Дәріс №1 Тақырыбы



Pdf көрінісі
бет9/13
Дата07.01.2022
өлшемі392,46 Kb.
#19457
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
лек1

Сезім  мүшелері:  Өте  қарапайым.  Иіс  мүшелері  басқа  омыртқалардікі 

сияқты  екеу  емес,  дара  болады.  Алдыңғы  мидың  иіс  бөлімі  дөңгелек 

ауыздыларда  өте  жақсы  дамыған.  Өйткені  бұл  жануарларда    тамақтарын 

іздеуде иіс шешуші роль атқарады. Есту мүшесі ішкі құлақтан ғана тұрады. 

Дөңгелекауыздыларда  есту  мүшесі  нашар  дамыған.  Көздері  кішкентай, 

миногалардың қасаң қабығы жетілмеген, ал миксиндерде  паразиттік тіршілік 

етуіне байланысты көздері өте нашар дамыған. 

Қаңқасы:  Бас  сүйегі  бар,  бірақ  құрылысы  қарапайым.  Ми  бөлімінің 

асты  шеміршек  пластинкасынан  тұрады.  Желбезек  доғасы  жетілмеген. 

Аузында  шеміршекті  құрылысты  шұңқырлар  бар.  Бас  сүйегінен  бастап 

денесінің  артына  дейін  хорда  созылып  жатады.  Миногаларда  болашақ 

омыртқалардың бастамасы, өсіп дамып келеді, ал миксиналарда ондай жоқ. 

Ет  жүйесі:  Денесінің  арқа  жағында,  құйрықта  еттері  қарапайым 

құрылысты  болады.  Ол  қабат-қабат  болып  жатқан  еттен  құралады,  оны 

миомер  деп  атайды,  ал  миомерлер  өзара  жабын  дәнекерлер  арқылы 

жіктеледі, оны миосепта деп атайды. Желбезек қапшықтары, ауыз шұңқыры 

және  тіл  сақиналы  еттерден  тұрады.  Ет  жүйесінің  көпшілігі  жетіліп, 

жіктелмеген, бұл олардың құрылысының күрделі еместігін көрсетеді.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет