Н. Ә. НАЗАРБАЕВ
Т
АҢДАМАЛЫ СӨЗДЕР
Н. Ә. НАЗАРБАЕВ
Т
АҢДАМАЛЫ
СӨЗДЕР
Астана – 2014
IІ том
1991–1995
УДК 342.5
ББК 67.400.6
Н 17
«Н. Ә. Назарбаев. Таңдамалы сөздер» көп томдық басылымының
екінші томына Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 1991–1995 жылдар кезеңінде
жұрт алдында сөйлеген өзекті сөздері енгізілді. Мұнда тоталитар-
лық жүйе қирап, мемлекеттіліктің жаңа үлгісін іздеу мен нарықтық
экономиканың қалыптасу үдерісі жүрген ең қауырт және айқындау-
шы кезеңдердің бірі – Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылда-
рындағы оқиғалар баяндалады.
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрлігі
«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
бағдарламасы бойынша жарық көрді
ISBN 978–601–277–185–5 (Т. ІІ)
© Назарбаев Н. Ә., 2014
ISBN 978–601–277–183–1
© «Сарыарқа» баспасы, 2014
УДК 342.5
ББК 67.400.6
Н 17
Назарбаев Н. Ә.
Таңдамалы сөздер.
– Астана: «Сарыарқа» баспасы, 2014.
ISBN 978–601–277–183–1
Т. ІІ. – 1991–1995 жж. – 736 б.
ISBN 978–601–277–185–5
7
ЖОЛ БАСЫНДА
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті
Н. Ә. Назарбаевтың «Таңдамалы сөздерінің» екінші томы
еліміз тәуелсіздігінің алғашқы жылдарындағы (1991–
1995 жж.) оқиғаларға арналған. Бұл тоталитарлық жүйе
қирап, мемлекеттіліктің жаңа үлгісін іздеу мен нарықтық
экономика қалыптасуының күрделі үдерісі жүрген,
мемлекеттік құрылыс тұрғысынан алғандағы ең қауырт
және айқындаушы кезеңдердің бірі еді.
Бұл уақыт Қазақстан тарихына шынтуайтында жаңа
елдің тууының, мемлекеттің іргетасы қалануының, алғаш-
қы жылдардағы қиын-қыстау қалыптасуы мен әлемдік
қауымдастық тұрғысынан таныла бастауының мей-
лінше маңызды және алмағайып кезеңі ретінде кірді.
Қазақстандағы қазіргі қоғамдық құрылыстың сая-
си-құқықтық және институционалдық арқауы нақ осы
жылдарда түзілді, коммунистік жүйеден демокра-
тиялық бостандықтар мен экономикалық көпуклад-
тылыққа көшуге бағытталған өзекті реформалар жүзеге
асырылды.
Бұл ауқымы мен мән-мағынасы жағынан тағдыр-
шешті оқиғалар көзді ашып-жұмғандай жылдам-
дықпен бірін бірі алмастырып жатқан аса қауырт әрі
нығыздалған уақыт болатын.
1991 жылғы 10 желтоқсанда 1991 жылдың 1 желтоқ-
санындағы алғашқы бүкілхалықтық сайлау нәтижесі
8
II ТОМ. 1991–––––
–
1995
бойынша сайланған Қазақстан Республикасы-
ның Президенті Н. Ә. Назарбаевты ұлықтау рәсімі
болды.
16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының
Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасының мем-
лекеттік тәуелсіздігі» туралы Конституциялық заң
қабылдады да, ол біздің еліміздің шынайы тәуелсізді-
гінің бастау жолын салып берді. Онда Қазақстан Респу-
бликасы тәуелсіз мемлекет ретінде бүкіл аумағындағы
барша билік толықтығына ие болатыны, өзінің ішкі
және сыртқы саясатын дербес анықтайтыны салтанатты
түрде жарияланды. Бұрынғы Қазақ КСР-інің аумағы
тәуелсіз жаңа мемлекеттің аумағы деп танылды және
оның бөлінбестігі мен қол сұғылмастығы жария етілді.
Барлық «ұлттардың азаматтары бұдан былай біртұтас
Қазақстан халқын құрайды, мемлекеттік билік соның
еркіне негізделеді делінді.
Қазақстан жағының бастамасымен 21 желтоқсанда
бұрынғы 11 кеңестік республикалардың басшылары
Алматы қаласында бас қосып, Кеңестік Социалистік
Республикалар Одағының тарағанын және Тәуелсіз
Мемлекеттер Достастығының құрылғанын заң жүзінде
жариялаған Алматы декларациясына қол қойды.
Жаңа дәуір басталды...
* * *
Қазақстан Республикасы Президентінің қызметіне
кірісуіне арналған салтанатты рәсімде сөйлеген
сөзінде Н. Ә. Назарбаев жас мемлекеттің алдында
тұрған бірінші кезектегі міндеттердің шеңберін
айқындап берді: «Саясатта бұл – билікті бөлісуге
қатысты қадамдар. Бұл – атқарушы органдардың
9
сындарлы басқару жүйесін құруға мүмкіндік беретін
сатылас президенттік құрылымдарды қалыптастыру.
Бұл – республика Жоғарғы Кеңесінің объективті
түрде кәсіби парламентке ұласуы, ал ол депутаттар
жасағын және жергілікті Кеңестердің далиып кеткен
аппараттарын елеулі түрде қысқарту қажеттігімен
байланысты. Бұл – пікір алуандығын қолдай оты-
рып, экстремизм мен ұлттық алауыздықты, респу-
бликаның аумақтық тұтастығына қарсы бағытталған
сепаратизмді уағыздайтын партиялар мен қозғалыс-
тардың қызметіне сөзсіз тыйым салу. Бұл – құқықтық
тәртіп пен заңдылықты сақтауды нығайту жөнін-
дегі батыл қадамдар. Бұл – барлық қазақстандықтар
құқықтарының теңдігі негізінде ұлтаралық келісімді
сақтау, мемлекеттік саясаттың іргелі қағидаты ретіндегі
саяси тұрақтылықтың басымдығы.
Осындай саяси негіз болмайынша, Қазақстанды
қазіргі заманғы өркениеттің арнасына түсіру, бағаны
ырықтандыруды, қаржыны сауықтыруды, жекешелен-
діруді, нарықтық инфрақұрылым қалыптастыруды,
меншіктің барлық түрлерінің теңдігін көздейтін эконо-
микалық терең өзгерістерді жүзеге асыру мүмкін емес.
Экономикалық жаңғырудың басты қозғауыштарының
бірі болуға тиісті ұжымдық және жеке кәсіпкерліктің
жолындағы кез келген төрешілдік кедергілерді жою
маңызды».
Бұдан кейін Н. Ә. Назарбаев мемлекеттік құрылыс-
тың басымдықтарына көзқарасын «Қазақстанның еге-
менді мемлекет ретіндегі қалыптасуы мен даму страте-
гиясында» (1992 ж.) және «Қоғамның идеялық топтасуы
– Қазақстан дамуының басты шарты» (1993 ж.) деген
еңбектерінде негіздеді, «Ресурс сақтау мен нарыққа
10
II ТОМ. 1991–––––
–
1995
көшу стратегиясымен» (1992 ж.) қоса, бұлар Қазақстан
Республикасындағы мемлекеттік құрылыс теориясы
бойынша алғашқы іргелі еңбектер болды.
Осылайша, Н. Ә. Назарбаев болашақ елдің түп
бейнесін – Қазақстанның ашық тұрпатты қоғам, демо-
кратиялық, бейбітшіл мемлекет ретіндегі дамуының
тұжырымдамалық үлгісін жасады, ал ол, Қалыптасу
стратегиясында атап көрсетілгендей:
а) адам құқықтары мен бостандықтарына, саяси және
идеологиялық пікір алуандығына кепілдік беретін,
тұрақты азаматтық татулық пен ұлтаралық келісімді,
сенімді қорғаныс пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін,
халықаралық қауымдастықта лайықты және тең
құ қықты жағдайға ие болатын мықты президенттік
республика болып табылады;
ә) әралуан меншік түрлері мен әлеуметтік жауап-
кершілікті кәсіпкерлігі, жетілген бәсекесі бар, шетелдік
инвесторлар алаңсыз қатысатын дамыған нарықтық
экономикаға сүйенеді;
б) айқын бедерлі әлеуметтік бағыты бар, ешкімді ала-
ламастан жұрттың бәріне бірдей өз қабілеттерін қолда-
нуға және материалдық жағынан лайықты өмір сүруге
жағдай жасап, мүмкіндік туғызады, әрбір халықтың
ұлттық ерекшелігін сақтап, дамытады, тұрақты даму-
дың негізі ретіндегі ұлттық пәтуа саясатын жүргізеді.
Осыншама ауқымды міндеттерді шешу қажеттігі
қоғамды шоқтай үйіріп, жұмылдыруға қабілетті мемле-
кеттік биліктің пәрменді құрылымын жасауды талап етті.
КОКП-ның саяси сахнадан кетуіне байланысты
билікте пайда болған бос кеңістікті Жоғарғы Кеңес
бастаған халық депутаттарының Кеңестері толтырмаққа
әрекет етіп көріп еді, бірақ оларынан ештеңе шықпады.
Реформалар қайшылықтарды шиеленістіріп жіберді
және өршелене түскен әлеуметтік-экономикалық
11
дағдарысқа төтеп беріп, елдің нарықтық экономикаға
көшуін қамтамасыз етуге Кеңестердің қабілетсіз екен-
дігін әшкереледі. Осындай жағдайда қолына биліктің
бар мүмкіндігін жинақтаған Кеңестер жүйесі іс жүзінде
Қазақстанның одан әрі даму жолындағы кедергіге
айналды. Онымен де қоймай, ол тіпті демократиялық
қоғамның түп негізіне – билікті бөлісу қағидатына
қайшы келді.
Конституциялық реформаның қажеттігі пісіп-
жетілді және ол 1993 жылғы 28 қаңтардағы Конститу-
циядан өзінің тұжырымды бейнесін тапты.
Жаңа Конституция Қазақстан егемендігінің қалыпта-
суын заң жүзінде баянды етті. Алайда көп ретте 1978
жылғы Қазақ КСР Конституциясының көшірмесі түрін-
дегі Негізгі заң ымыралы сипатта болатын. Бұрынғы
сатылас Кеңестер түріндегі өзекті тетігін сақтап қалған
жаңа Конституция шын мәнінде Қазақстанның қолы
жеткен мемлекеттігінің астына кідіріп жарылатын мина
қойғандай еді. Елде, әсілі, қос өкімет қалыптасып, іс
жүзінде оның дамуын тұралатты және өзінің тез арада
шешілуін қажет етті.
Қазақстандағы саяси өмірдің Президент пен Жоғарғы
Кеңес арасындағы қарама-қайшылықпен сипатталатын
одан кейінгі мазмұнын көбіне-көп осы жағдай айқын-
дады.
Президенттік-парламенттік қарама-қайшылықтың
шарықтау шегі 1993–1995 жылдардағы екі дүркін пар-
ламент дағдарысы болды да, олар Жоғарғы Кеңесті
мемлекеттік институт ретінде жоюмен аяқталды.
Мемлекеттік биліктің дәрменсізденуіне жол бермеу
мақсатында 1995 жылғы 29 сәуірде бүкілхалықтық
референдум өткізіліп, ол Президент Н. Ә. Назарбаевтың
өкілеттігін 2000 жылға дейін ұзартты.
12
II ТОМ. 1991–––––
–
1995
Жоғары заң шығарушы орган болмаған кезде Прези-
дент заң шығару қызметінің ауыртпалығын өз мойнына
алуға мәжбүр болды. Осы кезеңде оның заң күші бар
жарлықтарымен құқықтық реттеудегі саңылауды толты-
руға, экономиканы және мемлекеттік құрылысты одан
әрі ауқымды түрде жаңғырту үшін нақты негіз қалай-
тын едәуір заңнамалық база қалыптастыруға мүмкіндік
туды. Мұның сыртында, конституциялық нормаларды
мүм кіндігінше тез іске «қосу» үшін, президенттік жар-
лықтармен конституциялық заңдардың негізгі бөлігі
қабылданды. Осы мерзімде Президент барлығы заң кү ші
бар 134 жарлық пен біздің халықаралық шарттарымызды
бекіту туралы 60-тан аса жарлық шығарды.
Сонымен бір мезгілде ел Президенті қажеттілігі
бұрынғысынша Қазақстанның күн тәртібінде өткір
тұрған жаңа Конституцияның жобасын әзірлеуге баста-
машы болды. Бұл жоба бүкілхалықтық талқылаудан
өткен соң, референдумға шығарылды. 1995 жылғы 30
тамызда өткен республикалық референдумда дауыс
беруге қатысқан ел азаматтарының 89,1 %-ы Қазақстан
Республикасының жаңа Конституциясын жақтап
шықты, сөйтіп ол уақыт талабына сәйкес мемлекетті
басқару ісін ұйымдастыруға, адамның, азаматтың мен-
шігіне, құқықтары мен бостандықтарына және басқа-
ларға қатысты көптеген мәселелерді шешіп берді.
* * *
Экономикалық салада да маңызы мен күрделілігі
бұдан кем түспейтін үдерістер жүріп жатты.
КСРО-дан Қазақстанға мұра болып жоспарлы эко-
номикалық жүйенің шикізат шылауы қағидаты бой-
ынша құрылған теңгерімі бұзылған экономика қалған
13
еді. Кеңес Одағының күйреуі адам айтқысыз жұмыс-
сыздықпен, асқынған инфляциямен, шаруашылық
қатынастарының бұзылуымен қоса жүрді. Экономи-
кадағы төлемсіздіктер көлемі республикадағы ІЖӨ
көлемімен тең болды, несие мөлшерлемесі 400 %-дан
асты, жылдық инфляция 2500 %-ға дейін жетті, кәсіп-
орындардың жартысынан көбі банкрот болды немесе
шығынмен жұмыс істеді, орташа айлық жалақы 2 еседен
аса, ал ең төменгі жалақы – 90 %-дай кеміп кетті.
Өндірістің құлдырауы, қаржылық нәрлендірудің ескі
арналарының болмауы бюджеттің кіріс бөлігін бірден
кемітіп жіберді. Соның салдарынан мемлекет өзінің
шығындарын күрт қысқартуға мәжбүр болды, ал бұл
әлеуметтік салаға қатты әсер етті және халықтың тұрмыс
деңгейінің елеулі түрде төмендеуіне соқтырды.
Осының бәрі экономиканы тұрақтандыру мен тез
арада нарыққа көшу жөніндегі шұғыл әрі батыл шара-
ларды қажет етті. Осы мақсатпен бағаны ырықтандыру,
мемлекет иелігінен алу және жаппай жекешелендіру
мен басқа да қадамдар жасалды.
1990-шы жылдардың ортасында-ақ экономика
құрылымындағы жеке бизнестің үлес салмағы 80 %-ға
жетті, соның ішінде ауыл шаруашылығында – 95 %,
өнеркәсіпте – 86 %, құрылыста – 84 %, көлікте 56 %
болды. Жалпы ұлттық өнім өндірудің тұтас көлемінде
жеке сектордың үлесі 50 %-ға дейін, соның ішінде
өнеркәсіпте – 45 %, ауыл шаруашылығында – 90 %-дай,
саудада – 85 %, құрылыста – 60 % өсті.
Қазақстан Халықаралық валюта қорына кіріп, шетел-
дік бизнеске өз рыногын ашты, бірлескен кәсіпорындар
құра бастады. Республикаға шетелдік инвестициялар
тарту саясатының «ізашарлары» қатарында «Шеврон»,
14
II ТОМ. 1991–––––
–
1995
«Филипп Моррис» сияқты және басқа да әлемге әйгілі
компаниялар келді.
Сонымен бірге, 1993 жылдың соңына дейін рубль
аймағында тұрған Қазақстанның іс жүзінде дербес эко-
номикалық саясат жүргізуіне нақты жағдайы болмады.
1993 жылғы 15 қарашада Қазақстанда өзінің ұлттық
валютасы – теңге енгізілді де, бұған нүкте қойылды.
* * *
Елдегі күрделі саяси және әлеуметтік-экономикалық
жағдайда этносаралық қатынастар саласында да белгілі
бір деңгейде жағымсыз ахуал қалыптасты.
Бұл кезеңде неғұрлым өткір пікірталас қос аза-
маттық туралы мәселе бойынша кең өрістеді. Деген-
мен ақырында ақылға сыйымды пікір белең алды:
қос азаматтыққа жол берілмеді, сөйтіп елдің саяси
және экономикалық қауіпсіздігіне деген қатер елеулі
түрде бәсеңдеді. Мәселе мынада: КСРО-ның ыдырауы
барысында бұрынғы республикалар арасында толып
жатқан аумақтық және мүліктік өзара талап қою-
шылық жинақтала бастаған болатын, ал Қазақстанның
айналасында және өз ішінде шекараларды қайта пішуге
үндеген сепаратистік пиғылдағы саяси топтар белсенді
бола түскен еді.
Тұтастай алғанда, Қазақстандағы этносаралық
келісімді демеуге шешуші дәрежеде ел Президентінің
сарабдал және дәйекті саясаты ықпал етті. Этнос-
аралық келісімді, азаматтық татулық пен қоғамдық
тұрақтылықты шын мәнінде Н. Ә. Назарбаевтың саяси
философиясының «үш ұстыны» және сөзсіз категория-
лық императивтері деуге болады, ал оларсыз Қазақстан
қоғамының ілгерішіл дамуы мүлдем болмақ емес. Бірақ
15
көптеген елдерде және ғылыми доктриналарда көпэтнос-
тықты «жарылыс қауіпті» фактор деп санайтын болса,
Н. Ә. Назарбаев тіпті 1980-ші жылдардың соңынан
бері мемлекеттің этностық, тілдік, конфессиялық әр -
алуандығын баға жеткісіз әлеуметтік-гуманитарлық
капитал және топтасудың факторы ретінде қарастырып,
әлгі таптаурын пікірді талқан етті. Бұл стратегияның
заңды қорытындысы 1995 жылы Қазақстан халықтары
Ассамблеясының – ел Президентінің жанында консуль-
тативтік-кеңесші орган ретінде жұмыс істейтін, дүниеде
өзге теңдесі жоқ бірегей ұйымның құрылуы болды.
Ел басшысы Ассамблеяның әмбебап және бұлжымас
рөлін оның жұмыс істей бастаған алғашқы жылдарын-
да-ақ ашып көрсеткен болатын: «Ұлтаралық келісім
– тәуелсіздіктің бірінші және екінші бесжылдығы-
ның мәселесі емес әрі жалаң саяси прагматизмнің де
мәселесі емес. Біз мынадай қарапайым екі шындыққа
тоқтап, келесі ұрпаққа қалдыруымыз керек: Қазақстан
әрқашан көпэтностық мемлекет болады әрі ешқандай
ұлттық тазалау дейтінді ешкім және ешқашан жүргіз-
бейді; біздің көпэтностығымыз – орасан зор мәдени,
экономикалық және саяси ресурс. Міндет қарапайым
ғана – азаматтық тұтастықты бәріміз сезінуіміз керек.
Дегенмен осы қарапайымдылықтың астарында бір
жағынан өткенді аңсаушылық, екінші жағынан ағаның
астамшылығы мен інінің төменшіктігі секілді үлкен
қиындықтар бар. Жаңа саяси шындықты – тәуелсіз
Қазақстанды – біз неғұрлым тез ұғынатын болсақ және
әркім оның тағдырына өзінің қатыстылығын неғұрлым
тез сезінетін болса, ұлтаралық келісім солғұрлым берік
болмақшы».
16
II ТОМ. 1991–––––
–
1995
Мұнымен бір мезгілде басқа бір үдеріс – кезінде
Отанын тастап кетуге мәжбүр болған оралмандардың
Қазақстанға қайтуы басталды. Қазақ диаспорасының
әртүрлі бөліктерінің Қазақстанмен қайта табысуын
шешуші түрде бастап берген қазақтардың 1992 жылғы
І Дүниежүзілік құрылтайы болды, оған әлемнің 30-дан
астам елінен 700-ден аса делегат жиналды. Онда осы
заманғы қазақ этносының келелі проблемалары талқы-
ланып, Қазақтардың дүниежүзілік қауымдастығы
құрылды және оның төрағасы болып Н. Ә. Назарбаев
сайланды.
* * *
Тәуелсіздік алған алғашқы күндерінен бастап-ақ
Қазақстан әлемдік қоғамдастыққа өзін мойындатуға,
қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және өзара тиімді эко-
номикалық қатынастар орнатуға бағытталған белсенді
көпвекторлы саясат жүргізді.
Қазақстанның тәуелсіздігін бірінші болып таныған
Түркия Республикасы болды, ал содан соң оны дүние
жүзі мемлекеттерінің басым көпшілігі мойындады.
Артынша шет мемлекеттермен дипломатиялық қаты-
настар орнату үдерісі өріс алды.
Сондай-ақ Қазақстан неғұрлым беделді халықаралық
ұйымдармен ынтымақтастық орната бастады, олардың
қатарында БҰҰ, ЕҚЫҰ, ЕО, ХВҚ, Дүниежүзілік банк,
ЕҚДБ, ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ, ЮНЕП, ЭСКАТО, БҰҰДБ,
ДДСҰ, АЭХА (МАГАТЭ), ЭЫҰ, ИКҰ және басқалар бар.
Бұл мақсатта Н. Ә. Назарбаев барлық мүмкіндік-
терді, соның ішінде ең мәртебелі халықаралық мінбер-
лерден сөз сөйлеу мүмкіндігін де пайдаланды. Оның сол
кезеңдегі аса маңызды сөздерінің ішінен Халықаралық
17
қатынастар жөніндегі Нью-Йорк кеңесінде (1992 жылғы
мамыр), Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық
кеңесінің пленарлық отырысында (1992 жылғы шілде),
БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-ші сессиясында (1992
жылғы қазан), Колумбия университетінде (1994 жылғы
ақпан), БҰҰ-ның қарусыздану жөніндегі конференци-
ясында (1995 жылғы маусым) сөйлеген сөздерін және
басқаларын айтуға болады.
Әлбетте, тәуелсіздіктің елең-алаңында Қазақстан-
ның халықаралық аренадағы беделі мен абыройын
көтерген шешуші қадамдарының бірі ядролық қару-
дан өз еркімен бас тартуы болды. КСРО-дан мұраға
қалған, қуаты жөнінен дүниедегі төртінші ядролық
арсеналға ие болғанына қарамастан, Қазақстан жап-
пай қырып-жоятын қарудан өз еркімен біржақты бас
тарту жолын таңдады. Өзін ядросыз мемлекет деп
жариялап және 1992 жылғы 22 мамырдағы Лиссабон
хаттамасына қол қойып, жас өркен республика дүниеге
парасатты және жауапты іс-қимылдың бұрын-соңды
болмаған өнегесін танытты және сонысы арқылы
әлемдік жетекші державалар тарапынан қауіпсіздік
кепілдігіне ие болды. Қазақстанда сақталып қалған
жаппай қырып-жоятын қару инфрақұрылымын
қысқартудың осындай пацифистік ұстанымнан туған
дәйекті үдерісі 1990-шы жылдардың орта шенінде
аяқталды. Оның дәуірлік мәні мен мазмұнын кейін
Н. Ә. Назарбаев өзінің «Бейбітшілік кіндігі» кітабында
байыптады.
Қазақстанның бұл өнегесі БҰҰ Бас Ассамблеясы-
ның 1992 жылғы 47-ші сессиясында оған үлкен сенім
білдірілуіне себепші болды, ал онда Н. Ә. Назар-
баев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шара-
18
II ТОМ. 1991–––––
–
1995
лары кеңесі (АӨСШК) шақыру туралы ұсыныс
жасады: «Еуропадағы ЕҚЫК үлгісі бойынша біздің
құрлығымызда Азиядағы қауіпсіздік пен ынтымақ-
тастық құрылымдарын құру идеясы әлдеқашаннан
бері көңілдердің түкпірінде жүр... Мұндай құрлықтық
құрылымға жету жолы көп қадамды, кезең-кезеңді
болуы мүмкін. Ол, мәселен, мынадай сұлбамен: «екі
жақты қатынастардан» – ынтымақтастықтың жекелеген
түрлері (сенім мен ұжымдық қауіпсіздік шараларын
жасау, гуманитарлық, экономикалық, мәдени ықпалда-
стық) бойынша өңірлік және құрлықтық құрылымдар
мен коалициялар арқылы – проблемалардың кең
ауқымды шоғыры бойынша ынтымақтастықтың ортақ
құрлықтық органдарына дейін өтуі ықтимал».
1995 жылға дейін консультациялар арқылы негізінен
ең жақын көршілерімен (Ресеймен, Қырғызстанмен,
Өзбекстанмен, Түрікменстанмен, Әзірбайжанмен)
шекара маңы мәселелерін реттеп, Каспий теңізінің
құқықтық мәртебесі бойынша көпжақты келіссөз
үдерісін бастаған Қазақстан дәл осындай көпвекторлы
ауқымда өз шекараларының периметрі бойынша
«бейбітшілік пен тату көршілік белдеуін» жасауға
кірісті. Осы келісім-шарт негізінде 2000-шы жылдардың
орта шеніне қарай Ресеймен және Қытаймен арадағы
шекараларды делимитациялау мәселелері түбегейлі
шешіледі де, тарихшылар оны «ғасырдың келісім-шарт-
тары» деп сипаттайтын болады.
Тәуелсіздікке қолы жетуі Қазақстанның орасан зор
интеграциялық және ұйымдастырушылық әлеуетінің
жолын ашты, ал бұл оның толып жатқан интеграци-
ялық бірлестіктердің бастамашылары мен қатысушы-
ларының бірі болуын қамтамасыз етті. Н. Ә. Назар-
19
баевтың 1994 жылғы 29 наурыздағы Ресей Федераци-
ясына тұңғыш ресми сапары кезінде М. В. Ломоносов
атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің оқы-
тушы-профессорлар құрамымен және студенттерімен
болған кездесуінде ұсынған Еуразиялық Одақ құру
жөніндегі идеясын да осы тұрғыдан қарастыру керек.
Бұл ұсыныс ТМД-ның көпе-көрнеу дәрменсіздігіне
байланысты айтылған болатын.
Сонымен бірге, өңірлік қауіпсіздік пен ынтымақтас-
тықтың дәйекті жақтаушысы бола жүріп, Президент
елдің Қарулы Күштерін құруға зор көңіл бөлді. 1992
жылғы 7 мамырда ол «Қазақстан Республикасының
Қарулы Күштерін құру туралы» Жарлыққа қол қойды.
1992–1993 жылдары Республикалық ұлан, ішкі және
шекара әскерлері, Әскери-теңіз күштері құрылды. Бұл
Қазақстанның шын егемендікке, қорғаныс қабілетін
нығайтуға және халықаралық беделін көтеруге қарай
жасаған тағы бір қадамы болды.
Достарыңызбен бөлісу: |