Қазақстан Республикасындағы балаларға қосымша білім беруді



Pdf көрінісі
бет1/38
Дата07.01.2022
өлшемі2,34 Mb.
#19329
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38


 

Жоба 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

Қазақстан Республикасындағы балаларға қосымша білім беруді 

дамытудың стратегиялық тәсілдері

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана – 2015 

 



 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


 

Мазмұны 



 

1. 


Кіріспе  

2. 



Қазақстандағы  балаларға  қосымша  білім  берудің  заманауи 

жүйесінің даму ерекшеліктері 

 



3. 



Қосымша білім беру жүйесінің әлемдік даму үрдістері  

19 


4. 

Қазақстан  Республикасындағы  балаларға  қосымша  білім  беру 

жүйесінің қазіргі жағдайы  

 

32 



5. 

Балаларға  қосымша  білім  беру  жүйесін  дамытудың  мақсаты, 

міндеттері мен ұстанымдары  

 

53 



6. 

Балаларға қосымша білім берудің даму тетіктері: 



1. 

Балаларға  қосымша  білім  беру  жүйесінің  заңнамалық 

және нормативтік құқықтық базасын жетілдіру  

2. 

Балаларды  қосымша  білім  берумен  барынша  қамтуға 

жағдай жасау  

3. 

Балаларға 

қосымша 

білім 

берудің 

мазмұнын, 

ұйымдастыру формаларын және технологияларын жетілдіру 

есебінен  балаларға  қосымша  білім  берудің  сапасын, 

тиімділігін қамтамасыз ету  

4. 

Педагогикалық  және  басқарушы  қызметкерлердің, 

сонымен  қатар  балаларға  қосымша  білім  беру  жүйесі  бейіні 

бойынша мамандардың әлеуметтік дәрежесін арттыру және 

кәсіби жетілдіру   

5. 

Балаларға  қосымша  білім  беру  жүйесінің  басқару 

тиімділігін арттыру  

6. 

Балаларға  қосымша  білім  беру  жүйесінің  заманауи 

инфрақұрылымын  құру,  материалдық-техникалық  базасын 

нығайту, экономикалық қарым-қатынастарды жетілдіру  

 

7. Дарынды балаларға қолдау көрсету жүйесін дамыту  

55 


 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



7. 

Балаларға  қосымша  білім  беруді  дамытудан  күтілетін 

нәтижелер  

 

61 



8. 

Қазақстан 

Республикасындағы 

әлеуметтік-экономикалық 

эффектілер 

 

62 



9. 

Қолданылған әдебиет 

65 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

Кіріспе  

 

ХХІ ғасырдың үшінші онжылдығында Қазақстан әлемнің дамыған елдері 



қатарына  енуді  көздеп  отыр.  Бұл  жағдайларда  қазақстандықтардың  өскелең 

ұрпағына  зор  жауапкершілік  жүктелуде,  олардың  алдында  ұлттық  бәсекеге 

қабілеттілік  деңгейін  көтеру,  ХХІ  ғасырда  Қазақстанның  өсіп-өркендеуі  мен 

беделінің артуын қамтамасыз ету міндеттері тұр.  

Негізгі  қоғамдық  капитал  –  адам  капиталын  белсенді  дамытудың  ең 

тиімді тәсілдерінің бірі «технологиялық серпінге» әзір жаңа ұрпақты дайындау, 

оларды  ғылыми-техникалық  және  инновациялық  саясатты  іске  асыруға  тарту 

болып табылады. Адам капиталы экономикалық өсімнің негізгі факторы болып 

табылатыны  айдан  анық,  ол  денсаулықтың  және  тұрмыстың  жақсаруы  сияқты 

экономикалық емес пайданың кең спектрімен байланысты.    

Мұндай  нәтижелерге  жету  үшін  білім  беру  жүйесін  адам  капиталына 

деген  жалпы  әлемдік  талаптарға  жауап  беретін,  қазақстандық  қоғамның 

ауқымды  міндеттерді  шешу  үшін  жұмылуын  қамтамасыз  ететін  заманауи 

құзіреттіліктерді  игеруге  бағыттау  керек.  Сондықтан  адам  капиталына 

инвестиция  салу  –  балалар  мен  жастардың  шығармашылық  мүмкіндіктерін 

кеңейту,  оларды  өз-өздерін  табысты  жүзеге  асыруға  тарту  мұндай 

инвестициялау  үшін  маңызды  мүмкіндік  және  тиімді  технология  сияқты 

Қосымша білім беруді дамыту стратегиясының (бұдан әрі - Стратегия) орталық 

элементіне айналуы тиіс.    

Қазіргі  жағдайда  балалардың  мектеп  білімі  аясында  үнемі  іске  асырыла 

бермейтін  салалардағы  танымдық  қызығушылықтары  мен  қажеттіліктерін 

қанағаттандыруға  байланысты  білім  беру  іс-әрекеті  кең  қанат  жайып  келеді. 

Демократиялық  реформалар  тудырған  отандық  білім  беру  саласындағы  жаңа 

құбылыстар  қатарында  барынша  маңыздылардың  бірі  деп  толық  негізде 

балаларға  қосымша  білім  беруді  атауға  болады.  Балаларға  қосымша  білім 

берудің  құндылығы  сол,  ол  жалпы  білім  берудің  вариативті  құрамын 

күшейтеді,  жасөспірімдерге  өз-өздерін  кәсіби  бағдарлауда  көмектеседі, 

балалардың  мектепте  алған  білімдері  мен  күш-қуаттарын  іске  асыруға 

септеседі.    

Қосымша  білім  беру  жағдайында  балалар  өздерінің  шығармашылық 

әлеуеттерін,  қазіргі  қоғамға  бейімделу  дағдыларын  дамыта  алады  және  бос 

уақытты толыққанды ұйымдастыру мүмкіндігін алады.  

Қосымша білім беру міндеттерін іске асыра отырып, мектеп бір жағынан 

білім  беру  стандартын  игеру,  ал  екінші  жағынан  –  білім  беруді  жаңғыртудың 




 

маңызды  ұстанымы  ретінде  жарияланған  білім  беруді  ізгілендірудің  негізі 



болып  табылатын  тұлғаның  еркін  дамуы  үшін  жағдай  жасау  қажеттігі 

арасындағы қарама-қайшылықты шешеді. 

Балаларға қосымша білім беру мәселесінің өзектілігі бүгінгі таңда сөзсіз, 

өйткені  ол  балаларға  білім  берудің  мәнін  жаңаша  түсінумен  тікелей 

байланысты.  Балаларға  қосымша  білім  беру  жүйесі  қазіргі  жағдайларда  білім 

беру  кеңістігінің  аса  маңызды  құрамдас  бөлігі  ретінде  қарастырылады,  оны 

мұқият  ойластырылған  және  тексерілген  талаптар  негізінде  ұйымдастыру 

дарынды  балаларды  қолдаумен  және  дамытумен  қамтамасыз  ете  отырып, 

балалық шақ дағдарысын енсеруге көмектесуі мүмкін.   

Қазақстандағы  қосымша  білім  берудің  жылдар  бойғы  қалыптасу  тарихы 

және  қазіргі  жағдайына  талдау  оның  төмендегі  өзара  әрекет  етуші  элементтер 

жиынтығынан  тұратын  белгілі  бір  жүйе  ретінде  қарастырыла  алатынын 

көрсетеді:  түрлі  деңгейдегі  және  бағыттағы  білім  беру  бағдарламалары; 

балаларға  қосымша  білім  беру  ұйымдары;  білім  беруді  басқару  органдары; 

қосымша  білім  беру  бағдарламаларын  іске  асырушы  балалар  мен 

жасөспірімдердің қоғамдық бірлестіктері.  

Аталмыш  Стратегияны  әзірлеу  қосымша  білім  беру  сапасын  арттыруға, 

жаңа  экономикалық  және  мәдени-әлеуметтік  жағдайлардағы  қазақстандық 

қосымша  білім беру  жүйесі  алдында тұрған  стратегиялық  міндеттерді  шешуге 

бағытталған түбегейлі өзгерістердің қажеттігінен туындаған.  

Стратегия мемлекеттік тәуелсіздікті қалыптастыру мен нығайтудың, елді 

ілгері  дамытудың  іргелі  құрамдас  бөлігі  ретіндегі  білім  беру  саласындағы 

мемлекеттік  саясаттың  негізгі  бағыттары  мен  міндеттерін,  оларды  іске 

асырудың тегершіктерін анықтайтын құжат болып табылады.  

Зияткерлік  капитал,  еңбек  адамы,  инновациялық  ойлау  жаңа 

Қазақстанның  басты  құндылығына  айналуда.  Олар  Мемлекет  басшысы  Н.Ә. 

Назарбаевтың «Қазақстандық жол – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» 

атты  Қазақстан  халқына  Жолдауында  көрсетілген  стратегиялық  бағытпен 

үйлесуі тиіс.    

Қосымша білім беруді дамыту стратегиясы елдегі қосымша білім берудің 

мүмкіндіктерін кеңейту арқылы өскелең ұрпақты әлеуметтендірудің және өзін-

өзі  дамытудың  негізгі  міндеттерін  шешуге  бағытталған  және  Қазақстан 

Республикасының 

Конституциясымен, 

«Білім 

туралы», 

«Қазақстан 

Республикасындағы  бала  құқықтары  туралы»,  «Кәмелетке  толмағандар 

арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу және балалардың қадағалаусыз 

және  панасыз  қалуының  алдын  алу  туралы»  Қазақстан  Республикасы 




 

Заңдарымен,  Білім  беруді  дамытудың  мемлекеттік  бағдарламасымен  және  т.б. 



анықталған  Қазақстанның  тәрбие  беру  саясатының  негізгі  ұстанымдарын 

дамытады. 

Стратегия  атқарушы  биліктің  мемлекеттік  органдарының,  қоғамның, 

бизнес-қауымдастықтардың балаларға қосымша білім беруге және тәрбиелеуге 

деген  назарларын  күшейтуге,  сабақтан  тыс  уақытты  тиімді  ұйымдастыруға, 

балалар  мен  жастар  ортасындағы  жат  құбылыстарға  қарсылық  көрсетуге, 

балалар құқығының сақталуын қасмтамасыз етуге бағытталған.  

Ашықтыққа, ұшқырлыққа және икемділікке ие балаларға қосымша білім 

беру жүйесі баланың, оның отбасының, қоғамның, мемлекеттің мүддесіне орай 

«уақыт талабына» жылдам әрі дәлме-дәл әрекет етуге қауқарлы. Қазіргі уақытта 

балаларға  қосымша  білім  беру  «Қазақстандық  білім  берудің  таяу  уақыттағы 

даму аумағы» ретінде қарастырылады.      

Стратегия Қазақстан Республикасындағы балаларға қосымша білім беруді 

дамытудың  құнды-мағыналық,  мақсатты,  мазмұнды  және  нәтижелі  басым 

бағыттарын анықтайды.  

Тұлғаның дамуға және өзін-өзі іске асыруға құқықтарын қамтамасыз ету, 

балалар  мен  жастардың  түрлі  қызығушылықтарын  қанағаттандыру  үшін 

мүмкіндіктерді  кеңейту,  олардың  мотивациялық  әлеуеттерін,  тұлғаның,  қоғам 

мен 

мемлекеттің 



бәсекеге 

қабілеттіліктерін 

дамыту 

мақсаттарында 

ұйымдастырушылық-педагогикалық,  әдістемелік,  ғылыми-зерттеушілік  іс-

шаралар кешенінен тұратын Стратегияны қабылдау қажеттілігі туындайды.  

Қазақстанның  индустриалдық  қоғамнан  постиндустриалдық  ақпараттық 

қоғамға  көшу  жағдайында  адамға  қосымша  білім  беру  жүйесіне,  өскелең 

ұрпаққа  қосымша  білім  беру  мүмкіндіктерін  кеңейту  арқылы  адамды 

әлеуметтендіруге  және  өзін-өзі  дамытуға  талаптар  күшейе  түседі.  Адамның 

дамуға  және  іс-әрекеттің  сан  түрін  еркін  таңдауға  деген  құқығын  барынша 

толық  қамтамасыз  ететін  ашық  білім  беру  ретіндегі  қосымша  білім  берудің 

мұратын қоғамдық түсінудің қажеттілігіне барынша маңыз берілуде, қосымша 

білім балалардың, жеткіншектер мен жастардың тұлғалық және кәсіби тұрғыда 

өз-өздерін анықтауларына көмектеседі.  

Бүгінде  ақпараттың  жаңа  арналары  мен  көздері  пайда  болуымен  мектеп 

білімді,  дағдыларды  және  жүріс-тұрыс  үлгілерін  қалыптастыруға  деген 

монополиядан  айырылуда.  Формальды  білім  беру  аясынан  шығу,  басқа 

әлеуметтік институттар мүмкіндіктерін қолдану қажет.  

Стратегияны  іске  асыру  қосымша  білім  беру  инфрақұрылымының 

тартымдылығын  арттыруға  және  негізгі  даму  аспектілерін  қамтамасыз  етуге, 



 

осы  саланы  мемлекеттік  реттеудің  жәнее  қолдаудың  тиімді  тегершіктерін 



құруға септесетін болады. 

Стратегия  Қазақстан  Республикасы  балаларына  қосымша  білім  берудің 

сапасын жетілдіру бойынша іс-әрекеттердің мақсаттылығын,  тұтастығын және 

жүйелілігін қамтамасыз етуге бағытталған.   

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 




 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет