Личинка хордалылар немесе туникаттар
(UROCHORDATA немесе Tunikata).
Личинка
хордалыларға
–
асцидиялар,
сальпылар
және
аппендикуляриялар жатады. Олар теңіздерде тіршілік етеді. Бұлардың
барлығының да денесі туника деп аталатын қабықтың ішінде болады. Туника
- біріншіден тері эпителиясының туындысы. Екіншіден туниканың ішкі
қалың қабатына келіп орналасқан жас клеткалардың есебінен де ол қалыңдап
дамиды. Туниканың химиялық құрамы өсімдіктердің клетчаткаларына
ұқсайды. Өсімдік клетчаткасы жануарлар дүниесінде тек осы организмдерде
кездеседі. Хорда личинкалық дәуірінде болады, ал аппендикулярияда ол өмір
бойы сақталады. Ересек личинкахордалылардың нервтері қуыс емес. Сезім
органдары жетілмеген, қан айналу жүйесі ашық. Жынысты, жыныссыз
жолмен көбейеді. Жыныссыз көбеюі бүршіктену арқылы орындалады.
Олардың бірнешеуі бірігіп, колония құрып немесе жеке жүріп тіршілік етеді.
Кейбір түрлері су түбіндегі заттарға бекініп отырып, ал кей формалары
қозғалып жүріп тіршілік етеді. Бұл тип тармағының өкіліне асцидияның
құрылысын келтіруге болады.
Личинкахордалыларды көп уақытқа дейін омыртқасыздарға, оның
ішінде моллюскаларға немесе мшанкаларға жатқызып келді. Тек қана 1866
жылы А.О.Ковалевский бұлардың эмбриональдық дамуын зерттеп,
хордалыларға жататынын дәлелдеді. Асцидияның эмбриональдық дамуы
ланцетниктердің эмбриональдық дамуына ұқсас. Заттарға бекініп отырып
тіршілік ететін асцидиялар, өз бетінше еркін қозғалып жүретін
хордалылардан шыққандығы анықталды. Асцидиялар отырып тіршілік етуге
бейімделген. Соның салдарынан көпшілік органдары дамымай қалған. Ересек
формаларында хордалары жойылып кетеді.
|