Қазақстан Республикасындағы балаларға қосымша білім беруді



Pdf көрінісі
бет36/38
Дата07.01.2022
өлшемі2,34 Mb.
#19329
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
 

 

Стратегияны жүзеге асырудың болжамды нәтижелері 

 

Балаларға  қосымша  білім  беру  мекемелерінің  саны  артады,  олар 

балаларға қосымша білім беру мекемелерінің жалпы санындағы мекемеаралық 

әрекеттестікке енгізілген; 

жалпы  білім  беруші  мектептердің  саны  артады,  олардың  базасында 

балаларға қосымша білім беру бірлестігі жұмыс істейді; 

қосымша  білім  беру  жүйесіне  енгізілген  денсаулығының  мүмкіндігі 

шектеулі,  ауыр  өмірлік  жағдайдағы,  қауіп-қатер  тобындағы  және  жоғарғы 

мектеп жасындағы балалардың саны артады; 

қосымша  білім  берудің  білім  үрдісінің  бағдарламалық-әдістемелік  және 

ғылыми қамтамасыз етілуінің сапасы жоғарылайды; 

балаларға  қосымша  білім  беру  жүйесіндегі  басқарушы  және 

педагогикалық кадрларды мекемеаралаық негізде жүзеге асырылатын даярлау, 

қайта  даярлау  және  біліктілігін  арттыру  бағдарламаларының  сапасы 

жоғарылайды; 

мемлекеттік-қоғамдық  басқару  органдары  бар  балаларға  қосымша  білім 

беру мекемелерінің саны артады; 

балаларға қосымша білім беру жүйесінде халықтың қызметке сұранысын 

анықтау жүйесі құрылады; 

балаларға  қосымша  білім  беру  жүйесінің  кадрлық  әлеуетін  сақтау  және 

дамыту деңгейі көтеріледі; 

балаларға  қосымша  білім  беру  жүйесіндегі  инновациялық  дамудың 

ғылыми-әдістемелік жүйесі құрылады; 

балаларға  қосымша  білім  беру  мекемелерін  қаржыландырудың    көп 

арналы жүйесі құрылады;  

балаларға  қосымша  білім  беру  мекемелерінің  материалды-техникалық 

қамтамасыз етілуі жақсарады; 

балаларға  қосымша  білім  беру  бойынша  заңнамалық  және  нормативтік 

құқықтық база жетілдіріледі; 



62 

 

          балаларға қосымша білім беру мекемелерінің жүйесін дамыту және 



қосымша,  орта  білім  беру,  ғылым  мен  өнідіріс  жүйесін  біріктіру  арқылы 

балалардың қосымша білім берумен қамтылуы артады;  

қосымша  білім  алудың  қолжетімділігі  мен  үйренушілердің  тең 

мүмкіндіктері қамтамасыз етіледі; 

балаларға  қосымша  білім  беру  жүйесінің  заманға  сай  инфрақұрылымы 

құрылады,  материалды-техникалық  база  нығайтылады,  экономикалық 

қатынастар жетілдіріледі; 

балаларға  жалпы,  орта  және  қосымша  білім  беру  құрамының 

сабақтастығы негізінде бірыңғай білім кеңістігі сақталады; 

қосымша білім берудің мазмұны мен құрылымы жаңартылады, балаларға 

қосымша білім берудің тиімділігі мен сапалылығына қол жеткізіледі;  

балаларға қосымша білім беру жүйесінің мекемеаралық сипаты, қосымша 

білім  беруге  қолжетімділікті  қамтамасыз  етуге  мүдделі  органдар  мен 

мекемелердің күш салу үйлестілігі қамтамасыз етіледі; 

қосымша  білім  беру  жүйесіндегі  бәсекелесуге  қабілетті  және  жоғары 

білікті мамандарды даярлау сапасы жоғарылайды;  

ақпараттық  және  коммуникациялық  технологиялар  дамытылады, 

қосымша білім беру мекемелерінде қашықтықтан оқыту қамтамасыз етіледі; 

балалар  бағдарламаларын,  қосымша  білім  беру  мекемелерінің  web-

порталын, балаларға арналған web-сайттар, балалар журналдарын құру арқылы 

бірыңғай білім беруге арналған ақпараттық орта құрылады; 

балаларға  қосымша  білім  беру  мекемелерін  мемлекеттік  аттестаттау мен 

аккредиттеу жүйесі жетілдіріледі;  

Балаларға  қосымша  білім  беру  жүйесіндегі  педагогикалық  және 

басқарушы кадрлардың әлеуметтік мәртебесі мен кәсіби деңгейі көтеріледі. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет