Филология факультеті Теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасы



Pdf көрінісі
бет50/159
Дата07.01.2022
өлшемі1 Mb.
#19718
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   159
Байланысты:
ktj 20522

№ 11,12  дәріс тақырыбыХабарлы сөйлем 

Дәріс  мақсаты:  түркі  тіл  білімінде  хабарлы  сөйлемнің  зерттелуіне  қатысты 

ғылыми ақпаратты меңгерту 



Тірек сөздері: хабарлы сөйлем, айтылу мақсатына қарай, баяндауыш.  

Дәріс жоспары:  

1 Хабарлы сөйлемге берілген анықтамалар 

2 Хабарлы сөйлемнің негізгі белгілері 

Дәріс тезистері:  

            Хабарлы  сөйлем  ой  білдірудің  негізгі  құралы  болып  саналады,  сонымен  бірге 

сөйлемнің  өзге  түрлерімен  салыстырғанда  жиі  қолданылады.  Хабарлы  сөйлемдер  хабар 

білдіру үшін де, сұраулы сөйлемге жауап мақсатындағы оқиға, хабарды да білдіреді.  

          Хабарлы  сөйлемдердің  өзге  сөйлем  түрлерінен  айырықшалайтын  грамматикалық, 

интонациялық ерекшеліктері бар. Мысалы, қазақ тіліндегі хабарлы сөйлемдердің өзіне тән 

ерекшеліктерін Р.Әмір былай көрсетеді:  

1. Баяндауыштары,  негізінен,  ашық  рай  формалы  етістіктен  (немесе  осы  формаға 

сипаттас жұмсалатын есімдерден) жасалады.  

2. 

Өзіне  тән  интонациясы  болады.  Хабарлы  сөйлемнің  интонациясының 



физикалық  көріністері  эксперименталдық  жолмен  зерттеліп,  методикасы  график  түрінде 

бейнеленген. Бұны тіл білімі сөйлемге тән баяндау сарынды интонация деп атайды.  

        Татар  тілінде  хабарлы  сөйлем  хикәя  жөмлә  деп  аталады.  М.З.Зәкиевтің  өз  сөзімен 

берсек: «Кушма жөмләләр дә, гади жөмләләр дә, хикәя жөмлә була алалар. Хикәя жөмлә 

белән  сөйләүчә  күренешләрне,  процессларны  факт  буларак  кына  хәбәр  итә.  Хикәя 

жөмләдә  төшеп  баручы  (нисходящий)  интонация    булла.  Жөмләнең  бер  сүзендә  басым 

көчәеп,  хәбәрне  әйткәндә,  тавыш  төшеп,  түбәнәеп  әйтелә.  Югары  тон  белән,  гадәттә, 

логик басым төшә торган сүз әйтелә. Тоташ текстта хикәя жөмләләр бер-берсеннән пауза 

белән аерылалар. Язуда алар арасына нокта куела».  

Көріп  отырғанымыздай,  татар  тіліндегі  хабарлы  сөйлемдер  сипатының  ерекшелігі 

сапасында  хабарлы  сөйлемнің  құрамындағы  бір  сөзге  ой  екпіні  түсіп,  оның  ерекше 

жоғары  тонмен  айтылатынын  атауға  болады.  Сонымен  қатар  автор  хабарлы  сөйлем  жай 

сөйлем де, құрмалас сөйлем де бола алатынын атап көрсеткен. Бұл ой қазақ және башқұрт 

тілдеріндегі зерттеулерде де беріліп жүр.  

Башқұрт  тілінде  хабарлы  сөйлем  атауы  қазақ  тіліндегі  атаумен  сай  келеді, 

айырмашылық  тек  фонетикалық  сипатта  көрінеді.  Ғ.Ғ.Сәйетбатталов  хабарлы  сөйлемді 

былай  анықтайды:  «Хәбәр  һөйләмдәр  ярзамында  ниндәй  булһа  ла  берәй  нәмә,  күренеш, 

эш-хәрәкәт,  процесс,  хәл-вакиға  тураһында  хәбәр  ителә,  яңылык  һәм  белем  бирелә. 

Грамматик  тезөлөштәре  яғынан  хәбәр  һөйләмдәр  ябай  һөйләм  формаһында  ла,  кушма 

һөйләм рәуешендә лә бирелергә мөмкин. Хәбәр һөйләмдәрзә предикативлык, йәғни мәғәнә 

яғынан тамамланғанлық, грамматик яктан күбеһенсә өс замандағы хәбәр һөйкәлеше менән 



49 

 

сифат  қылымдар  арқылы  белдерелә.  Уқыған  сақта  хәбәр  һөйлемдер  талғын  интонация 



менән әйтелә, һәм һөйләмдең азағында интонация байтақ түбән төшөрөлә».  

Башқұрт тіліндегі хабарлы сөйлемдердің де баяндауыштары, негізінен, ашық райлы 

етістік пен бар және юк модаль сөздерінің тіркесінен, басқа да сөз таптарынан жасалады. 

Хабарлы  сөйлемдегі  сөздердің  башқұрт  тіліндегі  қалыпты  орын  тәртібі  мынадай: 

анықтауыш,  бастауыш,  пысықтауыш,  толықтауыш,  баяндауыш.  Башқұрт  тіліндегі 

хабарлы  сөйлемнің  маңызды  ерекшелігі  қатарына  Ғ.Ғ.Сәйетбатталов  компоненттер 

арасындағы тема-ремалық қатынасты атайды. Өз сөзімен келтірсек: «В повествовательном 

предложении устанавливается  особое соотношение между компонентами, когда один из 

них  обозначает  исходное  (тему)  в  сообщении  мысли,  а  другой  содержит  наиболее 

существенное  (рему).  Например:  Беззең  колхоздағы  драма  түңәрәге  байтактан  бирле 



эшләп килә. Драмкружок нашего колхоза работает давно. В данном предложении беззең 

колхоздағы  драма  түңәрәге  –  тема,  данное,  а  «байтактан  бирле  эшләп  килә»  -  рема, 

новое».   

Түркі  тілдеріндегі  жай  сөйлемдердің  типтерін  арнайы    зерттеген  – 

А.Н.Нурмаханова.  Ол  қазақ,  қарақалпақ  және  өзбек  тілі  материалдары  негізінде  жай 

сөйлемдердің  грамматикалық  және  интонациялық  ерекшеліктерін  анықтаған.  Аталған 

ғалым  осы  зерттеуінде  аталған  түркі  тілдеріндегі  хабарлы  сөйлемдердің  ортақ 

сипаттарына мыналарды жатқызады:  

1) Хабарлы сөйлемдердің баяндауыштары ашық райлы етістіктерден келеді. Ашық 

райлы  етістіктердің  шынайы  әрекетті  білдіретіні  жөнінде  кезінде  академик 

В.В.Виноградов  «...В  формах  изъявительного  наклонения  никак  не  выражено 

эмоционально-волевое  отношение  субъекта  к  действию.  Формы  изъявительного 

наклонения «объективны»», - деп жазған болатын. Ашық райлы етістіктің осы сипаты кей 

түркі  тілдеріндегі  атауларында сақталған. Мысалы, башқұрт  тілінде оны  «хәбәр кылым» 

(повествовательный  глагол),  ал  азербайжан  тілінде  «хәбер  шәкли»,  қырғыз  тілінде 

«баяндагыч ыңгай» т.с.с. деп аталады.  

             2) Баяндауыштары есім сөздерден болған хабарлы сөйлемдерде интонация негізгі 

қызмет  атқарады.  Өзбекше:    Июнь  ойи.  Иссиқ.  Мамлакатимиз  озод.  Татарша:  Әминә  - 

врач. Қазақша:  Дала жаңбыр.   

3) Хабарлы болымсыз сөйлем өзбек тілінде  -ма, қарақалпақ, қазақ тілінде  - ма //-



ме, -ба // -бе, -па//-пе болымсыз етістіктің жұрнақтары арқылы жасалады.  

4) Болымсыз хабарлы сөйлем баяндауышы есім мен етістік сөзге өзбек тілінде эмоқ 



–  эмас,    қазақ,  қарақалпақ  тілінде  емес  көмекші  етістігінің  тіркесі  арқылы  жасалады. 

Мысалы: өзбекше:  Сунгра олимлик  узиб еса  буладиган  олма эмас. Қарақалпақша:  Маған 

көп уақыт керек емес. Ис сизиң  ойлаганыңыздай емес.  

5)  Үш  тілде  де  болымсыздық  өзбек  тілінде  йуқ,  қазақ,  қарақалпақ  тілдерінде  жоқ 

сөздерімен  жасалады.  Өзбекше:  Мен  уни  курганим  йуқ.  Қарақалпақша:  Мен  оларға 



хешнәрсе айтқаным жоқ. Қазақша: Ешқандай хабар жоқ.  

6)  Хабарлы  сөйлем  баяндауышы  есімше  және  –ган  формалы  есімшемен  өзбек 

тілінде  –  эмиш  //  -  миш,  қарақалпақ  және  қазақ  тілінде  –  мыс  //-мис,  -мыш  //  -  миш 

тіркесіп,  күдіктенуді,  болжауды,  сенімсіздікті  білдіреді.  Мысалы:  өзбекше:  Охири: 



«Отажон»  деб  қичқириб  юборган эмиш.-  Напоследок  она,  кажется,  закричала:  «Отец!». 

Қарақалпақша:  Қамекбайдың  орнына  Мурат  баслық  боладымыш.-  Вероятно,  вместо 

Камекбая председателем будет Мурат.  

7) Хабарлы сөйлем баяндауыштары шартты рай тұлғасында да келе алады. Шартты 

рай белгілі бір іс-әрекеттің орындалу қажеттігіне тілекті, ниетті, мақсатты білдіреді. Бұл 

кезде  шартты  райлы  етістік  өзбек  тілінде  экан,  қазақ,  қарақалпақ  тілінде  екен  көмекші 

етістігімен  тіркеседі.  Мысалы,  өзбек  тілінде:  У  хам  декадага  борса  экан.  Қарақалпақ, 

қазақ тілінде: Көрсем екен.  

Тілек,  мақсатты,  ниетті  білдіретін  хабарлы  сөйлем  баяндауышы  қалау  райдың  

ғы//-ги//-қы//-ки жұрнақтары мен кел- көмекші етістігінің тіркесуінен жасалады. Мысалы, 



50 

 

қарақалпақ  тілінде:  Бирақ,  сонда-да  журыттың,  бәри  өз  ақсақалына  таман  жақынлап 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет