адам да жасампаз, бірақ ӛзіндік жаңалықты белгілі идеялар, бағыттар, зерттеу
тәсілдері шеңберінде жасайды. Талантты және дана адамдар практикада және
ӛнерде, ғылымда бұрын соңды болмаған жаңалықтар ашады. Таланттылық -
даналықтың қалыптасуына аса қолайлы жағдайлар, жеке адамның жан-жақты
дамыған кезінде туады. Мәселен, Леонардо да Винчи, Гете, Ломоносовтар
шығармашылық қызметтегі даналықтың және адамның жан-жақты дамуының
үлгісі болып табылады.
Қабілет
жалпы,
арнаулы болып бӛлінеді.
Жалпы қабілет бұл адамның
ақыл-ой қабілеті.
Арнаулы қабілет - іс-әрекеттің, мәселен, әдебиет, сурет ӛнері, музыка,
сахна ӛнері т.б. арнаулы салаларда, жоғары нәтижеге жетуге жәрдемдесетін
жеке адам қасиеттерінің жүйесі.
Қабілеттің аталған осы екі түрінен басқа практикалық іс-әрекетке
қабілеттілік дейтін үшінші түрін де атауға болады. Бұған
конструктивті-
техникалық, ұйымдастырғыштық, педагогтық қабілеттер кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: