Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет36/48
Дата07.01.2022
өлшемі0,68 Mb.
#19285
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   48
Байланысты:
1410319942356 (1)

«Оқушылардың  құқықтық сауаттылығының негізі- тұлғаны  жан-жақты

үйлесімді  тәрбиелеу  саласының бірі — құқықтық тәрбие.  Ол қоғамның  әрбір

азаматының мемлекеттік  заңдарды  аса  жауапкершілікпен  орындап  отыруы

талаптарымен тығыз байланысты. Әсіресе,  елімізде жүріп жатқан жариялылық,

құқықтық және  зайырлы қоғам  орнату үдерісімен  байланысының маңызы

ерекше. Мектептегі құқықтық тәрбиенің мақсаты:

1. Оқушыларға  мемлекет, құрылым  және құқық,  құқықтық нормалар

жайында  жан-жақты  білімдерді  меңгерту.  Бұл  бағытта  мектеп  Жарғысы,

оқушыларға  арналған  мінез-құлық ережелері құқықтық білімнің алғашқы

негізін қалайды.  Онда  оқушылардың  құқықтары  мен  міндеттері  туралы

нормалар бар.

2. Мемлекет  пен  мемлекеттік  заңдарға құрметпен қарау  сезімдерін

тәрбиелеу.  Мұндағы  маңызды  мәселе – бүгінгі  таңда  елімізді қайта құру

кезеңінде  Парламентте қабылданып  жатқан  заңдарды  таныстыру,  олардың

қоғамдағы  демократияны  дамытып, әділдікті  баянды  етуде  атқаратын қызметі

мен  ерекшеліктеріне  көңіл  бөлу,  соның негізінде  оқушылардың сана-сезімін

қоғам, заң алдындағы жауапкершіліктерімен тәрбиелеу.

3. Оқушылардың мінез-құлықтары мен жүріс-тұрыстарын заң талаптарына

сай қалыптастырып, адамгершілікті әдет-дағдыға айналдыру.

4. Ата  Заңның  14-бабында:  «Заң мен  сот  алдында  жұрттың бәрі  тең» деп

атап  көрсетілген.  Олай  болса,  адамзат  баласы Қазақстан  Республикасының

азаматы  болған  жерде  бір-біріне қамқор  болып,  ел  байлығын  халық игілігіне

жұмсауға  атсалысуы тиіс. Құқықтық тәрбиенің міндеті – оқушылардың

азаматтық белсенділігін қалыптастыру,  заңды  бұзушылыққа қарсы  күресу,

әртүрлі әлеуметтік-құқықтық маңызы бар жұмыстарға қатыстыру.

Құқықтық тәрбиенің нәтижелі  болуы үшін  сатыдан  сатыға  көшкенде

құқықтық тәрбие  күрделеніп,  тереңдей  береді.  Оқушылардың  құқықтық сана-

сезімін қалыптастыруда  бір  сатыда қол  жеткен  табыс  келесі  сатыда  баянды

етіліп, молая беруі тиіс. Тәрбиенің негізі- мектепте оқу болса, оқушыларға оқу

пәндерінің  құқықтық тәрбие  берудегі қызметі  айрықша.  Бастауыш  мектепте




50

дүниетану  пәнін  оқытқанда  балаларға қоршаған  ортаны  сақтап,  тиімді

пайдалануға, қорғауға  арналған  заңдар  туралы  мәлімет  беруге  болады.  Ата

Заңның  38-бабында:  «Қазақстан  Республикасының азаматтары  табиғатты

сақтауға  және  табиғат  байлықтарына ұқыпты қарауға  міндетті»,- деп  атап

көрсетілген.

Оқушыларға

құқықтық


тәрбие  беруде  сыныптан,  мектептен  тыс

жұмыстардың да  алатын  орны  ерекше.  Осы  бағыттағы  жұмыстарға  жататын

тәрбие берудің жолдары мыналар:

1. Мораль мен құқық мәселелеріне арналған әңгімелер өткізу.

2. Полиция, МАИ қызметкерлерімен кездесу ұйымдастыру.

3. Құқық


мәселелеріне  арналған  кештер,  конкурстар,  олимпиадалар

ұйымдастыру.

4. Құқықтық үйірмелерге қатыстыру.

5. Оқушылар  конференциялары,  айтыстары,  адамгершілік  және құқық

тақырыптарына байланысты арнаулы және көркем мәтіндерді талқылау.

6. Құқықтық тақырыптарға  арналған  деректі  және  көркем  фильмдерді

талқылау.

Мектептегі

құқықтық

сауаттылықты

қалыптастыру

-

негізгі



құқықтық бағыттағы тәрбие  жұмыстары болып  табылады.  Баланың  өміріне

және


әрекетіне

қолайлы  жағдайлар  туғызып,  баланың

бойына  біткен

мүмкіншіліктерді  ақиқатқа  айналдыру  жолында

әрекет  етіп,  баланың

әрекеттерін ұйымдастырып,  басқарып,  оларға  дұрыс  бағытын  беріп,  жетекші

болып отырады.

Мектептегі құқықтық тәрбие  жұмысы.  1- сыныптан  бастап, белгілі  бір

жүйелілік пен ұйымдастырылған түрде оқуды бітіргенге дейін жүргізілуі қажет.

Әрине, құқықтық тәрбие  тиімді  нәтиже  беру үшін – арнайы  жүргізілетін

сабақтар, әрекеттер арқылы жүзеге асырылады.

Құқықтық тәрбиенің міндеттерін бөліп көрсететін болсақ, ол төмендегідей

болады:

- қоғам мүшелерінің бойына құқықтық білімді сіңіру;

- құқыққа сай жүріс-тұрысты әдетке, дағдыға айналдыру;

- құқықтық іске белсенді араласу қабілетін ояту;

- қоғам мүшелерінің заңда белгіленген құқықтары мен мүдделерін қорғай

және пайдалана алуға машықтандыру;

- құқықтық сананы қалыптастыру.

Құқықтық тәрбиенің негізі - оқушыға құқықтық нормаларды  таныту

болып  табылады. Құқық нормалары  мен  ережелері  адамдардың іс-әрекеттері

мен мінез-құлықтарының қоғамдық мүддеге, белгіленген тәртіпке, қабылданған

заңдарға  сай  келуін  талап  етеді.  Сондықтан  да  осы  талаптарға  сай өмір  сүру

үшін құқықтық нормаларды  білуді  борышы  ретінде  бастауыш  мектептің беру

міндеті.

Олай  болса,  оқушы  жастарға құқықтық білім  беріп,  олардың  құқықтық

сауаттылығын қалыптастыруда мектептегі құқықтық тәрбиенің мақсаты:

1.

Өскелең



жас

ұрпақты


қоғамның

заңдары  мен  нормаларын

бұлжытпай орындау және оларды сыйлау рухында тәрбиелеу.



51

2.

Мемлекет пен қоғам ісіне саналы түрде белсенділікпен қатысып, өз



Отанын қорғауға әрқашанда дайын болуға жаттықтыру.

3.

Өз  елінің материалдық және  рухани  байлығын  сақтап,  оны



молайтуға қабілетті, іскер адамдарды тәрбиелеу.

Бұл  бағытта  мектеп  Жарғысы,  оқушыларға  арналған  мінез-құлық

ережелері құқықтық білімнің алғашқы  негізін қалайды.  Онда  оқушылардың

құқықтары  мен  міндеттері  туралы  нормалар  бар.  Міне,  осы қарапайым

құқықтық нормалар  төменгі  сыныптан  бастап  оқу  тәрбие  процесінің барлық

құрылымында түсіндірілуден, білім беруден, оқытудан басталады.

Мектепте құқықтық тәрбие  беру үдерісін  кезең-кезеңмен өткізген  жөн.

Оқушылар  1-4  сыныптарда  алғашқы

құқықтық  ұғымдармен  танысады,

адамгершілік  тәрбиесіне  баса  көңіл  бөлінеді.  Содан  кейін әркімнің  өз  істеген

ісіне  жауапкершіліктің болатыны  түсіндіріледі.  Мысалы,  олар  мектептің

өздеріне  бұрын  беймәлім  ішкі  тәртібін  меңгереді,  міндеттерін ұғынады,

алғашқы қоғамдық тапсырмаларды орындайды (кезекшілік, т.т.). осы әрекеттер

барысында  олардың

сынып,  мектеп  алдында  жауапкершілік  сезімдері

қалыптасады.




52



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет