Тауыс (р.а.) айтады: «Омар (р.а.) бір күні
айналасындағыларға «Егер өзім жақсы білетін
адамдарымның арасынан ең абзалын басшы етіп
тағайындасам және оған сендерге мейлінше әділ
қарауын тапсырсам, өздеріңе деген жауапкершілігім-
нен құтыла аламын ба?» – дейді. «Иә, сен өз міндетіңді
мінсіз атқарған боласың», – дейді. Омар: «Жоқ, менің
әміріме құлақ асты ма, жоқ па деп оларды тексеріп,
443
444
қадағалап отырмайынша, міндетімді толық орындадым
деп айта алмаймын», – дейді
445