Н. Ә. Назарбаев т аңдамалы сөздер



Pdf көрінісі
бет4/38
Дата12.01.2017
өлшемі3,07 Mb.
#1750
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38

Қымбатты отандастар! 

Біздің  әрқайсымыз  өмірдің  өте  қиын  әрі  күрделі 

кезеңіне қадам бастық. Онсыз өсіп-өркендеген елдер 

қауымдастығына кіру мүмкін болмайтын әлеуметтік- 

нарықтық шаруашылық құруға тәуекел ете отырып, 

біз бұл кезеңді бастан өткізуге мәжбүрміз. Өздеріңіздің 

Президенттеріңіз  ретінде,  өтпелі  кезеңнің  ауыртпа-

лығы мен қиыншылықтарын халыққа жеңілдету үшін, 

қолымнан келетін және мүмкіндігім жететін нәрсенің 

бәрін істемекпін.



55

Халықаралық валюта қоры мен  

Дүниежүзілік банктің  

басшылығымен кездесуде 

СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

Швейцария Конфедерациясы, Давос қаласы, 

1992 жылғы 2 ақпан

Құрметті мырзалар!

Қазақстанды ХВҚ мен Дүниежүзілік банкке қабылдау 

жөніндегі шешім – мейлінше тарихи оқиға. Біз үшін 

ол ХВҚ-дан кредит алу мүмкіндігін білдіріп қана қой-

майды, ең бастысы – Қазақстанның әлемдік қоғамдастық 

алдындағы беделінің көтерілуі. Біздің ХВҚ-ға кіруіміз-

бен Дүниежүзілік банк қаржыландыратын жобаларға 

қатысу мүмкіндігіміз де тікелей байланысты, ал бұл 

біздің мемлекетаралық шептерімізді нығайтады.

ХВҚ-ға  кіруді  мен  Қазақстан  экономикасын  орта-

лықтың көрсоқыр саясаты апарып тіреген тығырықтан 


56

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


шығумен  байланыстырамын.  Өздеріңіз  білетіндей, 

бұрынғы КСРО-да ондаған жылдар бойы дүниежүзілік 

қауымдастықпен  ынтымақтастыққа  қыры  жоқ,  өзге 

дүниеден оқшауланған экономикалық жүйе жасалумен 

болды.

Біз  халықаралық  қаржы  органдары  көмегінің 



терең мәнін түсінеміз. Бізді ешкім кіріптарлыққа да, 

масылдыққа  да  алғалы  отырған  жоқ  –  олар  біздің 

еңсемізді көтеруімізге көмектеспекші. Сондықтан осы 

ұйымдардан алынатын қаржы жыртығымызды жамауға  

емес,  нарық  моторын  іске  қосуға  пайдаланылатын 

болады.


Қазір  біздің  экономикалық  ойлау  кемелдігімізге 

басты емтихан тапсыратын кезіміз келді. Біздің капи-

талға  зәрулігіміз  ересен.  Қазақстан  тым  ушыққан 

инвестициялық дағдарысты бастан кешіруде, әрі мұны 

қазіргі біздің дағдарыстарымыздың ішіндегі ең ауыры 

және салдары жағынан ең қауіптісі десе де болады.

Қолда бар қуаттарды демеуге ғана емес, өндірістік 

әлеуетті кеңейтуге де ақша салмайтын кез келген эко-

номика күйреуге душар болады. Бүгінде мемлекеттік 

күрделі қаржы жұмсалымы барынша кеміген (тиімді 

экономиканың  ерекше  жағдайы),  ал  еркіндік  алған 

кәсіпорындар  өздерінде  бар  қаржыны  жанталасып 

тұтыну қорына бағыттауда.

Ал  көптеген  кәсіпорындардың  техникалық 

жағдайы  олардың  қалыпты  жұмыс  істеуін  қамта-

масыз ете алмайды. Бірақ бұл қаржы ескі қалыппен 

бөлінеді дегенді білдірмейді. Әртүрлі халықаралық 

қаржы  ұйымдарынан  алынған  қаражаттар  шығын-

дары  мен  нәтижелерінің  нақпа-нақ  коммерциялық 


57

негіздемелері, қатаң міндеттемелері бар жобаларға 

жұмсалатын  болады.  Біз  бүгінгі  инвестициялар  

ХХІ  ғасырда  қаншалықты  тиімді  болатынын  және 

олар халық шаруашылығының болашақтағы құрылы-

мына  қалай  әсер  ететінін  анықтап  алуымыз  керек. 

Жақын  арада  мемлекеттік  бюджет  арқылы  іске 

асырылатын  инвестициялық  жобаларды,  шетелдік 

инвестицияларды  сүзгіден  өткізуге  қабілеті  бола-

тын ұлттық агенттік құрылмақшы. Бірақ бұл біздің 

мемжоспарлық  үлгідегі  немесе  ескі  министрліктер 

рухындағы орталықтандырылған үлестіруші жүйені 

қайта қалпына келтірмекші екендігімізді білдірмейді. 

Әңгіме  ықтималды  несиелерді  ақылмен  пайдалану 

туралы болып отыр. Бізге бос ақша емес, ықтималды 

жобалардың  сапасымен  байланысты  ақша  ұсыны-

лады. Бұл республика үшін тарихи мүмкіндік: я біз 

бөлінген  қаржыны  барынша  пайдаланамыз,  я  бол-

маса масқараға ұшыраймыз.

Халықаралық қаржы ұйымдарына мүше болу – тіпті 

де табыс кепілі емес. Оған жету табандатқан еңбекті 

талап етеді, ХВҚ нақты сомада ақша бөлуге келісетін 

экономикалық және қаржы саясатының нақты көзқа-

расы бойынша ХВҚ мен Қазақстан арасындағы пікір 

таласын  қалайды.  Мұндай  жұмыс  басталып  та  кетті 

және мен іс-әрекеттің келісілген бағдарламасы жақын 

арада аяқталатын болар деп үміттенемін.

Мен  Қазақстан  Республикасында  жүріп  жатқан 

экономикалық үдерістер жайынан сіздерді қысқаша 

хабардар етсем деймін.

Өздеріңіз білетіндей, 1991 жылы ел саяси дағдарысты 

басынан кешірді: дүние жүзінің картасынан біртұтас 

КСРО  мемлекеті  жойылды.  Тәуелсіз  Мемлекеттер 


58

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


Достастығы құрылды, бірақ, менің ойымша, ол да эко-

номикалық одақты нығайта алмады.

Керісінше,  жекелеген  мемлекеттер  сепаратизмге, 

интеграциясыздануға  үміт  артып,  өздерінің  эконо-

микалық және әлеуметтік проблемаларын жеке-дара 

шешуге ұмтылуда. Осындай әрекеттердің қорытындысы 

ретінде қазірдің өзінде-ақ көпжылдық шаруашылық 

байланыстары үзілді және соның салдарынан бұрынғы 

одақтас  республикалардың  бәрінде  өндіріс  шапшаң 

құлдырап, инфляция тез қарқынмен шарықтап кетті.

Шындық ТМД субъектілерінің экономикалық саясат 

саласындағы іс-әрекеттерінде үйлесімділіктің жоқтығын 

көрсетеді. Бүгін осы бағытта істеліп жатқанның бәрі – 

нарықтық өзгерістерге немесе рубль аймағы шеңберінде 

экономикалық тұрақтандыру жөніндегі қадамдармен 

нықтаусыз экономикалық дағдарыстан шығуға деген 

бейілділікті жәй мәлімдеу ғана.

Қазір  ТМД  экономикасы  үшін  оңай  шақ  емес. 

Экономикалық парасаттылық саяси шамшылдықтың 

құрбандығына шалынуда. Рубль аймағына кіретін мем-

лекеттерді экономикалық жаңғыртудың, шаруашылық 

жүргізудің нарықтық формаларына көшудің және тіпті 

халықтың тұрмыс дәрежесінің мәселелері саяси ойын-

дардың ермегіне айналды.

ТМД-ның  1991  жылы  әзірленген  экономикалық 

уағдаластықтарының  күллі  топтамасы  1992  жылдың 

қаңтарында-ақ толық күшін жойды.

Қазіргі рубль түбегейлі беделінен айрылуда. ТМД-ны 

құрушылардың КСРО Мемлекеттік банкін жойғанымен, 

ТМД  орталық  банкін  немесе  банкаралық  одақ  құру 

жөнінде ешқандай шешім қабылдамауы жағдайды одан 

әрі күрделендіріп жіберді. Соның салдарынан заңдық 



59

және экономикалық қисынсыздық туды: Ресей он төрт 

тәуелсіз  мемлекетті  өз  валютасымен  қамдайды  да, 

сонымен бірге, қолма-қол ақша алуға өзінің шарттарын 

қояды. Бұл жағдайдың астарында тек қана экономи-

калық қақтығысқа соқтыруы мүмкін іштейгі шиеленіс  

бар. Әрі біз қазірдің өзінде-ақ соның куәгеріміз және 

еріксіз құрбандығына айналып отырмыз.

Мен әрдайым рубль аймағында экономикалық одақ 

құруды  (оған  өз  валюталары  бар  республикаларды 

қосуды да теріске шығармай) жақтап келдім және әлі 

де соны жақтаймын. Мұндай одақтың негізіне тауарлар-

дың, капиталдардың, жұмысшы күші мен қызметтердің 

еркін  ауысу  қағидаттары  алынуы  тиіс.  Маңыздысы 

– қаржының, ақша-несиенің, салықтың, бағаның, әлеу-

меттік саясаттың, көпукладты экономиканың келісілген 

саясаты болуы. Өзара келісім негізінде жалпыұлттық, 

жалпымемлекеттік  үйлестіруші  институттар  құру,  

мемлекеттер  арасындағы  өзара  ықпалдастықтың  

жекелеген  мемлекеттер  тарапынан  өзгелерге  зияны 

тиетіндей  біржақты  шешімдер  қабылдануына  жол 

бермейтін басқару, реттеу және бақылау жүйелерінің 

жұмыс істеуінің ортақ қағидаттарын түзу қажет. 

Мен  мұнда  егемен  мемлекеттердің  қалыптасуына 

күдік  келтірейін  деп  тұрған  жоқпын.  Әңгіме  осы 

ілгерішіл  үдерістің,  тым  болмағанда  өтпелі  кезеңде, 

жете  ойластырылмаған  экономикалық  интеграция-

сызданумен  қатар  жүрмеуінде.  Өйтпеген  жағдайда 

өндірістік  тауарлардың  да,  тұтыну  туарларының  да 

тапшылығы салдарынан мемлекетаралық қана емес, 

мемлекетішілік қайшылықтар да ушығуы мүмкін.

Республикадағы экономикалық жағдай өздеріңізге 

жақсы  мәлім,  ол  туралы  сіздердің  қызметкерлеріңіз 


60

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


жасаған талдау негізінде ХВҚ мен Дүниежүзілік банк 

мәжілістерінде баяндалған болатын. Мен мұнда респу-

бликадағы  экономикалық  реформаның  жекелеген 

бағыттарына тоқталмақшымын, әрине, жаңа жағдай-

ларды және халықаралық беделді қаржы ұйымдары-

ның ұсыныстарын ескеріп, олар әлі түзетілетін болады. 

Үкіметтің  осылайша  мейлінше  пысықталған  нақты 

бағдарламасы жақын арада республика Парламентінің 

сессиясына ұсынылатынын атап айтқым келеді.

Егер республика Үкіметі инфляцияны қоздыратын, 

жеңілдіктер мен өтемдердің өсуіне бағытталған кесімді 

бағаларды сақтайтын тиімсіз өндірістерді қаржыланды-

ратын, табыстардың басым бөлігін индекстейтін саясат 

жүргізуді жалғастыра беретін болса, онда экономика-

лық күйреу болмай қоймайды.

Республика  басшылығының  табанды  саясатының 

арқасында  жаңа  экономикалық  бағыт  серпінді  де 

кешенді  және  бірқатар  негізгі  бағыттар  бойынша 

үйлесімді түрде жүзеге асырылуда. Солардың ең маңыз-

дысы  –  экономикалық  тұрақтылық.  Оның  негізіне 

республика Парламенті қабылдаған бюджет, бұлжымас 

қаржы  саясаты,  салық  реформасы  жөніндегі  заңдар 

топтамасы алынған. Мемлекеттік шығындар құрылы-

мын өзгерту, зиянмен жұмыс істейтін кәсіпорындарды 

қаржыландыруды азайту, мемлекеттік басқару орган-

дарының аппаратын ұстауға жұмсалатын шығындарды 

кеміту және т. б. батыл шаралар көзделген.

Салық жүйесін реформалау оны жаңа жағдайларға 

бейімдеуге және, сонымен бір мезгілде, қағидаттар мен 

құрылымы бойынша нарықтық экономика елдерінің 

салық  жүйесіне  жақындатуға  бағытталған.  Мұндағы 

маңызды нәрсе жаңа салықты – қосымша құн салығын 



61

енгізу болып отыр. Дегенмен, әзірге оның мөлшерлемесі 

тым жоғары екенін атап айту керек. Сондықтан кәсіп- 

орындардың одан жалтаруының алдын алу, сондай-ақ 

кәсіпкерлік қызмет белсенділігі деңгейінің төмендеуін 

болдырмау мақсатымен қосымша шаралар (оның мөл-

шерлемесін кеміту, одан әрі біріздендіру) қолданыла-

тын болады.

Республикадағы экономикалық реформаның басты 

бағыты  –  бағаны  ырықтандыру.  Үкіметтің  бағдарла-

масы ақша жиыны мен рыноктағы тауар ұсынымының 

арасындағы тепе-теңдікті, өте жанға бататын болса да, 

бір ғана жолмен – бағаны ырықтандырумен қалпына 

келтірудің объективтік қажеттілігін басшылыққа алды. 

Бұл ретте нарыққа көшудің бастапқы кезеңінде нақты 

тауар өндірісінің монополиялануы мен сыртқы сауда-

ның ырықтандырылуы деңгейіне байланысты бағаны 

реттеу көзделді. Бағаның одан әрі босатылуы тек уақыт 

еншісіндегі мәселе деп қаралды да, «рубль аймағына» 

кіретін басқа мемлекеттермен келісімді саясат жүргізу 

жорамалданды.

Өкінішке  қарай,  Ресейдің  бағаны  ырықтандыру 

жөніндегі  біржақты  шаралары  республикада  тиісті 

жұмыстар  жүргізіп,  Үкімет  саясатына  тактикалық 

сипаттағы өзгерістер енгізуге мүмкіндік бермеді.

Қазақстанда  экономикалық  дамудың  мемлекеттік 

меншік монополиясына негізделген әкімшіл-әміршіл 

үлгісін боршалаудың белсенді үдерісі жүріп жатыр. 

Бұл  үдерістер  ең  әуелі  билік  жүргізу-шаруашылық 

қатынастарын пәрменді түрде дербестеу, шаруашылық 

жүргізуші  субъектілердің  күш-жігері  мен  шару-

ашылық қызметі нәтижелерінің арасындағы жоғалған 

тікелей  байланысты  қалпына  келтіру  мақсатымен 


62

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


этатистік-төрешіл органдардың монополиясын жоюға 

бағытталған.

Мен мемлекет меншігін мемлекет иелігінен алу мен 

жекешелендірудің бағдарламасын бекіттім, онда қыз-

мет  көрсету  саласындағы  кәсіпорындарды,  сауданы, 

тұрмыстық қызметті, коммуналдық шаруашылықты, 

тұрғын үй кәсіпорындарын, өнеркәсіптің, құрылыстың, 

ауыл шаруашылығының, автокөліктің ұсақ кәсіпорын-

дарын жекешелендіру кезеңі, сондай-ақ индустрия мен 

аграрлық-өнеркәсіптік кешеннің ірі кәсіпорындарын 

акционерлеу кезеңі қоса көрсетілген.

Республикада  мемлекет  меншігін  республикалық 

және муниципалдық (коммуналдық) деп бөлу жүзеге 

асырылды. Бұл мемлекеттік меншікті жекешелендіру 

үдерісін күрт жеделдетуге және оны жүзеге асырудың, 

атап айтқанда, ақылы және тегін тәсілдерді үйлестіру-

дің алуан формалары мен әдістерін қамтамасыз етуге 

мүмкіндік береді. Шағын және орта кәсіпорындарды 

жекешелендіру  серпінді  түрде  дамып  келеді,  бұл 

жұмыскерлердің бойында кәсіпкерлік қызмет машығын 

дамытуға кең ауқымды негіз жасайды.

Экономикалық  реформаның  басқа  шараларымен 

қатар,  меншік  пен  шаруашылық  формаларының 

алуан  түрін  пайдалану  шаруашылық  өмірін  жалпы 

сауықтыру мен ширатуға елеулі үлес қосады.

Сонымен бірге, нарықтық қатынастардың шынайы 

субъектілерін реформа әлі туғыза қойған жоқ. Кәсіп- 

орындар нарықтық ынтаға бұрынғысынша тым енжар.

Мемлекеттің  қаржылық  және  әкімшілік  ауырт-

палығын  кеміту,  бәсекені  дамыту,  экономикалық 

тиімділікті  арттыру,  мемлекеттік  емес  инвестици-

яларды  тарту,  мемлекеттік  монополияны  жою  мен 



63

құрылымдарды  бюрократиясыздандыру  жекеше-

лендіруді жүзеге асырудағы басым міндеттер болып 

қалуда. Мемлекет жекешелендірілген кәсіпорындардың 

қызметін реттеудің жаңа түрлерін жасауға тырысулы.

Біз  мемлекет  иелігінен  алу  мен  жекешелендіру 

үдеріс-терінің баға, банк, қаржы, әлеуеттік, монопо- 

лияға қарсы саясатпен, сондай-ақ кәсіпорындарды мате-

риалдық-техникалық қамтамасыз етуді жақсартумен, 

кәсіпкерлік пен бәсекені дамытумен бір қатарда жүзеге 

асырылуына ерекше мән береміз. Сонымен бірге, жаңа 

талаптарға сәйкес статистикалық, бухгалтерлік есеп пен 

талдау жүйесі де өзгереді.

Қазақстанның табиғи-экономикалық әлеуеті орасан 

зор. Аграрлық секторда 220 млн гектардан аса ауыл-

шаруашылық жерлер, соның ішінде 35,5 млн гектар 

егістік жер бар. Жыл сайын шамамен 24 млн тоннадай 

дәнді  дақыл,  1,5  млн  тонна  ет,  107,7  мың  тонна  жүн 

және  басқалар  өндіріледі.  Ұлттық  табыстың  жалпы 

көлеміндегі  агроөнеркәсіп  өндірісінің  үлес  салмағы  

36,4 %, күрделі қаржы жұмсалымы – 34 %. Ауыл ша -

руашылығы халықтың негізгі азық-түлік түрлеріне деген 

қажетсінуін толық өтеуге және оларды республикадан 

тысқары жерлерге шығаруға мүмкіндік береді.

Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың тиімділігін одан 

әрі арттыру мақсатымен біз оны нарықтық экономика 

жолына салу жөніндегі заңдар топтамасын қабылдадық, 

жаңа әлеуметтік-экономикалық қатынастарды қалып- 

тастырудың, көпукладты меншік формаларын дамыту-

дың құқықтық алғышарттары жасалды. Қазір оларды 

іске  асыру  жөнінде  қарқынды  жұмыс  жүргізілуде. 

Соның нәтижесінде қазірдің өзінде-ақ шаруашылық 

жүргізудің алуан түрлі формалары: кеңшарлар, ұжым-


64

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


шарлар, кооперативтер, шаруа қожалықтары, шағын 

кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар және басқалар 

тең құқықты жағдайда жұмыс істейді.

Кеңшар мүлкін мемлекет иелігінен алу мен жеке-

шелендіру  барысында  акционерлеу,  болашақта  оны 

сатып  алу  мүмкіндігімен  еңбек  ұжымдарына  жалға 

беру, ал жекелеген жағдайларда – негізгі және айналма 

қорларды еңбек ұжымына тегін беру басым дамуда. 

Сонымен  бірге,  атап  өтейік,  ауыл  шаруашылығы 

өндірісінің басты құралы – жер Қазақстан Республика-

сының айрықша меншігі болып қалуда, ол азаматтарға 

өмір бойы мұрагерлік иеленуге, сондай-ақ, шетел аза-

маттарын қоса алғанда, заңды және жеке тұлғаларға 

жалдық шартпен уақытша пайдалануға беріледі.

Шетелдік капиталды, техника мен технологияларды, 

өндірісті ұйымдастыру мен басқару тәжірибесін кеңі-

нен  пайдалану  Қазақстанның  экономикалық  өсуінің 

маңызды секторы ретінде қарастырылады. Республи-

када экономикадағы ілгерішіл құрылымдық жаңғыр-

тулар бағыты жүргізілуде. Қазіргі кезде халық шару-

ашылығына  салалық  құрылымның  дендей  бұзылуы, 

оның аса жоғары селқостығы мен ресурс сыйымдылығы, 

халық тұтынатын  тауарлардың  (негізінен  азық-түлік 

емес) импортына тәуелділік тән. Сондықтан Қазақстан 

экономикасының әлемдік шаруашылық байланыста-

рына неғұрлым белсенді түрде қосылуының мүмкін-

діктерін пайдалану қажет.

Республикада  сыртқы  экономикалық  байланыс- 

тардың 1 100-ден аса қатысушысы, соның ішінде 116 

бірлескен  кәсіпорын  бар,  21  сыртқы  экономикалық  

қауымдастық  жұмыс  істейді,  бірлескен  халықара-

лық  коммерциялық  банк  пен  1  шетелдік  кәсіпорын 



65

ашылған. Экспорттық тауарлар номенклатурасы 290-ға 

жуық атауды қамтиды және дүниенің 80-нен аса еліне 

шығарылады.

Алдағы  жылдарда  экспорт  әлеуетінің  негізін 

Қазақстан  үшін  дәстүрлі  мұнай-газ,  металлургия, 

химия және агроөнеркәсіп кешендерінің өнімі құрай-

тынын атап айту керек.

Осы аралықта, экономикалық талаптарға сай жоба-

ларға сырттан жедел келетін инвестициялар тартып, 

қолдау көрсету мен қажетті жағдайлардың бәрін жасау 

және  шетелдік  инвесторлар  үшін  жағымды  имидж 

қалыптастыру  мақсатында  оларды  ынталандыру-

дың бағдарламасы әзірленіп, қабылданатын болады. 

Әңгіме ауыл шаруашылығы, тамақ және энергетика 

өнеркәсібі, түсті және қара металлургия, қалдықтарды 

қайталама өңдеу, медицина өнеркәсібі, тұтыну тауарла-

рын өндіру, құрылыс материалдарының индустриясы 

және құрылыс сияқты экономиканың басым сектор-

ларындағы жобалар туралы болып отыр. Қазақстан-

дағы инвесторлар қатысатын экономикалық жобалар 

Қазақстанның барлық заңдарында сондай жобаларға 

көзделген артықшылықтарды, заңдық және экономи-

калық  жеңілдіктерді  пайдаланатын  болады  әрі  кем-

сітушіліктің ешқандай түріне душар етілмейді. Әлемдік 

қоғамдастықтың Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде 

мойындауы оған халықаралық құқықтың қолданыстағы 

нормаларына сәйкес сыртқы экономикалық қызметті 

қамтамасыз  ететін  заңнама  тұрғысынан  белгілі  бір 

міндеттемелер жүктейді. Шетелдік инвестициялар мен 

концессиялар туралы, сыртқы экономикалық қызмет-

тің негізгі қағидаттары туралы, еркін экономикалық 

аймақтар туралы заңдар қабылданды.


66

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


Бұл заңдардағы нормалар ықтимал шетелдік серік-

тестердің  Қазақстан  экономикасына  капитал  инве-

стициялауын  ынталандыратындай  етіп  белгіленген. 

Қазақстанның барлық аумағында орналасқан шетелдік 

кәсіпорындар мен шетелдік капиталы 30 %-дан асатын 

бірлескен кәсіпорындар жарияланған пайдасын алған 

сәттен бастап 5 жыл мерзімге дейін оған салық төлеуден 

босатылатыны көзделген.

Қазақстан  шетел  инвесторларына  шетелдік  қаты-

сушысы  бар  заңдық  тұлғалардың  қызметінен  және 

оларды жоюдан, сондай-ақ олардағы өз үлестерін сату-

дан түскен қаржысын шет елге еркін аудару құқығына 

кепілдік береді.

Тұтастай  алғанда,  экономикалық  реформаның 

нәтижелері мен қоғамда қалыптасқан ахуалдың жақ-

саруы  ішкі  де,  сыртқы  да  факторларға  байланысты 

болатынын атап айту керек. Бұл жағдайда Қазақстан 

Республикасының басты міндеті өзінің іс-әрекетіндегі 

дәйектілігі мен табандылығы, оларды басқа мемлекет-

термен үйлестіріп, келісу, іске мейлінше кәсіби, білік-

тілік тұрғысынан қарай отырып, жер-жердің бәрінде 

нарықтық әдістерді пайдалану болмақшы.

Мен  халықаралық  қаржы  органдары,  әлемдік 

қоғамдастық  көрсететін  көмек  Қазақстанның  эконо-

микалық дағдарыстан шығуына мүмкіндік береді деп 

пайымдаймын және, уақыты келгенде, біздің еліміз де 

ХВҚ мен Дүниежүзілік банк арқылы әлемнің экономи-

калық дамуына да дәл осылайша ықпал ететін болады 

деп үміттенемін. 


67

Қазақстанның егемен мемлекет ретінде 

қалыптасуы мен дамуының 

СТРАТЕГИЯСЫ

Алматы қаласы, 

1992 жылғы 16 мамыр

І. Қазақстан дамуының стратегиялық 

мақсаттары мен тұжырымдамалық үлгісі

Бұрынғы  Кеңес  Одағының  бет-бейнесін  түбегейлі 

өзгерткен оқиғалар тарих еншісіне айналды.

Қоғамдық организм, онда орын алған саяси және 

экономикалық қатынастар өзгеру үстінде. Қоғам мен 

экономика  барған  сайын  ашық  сипатқа  ие  болуда. 

Демократияның дамуы, меншік қатынастарын рефор-

малау және толыққанды нарыққа қадам басу эконо-

миканы  дағдарыстан  шығарудың  баламасыз  жолы 

ретінде танылып, ұлттық мемлекеттің қалыптасуы үшін 

қолайлы жағдай жасауда.


68

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


Осы бағытпен жүре отырып, біз қалыптасқан шын-

дықты байсалды бағалап, қандай да болсын әсіре құл-

шыныстан бас тартып, сабырлы да салмақты іскерлікпен 

қарулануға тиіспіз. Әрі ең бастысы – барлық қоғамдық 

қайта құруды бұрынғы тоталитарлық режімнің сана- 

мыздағы және қылықтарымыздағы өзіміз қанша қала-

сақ  та,  тез  арыла  қоюымыз  қиынға  соғатын  сарқын-

шақтарын  міндетті  түрде  ескере  отырып,  халықтың 

қалыптасқан психологиясы мен дәстүріне сәйкес жүзеге 

асыру қажет.

Қазақстанды біз үшін басқа ешкім де өзгертпейтінін, 

әлемдік қоғамдастықта оған лайықты орын алып бер-

мейтінін, біздің өміріміздің қалыбын жоғары көтермей-

тінін түсіну маңызды.

Бүгінде біз алдымызға қандай стратегиялық мақсат-

тар қойып отырмыз? Саясат саласында олар мынаған 

саяды:

– жас егемен мемлекетті күшті президенттік респу-



блика құру бағытында дамыту;

–  демократиялық  өзгерістерді  тереңдететін  және 

көпұлтты  қоғамды  топтастыруға  жағдай  туғызатын, 

жаңа саяси қайраткерлер мен лидерлерді ұсынатын 

көппартиялы жүйе құру;

– басты саяси мақсат ретінде, әсіресе, өтпелі кезеңде 

экономикалық реформаларды ойдағыдай жүзеге асы-

рудың қажетті шарты ретінде тұрақтылықты қамта-

масыз ету;

–  геосаяси  тұрғыдағы  өзін  өзі  айқындауды  ескере 

отырып,  Қазақстанның  қауіпсіздігі  мен  егемендігін 

қамтамасыз  ететін  көпжақты  әрі  әртүрлі  нұсқадағы 

әскери-саяси және экономикалық тепе-теңдікті сақтау;

– демократиялық бостандықтар мен адам құқықта-

рын сақтау есебінен Қазақстанның әлемдік қоғамдас-


69

тықтағы саяси салмағын арттыру, әлемдік экономикада 

өзіндік және қомақты орнын іздеу;

–  әлем  шаруашылық  байланыстарына  ену  техно-

логиясында Қазақстанның тиімді геосаяси жағдайын  

пайдалану.

Еуропа мен Азияның арасындағы орталықта орна-

ласқан Қазақстан аумағы ежелден осында мекендеп келе 

жатқан көне тайпалармен және олардың ұрпақтарымен 

қоса қызу сауда және саяси байланыстардың сахнасы 

болды. Сондықтан Қазақстан бүгінде Еуропа, КСРО-

ның ортаазиялық бөлігі, жедел дамушы Азия-Тынық 

мұхит аймағы және Азия құрлығының оңтүстігі ара-

сында байланыстырушы буынның стратегиялық маңы-

зды рөлін атқара алады.

Экономика саласында:

– бәсекелестікке негізделген, экономикалық және әлеу- 

меттік өзара байланыстардың ортақ жүйесінде әрқай-

сысы өз міндетін атқаратын негізгі меншік түрлерін 

(жеке меншік пен мемлекеттік меншікті) үйлестіріп, 

ықпалдастыратын әлеуметтік нарықтық экономика құру;

– адамның экономикалық өзін өзі айқындау қағида-

тын іске асыру үшін құқықтық және басқа да жағдайлар 

жасау.


Мемлекеттік меншіктің үлесі үнемі азая береді және 

болашақта, сірә, 30 % төңірегінде тұрақтайтын болар. 

Бұл біздің экономиканың өзегі республиканың меншігін 

құрайтын жер қойнауының байлықтарына негізделген 

салалардан тұратынына байланысты. 

Біздің әлеуметтік нарықтық шаруашылыққа қадам 

басқан кезеңдерімізде мемлекеттік реттеу элементтері 

пайдаланылатын болады. 



70

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


Қазақстан үкіметінің экономикаға, оның оңтайлы 

құрылымын қалыптастыруға ықпалы макроэкономи-

калық сипат алады, ол қабылдайтын шешімдер нарық  

серпініне  негізделіп,  ақша  айналымын  реттеуге,  

салық,  баж  салығы  және  бюджет  саласындағы  сая-

сатқа, валюта бағамы мен банк пайызына байланысты  

болады. 

Экономика дағдарыстан шыққаннан кейін немесе 

тұрақтанған соң ұлттық валютаны енгізу және оның 

ішкі, ал одан соң сыртқы өтімділігін қамтамасыз ету 

мәселесі алға қойылады. Өтпелі кезеңде ортақ валюта 

– рубльдің маңызды екені сөзсіз. Бірақ ол Қазақстан-

ның  дербестігін  тежейтін  және  оның  экономикалық 

қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін екенін естен шыға-

руға болмайды.

Сондай-ақ банк жүйесін жаңғырту, құнды қағаздар 

нарығын жасап, оны реттеу де қажет болады. 

–  Қазақстанның  табиғи  ресурстарының  негізінде 

және ұқсатушы әрі ғылымды көп қажет ететін сала-

ларды  жеделдете  дамыту,  қазіргі  шетелдік  техника 

мен технологияларды қатыстыра отырып, экспорттық 

және  импортты  алмастырушы  өндірістер  есебінен 

оның экономикасын қайта құру арқылы әлемдік тауар 

рыногында өзінің нақты орнын табу немесе оны өзге 

елдермен бөлісу;

– тұтыну рыногын молықтыру. Бұл – еңбекке ынта-

ландыруды күшейтудің, қазақстандық отбасының тұр-

мыс сапасын жақсартудың әрі әлеуметтік тұрақтылық 

қалыптастырудың басты жолы. Тұтыну тауарларының 

жеткілікті  молшылығы  болмайынша,  еңбекке  деген 

құлшыныс күшті болмақ емес. Онсыз инфляция мен 

бюджет тапшылығын да жоюға болмайды;



71

– Қазақстанды дамыту үшін шетел инвестицияларын 

тарту мен тиімді пайдалану.

Нарыққа  көшуді  жүзеге  асыра  отырып,  сонымен 

бір мезгілде, біз экономиканы құрылымдық жағынан 

қайта құруды және қорғаныс кәсіпорындарын конвер-

сиялауды жүргізуге, техникалық және технологиялық 

артта қалушылығымызды жойып, экологиялық таза 

өндірістері  бар  жоғары  индустриялы  елге  айналуға 

тиіспіз. Республиканың халықаралық экономикалық 

және қаржы органдарына белсене қатысуының, шетел 

банктері жүйесін ашуының маңызы өте зор.

Сонымен бірге, Қазақстан әлеуетінің молдығы сон-

дай, көз жетерлік болашақта республика өзінің капи-

талын басқа елдердің экономикасына жұмсай алатын 

мемлекетке айналады деп нық сеніммен айтуға болады.

Әлеуметтік даму саласында:

– іс жүзінде баршаның игілігін қамтамасыз ететін 

қоғам орнату;

– әрбір ниет білдірушінің кәсіпкерлік еркіндігі мен 

кәсіпкерліктің кез келген басқа саласына күш жұмсау 

мүмкіндігін қамтамасыз ету. Өз тәжірибемізде көзіміз 

жеткеніндей,  теңгермешілдік,  экономикалық  еркін-

діктің болмауы адамның ынтасын жояды. Мұның өзі 

қоғамның серпінділігін жоғалтуға әкеліп, әлеуметтік 

масылдықты туғызады;

–  этностық  өзіндік  ерекшелікті  дамыту  және 

Қазақстанның ұлттық-мәдени алуан түрлілігін сақтау, 

соның негізінде қоғамдық-саяси ахуалы тұрақты өңір 

ретінде оның әлемдегі беделін арттыру;

– экономиканың өсуі мен тұрақтануына және оның 

әлемдік шаруашылық байланыстарына кірігуіне орай 



72

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


еңбек табыстарын, зейнетақыны және жәрдемақыны 

арт-тыру, бірақ заңсыз баюға жол бермеу.

Осылайша, Қазақстан дамуының тұжырымдамалық 

үлгісі ашық тұрпатты қоғам, демократиялық, бейбітшіл 

мемлекет құруды көздейді, ал ол:

а) адам құқықтары мен бостандықтарына, саяси және 

идеологиялық плюралимзге кепілдік беретін, дәйекті  

азаматтық татулық пен ұлтаралық келісімді, сенімді 

қорғаныс пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін, халықара-

лық қоғамдастықта лайықты әрі тең дәрежелі жағдайға 

ие  болатын  мықты  президенттік  республика  болып 

табылады;

ә) әралуан меншік түрлері мен әлеуметтік жауап-

кершіліктегі кәсіпкерлігі, салиқалы бәсекелестігі бар, 

шетелдік  инвесторлар  алаңсыз  қатысатын  кемелді 

нарықтық экономикаға сүйенеді;

б) айқын бедерлі әлеуметтік бағыты бар, ешкімді ала-

ламастан жұрттың бәріне бірдей өз қабілеттерін қолда-

нуға және материалдық жағынан лайықты өмір сүруге 

тең жағдай жасап, мүмкіндік туғызады, әрбір халықтың 

ұлттық ерекшелігін сақтап, дамытады, дәйекті дамудың 

негізі ретіндегі ұлттық пәтуа саясатын жүргізеді.

Осындай  үлгінің  шындыққа  айналуы  үшін,  әрбір 

қазақстандықтан,  оның  ұлтына,  діни  сеніміне,  саяси 

тұрғы-дан ұнатуына немесе ұнатпауына қарамастан, 

экономикада  түбегейлі  өзгерістер  жасамайынша, 

Қазақстанның лайықты болашағы ешқашан болмай-

тынын айқын түсінуі талап етіледі. Гүлденген қоғамға 

тек нарық, ашық экономика, кәсіпкерлікті жан-жақты 

қолдау арқылы ғана жетуге болады.

Егер  барынша  нақты  айтатын  болсақ,  таяудағы  3 

жылда біздің алдымызда тұтыну рыногын бір қалыпқа 



73

келтіру,  келесі  7–10  жылда  экономиканың  шикізат 

сипатын жою мен инфрақұрылымды дамыту үшін ірі 

қадамдар жасау, тағы бір 5–7 жылда жаңа индустри-

ялық елдердің қатарына қосылу міндеті тұр.

Қазақстанда либералдық немесе халықтық капита-

лизм емес, шынайы, яки жаңғырған социализм де емес, 

тек қана көпукладты нарықтық экономикасы бар, әр 

адамға өзінің экономикалық, әлеуметтік, ұлттық және 

саяси мүдделерін іске асыруын өзі таңдап, экономи-

калық өзін өзі айқындауына тең мүмкіндіктер ашатын 

қалыпты демократиялық қоғам болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет