қарағай, шырша ағаштары шайырының жұпар иісін, теңіз жағалауындағы
ауаның тұзды-сортаң иісін сезетіндей мүмкіндік туғызуы қажет. Оқушылар
бұлардың қайсысы пайдалы, қайсысы зиян екенін (мәселен, бұзылған тамақ, иіс
тигізетін газ, түтін т. б.) айыра білетін болуы қажет.
Кӛптеген жануарлар үшін иіс - негізгі дистанттық рецептор, жануарлар
иіс бойынша азығын іздеп табады немесе қауіп-қатерден сақтанады. Адам
ӛмірінде иіс рецепторының рӛлі аса күшті болмағанымен, тіршілік ортасы мен
ӛмір тәжірибесіне сәйкес күшейіп, жетіле түседі. Иіс түйсіктері адамның
тұрмыс салтына, қызмет сипатына қарай дамиды.
Дәм түйсіктері. Дәм түйсіктері түйіспелі контактылы түйсік, ол сезім
мүшесі заттың ӛзімен жанасқанда пайда болады. Дәм білетін мүше - тіліміздегі
дәм бүршіктері. Дәм бүршіктері тілдің бетінде, жақтың ішінде,
таңдайда, жұтқыншақтың арт жағында орналасқан. Олардың ең кӛп
орналасқан жері - тіл аймағы. Дәмдік тітіркендіргіштердің негізгі дәмдік
сапалары: қышқыл, тәтті, ащы, тұзды болып тӛртке бӛлінеді. Осы тӛрт
түйсіктің араласуынан жәие оларға бұлшық еттік (тілдің қозғалысы) түйсіктің
қосылуынан сан алуан дәмдік түйсіктер туады.
Тілдін түрлі бӛліктері дәмнің
жоғарыда аталған тӛрт түрін түрліше сезеді. Мәселен, тәтті дәмді - тілдің ұшы,
ащыны - тілдің түбі, қышқылды - тілдің екі жақ шеті, тұзды тілдің ұшы мен екі
шеті жақсы сезеді. Егер дәмі бар затты тілдің ортасына салса, адам кӛпке дейін
оның дәмін ажырата алмайды. Ӛйткені, дәм сезетін бүршіктер тілдің ортасында
болмайды.
Дәм түйсіктері иіс түйсіктері тәрізді адамның тәбетін арттырады. Дәмді,
иісі жақсы тағам тәбет қоздырады. Тағамның сапасын талдай отырып, дәм
түйсіктері сақтандыру қызметін де атқарады. Дәм түйсігінің құбылмалы
ерекшелігі оның организмге тамақтың қажеттілігімен тығыз байланыста
екендігінде. Ашыққанда дәм сезгіштік артады, тойғанда әлсірейді. Тамақ ішкен
адам тек тойынып қана қоймайды. Тағам онда белгілі бір эмоциялық әсер
тудырады. Дәмді тұтыну мен тәбетке тағам қабылдайтын орын жағдайы да,
стол үстіп жабдықтай білу де әсер етеді. Мәселен, дәмді тағамдар - адамның
тәбетін арттырады.
Достарыңызбен бөлісу: