Топографиялық түсірілім аспаптары мен құралдар Астрономиялық-геодезиялық және нивелирлік торларды құру
кезінде, жердің топографиялық пландары мен карталарын жасағанда,
инженерлік құрылысты салғанда және пайдаланғанда жасалатын
геодезиялық өлшеулерді орындау үшін қолданылады. Жер бетінде
Геодезиядық және картографиялық аспаптар мен құралдар көмегімен
сызықтық, бұрыштық және биіктік өлшеулер жүргізіледі, осыған
байланысты олар қашықтық, бұрыш, бағыт және биіктік өлшегіш
аспаптары болып топтастырылады.