Бақылау сұрақтары: Жер шары бетіндегі нүктеден бағдарлау бағыттары қандай меридиандарадн өтеді? Азимут дегеніміз не? Оны қалай анықтайды? Жер телімін бағдарлау не үшін қажет? 10. Топографиялық түсірілім Топографиялық түсірілім - жер беті бөлікшесінің жергілікті
заттары мен бедерін шартты белгілермен қағазда белгіленген
масштабта бейнелеу мақсатымен жүргізілетін далалық және
камералық жұмыстар кешені. Топографиялық түсіріс ортогональді
проекцияда 1:100 000 және одан ірірек масштабтарда жасалады.
Мемлекеттік геодезиялық пландық және биіктік тораптар пункттері
Топографиялық түсірістің пландық және биіктік негізі болады.