ʊɧʇɸʒɸ-ʂʞɮɯʃɸ ʂʌʇɧ ɳʞʃɯ ɶɧʂɧʃɧʍɸ ʂʞɮɯʃɸɯʊ
мəнді саласының бірі – дін, қазақ халқының рухани жаңғыруына тегеурінді ықпал
ететін қазақтар үшін бір кездері ұмыт болуға айналған бабаларымыздың рухы мен
аса бай мұсылман мəдениетіне халықтың бағасын беруге мүмкіндік тудырған биік
идеал мен фактор, символ» [5].
Егемендікті еркімізге ендірген жаңа заман жас ұрпақты халық даналығымен
иық тірестіруге жол ашты, халықтық өмір сүрудің тағылымдық-тəлімдерін таңдауға
мүмкіндікті арттырды. Халық философиясы дүниетанымның ортақ мəселесін
көтерді, біріктіретін бағыт ұстады, орталық жұмысты жандандырды. Мұндай бастау
мəдени мұраның сұранысынан туындауда. Осы орайда негізгі мақсаттар: халықтың
шығармашылық кеңістігін кеңейту, халық даналығының көзін дер кезінде ашу,
бірлесу мен бітімдік кеңістігінің əлеуметтік аясын кеңейту, мəдени табыстарға жете
мəн беріп, оларды қолдану аясын кеңейту жəне тəсілдерін жетілдіретін ұжымдасқан
үлгіні ұсыну, əрбір гуманитарлық білім саласындағы ұлттық идеяның көркемдік,
этикалық, патриоттық маңызын көрсету, өзіндік даму жолын саралауға келгенде
өзгеге еліктеуден гөрі өзіміздің түп-тамырымызға тереңірек үңілу. Қажеттілік –
қазақ халқының тарихи санасы мен ұлттық ойлау жүйесін, қоғамдық жəне тұлғалық
сана-сезімін қалыптастырудан туындауда.
Бүгінгі күннің міндеті халқымыздың ежелгі тарихи, мəдени жəне рухани
əлемінің терең тамырларын анықтап, оларды қопара зерттеп, философиялық
тұрғыдан біртұтас жүйеленген ұлттық тарихымызды жасап шығу. Қазақ халқының
əлемдік өркениетке өзіндік болмысымен енуіне мүмкіндік беретін, ілгері дамуымызға
тұғыр болатын ұлттық санамыздың ұстанымды ерекшеліктерін саралау, демек
этномəдени тəлім-тəрбиені ұйымдастыру, ұлттық дəстүрді тарату, ұлттық рухқа
үйрету, тарихи үлгіні үйрену бүгінгі күннің басты міндеті.
1. Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы, 11шілде 1997.
2. Қазақ мəдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. –Алматы: Аруна, 2005. – 193 б.
3. ʁʺʵ˦ˆˑ. ɧ.ɸ. Описание киргиз-казачих или киргиз- кайсахских орди степей.
4. ʞ˙ʺ˄˓ʵ. ʂ. 50 томдық. 4-том, Алматы, 2001. 17-18 бб.
5. ʃʲ˄ʲ˕ʴʲʺʵ ʃ.ʞ. Сындарлы он жыл. – Алматы: Атамұра, 2003. 2-3 б.
227
ɩʋʇɼʧʊɩɧɹ ɫ.ɳ.
ɧʴ˩ˏʲˇ ˠʲˑ ʲ˘˩ˑʹʲʸ˩ ɾʲ˄ʲˌ ˠʲˏ˩ˌʲ˕ʲˏ˩ˌ ˌʲ˘˩ˑʲ˖˘ʲ˕
ʾˬˑʺ ˬˏʺː ˘˲ˏʹʺ˕˲ ˙ˑˆʵʺ˕˖ˆ˘ʺ˘˲
ʘ˩ʸ˩˖ ˘˲ˏʹʺ˕˲ ˊʲ˟ʺʹ˕ʲ˖˩ˑ˩˒ ːʺ˒ʶʺ˕˙˦˲˖˲, ˟.ʸ.ˊ.
ʊʋʇɼʧ ʒɧʁʛɾʊɧʇʛʃɧ ʅʇʊɧɾ ʂʞɮɯʃɸ, ʊʧʁɮʧɼ ʆɧʇɧʁʁɯʁʜɮɯʇ
Түркі тілдерінің дамуы сол тілдерде сөйлейтін туыстас халықтардың өткен
тарихымен тығыз байланысты. Орта Азия мен Қазақстан, Орталық Азия, Шығыс
жəне Оңтүстік Сібір, Еділ-Жайық бойларын мекен еткен көшпелі халықтардың
тұрмысындағы, шаруашылығындағы, салт-дəстүріндегі ұқсастықтары мен өзіндік
ерекшеліктері олардың сөйлеу тіліне де əсер еткені белгілі. Себебі, осы террито-
рияда мекен еткен қазақ, қарақалпақ, өзбек, қырғыз, татар-башқұрт т.б. түркі
халықтары мемлекеттік дəрежеге толық ие болғанға дейін біраз тарихи кезеңдерді
бірге өткізді. Бұған дəлел ретінде, қазақтың «Өзбек – өрістес ел, Қырғыз – қоныстас
ел, Қарақалпақ – қарындас ел, Түрікпен – тамырлас ел, Татар-башқұрт – тағдырлас
ел» деген мəтелін келтіруге болады.
Қазақ, қарақалпақ, қырғыз жұртшылығының ұлт ретінде қалыптасу тарихы,
орыстардың отарлығындағы дəуірі, одан соң тəуелсіздігін (қазақ, қырғыз) алған
жылдары бірге өтіп келеді. Қарақалпақтар да, қырғыздар да қазақпен көршілес ор-
наласып, олардың тұрмыс-салты, өнері, дəстүрі, танымы, діни сенімі ұқсас болу-
мен қатар айырмашылығы да жоқ емес. Сондықтан да бір-бірімен еш қиындықсыз
ұғысатын бұл халықтардың этномəдени ерекшелігі қызықты.
Ұлттық дəстүр белгілі бір заманның нақты тарихи жағдайларына сай
қалыптасып, өзінің даму процесінде жиі өзгерістерге ұшырап отырады. Бұған
экономикалық, саяси-əлеуметтік, идеологиялық факторлар көп əсер етеді. Қазақ,
қарақалпақ, қырғыз халықтары басқа халықтар секілді өздерінің көпғасырлық
тарихында, айналысқан шаруашылығы мен қоғамға сай даму процесінде ата-
дан балаға мұра болып өткен салт-дəстүр, əдет-ғұрып, дүниетаным мен наным-
сенімдерді қалыптастырды. Ұлттық дəстүрдің қалыптасуында бұл халықтардың
этникалық жəне мəдени байланыстары ерекше орын алады. Бұлардың өзара жəне
басқа көршілес халықтармен (өзбек, тəжік, түркімен, орыс) этникалық қарым-
қатынасының, мəдени байланысының арқасында заттық жəне рухани мəдениеттің
жергілікті тұрмыстық формасы құрылды.
Мысалы, киіз үйдің құрылу тəртібімен таныстыра отырып, оларға қатысты
атаулар мен тілдік бірліктерді беруде үш халықтың дүниетанымы, наным-
сенімі, əдет-ғұрпынан дəйектемелер келтіру арқылы көптеген мəдени, тарихи,
тілдік параллельдерді байқауға болады. Мұның өзі тарихи-мəдени мұрамыздың
ортақтығын аңғартатыны даусыз. Киіз үйдің құрылымына жататын негізгі
бөлшектер (ағаш сүйектері, киіз жабындылары, шиі, бау-шулары) оны тұтынатын
халықтардың барлығында бірдей болып келеді.
Қазақ киіз үйінің жəне оған қатысты атаулардың өзіне тəн жергілікті нұсқалары
бар. Олардың сыртқы бейнесіне кең байтақ елдің табиғи жағдайларының сан
алуандығы да, шаруашылық ерекшеліктері де, сондай-ақ қазақ халқының рулық-
тайпалық құрамы да көп əсер еткен жоқ. Сонымен қатар қазақ халқы мен өзге
түркі халықтарының киіз үйі жəне оған қатысты атаулары негізінен ортақ сипатта
болып, олардың ішінара айырымдық белгілері де орын алғаны белгілі. Осы фактіні
жіті зерттеу мақсатында қазақ халқына генеологиялық, территориялық жағынан
жақын келетін қарақалпақ пен қырғыз халықтарының тіліндегі киіз үйге қатысты
атаулардың, одан туындаған тілдік бірліктердің (лексикологиялық, фразеологиялық,
228
ʊɧʇɸʒɸ-ʂʞɮɯʃɸ ʂʌʇɧ ɳʞʃɯ ɶɧʂɧʃɧʍɸ ʂʞɮɯʃɸɯʊ
паремиологиялық) өзара ұқсастығы мен ерекшелігін лексика-семантикалық бағытта
қарастырамыз.
Когнитивтік тіл білімінің құрылу кезеңінде (1956-1970 жж.) «концепт» термині
«ұғым» терминімен қатар қолданылып жүрді. Бұл мəселені ғалым Н.Уəли былай
тұжырымдайды: «ұғым мен концептінің мағынасы тепе-тең емес. Ұғым белгілі
бір объектінің танылған аса мəнді белгілерінің жиынтығы болса, концепт мазмұн
межесі жағынан объект туралы барлық білімнің жиынтығы, ал тұрпат меже
тұрғысынан тілдік бірліктердің (лексикалық, фразеологиялық, паремиологиялық
т.б.), құралдардың жиынтығы болып табылатын ментальды, ұлттық ерекшеліктерді
танытатын құрылым. Концепт болатын лексикалық бірліктердің саны шектеулі, кез
келген атау сөз, мысалы, одағай, модаль сөздер, еліктеуіштер концепт бола бермейді.
Белгілі бір мəдениет үшін ақиқат дүниедегі ерекше мəні бар құбылыс қана кон-
цепт болуы мүмкін» [3]. Яғни, ұғым құрылымынан гөрі концепт құрылымының
аясы едəуір кең. Ұғым мəнді, мазмұнды белгілерден ғана тұрады, ал концепт болса,
ақиқат дүние туралы таным, əсер, эмоция, ойды қамтиды.
Ал концептінің қалыптасуына құндылықтар жүйесі, салт-дəстүрлер, халық
шығармашылығы, өнері, сезімдік жəне өмірлік тəжірибесі, дін сияқты қарапайым
философияның бірқатар факторлары əсер етеді. Сонымен қатар, концептілер «адам
мен ғаламның аралығын жалғайтын өз алдына бір мəдени қабат» құрады [4].
Əрбір ұлт тілдің, əрі белгілі бір мəдениеттің ұстанушысы ретінде танылады.
Сол тіл ол үшін мəдениет пен айналадағы ақиқатты тану құралы ғана емес, сол
мəдениетті ұстанатын адамның ойлау жүйесі, көрінетін өзгеше бет бейнесі болады.
Яғни тіл, сол тілде сөйлейтін халықтың мəдени ұлттық ділін көрсетеді.
Тілдің когнитивті бірліктерінде мəдени ақпарат төрт тəсіл арқылы байқалады.
Олар – мəдени сема, мəдени ая, мəдени концепт, мəдени коннотация [5]. Ал ұлттық
мəдени концепт ¬– ұлттың рухани жəне материалдық мəдени құндылығының қадір-
қасиетін санада ақпараттармен жүйеленген тілдік бірліктер арқылы ерекшелеп
көрсететін концепт түрі болып табылады.
Қандай да бір концептіні талдау барысында ұлттық мəдениеттің ақиқат
дүниедегі орнын, оның даму қалпын тани түсетініміз белгілі. Тіліміздегі этномəдени
концептінің негізгі көрсеткіші ретінде, ұлттық дүниетанымда ерекше орын алатын,
киіз үйдің шаңырақ, есік, босаға, табалдырық сияқты негізгі элементтерін көрсете
аламыз. Киіз үйге қатысты бұл атаулар қазіргі қазақ тілінде кездесетін тұрақты ора-
лымдарда «киіз үйдің негізгі құрылымдық элементтері» деген бастапқы мағыналық
сипатпен қатар, ерекше ұлттық мəдени ақпараттарды да білдіреді. Сол себептен
киіз үйдің құрылымдық элементтерін когнитивті тұрғыда қарастыру барысында,
шаңырақ, есік, босаға, табалдырық ұғымдарын өзара танымдық аспектіде зерделей
келе, оларды жеке-жеке этномəдени концепт деп қабылдаймыз. Шаңырақ, есік,
босаға, табалдырық ұғымдарының концептілік деңгейі халқымыздың тарихынан,
дүниетанымынан, этикетінен, əдет-ғұрпынан мол хабар беретін шаңырақ құру, (өз
алдына жеке үй болу, отбасын құру), қара шаңырақ (үлкен үйдің иесі), есік көрген
(бұрын тұрмыста болған қыз), босағадан озбау (əдеп сақтау), табалдырық аттау //
босаға аттау (келін болып түсу) т.б. когнитивитерінен байқалады.
Шаңырақ қазақ халқының күнделікті тіршілігінде, мəдени өмірінде ерекше
орынға ие болуымен қатар, ол ұлттық санамызда сан түрлі танылып, тілімізде де
өзіндік көрінісін тауып келеді. Негізінен, тілдік ұжым шаңырақты ең алдымен киіз
үйдің құрылымдық бөлігі ретінде қабылдап, одан соң ақиқат дүниені, қоршаған
ортаны тану арқылы оған жақын мағыналармен байланыстырып танымдық, тілдік
тұрғыда интерпретациялайды.
Шаңырақ ұғымы ең алдымен, өзінің тарихи болмысының түрлі қасиеттері
негізінде мəдени концепті жасауға қатысады. Cондай-ақ шаңырақ лексемасы-
229
на қатысты тіліміздегі тұрақты тіркестерді жəне көркем мəтіндер мен мерзімді
басылымдардағы қолданыстарды саралай келіп, қазақ дүниетанымындағы шаңырақ
мəдени концептісін бірнеше микроконцептіге бөліп қарауға болатынын байқадық.
Олар: 1) «Шаңырақ – баспана»; 2) «Шаңырақ – отбасы»; 3) «Шаңырақ – кіші əлем»;
4) «Шаңырақ – обсерватория».
«Шаңырақ – обсерватория» микроконцептісі. Киіз үйді жыл он екі ай пана
еткен көшпенді халық шаңырақ арқылы аспан əлемін тамашалап, астрономиялық
тұрғыда зерделеп, уақыттың жылжуын, жыл мезгілдерін айыруын, күн мен айдың
қозғалысын, көптеген жұлдыздардың туатын жəне бататын кездерін жəне олардың
көрінетін орындарын жақсы білген. Мəселен, Үркер шоқжұлдызы арқылы жыл
мезгілдерін анықтап отыратын халқымыздың танымы бойынша, ашық шаңырақтан
(яғни, аспанның қақ ортасынан) Үркер көрінсе, қыстың басталғанын, ал қараңғы
түсерде жерге таяу (төменнен) көрінсе, жаз мезгілінің басталғанын аңғартады.
Бұған дəлел ретінде халық аузында жүретін мына өлең сөздерін келтіруге болады:
Үркер үйден көрінсе, Үш ай тоқсан қысың бар. Үркер іңірде жамбасқа келсе, Жаз
шықпағанда несі бар.
Ал, шаңырақ арқылы жұлдыздардың Темірқазықты айналып қозғалғанына
қарай түнгі уақытты айыруға, жəне шаңырақтан киіз үйдің ішіне «Х» белгісі тəрізді
түскен көлеңкесі бойынша күндізгі уақытты ажыратуға мүмкіндік туады. Сондай-
ақ, М.С.Мұқановтың пікірінше, шаңырақ киіз үйдегі сағат іспеттес болған. Оның
күлдіреуіштері минуттарды белгілеп тұратын сағаттың бағыттарына ұқсайды.
Үйдің түтін шығатын шеңберіне жарық түскенде əйелдер сиыр сауады, ал күннің
сəулесі төрдегі төсектің ортасына келгенде түскі уақыттың болғанын білдіреді жəне
т.с.с. [8].
Сонымен халық танымында шаңырақ – тарихымызды, тұрмыс-салтымызды
дəріптейтін баспананың құрылымдық бөлшегі ғана емес, ол – отбасының, кең
мағынада Отанның татулығын, ауызбіршілігін, бақытын, білдіретін символдық таңба,
əлемнің шексіздігін бейнелейтін заттық көшірме, аспан əлеміндегі геофизикалық
құбылыстарды бақылайтын астрономиялық құрал деп ұғынылады.
Əрбір халықтың сөйлеу тіліне көңіл бөліп, оның мазмұн-межесіне ой жүгіртетін
болсақ, ол халықтардың өткен тарихы, дүниетанымы, əдет-ғұрпы, салт-санасы
тілдерінде сақталған. Қазақ, қарақалпақ, қырғыз халықтарының сөздік қорында
мұндай сөздер лексиканың қомақты бір бөлігін құрайды. Осы халықтардың киіз
үй атаулары мен оның ұлттық дүниетаным мен əдет-ғұрып негізінде қалыптасқан
тілдік бірліктері сөздік қорларында өзіндік із қалдырған. Үйдің есігі босаға,
табалдырық, маңдайша, жарма есіктердің құрамынан тұрғандықтан, есікке
қатысты лексикологиялық, фразеологиялық, паремиологиялық бірліктердің оның
құрамындағы бөлшектердің атауларымен (босаға, табалдырық) де ауысып бір
мағынада қолдана береді.
Үш тілдегі есік, босаға, табалдырық сөздерінің түсіндірме сөздіктердегі дефи-
ницияларын саралай келгенде, «жаңа өмір», «үй», «тəуелділік» тəрізді ортақ сема-
лары анықталды.
Есікке байланысты туындаған тілдік бірліктер көбінесе адамның өмірінде жа-
сайтын алғашқы қадамдарға, оларды алда күтіп тұрған жаңа ситуацияларға жəне
тағы да басқа жағдайларға қатысты болып келеді.
Табалдырық аттау || босаға аттау.
Киіз үйдің құрылымдық бөлшектеріне қатысты тілдік бірліктердің
этнолингвистикалық табиғатына талдау жасау арқылы мəдениетаралық үдерістерді
топтап қарастырамыз.
Ерін сыйлаған есікте қалмайды. Қазақ ер азаматты қадірлеген халық. Ер
адам – отбасының тіреуіші, елінің сүйеніші, қорғаушысы ретінде сипатталады.
230
ʊɧʇɸʒɸ-ʂʞɮɯʃɸ ʂʌʇɧ ɳʞʃɯ ɶɧʂɧʃɧʍɸ ʂʞɮɯʃɸɯʊ
Ал əйел оның ақылшысы, əрі күтушісі. «Жақсы əйел жарының жақсысын асырар,
жаманын жасырар» немесе «жақсы əйел ерінің есіктегі басын төрге сүйрейді» де-
ген мақалдарға сай іс жасайтын əйелдің ері əрқашанда ел-жұртқа сыйлы, туған-
туысқанға мақтаныш болады. Сол себептен, қазақ халқы ер азаматтың əрбір жетістігі
үшін оның жанындағы əйелін қадірлейді.
Еркекке сенгенше, Екі босағаңа сен || қырғызша – эрге ишенгенче, эки босогоңо
ишен. 1. Еркек – мал табушы, ал əйелі сол малды орын-орнына жаратып ұқсатушы.
Бірақ ер кісіге үміт артып отыра бермей, отбасыңның бірлігін сақтап, өз шаруаңды
жаса, өзің де əрекет ет; 2. ауыс. Еркектен қадір жоқ, өз əрекетіңді өзің жаса деген
феминистік көзқарасқа бағыттайтын əйелдерге арналған кеңес.
Жақсы адамның босағасы тар болса да кеңмен тең. Жақсы жігіттің атағы бір
тайпалы елмен тең. Адамның жақсы бір қасиеті – кеңпейілділік. Кеңпейілді адам
келген қонақтың көңілін дəулетті үйі, кең жайылған дастарханымен емес, шын адал
ниетімен табады. Сол себептен атам қазақ «Жаманның төрінде болғанша, Жақсының
босағасында бол» деп те жатады. Жігіттің туған елі үшін жасаған ерлігі мен игі ісі,
сол елдің бүкіл атақ-даңқымен пара-пар. Сондай-ақ, қазақ келін тəрбиесіне қатты
көңіл бөлген халық. “Келіннің аяғынан, қойшыны ңтаяғынан” деген марал осыған
байланысты айтылса керек. Келін баланы үйге алғаш кіргеннен бастап, ырым
сөздермен қарсы алады. Cоның бірі, табалдырықты || босағаны оң аяғыңмен атта
– жаңадан түсіп жатқан келінге күйеу жігіттің үйіне кірер алдында айтылатын сөз.
Мысалы, Бұрынғы басы бос, еркiн қыз ендi қалыңдық болған уақытта, жаңа өмiрдiң
табалдырығынан мықтап аттаған соң, жаңа үйдiң мүшесi, жаңа елге тиiстi адам
болған соң, соның ауысқан жаңа өмiрiне арнап айтылатын өлең (М.Əуезов). Бұл
тіркес жас келіннің оң аяғымен кіруі арқылы сол үйге жақсылық алып ке леді деген
халқымыздың сенімінен туындаған.
Төр төбесінде отырып, Теріс сөйлегеннен без, Есік алдында отырып, Ерсі
сөйлегеннен без. 1. Төрде отырған ақсақалдар əрқашанда жастарға өсиет айтып, ба-
талы сөз арнап отырады. Оның қарама-қарсысында (яғни есіктің тұсында) отырған
жастар сұраққа жауап бергенде болмаса, негізінен үлкендердің сөзін тыңдайды.
Бұл халқымыздың жазылмаған заңдылығы, этикеті. Қазақ – билердің кесіміне
тоқтаған, ақсақалдардың дуалы сөзіне құлақ түрген халық. Осындай халықтық эти-
кетпен ұрпақ тəрбиеленіп келеді. Сол себептен қазақ халқы төрдегі ақсақалдардың
сөзі түзу, оны тыңдайтын жастардың болуын барлық заманда да қалаған. 2. ауыс.
Қазақ қауымы сөйлеген сөзге ерекше мəн берген халық. Бір ауыз сөзден адамның
ой пайымын аңғарып, оның сөз саптауынан ортада алатын орнын байқап отырған.
Сондықтан əр адам қандай ортада болмасын əдептілікпен сөйлегені абзал.
231
1. ʈʲ˕˩ʴʲʺʵ ʘ., ʃʲˌ˩˖ʴʺˊ˓ʵ ʅ. Қазақ тілінің аймақтық лексикасы. – Алматы: Ғылым, 1989.
– 192 б.
2. ʅːʲ˕ʴʺˊ˜ˏ˩ ʈ. Қазақ тіл білімінің өзекті мəселелері. – Алматы: Арыс, 2007. – 312 б.
3. ʍˬˏˆ ʃ. Қазақ сөз мəдениетінің теориялық негіздері: Фил. ғыл. д-ры дис.: 10.02.02. – Алма-
ты, 2007. – , 44 б.
4. ɧ˕˙˘˭ˑ˓ʵʲ ʃ.ɮ. Введение // Логический анализ языка. Ментальные действия. – М.: Нау-
ка, 1993. – 3 с.
5. ʂʲ˖ˏ˓ʵʲ ɪ.ɧ. Лингвокультурология. – М.: Академия, 2001. – 54 с.
6. ɸ˖ˏʲː ɧ. Ұлттық мəдениет контексіндегі дүниенің тілдік суреті (салыстырмалы-
салғастырмалы лигвомəдени сараптама): Фил. ғыл. д-ры дис.: 10.02.02. – Алматы, 2004. – 340 б.
7. ʇʲʹˏ˓ʵ ɪ.ɪ. Из Сибири (страницы дневника). – М.: Наука, 1989. – 749 с.
8. ʂ˙ˊʲˑ˓ʵ ʂ.ʈ. Жилище и жизнеобеспечение этноса // Известия НАН РК. Серия обще-
ственных наук. – 1994. – №1 (193), январь-февраль. С. 3-11.
9. ɼ˙ʴ˕ˮˊ˓ʵʲ ɯ.ʈ. Номинативный аспект речевой деятельности. М.: Наука, 1986. – 156 с.
10. ɳʲˑ˜˄ʲˌ ʊ. Қазақ ономастикасы. Атаулар сыры 3. – Алматы: Дайк-Пресс, 2007. – 524 бет.
11. ɾʲ˖ˆːʲˑ˓ʵ ʈ. Қазақ халқының қолөнері. – Алматы: Қазақстан, 1995. – 240 б.
12. ɾʲˇʹʲ˕ ʞ.ʊ. Халық даналығы (қазақ мақал-мəтелдерінің түсіндірме сөздігі жəне зерт-
теу). – Алматы: Тоғанай Т, 2004. – 560 бет.
232
ʊɧʇɸʒɸ-ʂʞɮɯʃɸ ʂʌʇɧ ɳʞʃɯ ɶɧʂɧʃɧʍɸ ʂʞɮɯʃɸɯʊ
ɧʒʂɯʊʅɪ ɾʲʹ˩˕ ʞʴ˲ˏʾʲˑ˜ˏ˩
ɯ˙˕ʲ˄ˆˮ ʶ˙ːʲˑˆ˘ʲ˕ˏ˩ˌ ˆˑ˖˘ˆ˘˙˘˩ˑ˩˒ ˔˕˓˕ʺˊ˘˓˕˩
˘ʲ˕ˆˠ ʸ˩ˏ˩ːʹʲ˕˩ˑ˩˒ ʹ˓ˊ˘˓˕˩, ˔˕˓˟ʺ˖˖˓˕
ɾɧɶʧʇɫʧ ɼɯɶɯʄɮɯɫʧ ʂʞɮɯʃɸɯʊ ʈɧʁɧʈʛʃʛʄ ɮɧʂʍʛʃɮɧɭʛ ʋʇɮʧʈʊɯʇ
(˘ʲ˕ˆˠˆ ˘ʲˏʹʲ˙)
XX ғасырдың 20-30 жылдары КСРО-ның барлық аймақтарында жүргізілген
«мəдени революция» саясатының нəтижесінде Қазақстанда да кеңестік мəдениет
жасауда іргелі шаралар іске асырылып, жаңа қоғамның рухани өмірінде елеулі
өзгерістер болды. Олар, қоғамның саяси басшысы болған - большевиктер
партиясының кеңес мəдениетін жасауға бағытталған тұжырымдамасының негізінде
жүргізіліп отырған.
Кеңес өкіметінің халықтың əлеуметтік жағдайын, мəдени деңгейін көтеруге
бағытталған қызметі 20-шы жылдары оң нəтижелерін бергенін де айтуымыз ке-
рек. Əсіресе, халық ағарту, əдебиет, өнер, денсаулық сақтау салаларында едəуір
алға басушылықтар болды. 30-шы жылдардың аяғына қарай жаппай сауатсыздық
негізінен жойылды, жалпы білім беретін мектептер жұмыс істеді, алғашқы жоғарғы
оқу орындары пайда болды, мəдени-ағарту мекемелері жүйесі құрылды. Осы
істердің барлығы жергілікті ұлт өкілдерінің белсене қатыстырылуымен жүргізіледі.
Оның үстіне мемлекеттік органдар мен шаруашылық мекемелеріне ұлттық кад-
рларды тарту жергіліктендіру (коренизация) науқанының да оң əсері болды.
Бірақ, жаңа қоғам орнату барысында, 20-шы жылдардың аяғынан бастап, Кеңес
өкіметі өлкедегі əлеуметтік-экономикалық, мəдени жəне саяси өзгерістерге «жедел
қарқын» беруге аса көңіл бөліп, осы істерде ұлттық ерекшеліктері мен өмірдің нақты
тарихи жағдайларын елемеуге айналды. Нəтижесінде, əлеуметтік-экономикалық
салаларда жасалған революциялық өзгерістер ұлттың трагедиясына əкеліп соқты,
халықтың наразылығын туғызды [1]. Жүздеген жылдар бойы қалыптасқан дəстүрлі
шаруашылығы, тіршілікқамы, мəдениеті қысқа уақыттың ішінде түбегейлі өзгеріске
ұшырауға тиіс болуы қазақ халқы үшін қасіретке айналды.
Жоғарыда көрсетілгендей, 20-шы жылдың аяғынан бізге «социализмнің
сталиндік моделі» деген атпен белгілі тарихи кезең басталды. Сөйтіп, аз уақытқа
созылған эволюциялық кезең тоталитарлық жүйеге ауысты.
Бүл жүйенің өмір сүруі басқаны айтпағанда, ұлттық сана мен мəдениетке
зор нұқсан келтірді. 30-шы жылдардың басы мен аяғында жүргізілген саяси
репрессиялардың кесірінен ұлттық интеллигенция құрбан болды.
20-шы жылдардың екінші жартысынан бастап мəдениеттің шеңберін тарыл-
тып, құрсау бола бастаған таптық көзқарас, идеологиялық, партиялық мазмұн-
талап, кейін 30-жылдардың басынан билеп төстеген социалистік реализм сияқты
бұлжымас догмаларға айналды. Мұның себебі, шындығына келгенде, адамның
ақыл-ойының бəрін революция ісіне бағындырып, халық санасын бір бағытта ұстау
талабынан шыққаны белгілі. Осыған байланысты қарастырылып отырған кезеңде
партиялық идеология тарапынан көркем өнерге де, əдебиетке де ноқта салынып, тек
бірыңғай сарында, бір бағытта жасалсын, жазылсын деген қатаң нұсқаулар беріліп
отырды. Өйткені, ол кезде басқаша ой, бағыт революция идеясын, Кеңес өкіметін
əлсіретеді, оның түпкі, пролетарлық мақсатына нұқсан келтіреді деп түсіндірілді.
Осындай көзқарастың нəтижесінде мəдениет, оның ішінде əдебиет пен өнер өзінің
жалпы адамзаттық, дүниежүзілік ізгілік мəн-мағынасынан айырыла бастады. Оның
үстіне, солақай таптық саясаттың əрекетінен халықтың ертеден социомəдени ядро-
сы, діңгегі болып келген - дінге қарсы шабуыл ұйымдастырылды. Ғасырлар бойы
233
қалыптасқан рухани сананың осы түрі адамдарды рухани жəне адамгершілік
жағынан қалыптастыратын, əрі халықты халық ететін қасиетінен еріксіз ажы-
ратылып, оның орнына саяси тəрбие беретін жəне оны қадағалайтын мекемелер
жүйесімен алмастырылды. Осы замандағы кездесетін рухани жұтаңдықтың да
себептерін, біздің ойымызша, сол кезеңнен іздеу қажет сияқты.
Сөйтіп, 30-шы жылдары Қазақстан «түрі ұлттық, мазмұны социалистік
мəдениет» жасау жолында, бір жағынан КСРО көлемінде тоталитарлық идеоло-
гия орнатпақ болған бірыңғай интернационалдық мəдени кеңістікке бет түзеді. Ал,
екінші жағынан, осындай мəдени саладағы жеделдете дамудың нəтижесінде халық
өткен тарихынан, төл мəдениетінен, рухани болмысынан алшақтауға бағытталған
шараларға тап болды. Тек қана араб жазуынан қол үзу, байырғы алфавиттен айы-
рылу ғана емес, сонымен бірге, Кеңес одағын мекендеген түрік тілдес халықтардың
ортақ рухани байланысын, дəстүрлі ойлау жүйесін өзгертуге бағытталған құбылыс
еді. Əрине, революциялық жолмен жұртшылықты жұмылдыру арқылы жаңа
сауаттылық енгізуге, заводтар мен фабрикалар салуға, колхоздар ұйымдастыруға бо-
латын шығар, бірақ осы əдістермен мəдениетте, рухани салада түбегейлі өзгерістер
жасау арқылы адамдардың дəстүрлі дүниетанымын өзгертіп, жаңа дəстүрлер мен
əдет-ғұрыптар енгізу, ақыры, тарих талқысына түскеніне куə болып отырған жоқпыз
ба? Бұл теріс саясаттың түп тамыры мəдени революцияның таптық идеологияға
негізделген тұжырымдамасында (концепциясында) жатыр еді. Осылайша, Кеңес
дəуірінде бұрынғы шет аймақтардың мəдени деңгейін көтеріп, Одақ көлемінде
«кеңес мəдениеті» деген жаңа ұғымды қалыптастыруға бағытталған саясат, əр
халықтың мəдени дамуындағы бостандық пен еріктілік принциптерін бұрмалап,
дүниежүзілік мəдениеттің даму үрдістерінен шет қалдырды.
Қазіргі кезеңдегі тəуелсіз Қазақстанның мəдени дамуында, қалай дегенмен
де, Кеңес дəуірінде қалыптасқан мəдениеттің оң нəтижелері мемлекетіміздің руха-
ни өмірінің негізін жасап отыр. Кезінде қалыптасқан халыққа білім беру, ғылым,
əдебиет пен өнер егемен елдің болашақ даму үрдісіне сай жаңа белеске шығып,
дүниежүзілік өркениеттің құрамдас бөлігі болуы тиіс.
Осы тұрғыдан қарастырғанда тəуелсіз Қазақстанның рухани өмірі қазіргі
заманғы жалпы мəдениеттің дамуының белгілі екі үлгісінің зандылықтарына -
ғаламдық жəне ұлттық - тікелей қатысты болмақ.
Мəдениеттануда екі үрдіс те бір-біріне қарама-қайшы қойылмай мойындалған.
Бірақ кезінде іс жүзінде кең көлемде интернационалдық бірыңғай Кеңес мəдениетін
жасау ғана негізінен іске асырылғандығын жоғарыда көрсетіп кеттік. Енді міне,
Одақ тарағаннан бері бұрынғы одақтас республикаларда өткендегі мəдени саясатқа
қарсылық ретінде екінші үрдіс белең алуда, яғни əр ел өзімен-өзі, мəдени жағынан
бөлектенуге, томаға-тұйықтыққа бағыт алды.
Адамзат үшінші мыңжылдыққа аяқ басқандағы басты үрдістердің бірі - ел-
дер арасындағы экономикалық жəне саяси жағынан жақындау сияқты ғаламдық
процесстер. Бұл үрдістен мəдениет те тыс қала алмайтыны түсінікті. Əр халықтың
мəдениеті жеке дара құбылыс болып табылғанымен, адамзаттың жалпы планетарлық
өркениетінен де бөлектене алмайды. Сонымен қатар, мəдениет ұлттық бастау-
ларынсыз өз ерекшеліктерінен айырылып, өміршеңдігін жоғалтады. Кез келген
халықтың ерекше қасиеттерімен қатар өзіндік, қайталанбас белгілері, төл тарихы
мен мəдениеті бар. Ендеше адамзат тарихының өзі қайталанбас жеке халықтардың
іс-əрекетінен құралады. Ал мəдениет болса, жалпы айтсақ, осы іс-əрекеттердің
жиынтығы [2]. Академик Н.И. Конрад оны қысқаша былайша тұжырымдайды:
«Смысл исторических событий, составляющих, казалось бы, принадлежность толь-
ко истории одного народа, в полной мере открывается лишь через общую историю
человечества» [3].
234
Достарыңызбен бөлісу: |