AKADEMİ K BAKIŞ DERGİSİ
Sayı: 32
Eylül – Ekim 2012
Uluslararası Hakemli Sosyal Bilimler E-Dergisi
ISSN:1694-528X İktisat ve Girişimcilik Üniversitesi, Türk Dünyası
Kırgız – Türk Sosyal Bilimler Enstitüsü, Celalabat – KIRGIZİSTAN
http://www.akademikbakis.org
1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЭТНИКААРАЛЫҚ
ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ƏЛЕУМЕТТІК АНТРОПОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Байғабылов Нұрлан ОРАЛБАЙҰЛЫ
∗
ТҮЙІН
Автор мақалада этникалық топтар арасындағы ішкі өзара əлеуметтік қарым-
қатынастардың маңыздылығын атап көрсетеді. Тəуелсіз Қазақстандағы этносаралық
қатынастардың оң дамуының себептеріне тоқталады. Этникаарық қатынастарды
конструктивті шешуде Қазақстанның тəжірибелілігі атап көрсетіледі.
Этнос, Қазақстан, Xалық
KAZAKİSTAN CUMHURİYETİNDEKİ ETNİKARASI İLİŞKİLERİN SOSYAL
ANTROPOLOJİK ASPEKTİLERİ
ÖZ
Yazar makalede etnik grupların kendi aralarındaki sosyal ilişkilerin önemine değinmekte,
dolaysıyla bağımsız Kazakistan’ın etnik aralık ilişkilerin olumlu yöndeki gelişmelerin
sebepleri üzerinde durmaktadır. Bunun yanı sıra, etnikler arası yapıcılık meselelerinin çözümü
konusundaki Kazakistan’ın tecrübesi gösterilmektedir.
Anahtar Kelimeler: Etnik, Kazakistan, Halk
THE SOCIO-ANTHROPOLOGICAL ASPECTS OF ETHNIC INTERACTIONS IN
THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN
ABSTRACT
This article describes importance of social interactions between ethnical groups. The positive
reasons of interethnic relations in Independent Kazakhstan are mentioned. The experience of
Kazakhstan in constructive solutions of ethnical relations also took place in this article.
Key Words: Ethnic, Kazakhstan, people
∗
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің «Əлеуметтану» мамандығының PhD ІІ курс
докторанты Қазақстан,
bai_nur_76@mail.ru
AKADEMİ K BAKIŞ DERGİSİ
Sayı: 32
Eylül – Ekim 2012
Uluslararası Hakemli Sosyal Bilimler E-Dergisi
ISSN:1694-528X İktisat ve Girişimcilik Üniversitesi, Türk Dünyası
Kırgız – Türk Sosyal Bilimler Enstitüsü, Celalabat – KIRGIZİSTAN
http://www.akademikbakis.org
2
1.
ЭТНОС МƏСЕЛЕСІ ЖƏНЕ ЭТНОСТЫҚ ҚАТЫНАСТАР
Жер шарында 2 мыңнан астам ұлттар мен этностар бар. Олар 5 мыңнан астам
диалектілерде сөйлейді. 330-ға жуық этностың 1 млн. жəне одан көп өкілдері бар. Ал
қалған 1700-ден астамы 1 млн-ға жетпейтін адамы бар аз санды этностар қатарына
жатады. Осыншама көп санды ұлттар мен этностар əлемде 200-ден астам мемлекет
біріккен. Сондықтан əлем мемлекеттерінің 90%-ы көп ұлтты немесе көп этностық
мемлекет болып табылады. Мақала барысында қолданылатын басты ұғымдар “Ұлт”
пен “этнос” туыстас, бір-біріне жақын. Ұлт – қалыптасқан тілі, ортақ мəдениеті,
біріктіруші салт дəстүрлері мен діні бар антропологиялық ортақ бет-бейнесі, белгілі бір
территориялық кеңістікте топтасқан адамдардың тарихи қалыптасқан əлеуметтік
бірлестігі. Ұлт пен этнос ұғымдарын бір-біріне жақын, қос ұғымды алмастыра
пайдалану обьективті шындықты бұрмалау болмайды, əлеуметтік шындықтан
алыстатпайды. Этностан айырмашылығы сол ұлттар этникалық белгілерге қоса саяси,
экономикалық жəне əлеуметтік белгілерге ие болады. Дегенмен, саясаттану
ғылымдарының докторы, профессор Борбасов С. пікірінше əліде философиялық жəне
саяси-əлеуметтік ой пікірде ұлт, этнос категориялары туралы бір арнаға тоғысқан
түсінік қалыптаспаған [1, 22 б.].
Қазіргі ғылыми əдебиеттерде этнос мəселесін, этностық қатынастар мен
этностық қозғалыстарды зерделейтін əлеуметтану, философиялық, саясаттану,
мəденеиеттану, тарихи-этнологиялық жəне психологиялық зерттеулер басым. Бұл
туралы Ю.В.Бромлей [2], Л.Н.Гумилев [3], М.М.Сужиков, Н.Масанов, М.Тəтімов,
К.Марданов, Ə.Нысанбаев, Б.Аяғанов, Ш.Құрманбаева, М.Əшімбаев, А.Бижанов,
Е.Ертісбаев, С.Жүсіпова, Р.Қадыржанов, А.Нұрмағанбетов, Е.Қарин, С.Кушкумбаев,
Г.Насимова, Р.Нуртаза, Г.Нурымбетова, А.Рахимова, Д.Сатпаев, Б.Султанов,
А.Шоманов, Г.Малинин жəне тағы басқа қазақстандықтардың еңбектерінде кездеседі.
Қазақстан əлемдегі көп ұлттар қоныстанған мемлекеттердің бірі. Онда тегі, тілі,
мəдениеті əр түрлі, бірак тарихи тағдыры ортақ 130 ұлт пен ұлыстың өкілі (этностар)
тұрады. Оларды үш топқа жіктеуге болады:
1) мемлекетқұрушы жергілікті қазақтар;
2) ТМД аумағында тұратын ұлттар тобы
(орыстар, украиндар, белорустар мен молдавандар т.б.);
3) алыс шет елдерде тұратын ұлттар тобы (немістер, поляктар, еврейлер,
кəрістер, гректер т.б.).
Қазақтар - елдің байырғы тұрғындары жəне мемлекетті қалыптастырушы этнос,
ал қалған халықтардың өкілдері Қазақстанға əр түрлі себептермен жəне белгілі бір
тарихи кезеңдерде көшіп келгендер. Осыған байланысты, республика халқының көп
AKADEMİ K BAKIŞ DERGİSİ
Sayı: 32
Eylül – Ekim 2012
Uluslararası Hakemli Sosyal Bilimler E-Dergisi
ISSN:1694-528X İktisat ve Girişimcilik Üniversitesi, Türk Dünyası
Kırgız – Türk Sosyal Bilimler Enstitüsü, Celalabat – KIRGIZİSTAN
http://www.akademikbakis.org
3
ұлтты (полиэтностық) құрамы - жаппай көші-қонның нəтижесі деп тұжырымдауға
болады.
Қазақстан Республикасының статистика агенттігінің мəліметтеріне сүйенсек,
2009 жылғы халық санағының қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы
халқының саны 16009,6 мың адамды құрады.
Санақаралық кезең ішінде республика халқының саны 1028,3 мың адамға өсті,
өткен 1999 жылғы санақпен салыстырғанда халық санының өсімі 6,9% құрады.
Қазақтар саны өткен санақпен салыстырғанда 26,0%-ға өсті жəне 10096,8 мың
адамды құрады. Елімізде өзбектер саны 23,3%-ға өсіп, 457,0 мың адамды, ұйғырлар –
6,8%-ға өсіп, 224,7 мың адамды құрады. Орыстар саны 15,3%-ға азайып, 3793,8 мың
адамды құрады, немістер - 49,5%-ға азайып, 178,4 мың адамды, украиндар – 39,1%-ға
азайып, 333,0 мың адамды, татарлар – 18,0%-ға азайып, 204,2 мың адамды, басқа
этностар - 4,8%-ға азайып, 721,7 мың адамды құрады.
Ел халқының жалпы санындағы қазақтардың үлесі 63,1%-ды, орыстар – 23,7%-
ды, өзбектер – 2,9%-ды, украиндар – 2,1%-ды, ұйғырлар – 1,4%-ды, татарлар – 1,3%-ды,
немістер – 1,1%-ды жəне басқа этностар – 4,5%-ды құрады [4]. Еуропалық ұлт өкілдері
елімізде кеміп, өзбек ұлты өсімділігің байқатып отыр.
Қазақтар бүгінде өз атамекенінде негізгі басымдылық танытып, моноұлттық
мəртебеге ие болып отырғаны əлеуметтік шындық.
2.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭТНОСТЫҚ МƏСЕЛЕЛЕР
Көп ұлттардың атамекеніне айналған Қазақстан Республикасында ұлтаралық
қатынас ерекше көңіл аударуды қажет ететін мəселелер қатарына жатады. Қазақстан
жерін мекендейтін халықтардың достық, туысқандық қарым-қатынасы, оларды біртұтас
мақсатқа жетелейтін жетекші ұлттық мүдде болуы қазіргі саясаттың маңызды бөлігіне
айналды. Ұлттық мүдде дегеніміз сол ұлттың рухани, əлеуметтік, қоғамдық дамуында
шешуші роль атқаратын оның басты белгілері. Біздің пайымдауымызша бүгінгі күні
қазақ халқының мемлекетқұрушы ұлт ретінде оның басты мүдделері –
тəуелсіздігіміздің нығаюы, жеріміздің тұтастығы, тіліміздің дамуы, дініміздің сақталуы,
салт-дəстүріміздің өркендеуі жəне атамекенімізде қоныстанған өзге ұлт өкілдеріне
ұлттық құндылықтарының сақталуына мүмкіндігінше жағдай жасау.
Бүгінгі күні Қазақстан тұрақты мемлекет. Этносаралық қатынастың оң
дамуының себептерінің бірі Қазақстанның құқықтық мемлекет болуында. Республика
территоиясында тұратын барлық халықтарға этносына, діни сеніміне, саяси көқарасына
AKADEMİ K BAKIŞ DERGİSİ
Sayı: 32
Eylül – Ekim 2012
Uluslararası Hakemli Sosyal Bilimler E-Dergisi
ISSN:1694-528X İktisat ve Girişimcilik Üniversitesi, Türk Dünyası
Kırgız – Türk Sosyal Bilimler Enstitüsü, Celalabat – KIRGIZİSTAN
http://www.akademikbakis.org
4
қарамастан тең құқық пен бостандық берілген. Əрбір Қазақстан азаматының мəдени,
рухани дамуы қамтамасыз етілген, ана тілінде сөйлеп түсінісуге, этностық мұраларын,
дəстүрлері мен рухани бағдарларын сақтап көбейтуге құқығы бар. Қазақстанның негізгі
заңы Конституця нəсілдік белгілері, этностық тілге, дінге қатысы бойынша қандай-да
бір кемсітуге тыйым салады, ана тілінде сөйлеуге, мəдениетін қолдауға жəне басқа да
көптеген бостандықтар мен құқықтарға кепілдік береді. Осыған байланысты Қазақстан
Республикасы Конституциясының «этносаралық келісімді бұзуға қабілетті кез-келген
əрекет конституцияға қарсы деп танылады» деген 38 бабының 2 тармағында, бұл өте
маңызды [5, 38 б.].
Қазақстан көп ұлт өкілдері шоғырланған республика болғандықтан, əрбір ұлт
өкілдерінің ол үлкен, яғни сан жағынан көп не аз болғанына қарамастан олардыың
өзіне тəн ұлттық ерекшеліктеріне сыйласымдылықпен қарайды. Себебі, олардың
ұлттық мəдени, тіл, əдет-ғұрып, дəстүр, шаруашылық, психологиялық ерекшеліктерін
ескермеу, талап тілектеріне немқұрайлық таныту, тікелей не жанамалай түрде болсын
ұлттық мүдеге шек қою ұлт өкілдері арасында араздық, алауыздық туғызатыны белгілі.
Этносаралық қатынас дегеніміз этностар, этникалық топтар арасындағы ішкі
өзара əлеуметтік қарым-қатынастар. Бүгінгі күні этникааралық қатынастар саласында
келісім мен бейбітшіліктің осалдығын мойындау қажет, өйткені олар адамдар
арасындағы қатынастардың өте нəзік саласы болып табылады. Этносаралық
қатынастарды реттеу мəселесінің тарихи тамыры тереңде жатыр. Бұл мəселелер
əлемнің көптеген елдерінде кездеседі. Қазақстанда одан тыс қалған жоқ.
Елдегі этносаяси жағдайды талдай келе Н.Ə.Назарбаев этникааралық
қатынастарға байланысты сұрақтарды шешудің үш тəсілің атап көрсетті. «Бірінші –
кейбір елдер басып-жаншу саясатын жүргізеді» бұл көп этносты тұрғыны бар, қоныс
аударғандарды бауырындай құшақ жая қарсы алған Қазақстан халқына тəн емес.
Екінші - өз-өзімен шешіледі деп сеніп, этностық сұрақтарға ешқандайда мəн бермеу.
Бірақ бұл тығырықтан шығармайды. Тек үшінші жол көлемді еңбек етіп, тер төгуді
қажет ететін біз таңдаған жалғыз дұрыс жол. Бұл жанасу нүктесін іздеу, халықтар
арасындағы келісім мен сенім аясын кеңейту [6, 45 б.].
Өткен ғасырдың басында теориялық тұрғыда негізделген бұл қағидаға Кеңес
үкіметі назар аудармады, ал ғалымдар ұлт мəселесін көтеруге «ұлтшыл» деп
айыпталудан қауіптеніп, бұл маңызды мəселенің өткір тұстарын айналып өтті. Осы
жағдай бұрынғы Кеңес Одағында ұлттық проблемаларыдың шешілмеуі, шамадан тыс
жинақталуы нəтижесінде қоғамның этномəдени өмірі бұзылды, этностар өздеріне тəн
этникалық ерекшеліктерің жоғалта бастады. Таулы Карабах оқиғаларың алмағанда, тек
Қазақстанның өзінде 1979 жылғы Ерейментау оқиғасы, 1986 жылғы желтоқсан
AKADEMİ K BAKIŞ DERGİSİ
Sayı: 32
Eylül – Ekim 2012
Uluslararası Hakemli Sosyal Bilimler E-Dergisi
ISSN:1694-528X İktisat ve Girişimcilik Üniversitesi, Türk Dünyası
Kırgız – Türk Sosyal Bilimler Enstitüsü, Celalabat – KIRGIZİSTAN
http://www.akademikbakis.org
5
оқиғалары осы құбылыстың нəтижесі. Ақиқатына келсек, сан жағынан аз ұлттардың
белгілі бір тарихи кеңістік пен уақытта жойылуына, жоғалуына əкелді. Ұлттық
мемлекеті бар қазақ халқы да ұлттық дағдарысқа душар болды. Əр ұлт үшін басты
құндылық ана тілі, сол кезеңде қазақ тілі күнделікті тұрмыстық қатынас тіліне ғана
айналды, мемлекеттік қарым қатынас ресми құжаттар жəне ғылым тілінен біртіндеп
ығыстырылып шығарылды. Мемлекеттік саясат 1930 жылдан бастап тіл мəселесін
ескермеді, соңғы 40-50 жыл бойы Қазақстанның қоғамдық өмірінің барлық саласынан
қазақ тілі ығыстырылды жəне қазіргі дейін орны толмай отыр. Себебі, қазақ тілі
əлеуметтік қажеттілік жоқ салдарынан қызметтік мəні төмендеп, қазақ тұрғындарының
кейбір бөлігінің ана тілің білмеуі мен меңгермеуіне əкелді. Сонымен, елдегі
тəуелсіздіктің алғашқы жылдарында болған мемлекеттіліктің жаңғыруының күрделі
үрдісі этностық сана мен қазақ тілі мəртебесінің жаңғыруымен тығыз байланысты.
Кеңес Одағы ыдырар алдында елде бұрын байқалмаған толқулар күшейді.
Н.Назарбаев «Ғасырлар тоғысында» кітабында: «Ең қауіптісі — олар таза ұлттық cипат
ала бастады. Ұлт мəселесінің соншалық асқындауы əуелі теориялық дəрменсіздіктен
етек алды», — деп жазды [7]. Ал XX ғасырдың соңында тек Кеңестер елінде ғана емес,
бүкіл əлемде ауқымды ұлттық оянудың үдере бас көтеруі басталған болатын. Бүгінде
Қазақстан жаңа дəуірге бейімделген өзіндік жолын таңдап алды. Тəуелсіз Қазақстан
мемлекеті басшылығы өзгерген жағдайға сəйкес жаңа мемлекет құра отырып, қоғамда
жаңа қатынастар жүйесін қалыптастыру мен жетілдіру бағыты қажеттілігін күн
тəртібіне қойды. Қазақстандық ғалымдар əлемдік ұлт мəселесіне қатысты тəжірибені
зерттеп, өзіне тəн ұлттық, діни ерекшеліктері бар Қазақстан жағдайында мəселені
шешу жолдарын іздеді.
3.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДАМУ БАҒЫТЫНДА СТРАТЕГИЯЛАРЫ
«Қазақстан – 2030» стратегиялық даму бағдарламасында ұзақ мерзімді басым
мақсаттар мен оларды іске асыру стратегиялардың аясында ұзақ мерзімді жеті
басымдықтың екіншісі ретінде ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы атап
көрестіледі. [8]. Ішкі саяси тұрақтылық жəне қоғамды біріктіру ұлтаралық қатынастар
саясатында, ел ішіндегі тұрақтылықты сақтауда басты бағдарлама болатыны айқын.
Қазақстандықтар үшін əлеуметтік саладағы негізгі құндылық - ұлтаралық
таулықты сақтау, көп ұлттардың өкілдері бар Қазақстан жағдайында бірін бірі түсіну,
сену мен құрметтеу жəне азаматтық келісімді орнықтыру. Ұлтаралық татулық
сақталмайынша, азаматтық келісім болмайынша экономикалық даму, саяси
тұрақтылық, халықтың əл-ауқатын көтеру мүмкін емес. Ұлтаралық тұрақсыздықтан,
шиеленістен ешбір ұлт өкілдерінің ұтып шыға алмайды.
AKADEMİ K BAKIŞ DERGİSİ
Sayı: 32
Eylül – Ekim 2012
Uluslararası Hakemli Sosyal Bilimler E-Dergisi
ISSN:1694-528X İktisat ve Girişimcilik Üniversitesi, Türk Dünyası
Kırgız – Türk Sosyal Bilimler Enstitüsü, Celalabat – KIRGIZİSTAN
http://www.akademikbakis.org
6
Бірқатар посткеңестік мемлекеттегі сияқты қазіргі Қазақстандағы өзінің реттелуі
мен шешілуін қажетсініп отырған бірқатар мəселелер Кеңес Одағынан қалған
салдарлардың бірі. Ұлтаралық қатынастардың объективті шешілмеуі оның
ыдырауының басты себептерінің бірі болған еді. Тоталитарлық-саяси əдістермен
біріктірілген қауым, идеологияландырылған кеңестік мəдениет, ұлт саясатындағы бір
ұлтты жоғары қою арқылы, екіншілерін төмендету, империялық жəне ұлыорыстық
көңіл күй тек саяси ғана емес, экономикалық жəне əлеуметтік сипатта іс жүзіне
асырылды.
Тəуелсіздіктерін алған жас мемлекеттер жағдайында аталған қысымдылықтан
шығып,
əлеуметтік-психологиялық
парасаттылыққа
ұмтылысы
артты.
Парасаттылықтың астарында əрбір қазақстандықтың өзін, ең алдымен, қазақстандық
екендігін, сонан кейін өз ұлтының перзенті екендігін сезіну, сол арқылы ғана ұлтаралық
қарым-қатынастың жоғары мəдениетіне көтерілу жатыр. Өзін-өзі тану жəне құрметтеу
арқылы ғана шынайы ұлттық келісім мен шынайы саяси жəне қоғамдық тұрақтылыққа
қол жеткізуге болады. Сондай заңды негіздің бірі қазақстандық патриотизм, өз еліне
деген құрмет, сенім. Қазақстандық патриотизм ұлтаралық келісімнің іргетастық негізі,
қоғамдық сана мен əлеумет мəдениетінің айқындалған маңызды жəне қажетті
құбылысы.
Ұлтаралық, этностық топтар арасындағы келісім, барша азаматтың нəсіліне,
ұлтына, діни сеніміне қарамастан қашанда бір-бірін түсінуге, көмекке келуге əзірлігі,
оған əлеуметтік-психологиялық бағдарлануы зор əлеуметтік, саяси, мəдени тəрбиені
қажет етеді. Дер кезінде бағдарлау, бағыттау, əлеуметтік бақылау жұмыстары да
қоғамдық қажеттілік.
Кеңес Одағында «бір қазанда қайнату тəжірибесі» арқылы жаңа қауым «кеңес
халқын» қалыптастыру деп аталатын ескі тұжырымдама Қазақстан үшін тиімсіз еді.
Осындай жағдайда Қазақстан басшылығы басқа елдер тəжірибесін есепке ала отырып,
тыңнан жол іздеді. Қазақстан халықтарының Ассамблеясы осындай ізденістен туды.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан халықтары Ассамблеясын
құру туралы» Жарлығымен елдегі қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді
нығайту мақсатында 1995 жылы наурыздың 1 құрылған. Қазақстан Халықтары
Ассамблеясы (ҚХА) – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы кеңесші орган.
ҚХА-ның мақсаты – республикалық оқиғаларға баға беру жəне саяси жағдайларға
болжам жасау негізінде қоғамдағы ынтымақты қамтамасыз ететін іс-тəжірибелік
ұсыныстарды ойластыру, республика азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын
қорғау кепілі ретіндегі қызметіне атсалысу. Ассамблея: мəдени-ағартушылық – тілдер
мен ұлттық мəдениеттерді, салт-дəстүрлерді қайта жаңғырту жəне насихаттау;
AKADEMİ K BAKIŞ DERGİSİ
Sayı: 32
Eylül – Ekim 2012
Uluslararası Hakemli Sosyal Bilimler E-Dergisi
ISSN:1694-528X İktisat ve Girişimcilik Üniversitesi, Türk Dünyası
Kırgız – Türk Sosyal Bilimler Enstitüsü, Celalabat – KIRGIZİSTAN
http://www.akademikbakis.org
7
тəрбиелік – қазақстандық жəне ұлттық отан сүйгіштікті қалыптастыру; ұлтаралық
қатынастарды қадағалау негізінде ұлтаралық татулық пен келісімді нығайту;
Қазақстанды мекен еткен ұлт өкілдері арасында достық қарым-қатынастардың дамуына
негіз болатын мемлекеттік саясат жүргізу жөнінде ұсыныстар дайындау ісімен
айналысады.
2003 жылы 23 желтоқсанда Қазақстан халықтары Ассамблеясының 10
сессиясындағы баяндамасында, Н.Ə.Назарбаев « Біз, еліміздің басты жетістігі -
ұлтаралық қатынас келісімі, біздің ортақ үйіміздегі тұрақтылық пен бейбітшіліктің
орнауы болып саналады деп айтқанымызда, бұл тек жай ғана ақиқат емес. Бұл тұрақсыз
дүниедегі елеулі табысымыз. Мұнда Қазақстан халықтары Ассамблеясының ролі мен
еңбегі өте жоғары»,- деп бағалады.
Ұлтаралық бірлік пен берекені баянды ету қазіргі жаһандану заманында əлемдік
күрделі мəселенің бірі ретінде танылып отыр. Қоғамдық өмірдің бұл саласындағы
жүйелі еңбек əлемдік этносаралық келісімнің қазақстандық үлгісін қалыптастырып
отыр. Тəуелсіз ел болғалы қазақ жеріне əр кездері əртүрлі себептермен қоныс тепкен
100-ден астам этнос өкілдерінің еркін өмір сүруіне жан-жақты жағдай жасалып, сан
алуан еңбек саласында қоғамға пайдалы қызмет етуіне мол мүмкіндік берілді.
Бүгінде Қазақстан халықтарының Ассамблеясы этносаралық қатынастады
үйлестіретін қоғамдық инстиут ретінде 471 өңірлік ұлттық мəдени орталықтар
жұмысын реттеп отыр. Мемлекет 19 республикалық пен аймақтық этностық газетті,
радио мен телебағдарламаларды, 6 этностық театрдың қызметің қолдауда.
Республикада əр этностардың мəдениет күндері, діни мейрамдарымен қатар
балалардың шығармашылық фестивальдеріде назардан тыс қалмайды [9].
Этникаарық қатынастарды конструктивті шешуде Қазақстанның тəжірибесі мол.
Ұлтаралық қатынастарды жетілдіру, үйлесімділікті қалыптастыру Қазақстанның
жетістігі ғана емес, басқа көршілес елдер үшін де жаңа даму үлгісі ретінде қабылданып,
бағаланды.
ҚОРЫТЫНДЫ
Ел Президенті 2011 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында «...біздің ең басты
құндылығымыз - берекелі бірлігіміз», деп атап көрсеткен. Сонымен қатар ел тағдыры
үшін елеулі мəселе үнемі оның ғылыми зерттелуін, проблемалық қырларының дер
кезінде ғылыми ортада танылып талқылануын, қоғамдық ортадағы əлеуметтік-
психологиялық ахуалдың бағдарлануын, өмірлік құбылыстардың адамгершілік,
əлеуметтік мəдениет тарапынан бағалануын, сол негізде қажетті жəне тиімді
шешімдердің қабылданып іске асырылуын талап етеді.
AKADEMİ K BAKIŞ DERGİSİ
Sayı: 32
Eylül – Ekim 2012
Uluslararası Hakemli Sosyal Bilimler E-Dergisi
ISSN:1694-528X İktisat ve Girişimcilik Üniversitesi, Türk Dünyası
Kırgız – Türk Sosyal Bilimler Enstitüsü, Celalabat – KIRGIZİSTAN
http://www.akademikbakis.org
8
Осы тұрғыдан қарағанда əлеуметтану ғылымының əлеуметтіу антропологиялық
əдіснамасының маңызы зор. Оның негізінде əлеуметтік қатынастар мен мінез-
қылықтардың, іс-əрекеттердің өмірлік жəне қоғамдық мəні, адамаралық, этносаралық,
əлеуметтік топтараралық өзарабайланыстар мəдениеті, саяси жəне азаматтық
ұйымдараралық қатынастардың моральдық-адамгершілік қырлары, əлеуметтік сана
мəселесі жатыр.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ƏДЕБИЕТТЕР
Бромлей Ю.В. Очерки теории этноса, (1999), М.:Наука, 234 с.
Гумилев Л.Н. Этногенез и биосфера Земли, (2005), М.:АСТ, 254 с.
Толковый словарь Конституции Республики Казахстан. (1996), Алматы: Жеті жарғы,
334с.
Назарбаев Н.Сындарлы он жыл, (2003), Алматы:Атамұра, 240 б.
Назарбаев Н. Ə. Ғасырлар тоғысында, (2010), Н. Ə. Назарбаев; жауапты шығ. Б. Ғ.
Мұхамеджанов, Алматы : Жібек жолы, 260 б.
Назарбаев Н.Ə. Қазақстан 2030, (1998), Ел Президентінің Қазақстан Халқына жолдауы.
Алматы: Білім, 96 б.
Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы (2004), Бас редакциясын басқарған Б.Аяған,
Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» бас редакциясы, 6 том, 696 б.
Қазақстан Республикасы статистика агенттігі http://www.kaz.stat.kz
Қазақстан халықтары Ассамблеясының ресми сайты http://www.assembly.kz
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
http://www.akorda.kz
Достарыңызбен бөлісу: |