Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1 Түркі тілі синтаксисін зерттеушілер кімдер?
5
Түркі тілі синтаксисінде құрмалас сөйлемдерді жіктеу проблемалары қандай?
6
Сөйлем семантикасын зерттеуші ғалымдардан кімдердің пікірлерін айтар едіңіз?
Глоссарий
Синтаксис – гректің syntaxis – құру, тәртіп деген сөзінен шыққан. – 1) нақтылы тілдерге тән сөйлеу бірліктерін
жасау құралдары мен қағидалары; 2) Сөйлеу процестерінің пайда болуын зерттейтін грамматиканың саласы. Онда
сөйлем ішіндегі сөз тәртібі мен сөздердің үйлесуі, сөйлемнің жалпы қасиеттері зерттеледі. Синтаксистің объектісі – тіл
механизмдері (морфологиялық, фонетикалық, композициялық т.с.с.) қамтамасыз ететін тілден сөйлеуге көшу, тілдік
элементтерді зерттеу. Синтаксис сөйлеу қағидаларын зерттейді. Ол үш кешенді салаға бөлінеді: 1) сөз таптарының
синтаксисі, 2) сөйлем синтаксисі, 3) актуалді синтаксис немесе текст синтаксисі.
Тарихи синтаксис – тілдер синтаксисінің дамуындағы жалпы заңдылықтарын зерттейді.
Достарыңызбен бөлісу: |