1 дәріс: Психология пәні, салалары және даму тарихы


   Қосалқы зерттеу әдістері



Pdf көрінісі
бет12/121
Дата07.01.2022
өлшемі1,05 Mb.
#19243
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   121
Байланысты:
Жалпы психология. Оқулық

          3.   Қосалқы зерттеу әдістері. 
Әңгіме әдісі. Әңгімелесу әдісі арқылы психолог белгілі жоспар бойынша 
зерттелінуші  адамның  жас  және  дара  ерекшелігіне,  білім  кӛлеміне  қарай  күні 
бұрын  әзірлеген  сұрақтар  қояды:  зерттелінушіге  күдік  тудырмау  мақсатында 
әңгіме кӛбінесе жанама түрде ұйымдастырылады, мұнда сӛйлесу әдісіне ерекше 
мен беріледі. 
Зерттелінушінің  берген  жауабы  жазылып  алынып,  кейіннен      мұқият 
талданады да, осыған орай тиісті  қорытындылар жасалады. Әңгімені де зертеу 
әдісі  есебінде  қолдануға  болады,  бірақ  бұл  негізгі  әдіс  емес,  қосымша 
әдістердің  бірі.  Әңгіме  арқылы  зерттелетін  адам  туралы  кейбір  жалпы 
мағлұматтарды  ғана  алуға  болады.  Бұл  әдіс  арқылы,  терең,  толық  зерттеу 
жүргізуге  ешбір  мүмкіншілік  жоқ.  Бірақ,  әңгіме  ғылыми  әдіс  болу  үшін, 
әрқайсысымен  әңгіме  жүргізуде  оның  алдына  мақсат  қойып,  оның  не  үшін 
керектігін,  ерте  бастан  жоспар  құрып,  әңгіме  қай  жолмен  жүргізілетінін 
белгілеп  алған  жӛн.  Не  болса  сол  туралы  әңгіме  жүргізе  бермей,  керекті 
мәселелер,  жағдайлар  туралы  әңгіме  жүргізу  керек.  Әңгімелескенде  балаларға 
түрлі  сұрақтар  қойып,  олардың  түрлі  заттар,  болмыстар  туралы  түсініктерін, 
ұғымдарын,  неге  қызығатынын,  білімінің  кӛлемін,  тұрақтылығын,  тереңдігін 
және  т.б.  білуге  мүмкіншілік  бар.  Балалардың  жауаптары  толығымен 
стенография  арқылы  жазылып  отырады.  Әңгіме  уақытында  балалардың 
қылығына назар салып толық түрде белгілеп жазып отыруы қажет. 
Әлеуметтік  психологияда  жиі  қолданылатын  зерттеу  әдістерінің  бірі  - 
сұхбат.  Мұнда  сұрақ  қоюшы  сыналушымен  әңгімелеседі,  жол-жәнекей  оның 
сӛз  саптауына,  түрлі  реакцияларына,  ӛң-ілтипатына  зер  салып  отырады, 
зерттеуді белгілі сұрақтың айналасында, арнаулы жоспар бойынша жүргізеді.  


 
Анкета  әдісі.  Анкетаны  қосымша  әдістердің  бірі  есебінде  қолдануға 
болады;  Әдейілеп  белгілі  мақсатпен  және  формамен  қойылған  сұрақтарға 
жауап алу арқылы зерттелуші адамдардың психикалық әрекеттерін сипаттауда, 
немесе  кейбір психикалық проблемаларды шешуде жалпы мағлұматтар, кейбір 
фактілі  материалдар  жинауға  болады.  Анкетаның  бір  қолайлы  жері  – 
жаппайлығы,  яғни  бір  уақыттың  ішінде  бірнеше  адамдардан  жалпылай 
мағлұматтарды  алуды  мүмкіншілігі  болуы.  Мәселен,  анкета  әдіс  арқылы  күні 
бұрын  бланкіге    жазылған  сұрақтарға  жазбаша  жауап  қайырады.Осы  әдіспен 
әртүрлі топтың, ұжымның психологиялық ӛзгешеліктері (талап-тілегі, мүддесі, 
талғамы, қызығуы т.б.) зерттелінеді. Егер мұғалім шәкірттерінің қандай кітапты 
ерекше  құмартып  оқитындығын,  олардың  сүйікті  жазушылары  мен  артистері 
кімдер  екендігін  және  осы  тәріздес  мәселелерді  білгісі  келсе,  осы  әдісті 
пайдалануына болады. Анкеттадағы  сұрақтар шұбалаңқы келмей, жалпы саны 
5-8-ден  аспауы  тиіс.  Алынған  материалдардың  нәтижесі  статистикалық 
(сандық)  талдаудан  ӛткізіледі.  Мұның  негізгі  кемшілігі  -  адамның  шын 
кӛңіліндегісін  жаза  бермейді,  не  болмаса,  оны  қағаз  жүзінде  дұрыс  кӛрсетпеуі 
де  мүмкін.    Бірақ  анкетаның  бұл  жаппайлылығының  кейбір  елеусіз 
жетімсіздіктері бар. Себебі анкета арқылы алынған материалдардың бәріне сене 
беруге  болмайды.  Ӛйткені  анкетадағы  сұрауларға  қайтарылатын  жауаптар 
субъективтік үстіртін қате болуы, я болмаса толық болмауы мүмкін. 
 
 Анкетаны барлық зерттеулерде орынсыз қолдана беруге болмайды. Оны 
сондықтан  адамдардың  шығармашылық  жемістері,  сазгерлердің  музыкалық 
шығармаларын,  суретшілердің  суреттерін,  сәулетшілердің  жасаған  мүсіндерін, 
үйлерін,  ақындардың,  жазушылардың  шығармаларын,  кілемшілердің  тоқыған 
кілемдерін  т.б.  зерттеп,  олардың  психологиясымен  танысуға  болады. 
Шығармашылық  әрекеттердің  ағымын  зерттеп,  адамның  ақыл  ойының  әрекет 
етуін зерттеуге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет