөнінде  ашық  процесс  болды. 
Бұл  іс  бойынша    Г.  Е.  Зиновьев,    Б.  Каменев,  Г.  Е.  Евдокимов,  барлығы  16 
адам  жауапқа  тартылды.    Жауапқа  тартылғандарға  С.  М.  Кировты  өлтіруді 
ұйымдастырды    және  оны  жүзеге  асырды,  Сталиннің  өміріне    қастандық 
даярлады,  диверсия, шпиондық әрекет жасады  деген кінәлар  тағылды.  
Жаппай  репрессия  толқыны  Қазақстанды  да  қамтыды.  Қазақстанда  бір 
жылдың  ішінде  үш  іс  қарастырылды.  Олар  Үржар,  Пресновка  және 
Қарағандыдағы 
“контрреволюциялық 
ұлшыл-фашистік 
залалдық 
ұйымдардың”    істері  болды.  Ең  алғашқы  іс  Қарағандыдағы  сот  ісі  болды. 
Ондағы  айыпталушылар  тізімінде    округтік  партия  ұйымының  хатшысы  М. 
Гатаулин,  мүшелері  А.  Асылбеков,  Н.  Нұрсейітов  болды.  Олардың    негізгі 
кінәсі  –  батылдылығы  мен  принципшілдігі.  Сонымен  қатар  Гатаулин  1932 

жылы  Сталинге  жазылған  “Бесеудің  хаты”  авторларының  біреуі  болып 
табылады.    Олар  1937  жылы    қарашада  өткен  сот  процесінде  өздерінің 
“Мәскеудегі  “троцкистік    орталықпен”  қалай    байланыс  орнатып,  олардың 
тапсырмасын Қазақстанда  қалай жүзеге асырғандарын” мойындады. 
Кейін халық жауларын түсті металлургиядан, темір жол транспортынан, 
жерхалкомынан,  байланысхалкомынан  және  т.  б.  жерлерден  анықтап, 
жауапқа тарта бастады.  Партия кеңес қайраткерлерінің тізімін Н. Нұрмақов 
(БОАК  президиумының  жауапты  қызметкері),  Т.  Рысқұлов  (РКФСР  ХКК 
төрағасының  орынбасары)  Мәскеуде  ұсталып  бастаса,  кейін  ол  тізімді 
Қарағанды облыстық атқару комитетінің төрағасы А. Асылбеков, Қарағанды 
облыстық  партия  комитетінің  екінші  хатшысы  Н.  Нұрсейітов  жалғастырды. 
Өлкенің  партия    және  кеңес  қызметкерлерін  айыптап  жауапқа  тарту 
шаралары  нәтижесінде  көрнекті  қайраткерлер:  К.  Сарымолдаев,  У. 
Кұлымбетов,  Г.  Тоғжанов,  А.  Лекеров,  А.  Розыбакиев,  Ж.  Садвакасов,  И. 
Құрамысов және т.б. ұсталып ату жазасына немесе лагерлерге ұзақ мерізімге 
айдалды.  
Тіпті орталықта не болып жатқанын білмейтіндер тағылған айыптардың 
еш  дәлелсіздігіне  қарамай  жазаланды.  Мәселен,  1938  жылы  27  қаңтарда 
Оңтүстік  Қазақстан  облысындағы  Сайрамдық  бес  азамат  “Киров  жолдасқа 
қастандық  жасаушылармен  ауыз  жаласқан  саяси  қылмыскерлер”  болып 
шығады. Жауап алу барысында  Сайрамда  “буржуазияшыл-ұлтшыл топтың” 
12  мүшесі  анықталып,  ол  топ  “облыстық  ұйыммен”,  облыс  “республикалық 
топпен  байланысты”,  ал  олардың  барлығы  “Мәскеумен  тоғысты”  деген 
қорытынды жасалады және үштіктің шешімімен “қылмыскерлер”  атылады. 
Тергеу ісінің материалдары көрсеткендей айыпталушыларға байланысты 
қылмыстық-процессуалдық 
кодекс 
дөрекі 
бұрмаланған. 
Оның 
бұрмаланғанын    төмендегідей  дәлелдер  көрсетеді:  тергеу  жұмысы   
қылмыстық  іс  қозғау  туралы  қаулысыз  жүргізілген  және    айыпталушылар  
ешбір  негізсіз  және  прокурордың  рұқсатынсыз    қамалған.  Айыпталушыдан 
жауап  алдын ала  кінәлі адам ретіндегі  көзқарас тұрғысынан  алынған және 
көптеген  айыпталушыларға    ешбір  белгілі  кінә  тағылмай,  олар  айлап  
тергеусіз  ОГПУ-дің    түрмелерінде  жатқан.  Ал  тергеу  аяқталған  соң  
айыпталушылар 
 
тергеу 
 
материалдарымен 
таныстырылмаған. 
Айыпталушылар    қорғаушы  пайдалану  құқығынан  айырылған.  Іс  осындай  
деңгейде,  ешбір  бекітілусіз,  сот  емес  органдарға  жіберілген  және  олар 
сырттан үкім шығарған.  
Жаппай  репрессия  саясаты    нәтижесінде  қазақ  халқының  ең  таңдаулы  
азаматтары,  тіпті,  олардың  ішінде  кеңес  өкіметін  орнатуға  қатысқан  А. 
Айтиев, С. Арғаншеев, Т. Рысқұлов, Н. Сырғабеков сияқты қайраткерлер де 
атылып кетті.  
Жалпы  сталиндік  қуғын-сүргін  көлемі  әлі  толық  анықтала  қойған  жоқ. 
Кей  деректерде  1937-1938  жылдары  қазақстандықтардың  44  мыңы 
түрмелерге  түсіп,  22  мыңы  атылды  десе,  басқа  деректер  1930-50  жылдары 
100  мыңнан  астам  адам  репрессияға  ұшырады,  оның  ішінде  20  мыңнан 
астамы атылғанын айтады. 

Большевиктік    жаппай  репрессия  саясаты  кезінде  жекелеген  адамдар 
ғана  емес,  кішігірім  халықтар  да    қуғын-сүргінге  ұшырап,  жазықсыз  жапа 
шекті.    Ондай  жапа  шеккен  халыққа  корейлер  жатады.  Қазақстандық 
корейлердің  негізгі  бөлігі  кезінде  Қиыр  Шығыс  өлкесінен  жер  аударылды.  
Олардың  жер  аударылу  себептерін  КСРО  ХКК-і  мен  БК(б)П  Орталық 
комитеті бірігіп шығарған “Корей халқын Қиыр Шығыс өлкесінің шекаралық 
аудандарынан  көшіру  туралы”  қаулысы    бір  ауыз  сөзбен:  “Қиыр  Шығыс 
өлкесіне  жапон шпионажының еніп кетуіне жол бермеу мақсатында…” – деп 
жауап береді. Қаулыда оларға өздерімен бірге заттарын, дүние-мүліктерін ала 
кетуге  рұқсат  етілді.  Тіпті,  оларға  шет  елге  кетуді  қалайтындарға  кедергі 
жасамау,  шекарадан  өтуді  оңайлату  тәртібіне  жол  беру  қажеттілігін  де 
көрсетті.  Көшкенде  қалдырып  кетуге  мәжбүр  болған  дүние-мүліктің  және 
егіс алқабының шығынын оларға қайтару шарасы да атап көрсетілді. Алайда 
айтылғандар  тек  сөз  жүзінде  қалды.  Көшкен  корейлер  тек  киім-кешек  пен 
азық-түліктерін  ғана  алып  шыға  алды.  Олар  сонымен  бірге  шекара 
әскерлерінің  және  НКВД-нің  тікелей  бақылауында  болды.  Корейлер 
Қазақстанға келген соң да  күдікті саналып, бақылауға алынды және қуғын-
сүргінге ұшырады. 
Қазақстан  картасында  Карлаг  деген  ерекше  тәртіптегі  Қарағанды 
еңбекпен түзеу лагері пайда болды. Тоталитарлық тәртіп туындатқан тағы бір 
лагер – Алжир деп аталды. Жаппай репрессияға ұшырағандардың от-басы да 
қуғындалды.  Алжир  лагерінде  осы  қуғынға  ұшырағандардың  әйелдері  ұзақ 
жылдар  бойы  мерзімдерін  өтеп  отыруға  мәжбүр  болды.  Кеңес  үкіметі 
жүргізген  қуғын-сүргін  саясаты  нәтижесінде  осы  қуғынға  ұшырағандарды 
орналастырып, оларды бақылайтын  басқару органы ГУЛАГ пайда болды.  
Елдегі осындай қуғын-сүргін мен қорқыныш  күш алып тұрған жағдайда 
КСРО  жаңа  Конституциясының  жобасы  талқыланып,  1936  жылы  5 
желтоқсанда    қабылданды.  Конституция  елде  социализм  орнағанын  жария 
етті.  КСРО  жаңа  Конституциясы  одақтас  республикалар  санын  көбейту 
мүмкіндігін  арттырды.  Соған  сәйкес  Закавказ  республикасы  таратылды. 
Азербайжан,  Армян,  Грузин  республикалары  енді  КСРО  құрамына  тікелей 
енді.  Қазақ  және  Қырғыз  автономиялық  республикалары  одақтас 
республикаларға  айналды.  Қазақ  республикасының  статусының  өзгеруіне 
байланысты  жаңа  Конституция  жасау  қажет  болды.  1937  жылы  3  ақпанда 
жаңа Конституция жобасын ҚазОАК-нің  Президиумы қолдады. 1937 жылы 
21-26 наурызда Алматыда Қазақстан кеңестерінің X съезі өтті. 1937 жылы  26 
наурызда  съезд  Қазақ  КСР-ның  Конституциясын  бекітті.  Мемлекеттік 
биліктің  ең  жоғарғы  органы  төрт  жылға    сайланатын    Қазақ  КСР  Жоғары 
Кеңесі болды. Жоғары Кеңес өзінің Президиумын  сайлады және республика 
үкіметі  -  Халық  Комиссарлар  Кеңесін  (ХКК)  құрды.  Конституцияда 
республика  территориясының  тұтастығы  негізделді.    Қазақ  КСР-ның    әрбір 
азаматы КСРО азаматы болып табылды.  
Сонымен,  қорыта  айтқанда,  20  жылдардың  аяғы  мен  30  жылдары 
әкімшіл-әміршіл  большевиктік    тәртіп  қоғамдық-саяси  өмірдің  барлық 
саласында  үстем  болды.  Әсіресе,  Қазақстанда  бұл  тәртіптің  өте  ұсқынсыз, 

қатыгез  формалары    ұжымдастыру  мен  1937-1938  жылдардағы  саяси 
репрессия кезеңдерінде күш алды. Кеңес үкіметі, яғни халықтың үкіметі, сол 
халықтың  өзіне    қарсы  қуғын-сүргінді  ұйымдастырып,  жазықсыз  ату-асу 
жазаларын  қолданды.  Елде  большевиктер  басшылығымен  халыққа  қарсы 
жаппай “үлкен террор”  ұйымдастырылды. 
Өзіндік бақылау сұрақтары: 
1. Сендер жаңа экономикалық саясаттың мәнін қалай түсінесіңдер?  
2. Бұрын артта қалған халықтардың капиталистік емес даму жолы 
тұжырымдамасы дұрыс па? Түсіндіріңдер.  
3. Қазақ жерлерін Қазақ АКСР құрамына біріктіру қалай жүргізілді?  
4. Елді индустрияландырудың мәні неде?  
5. Қазақстандағы индустрияландыру ерекшеліктері қандай?  
6. Қазақстандағы индустрияландыру жолдары туралы алауыздықтар неде 
болды?  
7. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру қарсаңында Қазақстандағы жағдай 
қандай еді?  
8. Жаңа экономикалық саясат қазақ шаруаларына не берді.  
9. Қазақстандағы күштеп ұжымдастырудың салдары қандай болды?  
10. Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру саясатына шаруалар 
қарсылығының ауқымы мен сипаты қандай болды?  
11. «Социализм тоталитарлық, казармалық сипат алды» дегенді қалай 
түсінесіңдер?  
12. «Карлаг», «ЧСИР», «Алжир», «Гулаг» деген ұғымының мазмұнын айтып 
беріңдер.  
13. Қазақ АКСР – ін Одақтас республика етіп қайта құрудың қазақ халқының 
тарихында қандай маңызы болды?  
14. Қазақ КСР – інің соғыс алдындағы өнеркәсібі мен ауыл 
шаруашылығының қалай дамығанын айтып беріңдер. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Тақырып: Қазақстан 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезінде –  
2 сағат 
4.
 
Ұлы Отан соғысының басталу себептері 
5.
 
Қазақстан экономикасын соғысқа бейімдеп қайта құру 
6.
 
Қазақстандықтар соғыс майдандарында 
Дәріс  мақсаты:  Жаңа  оқу  материалымен  таныстыра  отырып,  білім  білік 
дағдыларын қалыптастыру. 
 
Ұлы  Отан  соғысының  басталу  себептері.30-шы  жылдардағы  әлемдік 
дағдарыс  көптеген  мемлекеттердің  экономикалық,  әлеуметтік  және 
халықаралық  қатынастарын  шиеленістірді.  Бұл  жағдай  әлемдік  билікке 
талпынған  күштердің  пайда  болуына  жол  ашты.  Осындай  күштердің 
ішіндегі  ең  қауіптісі  –  Германияда  орнаған  фашистік  тәртіп  еді.  Батыс 
мемлекеттері  тарапынан  ұйымдасқан    қарсылықтың  болмауы  фашистік 
агрессияның  күшеюіне  жол  ашты.  1937  жылы  фашисттік  мемлекеттер  – 
Германия  мен  Италияның  милитаристік  Жапониямен  әскери-саяси  одақ 
құруы екінші дүниежүзілік соғыстың негізі болды.  
Екінші  Дүниежүзілік  соғыс  1939  жылы  Германияның  Польшаны 
жаулап алуымен басталды. Франция мен Англия Германияға қарсы соғыс 
ашқанын  хабарласа,  КСРО  осы  жылы  Германиямен  10  жылдық  бейбіт 
келісімге қол қойды. Бұл құжат тек 1989 жылы алғаш жарияланды. Құпия 
келісімге сай 1939 жылы Германия мен КСРО  Еуропадағы билік жүргізу 
аймақтарын бөліп, жаулап алу шараларын бір мезгілде бастайды. Осының 
нәтижесінде  Германия  Польшаны  басып  алғаннан  кейін,  Кеңестер 
Одағына Польшаның 12 млн. халқы орналасқан 200 000 шаршы км. жері 
өтті.  Кейінірек  бұл  территория  Украина,  Белоруссияға  қосылды.  1940 
жылы  Германия  Францияны  басып  алғаннан  кейін  Литва,  Латвия, 
Эстониядағы мемлекеттік билікті Кеңестер Одағы иеленіп, Литва, Латвия, 
Эстония  Кеңестік  Социалистік  Республикалары  құрылды.  Қызыл  Армия 
Прибалтикаға  кіргеннен  кейін  Кеңестер  үкіметі  Румынияға  бұрын  Ресей 
империясының  құрамында  болған  Бессарабия  территориясын  қайтару 
туралы  ультиматум  жіберді.  Нәтижесінде  Буковина  мен  Бессарабияның 

жарты  бөлігі  Украина  КСР-іне,  Бессарабияның  қалған  бөлігі  Молдавия 
КСР-не берілді.  
Англия  мен  Франция  Германияға  соғыс  жариялағанымен  батыс 
майданда  белсенді  іс-қимыл  танытпады.  Бұл  жағдайды  Германия  өз 
мүддесіне  пайдаланып,  1940  жылы  Дания,  Норвегия,  Нидерланды, 
Люксенбург  мемлекеттерін  еш  қарсылықсыз  жаулап  алды.  Бельгияны 
жеңгеннен  кейін  негізгі  күштер    талқандалды.  Нәтижесінде  Франция 
Германиямен  бейбіт  келсімге  қол  қойса,  Англия  АҚШ-тан  көмек  сұрауға 
мәжбүр болды.  
Сонымен  Батыс  Еуропадағы  әскери  іс-қимылды  аяқтаған  фашистік 
Германия бастапқы міндеттерінен бас тартып, Кеңестер Одағын басып алуға  
дайындықты  бастайды.  Басып  алған  мемлекеттердің  экономикалық,  әскери 
ресурстарын  өз  мүдесіне  пайдаланып,  әбден  күшейген  фашистік  Германия 
Кеңестер Одағына   қарсы соғысты аз уақытта жеңіспен аяқтауына күмәнсіз 
сенді.  Ал,  Сталин  және  оның  төңірегіндегілер  1939  жылғы  келісімге  сеніп, 
Германия тарапынан соғыс қаупін күтпеді.  
КСРО-ға  қарсы  соғыс  жоспары  “Барбаросса”  деген  атпен  белгілі. 
“Барбаросса”  жоспары  4  әскери  топтың  келісілген  іс-қимылына  негізделді. 
Финляндия  фельдмаршалы  Маннергейм  мен  генерал  фон  Дитла  басқарған 
Финляндия  тобы  Мурманск,  Беломорск,  Ладогоға  бағытталды.  “Солтүстік” 
тобына (басқарған генерал фельдмаршал фон Лееб) Ленинградты басып алу 
жүктелді. Генерал-фельдмаршал фон Бок басқарған ең күшті “Орталық тобы” 
Москваға  бағытталды.  Генерал-фельдмаршал  фон  Рундштенд  бастаған 
“Онтүстік тобы” Украинаны басып алуға тиіс болды. Фашистік Германияның 
Кеңестер  Одағын  жаулап  алу  жоспарында  Қазақстанға  үлкен  мән  берілген. 
Осы 
мақсатпен 
Атлантикадан 
Сібірге 
дейін 
біртұтас 
Герман 
этнотерриториялық  кеңістігін  құру  көзделді.  Бұл  территорияны  славян 
халықтарынан  тазарту  және  түрік-моңғол  халықтарын  жою  көзделді. 
Сонымен  қатар  фашистік  Германияға  қызмет  ететін  Қарағанды, 
Новосибирск, Кузнецк индустриалды облыстарын құру жоспарланды.  
1941 жылдың 22 маусымында фашистік Германия әскері Кеңес Одағына 
тұтқиылдан,  соғыс  жарияламастан  басып  кірді.  Кеңес  халқының  Ұлы  Отан 
соғысы,  яғни  Отанын  шетел  басқыншыларынан  азат  ету  соғысы  басталды. 
Кеңестік  әскери  күш  бейбіт  уақыт  жоспарына  сай  орналасқандықтан  соғыс 
қимылдары  басталған  территорияға  тартылуы  барысында,  жау  соғыстың 
алғашқы  бес  айында  мемлекеттің  5%  халқы  тұратын  аудандарын  жаулап 
алды.  Германия  КСРО-ға  қарсы  барлық  қарулы  күшінін  70%  -  5,5  млн 
адамнан  тұратын  190  дивизия,  4300  танк,  5  мың  ұшақ  шоғырландырды. 
Батыс  шекаралық  округтердегі  Қызыл  Әскер  күштерімен  салыстырғанда 
Германия әскери күші адам ресурсінен екі есе, танктен үш есе, ұшақтан 3 есе, 
артиллериядан  –  1,3  есе  басым  болды.  Осыған  қарамастан  шекарашылар, 
олардың  қатарында    Брест  қорғаушылары  алғашқы  ұрыстың  өзінде  теңдесі 
жоқ  ерлік  көрсетті.  Брест  шекаралық  отряды  жауынгерлердің  құрамында 
жаудын  алғашқы  соққысына  А.Мүсірепов,  В.Лобанов,  К.Абдрахманов, 
К.Иманқұлов, А.Наганов, Ғ.Жұматов, Ш.Шолтыров, Т.Деревянко, Қ.Батталов 

және басқа қазақстандық жауынгерлер қарсылық көрсетіп, айрықша ерлікпен 
көзге түсті.   
Қазақстан экономикасын соғысқа бейімдеп қайта құру 
 
Соғыстың  алғашқы  айларында  Кеңестер  мемлекеті  соғысқа  дейінгі 
жылдары  салынған  өндіріс  қуатының  көп  бөлігінен  айырылды.  Бұл 
жағдаймен  бір  мезгілде  мемлекет  экономикасын  әскери  өмірге  бейімдеу  іс-
шаралары  жүзеге  асырылды.  Қысқа  мерзім  ішінде  республика  халық 
шаруашылығын  соғысқа  бейімдеп  қайта  құру  қиын  болды.  Бірінші  кезекте 
елдің  қорғаныс  мұқтажына  жұмыс  істейтін  халық  шаруашылығы 
материалдық  және  адам  ресурстарымен  қамтамасыз  етілді.  Халық 
шаруашылығы салаларында негізінен әйелдер, қариялар, жасөспірім балалар 
еңбектенді.  Соғыс  уақытының  талабына  сай  жұмыс  күні  ұзартылды  және 
еңбек  демалыстары  жойылды.  Барлық  азық-түлік  пен  шикізат  қорлары 
майданға  жіберілгендіктен  халық  азық-түлік  және  өнеркәсіп  өнімдерімен 
белгіленген мөлшерде ғана қамтамасыз етілді.  
Соғыстың  алғашқы  күндерінде  КСРО  үкіметі  жанынан  эвакуация 
жөніндегі  Кеңес  құрылды.  Ал,  Қазақ  КСР  Халық  Комиссарлар  Кеңесі 
жанынан эвакуациямен келген  халықты, өнеркәсіп орындарын орналастыру 
жөніндегі  бөлімдер  ашылды.  1941  жылдың  жазынан  бастап  Қазақстанға 
көшірілген халықты әкелген эшалондар келе бастады. Қазақ Республикасына 
әсіресе,  1941  жылғы  тамыз-желтоқсан  айларында  халық  көп  келді.  1941 
жылдың аяғында тылға көшірілген 12 млн. халықтың 386492-сі Қазақстанға 
орналастырылды.  Бұл  көрсеткіш  1942  жылы  532,5  мыңға  өсті.  Жергілікті 
өкімет 
ұйымдары 
эвакуациямен 
келген 
халықтың 
мұқтажын 
қанағаттандыруға бағытталған шараларды жүзеге асырды.  
Соғыстың  алғашқы  айларынан  бастап  Қазақстанға  батыс  аудандардағы 
өнеркәсіп орындары көшіріле басталды. 1941 жылы 28 қыркүйекте Ақмолаға 
ең алғашқы Мелитополь станок зауыты көшіп келді. Петров атындағы мұнай 
жабдықтарын  жасайтын  зауыт  Гурьевке,  Пархоменко  атындағы  шахта 
жабдықтарын  жасайтын  зауыт  Қарағандыға  көшірілді.  Қазақстан 
территориясына көшірілген өнеркәсіптер жоспарлы түрде шикізат көздеріне 
жақын  жерлерге  орналастырылды.  Ақтөбе  ферросплавл  зауыты  Запорожье 
ферросплавл  зауыты  жабдығын,  Өскемен  қорғасын  мырыш  комбинаты, 
Орджаникидзе  түрлі-түсті  металл  зауытын,  Ворошилов  ауыр  машина  жасау 
зауытын  Алматы  авторемонт  зауыты  қабылдады.  Алматыдағы  құрылысы 
толық аяқталмаған авторемонт зауыты Луганск ауыр машина жасау зауытын, 
республикамыздың оңтүстігі Украинаның 14 қант зауытын қабылдады.  
Өнеркәсіп  орындарын  көшірудің  екі  кезеңі  болды:  1941  жылдың 
соңынан  1942  жылдың  басына  дейін,  1942  жылдың  басынан  күзіне  дейін. 
1941  жылдың  күзінде  Қазақстанға  УКСР-нен,  БКСР-нен,  Ленинград  пен 
Москвадан өнеркәсіп орындары көшірілді. Тек Украинадан 70 шақты зауыт, 
фабрика,  электростанция,  депо,  механикалық  шеберханалар  келді.  Олардың 
ішінде    Қазанның  ХХ  жылдығы  атындағы  станок    жасайтын    зауыт,  №  24 
зауыттың  Харьковтік  ұшақ  цехы,  Днепропетровск  вагон  жөндеу  зауыты, 

“Трансвязь”  электромеханикалық  зауыты,  Пархоменко  атындағы  Луганск 
машина  жасау  зауыты,  Киев  ет  комбинаты  және  т.б  болды.  Москва  және 
Москва  облысынан  рентген,  Дзержинский  атындағы  электротехникалық 
зауыт,  Курчатовск  мехзауыты,  “Изолит”  зауыты,  “Красный  факел”    зауыты 
көшірілді.  Тек  Гурьев  арқылы  1942  жылы  тамыз-қыркүйек  айларында 
Қазақстанға 24 000 тонна әр түрлі өнеркәсіп жабдықтары көшірілді.  
Жеңіл  өнеркәсіп  орындары  да  Қазақстан,  Орта  Азия  территорияларына 
көптеп көшірілді. Атап айтқанда, Киев, Азов, Артемов аяқ-киім фабрикалары 
негізінде  Семей  аяқ-киім  фабрикасы,  “Парижская  коммуна”  аяқ-киім 
фабрикасы  негізінде  Қарағанды,  Қызылорда,  Алматы  аяқ-киім  фабрикалары 
құрылды.  Қазақстанға  53  жеңіл  өнеркәсіп  орындары  көшірілді.  20  шақты 
машина  жасайтын,  металл  өңдейтін,  азлитражды  двигатель,  радиоприбор, 
таразы,  тігін  машинасын  жасайтын  зауыттар  әскери  жабдық,  қару-жарақ 
шығаруға  негізделіп  қайта  құрылды.  Көшірілген  өнеркәсіп  орындарымен 
бірге  республикаға  3200  тау-кен  мамандары,  200  Донбасс  шахтасының 
құрылысшылары,  Воронеж,  Луганскіден  2000  машина  жасаушы  мамандар, 
1000  теміржолшылар,  7000-ға  тарта  инженер-техник  мамандары  қоныс 
аударды.  Жау  уақытша  басып  алған  жерлердегі  өнеркәсіп  орындары 
Қазақстанға көшіріліп, орналастыру шаралары 6 айға созылды. 
Отанға  төнген  қауіп  Кеңестер  Одағының  барлық  ұлттары  мен 
халықтарын  тығыз  біріктірді.  Соғыстың  алғашқы  күндерінен  бастап  
Қазақстан  еңбекшілері  жоғары  ұйымшылдық  көрсетіп,  Отанының 
бостандығы  мен  тәуелсіздігі  үшін  еңбектенуді  басты  мақсаты  деп  шешті. 
1941 жылдың 16 тамызында БКП (б) ОК-мен КСРО ХКК Повольжье, Орал, 
Батыс  Сібір,  Қазақстан  және  Орта  Азия      аудандарына  1941  жылдың  4- 
тоқсанына  және  1942  жылға  арналған  жоспарды  бекітті.  Бұл  жоспар 
бойынша  әскери  техника,  жабдықтар,  оқ-дәрі  өндіруді  ұлғайту  және 
металлургия, көмір салалары  өнімдерін асыра өндіру, стратегиялық шикізат 
шығаруды  арттыру  көзделді.  Өйткені  1941  жылдың  өзінде  жау  КСРО 
территориясының 
көп 
бөлігін 
жаулап 
алды. 
Жаулап 
алынған 
территорияларда  өндірілетін  шикізат  ендігі  жерде  Қазақстанда  бірнеше  рет 
көп  мөлшерде  өндірілді.  Донецк,  Москва  түбіндегі  көмір  бассейндерінен 
көмір өндіру мүлдем тоқталды. Сондықтан соғыс мүддесіне көмір өндірудің 
барлық  ауырлығы  Қарағанды  көмір  бассейніне  түседі.  Қарағанды  көмір 
бассейні соғыс жылдарында алдағы жылдармен  салыстырғанда көмірді төрт 
есе  артық  өндірді.  Соғыс  жылдары  18  жаңа  шахта  ашылды.  1945  жылы 
конструктор С.С.Макаров әлемдегі ең алғашқы көмір комбайнын Қарағанды 
жерінде  ойлап  тапты.  Қарағанды  көмірі  Орал,  Орск-Халиловск,  Поволжье 
өнеркәсіп орындарын, темір жол транспортын отынмен қамтамасыз етті.  
Соғыс  жылдары  мұнай  өндіру  3  есеге  көбейді.  “Қазақстан  мұнай” 
ұжымы  тәулігіне  12  сағат  жұмыс  істеді.  “Ақтөбе  мұнай”  ұжымы  Жақсымай 
мұнай  шығару  объектісін  жұмысқа  қосса,  Гурьев  облысының  мұнай 
құбырларында    мұнай  өндірісін  арттыруды  қолға  алды.  Ұжымдар  арасында 
социалистік  жарыстар  кеңінен  қанат  жайып,  жарысқа  қатысқан  9340 
мұнайшының  5800-і  жұмыс  нормасын  101-200%,  218-сі  –  200-300  %,  23 

мұнайшы  300  %  асыра  орындады.  Ембі-Құлсары  мұнай  өндірісін  басқарған 
мұнайшы  инженер  Сапы  Өтебаев  1941  жылы  29  ұңғыны  жұмысқа  қосып, 
тәуліктік  өнімді  осы  жылы  соғысқа  дейінгі  көрсеткіштен  екі  есеге  көбейтті. 
Соғыстың  тек  алғашқы  жылы  жаңа  4  мұнай  өңдеу  орындары    жұмысқа 
қосылды.  
1942  жылы  неміс-фашистер  әскері  Волгаға  шығып,  Солтүстік  Кавказ 
территориясын  басып  алуына  байланысты,  мұнай  өнеркәсібінің  жағдайы 
қиындады.  Сондықтан  Мемлекеттік  Қорғаныс  Комитеті  мұнай  өндіруде 
Қазақстанға  үлкен  үміт  артады.  Ембі  мұнайшылары  1942  жылы  тәулігіне 
2500  т.  мұнай  өндірсе,  1943  жылы  –  Мемлекеттік  Қорғаныс  Комитетінің 
тапсырмасын  орындау  барысында  мұнай  өндіруді  4500  тоннаға  жеткізуді 
ұйғарды.  1943  жылы  18  мамырында  Мемлекеттік  Қорғаныс  Комитеті 
“Қазақстан  мұнай  комбинатында  мұнай  өндіруді  жүзеге  асыру  шаралары” 
деген қаулы қабылдайды. Қаулы бойынша мұнай өндіруді барынша күшейту 
және  комбинат  жанынан  барлау  бөлімін  ашу  жолға  қойылды.  Нәтижесінде 
осы  жылы  Кавказ  және  Қазақстан  мұнайын  майданға  жеткізу  жолдары 
салынып,  майдандар  өз  мерзімінде  жанармаймен  қамтамасыз  етілді.  1943 
жылы  “Қазақ  мұнай”  ұжымы  Мемлекеттік  қорғаныс  комитетінің  Қызыл 
Туын  5  рет  иемденіп,  мұнай  өңдеуде  жоғарғы  көрсеткіштерге  жетті.  1944 
жылы    “Қазақстан  мұнай  комбинаты”  ұжымы  15  рет  Бүкілодақтық 
жарыстардың  жеңімпазы  аталып,  10  рет  ОАК  мен  Қазақстан  коммунистік 
партиясының  Туларын  иемденді.  1944-1945  жылдары  бұл  ұжым  11  рет 
Қорғаныс  Комитетінің  Туын  иемденіп  бүкілодақтық  жарыстың  2,3- 
орындарын жеңіп алды. 
Соғыс жылдары қорғаныс өнеркәсібі үшін Қазақстан металлургтері күні-
түні еңбек етті. Өндірілген 100 т. молибденнің 60 тоннасын Шығыс Қоңырат  
руднигі өндірді. Қазақстан соғыс жылдары Одақ бойынша өндірілген барлық 
қорғасының 85%, полиметалдың –70 %, висмуттің – 50%,  вольфрамның 20% 
өндірді.  
Тоталитарлық тәртіптің қылмыстарының бірі – халықты депортациялау, 
яғни оның этноәлеуметтік және территориялық бірлігін күштеп бұзу болды. 
30-шы  жылдары  жүзеге  асырыла  бастаған  депортациялау  науқаны  екінші 
дүниежүзілік  соғыс  жылдары  күшейе  түсті.  Негізсіз  айыппен  1941  жылы 
поляктар  мен  361  мың  Волга  бойының  немістері  шұғыл  түрде  көшіріліп, 
Қазақстанның  12  облысына  жер  аударылды.  Қазақстанға  жер  аударылар 
алдында  олардың  мал-мүлкі  толығымен  тәркіленіп,  өкімет  тарапынан 
ешқандай  көмек  көрсетілмеді.  Олар  тек  жергілікті  халық  тарапынан  қолдау 
тапты.  Кеңестік  немістерге  әкімшіл-әміршіл  жүйе  Отанын  қорғауға  рұқсат 
етпеді.  Сондықтан  қолына  қару  алып,  фашистермен  соғысу  үшін  көптеген 
немістер  фамилияларын  өзгерткен.  Мысалы,  Вольдемар  Венцель  Венцов 
деген  фамилиямен  соғысып,  көптеген  медальдар  мен  Қызыл  Ту  орденімен 
марапатталған.  Павлодарлық  П.Шмидт  азербайжан  тілін  білгендіктен  Али 
Ахметов  деген  атпен,  Иван  Гарвард  Громов  деген  фамилиямен  соғысқа 
қатысады. Соңғысы  Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді. Оның есесіне 
1942  жылдан  бастап  15-60  жас  аралығындағы  немістер  еңбек  армиясына 

мобилизацияланады.  Еңбек  армиясы  күшпен  еңбек  ету  лагерлерінде  тұрды 
және оларды ІІХК-ның қарулы әскер бөлімшелері күзетті.  
1943-1945  жылдар  аралығында  республиканың  4  облысы  мен  145 
ауданына  507  мың  карашайлықтар,  балкарлар,  шешендер,  ингуштар, 
қалмақтар,  110  мың  месхеттік  түріктер  мен  күрдтер,  180  мың  Қырым 
татарлары  жер  аударылады.  Әкімшіл-әміршіл  жүйе  бұл  халықтарды 
азаматтық  құқықтарынан  айырып,  жойып  жібере  жаздады.  Бұл  фактілер 
Кеңестер  мемлекетінде  сөз  жүзінде  халықтар  достығы,  теңдігі  туралы  көп 
айтылғанымен, іс жүзінде ұлттық саясаттың бұрмалағандығын көрсетеді. 
Осындай  халықтың  жанқиярлық  ерлігінің  нәтижесінде  кеңестік 
экономиканың 
өсу 
қарқыны 
соғыс 
алдындағы 
бес 
жылдықтар 
көрсеткіштерінен жоғары болды. Нәтижесінде тек 1942 жылдың өзінде КСРО 
Германиямен  салыстырғанда  танкті  3,9  есе,  ұшақты  2  есе,  артиллериялық 
қару-жарақты  3  есе  артық  өндірді.  Ал,  1944  жылы  кеңестік  индустрия 
сөткесіне  бір  танк  бригадасы  мен  полкін,  3  авиация  полкін  жабдықтауға 
жарайтын  әскери  техника  шығарды.  Оған  Қазақстан  экономикасы  да  өз 
үлесін қосып, соғыс өнімдерінің басым бөлігін өндіріп, уақытымен майданға 
жеткізіп тұрды.    
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет