СЕКЦІЯ:
ФІЛОЛОГІЧНІ НАУКИ
Нурзия Абдикарим
(Темиртау, Казахстан)
ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНІҢ АЛТАИСТИКАДАҒЫ ОРНЫ
Лингвистика ғылымында алтай тілдері теориясының айналасындағы даулы мәселелер жеткілікті. Өйткені
алтай тілдерінің генеологиялық негізі жөніндегі ғалымдардың бір тобы алтай тілдерінің бірлігі туралы генетикалық
теорияны қолдаса, екінші тобы типологиялық теорияны ұстанады. Ал кейбір ғалымдар алтай тілдерінің тустығы
туралы теорияны үзілді
-
кесілді жоққа шығарса, олардың біразы алтай теориясын дәлелдеу әлі ерте, деректер тым
мардымсыз деген пікірді ұстанады.
Алтай тілдері деп аталатын семьяға енетін тілдердің бір тек тілден, эволюциялық жолмен дамудың
нәтижесінде қалыптасқандығын атап көрсетіп, оларды алғаш рет шартты түрде алтай тілдеріне топтастырған моңғол
-
түркі, тұңғыс
-
манжчур тілдерін зерттеген акад.Б.Я.Владимирцов болды. Бұл пікір атақты ғалымдар Ф. Видеман, М.А.
Кастрен, О. Бетлингк, Г. Винклер, Е.Д.Поливанов, Г.И. Рамстедт, М. Рясянен, Н.А. Баскаков, Ц.Д. Номинханов т.б.
ғалымдардан да қолдау тапты. Алтаистикада екінші бағытты ұстанатын ғалымдар В.Л.Котвич, Л.Лигетти т.б.
еңбектерінде алтай тілдерінің типологиялық ұқсастығы туралы өз концепцияларын ұсынады. В.Л.Котвич алтай
тілдерінің негізгі топтары түркі, моңғол, тұңғыс
-
маньчжур тілдерінің ұқсастығы мен айрымашылығын ғана көрсетіп қана
қоймайды, бұл топтағы тілдердің даму жолдарын көрсетуге әрекет жасайды. В.Л.Котвичтің алтай тілдерінің дамуы
жөніндегі теориясының мәні: біздің эрамызға дейінгі бірнеше ғасыр бұрын Қытайдың солтүстігінде типологиялық
жағынан ұқсас, бірақ әр түрлі тілде сөйлейтін түркі, моңғол, тұңғыс
-
маньжчур тайпалары өмір сүрді. Осы тайпалардың
көшіп
-
қонуының нәтижесінде бір
-
бірінен ажырап, бөлініп, алшақтаған тілдердің пайда болуы, ал олардың тілдері жаңа
субстраттардың әсерінен өзіндік ерекше сипаттарға ие болды. Ғалымның бұл тұжырымы типологиялық ұқсастық
базасында дамыған тілдердің алтай тек тілінен тарағандығын жоққа шығармайтындығын көрсетеді. Негізінен,
генетикалық және типологиялық бағыт ұстанатын ғалымдар алтай тілі дәуірінің бірлігі болғандығын мақұлдайды. Бірақ
олардың алтай тілдерінің бірлігін түсіндіру мәселесіне келгенде материалдық деректерді екі түрлі әдіспен қолданады.
Г.И.Рамстедт тек тіл формаларының реконструкциясын жасағанда түркі, моңғол, маньжчур тілдерінің тірі фактлерін
пайдалана отырып, бұл тілдердің фонетикалық және грамматикалық құрылымының даму заңдылықтарын ашып
көрсетеді. Ал В.Л. Котвич болса осы тілдердің фонетикалық
және грамматикалық ерекшеліктерінің даму
заңдылықтарын салғастыру арқылы лексикалық және грамматикалық ауысуларға анализ жасау әдісін қолданады.
Осылайша зерттелетін деректерге әр түрлі әдіс қолдану алтаистикада генетикалық бағытты ұстанушылар және
типологиялық бағытты ұстанушылар концепциясын тудырды.
Ал бұл ғалымдардың пікірмен мүлдем санаспайтын зерттеушілердің қатарына Дж. Клоусон, Г. Дерфер, А.М.
Щербак, Н. Поппе, Г.Д. Санжеевтар кіреді. Олардың түсіндіруінше, алтай төркіндес тілдердің арасындағы ұқсастықтың
көптігі –
аталмыш тілде сөйлейтін халықтардың тарихи ұзақ дәуірлер бойы өзара тығыз қарым
-
қатынаста болуының
және бір
-
біріне күшті әсер етуінің нәтижесі. «Алтай тілдері теориясын ұстанушылар біршама табыстарға қол
жеткізгенімен, олар өздерінің ойлап тапқан дыбыстық заңына, этимологиялық деректеріне сүйенеді, ал оларға қарсы
пікір айтушылар алтай тілдеріндегі ортақ элементтердің қандай жолмен ауысқандығын дәлелдеп беруі қажет. Сондай
-
ақ, тек моңғол тілінің деректеріне ғана жүгіне отырып қайта қалпына
келтіруге болатын сөздің алғашқы дыбыстарының
ата түркі тілінде шын мәнінде бар екендігін дәлелдеп шығу керек» (1,193). Осы сынды қанағаттандырарлықтай
зерттеуді Б. Базылхан жасады деуге болады: «...түбір морфемалар мен қосымша морфемалардың тіркесінен...
негізгі
түбір сөздер Алтайлық тек тілдің «келте сөз дәуірінде» туындап, қазақ және моңғол тілдерінің «алғашқы ұйтқы сөздік
қорының» негізі пайда болды» (2,27) Бұл тұжырым көптеген алтайтанушы ғалымдардан қолдау да тапты.
Корей тілінің алтай тілдерімен тектес екендігі жайында алғаш пікір айтқан ғалымдар Поливанов, Рамcтедт,
Аалто, Стрит т.б. болды. Стрит күншығыс азия тек тілі деген бір тілден Ата алтай тілі және тағы бір белгісіз тіл бөлініп
шығып, Ата алтай тілі шығыс және батыс тармағына бөлініп, батыс алтай тілінен ата түркі және чуваш тілі, ал шығыс
алтай тілінен ата моңғол және тұңғыс тілі, ал белгісіз Ата тілден корей, жапон, айно тілдері бөлініп шыққан дейді.
Осылайша ғалымдардың алтай тілдері жайындағы көзқарастырының алуан түрлілігі, әлі де жүйелі зерттеулерді қажет
ететіндігін көрсетеді. Айталық, түркі тілдеріндегі «көптік жалғауларының қосымшасын Г.Рамстедт моңғол тіліндегі –
нар қосымшасымен байланыстырса, А.Н.Кононов, Б.А.Серебренников, К.Менгестер –
ла және –
р элементтерінен
құралған деп санайды. Үшінші топ ғалымдар –
лар түркі тілдеріне басқа тілдерден енген деген жорамал айтады. –
лар
қосымшасының этимологиясы әлі де зерттей түсуді талап етеді» (3,92)
Түркі халықтарының, басқа да көшпелі халықтардың материалдық мәдениеті жәдігерлерінің –
киіз, тері, ағаш
пен ұлпан нашар сақталғандығынан батыс еуропалық ғалымдар арасында көшпелілер «адамзаттың арамтамағы»
(Виолле ле
-
Дюк) деген пікірдің қалыптасуына әкеліп соқты. Мұндай еуроцентрист көзқарасты сынаған ғалым
Л.Н.Гумилевтің: «...көне түріктердің адамзат тарихындағы маңызы өте зор, бірақ бұл халықтың тарихы әлі күнге
жазылмаған. Ол жол жөнекей, үстірт баяндалып келген, бұл бастаутану (алғашқы еңбек –
А.Н.) ономастикалық,
этнонимдік, топонимикалық сыпаттағы қиындықтарды айналып өтуге жағдай жасады. Бұл қиындықтардың көптігі
сондай, осынау жұмыс оған тіл ғылымы тұрғысынан түсінік беруден именеді» 4,5) деген пікірі түркі халықтарының
тарихы туралы алғашқы пікір айтудан тіл мәселесі анағұрлым қиындық туғызатындығын аңғартады.
Көшпелі халықтар адамзат тарихында теңдесі жоқ тасқа қашалған мәдениет үлгілерін қалдырса да, шетелдік
ғалымдардың пікірі бойынша тіліміздің тарихын бағалап, жазып, танып келгеніміз бүгінгі күннің тұрғысынан
салмақтасақ кемшілікті болып табылады. Өйткені тілдің қазіргі қалпы бұрынғы қалпына көбірек жуық болатындығын
(5,583) тек түркі тілдері аясында ғана сөз етіп, ал түркі тілдерімен аталас саналатын басқа да алтай тілдерінің
деректерімен байытып, салыстырып зерттеу түркі тілдерінің ішінде қазақ және моңғол тілінің арасында ғана
жасалғаны белгілі.
Қазақ тілінің моңғол тілімен ұқсастығы жайындағы алғашқы мәліметтер Ш.Уәлихановтың жазбаларында
белгіленген. Қазақ ғалымдарының бұл мәселемен жүйелі түрде айналыса бастауы Ғ. Мұсабаевтың оқулығында
негізделіп, ғалым түркі
-
моңғол тілдерінің туыстығын қолдай отырып, бұл тілдердің грамматикалық құрылысының
ұқсастығы, сөзжасам және негізгі сөздік қордағы ұқсас элементтердің көптігі, көптеген жұрнақтардың екі тілде ортақ
екендігі олардың төркіндестігіне айғақ бола алады, «Оны жекелеп, өз алдына бөлек тіл етіп тұрған фонетикалық
ерекшелік пен грамматика
-
лексикалық құрылымдар өзгешелігі. Оның ішінде басымырағы –
фонетика» [5,243
-244]
«Проблеми та перспективи розвитку науки на початку третього тисячоліття у країнах Європи та Азії»
359
дейді. Бұдан кейінгі К.Аханов, Ә. Қайдар, Ш. Сарыбаев, т.б. ғалымдар да түркі
-
қазақ
-
моңғол тілдеріне ортақ сөздердің
тізімін беріп жүйелейді. Соңғы кезде Г. Сағидолда қазақ және моңғол тілдеріндегі топонимикалық параллельдерді,
фразеологизмдерді, Б. Нәпіл «Моңғолдың құпия шежіресінің» тіліндегі қазақ тілінің элементтерін зерттеумен
айналысып, диссертациялар қорғады. Осы мақаланың авторы аталмыш тілдердің жай сөйлем жүйесін салғастыра
зерттеп, ғылыми айналымға енгізді. Дегенмен академик Ш.Ш.Сарыбаев көрсеткендей, бұл тілдердегі зерттеулер
кейбір сөздердің этимологиясын анықтау, грамматикалық және лексикалық параллельдерді көрсету мақсатында
жүргізіліп келді (6,145).
Көрнекті моңғол
-
қазақ ғалымы Б.Базылхан қазақ
-
моңғол тілдерінің қатынасын диахрондық, синхрондық
лингвистика негізінде зерттеп, ғылыми еңбегін осы тілдердің генетикалық шығу тегінің бірлігін дәлелдеуге арнағанын
айтады. Б. Базылхан еңбектері негізінен көне жазба ескерткіштер тілінің сөз құрамын, қазақ
-
моңғол тілдеріндегі
морфемаларды, қазақ
-
моңғол тілдерінің сын есімдерін салыстыра зерттеуге және қазақша
-
моңғолша, моңғолша
-
қазақша сөздік жасауға, сондай
-
ақ, Моңғолиядағы қазақ орта мектептеріне арнап моңғол тілінің оқулығын дайындау
тәрізді теориялық, практикалық жан
-
жақты мәселелерге арналған.
Отандық лингвистикада антиалтаистикалық көзқарас тұрғысынан жазылған ғалым Ж.Қ. Түймебаевтың
монографиясының негізгі мақсаты: «...баяғыда
-
ақ қозғалған (көп жағдайларда негізсіз), бірақ бұлдыр тұманның ішінде
қалып қойған гипотеза ретіндегі алтаистика мәселесіне түгелдей, соның ішінде түркі
-
қазақ
-
моңғол тілдерінің этно
-
тілдік қарым
-
қатынасына жаңаша көзқараспен қарауға шақыру» [7, 12] екендігі айтылған. Осындай жағдайларды
ескере келе, біз қазақ, моңғол тілдерінің зерттеулерінде нысанадан тыс қалып жүрген тақырыптардың бірі болып
табылатын грамматиканың синтаксистік саласын соны бір жағынан зерделеу үшін тарихи
-
салыстырмалы зерттеуден
саналы түрде бас тартып, синхрондық тұрғыдан сипаттап жазудың қажеттілігін, әрі өзектілігін түсіне отырып, тілдің
жүйелі, күрделі құрылымы болып табылатын синтаксистік саласын, дәлірек айтсақ, синтаксистің ең негізі деңгейі –
өзіне дейінгі сөз тіркесіне жинақтаушы болатын, ал өзінен кейінгі деңгейдегі құрмалас сөйлемге негіз болатын жай
сөйлемнің құрылысына, оның типтік түрлеріне талдау жасап, сипаттап жазу арқылы ғылыми айналымға енгізген едік.
Қорыта келгенде, басқа түркі тілдеріне қарағанда, қазақ және моңғол тілдерінің тарихи
-
салыстырмалы диахрондық
және салғастырмалы синхрондық зерттеулерінің негізі қаланған деуге әбден болады. Ал осы жетістіктерімізді «қазақ
тілінің мәліметтерінен басқа да түркі тілдерінің деректерімен толықтырсақ, төркіндес ортақ материалдар бірнеше
есеге артар еді және түркі
-
моңғол тілдерінің қарым
-
қатынасындағы татымды мәліметтер табылар еді» (6,172) деген
пікірмен ұштастырсақ, қазақ тілін жоғарыда сөз болған әлемдік лингвистикада, жалпы тіл білімінде өз пікірін айту,
қазақ тілі арқылы басқа түркі тілдерін, моңғол, тұңғыс
-
маньжчур, жапон, корей тілдерімен салыстыра зерттеу, сол
арқылы қазақ тіл біліміне «...қазақ тілі шеңберінен шығып, жалпы түркітану немесе жалпы тіл білімі мәселелерімен
шұғылдану...» (8, 208) жолы ашылады.
Тілдің даму өрісінің ауқымдылығы оның қанша тілдермен салыстырылып, салғастырылып зерттелгенімен
айқындалады десек, кез келген тіл үшін мұндай ғылыми жұмыстардың күн тәртібінен түспесі анық, осы тұрғыдан
келгенде, түркі тілдерінің ішіндегі ең жаңа әрі аталас тілдермен зерттеу жүргізуде айтарлықтай табысы бар қазақ тіл
білімінің түркологиядағы, алтаистикадағы даулы мәселелерге дәлелді пайымдаулар ұсынуға мүмкіндігі мол екендігін
айтқымыз келеді.
Әдебиетттер:
1.
Поппе Н. Алтайн хэл шинжлэлийн удиртгал. УБ., 1999. –
230 х.
2.
Базылхан Б. Қазақ моңғол тілдерінің салыстырмалы тарихи грамматикасы. Алматы: Қазақ білім академиясы, 2000.
–
446 б.
3.
Қайдар Ә., Оразов М., Түркітануға кіріспе. Алматы: Арыс, 2004. –
360 б.
4.
Гумилев Л.Н. Көне түркілер. Алматы, 1995. –
457 б.
5.
Қазақ грамматикасы. // Бас ред. Жанпейісов Е., Астана, 2002. –
784 б.
6.
Сарыбаев Ш.Ш. Қазақ тіл білімі мәселелері /Вопросы казахского языкознания. Алматы: Арыс, 2001. –
613-
621 б.
7.
Түймебаев Ж.К. История тюрко
-
казахско
-
монгольских этноязыковых взаимоотношений. Монография. –
Астана,
2008.
–
365с.
8.
Қазақ тілі: Энциклопедия. // Бас ред. Қайдар Ә.Т. Алматы: Қазақстан даму институты, 1998.
–
509 б.
Ольга Андреева
(Запорожье, Украина)
ЛИНГВОКУЛЬТУРНАЯ КОМПЕТЕНЦИЯ
Коммуникативная компетенция, формируемая у иностранного студента, является основной целью
преподавания русского языка как иностранного. Понятие коммуникативной компетенции в методике преподавания
русского языка отличается сложностью и многомерностью. В связи с этим возникло множество определений
коммуникативной
компетенции
и
составляющих
это
понятие
компонентов:
языковая,
речевая,
лингвострановедческая, профессиональная и др. Исходя из отдельных сторон описываемого явления,
исследователи рассматривали каждый компонент как отдельный и самодостаточный. Еще не доконца изученным
остался вопрос, как компоненты коммуникативной компетенции проявляются на уровне взаимодействия видов
речевой деятельности, а также на уровне отдельных форм и актов речи. Коммуникативная компетенция является
способностью человека к общению в одном, нескольких или всех видах речевой деятельности, которая представляет
собой особое качество речевой личности (приобретенное в процессе естественной коммуникации или специально
организованного обучения).
Язык является первоэлементом и конечным элементом культуры, ее проводником, продуктом и
инструментом. Культура –
это совокупность духовных ценностей, выработанных этносом на протяжении столетий, а
также усвоенных инонациональных духовных ценностей. Впервые проблему взаимодействия языка и культуры
сформулировал В.фон Гумбольдт. Он считал, что воздействие языка на духовное развитие народа является
определяющим, поскольку культура –
это продукт социальный, а язык –
это явление и культуры, и природы. Процесс
овладения иностранным языком органически связан с процессом усвоения этносоциокультурного «багажа» народа.
360
«Проблеми та перспективи розвитку науки на початку третього тисячоліття у країнах Європи та Азії»
Культурная значимость –
это не только умение читать, правильно говорить, но и владеть традиционными,
национальными сведениями общими для всех носителей иностранного языка (в данном случае, русского).
Лингвокультурная компетенция является составной частью коммуникативной компетенции, определяемой
как способность к выбору и реализации программ речевого поведения в зависимости от обстановки, ситуации, темы.
В основу методики формирования лингвокультурной
компетенции может быть положен когнитивно
-
прагматический подход. Методика опирается на когнитивную деятельность, которая направлена на образование
системы концептов в сознании учащегося в процессе постижения им окружающего мира. Язык –
это разновидность
когнитивного процесса, а компетенция –
это способность генерировать акты сознания. При обучении иностранных
студентов русскому языку на первый план выступает важный прагматический компонент –
профессиональный статус
говорящего (учитывается сфера особых интересов учащихся). Для студентов
-
медиков изучение русского языка как
иностранного не является самоцелью, а рассматривается как средство получения профессии (специальности).
Последние исследования в области методики преподавания РКИ показывают, что грамотный специалист XXI
века должен владеть иностранным языком как средством межкультурной коммуникации, что предполагает
необходимость формирования у него лингвокультурной компетенции, являющейся неотъемлемой частью
профессиональной компетентности. Под лингвокультурной (или лингвострановедческой) компетенцией мы
понимаем систему знаний о культуре, воплощенную в определенном национальном языке, и совокупность
специальных умений и навыков по оперированию этими знаниями в практической деятельности. Важность
лингвокультурного аспекта в преподавании РКИ очевидна, т.к. незнание национально
-
культурных особенностей
изучаемого (в данном случае русского) языка приводит, как правило, к коммуникативным неудачам, а также к ошибкам
социокультурного характера. Культурологическая составляющая является обязательным условием межкультурной
коммуникации, для осуществления которой необходимо понимание сходства и различия между культурами родной
страны и страны изучаемого языка. Культурный барьер, который возникает при столкновении (или сопоставлении)
культур (родной и неродной), часто оказывается гораздо опаснее и неприятнее языкового барьера. Культурные
ошибки могут восприниматься намного болезненнее, чем языковые, и часто производят отрицательное впечатление.
В процессе обучения необходимо предусмотреть и предотвратить неадекватные ассоциации, обусловленные
культурно
-
историческими, социально
-
психологическими особенностями и своеобразием национальной культуры.
Постижение другой культуры, в данном случае русской, является фактом лучшего овладения русским языком и
русской культурой.
Основу лингвострановедческой компетенции иностранных учащихся составляют фоновые знания типичного
образованного представителя изучаемой лингвокультурной среды. Студенту для успешного общения в ситуациях
межкультурной коммуникации необходимо овладеть историко
-
культурными, социокультурными и семиотическими
фоновыми знаниями. В формировании лингвокультурной компетенции учащихся немаловажную роль играет также
изучение общеобразовательных предметов страны изучаемого языка (страноведения, истории, литературы и др.).
Лингвострановедческую компетенцию можно считать сформированной, когда студенты: обладают целостной
системой определенных лингвострановедческих знаний и умений, позволяющих осуществлять речевую
деятельность на
русском языке; владеют национально
-
культурной спецификой страны изучаемого языка и
правилами речевого взаимодействия в разных ситуациях общения; владеют минимумом общелитературной лексики;
знают языковые средства, позволяющие вступать в коммуникацию и достигать поставленные в ней цели, а также
средства организации связного текста, его построения и развития, имеют способность и готовность к диалогу культур.
Таким образом, формирование лингвокультурологической компетенции –
это одно из обязательных условий
обучения иностранных студентов.
Лингвострановедческая компетенция является основой для дальнейшего развития межкультурной
коммуникации.
Литература:
1.
Е. Е. Макарова // Лингвометодические проблемы преподавания иностранных языков в школе и в вузе: Материалы
межрегиональной научно
-
практической конференции. –
Краснодар, 2007 –
146с.
2.
Воробьев В.В. Лингвокультурология (теория и методы). М., 1997
3.
Воробьев В.В. О статусе лингвокультурологии. Материалы IX Конгресса МАПРЯЛ. Доклады и сообщения
российских ученых. Братислава. 1999.
4.
Изаренков Д.И. Базисные составляющие коммуникативной компетенции и их формирование на продвинутом
этапе обучения студентов/нефилологов // РЯЗР. М., 1990, № 4
Кенжебай Ахметов
(Жезқазған, Казахстан)
ҚОҒАМДЫҚ ӨМIР ЖӘНЕ ӘДЕБИ СЫН
1950-60-
жылдар –
«халықтар көсемi» Сталиннiң шексiз құзырының соңғы сәттерiне куә болып, қиялқанат
Хрущев дәуренiн бастан өткерген, он сегiз жыл бойы кеңестiк
-
коммунистiк тақта тапжылмай отырған Брежнев билiгiне
жол ашылған кезең.
Осы жылдар көлемiнде жоғарғы билiк басындағылар ауысқан сайын, елдiң рухани өмiрiнiң жетекшiсi болып
табылатын идеология да алуан кейiпке түсiп, коммунистiк партияның қабылдаған қаулы
-
қарарлары бiр
-
бiрiне кереғар
келiп, тiптi бiрiн
-
бiрi терiске шығарып жатты. Мәселен, БК(б)П Орталық Комитетiнiң «Звезда» және «Ленинград»
журналдары туралы» (14 тамыз 1946 жыл), «Драма театрларының репертуары және оны жақсарту шаралары туралы»
(4 қыркүйек 1946 жыл), «В. Мураделидiң «Ұлы достық» операсы туралы» (10 ақпан 1948 жыл) қаулыларындағы
тұжырымдар арада аздаған жылдар өтер
-
өтпестен, 1958 жылдың 28 мамырында СОКП Орталық Комитетi қабылдаған
«Ұлы достық», «Богдан Хмельницкий» және «Шын жүректен» операларын бағалауда жiберiлген қателiктер туралы»
қаулысында жоққа шығарылды.
Коммунистiк идеологияның қасаң қағидалары қоғамдық санаға, қоғамдық сананың бiр тармағы –
әдебиет пен
өнерге де кесiрiн аз тигiзген жоқ. Оның айқын дәлелiн елуiншi, алпысыншы жылдардағы әдеби өмiрде болып өткен
сыншылдық ойлар ағынына жүгiрте көз салғанның өзiнде таба аларымыз анық. Осы жылдардағы әдебиет пен
«Проблеми та перспективи розвитку науки на початку третього тисячоліття у країнах Європи та Азії»
361
әдебиеттану ғылымындағы iзденiстер мен iркiлiстердiң, жетiстiктер мен кемшiлiктердiң түпкi себептерiн олардың
алдындағы жылдар ұсынған талаптардан iздеп, сол тұрғыдан өрбiте қарастырғанымыз ләзiм.
Олай болса, 50 –
60-
жылдар шенiнде өнер мен әдебиет дүниесiндегi ахуал қандай едi?
Партияның 1946 жылғы аталған қаулысынан кейiн, iле
-
шала Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетi
«Қазақ ССР Ғылым академиясының Тiл және әдебиет институтының саяси өрескел қателерi туралы» (21 ақпан 1947
жыл), «БК(б)П Орталық Комитетiнiң «Драма театрларының репертуарлары және оны жақсарту шаралары туралы»
қаулысын орындау туралы» (29 сәуiр 1947 жыл) қаулылар қабылдады. Бұл қаулылардың ақыры әдебиетшi, зиялы
қауым арасынан «ұлтшылдарды» iздеу, талқандау сияқты сорақылықтарға ұласып, Е.Ысмайылов, Б.Кенжебаев,
Т.Нұртазин, Ә.Марғұлан, А.Жұбанов, Ә.Мәметова, Ә.Қоңыратбаевтар қызметтен қуылды, М.Әуезов пен Қ.
Сәтбаевтар өз елiнде «көзге күйiк» күй кешiп, Мәскеуге бет түзедi. Ең сорақысы –
танымал тарихшы
-
ғалымдар
Е.Бекмаханов, Б. Сүлейменовтерге «ұлтшылдық қамыты» кигiзiлiп, жиырма бес жылға сотталып кеттi.
Рухани өмiрдiң өз ортасынан жау iздеуге ден қойып кетуiне «Қазақстан Жазушылар одағының жұмысындағы
үлкен қателiктер мен кемшiлiктер, оларды жою жөнiндегi шаралар туралы»
(17 маусым 1951 жыл), «Бастауыш және
орта мектептерге арналған қазақ әдебиетi мен тiлi бойынша оқулықтардағы қателiктер мен кемшiлiктер туралы» (28
тамыз 1951 жыл) аталатын қаулылар да қал
-
қадерiнше «үлес» қосты. Соның салдарынан қазақтың төл перзенттерi
мектеп оқулықтарынан шығарылып, олардың орнына орыстың ағартушы
-
демократтары «қоныстанды». М.Әуезов,
Ә.Марғұланнан бастап, қазақтың дарынды қаламгерлерiнен тұрпайы сынның нысанасына iлiкпегенi кемде
-
кем.
50-
жылдардың ортасына шейiн әсiре билiк құрған салсойыл сынға бiршама тоқтау салып, мәдени
-
әдеби өмiр
дамуының оң арнаға бет түзеуiне «жылымық» жылдары бiрқыдыру әсер еттi. «Сын мен ғылымның даму жолында 60
-
жылдардың сүбелi олжалары да аз емес. Бұл кезеңде мәндi де қомақты еңбектер беруге, әдебиеттiң көп томдық
тарихын жазуға, жоғары оқу орындарын оқулықтармен қамтамасыз етуге, бүгiнгi әдеби процестiң жай
-
күйiн жан
-
жақты
баяндауға бағытталған iрi қадамдар жасалды. Көптеген монографиялық зерттеулер осы дәуiрдiң жоралғысы болды».
Алты кiтапты қамтитын үш томдық қазақ әдебиетi тарихының жасалуы, белгiлi қаламгерлер мен
әдебиетшiлердiң ой
-
пiкiрлерi мен мақалаларының кiтап болып жинақталып, жарық көре бастауы, әдебиеттанушы
ғалымдар мен сыншылардың жеке жинақтарының жариялануы, белгiлi ақын
-
жазушылар шығармашылығына,
әдебиетiмiздiң тарихи жолы мен теориялық, тақырыптық
-
идеялық, шығармашылық ерекшелiктерiне қатысты арнайы
монографиялық еңбектердiң дүниеге келе бастауы да –
аталған жылдар жемiсi. Ғалым Т.Кәкiшев сөзiмен айтқанда:
«Соғыстан кейiнгi идеологиялық зорлық
-
зомбылықтардан құтылып, 50
-
жылдардың екiншi жартысы мен 60
-
жылдардың ұзына бойына ақыл
-
ойға ептеп болса да осындай толастың болуы бiршама iрi де сүбелi iстердi атқарып
тастауға мүмкiндiк бердi. Сын мен ғылым қай жағынан болса да толыса өркендеуге мұрсат алған шақта жетелi де
бiлiмдi, эстетикалық жағынан сауатты, ғылыми зерделi дарындар жауынгерлiк сапқа тұрды. Олар оқу
-
ағарту, халық
мәдениетiн көтеру, қоғамдық сананы өрлету тұрғысынан едәуiр қызмет атқарды». Шынында да, алмағайып уақытта
өмiр сүре жүрiп, әдебиетiмiздiң өркендi биiктерге бет түзеуiне үлес қосқан осы бiр жауынгер мiнез дарындар
қатарында М.Қаратаев, Е.Ысмайылов, Б.Кенжебаев, Қ.Жұмалиев, М.Ғабдуллин, Т.Нұртазин, Б.Шалабаев,
С.Қирабаев, Р.Бердiбаев, Қ.Нұрмаханов, Қ.Қуандықов, Н.Ғабдуллин, З.Қабдолов, Ы.Дүйсенбаев, Х.Әдiбаев,
М.Дүйсенов, Ә.Дербiсалин, Ә.Қоңыратбаев, З.Ахметов, Ш.Сәтбаева, С.Талжанов, т.б. әдебиетшiлердiң болғаны,
олардың қай
-
қайсы да кейiннен қазақ әдебиетiнiң өркендеу тарихында өзiндiк iз қалдырғаны мәлiм.
50
–
60-
жылдар аралығында әдебиеттану ғылымының ауыр жүгiн қайыспай көтерiп, қазiргi биiгiне жетуiне
талмай үлес қосқан осы топтың бел ортасында жүрген жандардың бiрi –
бас
-
аяғы үш мүшел ғана ғұмырының он бес
жылын әдебиетке арнаған аяулы тұлға Айқын Нұрқатов.
Ғылыммен айналысқан
он бес жыл көлемiнде ұшқыр ой, дәйектi пiкiрлерiмен әдебиетшi қауым ортасында
ғана емес, жалпы жұртшылық арасында кеңiнен танылып үлгерген сыншы
-
ғалым Айқын Нұрқатовтың ғалымдық
болмысы, сыншылық даралығы хақында кеңiнен сөз қозғайтын уақыт әлдеқашан жеткен.
Айқын Нұрқатов қаламынан «Мұхтар Әуезов», «Абайдың ақындық дәстүрi» аталатын екi монографиялық
зерттеу, «В.В.Маяковский –
совет дәуiрiнiң аса талантты ақыны», «Сәбит Мұқановтың творчестволық жолы», «Ғ.
Мұстафиннiң творчествосы», «Идея және образ», «Тарас Шевченкожәне қазақ әдебиетi», «Ғасыр перзентi», «Мұхтар
Әуезов творчествосы», «Жалғасқан дәстүр» атты ғылыми зерттеулер жинағы жарық көрiп, республикалық
басылымдар бетiнде екi жүзден астам үлкендi
-
кiшiлi мақалалары мен сыни пiкiрлерi жарияланды. Оның бұл
еңбектерiнде әдебиеттiң жалпы мәселелерi де, әдеби үрдiс пен әдебиет өкiлдерi де, әдебиеттер байланысы
проблемалары да, жекелеген шығармалар жайы да сөз болады.
1959 жылы «Мухтар Ауэзов» деген еңбегi Ресейдiң орталық баспасынан басылып шыққан отыз бiр жасар жас
ғалымның есiмi кешегi Одақ көлемiнде де жақсы танымал болып үлгередi. Бұл қатарға А.Нұрқатовтың авторлық ұжым
құрамында болып шығарысқан IX, X сыныптарға арналған «Қазақ әдебиетi» оқулықтарын, 1961 жылы жарық көрген
«Қазақ әдебиетi тарихын» (2
-
том
, 1-
кiтап) қосар болсақ, тынымсыз еңбектiң ұлан
-
ғайыр нәтижесiн тани аларымыз хақ.
Ғалым еңбегiнiң дәреже
-
деңгейi жазғандарының сапалық құндылығымен, ойының ұшқырлығымен, пiкiрiнiң
уәждiлiгiмен,
дерек
-
дәйегiмен,
парасат
-
пайымымен,
тұжырым
тиянақтылығымен,
әдiлдiк
-
ақиқаттығымен
таразыланары аян жәйт. Бұл тұрғыда А.Нұрқатов жазбаларының қай
-
қайсы да барлық болмыс
-
бiтiмiмен сындарлы
ой иесiнiң парасат сүзгiсiнен өткенiн аңғартады. Сыншы
-
ғалым өз еңбегiнiң өзегiне алынған шығармаға да,
шығармашылық тұлғаға да «тура би» тұғырында тұрып, көркемдiк шеберлiк биiгiнен қарайды. Мәселен, С.Мұқановтың
«Сырдария» романы жарыққа шығып, бұрынғы Кеңестер Одағы көлемiнде «кеңес әдебиетiнiң батагөйлерiнiң»
(К.Федин, А.Фадеев, т.б.) оң қабағына iлiнiп жатқан тұста Айқын Нұрқатов аталмыш шығарманы жан
-
жақты талдай
отырып, сөз түйiнiнде романға объективтi баға бередi:
«Сырдария» романы өзiнiң көркемдiк жетiлуi жағынан «Ботагөзден» көп төмен дәрежеде.
«Сырдарияның» көркемдiк кемшiлiгi, ең алдымен, оның тiлiнен байқалады. Романда көркем де шұрайлы тiл
арқылы берiлген образды бейнелеулер, әсем көрiнiстер тым аз. Жазушы образды бейнелеуден гөрi жалаң баяндауға,
өз тарапынан түсiндiруге көбiрек бой ұрады. Жазушының тiлiндегi, сөз қолданыстарындағы салақтықтың салқыны тек
кейiпкерлердiң
тiлдерiнен ғана емес, сонымен қатар авторлық суреттеулер мен баяндаулардан да байқалады. Бұл
кемшiлiк тiлдiң халықтығы және қарапайымдылығы туралы жазушының терiс түсiнiкке бой ұруынан туғанын атап
көрсету қажет.
Романда өмiр шындығынан алынған тартыс жоқ...» –
дей келiп, роман композициясындағы селкеулiктердi,
олардың туынды көркемдiгiне керi әсерiн де дәл көрсетедi.
Ұзақтау үзiндi ұсынып отырғандағы мақсатымыз –
сыншы А.Нұрқатовтың ғалымдық келбетiн танытар кейбiр
қасиеттердi аңдату. Үзiндiге зер сала қараған жан сыншы болмысына тән турашыл принципшiлдiктi жазбай таныры
362
«Проблеми та перспективи розвитку науки на початку третього тисячоліття у країнах Європи та Азії»
анық. Олай болса, сыншы, әдебиетшi Айқын Нұрқатовтың әдеби туындыға жүктер салмағы, көркемдiк танымының
өлшемi қандай мәселелер?
Достарыңызбен бөлісу: |