Сабақ мақсаты: түркі тіл біліміндегі құрмалас сөйлемнің жіктелуі туралы ғылыми зерттеулермен таныстыру, зерттеуші
80
1. Қазақ тіл білімінде құрмалас сөйлемнің жіктелуіне тоқталыңыз, зерттеуші ғалымдар мен олардың еңбектері туралы
баяндаңыз?
2.
Башқұрт тіл білімінде құрмалас сөйлемнің жіктелуі?
3.
Түркі тіл білімінде құрмалас сөйлемнің жіктелу мәселесі туралы пікір айтқан ғалымдар?
4.
Түркі тіл біліміндегі құрмалас сөйлем түрлері?
5.
Татар тіл білімінде құрмалас сөйлемнің жіктелуі?
6.
Т.Н.Ермекованың құрмаластарды функционалдық ұстаным негізінде бөліп қарастырған жіктелімін
талдап беріңіз?
Глоссарий.
Полипредикативті – поли грекше роІуs – көп дегенді білдіреді, ал предикативті – баяндауыштық ұғымын беретін,
предикат, предикация терминдеріне қатысты сөз. Сонда полипредикативті көп баяндауыштық бірлік дегенді білдіреді.
Көсемше оралым – айтылатын ойды бейнелі түрде кеңейтіп, дәл беру үшін, қосалқы әрекеттерден негізгі процесті бөліп,
айқындай түсу үшін қолданылатын құрылым.
Есімше оралымдар –негізгі сөйлемдегі оқиға желісінің мазмұнын әр түрлі жақтан айқындай толықтыра жұмсалатын,
күрделенген сөйлемнің тәуелді бөлшегі.
Қыстырынды құрылымдар – негізгі сөйлемдегі айтылған ойды немесе сөйлемнің белгілі бір мүшесін толықтырып,
нақтылап, әр түрлі қосымша хабарлар беріп тұратын күрделенген жай сөйлем түрі.
Қыстырма сөйлемдер – бір қалыпқа түскен фразеологиялық сипаты, шектеулі мағынасы бар, жеке қолданылмайтын
құрылымдар.
Көсемше оралым – бір субъектіге тән негізгі және көмекші әрекеттерді бір сөйлем бойында беруде қолданылатын
құрылым. Көмекші әрекетті білдіретін көсемшелер әр түрлі мәндегі сөздерді өзіне бағындыра отырып, сөйлем ішіндегі
бір синтагмаға ие болатын оралымды қалыптастырады. Оралым құрамындағы көсемшелер екі түрлі қызмет атқарады.
Біріншіден, есімді, етістікті сөздерді өзіне бағындырып, ұйымдастырушы тірек сөз қызметін атқарады. Екіншіден,
тиянақсыз формасы арқылы оралымды негізгі бөлімге бағындырып, байланыстырушы болып табылады. Сөйлемде
оралым құрамындағы сөздер көсемше – ұйытқы сөздің семантикасы басым көрінетін лексика-грамматикалық тұтастық
сияқты қызмет атқарып, негізгі бөліммен пысықтауыштық қатынаста тұрады. Оралымның әр түрлі пысықтауыштық
қатынаста жұмсалуы көсемше формасында берілген етістік семантикасымен байланысты. Ертеңгі күні он шақты кісі
жолдас ертіп, Абай Қарамолаға аттанбақ (Әуезов).
Баласының қолынан етікті жұлып алып, есікке қарай лақтырып
жіберді (Нұрпейісов
). Бақтығұлдың бірнеше күн аш екенін еске алып, май тыққан көк бауырды, тағы бір-екі кесек
майлы етті де шоқтың арасына жаттап жіберді (Әуезов).
Достарыңызбен бөлісу: