тәжірибесінің барлығы да маңызды болатынын И.М.Сеченов бірнеше рет
кӛрсеткен. Сонымен, И.М.Сеченов рефлекстің ми қатарын, оның табиғи
бастауы (сезім мүшелеріне әсер етуден) мен соңынан (жауап қайтару
қозғалысынан) оқшаулап қарау дұрыс емес екендігін кӛрсетті.
И.П.Павловтың еңбектері мен оның мектебінде әрекеттің рефлекторлық
принципі ӛзінің дамуына және эксперименттік негізіне ие болды. И.П.Павлов
пен И.М.Сеченовтың психикалық әрекетті мидың рефлекторлық әрекеті
түрінде түсінуінің дұрыстығын дәлелдеді, оның негізгі физиологиялық
заңдарын ашты ғылымның жаңа саласын - шартты рефлекстер туралы ілім
жоғарғы нерв әрекетінің физиологиясын қалыптастырды. Бұл физиологиялық
процестер ми қабығындағы шартты рефлекстердің жасалуында, сондай-ақ
мидың тӛменгі бӛліктерінде шартсыз рефлекстердің жасалу кезінде де үнемі
кӛрініп отырады.
Қозу – әр түрлі тітіркендіргіштердің әсері нәтижесінде нерв жүйесінің
қызмет жасап тұрған белсенді күй болса, тежелу, керісінше, нерв жүйесін
тыныштандыратын процесс больш табылады. Қозу және тежелу процестері
ғылымда Сеченов пен Павловқа дейін де мәлім болған, оның кейбір
зандылықтары да зерттелген. И.М.Сеченовтің мидың тежелуі жӛнінде
пікірлеріне сүйене отырып, И.П.Павлов онда қозумен қосарласа тежелу процесі
болып отыратындығын, мида бірыңғай қозу мен бірыңғай тежелудің болуы
мүмкін еместігін, бұл нерв процестерінің жұмысы организмнің бүкіл ӛмірінің
барысында үздіксіз болып отыратындығын делелдеді. Мұны мына мысалдан-ақ
жақсы байқауға болады. Егер адам бір нәрсеге қатты зейін қойса, онда
айналасындағы заттарға қарамайды, ӛйткені кітапқа қадалған кезде мидың
алабы қозу жағдайында болады да, қалған алаптары тежелуге ұшырайды. Қозу
мен тежелудің осындай жұмысын кӛрсететін мысалдарды кӛптеп келтіре беруге
болады.
И.П.Павлов шартты рефлекстердің табиғатын зерттеу үстінде
тежелулердің бірнеше түрін анықтады. Ол тежелуді сыртқы -
шартсыз (яғни,
туғаннан пайда болатын) және ішкі -
шартты (ӛмірде жасалып отыратын) деп
екі үлкен топқа бӛлді.
Сыртқы тежелудің ӛзі бірнешеге бӛлінеді. Соның бірі -жай тежелу. Егер
шартты рефлекс жасалып жаткан бӛлмеге жаңадан бір тітіркендіргіш қосылса
(мәселен, бӛлмеге бӛтен кісінің кіруі), ит сілекей бӛлуді тоқтатады, яғни жаңа
тітіркендірііш шартты рефлекстің пайда болуына бӛгет жасап, оны тежеп
тастайды.
Тежелудің бір түрі организмнің ӛмірі үшін аса маңызды Егер, организм
сыртқы дүниедегі сан алуан тітіркендіргіштеді сезе алмаса, ол жауынан қорғана
да, тамағын тауып жей де алмас еді.
Сырткы тежелудің екінші түрі -
шектен тыс тежелу. Ми қабығының
жұмыс істеу қабілетінің белгілі шегі бар. Егер миға үнемі күшті
тітіркендіргіштер әсер ете беретін болса, нерв клеткаларының тәртіппен
біркелкі жұмыс істеуіне нұқсан келуі мүмкін. Мидың шаршаған кезінде пайда
болып, оны апаттан сақтап қалатын тежелудің осыңдай түрін кейде
қорғаныс
Достарыңызбен бөлісу: