1. Мәдени мұра саласындағы проблеманың қазiргі жай-күйiн талдау
Қазақстанның мәдени мұрасының қазiргi жай-күйi сан ғасырлық дәстүрлердi сақтау
мен одан әрі дамыту жӛнiндегi шаралар кешенiн қолдан келгенше қамтамасыз
етумен, тарих пен мәдениеттің жаңа ескерткiштерiн ашумен, кесенелердi, ескi
мешiттердi, ежелгi кенттердi тұмшалаумен, қалпына келтiру жӛнiндегi жұмыстарды
жандандырумен, олардың негiзiнде жаңа тарихи-мәдени мұражай-қорықтардың
құрумен сипатталады.
Қазақстанда қазiргi уақытта тарих, археология, сәулет және мүсiн ӛнерінің
жылжымайтын ескерткiштерi 25 мыңнан астам, 11 мың кiтапхана, 147 мұражай, 8
тарихи-мәдени қорық-мұражай, 215 мұрағат бар деп есептеледi.
Тарихи және этнографиялық бейіндегі мемлекеттiк мұражайлардың, Қазақстан
тарихындағы есте қалатын оқиғаларға арналған мемориалдардың тармақталған
желiсi жасалды.
Қазақстанның тарихы мен мәдениетiнің қайталанбас ескерткiшi Түркiстан
қаласындағы Қожа Ахмет Иассауи кесенесi 2003 жылғы маусымда ЮНЕСКО-ның
Дүниежүзілік мәдени мұра тiзiмiне енгiзiлдi.
Астана қаласының мәдени инфрақұрылымын жақсарту жӛнiнде шаралар
қолданылды: республика астанасында соңғы жылдары Қазақ музыкалық комедия
театры, мұражайды, кiтапхананы және концерт залын қамтитын Президенттік
мәдени орталығы ашылды. Ұлттық кiтапхананың құрылысы аяқталды. Киноконцерт
залы мен цирктің құрылысы жүргiзiлуде.
"Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы", "Мәдениет
туралы","Ұлттық
мұрағат
қоры
және
мұрағаттар
туралы"
Қазақстан
Республикасының заңдары қабылданып, күшiне ендi.
Сонымен қатар, мәдени мұраны қорғау мен дамыту саласында қалыптасқан ахуал
осы бағыттағы қызметтi одан әрi дамыту мен жандандыруда кезек күттiрмейтiн
кешендi шараларды қолдануды талап етедi.
Қазақстанның ұлттық тарихы үшiн орасан зор мәнi бар кӛптеген тарихи,
археологиялық және сәулет объектілерi шұғыл кӛмекке мұқтаж. Олардың
арасында - Оңтүстiк Қазақстандағы Арыстанбаб кесенесi, Қызылорда облысындағы
Асан-Ата және Айқожа кесенелерi, Алматы облысындағы Жаркент мешiтi, Оңтүстiк
Қазақстан облысының Тұрбат ауылындағы тарихи-сәулет ескерткіштерi, "Әзiрет
Сұлтан",
"Жидебай-Бӛрiлі"
қорық-мұражайларының
тарихи-сәулет
және
археология ескерткiштерi, Маңғыстау қорығы және "Ордабасы" қорығы және т.б.
секілдi тарих пен мәдениеттің қайталанбас ескерткiштерi бар.
Олардың кӛпшiлiгi осы уақытқа дейiн урбандалу, индустриялану және
технократизациялану салдарынан болатын бұзылып-бүлінуден қорғалмаған.
Ежелгi уақыттан бергi заттық емес, рухани мәдениеттiң ескерткiштерiн, соның
iшiнде ежелгi түркi жазу ескерткіштерiн зерделеу, пайдалану, қазiргi авторлардың
шығармаларындағы дәстүрлi мифологемалар мен бейнелердің ӛзгеруi жүйесi мен
әдiстерiн дамыту жеткіліксiз.
Ӛткен ғасырдың 90-жылдарынан бастап қазақ тілдi оқырман үшiн философия,
тарих, заңгерлiк және басқа салалардағы әлемдiк ғылыми ой-сананың негiзi
қаланған еңбектердi, сондай-ақ кӛркем әдебиеттi басып шығару iс жүзiнде тоқтап
қалды.
Осымен байланысты ӛскелең ұрпақты қазақстандық отаншылдық рухында
тәрбиелеу және тарихи, мәдени мұраны жан-жақты зерделеуде ақтаңдақтарды
жабу, сондай-ақ қазақ халқының сан ғасырлық рухани тәжiрибесiн қорыту
мақсатында мемлекеттік тiлде тарихи, кӛркем, ғылыми толық дестелердi
шығарудың мәселелерi ерекше ӛзектi болып отыр.
Қағаздан, желiмнен, терiден, қатырма қағаздан және т.б. органикалық
материалдардан жасалған жазба мұраның, құжаттардың табиғи сарғайып-ескiруi
орын алуда. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының қорында,
елдiң мұрағаттары мен қоймаларында сақталған аса кӛрнектi ауызекi кәсiби
дәстүрде орындаушы-музыканттардың фоножазбаларының табиғи жай-күйiне де
айрықша назар аудару керек.
Осы Бағдарламаның аясында жоғарыда белгіленген мәселелердi кешендi түрде
шешу Қазақстан халқының мәдени мұрасын зерделеу, сақтау және кеңiнен
таныстыру жүйесiн одан әрi дамытуға ықпал ететiн болады.
Достарыңызбен бөлісу: |