Ә. Е. Жұмабаева, Г. И. Уайсова, А. Т. Тұралбаева Қазақ тілі диктанттар жинағЫ 1-бөлім



Pdf көрінісі
бет7/23
Дата07.01.2022
өлшемі215,29 Kb.
#19429
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23
Байланысты:
ДИКТАНТТАР ЖИНАҒЫ.2 сыныпpdf

Ю әрпінің жазылуы

Сөздік диктант

Жаю, ою, еңкею, түю, жию, сыю, тыю.

• 

Сөздердің мағынасын түсіндіру.

Көру диктанты

Биші

 

Қамзол кием қынай бел



 

Толған ою, өрнекке.

 

Билесін деп сұрайды ел,



 

Өнерімді көрмекке.



 

        Оразақын Асқар

•  Ою сөзіне дыбыстық талдау жасату.

***

 

Шілдеде шөп маялап,



 

Егін басы толады.

 

Көгөніс пен миуа бақ



 

Көздің жауын алады.



 

           Ермек Өтетілеуұлы

•  Миуа сөзінің жазылу ерекшелігін талдау.

Өздік диктант

 

Тәтті балға тоюды



 

Ойлап аю,

 

Омартаны ториды. 



    

 

 

 

    Мұзафар Әлімбай


14

Ескерту диктанты

Сауысқан

Сауысқан  –  жылтыр,  әшекейлi  заттарға  әуес  құс.  Ол 

ұясына әр түстi матаны, қағаздарды, жылтыр шыныларды та

сиды. Оның ұясынан түрлi түстi тастарды, күмiс тиындар мен 

алтын сақиналарды да кездестiруге болады. 

***

Жақсылық

Әлия  бүгін  мектепке  ерте  келді.  Сыныпқа  кіріп,  орнына 

жайғасты. Терезе жақтан ызыңдаған дыбысты естіді. Ол әйнекте 

жорғалап жүрген араны байқады. Кішкентай қыз араны ұстап 

алып, желдеткіштен сыртқа шығарып жіберді. 

Бақылау диктанты

Ерте  заманда  адамдар  өз  ойларын  бірбіріне  жеткізу, 

түсіндіру үшін әртүрлі ісқимылдарды қолданған. Тастарға сурет 

салған және жалаушалар мен белгілерді пайдаланған. Уақыт өте 

еңбек арқылы олардың ойлары, тілдері дами бастады. (29 сөз.)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет