жайында ақпараттар іздеп табу. 2. Ақпаратты жазбаша түрде дайындау. 3.
табу құзыреттіліктері тапсырмаларын орындау ұсынылды.
29
Бастауыш сынып оқушыларының
функционалдық
сауаттылықтарын
қалыптастыруда қатысымдық әдіс функционалдық сөйлеудің грамматикалық
жағы мен лексикалық бірліктерді меңгертудің негізі ретінде алынды. Қатысым
әдісі бойынша оқушыларды бірінші сабақтан бастап сөйлесім әрекетіне баулу,
тілді үйретуді күнделікті өмрде жүзеге асыру, сабақты практикалық жағынан
жан-жақты қамтамасыз ету ескерілді.
Өйткені кез-келген тақырыптағы тілдесім үдерісі сөйлеу, жазу, оқу, тыңдау
әрекеттері арқылы іске асады. Бұл
қатысымдық
бағытта дайындалған
тапсырмалардың мәні оқушыларды ана тілінде қарым-қатынас үдерісіне
дайындау, сыныпта қарым-қатынас жасауға жағдай тудыру болып табылады.
Қатысымдық әдіс
ұсынылған тапсырмалардың
бәріне ортақ, әсіресе
жағдаяттық, рөлдік ойын, сұхбаттық тапсырмаларда басым болады. Осы әдістің
функционалдық
сауаттылықпен
байланысы
жағдаяттық,
сұхбаттық
тапсырмалардағы тілдесімде ерекше басымдылыққа ие болады. Рөлдік ойын
әдісінде 7-12 жастағы балалар қарым-қатынасқа тез түседі де, кез-келген рөлді
ынтамен орындайды. Рөлдік ойындар оқушыға өзін танытуға, жолдастарының
пікірімен санасуға, дұрыс сөйлеу қабілетін жетілдіруге, жан-жақты білімін
көрсетуге мүмкіндік береді.
Бастауыш сыныптың соңында оқушылар меңгеруі қажет:
Мәтіндегі тірек сөздерді табуды және олармен мәтін құрауды; сөз
таптарын ажырату, талдау және оларды топтастыру, өзара салыстыруды; жіктеу
есімдіктерін табуды және оларды септеуді; мәтіннен қаратпа және қыстырма
сөздерді табуды; жай сөйлемге синтаксистік талдау жасауды; өз ойларын еркін
жеткізуді, сөйлемдерді дұрыс құрастыруды; берілген мәтінге жоспар құруды;
қоршаған орта мен мақсатқа сәйкес орынды сөйлей білуді; диктант (көлемі 65-
75 сөз), мәтін бойынша мазмұндама (мәтін көлемі 150-200 сөз), көлемі 50-60
сөзден тұратын шығарма (сипаттама, баяндама, пайымдау) жазуды; бастауыш
сыныпта оқытылған пәндер бойынша жүйелі білімінің болуынан; алынған
ақпаратты талдай, өңдей, жинақтай және қолдана білуінен; шығармашылықпен
жұмыс істеу әдістерін меңгеруінен көрінуі қажет; өз ана тілін жетік білуі және
құрметтеуінен.
Достарыңызбен бөлісу: