бермейтін ӛзгерістерді қалт жібермейді және оның болашағын болжай алады.
Осындай педагогикалық байқағыштық оқушыларға білім беру және
тәрбиелеуді білгірлікпен жүзеге асыру жолында мұғалімнің сүйеніші болатын
жеткілікті материал береді.
Педагогикалық қиялдау. Ұстаздық қабілеттің жетекші қасиеті -
педагогикалық қиялдау. Бұл мұғалімге шәкірттің дамуын жобалауға қажетті.
Баланың ӛткен және қазіргі ӛмірін терең білуге сүйеніп, мұғалім оқушының
келешекте кандай жағдайда, қандай болатынын топшылай алады. Логикалық
оймен біте қайнасқан шығармашылық қиял педагогтық талантқа тән
педагогтық тапқыштықты қамтамасыз етеді. Талантты мұғалім - жаңашыл.
Ұстазда болатын тағы басқа қабілеттер. Балалар ұжымымен
байланысты болатын мұғалімдерге
ұйымдастырғыштық қабілет қажет.
Мұғалімнің мамандығына орай (тарихшы, математик, физик т.б.) басқа да
арнаулы қабілеттер қажет болады. Мәселен, әдебиет пәнінің мұғалімі кӛркемдік
талғаммен коса әдеби шығармашылық қабілетке ие болса, нұр үстіне нұр.
Арнаулы қабілеттерінің ӛрісі кең ұстаздар оқушылардың пәнге деген ынтасын
арттырып қана қоймай, шығармашылықпен ойлауға машықтандырады.
Достарыңызбен бөлісу: