халқының мәдени мұрасында тарихи мәнi бар сирек кездесетiн басылымдардың
қолжазбаларын, кiтаптарды және мұрағат құжаттарын табу мен сатып алу үшiн
ескерткiштерiне, соның iшiнде қорық-мұражайлар ӛңiрлерiне оларды сақтау мен
мұражайға айналдыру мақсатында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргiзу де
кӛзделедi.
Құжаттық мұраның бiрегей үлгiлерiн сақтау, сондай-ақ оларға еркiн қол жеткiзу
мүмкiндiгiн қамтамасыз ету мақсатында ӛткеннің кӛрнектi ғалымдарының,
ойшылдарының, оның iшiнде: Әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидың, М.Қашғаридың,
С.Бақырғанидың, А.Йүгiнекидің, М.Дулатидың, Қ.Жалайыридың, З.Бабырдың және
басқалардың мұрасын зерделеудi жалғастыру қажет. Қолжазбалардың, сирек
кездесетiн басылымдар мен кiтаптардың: "Кодекс Куманикустың, "Қорқыт Ата
кiтабының" (Дрезден мен Ватикан қалаларында сақтаулы), "Оғыз-наменің"
(Парижде сақтаулы), "Бабыр-наменің", "Махаббат-наменiң" (Лондонда сақтаулы),
Ж.Баласағұнидың "Құтадғу білігінің" (Каирда сақтаулы) және қазақ халқының
мәдени мұрасында тарихи мәнi бар басқа да қолжазба ескерткiштердiң
кӛшiрмелерiн табуды, сатып алуды немесе дайындауды жалғастыру қажет.
Ежелгi қолжазбалардың, кiтаптар мен басқа да дерек кӛздерінің сақталуын
қамтамасыз ету үшiн Ұлттық кiтапхана жанында ұлттық кiтап жәдiгерлерiн табу
мен сатып алу, сондай-ақ кiтаптар мен ежелгi қолжазбаларды қалпына келтiру
жӛнiнде орталық құру қажет.
Ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы мен Электрондық құжат
айналымының бiрыңғай жүйесiн енгiзу жағдайларында Ұлттық мұрағат қоры
құжаттарының жаңа тасығыштарда сақталуы мен пайдаланылуы ӛзектi
мiндеттерге айналып отыр, оларды шешу үшiн Қазақстан Республикасы Орталық
мемлекеттік мұрағаты жанында мұрағат құжаттарының сақтандыру кӛшiрмесiн
жасау мен қалпына келтiру орталығы құрылуға тиіс.
Қазiргі Моңғолияның және әлемнің басқа да елдерiнiң аумағындағы ежелгi түркi
руникалық ескерткiштердi табу мен олардың кӛшiрмелерiн жасау жұмысы
жалғасады. Ұлытауда Қазақстанның мемлекеттік тұтастығы мен халықтары
бiрлiгінің нышаны - мүсiнтас тұрғызылатын болады. Мәдени және аралас мұра
объектiлерiн күзету аумақтарының шекарасы, ӛңiрлерi белгіленіп, Дүниежүзілiк
мұраның күнiлгерi тiзiмiне енген объектілердiң деректер базасы жасалып, Қожа
Ахмет Иассауи кесенесiн басқару мен сақтау жӛнiндегi бизнес-жоспар жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: