салмағы ересек адамдарда шамамен 1400гр. болады. Мұндағы сопақша,
ортаңғы және аралық ми – бәрі қосылып ми бағанасын құрайды.
Сопақша ми - жұлынның тікелей жалғасы. Мұнда жүрек қызметінің, қан
айналысы мен ас қорытудың нерв орталықтары бap. Сопақша мидың сырт
жағында, формасы ағаштың жапырағына ұқсас мишық орналасқан. Мишық
организмнің қозғалысын, оның бірқалыпты жүріс-тұрысын басқарып отырады.
Адам ӛмірінде ми қабығы негізгі қызметті атқарады. Ол бейне
қабылдағыш аспап тәрізді, кӛптеген анализаторлардан тұрады. Мида кӛру, есту,
қозғалыс, иіс, дәм анализаторларының нерв орталықтары бар. Егер, ми
салаларына зақым келсе психикаға да зақым келеді. Адамда мидың маңдай
бӛлігі жақсы дамыған. Маңдай миға зақым келсе адамның ақыл-ой процесіне
зақым келеді. Үлкен мидың сол жақ жарты шарларының тӛменгі маңдай иір
қыртысының артқы жағында
«Брока кіндігі» орналасқан. Бұл кіндік адамның
сӛйлеу орталығын басқарады. Егер бұған зақым келсе адам дауыстап сӛйлей
алмайды. Қаншама сӛйлейін десе де тілі икемге келмейді. Орта маңдай
ирегінің жоғары жағында жазу кіндігі орналасқан. Оған зақым келсе, адам жаза
алмайды. Мұндай ауруды
аграфия дейді. Ал адамдардың тілі кұрмеліп сӛйлей
алмай қалса, оны
афазия деп аталады.Мидың тӛбе бӛлігі адамның қимыл
әрекетімен байланысты (кеңістікті, уақытты ажырату). Егер, осыған зақым
келсе, адам үйреншікті әрекетін қайтадан жасай алмайды. Мұны
апракция деп
атайды. Мидың желке бӛлігі кӛрумен, самай бӛлігі естумен байланысты. Егер
жоғары самай ирегінің алдыңғы жағына зақым келсе, адам музыканы есінде
қалдыра алмайды, естіген сӛзін ұқпайды.
Достарыңызбен бөлісу: