Оралхан Бөкей (1943-1993)



бет1/3
Дата09.05.2022
өлшемі3,81 Mb.
#33126
  1   2   3

Оралхан Бөкей

прозасына жалпы түсінік

Оралхан Бөкей – публицистика, поэзия, проза жанрларын әдемі тоғыстырған қазақ әдебиетінің жаңашыл дара жазушысы. Әр әңгімесінің түбінде бір астарлы ой бұғып жататындықтан оны бірден түсіну қиын. Оралхан Бөкей 1943 жылы 28 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданы Шыңғыстай ауылында дүниеге келді. Әкесі Бөкей табиғатынан қатал, сөзге шешен, рухы биік, шыншыл жан болса, анасы Күлия ақкөңіл, ақжарқын мінезімен көпке үлгілі болған.

Отбасында бір ұл - Оралхан, бес қыз – Шолпан, Әймен, Ләззат, Мәншүк, Ғалия. Оралхан дүниеге келгенде сұрапыл соғыс жылдары болғандықтан, әкесі Оралға еңбек майданына аттанған кез болатын. Анасы Күлия әкесі еңбек майданынан аман-есен оралсын деп ырымдап, сәбидің атын Оралхан деп қойған екен. 

1968 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін сырттай бітірді. Большенарым ауданындағы ”Еңбек туы” газеті мен Шығыс Қазақстан облысының ”Коммунизм туы” газетінің редакцияларында жұмыс істеген. 1968 жылдан бастап Алматыда тұрды, жастардың ”Лениншіл жас” газеті мен ”Жұлдұз” журналының редакцияларында жұмыс істеді. 1991 жылдан бастап ”Қазақ әдебиеті” газетінің бас редакторы болып тағайындалды. 

Әдебиетке өзіндік өрнегін сала келген жазушы оқырманын өзгеге ұқсамайтын ерекшелігімен таңқалдырды. 1970 жылы Алматыда басылып шыққан «Қамшыгер» атты повестер мен әңгімелердің бірінші жинағы жаңадан бастаған жазушыны танымал етті. «Қамшыгер» (1970), «Үркер» (1971), «Қайдасың, қасқа құлыным» (1973), «Мұзтау» (1976, орыс тілінде 1987), «Ән салады шағылдар» (1978, орыс тілінде – 1981), «Біздің жақта қыс ұзақ» (1984, орыс тілінде 1984) әңгімелер мен повестер жинақтары, «Өз отыңды өшірме» (1983; орыс тілінде – 1984) романы, «Құлыным менің (1987) пьесалар жинағы шықты.

Оның барлық прозасы қайырымдылық пен зұлымдық, күш пен қайрат, нағыз және алдамшы рухани құндылықтар туралы ойлауға бағытталған. Оралхан Бөкей – көркем сөз өнерінің шебері. Оның туындыларының форма жағынан өзіндік ерекшелігі бар. Оның кітаптары неміс, словян, болгар, ағылшын, венгер, араб, қытай, жапон және ТМД халықтарының тілдеріне аударылды. О. Бөкейдің шығармалары «Кісікиік», «Сайтан көпір» бойынша көркем фильмдер түсіріліп, «Кербұғы» әңгімесі бойынша балет-спектакль қойылды. 1986 жылы Оралхан Бөкей «Біздің жақта қыс ұзақ» кітабы үшін Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығын алды. Ол Қазақстанның Ленин комсомолы сыйлығының, Н. Островский атындағы бүкілодақтық әдеби сайлықтың (1978), ”Молодая гвардия”, ”Жалын” баспалар сыйлығының лауреаты. «Құрмет белгісі» орденімен, ҚазСРО Президиумының Құрмет грамотасымен марапатталған. Катон-Қарағай ауданының құрметті азаматы. 1993 жылы мамырда шығармашылық іс-сапар кезінде Үндістанда қайтыс болған.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет