1 дәріс: Психология пәні, салалары және даму тарихы



Pdf көрінісі
бет106/121
Дата07.01.2022
өлшемі1,05 Mb.
#19243
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   121
Байланысты:
Жалпы психология. Оқулық

 
  
№ 17  дәріс. Темперамент 
   
Жоспар: 
   
  1. Темперамент туралы жалпы   ұғым. 
  
  2. Жоғары нерв қызметінің типтері-темпераменттің табиғи негізі 
            3. Темперамент типтеріне психологиялық сипаттама 
            4.Темперамент  және  тұлғаның    басқа  қасиеттерінің 
өзара                  
байланысы 
  
 
 1. Темперамент туралы жалпы   ұғым. 
            Темперамент  деп  психикалық  процестер  ағысының  жылдам,  не 
баяулығы, қимыл-қозғалыстар мен кӛңіл күйдің түрлі деңгейіне адамның жүйке 
саласының  тыстан  берілетін  ерекшеліктерінің  жиынтығын  айтады.    Ол 
адамдардың  эмоциялық  қозғыштығынан,  қимыл-қозғалысынан,  жалпы 
белсенділігінен жақсы байқалады. Темперамент адамның жалпы қозғалысынан 
да  (мәселен,  біреулер  шапшаң  қозғалады,  тез  қимылдайды,  енді  біреулер  жай 
қимылдап,  асықпай  істейді),  психиканың  күші  мен  тереңдігінен  де  (мәселен, 
біреу  ӛжет,  алғыр  болса,  екінші  біреу  керісінше,  сылбыр,  жігерсіз  болады), 
адамның  кӛңіл-күйінің  ерекшеліктерінен  де  (салмақты,  тұрақты,  жеңіл, 
тұрақсыз т. б.) эмоция сезімдерінен де (біреу сабырлы, екінші біреу күйгелек т. 
б.) жақсы байқалып отырады. 
 
Темперамент  туралы  алғашқы  ой-пікірлер  ғылымда  ӛте  ерте  кездің 
ӛзінде-ақ  айтыла  бастады.  Ежелгі  Грек  ғалымдар  Гален,  Гиппократтың  
еңбектерінде біраз пікірлер айтылған. Гиппократтың ойынша, адамның тәнінде  
тӛрт  түрлі  сұйықтық  болады.  Олар:  денені  жылытып  тұратын  -  қан, 
салқындататын  -  шырын  (слизь),  құрғататын  -  бауырдағы  сары  ӛт  және  оған 
дымқылдық  беретін  қара  ӛт  (талақ).  Олар  дұрыс  араласса  адамның  дені  сау, 
дұрыс  араласпаса  сырқат  болады.  Организмдегі  сұйықтардың  біреуінің  басым 
болуы  адамның  темпераментін  анықтайды.  Гиппократ  темпераменттер  белгілі 
мӛлшерде  адамның  тұрмысына,  ауа  райы  жағдайларына  тәуелді  болады  деп 
санады. Мәселен, отырып жұмыс істейтіндердің денесінде флегма жинақталса, 
үнемі  қимыл-қозғалыстағыларда  -  ӛт  кӛбейеді,  темперамент  те  осыған  сәйкес 
анықталады.  


 
         Рим  дәрігері  Гален (129-199)   темпераменттің  санын  он  үшке жеткізді. 
Гален    организмде    жылылық    неғұрлым    басым    болса,  темпераменті    күшті 
болатынын,  денесі  салқын  болса,  темпераменті   баяулайтынын  айтты. 
           Неміс    философы    И.  Кант  (1724-1804)  ӛзінің    «Антропология  »    деген 
еңбегінде    темпераменттің    тӛрт    түрі    туралы    толық    психологиялық  
сипаттама    берді.  Бірақ    ол  темперамент    пен    мінез  ұғымдарын    бір-біріне  
балама  ретінде  (бұлай  деп  ұғыну  қате) қарастырды. 
           Темперамент  туралы    теориялар    19-шы    ғасырдың    аяқ    кезінде  де    кең  
ӛріс  алады.  Кӛрнекті  орыс    педагоғы    П.Ф.Лесгафт  (1837-1909)  
темпераменттерді    қан  сауыттардың   жуандығы  мен   кеңдігіне   байланысты  
деп  тұжырымдады. 
 
XX  ғасырда  темперамент  туралы  теориялық  пікір  айтқан  ғалымның  бірі 
Э.  Кречмер  (1888-1964).  Ол  «Тән  құрылысы  және  мінез»  атты  еңбегінде 
темперамент  турлері  адамның  дене  құрылысымен  конституциясымен  
байланысты  болады  деді.  Кречмер  адамдарды  дене  құрылысымен 
конституциясына  қарай  тӛрт  типке  бәледі.  Олар:  пикник,  атлетик, 
лептосоматик, диспластик.   
Э. Кречмердің сипаттауынша пикниктердің денесі тӛртпақ, қол аяғы мен 
мойны  қысқа,  бұлшық  еттері  нашар,  сүйектері  борпылдақ,  іші  мен  бӛксесі 
үлкен, кӛкірек бездері шығыңқы, беті жұмсақ, ажарлы, денесі семіз келеді;  
Атлетиктер  бойы  ұзын,  бұлшық  еттері  жақсы  жетілген,  жауырын  мен 
бӛксесі оңтайлы, мойны ұзын, дене құрылысы пропорциялы болып келеді.  
 
Диспластик – дене бітімі қисынсыз. Бұл адамдар әр түрлі мүшелік зақым 
сырқаттарға ұшырағандар(сырықтай ұзыр, қауға бас, тума аяқ-қолы кемістер.  
 
Лептосоматик    бойшаң,    нәзік  денелі,  кӛкірек  тұсы  жайылыңқы,  тар 
иықты, қол аяғы ұзын, сидыйған.   
Адамның  дене  құрылысын  осылайша  сипаттай  келе,  Кречмер 
темпераменттерді екіге бӛледі. Пикниктердің темпераментін Кречмер кебінесе - 
сиклотиник,    ал    атлетик  пен  астениктің  темпераменттері  -  шизотимик  деп 
аталады. Сиклотиник және шизотимикті ол сау адамдардың темпераменттеріне 
жатқызады. Сау адамдар мен ауру адамдардың ортасында  ауруға  шалдығайын 
деп  тұрған  адамдардың  темпераментін    Кречмер  сиклойд  темпераментіне,  ал 
астеник, атлетиктердің темпераментін - шизойд темпераменті деп атаған. Оньң 
айтуынша,  сиклойдтардың  және  шизойдтардың  ӛзіне  тән  аурулары  болады. 
Мәселен,  сиклойдтар  кӛбінесе  кем  ақылдық  -  депрессивтік  психоздармен 
ауырады.  Кречмердің  сипаттауынша    сиклойдтар    ӛте  жігерлі,    әрекетсіз, 
уайымшыл, бірақ тез кӛнгіш, ақ кӛңіл, ӛте жұмсақ болып келеді.    Шизойдтер - 
жай,  қозуы  ӛте  шабан,  тұйық,  жабық  адам,  бірақ  табанды,  тұрақты  болып 
келеді.  
Кречмер  темперамент  балаға  ата-анасынан  балаларға  тұқым,  нәсіл 
арқылы  кӛшіп  отырады,  олар  ӛзгеріске  түспейді,  баланың  туысынан 
темпераменті  қандай  болса,  сол  темпераменттерді  үлкейген  кезде  де  сол 
бойынша қалады дейді.  Әрине, темперамент женінде осылайша кесіп айту дәл 
болмайды, темпераменттер түрлі жағдайлардың әсерімен ӛмір суру барысында 
аздап ӛзгеріске түсіп отырады. 


 
         2. Жоғары нерв қызметінің типтері-темпераменттің табиғи негізі. 
Темпераменттердің    физиологиялық    негіздерін    ғылыми  тұрғыдан 
дәйекті  етіп  түсіндірген  академик  И.П.Павловтың  ілімі  темперамент  туралы  
түсінікті    ғылыми    сара    жолға      түсірді.  Ол  темпераменттердің  осы 
қасиеттерінің  туа  үйлесуіне  орай  сипатталатындығын  кӛрсетті.  Павлов  ӛзінен 
бұрынғылардан  ӛзгеше  жолмен,  атап  айтқанда,  дененің  сыртқы  құрылымын 
зерттеген  неміс  психиатры  Кречмерден,  қан  сауыттарының  құрылымын 
зерттегендерден  (П.Ф.Лесгафт)  басқаша  организмді  біртұтас  нәрсе  деп  қарап, 
ондағы ми қызметіне ерекше назар аударды. 
        Нерв  жүйесінің типтері  ми  қабығындағы  қозу, тежелу  процестерінің  үш  
негізгі    белгісінің  (күші,  тепе-теңдігі,  қозғалғыштығы)  жиынтығынан  
құрастырылады. 
        И.  П.  Павлов  шартты  рефлекстер  әдісі  арқылы  жоғары  нерв  қызметінің 
және  нерв  процестерінің  негізгі  қасиеттері  -  козу  мен  тежелудің 
заңдылықтарын  ашты.  Нерв  процестерінің  негізгі  қасиеттері:  1)  күші,  2)  тепе-
теңдігі, 3) қозғалғыштығы. 
Нерв процестерінің күшіне - нерв жүйесі мен нерв клеткаларының жұмыс 
қабілеттілігін  яғни    сыртқы    ортаның  түрлі  тітіркендіргіштерге  тӛзімді  келсе, 
әлсізі мұндайға шамасы келмей, «морт сынып» жатады. 
Нерв  процестерінің  тепе-теңдігі  -  бұл  козу  мен  тежелудің  ӛзара 
саймасайлығын  кӛрсетеді.  Бұл  процестер  кейде  бір-бірімен  тепе-тең  болып, 
кейде тең келмей, біреуі екіншісінен күшті болып отырады. 
Нерв  процестерінің  қозғалғыштығы  -  бір  процестің  екінші  процеспен 
алмасу  шапшаңдығы.  Бұл,  мидың  кездейсоқ  және  қолайсыз  ӛзгерістерге 
бейімделуіне мүмкіндік береді. 
Осы  қасиеттердің  түрліше  араласып,  қосылуы  жоғары  нерв  қызметінің 
түрлі  типтерін  сипаттайды.  Осылардың  ішінде  тӛрт  типі  жиі  ұшырасады. 
Бұлардың үшеуін И. П. Павлов күшті типке, біреуін - әлсіз типке жатқызады.  
1.Күшті, тең емес (ұстамсыз) тип қозу процесінің күштілігі мен тежелудің 
әлсіздігімен сипатталады. 
2.Күшті  тепе-тең  (қозу  процесі  тежелу  процесімен  сайма-сай  болады), 
қозғалғыш тип. 
3.Күшті тепе-тең, инертті (сырттай тыныш)   тип. 
4.Әлсіз 
тип 
қозу 
және 
тежелу 
процестерінің 
баяулығымен, 
олардың әлсіз қозғалысымен (инертті) сипатталады. 
          И.П.  Павлов  ашқан    нерв    жүйесінің    негізгі    типтері  темпераменттердің  
физиологиялық    негіздерін    жақсы    түсіндіреді.  И.П.Павлов  сангвиниктерді  – 
ширақ,  нерв    жүйесі    күшті,  қозуы    мен    тежелуі    тең,    қозғалғыш      адам; 
холериктерді – ұстамсыз, нерв  жүйесі  күшті,  қозуы  мен  тежелуінен  басым; 
флегматиктерді    нерв    жүйесі    күшті,    қозуы    мен    тежелуі  бір-біріне  тең 
болғанмен,  қозғалысы    баяу    адамдар    десе;  меланхоликтерді  –  нерв    жүйесі  
әлсіз  типті  адамдар  деп  сипаттады. 
  
И.П.Павлов  осы  айтылған  негізгі  типтерден  басқа  да  аралас,  ӛшпелі   
типтердің  кездесетіндігін  айтты. 


 
         Соңғы    жылдары   кӛрнекті    орыс  психологы    Б.М.Тепловтың  (1896-1965) 
лабораториясында  нерв   жүйесінің  типтері  одан  ары  зерттеле  түсті. 
Егер,  И.П.Павлов  ӛзінің    тәжірибесін  жануарға  жасаған  болса,  Б.М.Тепловпен  
оның  шәкірттері  осындай  экспериментті  адамдарға  жасады. 
           И.П.Павловтың  нерв  жүйесінің  типтері    туралы  ілімі  бойынша  әр  түрлі 
темперамент    ӛкілдері    былайша    сипатталады.  Мәселен,  нерв  жүйесі    күшті,  
бірі    екіншісіне    тең    келмейтін    адамдар    кӛбінесе    ұйытқымалы,  қимыл 
қозғалысқа    шапшаң    келеді.  Олар  –  ұстамсыз,  күйіп-пісуге    ылғи    да    дайын 
тұратын    күйгелек    адамдар.  Істі    бұрқыратып    істегенмен,  олардың    кейде 
қолын    бір  сілтеп    сылқ    түсетін    кездері    де    болады.  Бұлар  –  холерик  
темпераментінің  ӛкілдері. 
          Сангвиник      темпераментінің    ӛкілі,    Павловтың    айтуынша,  қуатты, 
тұрлаулы, ширақ  тип  ойнақы,  еті  тірі  бірақ  кез-келген  істі  бастап  тастап  
жүре  береді.  Ол    жұмысқа    қабілетті,    беріліп    істейді,  басқа    адамдармен   тез  
тіл      табыса    біледі,    ұжым    арасында    ӛзін    кӛңілді    ұстайды,    былайша  
айтқанда,    ақ    кӛңіл,    қызу    істің    адамы.  Оның    осал    жері  -  іс    жоқ    кезде  
сылбыр күйге  түсіп  кетеді,  енді  бірде  жеңіл   мінезділікке  салынады. 
           Нерв  қызметі  қасиеттерінің  тұрақсыздығы.  Нерв  қызметінің  типі 
адаммен  бірге  туады  және  оның  түгелдей  ӛзгеріске  ұшырауы  неғайбыл. 
Дегенмен  И.  П.  Павлов  нерв  қызметі  типтерінің  жекеленген  қасиеттерін 
ӛзгертуге  болатындығын  тәжірибе  жүзінде  дәлелдеген.  Мәселен,  козу  процесі 
тежелуінен  басым,  күшті  ұстамсыз  тип  машықтанып,  жаттығу  арқылы  езінің 
тежелу  процесі  күшін  біршама  арттырып,  оны  қозу  процесімен  теңестіргені 
байқалған.  Осыдан  И.П.  Павлов  күшті  қозғыш  типтерді  жаттықтыру  арқылы 
тежелу  процесінің  күшін  арттырып,  бір-бірімен  теңестіруге  болады,-  деген 
қорытындыға келеді. 
          3. Темперамент типтеріне психологиялық сипаттама 
Холерик темпераменті. Бұл типтің ӛкілі аса қозғыштығымен, соған орай 
мінез-құлқының    ұшқалақтығымен  кӛзге  түседі.  Холерик  қарым-қатыста  - 
күйгелек,  бір  беткей,  шабуылға  жаны  құмар,  іс-әрекетте  -  пысық.  Холериктер 
жұмысты  үзіп-үзіп  істегенді  ұнатады.  Олар  айналысқан  ісіне  жан-тәнімен 
беріледі.  Осы  жолда  кездескен  қиындықтың  бәрін  жеңуге  даяр  тұрады, 
кедергілерді жеңіп, мақсатына жетеді.  Қайрат-жігері мұқалып, ӛз сенімі  кетсе, 
еңсесі түсіп, еш нәрсеге мойны жар бермей қояды. Кӛтеріңкі кӛңілді, кӛзі оттай 
жайнап,  сӛйлегенде  жұртқа  кезек  бермейді.  Бір  сӛзбен  айтқанда  ұстамсыз, 
құйындай адам.  
Сангвиник  темпераменті.  Бұл  темпераменттің  ӛкілін  И.П.Павлов  қызу 
қанды,  іскер  адам  деп  санайды.  Ол  адамдармен  тез  тіл  тауып,  шүйіркелесе 
кетеді,  жұртты  жатырқамайды.  Ұжым  ішінде  сангвиник  кӛңілді,    ақ-жарқын, 
іске бар ықыласымен кірісетін, әуесқой адам. Іска зауқы болмаса, жұмыстан тез 
суынып  кетеді.  тап  болғанда  суынып  қалады.  Сангвиникте  эмоция  тез  пайда 
болып, тез ӛзгереді. Оның осал жері іс жоқ кезде сылбыр күйге түсіп кетеді. Ол 
онша кек сақтамайды,  қазір береумен  ерегесіп қалса, біраздан кейін ашуы тез 
тарап  кетеді.  Кӛңіл  күйі  тез  ӛзгергіш,  ойға  жүйрік,  ӛткір  тілді,  жаңаны  тез 
қабылдағыш, зейінді келеді. 


 
Флегматик  темпераменті.  И.П.  Павловтың  сипаттауынша,  бұл  барлық 
уақытта  да  байсалды,    ұстамды  бір  қалыпты,  табанды  және  тӛзімді,  еңбекқор 
адам.  Нерв  процестерінің    тепе-теңдігі  мен  баяулығы  флегматикке  қандай 
жағдай да болмасын бір қалыпты тыныштықта болуға мүмкіндік береді. 
Флегматик  -  салмақты  адам,  ол  күшін  босқа  сарп  етпейді,  бастаған  істі 
аяғына  жеткізеді.  Ол  бӛспелікті  сүймейді.  Жұртпен  қарым-қатынасы  да  бір 
сарынды жүріп жатады. Баяулық пен селқостық - флегматиктің осал жағы. Оған 
ырғалып-жырғалуға,  жиналып,  қамдануға  біраз  уақыт  қажет.  Дегенмен,  бұл 
қасиет  мінездің  тұрақтылығын  кӛрсетеді,  істі  аспай-саспай  тыңғылықты 
аяқтауға  мүмкіндік  береді.  Флегматиктер  ұзақ  уақыт  жұмыс  істеуге  сабырлық 
пен әрекет етуге тӛзімді болады. 
Меланхолик  темпераменті  -  бұл  типтің  ӛкілдері  аса  сезімтал  соның 
салдарынан  жаны  тез  жараланғыш  келеді.  Меланхоликтер  тұйық,  қиын 
жағдайлардан  жол  тауып  шығуға  олақ,  адамдардан  оқшау  жүргенді  ұнатады. 
Ол қауіпті жағдайлардан қорқады. 
Қозу  және  тежелу  процестерінің  әлсіздігі  бұлардың  бір-бірімен  тең 
келмеуі (тежелуі басым болады), кез келген күшті әсер - меланхоликтің қимыл 
қозғалысын баяулатып, онда шектен тыс тежелу туғызады, Меланхоликті әлсіз 
тітіркендіргіштер де мазалайды, сондықтан да ол ұсақ-түйектің бәріне де қатты 
мұңаяды немесе қатты қуанады. 
Үйреншікті  жақсы,  тату  ұжым  арасында  меланхоликтер  ӛзін  жақсы 
ұстайды,  жұртпен  қарым-қатысқа  түсіп,  алған  ісін  нәтижелі  орындай  алады, 
кедергілерді жеңіп, табандылық кӛрсетеді. 
Темпераменттердің  осы  4  түрінің  біреуі  жақсы,  біреуі  жаман  деп  айтуға 
болмайды. Ӛйткені, олардың әрқайсысының да ұнамды, ұнамсыз жақтары бар. 
Егер  сангвиниктің  шнрақ  болуы,  кӛңілінде  кек  сақтамауы  жағымды  болса, 
кӛціл  күйінің  бір  қалыпты  болмауы  ӛзгеріп,  құбылып  тұруы,  бір  бастаған 
жұмысын аяқтап, ақырына жеткізбеуі жағымсыз жағы болып табылады. 
Холериктің  ӛте  жігерлі  болуы  жағымды  болса,  кӛңіл-күйінің  
ұйытқымалылығы, ұстамсыз-тұраксыздығы қолайсыз жағы болып табылады.  
Флегматиктің  сабырлы,  салмақты  болуы  жағымды  болса,  қимыл-
қозғалыстарының  баяулығы,  шабан  болып  келуі  жағымсыз  жағы  болады.  Ал 
меланхолик  адамның  кӛңілінің  тұракты  болуы,  қолына  алған  бір  жұмысты 
аяғына  дейін  апаруы  жағымды  жағы  болса,  ӛте  сылбыр  болуы,  кӛбінесе 
кӛпшіліктен бӛлек жүріп, ӛзімен-ӛзі болып, ӛзінен-ӛзі  жүнжіп кетуі жағымсыз 
жағы  болып  табылады.  Міне,  осы  себептен  бұл  темпераменттердің  мынаусы 
жақсы, мынаусы жаман деп айтуға болмайды. 
Темпераменттің  негізгі  тӛрт  типінің  ӛкілдері  бір  қалыпты  жағдайдың 
ӛзінде  ӛздерін  түрліше  ұстайды  екен.  Бірде  темпераменттері  әр  түрлі  тӛрт  дос 
театрға кешігіп барады. Мұндай жағдайда олардан қандай мінез байқалған? 
Холерик  билет  жыртушымен  айтысып  партердегі  ӛз  орнына  барып 
отыруға әрекеттенеді. Ол театрдағы сағат ілгері кеткен, деп салғыласып, билет 
тексерушіні итермелей бастайды. 
Сангвиник  партерге  жібермейтініне  кӛз  жеткен  соң  жоғарғы  қабатқа 
кӛтерілудің қиынға соқпайтынын сезіп, баспалдаққа қарап жүгіріп кетеді. 


 
Флегматик  залға  жібермейтінін  кӛріп:  "Алғашқы  кӛрініс  онша  қызық 
болмады,  буфетке бара тұрайын" деп антракт болуын күтеді. 
Меланхолик    "Менің  әркез  жолым  болмайды.  Ӛмірімде  бір  рет  театрға 
келген едім, ол да сәтсіз болды"-,  дейді де үйіне  кетіп қалады. 
Осылайша  темперамент  адамның  белсенділік  сипатынан  (жұмыс  істеу 
қабілеттілігі, әлеуметтік қарым-қатынастағы тіл  табыса алу мүмкіндігі), мінез-
құлықтың  түрлі  қалпынан  үнемі  ӛзгерістегі  сыртқы  ортаға  бейімделе  алу 
жағдайынан кӛрініп отырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет