1 дәріс: Психология пәні, салалары және даму тарихы



Pdf көрінісі
бет85/121
Дата07.01.2022
өлшемі1,05 Mb.
#19243
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   121
Байланысты:
Жалпы психология. Оқулық

5. Ақыл-ой сапалары
Тұлғаның    ӛзіндік  ӛзгешелігін,  даралығын    құрайтын  кӛптеген 
қасиеттерінің ішінде ақыл сапаларының елеулі мәні бар. Олар адамның ақыл-ой 
қызметінің 
ерекшеліктерінен, 
оның 
ақыл-ой 
қабілетінің 
ӛзіндік 


 
ӛзгешеліктерінен  кӛрінеді.  Ақыл-ойға  қабілеттілік  деп  нақты  бір  адамның 
ойлану  ӛзгешелігін  білдіретін  сапалар  жиынтығы  айтылады.  Ақылдың  мұндай 
сапаларына  білім  құмарлық,  ізденімпаздық,  ой  тереңдігі,  ақылдың  икемділігі 
мен  оралымдылығы,  логикалылығы,  дәлелділігі,  сыншылдығы    тағы    басқалар 
жатады. 
Білім  құмарлық  пен  ізденімпаздық.  Ақылдың  бұл  сапалары  әлі  белгілі 
емес  жайттарды  білу,  адамның  күнделікті  ӛмірінде  кездесетін  жаңа,  айрықша 
нәрселерді  ашу  (ұғыну)  қажеттілігі  ретінде  пайда  болады.  «Білім  құмарлық» 
пен  «ізденімпаздық»  ұғымдары  кӛбінесе  синоним  ретінде  қолданылады, 
дегенмен  олардың  арасында  аздаған  айырмашылық  бар.  Білім  құмарлық  деп 
әдетте  адамның  ӛмірде  кездесетін  жана  нәрсені  білуге  ұмтылысы  айтылады. 
Ізденімпаз деп нәрсені жан-жақты білуге, ӛзіне әлі таныс емес құбылыстар мен 
байқаған  фактілерінің  негізгілеріне  жетуге,  бұл  фактілердің  шығу  кӛздерін 
білуге,  яғни  онымен  байланысты  нәрсенің  бәрін  анықтауға,  онда  ӛзгеріс 
туғызатын жағдайларды ашуға  ұмтылатын адамды атайды. 
Үнемі  жаңалыққа  ұмтылу,  сол  жаңаны  білуге,  ӛмірде  байқалған 
құбылыстардың  әр  қырын  керуге  талпыну  ретіндегі  білім  құмарлық  пен 
ізденімпаздық  ескі  трафаретті  бағаларды,  түсіндірмелерді,  әрекет  тәсілдерін 
қанағат тұтпайтын адамға тән сипат. 
Ақылдың  тереңдігі.  Мәселе  қою  -  ақыл-ойлық  қызметтің  аса  маңызды 
буыны.  Оны  шешу  үшін  бастыны  қосалкыдан,  жорамалды  шындықтан, 
құбылысты  шығу  тегінен,  негізгіні  детальдан  ажырата  білу  қажет.  Сұрақ  қоя 
білу  («неліктен,  неде?»  т.  б.)  және  құбылыстың  тегін  ашу,  құбылыстар, 
арасындағы  және  олардың  ӛз  ішіндегі  кез  келген  емес,  ең  негізгі,  елеулі 
байланыстарды  таба  білу  ақылдың  тереңдігін  білдіреді.  Терең  ақыл  үстірт 
білімді,  «біреудің  айтуы  арқылы»  білуді  қанағат  тұтпайтын  адамдарға  тән 
сипат. Ақылы терең адам зерттелінін жатқан фактінің ең мәнді жақтарын ашуға 
және  оның  ӛзіне  белгілі  басқалай  құбылыстармгн  жан-жақты  байланысын 
жасауға  талпынады.  Сондықтан  терең  ақыл  кӛбінесе  білім  құмарлықпен 
ұштасады. 
Ақылдың  икемділігі мен  оралымдылығы.  Әр  мәселені  шешу  үшін  адамда 
бар  тәжірибені  кеңінен  және  ӛте  мұқият  мүшелеп  пайдалану  талап  етіледі; 
сондықтан  оның  ойлауы  икемді  және  оралымды  болып  келуі  керек.  Нақты 
мәселені  шешуге  сан  алуан  түрлі  білімді  жұмсай  білетін  адам  жайлы  осыны 
айтуға  болады.  Ол  бұрын  орныққан  байланыстардан  назарын  басқа  жакқа  тез 
аударуға,  жаңа  үйлесімдер  жасауға  таныс  ұғым,  бейне,  байланыс,  заңды  жаңа 
қатынастарға енгізуге, затқа жаңа, әдеттен тыс тұрғыдан қарауға, елеусіз болып 
кӛрінетін фактілерді салыстырып, тиісті қорытындылар жасауға да қабілетті. 
Ақылдың  осындай  оралымдылыгы  -  ойлау  тереңдігі  мен  шапшаңдығы 
үйлесімін  тапқан  ақыл  тапқырлығынан  кӛрінеді.  Әдеттен  үйлесімділік,  ең 
маңызды  жайтты  тез  анықтаушылық,  жаңа  шешімдерге  оңай  келушілік 
ақылдын тапқырлығын, ор-лымдылығын, сонылылығын білдірсді. 
Логикалылық.  Ақылдың  бұл  сапасы  ой  процесінің  ӛзінін  барысын 
сипаттайды  және  алдымен  талдау  -  синтездеу-арақатысымен  анықталады. 
Ойлау процесінің бағытының айкындығы, оның бір ізділігі, қойылған мәселеге 


 
сай  келушілігі,  логикалылығы,  барлық  ірі  және  ұсақ  детальдарды  салыстыра 
білушілік  адамға  болашақ  (немесе  бұрын  болған)  құбылыстын  барысын 
анықтауға мүмкіндік береді. Ақылдың  мұндай логикалылығына мысалы, ертең 
болатын  шайқастың  барысын  жоспарлайтын  қолбасшы,  жана  формула 
шығаратын математик, әр окүшы мен бүкіл сыныптағылардың  ерекшеліктерін 
жақсы білетін педагог ие. 
Ақылдың  дәлелділігі  мен  сыншылдығы.  Адам  танымның  ең  жоғары 
сатысына  алдында  тұрған  мәселені  дұрыс  шешуге  жеткенде  ғана  емес,  ӛз 
шешкендерін негіздей білгенде кӛтеріледі. 
Адамның  ойлауы  дәлелділік  пен  нанымдылыққа  оның  пікірлерінің, 
қорытындыларының 
дұрыстығын 
растайтын 
фактілерді, 
шындық 
құбылыстарын,  ашылған
 
заңдылықтарды  ӛзінде  бар  білімнен  іріктеп  алуды 
білетін  шағында  ғана  емес,  сонымен  катар  осыған  басқаларды  да  нандыра 
алатын шағында ие болады. 
Ойлаудың  дәлелділігі  келтірілген  негіздеудің  логикалығын,  бір  ізділігін 
қажет  етеді.  Білімді  пайдалана  білу  және  ӛзіңе  де,  басқаға  да  адамның  бұл 
ережені қолданған, арнайы жасаған себептерін түсіндіру - ойлау процесінің ӛзін 
оның  барлық  буындарында  реттеп,  ӛтуінің  бір  ізділігін  де  қадағалап  отыруды 
қажет  етеді.  Ойлаудың  бұл  ерекшелігі  ақыл-ой  қызметінің  бүкіл  процесіне 
ақылға қонымды және дәлелді сипат береді. 
Ойлау сапаларының тӛмендегідей түрлері болады.  
Ойлау  ӛрістілігі  -  адамның  мәселені  тұтастай  қамтып,  сон  бірге  оның 
жекеленген тұстарын да назардан шығармау қабілеті 
Ой  тереңдігі  -  күрделі  мәселелердің  мәніне  жете  енуден  кӛрінеді 
тереңдігіне  қарсы  сапа  -  ой  үстірттігі  Мұндайда  адам  басты  нәрсені    кӛрмей, 
қажеті кем жағдайлардан аса алмайды. 
Ой  дербестігі  -  адамның  жаңа  міндеттерді  алға  тартып,  басқалар 
жәрдемінсіз-ақ оларды шешудің жолдарын таба білу. 
Ой  асығыстығы  -  тұлғаның  кезіккен  мәселені  жан-жакты  ойластырып 
алмай, кандай да бір тарапын үзіп алып, шешім беру, жеткілікті  ой сарабынан 
ӛтпеген жауаптар мен пікірлер айту әдеті. 
Ой икемділігі – мәселе шешудің дәстүрлі, бұрыннан қалыпт әдіс-тәсілдері 
құрсауына  маталып  қалмай,  қалыптан  тыс  шешім  жолдарын  іздестірудегі 
еркіндігі, жағдай ӛзгерістеріне орай жаңаша ой  жүргізу қабілеттілігі. 
Ой  жүйріктігі  -  адамнын  ауысқан,  бейтаныс  жағдайлар  мәнін  жылдам 
түсініп, ойланумен дұрыс жол таба білу касиеті. 
Ойлау  әрекетінде  кӛрініс  беретін  шабандық  нерв  жүйесінің    типі  -  жай 
козғалғыштығымен байланысты.  
Ой  сындарлылығы  -  адамның  ӛзінің  де,  ӛзгенің  де  ой,  пікірін    шынайы 
бағалай  білу  ептілігі,  алға  тартылған  тұжырымдар  мен    қорытындыларды  
тиянақты  әрі  жан-жақты  тексерістен  ӛткізу    қабілеті.  Ойлаудың  жеке-
даралықты  ерекшелігі  әр  адамның  ӛзін  ӛз  қызметімен  байланысты  ойлау 
түрлерін таңдай білуіне байланысты.  Мысалы, бір адам - кӛрнекі - әрекеттік ой 
түрін  таңдаса,  екншісі  -    кӛрнекі  -  бейнелі  ой  толғастыруды  қалайды,  ал 


 
үшіншісі, тұлғалық    деңгейі жоғары адам - абстракт-логикалық ойлауды  қару 
етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет