Жылдардағы бөкей ордасындағы шаруалар көтерілісіндегі исатай тайманұлының РӨЛІ



Pdf көрінісі
Дата12.01.2017
өлшемі155,47 Kb.
#1710

1836-1838 ЖЫЛДАРДАҒЫ БӨКЕЙ ОРДАСЫНДАҒЫ 

ШАРУАЛАР КӨТЕРІЛІСІНДЕГІ ИСАТАЙ 

ТАЙМАНҰЛЫНЫҢ РӨЛІ 

 

АҚҚОЖИНА Р.С. 

оқытушы, Ж. Досмұхамедов атындағы колледж 

 

1801  жылы  Еділ  мен  Жайық  өзендері  аралығына  Бөкей  хан 



басқарған қазақ шаруаларын  қоныстандыру заңдастырылды. 

Патша  үкіметі  Кіші  жүз  руларына  Жайық  пен  Еділ  арасында 

еркін  қоныстануға  қайта  мүмкіндік  беру  арқылы  қазақтардың  жер 

үшін күресін біршама бәсеңдетіп, оны өзінің отарлау саясатындағы  

басты бағыт деп қарастырды. 

Ордада ақшалай салықтың өсуі, күз сайын әр шаңырақтың хан 

сарайының  мұқтажына  70  сомдық    жылқы  беруге  міндеттелуі, 

көшіп-қонған,  шөп  жинаған  орыс  помещиктерінің  шабындығын 

басып  өткені  үшін  салық  төлетуі  шаруалардың  көтеріліске 

шығуына себеп болды. 

1836-1838 

жылдардағы 

Бөкей 

ордасындағы 



шаруалар 

көтерілісінің                                 жетекшілері  Исатай Тайманұлы 

мен Махамбет Өтеміс ұлы болды. 

Негізінен көтеріліс басшысы Исатай Тайманұлы,  ал Махамбет 

қосшы болды. 

Исатай 1791 жылы қазіргі Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, 

Тайсойған  құмында,  Тайман  жалы  деген  жерде  дүниеге  келген. 

Кіші  жүздің  Байұлы  бірлестігіне  кіретін  беріш  руының  Жайық 

бөлімінен. 

Исатай  ауылының  Бөкей  ордасының  аймағына  қоныс  аударуы 

1808  жылдар  шамасында,  ал  Исатайдың  ел  басқару  ісіне 

араласуында немере ағасы Жабал Бегәліұлының орны ерекше. Ата 

–бабаларымыз  ұрпақтары  дүниеге  келгенде  әрдайым  жақсы 

жақтарын  теліп  отыратын,  сәбидің  өн  бойында  мінез-

құлықтарының  басым  көпшілігі  дарыған  деп  пайымдайтын  туған 

анадан  таралатын  нағашы  жұрты  Исатай  өмірінде  үлкен  дәрежеде 

орын  алған.  Исатайдың  анасы  Нағибала  Байұлының  Есентемір 

руының  қызы.  Сол  мезгілде  Исатайдың  нағашылары  Тайсойғанды 

мекендеген.  Кейін  Исатай  шағын  қолымен  Жайықты  жарып  кіші 

жүзге  өткен  жолында,  көтерілісшілерге  көп  көмек  берді. 

«Исатайдың  бабасы  Ақтабан  шұбырынды  замандарында  ел 

қорғап,ұранға  шыққан  Ағатай  батыр  еді.  Ағатайды  жұрт  әулие 



дейді.  Ата  –  бабаның  аруағын  сыйлағыш  рушыл  халыққа 

Исатайдың  Ағатайдың  тұқымы  болғандығы  рас.  Ұлы  сөздің 

қысқасы:  тарихты,  елдегі  сөзді  тексергенде,  Исатай  көпке  басшы 

болуға  лайық  адам  болған.  Исатайдың  өз  басы  туралы  осы  күнге 

дейін ел арасында түрлі әңгіме көп. Махамбет батырдың Исатайды 

жоқтап,  Баймағамбет  төреге  айтқан  сөзі  Орал,  Тоғай,  Бөкейлік, 

Маңғыстау  қазақтарының  арасында  түгел  жайылулы.  Қазақтың 

арасында  мынадай  әңгімелер  бар:  Ағатайдың  аруағы    Исатайға 

қонған  екен,  аруақ  түнде  ұйықтап  жатқанда  3  түрлі    болып  келеді 

екен. 1. Айдаһар жылан болып келіп беліне оралып келеді екен, 2. 

Қара  бура  болып  күркіреп  омыраулап  келіп,  үстіне  шөгіп  жатады 

екен.3. Қабан болып күрілдеп келіп, қойнына кіріп жатады екен. 

Ағатай өлеңдерінде айтқан екен: 

«Менің  тұқымнан  жуырда  біреу  шығады,  жалыны  жалп  етіп 

көкке жетеді де, әруағы меннен артық болады да, өмірі менен қысқа 

болады»  деп.  Бұнысы  Исатай  екен  деп  жұрт  жорыған  –мыс.  Осы 

секілді  ел арасында  талай әңгімелер бар. Исатайдың ісін дұрыстап 

әуелі  сөз  шығарған  беріш  Қуан  жырау.  Екінші  Исатай  туралы  көп 

сөйлеген – Исатайдың жолдасы Махамбет жырау. Махамбеттің сөзі 

өте  көп  болған.  Орал,  Торғай,  Бөкейлік,  Маңғыстау  елдерінің 

арасында    Махамбеттің  сөздерін  айтатын  жыршылар  күні  кешеге 

дейін  көп  еді.  Исатай  туралы  көп  айтқан  адамдардың  бірі  –  кете 

Шернияз  шешен,  Шернияз  Исатайдың  замандасы.  1836-1838 

жылдардағы  халық-  азаттық  қозғалыстарының  тарихнамасында, 

көрнекті    ғалым  В.Ф.Шахматовтың  есімі  ерекше  аталады.  Белгілі 

ғалым    Санжар  Асфендияровтың  шәкірті  В.Ф.Шахматов  XIX 

ғасырдағы  жер  қатынасы,  ұйғыр-дүнген  халықтарының  азаттық 

күресі туралы күрделі зерттеулермен қатар Бөкей Ордасы туралы да 

материалдар жинады. 

Кеңес-Герман соғысынан кейін, 1946 жылы ол осы материалдар 

негізінде  «Ішкі  Орда  және  Исатай  Тайманов  көтерілісі»  деген 

тақырыпта  кандидаттық  диссертация  қорғап,  соның  негізінде  15 

бөлімнен тұратын аса құнды монография жазып шығарды. 

Монографияның  бір  ерекшелігі  -    оның  алғашқы  9  бөлімінде 

Ішкі Орда, оның құрылуы, құрылысы, шаруашылығы туралы, одан 

кейінгі  4  бөлімде  көтерілістің  басталуы,  жүрісі,  жазалаушы 

әскердің  қимылы,  көтерілістің  1838  жылы  жалғасы  туралы,  ал 

қалған  2  бөлімде  Орда  халқының  жалпы  тұрмыс  жағдайымен 



жауынгер-ақын  Махамбет  Өтемісов  туралы  мәліметтерді  толық 

баяндайды. 

Монография  туралы  пікір  білдіруші  ғалымдар    еңбектің 

деректілігін әрі ауыз әдебиеті мұраларымен байланыстылығын, жер 

мәселесін,  әсіресе,  орыс  помещиктерімен  байланысты  мәлімдеуін 

жоғары  бағалады. 

Ал,  Е.Бекмаханов  монографияның  көрсетілген  жетістігін  атай 

отырып,  мынадай,  яғни  сұлтан,  би,  старшын,  «жаңа  байлар»  тобы 

бар, 

бірақ 


кедей,батыр, 

төленгіт, 

отырықшы 

жатақтар 

көрсетілмеген;  көтерілістің  қалай  аяқталғаны,  тарихтағы  орны, 

жалпы  көтеріліс  Кіші  жүзде  қалай  жүргізілгені,  көтерілісшілердің 

Хиуа ханымен байланысы қай дәрежеде болғаны анықталмаған. 

1838 жылы  көтерілістің Кіші жүз бетінде жалғасуы, Исатайдың 

адай, әлім,т.б. рулар  арасында болуы, Махамбеттің Хиуаға сапары, 

Хиуада  жүрген  сұлтан  Қайыпқали  Есімовтің  көтерілісшілерге 

қосылуын зерттеушілер Исатай көтерілісінің реакциялық жағы деп 

бір жақты баға берді. 

Ал, шындығында, Ығылман Шөрековтің «Исатай  – Махамбет» 

жырында баяндалғанындай,  Исатайдың Кіші жүз руларының өзара 

жауласуын  бітістіруі,  Хиуа  ханына  мойынсұнбай  «азаттық 

идеясына»  өмірінің  ақырына  дейін  адал  болғандығын  Никита 

Савичевтің  өзі  Қазан  төңкерісіне  дейін  деректі  құжаттар  негізінде 

жазып кеткен болатын. 

Бұдан кейінгі зерттеу еңбектерінде В.Шахматов Қазақстандағы 

тап  күресіне  ерекше  мән  береді.  Жалпы,  Исатай  көтерілісіндей 

ашық  феодалдық  құрылыс  пен  отаршылдыққа  қарсы  бағытталған 

шаруалар  қозғалысы  Қазақстанда  болған  емес  деп  тұжырым 

жасайды. 

Сондай-ақ,  ол  Қазақстандағы  көшпелі  қоғам  құрылысы, 

М.Өтемісұлының өмірі туралы да құнды еңбектер жазып қалдырды.  

Қазақстан  тарих  ғылымына  жүзден  аса  құнды  зерттеу 

еңбектерімен  қоса  20  ғылым  кандидатын  баяндап  қалдырған. 

Ермұқан  Бекмұқанұлы  Бекмұқановтың  азаттық  қозғалыстары 

туралы еңбектері жарық көре бастады.  

Соның  ішінде  1836-1838  жылдарындағы  азаттық  қозғалысқа 

арнайы қалам тартып, былайша тұжырым жасады: 

1.

 



Бөкей  Ордасындағы  қазақ  шаруаларын  көтерілісі  –  ХІХ 

ғасырдағы халық көтерілісінің ең ірісі; 



2.

 

Ішкі Орда шаруалдарының көтерілісінің жетекшілері  Исатай 



Тайманов  пен  Махамбет  Өтемісов  екеуі  де  старшындар  тобының 

өкілдері; 

3.

 

Жәңгір  ордасының  қамағанда,  көтеріліс  басшылары  таптың 



қамымен ханмен келіссөз жүргізеді; 

4.

 



Көтеріліс  бұлардың  Жайықтан  өтуімен  аяқталды.  Көтеріліс 

басшылары  таптық  мүддеден  шыға  алмады,  шаруалардың  да 

таптық  саналылығы  әлсіз  еді.  Сондықтан,  көтеріліс  ұйымдасусыз 

стихиялды өтті. 

Исатай  –  Махамбет  көтерілісіне  1950  жылдары  «феодалдық-

монархиялық»  деген  баға  берілсе,  кейін  1954  жылғы  Ташкент  бас 

қосуынан кейін Исатай – Махамбет есімі азаттық күрес тарихында 

өзінің  орынды  бағасын  ала  бастады.  Тек,  отарлаушылыққа  қарсы 

деген тұжырымға феодалдық езгіге қарсы деген тұжырым қосылды. 

М.Вяткин,  В.Шахматов,  Е.Бекмаханов,  Қ.Жумалиевтің  зерттеу 

еңбектері  осы  тұста  жарияланды.  Таптық  идеология  негізіндегі 

көтерілістің  тарихын  жазу  жұмысы  жалғастырылды.Көтеріліс 

басшысы  Исатайдың  отарлаушылыққа  қарсы  күрескер  бейнесі 

бірте-бірте  оның  серігі  ақын  Махамбеттің  ханға,  билерге  қарсы 

болған тарихи бейнесімен көлеңкелене бастады.  

Исатай заманы патша үкіметінің  қазақты әбден меңгеріп алуға 

жақындаған заманы.Бөкейліктің елін меңгеріп алыпта еді. Хан орыс 

үкіметінің  қарауылшысы  болып  қалып  еді.  Бөкейліктің  елі  әуелі 

Исатайға  тегіс  ерді.  Исатай  ханмен,  Орынбордағы  үкіметпен  бітім 

сөйлесе  бастап  еді,  біріккен  ел  ыдырай  бастады.  Бірақ  Исатай 

қатесін  тез  түсінді  де,  тез  түзетті.  Үкіметпен  ханды  бір  деп  санап, 

екеуіне  де  қатар  соғыс  ашты.  Ел  Исатайға  тағы  ерді.  Қара  күштен 

жеңіліп,  аз  ғана  жолдастарымен  алақандай  жерде  қамауда  қалған 

да, Исатайды ұстап бермеді, Жайықтың бергі бетіне өткізіп жіберді.  

Жайлы  қоныс  табу,  қонысты  тартып  алғандарды  жою, 

хандарда, билерді, төрелерді қыру, қара қазақ баласына теңдік алып 

беру  –  міне,  Исатайдың  ұраны.    Жауда  жаны  аямады.  Жауласса 

қолдың  алдында,  қашса  артында  болды.  Көптің  арызын  айтамын 

деп  айып  артты.  Халықты  аяп,  қан  төкпеймін  деп,  Орданы 

қамағанда  алданып  қалды.  Жайықтан  өтерде  орысты  өзі  қамап 

тұрып,  көшін,  жолдастарын  аман  –  есен  өткізіп  болған  соң  ғана 

өтті.  


Жортуылға  өзі  жүрді.  Жолдастарын  жауға  тастамаймын  деп 

барып  өлді.  Халық  үшін  Исатай  үй  ішін,  туған  –  туыстарын 



садақаға  берді.  Ағайындары  шабуылды,  тұтылды.  Тырнақтап 

жинаған  мал  –  мүлкі,  бүтін  қара  орман  дүниесі  жаудың  қолында 

қалды. 

Қанды  көйлек  жолдасты  сары  алтындай  сақтаған    Исатай  еді. 



Жолдасы Махамбет батырдың сөздерінен, ел ішіндегі әңгімелерден 

Исатайдың  көпті  бастауға  лайық  мінездері  анық  көрінді.  Истай  – 

нағыз батыр. Орынсыз мақтанар  батыр емес, керек орынды батыр. 

Махамбеттің  Байекеге  айтқан  сөзіндей  қазақ  арасында  еш  уақытта 

ханға  сөз айтылған емес. Махамбет  –  Истайдың жолдасы,  шәкірті. 

Исатай –  би. Көп сөйлемейтін сабырлы адам, керек  орнында  сөзге 

шешен,  Исатайдың  сөзіне  ешкім  шыдай  алмайды.  Ораза,  намазын 

тастамайтын  Исатай  –  тақуа  адам  болды.  Заманындағы  көптің 

көзінде  бұл  да  үлкен  қасиет.  Алдау,  арбау,  қулық  –  сұмдықты 

Исатай  білмейді,  ісінің  бәрі  әділдік.  Ханмен  жауласып  жүргенде 

Исатай Бөкейліктегі беріштің  Жақсымбет деген биінен ақыл сұрай 

барады. Ханға қарсылығыңды қой, орысқа әлің келмейді, босқа елді 

бүлдіресің, Жәңгір ханмен келістіріп, өз басына түрлі дәреже алып 

берейін  дегенде,  Исатай  тас  талқан  болып  ашуланып  көнбейді. 

Тілін  алмаған  Исатайға  кетерде  «Берішке  тиме,  ауылың  ғой  

Жайыққа тиме, үйің ғой, жеңіле қалсаң бұлар қорғаның болар» деп, 

Жақсымбет  би    руын  қорғап  сөз  айтады.  Жақсымбеттің  ақылын 

Исатай  алмады.  Мынау  өз  руым,  мынау  бөтен  ру  деп  бөлмейді.

 

Исатай  Тайманұлы  Өзінің  болмысымен,  шешендік  әділ  би 



өнерімен,  батырлығымен,  қиыннан  жол  табатын  тапқырлығымен, 

ақ  адал,  ақ  жарқын  көңілімен  халқы  таныған,  тарихта  аты  мәңгіге 

қалатын  көтеріліс  басшысы,  халқымыздың  азаттық  жаршысындай 

болған батыр тұлға. 



 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 

1.

 

Қ.Жұмалиев. Исатай-Махамбет көтерілісі. «Қазақ әдебиеті». 

2.

 

Е.Бекмаханов. Ішкі Орда және Исатай Таймановтың     көтерілісі. 

3.

 

Ы.Шөреков.Исатай-Махамбет.Дастан мен өлеңдер, Алматы,1976. 

4.

 

Ішкі Орда шаруаларының 1836-1837 жылдардағы көтерілісі. 

 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет