1 дәріс: Психология пәні, салалары және даму тарихы



Pdf көрінісі
бет55/121
Дата07.01.2022
өлшемі1,05 Mb.
#19243
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   121
Байланысты:
Жалпы психология. Оқулық

Тері түйсіктері.  Тері  түйсігінің  рецепторы  -  денедегі  терінің ӛн  бойына 
орналасқан. Тері түйсігі, сондай-ақ тілдің, мұрынның кілегей қабықтарында да 
мол.  Тері  түйсіктерінің  ӛзі  бірнешеге  бӛлінеді.  Олар:  тактиль  (жанасқанды 
түйсіну),  температура  (суық  пен  жылыны  түйсіну)  ауырғанды  білдіретін 
түйсіктер. 
 Тактиль  сезгіштігі  бүкіл  дене  бойына  біркелкі  таралмаған.  Тактиль 
клеткаларынын ӛте  күшті  шоғырланған  жерлері  -  алақан,  саусак  ұштары  және 
ерін.  Денемен  жанасқанда  тактильдық  түйсіктер  оның  сыртқы  бетінің  тегіс, 
кедір-бұдыр,  жабысқақ,  сұйық  екендігін  білдіреді.  Егер  дене  бетіне  жанасып, 
оны  қатты  жанши  басса,  ол  ауырсыну  түйсігін  туғызады.  Ауру  сезгіштігінің 
рецепторлық  ұштары  тактильдік  рецепторларға  қарағанда  терінің  тереңірек 
астында  орналасады.  Тактиль  рецепторларының  кӛп  жерінде  ауырсыну 
рецепторлары аз болады. Тактильдік сезгіштік заттың сапасы жайын білдіреді.  
Тері түйсігі рецепторларының есебі жоқ. Тек ауырғанды білдіретін нүктелердің 


 
ӛзі  ғана  денемізде  900  мыңнан  асып  жатады.  Терінің  түрлі  алаптарында 
сезгіштік  бірдей  емес.  Мәселен,  денеге  заттың  тигенін тілдің,  саусақтың  ұшы, 
арқа  тұс  тез  сезеді.  Бір  жеріміздің  ауырғанын  жақсы  сезетін:  арқа  мен  бет 
терілері,  ал  нашар  сезетін:  саусақ  ұштары  мен  алақан.  Дененің  киім  жауып 
тұратын  жерлері  де  ыстық  пен  суықты  ӛте  сезгіш  келеді.  Тері  түйсіктерінің 
қалыптасуына  да  ми  қабығы  астындағы  нерв  құрылымдары  елеулі  рӛль 
атқарады.  Мәселен,  жұлынның  бір  бӛлегін  кесу  арқылы  тері  нүктелерінің 
біреуінің  сезімталдығын  жоюға  болады.  Кейбір  аурулар  адамды  жылылықты, 
суықтықты,  ауырғанды  сезбейтін  күйге  түсіреді.  Мұндай  жағдайда  тіпті  адам 
денесі  күйіп  қалса  да,  оның  ауырғанын  сезбейді,  бірақ  адамда  осы  түйсіктің 
қалған  түрлері  ӛз  қалпында  сақталуы  мүмкін.  Тері  түйсіктері  арқылы  адам 
заттардың  формасын,  кедір-бұдырлығын,  қатты-жұмсақтығын  жақсы  айыра 
алады.  Сондықтан  да  түйсіктің  осы  түрі,  әсіресе,  кӛзі  кӛрмейтін  адамдар  үшін 
ерекше маңызды болады.   
Сипау  арқылы  затты  түйсіну  терінің  ғана  қызметі  емес,  бұл  күрделі 
процес.  Оның  қызметіне  қимыл-қозғалыс  рецепторлары  да  қатысады.  Қол  - 
еңбек  ету  мүшесі  ғана  болып  қоймай,  дүниетану  үшін  де  күшті  рӛл  атқарады. 
Заттардың формасын, үлкендігін, майдалығын, бұжырлығын кӛзбен кӛрмей-ақ, 
қолмен  сипау  арқылы  ажыратамыз.  Сезім  мүшелері  сау  адамдардың  сипау 
түйсігі,  әдетте,  онша  кӛп  жетілмеген.  Түйсіктің  бұл  түрі,  әсіресе,  құлағынан 
айрылған,  кӛзі  кӛрмейтін  адамдарда  ерекше  дамыған.  Мысалы,  ӛзі  соқыр  әрі 
саңырау,  сақау,  американдық  әйел  Елена  Келер  мен  Мәскеудегі  Ольга 
Скороходова  тері  түйсіктерін  жетілдіру  нәтижесінде  Л.  Браиль  жүйесімен 
оқып-жазуды  үйреніп,  ғылыми  атақтар  алған.  О.И.Скороходова  "Мен 
айналадағы  дүниені  қалайша  танып  білемін"  деген  еңбектер  жазып,  белгілі 
дефектолог маман болды. 
Тері талдағыштарының ноқаттары тері беттерінде біркелкі орналаспаған. 
Арнайы  зерттеулердің  мәліметтері  бойынша,  түйсік  ноқаттарының  есебін 
келесі  реттегі  санмен  кӛрсетуге  болады:  тию  нүктелері  -  1  млндай,  ауру 
нүктелері - 4 млндай, суықтық нүктелер – 250 млндай, жылылық нүктелері – 30  
млндай.  Мұндай  тактильдік  талдағыштардың  ең  кӛп  орналасқан  жері ерін,  тіл 
мен  саусақтың    ұштары.  Біз  оларды  мүшелеріміздің  сезгіштігінен 
байқауымызға болады.      
Тері  сезгіштігінің  үшінші  түрі  -  жылы  мен  суықты  түйсіну  
температуралық  түйсіктер.  Температуралық  сезгіштік  организм  мен  қоршаған 
орта  арасындағы  жылылық  алмасуын  реттеп  отырады.  Теріде  жылылық  пен 
суықтық  рецепторларының  орналасуы  біркелкі  емес.  Жота  суықты  кӛбірек 
сезінеді тӛс аз сезінеді. 
Терідегі  температуралық  ӛзгерістерді  түйсінетін  негізгі  екі  рецептор 
болады.  Біріншісі  –  жылылықты    түйсінетін  руффини  жасушалары,  екіншісі  - 
тӛмендеп,  салқындықты  түйсінетін  краузе  колбалары.  Қалыпты  жағдайдағы 
адамның денесіне тән температураны шартты түрде  - "физиологиялық нӛл" деп 
атайды. Айналадағы ортаның температурасы осы физиологиялық нӛлден тӛмен 
түсе  бастаса,  краузе  колбалары  тітіркенеді,  егер  де  нӛлден  кӛтеріле  бастаса, 
руффини жасушалары қоза бастайды. 


 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет