Сан рет жүргізілген байқаудың нәтижесіне байланысты (егер байқауға
студент алынған болса) ұстазбен бірлесе отырып, студенттің оқу әрекетін одан
ары жаксарту үшін нақтылы шаралар белгіленеді.
Бұл әдіс адамдардың психологиялық ерекшеліктерін зерттеуде жиі
қолданылады. Байқау әдісінің кейбір кемшілікгері де бар. Біріншіден, зерттеуші
мұнда ӛзіне керек құбылыстарды әп сәтте зерттей алмайды да, кӛп уақыт
жіберіп алады, екіншіден, байқауды әр уақытта ойлағандай ұйымдастыруға
жағдай болмай да қалады. Бұл әртүрлі кездейсоқ объективтік жағдай(байқауға
алынған оқушының сабаққа келмей қалуы) субьективтік жағдай (бақылаудың
қиынға соғуы, зерттеушіде бақылағыштық қасиеттің жоқтығы т.б.) себептердің
кездесетіндігіне байланысты. Мысалы: Біз екі баланың ойынын байқайтын
болсақ, күнде сол балалар ойнайтын жерге берып, олардың ойындарын байқап,
мұны қағаздарға жазып отырамыз. Олардың ойнайтын, әрекет ететін
жағдайлары қандай болса, бізде сол жағдайларға байқау жүргіземіз. Егер сол
балалар күндегі ойнайтын жеріне, күнде келіп тұрмай, бірінші күні бір жерде
басқа күнде басқа жерге баратын болса, байқауды жүргізу үшін бізде олардың
артынан баруымыз керек, күнде ойнайтын балалардың саны да ӛзгеріп отыруы
мүмкін.Осы айтылғандарға қарай бұл әдістің ғылыми деректері кейде кӛмірек
болады.
Байқауды жүргізіп болған соң, байқаушы толық психологиялық анализ
жасап, байқаудың қорытындысын шығарады, бірақ бұл қорытындыға ӛзіндік
пікірін қоспай, байқалған әрекеттердің қорытындысын объективтік түрде
шығарғаны жӛн. Міне, осы айтылған шарттарды орындағанда ғана объективтік
байқау әдісі ғылыми әдіс бола алады. Байқау әдісінің бірнеше кемшіліктері бар:
1. Байқаушы адам оны ӛне бойы белсенсіз болады, ӛздігінен байқауды
ұйымдастыра алмайды. Байқалатын адамдардың әрекеттеріне қатысып, оларды
ӛзгерте алмайды. Байқаушы кӛбінесе байқалатын адамның ықпалында болып,
ол қандай әрекет істесе соны ғана байқап, жазып отырады;
2. Байқау жүргізгенде, әр уақытта байқалатын жағдай бір қалыпта болып
келе бермейді. Сол себептен байқаудың нәтижесі әр уақытта әр түрлі болып
шығуы мүмкін. Қорытып айтқанда, объективтік байқауды жүргізгенде жағдай
бір қалыпты болмайды, сондықтан байқау нәтижесін де бірыңғай толық түрде
объективтік болып шықпайды;
3. Байқаудың нәтижесін қорытқанда, байқаушы адам қорытындыға ӛінің
жеке субъективтік пікірлерін қосып жіберуі мүмкін. Байқау жӛнді болу үшін,
объективтік байқау жүргізгенде осы кемшіліктерді еске алып, бұлардың басқа
әдістер арқылы жойып, объективтік байқау әдісі арқылы алынатын
материалдардың кемшіліктерін толықтырып отыру қажет.
Байқау әдісіне қарағанда психикалық құбылыстарды
эксперименттік
әдіспен зерттеудің біраз артықшылықтары бар. И.П.Павлов: "Байқау
табиғаттың ұсынғанын жинайды, ал тәжірибе табиғаттан ӛзінің тілегенін
алады",- деп тегін айтпаған.
Достарыңызбен бөлісу: