Бағдарламасы негізінде құрастырған «Әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар»


Қазақстандағы «әскери коммунизм» саясаты



Pdf көрінісі
бет23/34
Дата11.01.2017
өлшемі2,41 Mb.
#1677
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   34

Қазақстандағы «әскери коммунизм» саясаты 
   «Соғыс  коммунизм»  саясатының  шарттарына  сәйкес  азамат 
соғысының  алғашқы  екі  жылында  1918-1919  жылдары  жау  басып  алмаған 
және  азат  етілген  Қазақстанның  оңтүстік,  орталық,  солтүстік,  батыс 
аудандарынан  миллиондаған  мал  басы  мен  қаражат,  азық-түлік,  киім-кешек 
халықтан ешбір ақысыз мемлекет пайдасына алынып отырды. Бұл шешімдер 
национализациялау,  конфискациялау  сияқты  айқай-шу  ұрандары  арқылы 
жүргізілді. 
    Сондай-ақ 
Орал, 
Орынбор, 
Қостанай, 
Бөкей, 
Ақтөбе 
губернияларындағы  егілген  егін  қуаңшылықтан  шықпай  қалды.  1920-1921 
жылғы  қыстың  өте  қатал  болып,  ұзаққа  созылуы,  Торғай  уезінде  мал 
басының жаппай қырылуына әкеп соқты.  
    Міне, осындай жағдайлардан кейін 1921 жылдың күзіне қарай Қазақ 
АКСР-ына  қарайтын  жеті  губернияның  бесеуінде  Орынбор,  Қостанай, 
Ақтөбе,  Орал,  Бөкей  губерниялардың  тұрғындары  аштыққа  ұшырады. 
Аштықтың  болуы  көптеген  ауруларды  туғызды.  Емдеу  орындарының 
жетіспеушілігінен  аштыққа  ұшырағандардың  көпшілігі  қаза  тапты. 
Республиканың  денсаулық  сақтау  халық  комиссариатының  мәліметтері 
бойынша  1921  ж.  қараша  айынан  1922  ж.  шілдесіне  дейін  Орынбор,  Орал, 
Ақмола  және  Ақтөбе  губернияларында  аштықтың  салдарынан  37,  657  адам 
өлген.  1921  ж.  бүкіл  Қазақ  АКСР-і  бойынша  128  мың  бала  ата-анасынан 
айырылып  балалар  үйіне  орналастырылса,  ал  олардың  саны  1922  ж. 
наурызына дейін 480 мыңға жеткен. 
    Қазақстанның  қуаңшылыққа,  аштыққа  ұшыраған  губернияларында 
мал басы күрт азайды. Мәселен Қостанай губерниясы бойынша 1922 жылмен 
салыстырғанда  жылқы  саны  63%,  сиыр  малы  50%,  қой  65%,  ал  егіс  көлемі 
62%  кеміді.  Семей  мен  Орал  губернияларында  1917  ж.  5  миллиондай  мал 
болса, 1922 жылы 2 миллиондай ғана мал қалды. 
    Сонымен  бірге  азамат  соғысы  аяқталған  соң  еліміздің  халықтары 
бейбіт құрылысқа көшіп, халық шаруашылығын қалпына келтіруді қолға ала 
бастады.  
Қазревком  Қазақстанда  әскери-азаматтық  билікті  қолға  алып, 
кеңестердің  бүкілқазақстандық  1-ші  съезін  шақыруды  ұйымдастыру,  Қазақ 
автономиясы  туралы  ереже  жобасын  дайындап,  съезд  талқысына  ұсыну, 

РКФСР,  Түркістан  Кеңестік  Республикасы  және  Қазақ  өлкесі  арасындағы 
қарым-қатынастарды реттеу,  қазақтың байырғы жерін бір қолға жинау, яғни 
болашақ  қазақ  кеңес  мемлекетінің  территориялық  тұтастығын  қамтамасыз 
ету міндеттерін өз қолына алды.  
Алғашқы  күннен  Қазревком  әрекет-қимылда  жүрген  армияны    азық-
түлікпен  жабдықтау,  астықты  және  басқа  тамақ  өнімдерін  Орталыққа, 
Түркістан  АССР-на  жеткізу  яғни,  “соғыс  коммунизм”  саясатының  басты 
мәселесін шешу ісімен айналысты. Бұл саясаттың мәні - өнеркәсіпті жаппай 
национализациялау,  басшылықты  орталықтандыру,  тіршілік  үшін  маңызды 
тауарлардың  бәрін  бөлу,  азық-түлік  салғыртын,  карточкалық  жабдықтау 
жүйесін,  жалпыға  бірдей  еңбек  міндеткерлігін,  еңбекке  бір  мөлшерде  ақы 
төлеуді енгізу, тауар-ақша қатынастарын жою болды.  
Осының ішінде еңбекші халық әсіресе,  шаруалар үшін ең ауыры  азық-
түлік  салғырты  болды.  1919  жылы  қаңтарда  астықты  дайындау  мен  бөлу 
монополиясына азық-түлік салғырты қосылды. Өлкенің адам және материал 
ресурстарын  жұмылдыру  экономикалық  әдіске  жатпайтын  күштеу 
әдістерімен  жүргізілді.  Кеңес  үкіметі  қала  халқын  және  соғысып  жатқан 
қызыл  әскерді  азық-түлікпен  қамтамасыз  ету  үшін  астық  өнімдерін,  мал-
мүліктерін  қаруланған  азық-түлік  отрядтарын  жіберіп,    халықтан  күшпен 
тартып  алып  отырды.  Сонымен  қатар,  “әскери  коммунизм”  саясаты  өлкеде 
жергілікті  бюджеттерді  жоюдан,  оларды  бірыңғай  мемлекеттік  бюджетке 
қосудан,  біртұтас  қазына  құрудан,  ұсақ  және  майда  өнеркәсіпті  мемлекет 
меншігіне алудан көрінді.  
1920  ж.  тамызында  Мәскеу  қаласында  қазақ  әскери  төңкеріс  комитеті 
және  Түркістан  майданының  әскери–төңкеріс  кеңесі,  РКП(б)  Түркістан 
өлкелік  комитетінің  партия  және  кеңестік  ұйымдардың  өкілдері  қатысқан 
Қазақ  АКСР-н  құру  туралы  бірнеше  мәжілістер  өткізді.  Соңғы  мәжіліске 
В.И.Лениннің өзі төрағалық етті. Нәтижесінде 1920 ж. 17 тамызында РКФСР 
Халық  Комиссарлары  Кеңесі  Қазақ  Республикасы  жөніндегі  Декреттің 
жобасын  қарап  қолдады.  1920  ж.  26  тамызында  Ленин  мен  Калинин  қол 
қойған  БОАК  және  РКФСР  ХКК-нің  құрамында,  астанасы  Орынбор 
қаласында  болатын  “Қырғыз  (қазақ)  Кеңестік  Автономиялы  Республикасын 
құру туралы”  тарихи Декреті жарияланды. 1920 ж. 4-12 қазанында Орынбор 
қаласында  өткен  Қазақстан  Кеңестерінің  Құрылтай  съезі,  Қырғыз  (қазақ) 
Кеңестік 
Автономиялық 
социалистік 
республикасы 
еңбекшілері 
құқықтарының Декларациясын қабылдады, ол Декларация РКФСР құрамына 
жеке  автономия  болып  кіретін  ҚазАКСР-нің    құрылуын  жұмысшылардың, 
еңбекші  қазақ  халқының,  шаруалар,  қызыл  әскерлер  депутаттары 
Кеңестерінің Республикасы ретінде бекітті. С.Меңдешевті бас етіп, Орталық 
Атқару  Комитетін  (ОАК)  және  В.Радус–Зеньковичті  бас  етіп  Халық 
комиссарлары Кеңесін (ХКК) сайлады. 
1920 жылдың көктемінен Қазақстан жерінде азамат соғысы жылдарында  
өлкенің  жаудан  азат  етілген    аудандарында    ақ  гвардиялық  аппараттар  
жойылып,  кеңестік  мемлекеттік  органдар  ұйымдастырылып  жатты.  
Революциялық 
комитеттер 
азат 
етілген 
территорияларда 
халық 

шаруашылығын  қалпына  келтіру,  экономиканы  көтеру,  мемлекеттік 
құрылысты  нығайту  жұмыстарын  жүргізді.    1920  жылдың  көктемінде 
партияның  ІХ  съезі  болды,  съезд  бейбіт  тыныс  алудың  мүмкіндіктеріне 
сүйене  отырып,  халық  шаруашылығын  қалпына  келтірудің  бірыңғай  
жоспарын  жасап  бекітті.    1920  жылғы    қаңтар-наурызда  өлкенің  
губерниялары  мен  уездерінде  партия  конференциялары  өтіп,  оларда  халық 
шаруашылығын қалпына  келтіру мәселелері талқыланды. Өлкенің соғыстан 
зардап  шекпеген  жері  кемде-кем  еді.  Қиыншылықтар  мен  ауыртпалықтарға 
қарамастан,  Қазақстан  еңбекшілері  күйзелушілікке  қарсы  күресті.  Басты 
шарттардың  бірі  -  отын  өндіруді  арттыру  және  кәсіпорындарды  жұмыс 
күшімен қамтамасыз ету, өнеркәсіп пен транспортты қалпына келтіру болды. 
Өнеркәсіпке  отын  беру  үшін  Орал-Ембі  мұнай  кәсіпшіліктері  қалпына 
келтіріліп, Ембі-Атырау мұнай құбыры бірнеше шақырымға тартылды. 1920 
жылғы  наурыз-маусым  айларында  Ембі  мұнай  кәсіпшіліктерінен  көліктің 
барлық  мүмкіндіктерімен  және  су  жолы  арқылы  17452  пұт  мұнай  тасылды. 
Қарағанды    мен  Екібастұздың  шахталары  қалпына  келтіріліп,  1920  жылы 
Қарағанды мен Екібастұздың  шахтерлары 3 млн. пұттан астам көмір өндірді. 
Екібастұз  зауытында,  Риддер  кенішінде  қорғасын  концентраттарының  
қорынан  қорғасын  қорыту  жұмысы  жолға  қойылды.  Семей  және  Ақмола 
губернияларының  кәсіпшіліктерінде  жыл ішінде 8,5 млн.  пұт тұз өндірілді. 
Оралда,  Қостанайда,  Семейде,  Ақмолада  электр  станциялары  жұмыс  істей 
бастады.  
Қазақ кеңестік мемлекеттілігін құру 
Жылдың  аяғына  қарай  республикадағы  59  электр  станциясының  45-і 
қалпына  келтіріліп,  пайдаланылуға  берілді.  Шаруалар  шаруашалығын  
шойын  және  мыс  құймамен,  арбаға  арналған  металл  бұйымдарымен 
ауылшаруашылық құрал-саймандарымен қамтамасыз ететін металл өңдейтін 
6 зауыт іске қосылды.   
Тамақ,  жеңіл  және  қолөнер  кәсіпорындары  қалпына  келтіріліп  жатты. 
Губерния  ортылықтарының  бәрінде  диірмендер,  былғары,  тері,  сабын 
қайнату, 
кірпіш 
зауыттары, 
аяқ-киім, 
ер-тұрман 
шығаратын 
шеберханалардың  жұмысы  қайта  басталды.  Жергілікті  өкімет  органдары 
орасан зор зиян шеккен темір жол транспортын қалпына келтіруге айрықша 
көңіл  бөлді.  1920  жылдың  жазына  қарай  негізгі  магистральдарда  көпірлер, 
жол  шаруашылығы,  байланыс  желілері  қалпына  келтірілді.  1920  жылдың 
аяғына  таман  республика  өнеркәсібінде  162  кәсіпорын  жұмыс  істеді. 
Қазақстанды  қалпына  келтіру  дәуірінің  басында  1500-ге  тарта  ұсақ 
мемлекеттік  өнеркәсіп  кәсіпорындары  болса,  бұлардан  тек  қана  ондаған 
зауыт-фабрика,  кеніш,  шахта,  мұнай  кәсіпшілігі,  көмір-кен    орындары  ғана 
жұмыс істеді.  Өнеркәсіп  халық қажеттерін  қанағаттандыра алмады.  Еңбек 
өнімділігі    өте-мөте  төмен  болды,    шикізат  пен  отын  жетіспеді.  Азық-түлік 
өнеркәсіп тапшылығы  қатты байқалды.  
Қазақстанның  кеңес  органдары  совхоздар,  артельдер,    жерді  бірлесіп 
өңдеу 
серіктестіктерін 
ұйымдастыру 
жөніндегі 
жұмыстарды 
қиыншылықтарға  қарамастан  жалғастыра  берді.    1920  жылдың  күзіне  қарай  

Қазақстанда  Жетісу  облысын  қосқанда    1039  коллективтік    шаруашылық 
болды.  Сол  жылдары  алғашқы  ауылшаруашылық    артельдері,    коммуналар, 
совхоздар  пайда  болды.  1920  жылдың  аяғында  (Жетісу  мен  Оңтүстік 
облыстарды  қоспағанда) 939 колхоз, оның ішінде 132 коммуна, 779 артель, 
28  жерді  бірлесіп  өңдейтін  серіктестік  (ТОЗ),  348  тұтыну  қоғамы  жұмыс 
істеді.    Бірақ  бұлардың    бәрі  әлсіз  болып,  оларда  құрал-сайман,  күш-көлік, 
тұқымдық астық, айналым қаржы жетіспеді.  
Азамат  соғысының  қиын-қыстау  жылдарында    кеңес  органдары 
жергілікті  жерлерде  мәдени    құрылысты  да  жүргізіп,    саяси  үгіт  қатаң 
нысаналы  сипатта  болды.  1919  жылы  сәуірде  уездік  және  губерниялық  
Халық ағарту бөлімдерінің  жанынан мәдени-ағарту ұйымдары құрылды. Оқу 
үйлері,  кітапханалар,  сауатсыздықты  жою  мектептері  жұмыс  істеді.    Сол 
жылдары  республикада    199  көпшілік  кітапханасы,  196  клуб,  83  халық  үйі, 
1478  оқу  үйі  болды,  үгіт    қызыл  керуендерін,  ал  темір  жол  бойында  -  үгіт 
вагондарын ұйымдастырды.  
Қорыта келгенде, Қазақстанда Кеңес үкіметі негізінен және көпшілігінде 
күштеп  орнатылды.  Қазақ  халқы  Қазан  төңкерісінің    мәнін,  Ленин  бастаған  
большевиктер партиясының бағдарламасын түсінген  де жоқ,  қабылдаған да 
жоқ.    Әлеуметтік  революцияға    Қазақстанда  ешқандай  негіз  жоқ  болатын. 
Орта  Азия  мен  Қазақстанның  жергілікті    халықтары  үшін  Қазан 
революциясының  мән-мағынасы    орыс  үстемдігі  жойылып,    тартылып 
алынған  жер-суымыз  өзімізге  қайтарылады деген үмітке ғана сайды.  
 
 
Өзіндік бақылау сұрақтары: 
1. Қазан төңкерісінің тарихи маңызын қалай түсінесіздер?  
2. Түркістан мен Қазақстан халықтарының ұлттық өзін - өзі билеу жөніндегі 
алғашқы әрекеттері немен аяқталды?  
3.Қазақтардың түрлі аймақтарында Кеңес үкіметі орнауының заңдылықтарын 
анықтаңдар.  
4.Революцияның интернационалдық–пролетарлық және ұлттық-шаруашылық 
сипаттарының көрінісін атап көрсетіңдер.  
5. Азамат соғысы кезеңіндегі Қазақстан мен Түркістан халықтарының 
қарсыласу ауқымы қандай?  
6. Большевиктердің ұлттық әскери құрылыс саласындағы саясаты қандай?  
7. Колчак тылында партизан қозғалысының пайда болу және өрістеу 
себептері қандай?  
8. Қарсыласушы жақтардың азамат соғысы жылдарындағы ұлттық келісім 
саясатының себебі неде? 
 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Тақырып: ХХ ғ. 20-30 жылдарындағы Қазақстан – 2 сағат 
1.
 
Жаңа экономикалық саясат кезеңіндегі Қазақстан  
2.
 
Өлкедегі Кеңестік мемлекет құрылысы. Голощекиннің «Кіші Қазан» 
саясаты 
3.
 
Елді индустрияландыру саясаты. Оның қиыншылықтары мен жүзеге 
асырылуы 
4.
 
Ауыл шаруашылығын ұжымдастыруды жылдамдату және оның қасіреті 
5.
 
Қазақстандағы кеңестік мәдени модернизация 
6.
 
1920 ж. соңы-1930 жылдардағы Қазақстанның қоғамдық-саяси және 
әлеуметтік-демографиялық дамуы 
 
Дәріс мақсаты: Жаңа оқу материалымен таныстыра отырып, білім білік дағдыларын 
қалыптастыру. 
 

Жаңа экономикалық саясат кезеңіндегі Қазақстан  
1918-1920 
жылдардағы 
азамат 
соғысы 
Қазақстан 
өлкесінің 
экономикалық    жағдайын    көптеген  жылдарға  кері  шегерді.  Өндіріс 
орындары жұмыс істемеді.  1913 жылмен салыстырғанда Қазақстанда мұнай 
өндіру  4  есеге,  көмір  өндіру  5  есеге  кеміді,  ал  мыс  рудасын  өндіру  мүлде 
тоқтады.  Халық  шаруашылығының  жалпы  өнім  өндіруіндегі  өнеркәсіптің 
үлесі 1920 жылы бар болғаны 6,3 процент болды.   
Ауыл  шаруашылығы  да  өте  күшті  дағдарысқа  ұшырады.  Орал 
губерниясында  егістік  жерлер  2  есеге,  ал  Жетісу  аймағында  3  есеге  кеміді.  
Ең  бірінші  кезекте  ұлттық  байлықтың  негізгі  көзі  болып  саналатын  мал 
шаруашылығы  құлдырады.  Соғыс  жылдарында  мал  саны  10,8  млн.  басқа 
кеміді, оның 2 млн-ы жылқы, 6,5 млн-ы ұсақ мал болды.  
Сонымен  қатар  1921  жылы  ҚазАКСР-ң  жеті  губерниясының  бесеуі 
құрғақшылыққа душар болды.  Осыған байланысты 1921 ж. бұл аймақтарда 
астықтың    жалпы  түсімі  5  млн.  пұт  деңгейде  ғана  болды.  Ал  жергілікті 
халықтың бір жылғы астық пен астық тұқымдығына мұқтаждығы 22 млн. пұт 
көлемін  қамтиды,  яғни  залал  17  млн.  пұтты  көрсетті.  Ауа  райының 
қолайсыздығы  мал  шаруашылығын  бұдан  да  қиын  жағдайға  душар  етті.    
1920–1921  жылдар  аралығындағы  жұттан  кейін  мал  басы  1917  жылмен 
салыстырғанда 75% кеміді. 
Азамат  соғысының  аяқталуына  және    елдің  әлеуметтік-экономикалық 
жағдайының  ауыр  күйзелісіне    қарамастан,    Кеңес  үкіметі  күштеуге 
негізделген  азық-түлік  саясатын  одан  әрі  жалғастырды.    Орталық  үкіметтің 
1920  жылы  20  шілдедегі  “Сібірдегі  артық  астықты  алу  туралы”  декретінің 
күші Қазақстанның солтүстік аудандары мен Семей губерниясына да тарады. 
Осы декретке  сай 1921 жылдың  тамыз айына дейін бүкіл елдегі шаруаларға 
119  млн.  пұт  (РКФСР  көлемінде  423  млн.пұт)  төтенше  салғырт  төлеу 
жүктелсе,  соның  ішінде  35  млн.пұт  Солтүстік  Қазақстанға  міндеттелді.  
Тапсырманың    26  млн.  пұты  Семей  облысына  міндеттелінсе,  тек  
Қостанайдың  өзінен  6  млн.  пұт  астық    алынды.      Артық  өнімдер  ғана  емес, 
азыққа қолданылып  отырған астық  және тұқым қоры да тәркіленіп  отырды. 
Астық  салығы,  мал  шаруашылығымен  ғана  айналысып  отырған  аудандарға 
да  салынды.  Оны  төлеу  үшін  олар  малдарын  сатып,  астық  сатып  алуға 
мәжбүр болды.  
Кеңес  үкіметінің  солақай    саясатының    нәтижесінде  Республиканы 
сұрапыл    аштық  жайлады.  Бөкей  губерниясында  –  100  мың,    Оралда  –  400 
мың, Семей губерниясында – 500 мың, Орынбор – 445, Ақтөбеде – 360  мың 
адам ашықты. Көшпелілер арасында өлім ересек тұрғындардың 30 процентін 
қамтыса,  ал кейбір аудандарда  халықтың 75 проценті қырылған.  Әулиеата 
уезінде    халықтың  қатты  қырылғандығы    соншалық,  бұрынғы  бірнеше 
болысты  біріктіріп  бір  болыс  ұйымдастыруға  тұра  келді.  Жалпы 
зерттеушілер    2  млн  300  мыңнан  аса  адам  ашықты,  1  млн-ға  жуығы  аштық 
пен аурудан өлді деген мәліметтерді келтіреді.  
Мұсылман зиялы қауымы арасынан мұндай соракылыққа қарсы шыққан 
Т.  Рысқұлов  болды.    Ол  аштықпен  жүйелі  түрде  күресу  үшін,  құрамына 

бірнеше    комиссариаттардың  өкілдерін  кіргізіп,  арнайы  ұйым  құруды  талап 
етеді.  Түрікатқару  комитеті    Т.  Рысқұловтың    талабын  қолдап,  аштықпен 
күресті  өздерінің қызмет жағдайына сәйкес республиканың азық-түлік, жер 
шаруашылығы,  денсаулық  сақтау,  қаржы,  темір  жол  комиссариаттарына 
жүктейді.  Аштықпен күресті тікелей басқаратын   ерекше Орталық комиссия 
ұйымдастырылады.  Оның төрағасы болып  Т. Рысқұлов  тағайындалады. Бұл 
ұйым алғаш жұмысқа кіріскенде  көптеген объективті қиындықтармен қатар, 
өзі  тектес  азық-түлік  ісіне  қатысы  бар  басқа  ұйымдар  тарапынан  жасалған 
қасақана  іріткі  салу  әрекеттеріне  ұшырайды.  Рысқұлов  жалпы  Орталық 
комиссияның құрылуының өзін “дені дұрыс құбылыс емес” дейді.  Үкіметтің 
құрамында    аштықпен  күресуге  міндетті  толып  жатқан    “экономикалық 
органдар бола тұра,  мұндай ерекше ұйым құруға мәжбүр болудамыз” дейді. 
Өткір  пікір  таластардан  кейін,  яғни  Т.  Рысқұловтың    аса  зор  еңбегінің 
арқасында    Түрікатқару  комитеті  мен  ХКК-і  бұл  Орталық  комиссия  қорына 
құнсызданған болса да 42 млн. сом қағаз ақша  бөледі. Орталық комиссияның 
облыстар  мен  уездерде,  болыстар  мен  қалаларда  жергілікті  мекемелері  мен 
бөлімшелері ашылады, олардың басына сауатты мамандар отырғызылады.  
Аштықпен күрес комиссиясының жұмысына есеп берген баяндамасында 
Т. Рысқұлов Түркістан өлкесінің байырғы халықтарының сұрапыл  аштыққа 
ұшырап,  қатты  қырылуына  революциядан  бұрынғы  патша  өкіметінің 
отаршылдық  саясаты  мен  әсіресе,  революциядан  соң  орнаған  кеңес 
өкіметінің  шовинистік  саясаты  басты  себепкер  болғандығын  ашық  атап 
көрсетеді. 
Қазақ  Орталық  Атқару  Комитеті  (ҚОАК)  де  аштыққа  ұшыраған 
аудандарға өз тарапынан көмек көрсету шараларын ұйымдастырды.  ҚОАК-
ті жанынан аштыққа ұшырағандарға көмек көрсету үшін комиссия құрылады.  
Республикалық    комиссияны  ҚОАК-нің  төрағасы  Мендешев  басқарды. 
Қазақстандағы  ауыр  жағдайды  ескере  отырып,  КазАКСР  ОАК-і   
ашыққандарға  көмек  беруші  Орталық  Комиссияның  шешіміне  сәйкес,  бұл 
аудандардың  тұрғындарын  астық,    картоп  т.б.  мемлекеттік  салықтардан 
босатты.      
Қазақ  қоғамын  жайлаған  аштықты  Орталықтағы  Кеңес  үкіметі 
мойындамады.    Республиканың    кейбір  басшылары  мен  орыс  жұртшылығы 
негізінен  өлкенің  көшпелі  тұрғындарын  қамтыған  сұрапыл  аштықты 
“кездейсоқ,  тұтқиылдан    тап  болған    зобалаң  ”  ретінде    бағалады.  Өлке 
халқының  мұндай  нәубетті  бұрын-соңды  басынан  кешпегендігі  Орталық 
үкіметті    ойландырмады  да.  Мұндай  жағдай    Кеңес  өкіметінің  өзі  жүргізіп 
отырған саясатқа еш күмән келтірмей,  оны толық дұрыс деп есептегендігінің 
айғағы еді. 
Республиканың  экономикасындағы  ауыр  дағдарыс,  яғни  мемлекеттің 
күштеу  саясатына  негізделген  азық-түлік  саясаты  1920-1921  жылдары 
шаруалардың  кеңес  үкіметіне  қарсы  стихиялы  қарулы  көтерілістерінің 
тууына 
әкелді. 
Көктем–жаз 
айларында 
басталған 
шаруалардың 
наразылықтары  “Азық-түлік  салғырты  жойылсын!”,  “Большевиктерсіз 
Кеңестер үшін!”, “Ерікті саудаға жол берілсін”,–деген ұрандармен басталып, 

қарулы  көтерілістерге  ұласты.    Өскемен,  Павлодар,  Семей,  Петропвл, 
Қостанай,  Көкшетау,  Ақмола,  Атырау,  Орал,  Шымкент  уездерінде  ашық 
түрдегі көтеріліс кеңінен орын алды.  
1921  жылы  наурызда  Қазан  төңкерісінің  орталықтарының  бірі  болған 
Кронштадта  матростар көтеріліске шықты.  Кронштадтықтар негізінен Ресей  
селоларынан келген, флотта әскери міндетін өтеп жүрген шаруалар еді.  Олар 
Азамат соғысының  аяқталуына байланысты армияны таратуды, шаруаларға 
жер  мен  онда  өндірілген  өнімді  пайдалануға  бостандық  беруді,    ақшаның 
тұрақтылығын қамтамасыз етуді және жұмысшыларға жалақы төлеуді талап 
етті.  
Бұл  және  Қазақстанды  да  қамтыған  басқа  да  көтерілістер  ұйымдасуы 
және  қару-жарақпен  қамтамасыз  етілуі  нашар  болғандықтан  Қызыл  Армия 
әскерлерінің  күшімен  талқандалды.  Қазақстандағы  көтерілісшілердің    кей 
бөліктері  Қытайға  өтіп  кетті.  Елде  көтеріліске  қатысқаны  үшін  мыңдаған 
адамдар  тұтқындалып,  олардың    932-сі  сотқа  тартылды.  Кеңес  үкіметі  бұл 
қарсылықтардың бәрін “контрреволюциялық баскөтерулер” деп бағалады. 
Алайда    большевиктер  өздерінің    биліктен        айырылып  қалу  қаупінің 
күшейгенін, осыған орай шаруашылық саясаттың мүлде жаңа принциптеріне  
көшу  қажеттігін  айқын  сезді.  Партияның  Х  съезі  (8  наурыз,  1921  ж.) 
көтерілісшілерді  айыптағанмен,    экономикалық  саясатты  өзгертуге  мәжбүр 
болды.    Съезд  шаруашылық  мүддені  іске  қосудың  жаңа  жүйесін  жасаудың 
шараларын  белгіледі,  яғни    «соғыс  коммунизм»  саясатынан    жаңа 
экономикалық саясатқа көшу туралы шешім қабылдады.  
Кеңес  үкіметі  мемлекеттің  қолында  ірі  өндіріс  орындарын,  банкті 
қалдырып,  жеке    капиталды  өндіріске  ендіруге  рұқсат  берді.  Мемлекеттік 
жерлер,  кішігірім  мемлекеттік  кәсіпорындар  белгілі  мерізімге  жеке  шетел 
ұйымдары  мен  тұлғаларға  жалға  беріледі.  Сауда  бостандығы    жүзеге 
асырылады,  яғни  мемлекеттің  бақылауымен  жеке  саудаға  рұқсат  беріледі. 
Сауда  негізінен  ауыл  мен  қаланың  ортасындағы  негізгі  байланыс  көзіне 
айналуға  тиіс  болды.  Сонымен  қатар  мемлекеттік  және  кооперативтік  сауда  
да  дамуы  тиіс  болды.  Жеке  ауыл  шаруашылық    қожалықтарына,  жеке 
меншіктегі  кішігірім  кәсіпорын  иелеріне  жалдамалы  еңбекті  пайдалануға 
рұқсат  беріледі.    Еңбекке  деген  міндеткерлік  және  еңбек  армиялары 
жойылады.  Өндіріс  орындарын  жұмысшы  күшімен  қамтамасыз  ету  еңбек 
биржалары  арқылы  жүзеге  асырылатын  болады.    Елдегі  ақша  жүйесін 
нығайту,  ақысыз  қызмет  көрсетуді  жою,  еңбекке  ақшалай  жалақы  төлеу 
міндеттелді.   
Жаңа  экономикалық  саясаттың  аясында  қабылданған    міндеттердің 
ішіндегі  ең    маңыздысы  –  азық-түлік  салғыртын  азық-түлік  салығымен 
алмастыру  туралы  шешім  болды.  Азық-түлік  салғырты  кезінде  шаруа 
қожалықтары  өндірілген  өнімнің    өзін  қамтамасыз  етуге  қажетті  үлесінен 
артығын  мемлекетке  тапсыруға  міндетті  еді.      Азық-түлік  салығының 
ендірілуі,  яғни  белгіленген  мөлшердегі  ғана  салықты  өтеуге  байланысты, 
олар  өндірілген  өнімнің  артығын өз  еркімен пайдалану  құқығына ие болды. 
Бұл ендірілген салық жүйесіндегі өзгеріс өндіруші шаруа қожалықтарына өте  

қолайлы  болды.  Себебі,  олар    өндірілген  өнімнің  белгілі  мөлшерін  ғана 
мемлекетке  тапсырып,  қалған  өнімді  сатуға  немесе  өзінің  басқа  қажеттерін 
өтеуге мүмкіндік алды.  Осыған байланысты енді шаруа қожалықтары егістік 
көлемін  ұлғайтуға,  сөйтіп  өнімді  көп  өндіруге,  яғни  еңбек  өнімділігін 
арттыруға   ынталы болды.  
Енді  осы  жаңа  экономикалық  саясаттың    қазақ    өлкесінде  ендірілу 
әдістері мен жолдарын қарастырып көрейік.  РКФСР ХКК-нің арнайы декреті 
бойынша  бірыңғай  азық-түлік    салығы  мал  шаруашылығымен  айналысатын 
аудандарға  да  ендірілді.  Қазақстан  ауылы  мен  деревнясында  жаңа 
экономикалық  саясаттың    алғашқы  азық-түлік  салығы  науқаны  өте  қиын 
жағдайда  жүргізілді.  Оның  себебі  ЖЭС  ендірілген  жылы  да    партия,  кеңес 
және  азық-түлік  органдары  азық-түлік  салғырты  саясатын  жалғастырды  да, 
ол бойынша дайындалған өнімдерді Орталыққа жіберу жөніндегі Еңбек және 
Қорғаныс кеңесінің тапсырмасын орындаумен айнылысты. Мысалы, көшпелі 
мал  шаруашылығы  аудандарында  алғашқы  бірыңғай  азық-түлік  салығы 
131,9% көлемінде  орындалды. Бұл әрине   соғыс коммунизм  саясатының әрі 
қарай жалғасуы  болды.  
Сөз  жүзінде  ЖЭС  ендірілгенімен  Кеңес  үкіметі  іс  жүзінде  баяғы 
қарқынмен экономикаға өзінің бақылауын жүргізуді тоқтатпады.  Бірнеше ай 
бойы мемлекет қала мен деревня арасындағы айырбасты кооперация арқылы 
бақыламақ  болды.  1921  жылы  7-ші  сәуірде  мемлекет  өзінің  арнайы 
декретімен  кооперацияға  фабрика  –  зауыттық  өнімдерді  ауыл  шаруашылық 
өнімдеріне  айырбастауды  міндетті  тапсырма  етіп  берді.  Бірақ  бұл  мәселені 
жүзеге  асыру  өте  қиын  болды.    Оның    себебі  мемлекеттің  бақылауымен 
жүргізіліп  отырған  тауар  айырбасы  жеке  саудамен  жарысқа  түсе    алмады. 
Оның  үстіне  мемлекеттік  тауар  айырбасы  ЖЭС-тың  принциптеріне  сай 
келмеді,  яғни  сауда  бостандығына  кедергі  келтірді.  Мұндай  жағдай  
халықтың  жаңадан  ендірілген  шаруашылық  саясатына  деген  сенімсіздігін 
тудырды.  
Жоғарыдағы  аталған  кемшіліктер  біртіндеп  азық-түлік  салығы 
саясатының  кең  ендірілуі  барысында  жойыла  бастады.  1924-1925  жылдары 
ауыл  шаруашылық  салығынан  КазАКСР-ң  бүкіл  шаруашылығының  32,7%-і 
босатылса,  1925-26  жылдары  –  33,8%  босатылған  еді.  Әсіресе,  1924-1925 
жылдары  мал  өсіруші  шаруашылықтың  72%-ке  жуығы  алым-салықтан 
босатылды.  Көшпелі  жеке  қазақ  шаруашылықтарына  3-5  жылдық 
мерізімдерге  жеңілдіктерге  негізделген  несиелер  берілді.  Сонымен  қатар 
мемлекет  тарапынан  ауылшаруашылық  машиналары  мен  құралдарын  сатып 
алуға  негізделген  несиелер  де  белгіленді.  Осының  бәрі    ұсақ  товар 
өндірушінің 
материалдық 
құштарлығын 
арттырды, 
оның 
өз 
шаруашылығындағы қорларына иелік ету еркіндігін күшейтті.   
ЖЭС-тің  аясында  нарықтық  қатнастардың  күшеюі  сауданың  дамуына 
ықпал етті. Ал ол болса ақшаның тұрақтануына  әсерін тигізді. Осы жағдайға 
байланысты ЖЭС-тің алғашқы кезінде ендірілген салықтың натуралды түрін  
партияның  ХІІ  съезі  (1923  ж.  сәуір)  ақшалай  түрде  де  өтеуге  мүмкіндік 

берумен    алмастырды.  Ал  1924  жылы  салықты  өтеудің  тек  ақшалай  түріне 
толық көшірілді.  
Осы  жылы  ақпан  айында  Кеңес  үкіметі  ақша  реформасын  жүргізіп, 
кеңестік  ортақ  жаңа  ақша  өлшемі  тұрақты  сомды  енгізді.    Осы  жағдайлар 
Қазақстанда  жәрмеңкелік  сауданың  кең  өрістеуіне  жол  ашты.  1926  жылы  
Қазақстанда  128  жәрмеңке  жұмыс  істеді.    Бұл  кездегі  ірі  жәрмеңкелер 
қатарына  –  Ойыл,  Қоянды,  Қарқара,  Темір,  Көкшетау,  Атбасар 
жәрмеңкелерін жатқызуға болады. Осы кездегі жәрмеңке саудасының жалпы 
айналымы  20–23  млн.  сомды  құрады.  Сондай-ақ,  осы  өркендей  бастаған 
жәрмеңкелік сауда да ауыл шаруашылығының дамуына ықпалын тигізді. 
Қазақстанда  1921-22  жылдары  ЖЭС  аясында  жүргізілген  шаралардың 
бірі  жер-су  реформасы  болды.  Реформаның  негізгі  міндеті  1920  жылы 
құрылған  ҚАКСР-нің  территориясында  қазақ  жерлерін  біріктіру  болды. 
Патшалық биліктің жүргізген саясаты нәтижесінде Қазақстанда жер мәселесі 
өте  күрделі  мәселелердің  біріне  айналған  еді.  Осыған  байланысты  қазақ 
автономиясы  құрамында  жер  саясатын  жүргізуші  жетекші  орган  –  Жер 
комитеті құрылды. Ол қазақ автономиясы аясында  қазақ жерлерін біріктіру 
мақсатымен  1921  жылы  7  ақпанда  декрет  қабылдады.  Қазақ  АКСР-нің  Жер 
комитеті  қабылдаған  бұл  декрет  бойынша  кезінде  көш-қон  қорына 
(переселенческий  фонд)  тартып  алынып,  пайдаланылмай  тұрған  Семей, 
Ақмола,  Торғай  және  Орал  облыстарындағы  бос  жатқан  жерлер,  олардың 
1917  жылға  дейін  алынғанына  қарамастан  қазақтарға  қайтарылады.    1921 
жылы  19  сәуірде    Жер  комитеті  кезінде  патша  үкіметінің  Сібір  және  Орал 
казак әскерлерінің  тартып алған жерлерін қазақтарға қайтару туралы шешім 
қабылдады.  Осы декретке сай қазақтар Ертіс өзені бойында 177 мың, Орал 
өзені  жағалауында  208  мың  десятинадан  астам  жерлерді  қайтаруға  тиіс 
болды. 
1922  жылы  26  тамызда  Федералды  Жер  комитеті  мен  БОАК-ті 
“Қазақстанда негізгі еңбекпен жерді пайдалану туралы” заң қабылдады.  Ол 
заң  31  тамызда  күшіне  енді.  Бұл  заң  бойынша  әркімнің  өз  жерінде  қалуға 
және  ол  жерді  пайдалануға  құқығы  болды.    Жер    заңға  сәйкес  құжатталған 
жағдайда  ғана    оны  пайдаланушы  сол  жердің  иесі  болады.  Ал  даулы 
жерлерге заңға негізделген съездің немесе жер органдарының шешімі қажет 
болды. 
Алайда  осы  негізгі  заңнан  соң  1922  жылы  30  қазанда  Кеңес  үкіметі 
Ресей  территориясын  түгел  қамтыған    “Жер  кодексін”  қабылдады.  Осы 
кезден  бастап  жер  туралы  бүкіл  мәселенің  бәрі  мемлекеттің  идеологиялық 
құндылықтарына  негізделген    құқыққа    ие  болы.  Бұл  кодекс  бойынша 
жермен  тұрғылықты  халық  қамтамасыз  етілуі  керек  болды.  Сонымен  бірге  
автономияларға қосымша ұсыныстар мен негіздемелер жасауға рұқсат етілді. 
Бұл  кодекс  отрықшы-егіншілікпен  айналысатын  аудандарды  қамтыды  да, 
көшпелі  аудандар  мүлде  кірмей  қалды.  Соның  салдарынан  қазақ  қоғамы 
мүлде жермен қамтамасыз етілмеді.  
Кеңес үкіметі  патшалық үкіметтің жер мәселесіндегі  отарлық саясатын 
жойғысы келгенмен, іс жүзінде  жерді пайдалануды таптық тұрғыдан шешті. 

Соның  нәтижесінде    жергілікті  қазақ  халқы  мен  қоныс  аударушылардың 
құқығы теңестірілді.  Оның үстіне  патша үкіметі  кезінде жерге орналасқан 
басқа ұлт өкілдері ол жерден айырылғысы келмей үлкен қарсылық көрсетті.  
Сонымен  қатар  олар  өз  иеліктеріндегі  жердің  межеленбеуін,  яғни 
шекараларының айқындалмауын пайдаланып, жаңа жерлерді тартып алды.  
Осы  жағдайлар    жер  және  жерге  орналастыру  мәселесін    шешуді  өте  
қиындатқанымен,  жаңа  экономикалық  саясат  шеңберінде  азық-түлік 
салғыртының  азық-түлік  салығымен  алмастырылуы  3-4  жыл  ішінде  қазақ 
ауылы мен деревнясын дағдарыстан шығара бастады. 1925 ж. егістік жердің  
көлемі 3 млн. гектар болса, 1928 жылы 4 млн. гектарға жетті, яғни бұл 1913 
жылдың  (4,4  млн.  га)  деңгейіне  жеткендігін  көрсетеді.  1925  ж.  92  млн.  пұт 
астық жиналса, 1927 ж. астықтың жалпы түсімі 1,4 млн. пұтты құрады. 1925 
ж.  мал  саны  1922  ж.  салыстырғанда  екі  есе  өссе,  1925-1928  ж.  аралығында 
жыл сайын 5%-ке артып отырды. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет